XVIII ғ. қазақ халық шығармашылығындағы азаттық күрестің бейнеленуі
Жоспар
Кіріспе 2
XVIII ғ. қазақ халық шығармашылығындағы азаттық күрестің бейнеленуі 3
Бұқар жырау 3
Қожаберген 5
Ақтамберді жырау 7
Халық шығармашылығы 8
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12
Кіріспе
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов "Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы тарих"
деген еді. Әлем тарихы екіге бөлінеді: бірі - адамдар тарихы; екіншісі –
табиғат тарихы. Атақты тарихшы Плутарх өзінің "Жизнеописания" деген
еңбегінде: "Біз тарих емес, өмірбаян жазамыз" деуі осыдан.
Қазақ айтады: "Әкеден ұл туады, бірі кейін кете туады, біріне өзіңе
жете туады, енді бірі өзіңнен өте туады". Тарихшы кейін кете, не жете
туғанын, басқаша айтқанда өмірге келгеніне риза болғандарын жайына
қалдырып, әкеден өте, аса туғанына көңіл бөлуі керек.
Дана қазақтың "Әкеңнің баласы болма, адамның баласы бол!" дегенде, осы
атадан оза туған баланы айтса керек. "Е, құдайым, бала бер, бала берсең
дана бер, олай болмаса бір-бірлеп ала бер!" деп тілеуі де осыдан.
Ұлт мүддесіне өмірін арнаған жандар – батырлар. Ахмет Байтұрсыновтың
айтуынша "батырлар турасындағы әңгіме - халықтың жаны, рухы турасындағы
әңгіме. Батырлары қандай болса, халықтың рух жағы да сондай болған".
Тәуелсіздік заманасында ғасырлар бойы бодан болып, мүсәпір болған
басымыз еркіндік алды. Ата тарихына үңілді, ана тіліне сүйінді, өзінің
мәңгүрт болған болмысына күйінді. Біз он жылдан астам ата тарихын саралап,
тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралап жатырмыз.
Міне мен жазып отырған тарихтың сынығы сонау қазақтың серілік пен
ерлік заманы хақында болып отыр. Сол замандағы қазақ халық
шығармашылығындағы азаттық күрсетің бейнеленуі менің жұмысыма арқау болды.
Мұнда бүкіл елді бірлікке, батырларды ерлікке шақырған бабаларымыз,
дауылпаз жырауларымыз жөнінде қысқаша сыр шертпекпін. Әрине бәрін қамту
мүмкін де емес болғандықтан мен атақты Бұқар жыраудан бастай отырып,
Ақтамбердінің шығармашылығын, үзік-үзік Тәтіқара, Үмбетейлерді сөзге тиек
еттім. Ал Қожаберген сынды дауылпаз бабамыздың тарихта алар орны мүлде
бөлек. Оның еңбегің ұшан-теңіз деуге болады. Мұны біздің тарихшыларымыз
келешекте саралай жатар деген үміттемін.

XVIII ғасырдағы қазақ халқының мәдениеті өткен дәуірдің мәдениетімен,
оның озық дәстүрлерімен сабақтасқан байланыста болды.
XVIII ғасырға дейін қазақ ақындарының есімдері, олардың әрқайсысының
шығармашылығы, олар өмір сүрген уақыт белгісіз дерлік еді. Сыпыра жырау,
Шалкиіз жырау және басқалар шежірелерде, әңгімелерде, аңыздарда, эпостарда
ғана аталады, бірақ олардың өмірі мен шығармашылығы туралы нақты деректерді
біз білмейміз. Қазақ жерлерінің едәуір бөлігі Ресейге қосылған XVIII
ғасырдың орта кезінен бастап және әсіресе XIX ғасырда орыс ғалымдары мен
қазақ зиялыларының жекелеген өкілдері ақындар, суырып салма жыршылар,
жыраулар туралы мәліметтер жинап, тіпті олар шығарған әндер мен жырлардың
мәтіндерін жазып ала бастады. Ақындар мен жыршылардың кейбіреулері өз
туындыларын жазып отырды. Соның арқасында олардың өлеңдерінің түпнұсқа
мәтіні сақталып қалған. XIX ғасырдың ортасынан бастап жекелеген ақындардың
өлеңдері мен жырлары жариялана бастады. Бұл жекелей поэзиялық
шығармашылықтың айқын көрініс тапқан және дами бастаған дәуірі болды.
Бұқар жырау
Бұқар жырау – XVII ғасырда қазақ әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі.
Қазақ поэзиясының тарихындағы ең сақтаулы тұлғаларының бірі. Қазақ әдебиеті
тарихында көрнекті орын алатын XVIII ғасырдағы атақты жырау Бұқар
Калқаманұлының (1668—1781) бірнеше туындылары сақталған. Бұқар жырау осы
күнгі Павлодар облысының Баянауыл ауданы аумағында туып-өскен. Жыраудың
әкесі Қалқаман батыр, сірә ел билеуші шонжар емес, жеке басының ерлігімен
аты шыққан адам. Жыраудың қайда оқығаны, қандай өмір мектебінен өткені
туралы нақты деректер жоқ. Біз оның тым ерте көтеріліп, Тәуке тұсында-ақ
хан төңірегіндегі ықпалды билердің бірі болғанын білеміз. Алайда, Бұқардың
Тәукеден соңғы әміршілермен тіл табыса алмағаны аңғарылады. Жырау
кедейшілікке ұрынады. Тұңғыш биографы Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда
және өз шығармаларының да көрінетіндей, Бұқардың тіпті, сауып ішер малы,
мініп-түсер аты да болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал
халде күн кешеді. Алайда, өмірдің соңғы кезеңдерінде Бұқар жай ғана арқалы
жырау, ақылшы аға емес мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған
қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам
жасап 1781 жылы шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Данба тауының
етегінде. Бұқар XVIII ғасырдың екінші жартысында хандық құрған Абылайдың
ақыл кеңесшісі, ақыл ой поэзиясының ірі өкілі. Абылайдан жасы үлкен болған.
Бұқар өзінің “Ей Абылай ” деген өлеңінде:
Ей Абылай, Абылай!
Сені мен көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің
Әбілмәмбет патшаға
Қызметкер болып тұр едің: -
Бұқар аласапыран заманның тіршілік болмысын, ел басына төнген қауып
қатер, екі талай кезеңде жыр өрнегіне түсіріп, халқының тағдырына
ортақтасқан. Еліміз өз алдына жеке шаңырақ көтеріп, тәуелсіздік алғаннан
кейін. Абылайдың оның данагөй ақылшысы, философ ақын Бұқардың есімі халыққа
таралады. Жыраудың өз сөздеріне және ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, ол
хат білген адам болса керек. Бірақ оның “Керей, қайда барасың?”,
“Айналасын жер тұтқан”, “Бірінші тілек тілеңіз”, “Жал – құйрығы”, “Асқар
таудың өлгені”, “Ей Абылай, Абылай” т.б. өлеңдерінің бірі де бізге жазба
түрде емес, ауызша жеткен.
Сонымен бірге Бұқар өз шығармашылығында өз заманының жекелеген маңызды
тарихи оқиғаларын дұрыс бейнелеп көрсетті. Бұқар жырау шығармаларынын
өзекті тақырыптарының бірі — Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтжандылық. Ол
қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресін жырлады, халықты
бірлікке, ерлікке шақырды, бұл күрестің қаһармандары — Бөгенбай, Қабанбай,
Жәнібек батырларды дәріптеді.
Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті
мемлекет болуын армандады. Қазақстан сыртқы жаулардың шапқыншылығымен және
ішкі өзара тартыстан әлсіреген замандағы хандардың ішіндегі айбарлысы
Абылай болды. Бұқар хан бейнесін халықтың ең жақсы идеяларын жүзеге асыруға
тиісті қайраткер ретінде жырға қосты, оның Ресей мен Қытай арасында өз
мүддесін қорғап қалу саясатын мақұлдады.
Бұқар табиғи шешендігі арқасында хан, сұлтан және ірі феодалдар
арасында ғана емес, халық арасында да зор беделге ие болып, XVIII ғасырдағы
қазақтардың қоғамдық санасына игі ықпал еткен аса қуатты идеологиялық күш
қызметін атқарды.
Қожаберген
Дауылпаз Қожаберген – дүлділ тарихшы. Біріншіден, тек "Елім-ай"
дастанында ғана бүкіл дәуірді суреттейді. Жоңғар империясының дәуірлеп,
күшею себептерін ашады. Екіншіден, жоңғарлардың "орыстар мен қытайларға
арқа сүйегенін" көрсетеді. Орыс империясы өзіне көрші қазақ елін тұқыртып,
жоңғарларға кіші зеңбірек жасауды үйретіп, құтыртып, екі түркі тілді
халықтарды өзара қырып салуына мүмкіндік жасағанын ғажайып суреттейді.
Үшіншіден, түрікпен, Қоқан, Хиуа, Бұқардың қазақ еліне деген қастандық
саясатын өзбек пен тәжіктің жаттығын әшкерелейді. Төртіншіден, Әз-Тәукеден
кейінгі қазақ хандығында болған теке-тірес, бақталас берекесіздіктің бет-
пердесін ашады. Бесіншіден, ақтабан шұбырынды қалай болды, халық қалай,
неге тозды деген сауалдарға жауап береді. "Қырылу Алакөлден басталып тұр",
- деп Алқакөл емес, Алакөл екендігін еске алады. Ең соңында, Отан соғысы
қалай өтіп жатыр, Қара ноғайдың қазақпен үздіксіз бір болуын, Қарақалпақ
бектерінің жалтақтығын, Әбілқайырдың дәл 1723 жылы дер кезінде көмекке келе
алмағандығын, халық қарсылығының өрістеп, Сарысу бойында жау бетін
қайтарғанын айтады. Автор өз өмір жолынан хабар береді. 61 жасының 45 жыл
ғұмыры жорықта өткенін, "Жасымнан қол бастаған болдым сардар" деп, өзінің
ел ағасы ретінде болашаққа көз салады. Шығарма кешенді, диалектикалық
салыстырмалы талдауға негізделген.
"Елім-ай" әдеби тұрғыдан алғанда да теңдесі жоқ туынды. Онда тек халық
мұңы ғана емес, оның сыры, рухы бар. Автор егіліп те, төгіліпте жырлайды,
бірде тарихи терңдікке бойласа, бірде бүгінгіге қайғырып, болашақты
ойлайды, философиялық пайымдармен орағыта толғайды.
Ендеше Қожаберген бабамызды қол бастаған батырдан өтіп, ғасырлар
қойнауына мұра етіп алып келе жатқан асылымыздың авторы – Дауылпаз жырау
деп атау орынды.
Әлемдік тарихта қолына қалам алып, оны семсер қылышпен қатар ұстаған
тұлғалар бірен-саран-ақ. Ол атақты Байрон, Шандор Петефи. Ал дауылпаз
Қожаберген өз соңына Ақтамберді, Үмбетай, Тәттіқара сияқты тарлан жыраулар
көшін бастады. Махамбет пен Сегіз сері дауылпаз бабасы Қожаберген дәстүрін
одан әрі жалғады.
Қазақ халқының ХVIII-ХХ ғ. ел ұраны болған "Елім-ай" әні,
"Күлдірмамай", "Қойлыбай көреген", Қарасары Балта керей", "Соқыр абыз",
"Баба тіл" сияқты дастандары, "Ақсауыт", "Ғасыржас", "Дүние", "Жігіттік"
т.б. толғаулары, Қарғыс атқан қалмақ-ай", "Шоңғал, шоңғал, шоңғал тас",
"Сылаң Сыр", "Балкан, Балкан, Балкан тау", "Қазақ пен ноғайдың қоштасуы"
сияқты өлеңдері, "Дабыл", "Аңырақай", "Бозайғыр", "Күлдірмамай",
"Шұбырынды", "Сұлама" сияқты күйлері өз зерттеушілерін сарғайып күтуде.
Жеті бөлімнен, 3683 шумақтан, 14732 жолдан тұратын "Елім-ай" дастаны
теңдесі жоқ ұлы туынды өз алдына бір төбе.
Өзге жыраулардың — Тәтіқара, Үмбетей жыраулардың жырлары халық жадында
үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған
естірту жыры — жоқтауы белгілі. Онда ақын батырдың жоңғарларға қарсы
шайқастардағы ерліктерін дәріптейді. Ол Бөгенбайдың жарқын, әсерлі бейнесін
жасаған:
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгенбай!
Жалаң-қия жерлерден
Жазбай түсіп түлкі алған
Топшысы жуан бүркіттің
Тегеурініндей Бөгенбай!
Үмбетейдің жоктауында Бөгенбай — халық қорғаушысының мінсіз бейнесі.
XVIII ғасырдың ірі импровизатор ақыны әрі жырауы Тәтіқара еді. Ақын
қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысты. Жорықтар кезінде
туған толғауларында ол жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да
болсын қиыншылықтың алдында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz