ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ОРЫС РЕВОЛЮЦИЯСЫНДА
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ОРЫС РЕВОЛЮЦИЯСЫНДА 3
1. Революциялық және ұлт-азаттық қозғалыс 3
2 Революцияның басталуы 6
3 Революцияның өрлеу кезеңіндегі революциялық қозғалыс 10
ҚОРЫТЫНДЫ 16
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ 17
КІРІСПЕ
1905 жылы қаңтардың 9-ында Петерборда жұмысшылардың қырғынға ұшыратылуы
бірінші орыс революциясының бастамасы болды. Көп ұзамай тек Орталық
Ресейдің еңбекші бұқарасы ғана емес, шет аймақтардың езілген халықтары да
патша өкіметіне қарсы күреске шықты. 1905-1907 жылдарда шет аймақтар
халықтарының ұлт -азаттық қозғалысы орыс халқының революциялық күресімен
берік байланысты болды. Сондықтан ұлт- азаттық қозғалысы да революциялық
сыйпаты бар қозғалысқа айналып ұлғайды. “Ресейдің езілген халықтары
арасында ұлт-азаттық қозғалыс қауырт басталды ”деп жазды В.И.Ленин.
Қазақстан қалаларында жұмысшылар мен интелегенцияның жыйылыстарында
Петерборда қарусыз жұмысшылардың қырғынға ұшыратылуын наразылық білдірген
қаулылар шығарылды, өлтірілген жұмысшылардың бала–шағасына жәрдемге қаржы
жиналды. Қалалардың кәсіп орындарда, Орта Азия және Орынбор –Ташкент темір
жолдарында жұмысшылар мен қызметшілер ереуіл жасады. Өскемен, Ақмола
уездерінің кен орындарында, Екібастұз таскөмір шахталарында, Перовск
станциясының депосында, Перовск уезіндегі сексеуіл кәсібінде жұмысшылар,
оның ішінде қазақ жұмысшылары I майда тіпті саяси демонстрация жасады.
1905 жылғы сәуірде Ресей социал–демократ партиясының III сьезі
шақырылды. Бұл сьезд партияның басталған буржуазиялық-демократиялық
революциядағы тактикасын белгіледі. Меньшевиктер революцияны тұжыруға бағыт
ұстаса, оған қарсы “большевиктер революцияны өрістетуге, қарулы көтеріліс
жасау жолымен патша өкіметін құлатуға, жұмысшы табының басшылығын
қамтамасыз етуге, кадеттік буржуазияны оқшау қалдыруға, шаруалармен одақ
жасауға, жұмысшылар мен шаруалар өкілдерінен революцияшыл уақытша үкімет
құруға, революцияны толық жеңіске жеткізуге бағыт ұстады”.
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ОРЫС РЕВОЛЮЦИЯСЫНДА
1. Революциялық және ұлт-азаттық қозғалыс
Өлкеде маркстік-лениндік идеялардың таралуы. XIX ғасырдың аяғы — XX
ғасырдың басына қарай Россия империализм дәуіріне аяқ басты. Ол дүние
жүзілік революциялық қозғалыстың орталығына, ленинизмнің отанына айналды.
Қазақстанға революциялық марксизмді алғаш тарата бастағандар орыстың
жер аударылған революционерлері — социал-демократтар еді; олар тыйым
салынған әдебиет, үкіметке қарсы прокламациялар таратты, жаңа мүшелер
тартып, оларды оқытты және марксизмленинизм идеяларымен таныстырды.
Марксизмді творчестволықпен дамытуда революцияның көсемі В. И. Ленин
аса үздік роль атқарды, ол XIX ғасырдың 90жылдарының өзінде-ақ Петербургте
Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағын кұрып, бұл одақ Россиядағы
маркстік партиянық бастамасы болған еді. Мұның өзі ғылыми коммунизм
дамуында жақа, лениндік кезеңнің басталғанын көрсетті. В. И. Ленин құрып,
басшылық еткен Искра XX ғасырдың бас кезінде экономистерді идеялық
жағынан талкандап, бытыраңқы социал-демократиялық үйірмелер мен үйымдарды
біріктіру жолында жұмыс жүргізді. В. И. Лениннің 1902 жылғы мартта
жарияланған He істеу керек? деген кітабы жұмысшы қозғалысының
революцияландырушы, басшы және үйымдастырушы күші ретіндеғі партия туралы
идеяны негіздеуде зор роль атқарды. 1903 жылы июль — августа РСДРП-ның II
съезі болды, онда революциялық маркстік партия — большевиктер партиясы
құрылып, ол еңбекшілердің демократия, социализм жолындаты күресін басқарды.
Қазақстанға марксизмленинизм идеялары Орталық Россиядан, сондай-ақ
Сібірдің, Уралдың және Поволжьенің іргелес ірі өнеркәсіпті қалалары мен
саяси орталықтарынан келіп жатты. Қазақстанда темір жол және завод
жұмысшылары революциялық марксизм идеяларын белсене таратушылар болды, ал
ол идеялардың тарауына қоныс аударған шаруалар, қала кедейлері мен оқушы
жастар қолайлы негіз еді.
Қазақстанда марксизмленинизм идеяларын таратуда Сібір социал-
демократиялық одағы үлкен роль атқарды, Мысалы, Одақтың жұмысшылар мен
барлық еңбекшілерді самодержавиелік құрылысқа қарсы революциялықазаттық
күреске шақырған Сібір жұмысшылары мен жұмысшы әйелдеріне, Жұртшылыққа,
Жұмысшы жолдастар, Әскери министрдің Амур генерал-губернаторы Субботинге
құпия нұсқау хаты деген және басқа прокламациялары мен үндеу хаттары бүкіл
Дала өлкесіне тарады.
Сібір социал-демократиялық одағы оларды Омбы мен Томскіде басып,
одан соң өзінің жергілікті, соның ішінде Ақмола және Семей облыстарында
тұратын үгітшілері мен насихатшыларына жіберіп отырды. Өлкенің жұмысшылары
мен шаруаларының арасында марксизмуіенинизм идеяларының тарауына байланысты
даланың генерал-губернаторы Сухотин 1902 жылы 5 декабрьде ішкі істер
министрінен уездерімен қоса Омбы мен Петропавлдың күзетін күшейтуді өтінді.
Сөйтіп, Сібір социал-демократиялық одағы Дала өлкесінде революциялық
жұмысты өрістету, революциялық марксизм идеяларын насихаттау жөнінде 1901
—1903 жылдардың өзінде-ақ белсенді түрде жұмыс жүргізе бастады.
1903 жылы 1 мартта басылып, Ақмола облысында таратылған Сібір
жұмысшылары мен жұмысшы әйелдеріне деген үндеу хатта жұмысшы табы мен
шаруалардың одағы, халықтық революциядағы пролетариаттың гегемондығы
насихатталды. Үндеу хат: Орыс және халықаралық революциялық социал-
демократия жасасын! Самодержавие жойылсын! Саяси бостандық жасасын!
Социализм жасасын! — деген революциялық ұрандармен аяқталды.
Жұртшылыққа деген үндеу хат 1903 жылы 18 февральда Томск
студенттерінің демонстрациясын полициялық жазалауға байланысты шығарылды.
Сібір социал-демократиялық одағы Сібірдің барлық еңбекшілеріне қазіргі
Россия бастан кешіріп отырған тарихи кезеңде бірденбір елеулі
революциялық саяси күш орыс жұмысшы табы болып табылады, патшалық
самодержавие езіп, жәбірлегендер орыс жұмысшы табынан сенімді көмек алып,
қорған табады деп түсіндірді. Үндеу хатта орасан зор халықтық революцияның
жақындап келе жатқаны және патша самодержавиесінің жендеттігі үшін сазайын
тартатыны жайында айтылды.
1903 жылы апрельде жазылып, 1 Майға арналған Жұмысшы жолдастар деген
үндеу хатта буржуазиялық-демократнялық революция ұрандары: самодержавиені
құлату, демократиялық республика, сегіз сағаттық жұмыс күнін орнату және т.
т. ұсынылды.
Пролетарлық интернационализмнің маркстік-лениндік идеяларымен
қаруланған Сібір социал-демократиялық одағы езілген және құлдыққа
түсірілген бұқараның достығы, Россия халықтарының көп ұлтты жұмысшы табының
туысқандығы мен ынтымағы идеясын насихаттады. 1903 жылы июльде басылған
прокламацияда жұмысшы табы мен бүкіл еңбекші ха.лық әуелі патша өкіметімен,
одан соң буржуазиямен ымырасыз курес жүргізу үшін Россия социал-
демократиялық жұмысшы партиясының төңірегіне топтасуға шақырылды.
Ел ішінде, соның ішінде Қазақстанда маркстік-лениндік идеялардың
тарауында В.И. Ленин құрған Искра газеті үлкен роль атқарды. Россияның
орталық губернияларындағы, сондай-ақ ұлттық шет аймақтарындағы да жұмысшы
табының өмірі газеттің басты тақырыптарының бірі болды. Газетте
Қазақстандағы жұмысшылардың жағдайына арналған материалдар шығып тұрды.
Лениндік Искраның жекелеген номерлері өлкеге, ең алдымен темір жол
жұмысшыларының арасына тарады.
Әуелі Сібір социал-демократиялық одағының, одан соң РСДРП Омбы
комитетінің басшылығымен жергілікті революциялық-маркстік үйірмелер өлкенің
солтүстік аудандарында лениндік идеялардың жаршысы болды.
Петропавл қаласында 1902 жылдық аяғында ұйымдастырылған тұңғыш
маркстік үйірме тек қана саяси жер аударылғандардан құрылды. Ол кезде
қалада 150-ге жуық адам полицияның қатаң бақылауында жүрген еді. Үйірме
мүшелері темір жол жұмысшыларымен байланыс жасап, олардың арасында
революциялық жұмыс жүргізді.
1903 жылы Петропавл темір жолшылары өздерінің революциялық марксистік
үйірмесін құрды. Оның үйтқысы Омбы.дан жер аударылған темір жол
ұстаханалары жұмысшыларының тобы болды, олардың ішінде бірнеше адам РСДРП
Омбы комитетінің мүшесі еді. Үйірме искралық бағытта болды. Үйірме мүшелері
РСДРП Омбы комитетімен байланыс жасап тұрды. Орыс-жапон соғысына және елде
революциялық дағдарыстың шиеленісуіне байланысты 1904 жылдан бастап үйірме
жұмысының белсенділігі барынша арта түсті. Үйірмеге қатысушылар кейін РСДРП
Омбы комитетінің 1905 жылы құрылған Петропавл тобының негізі болды.
1902 жылы Орынбор қаласында маркстік үйірме пайда болды, оны осында
жер аударылған марксист Д. Г. Гансбург К.азақстан бірінші орыс
революциясында ұйымдастырды. Үйірме құрамына ағаш ұстасы Г. Жоров, оның
қарындасы Е. Жорова, темір жол ұстаханаларының жұмысшылары Славин мен
Мордвинов, Д. Наронович, семинарист казак Чернов, семинарист Богоявленский,
айдаудағы социал-демократ Завойко және басқалар енді.
1905 жылғы революцияға дейін үйірменің жұмысы негізінен алғанда
Орынбор губерниясы мен Торғай облысының қалаларында социал-демократиялық
әдебиет таратумен шектелді. РСДРП Орынбор тобының (комитетінің) бастамасы
болған үйірме халықтың әр түрлі топтары — жұмысшылар, шаруалар, ұсақ
қызметшілер, оқушы жастар арасында марксизм идеяларын насихаттау
жөнінде зор жұмыс жүргізді. Үйірмеде оқушы қазақ жастары да болды.
Большевиктік партияның М. В. Фрунзе және В. В. Куйбышев тәрізді аса
көрнекті қайраткерлері өздерінің революциялық өмірбаянын Қазақстанда
бастады.
М. В. Фрунзе 1885 жылы Жетісу облысының Пішпек қаласында (қазір
Бішкек), фельдшердің семьясында туды. Революциялық идеялармен тұңғыш рет
Верный гимназиясында оқып жүріп, өздігінен білім алу үйірмесіне қатысқан
кезінде танысты. Петроградта тұрған кезінде ол верныйлық достарымен
байланысын үзбеді, олармен хат жазысып тұрды, оларды астанада болып жатқан
оқиғалармен таныстырды.
В.В. Куйбышев 1888 жылы Омбы қаласында туды, оның ата-анасы көп ұзамай
Омбыдан Қөкшетау қаласына көшіп келді. 13—14 жасар кезінде Көкшетаудың
революцияшыл жастарының астыртын жиындарына қатысты. 1903 жылы, Омбы кадет
корпусының оқушысы кезінде, жазғы демалыста үйіне келгенде, 15 жасар
жасөспірім Омбыдан революциялық прокламациялар әкеліп, оларды жұмысшылар,
майдангерлер, жастар және жергілікті әскери команданың солдаттары арасына
таратты.
1903 жылы пайда болған үйірме негізінен алғанда революциялық ниеттегі
оқушы жастардан құрылған еді; ұйымдық және идеологиялық жағынан үйірме
РСДРП тобының дәрежесіне дейін көтерілген жоқ. Үйірме өз жұмысын күрделі
жағдайда жүргізді, бірақ осыған қарамастан, үйірме бірінші орыс
революциясының қарсаңында қала еңбекшілері арасында марксизм-ленинизм
идеяларын насихаттау жөнінде елеулі жұмыс істеді.
РСДРП Омбы комитетінің 1903 жылы 18 апрельде гектографта басылып, 1
Майға арналған үндеу хатында революцияның екі кезеңі: буржуазиялық-
демократиялық кезеңі, ал одан соң пролетарлық кезеңі туралы лениндік идея
насихатталды. Үндеу хатта елдің жұмысшы табының және бүкіл еңбекші
бұқарасының ең қас жауы полицейлер мен шпиондардың жексұрын шайқасы
қоршаған самодержавиелік патша деп атап көрсетілді. Үндеу хат буржуазиялық-
демократиялық революцияға шақырған ұрандармен және үндеулермен аяқталды.
Сонымен, бірінші орыс революциясының қарсаңында өлкеде В. И. Лениннің
шығармалары, социал-демократиялық ұйымдардың прокламациялары мен үндеу
хаттары тарап, саяси айдаудағылардың қызметі жандана түсті, революциялық
марксизмнің ұрығы себілді.
2 Революцияның басталуы
1905 жылы 9 январьда Петербургте қарусыз жұмысшыларды атқылаған
патшаның қанқұйлы зұлымдығы туралы хабар Қазақ даласына тез тарады. Қалалар
мен селоларда, жұмысшылар мен қала кедейлерінің жиналыстарында, сондай-ақ
кедей шаруалардың жиындарында патшаның озбырлығына қарсы наразылық
білдірілген үн көтеріліп жатты. Верный, Әулиеата қалаларының, Перовск,
Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл, Семей темір жол станцияларының жұмысшылары
мен демократиялық ниеттегі еңбекшілері наразылық білдірді. Ақмола облысы
мен бүкіл Дала өлкесінің әкімшілік орталығы Омбыда 9 январьдағы қанды
жексенбіге байланысты жұмысшылар мен қала еңбекшілерінің демонстрациясы
болды. Демонстрацияда сөйлеген шешендер самодержавиені масқаралап айыптады,
жұмысшыларға оқ атқан патша баскесерлерін жазалауды талап етті.
1905 жылы февральдың ортасында бүкіл Орынбор-Ташкент темір жолы
бойында Түркістан, Перовск, Жосалы, Қазалы, Шалқар станцияларында
жұмысшылардың өздерінің экономикалық жағдайын жақсартуды, жұмыс күнін
қысқартуды талап еткен ереуілдері болып өтті. Петропавл темір жол депосының
жұмысшылары — саяси ереуіл ұйымдастырды. Мартта Орынбор теміржолшылары
жұмысты тоқтатты. Митингілер мен жиналыстарда социал-демократия шешендері
тек экономиқалық талаптар ұсынып қойған жоқ, сонымен қатар патшалық
монархияға да қарсы шықты.
Қанды жексенбі өлкенің қоныстанған кедейлерінің де ашу-ызасын туғызды.
1905 жылғы январь—февральда шаруалар жиындарында деревня кедейлері патшаны
зұлым әрі тонаушы деп атады.
Россиядағы халықтық бірінші революцияның өріс алуы барысында таптар
мен партиялардың позициялары айқындалды. Әрбір саяси партия революциядағы
өзінің тактикасын, өзінің өзге партиялар мен ағымдарға көзқарасын, сондай-
ақ өзінің самодержавиелік құрылысқа көзқарасын белгілеуге ұмтылды.
Революциялық қозғалыстың өрлеуі РСДРП-ның алдына шұғыл міндет —
буржуазиялық-демократиялық революциядағы өзінің тактикалық бағытын белгілеу
міндетін қойды, Меньшевиктер жікшілдік позицияларында қала отырып,
большевиктермен ұйымдық мәселелер жөніндегі бұрынғы алауыздықтарын жаңа —
тактикалық мәселелер жөніндегі қайшылықтармен өршіте түсті.
Большевиктер РСДРП III съезін шақырып (Лондон, 25 апрель — 10 май 1905
ж.), онда жұмысшы табы партиясының шынайы революциялық тактикасын талдап,
белгіледі.
1905 жылы көктемде қоныстанған селолар мен деревнялар еңбекшілерінің
толқуы болып өтті. Олар патша әкімшілігіне өз наразылығын білдірді:
кулактардың және казак әскерлері жоғарғы тобының егістіктері мен шабындық
жерлерін таптау ұйымдастырды, малдарын айдап әкетті. 1905 жылғы 10 мартта
Жетісу облысының генерал-губернаторы станица және поселке атамандары, ірі
жер арендаторлары өз иеліктеріне көрші шаруалар мен казактардың мал
жіберіп, егінді, шабындықтарды және басқа жайылымдарды таптатып, қысым
көрсетуі жөнінде әскери басқармаларға жиі шағым жасап, жәрдем сұрайды деп
атап көрсетті.
Сонымен бір мезгілде еңбекші қазақтардың байларға және жергілікті
патша әкімшілігіне қарсы қимылдары басталды. Мысалы, Жетісу облысының Лепсі
уезіндегі Арғанаты болысында 1905 жылдың басында № 4 ауыл тұрғындарынан
салықты мерзімінде төлемегені үшін бірнеше түйені тартып алған болыстың
қиянатына қарсы 40—50 адам топтасып, болыстың өзін және оның жанындағы
нөкерлері мен байларды сойылға жықты. Наразылар саны тез көбейіп, 200
адамға жеткен, сөйтіп болысты айдалаға апарып өлтірген.
Өкімет орындары өз праволары үшін күреске белсене қатысқандарды қатаң
жазалады. Алайда халық бұқарасының қозғалысын ешқандай жазалау тоқтата
алмады. Қазақстанда еңбекші бұқараның революциялық ниетінің күшеюіне патша
өкіметінің орыс-жапон соғысында жеңілуі себепші болды.
Патша үкіметі революциялық қозғалысқа қарсы күресте патша өкіметінің
таптық тірегі болған қаражүздіктерге, кадеттерге, үстем феодал-байлар тобы
мен мұсылман дін басыларына сүйенді. Еңбекші бұқараны революциялык күрестен
қайткен күнде де аулақтатуға тырысып, феодалдық-бай жоғарғы топ пен
мұсылман дін басылары петиция науқанын ұйымдастырды. 1905 жылы 25 июльде
Қоянды жәрмеңкесінде (Қарқаралы қаласының жанында) байлардың съезі болып,
онда патшаға петиция әзірленді. Петицияда өлкеде мұсылман дінінің айрықша
басқармасын ұйымдастыру, мешіттер салу, діни мектептер ашу, Меккеге
қажылыққа баруды ұйымдастыру мәселелері басты орын алды. Мұсылман дін
басыларының, феодалдық-бай жоғарғы топ пен ұлтшыл буржуазияның халыққа
қарсы мәні, құлқынқұмарлығы, екіжүзділігі революция кезеңінде ерекше айқын
көрінді.
Революциялық қозғалыстың өрістеу барысында Қазақстан еңбекшілері үстем
феодал-байлар тобының халық қамын мүлде ойламайтынына, ал патша өкіметінің
езілген бұқараға ешқашан да ешқандай елеулі жеңілдіктер жасамайтынына көз
жеткізді.
Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен
және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. 1905 жылы жазда
Семей, Торғай және Орал облыстарында аграрлық толқулар болды. Баянауыл және
Павлодар уездерінің шаруалары ірі феодал Шормановтардың жерін конфискелеуді
және оны жері жоқтарға бөліп беруді талап етіп, қауымдық жерлерді тартып
алуға карсы шықты, Олар Шормановтар ауылын шауып, табындарын айдап әкетті.
Патша әкімшілігі бұл ауданға жазалау отрядын жіберді.
Сол кезде Белағаш және Құлынды далаларындағы Сібір казак әскерлерінің
жері мен кабинеттік учаскелерді және Алтай таулы округіне қарасты жерлерді
мейлінше тиімсіз шарттармен арендаға алған қазақ кедейлері көтерілді.
Қозғалысқа Семей облысы Қарқаралы уезінің ауыл кедейлері қосылды. Қазақ
шаруалары патша чиновниктерін қуып шығып, чиновниктердің озбырлығына шағым
жасалған петициялар берді. Қозғалыс күшейе түсті, оған халықтың жаңа
топтары қосылған үстіне қосыла берді. Патша әкімшілігі қозғалысты әскери-
полициялық күштердің көмегімен басып-жаныштады, мәселен, еңбекші қазақ
халқы өздерін жермен қамтамасыз ету және 1903 жылғы аграрлық бой көрсетудің
басшыларын қамаудан босату жөнінде талап қойған Торғай облысының Ырғыз
уезінде осылай істеді.
Халық бұқарасының губерниялық және уездік өкімет opындарына қыр
көрсете бойкот жариялаған реттері де мәлім. Мысалы, 1905 жылы июльде Ақмола
уезінің бір аулының халқы облысты инспекциялық мақсатпен аралап жүрген
Ақмола әскери губернаторына лауға ат беруден үзілді-кесілді бас тартты. Ол
ол ма, ауыл халқы ат әкелуге жіберілген стражниктерді соққыға жықты.
1905 жылы жазда Сырдария облысынын Шымкент және Әулиеата уездерінде
толқу бұрқ ете түсті. Августа Түркістан генерал-губернаторы бұл уездерде
күшейтілген күзет енгізу туралы Петербургке өтініш жасауға мәжбүр болды.
1905 жылы 19 июньде Семей әскери губернаторы дала генерал-
губернаторына қазақ халқы Россияда болып жатқан барлық революциялық
оқиғаларға зер сала қадағалап отыр, қазақ ауылдарына көрші облыстардан,
тіпті Бөкей хандығынан да үкіметке қарсы революциялық насихат жүргізетін
адамдар келіп жатыр, соның салдарынан облыста тынышсыздық болып отыр деп
хабарлады.
1905 жылы 1 майда Қазақстанның көптеген қалаларында жергілікті социал-
демократиялық топтар ұйымдастырған демонстрациялар мен жиналыстар болып
өтті. Бұл күні Орынбордың темір жол ұстаханалары мен кәсіпорындарының
жұмысшылары, оқушы жастар мен қала кедейлері ереуіл жасады. Орман ішінде,
Жайықтың жағасында маевка өткізілді. Сондай-ақ Перовскіде, Оралда,
Верныйда, Қостанайда және басқа қалаларда да маевкалар болды. Оған
қатысушылар қолдарына қызыл ту алып, Самодержавие жойылсын!,
Жұмысшыларды азат ету — жұмысшылардың өз ісі! — деген ұрандар көтеріп
шықты.
Ол кезде өлкеде Россияның европалық бөлегінің өнеркәсіпті және саяси
орталықтарымен тығыз байланысты темір жол жұмысшылары мейлінше революциялық
ниетте болды. Елдің орталығындағы революциялық оқиғалар туралы деректер де
Қазақстанға ең алдымен солар арқылы жететін еді. 1905 жылдың жазынан бастап
теміржолшылардың бой көрсетулері саяси сипат ала бастады. Мысалы, Перовск
жұмысшылары июнь — август айларында вокзал маңына жиі жиналып, РСДРП
жергілікті тобының бүкіл ел көлемінде болатын карулы көтеріліс туралы
айтылған прокламациялары мен листовкаларын оқып жүрді. Жиналыстардың
инициаторлары социал-демократиялық топтың мүшелері — слесарь Давыдов, ағаш
ұстасы Торохов, слесарьдың шәкірті Бирюков болды, олар РСДРП Ташкент
комитетімен байланыс жасап отырды.
Августа Петропавл депосының жөндеушілері экономикалық және тұрмыс
жағдайларын жақсартуды талап етіп, жұмысты тоқтатты. 1905 жылы жазда
жергілікті социал-демократиялық үйірмелердің инициативасымен Қазалы мен
Шалқардың теміржолшылары ереуіл жасады. Олар тек экономиқалық талаптар ғана
емес, саяси талаптар да қойды, атап айтқанда самодержавиенің құлатылуын да
талап етті.
Қазақстанда — Қостанайда, Петропавлда, Актөбеде, Перовскіде және басқа
бірсыпыра қалалар мен өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа маркстік ұйымдар
пайда болды. Ақмола және Семей облыстарындағы топтардың қызметіне РСДРП
Омбы комитеті басшылық етті. РСДРП Ташкент комитеті Сырдария және Жетісу
облыстарының социал-демократиялык топтары мен үйірмелерінің жұмысына бағыт
беріп отырды. Орал және Торғай облыстарының социал-демократиялық топтары
мен үйірмелеріне РСДРП Орынбор комитеті басшылық етті. РСДРП-ның Орал
тобы РСДРП Орталық Қомитетінің Саратов және Шығыс (Приволжье) бюросымен
тығыз байланыста болды. Бөкей хандығындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz