Қазақ хандығының құрылуы, экономикасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Қазақ хандығының құрылуы3

Қазақ хандығының экономикасы6

Басқару жүйесі. 9

Қазақ қауымының әлеуметтік құрылысы12

Әлеуметтік жіктелу13

Қорытынды16

Қолданылған әдебиеттер тізімі17

Кіріспе

"Өткенді білмейінше - болашақ бұлдыр" деген тарихтан тағылым алу керек. Тарих - ұлы мектеп, ұлы ұстаз және ұзақ жол. Тарих - халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі "Уақыт" деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып ғасырлар тұңғиығына батып кетті.

Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.

"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, " - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды". Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу - тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол - тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті.

"Біз - қазақ, ежелден азаттық аңсаған" демекші, бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас - азатыққа жасалған бір қадам.

" . . . Жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені үзу оңай . . . Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен жырақ кетпей, Отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасында еш нәрседен мұқтаждық көрмейсің. Ер жүрек халық - күшті халық. Бізге жеңіс әперген - Отанымыз деп білу керек", - деп жазылған ежелгі Күлтегін жазбасында. Он бес ғасыр бұрын жазылған бұл жолдау бүкіл тарихқа тән нәрсе сияқты. Яғни, бүкіл тарихтан алатын тәліміміз, қысқаша айтқанда - "жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені үзу оңай".

Қазақ хандығының құрылуы

Хандық билік түрінде өмірге келген қазақ мемлекеттігінің құрылуының негізінде, әрине, қазақ ұлысының қалыптасу процесі жатты. Жоғарыда айтылған Керей хан мен Жәнібек сұлтан бастаған жұрттың Әбілқайыр хан билеген өзбек ұлысынан бөлек көшіп, Шу бойына келуі, жүріп жатқан терең тамырлы этно-саяси процестің сыртқы көрінісі ғана болатын. Сондай-ақ бұл көне жаңа мемлекеттік құрылымның өмірге келуіне ғана емес, сонымен бірге бұдан бұрынғы ғасырларда басталып, енді біржола аяқталуға бет алған ұлттық ұю процесін де тездете түскен оқиға, кезең болды.

Шамамен Хиджраның 870 жылы, яғни 1465-1466 жыл қазақ мемлекеттігің құрылған мезгілі ретінде қабылданған. Мұхаммед Хайдар бұл тарихи оқиғаны Жошы ұрпағы Керей хан мен Жәнібек сұлтан бастаған жұрттың Әбілқайыр ұлысынан бөлекке көшіп, сол кезде Мағұлстанға қараған Шу бойындағы Қозыбашы атты мекенге келіп дербес хандықтың шаңырағын көтерулерімен байланыстырады. Бұл әрине кездейсоқ оқиға емес-тін. Деректік материалдар Әбілқайыр ұлысынан біраз жұрттың жаңадан өмірге келген хандыққа бет бұрып, жарыла көшуі бір емес, бірнеше мәрте қайталанғандығын білдіреді. Демек, Керей хан мен Жәнібек сұлтан бастаған жұрттың Өзбек ұлысынан бөліне көшуіне себепші болған негізгі жағдай - халықтың қалың арасындағы ықпалды билеуші топтарының ішінде саналы әрі мақсатты түрде мемлекеттік құрылымды көздеген әрекеттің орын алғандығы. Өкінішке орай, хандар мен сұлтандардың қызметін қырағы бақылай отырған ортағасырлық деректер қара халықтың терең ортасынан бастау алған белсенді әрекеттерге самарқау қараған. Сондықтан да болу керек тарихи маңызы бар істерге келгенде қара халықтың шешуші қызметі мен рөлі қалтарыста қала береді, халық үнсіз тобырдың орнында жүреді.

Басқаша айтқанда, кезінде XIVғ. соңына қарай Жетісуда біраз уақыт патшалық құрған Ұрыс Ханның ұрпағы Жәнібек пен Керей сұлтандардың XVғ. екінші жартысында мұнда қайта оралып жаңа хандықтың негізін қалауы, әрине тіптен де кездейсоқ құбылыс емес. Жәнібек пен Керей сұлтандарға Ұрыс хан “атасының ұлысын” жаңғырту жөніндегі ұсыныстың жергілікті халықтың билеуші топтары тарапынан да түскендігі анық. Ал Ұрыс хан болса, тарихшы Қадырғали бидің айтуына қарағанда, Алтын Орда тарихында аласапыран кезеңі басталғанда (XIVғ. 60-70жж. ) өз әскерімен Жетісуға келіп хандық құрады. Оның ұлы Құйыршық сұлтан да әкесінің ұлысын билейді. Ал бұл оқиғалар қазақ хандығы шаңырақ көтерген тұста “өмірде кеше ғана болып өткен істер” еді.

Сонымен, Шыңғыс хан Әулеті билеген ортағасырлық кеңістікте кең қолданыста болған “әке ұлысы”, “ата ұлысы” деген ұғымдар қалыптасып, артынша ыдырай жатқан мемлекеттік құрылымдарды мұраға иемденушіліктің өзіндік бір көрінісі болатын.

Сондай-ақ XIV-XVI ғасырларда ортаазиялық кеңістікте ру-тайпааралық сапырылыс, араласумен бір мезгілде пәрменді жүріп жатқан ұлттық екшелеу және қалыптасу процестеріне “ата ұлысы” бейімделген аса қолайлы идеологиялық және саяси фактор есебінде ешқандай кедергі жасаған жоқ.

Жергілікті билеуші топтардың төре тұқымына Жетісу жерінде мемлекеттік дәстүрді қайта жандандыру жөнінде ұсыныспен қайырылуына негіз жетерлік еді. Солардың негізгісі, әрине, Жетісуға көрші жоңғар қалмақтары тарапынан төнген қауіп болатын.

XVғ. орта тұсына қарай бүкіл батыс мағұлдарды (ойраттарды) мемлекеттік шеңберде біріктірген Тоған тайшаның ұлы Есен тайша шығысындағы Мин империясы әскерімен болған шайқаста жеңіске жетіп, император Чжу Цисженді тұтқындайды. Бұл жеңістен соң қанаттанған Есен тайша енді құнарлы Жетісу өңіріне көз сала бастайды.

1452ж. Есен тайшаның қолдары Моғолстанға басып кіріп, сонан соң Жетісуға еніп, одан ары оңтүстікке бет алып Сыр бойы өңірін, Түркістан, Ташкент. Отырар сияқты орталықтарды тонап, Сығанаққа жақын Көк Кесене атты жерде Әбілқайыр ханның әскерімен кездесіп, оны талқандай жеңеді. Қалмақтардың бұл жорығы 1455 жылы Есен тайшы өлгеннен соң аяқталады.

Қуатты қалмақ мемлекетінің өмірге келуі бұл кездегі Мағұлстан билеушісі Исабұғы ханды, көрші қырғыз жұртын, Алаш елі мен оның билеушілерін де терең ойға батырғандығы анық. Сондықтан да Исабұғы ханның жергілікті қазақ жұртының басшыларына, Керей мен Жәнібек сұлтандарға қызу қолдау көрсетіп Шу бойындағы Қозыбашыда қазақ хандығының шаңырағын көтеруге ықылас білдіруін қалмақтар тарапынан төнген қауіпке тосқауыл қою қажеттігінен туған шара есебінде қарауға толық негіз бар. Бұдан былайғы кезеңдегі тарихи оқиғалар бұл шешімнің әбден орынды қабылданғандығын көрсетті. Қазақ хандығы XVI-XVIII ғасырларда мағұл хандығы ортаазиялық кеңістікте ыдырай жоқ болғаннан кейінгі кезеңде тұрақтылыққа, сондай-ақ түрлі мүделер арасындағы ара салмақты теңестіруге қажет саяси күшке айналды.

Қазақ елінің тарихына қатысты ішкі және сыртқы дерек көздерімен жақсы таныс болған тарихшы Қадырғали би Қосымұлының көрсетуіне қарағанда қазақ елі өмірге тайпалар одағы ретінде келген, ал бұл одақтың бастапқы аты “Алаш мыңы” қалыптасқан мезгілі шамамен ХІІІғ. орта тұсы - XVIғ. бас кезі. Бұл Орталық Азиядағы көне түркі және мағұл елдері арасында ерте кезеңдерден орныққан ру-тайпа аралық дәстүрлі қатынасқа сүйенген бұл одақтың құрамында кейіннен, яғни уақыт өте қазақ ұлтының негізін құраған үйсін, қаңлы, дулат, арғын, найман, қыпшақ, керей, алшын сияқты ірі ортағасырлық тайпалардың бөліктері болғандығы күмән тудырмайды. Өйткені Әбілқайыр хан ұлысы, яғни Өзбекия (XVғ. алғашқы жартысы) құрамында болған Алаш мыңы үш сан, басқаша айтқанда үш жүз ұлы, орта, кіші жұрттан тұрды. Үш жүзге бөлудің негізінде мағұлдар империясы кезіндегі қатал әскери өмірге, қажеттілікке бейімделумен қатар, одан да бұрын тамыр жайған ру-тайпалық қауымдастықтың ішкі өмірін оның әрбір мүшесіне тиесілі орынын анықтау арқылы реттеу дәстүрлі жатты.

Қазақ тарихына қатысты аса құнды деректерді айналымға қосқан тарихшы Мұхаммед Хайдар “қазақ” есімін белгілі бір себептерге байланысты көрші елдердің бергендігін білдіріп, ал оның орныққан мезгілі ретінде XVғ. орта тұсын атайды.

Сонымен “Алаш мыңы”, “Алаш” ХІІІғ. екінші жартысынан бері келе жатқан халықтың бастапқы ішкі өз аты, ал “қазақ” шамамен XVғ. орта тұсында оған Өзбек ұлысындағы көршілері берген есім. Алаш мыңы осы аталған мерзімде қалыптасқан қазақ ұлты мен оның мемлекеттігінің ұйытқы элементі болды.

Сонымен біздің көз алдымызға қазақ хылқының қалыптасу кезеңдегін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді. 1) XVғ. алғашқы жартысы - Әбілқайыр хан ұлысы (Өзбекия) құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы одағы; 2) XVIғ. екінші он жылдығы - көрші мемлекеттер дербес ел ретінде мойындаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу процесінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуымен тұс келіп, бұл екі процесс өзара үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтырды.

Қазақ хандығының экономикасы

Шаруашылықтың негізгі түрі жыл бойы тебінді жайылымда жүретін жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Онымен қатар Қазақстанның оңтүстік аудандарында Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің жағалауында отырықшы мал шаруашылығы да таралды.

Қазақтар негізінен жылқы, қой және түйе өсірумен шұғылданды, ал отырықшы шаруашылықпен айналысатындары ірі қара мен ешкі де өсірген. Бойы ұзын, қысқа аяқты жылқыларды қазақтар қысы-жазы мал бағуда мініске ұстайтын, олар қазіргі “жабы” дейтін жылқылар тұқымына ұқсас келеді. Қазақтар асыл тұқымды сәйгүліктер мен арғымақтарды өсіру мен де жақсы айналысқан.

Қазақ халқы түйе өсіруге көп мән берген. Себебі көшпелі және жартылай көшпелі өмірде түйе негізгі көлік ретінде пайдаланылған, суыққа және шөлге төзімді жануар. Түйе жыл бойы үй маңында ашық далада жатады, тек қатты суық түскенде ғана үстіне киізден жабу жабатын. Қазақтар ірі құйрықты қойлар мен қатар ұсақ, биязы жүнді қой өсірумен де шұғылданған. Табиғи жағдайдың ерекшелігіне байланысты мерзімдік жайылымдары болған. Қыста қыстап шығу үшін өзен бойына, қамысты жерлерге, тау аңғарларына, жота бөктерлеріне, орманды жерлерге қыстау салған. Ал қоры ерте кететін жас төлдің жайылымына ыңғайлы жерлерді көктеуге қойған. Көктеуден соң жаздың нағыз ортасында қойдың жүнін қырқып, шыбыны мен масасы аз, шөбі шалғын, суы мол жайлауға көшкен. Күз түсе қайтадан қыстауларына жақындау жерге көшіп келген, оны “күздеу” дейді. Мұндай айнала көшудің себебі, мал жеп кеткен шөптің қайта өсуін қамтамасыз ету, малға жақсы жағдай жасау.

Қазақстанның шөлейт аудандарында малды қолдан суару үшін құдықтар қазып, қауғамен су алатын. Қауға теріден тігілетін үлкен шелек тәрізді ыдыс, онымен бірнеше мәрте құдықтан су алып бүкіл табынды суару оңай емес, сондықтан оны тартуға түйе мен өгізді жиі пайдаланғанан. Терең, тас құдықтардан қауға тарту ісі - Маңғыстау мен Үстірт жерлерінде жиі пайдаланылған.

Қазақтар малын жайылымға қыста да шығаратын болған, оны “тебінді жайылым” деп атаған. Себебі қар астында қалған шөпті мал тұяғымен теуіп, тартып, жұлып жейтін болған. Ондай жерлерге алдымен жылқыны, одан соң сиыр мен түйені жайған, олар қарын аршып бетіндегі шөбін жеген соң, аршылған жерге ұсақ малды, қойды жайып отырған.

Кейбір жерлерді қиын-қыстау кезең үшін әдейі сақтап “қарамал жері” деп қорып отырған.

Малшылар үшін ең қауіпті жағдай-малдың жаппай қырылуын-жұт дейді. Жаздың құрғақ болуы, шөптің шықпай қалуы, қыстың қатты болуы немесе ауа-райының күрт өзгеруі жұтқа ұшыратқан. Қыс қатты болған жылдары қазақтар “күрек-ашу” деген әдеті қолданып күрек, бөренелерді арқанмен атқа байлау арқылы жайылымды қардан тазартқан.

Қыстауға көшіп келген соң әр жан соғымға ең семіз малдарын сойып, бір-бірін қонаққа шақырысып “соғым басын” берген. Соғымнан қалған қазы-қарта көктемгі жаңа жыл мерекесі-наурыз тойына дейін жеткен. Наурызда жеті түрлі азық-түлік түрінен наурыз көже жасалып (халық мейрамы) ойын-сауығымен қызған халықтық мереке өткізіліп тұрған.

Суармалы егіншілік. Қазақтардың шаруашылық өмірінде жер өңдеудің де маңызы зор болған. Әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Созақ аймақтарында кең таралған. Жер өңдеумен Батыс Қазақстан мен Сары-Арқаның қазақтары да айналысқан.

Қазақстанда жерді суландырудың түрлі әдіс-тәсілдері болған. Көктемі еріген қар суына да бөгеттер жасалып, егін суаруға пайдаланған, немесе сол жыртылатын егістік жерлерде бөгеп кейін сол жерді өңдейтін болған. Талас өзенінің суы азайып құрғаған салаларына да дән сеуіп “көл табан” жерлер деп атаған.

Ал тұрақты суландыру үшін арықтар қазып, тоғандар, жасанды көлдер жасаған. Оған үлкен өзен сулары арнайы арықтармен әкелініп құйылған. Сырдарияның солтүстік жағалауында жер суландыруға қажетті 2-3 жасанды көлдер жасалып, өзара арықтар мен жалғасқан. Қаратаудың оңтүстік баурайындағы егісті суаруда жер асты суларын жинайтын каналдармен өзара жалғасқан терең құдықтар пайдаланылған.

Суды бұрып пайдалану қиынға соғатын жерлерде оны арнаулы құралдармен көтеріп арықтарға құю арқылы пайдалану әдістері де қолданылған.

Қазақтарда жер суландырудың үш түрлі әдісі болған: жаппай суландыру, атыздар арқылы және бороздалар бойымен суландыру.

Басқару жүйесі

XV-XVII ғасырларда қазақ хандығындағы мемлекеттік құрылысы жеті сатыдан қаланды:

Ауыл - қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы. Ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралған.

Әрбір жеке ауылдың оны басқаратын адамын Ауылбасы деп аталды. Ауылбасы білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты адам болған. Ауылбасының атқаратын міндеттері: ауылдастардың шаруашылығын басқару, маусымдық көшіп-қону уақытын белгілеу, адам мен көлік күшін дұрыс пайдалану, дау-жанжалдарды әділ шешіп отыру, ауылға түскен салықты уақытында төлеу, жоғарыдан келетін жарлықтарды орындау.

Ата-аймақ - жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады. Ата-аймақты басқаратын адамды Ақсақал деп атады. Ақсақал жоғары мәртебеге ие, орта жастағы адам болуы керек. Ата-аймақтағы ауыл адамдары Ақсақалдың ақыл-кеңестерін тыңдап, ол кісінің шешімін айтқызбай орындап отырады. Ақсақалы бар ауыл азбайды деген сөз содан қалса керек.

Ру - негізінен он немесе он бес аймақтан құралатын болған. Руды басқаратын басшысы Рубасы деп атады. Рубасы көпті көрген, мол тәжірибелі, өте билікті, білгір адам болды. Рудың тағдыры Рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты болған.

Арыс - бірнеше рудан құралады. Осы бірнеше рудан құралған Арысты басқаратын адамды би деп атады. Бүкіл қауым бидің шешімін, оның билігін орындауға міндетті болды. Бидің әділ билігін қауым мүшелері жоғары бағалады. Сондықтан “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген сөз халық арасында кең тарады.

Ұлыс - бірнеше арыстан құралды. Ұлыстың билеушісі Сұлтан деп аталды. Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектердің әулетінен шыққандардан болды. Көбінесе хандар өздерінің ұлдарын және туыстарын ұлыстарға сұлтан етіп тағайындайтын болған. Сұлтандар ханды сайлауға қатынасатын, ханмен тікелей қарым-қатынас жасай алатын еді.

Жүз - бірнеше ұлыстардан құралды. Жүздің билеушісін Хан деп атады. Әрбір жүз өзінің ханын сайлайтын. Жүзді билейтін хандар тек қана хандар әулетінен шыққандар болуы талап етілді. Басқа жол заңсыздық деп табылды. Мысалы: жиырма жеті мемлекетті жаулап, қол астына бағындырған, “әлемді жаулап алушы” атанған, Барлас руынан шыққан Ақсақ Темір билікті Шыңғыстың ұрпағы Тоғылық Темірден тартып алса да, өзін ханмын деп атай алмаған, өмір бойы Әмір болып өткен.

Хандық - үш жүзден тұрады. Хандықтың ең үлкен әміршісі Қаған (ұлы хан, яғни хандардың ханы) болады. Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүрі болды.

XV ғасырда хан жалпы қазақ халқының қоғамдық әдет-салтына байланысты мұралық жолмен емес, сайланып қойылатын. Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың атақты, сыйлы шонжарлары қатынасты. Ру басшылары хан болып сайланатын адамды ақ киізге отырғызып көтереді. Осыдан соң хан отырған киізді, ханның үстіндегі киімін шешіп, жапырақтап кесіп, ханды сайлауға қатынасқандықтың белгісі ретінде үлесіп алады. Жиналғандар ханның бар малын да бөлісіп алып үйлеріне тарайды. Мұндай әрекет “хан талапай” деп аталады. Мал-мүлкі талапайға тускен хан ендігі жерде халықтың үстінен күн көруге тиіс болады. Көп кешікпей ру басшылары өздері талапайлап алған малдан әлдеқайда көп малды халықтан жинап, ханға айдап алып келіп береді.

Хан тағына жері емес, малы көп шонжар сұлтандар сайланды Сол кездегі салт-дәстүр бойынша байлыққа қосымша, хан болып сайлану үшін Шыңғыстың ұрпағы болу басты талап етіліп қойылды. Шыңғыс ұрпақтары жастарына және туыстық жақындығына қарай хандыққа қойылды.

Қазақтың ханы елді билеумен қатар жасақты басқарған. Халықтан әр түрлі алымдар жинатып алып отырды (сыйлықтық, сойыстық, байғазы, жылу, айып, құн төлеу, барымта, т. б. ) . Нұралы ханның 100 түйесі, 3000 жылқысы, 1000 сиыры, 5000 қой-ешкісі болған екен.

Қазақ ханының өзі басқарып отырған елінен іріктеп алған шағын жасағы болды. Хан жасағының мүшелері ханмен бірге жорыққа шықты, малын бақты, үй шаруашылығына көмектесті. Бұларды төлеңгіттер және қараша деп атады.

Қазақ ханының тұрақты тұрақты әскері болмады. Қажетті жағдайда халық жасағын жинады, оны ханның өзі және батырлар мен билер басқарды.

Қазақ хандары көшпелі халықтың жыл мезгілі ішінде көшіп-қонатын орындарын белгілеп беріп отырды. Сырттан қауіп төніп, соғыс бола қалған жағдайда түрлі рулар ханның жарлығын күтпестен жұртын тез ауыстырып, шаруашылыққа, малға халыққа жайлы жерге көшіп-қонатын болған.

Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз көшіп-қонуға жол берілмейді. Бұл тәртіпті бұзғандар жазаға ұшырады немесе айып төледі. Руды басқарып отырған билер мен батырлар хан алдында жауапты болды. Кейбір жағдайда, ру-тайпаларды басқарып отырған батырлар мен билер ханның билігіне наразылық білдіріп, бөлініп, басқа хандар жағына көшіп кетіп отырған. Мұндай жағдайда ханның билігі әлсіреп, феодалдық талас-тартыс үдей түскен. Билер мен батырлар ханға берген антын жиі-жиі бұзып отырған.

Қазақ халқының үш жүзге бөлінуі салдарынан әрбір жүзді билейтін жеке дара хандар сайланды. Бұл хандардың билігі өзіне қарасты жүздерге ғана жүрді. Олардың билігіндегі жерлердің айқын шекаралары болмады. Рулар мен тайпа көсемдерінің болжауымен халық жыл мезгілі ішінде жайылым іздеп, ілгері қарай қозғалып көшіп отырды. Кейде бірнеше мыңдаған шақырым жерге малмен бірге ұзап кетіп, қайта оралып отырған.

Қазақ қауымының әлеуметтік құрылысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының нығаю жолдары
Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Қазақ халқының тарихына шолу
Хандықтардың құрылуы және шайқастары
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қазақ хандығының қалыптасуы
Қазақ мемлекетінің құрылымы
Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz