Отбасы - неке құқығы, мұрагерлік құқығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Отбасы-неке құқығы 5
Әмеңгерлік салты 8
Мұрагерлік құқығы 11
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер 15

Кіріспе

Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені
"адат" деп атады. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары. Бұл нормалар
қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды. "Адат" араб тілінде әдет-
ғұрып деген ұғымды білдіреді. "Адат" өте ерте кезден басталып, көптеген
өзгерістермен және толықтырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуіш
нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен "адаттың" құқықтық
институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады.
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен
сипатталады:
1. Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан көрінетін
консерватизмі. Мұндай ерекшеліктердің сақталуы заңды нәрсе. Ру қазақ
қоғамының негізі болды. Ал рудың негізі патриархалдық отбасы болды. Қазақ
отбасының басшысы немесе отағасы отбасындағы шешуші фигура болды. Бұл
ерекшеліктердің бәрі де көшпелі экономикалық қатынастардың бейнелері
болып табылады.
2. Қазақ әдет-ғұрпы құқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік,
өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын
қамтамасыз етті. Бұл институттар қазақ қоғамында және оның құқықтық
жүйесінде ерекше орын алды.
Қоғамдық пікір бұл институттарды айыптамады.
3. Әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық істер мен азаматтық істердің
арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән бере берілмеді.
4. Жерге жеке меншік құқының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық
жағынан тендігі қазақ аристократиясының (сұлтандар, билер, қожалар)
артықшылығымен ұштастырылды. Қазақ ақсүйектерінің, әсіресе сұлтандар мен
қожалардың артықшылығы ресми заңдастырылды. Ал ел билеу ісі тек
сұлтандардың үлесі ретінде рәсімделді. Мұндай тәртіпті қоғамдық пікір де
мойындады.
5. Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманистік сипатта болды.
6. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік
сипатта болды.
7. Әдет-ғұрып құқығының партикулярлық сипаты. Әдет-ғұрып
нормаларындағы басты нәрсе — ол нормалардың өздерінен гөрі олардың ішкі
мәні еді, олардың негізінде жатқан принциптері еді. Ең басты нәрсс сол
принциптердің өз мәнін, мазмұнын жоймай іске асуы болатын. Айталық, қылмыс
пен жаза саласында — қанды кек не құн төлеу қағидасы, неке саласында — жеті
атаға дейін қыз алыспау қағидасы, сот саласында әділдік, жариялылық,
шешендік қағидалары. Әдет-ғұрып құқығы құқықтық әдеттер жинағы ғана емес,
ол қағида, көзқарас, ой түсінік жүйесі де болып табылады.
Әрине, әдет-ғұрып нормаларының белгілі бір бөлігі мемлекет
тарапынан қолдау тапты. Мемлекет оларға баса көңіл бөліп, өз мақсат-мүддесі
тұрғысынан әсер етуге, өз қызметіне жаратуға әрекет жасады (жинастырды,
жүйеледі, өз атынан жариялады). Бірақ әдет-ғұрып нормалары оның ішінде
Ереже жарғылары да, одан мемлекет заңына айналған жоқ, өзіндік өмір сүру
мәнін жоғалтқан жоқ... Қоғамдық тәртіп, демек, әдет-ғұрып нормаларын сақтап
орындау да көшпелілердің "автономиялығына", дербестігіне, өздерін өздері
басқаруға негізделген еді.

Отбасы-неке құқығы

Отбасы-неке әдет-ғұрып құқығы тереңірек зерттелген сала. Қазақ
қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды.
Отбасының басшысы ер адам болды. Қазақтардың үлкен отбасы әкенің,
балалардың, тәуелді жақын туыстардың, малшылар мен құлдардың отбасынан
тұрды. Бай феодалдардың әр әйелі бір отау, кейде ауыл болып тұрды. Мұндай
жағдайда бірнеше ауылдар отбасылық-ауылдық қауымды құрды.
Отбасы басшысы ер адам адат бойынша артықшылық құқықпен пайдаланды.
Отбасының әйел мүшелерінің құқығы шектеулі еді. Ер адам отбасы мүлкінің
иегері болып танылды әрі отбасы тірлігі үшін жауап берді. Ол басқа отбасы
мүшелерін жазаға тарта алды. Бірақ әке баласына беретін еншіден, қызына
беретін жасаудан бас тарта алмады. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің
міндеті әрі парызы болды. Мұның өзі адаттың әрбір отбасы мүшесінің құқығын
қорғағандығын көрсетеді.
Неке. Қазақ некесі экзогамиялық сипатта болды. Экзогамиялық дәстүр бір
рудың, топтың ішінен ерлер мен әйелдерге некеге тұруға рұқсат етпеді.
Қазақтарда жеті атаға дейін некелесуге жол берілмеген.
Сондай-ақ қазақ некесі полигамиялық сипатта та болды. Полигамия бір ер
адамға бірнеше әйелмен некеде тұруға немесе көп әйел алушылыққа рұқсат ету
деген ұғым.
Отбасы патриархалдық сипатта болған соң некелесу мәселесін ата-аналар,
негізінен әке шешетін. Олардың шешіміне қарсы болғандар қатаң жазаға
ұшырайтын.
Неке құда түсу рәсімінен басталады. Ата-аналар балаларын үйлендіру
үшін құда түседі. Құда түсу балалар жас күнінде, тіпті туылмай тұрып та
жасала беретін. Құда түскен соң жігіт жағы қалың мал төлейтін. Қалың малы
төленген қызды қалыңдық деп атайды. Қалыңмалы төленген қыз сол жігітке
шығуға міндетті болған. Үйленгенге дейін жігіт қайтыс болса, қалыңмалы
төленген қалыңдық жігіт елінің жесірі ретінде оның туыстарының біріне
күйеуге шығуға міндетті болды.
Хандар, сұлтандар, билер, байлар қалыңмалын төлеп үш-төрт, кейде одан
да көп әйелдер ала берген. Қазақтар шариғат жолымен төрт әйел алумен
шектелген. Бірақ 20-ға дейін әйел алған хандар да болған. Өкініштісі
қартайған билігі, байлығы бар адамдар жас қыздар алуға құмар болған. Бұл
ретте шариғат та, адат та олардың құқығын қорғаған. Қазақтар бірінші әйелді
бәйбіше, қалған әйелдерді тоқал деп атаған. Бәйбіше артықшылық құқықпен
пайдаланған.
Қалыңмал қазақтардың үйлену үшін қалыңдықтың ата-анасына мал ретінде
төленетін төлемақы.
Қалыңмалдың мөлшері әртүрлі болған. Өте бай адамдар 100- 150-ге дейін
ірі қара мал, орта дәрежедегілер 75-100 мал, одан төменгілер 20-40 мал,
кедейлер үшін дөңгелек қалыңмал — 10 мал болды. Көбіне қазақтар арасында
қалыңмал алған ата-ана қызына жасау жасап, төсек-орнымен оны шығарып салуға
міндетті болған.
Сондай-ақ қалыңмалға "бас жақсы" ретінде аса құнды заттар берілді. Бас
жақсыға жақсы мылтық, сауыт, дулыға, жүйрік арғымақ, әдемілігі көз тартатын
түйе берілетін. Көрсетілген әр жақсы 5 ірі малға теңестірілетін.
Қазақтарда неке кию рәсімін шариғат жолымен молда жасайды. Неке қию
салтанатты жағдайда үйленушілердің ата-аналарының, 2-3 куәнің және
көпшіліктің алдында өтеді. Неке қию үшін үйленуші жастардың ырзалығы
міндетті болған. Онсыз молда некені қия алмаған. Молда неке батасын оқыған
соң неке қиылды деп есептелген.
Некені тоқтату адат бойынша тек ер адамның құқығы. Некені бұзуға түрлі
себептер болған. Солардың бастысы әйелдің ерінің кезіне шөп салуы, еріне
дұрыс қарамауы. Бірінші жағдайда ол куәлердің көрсетуімен дәлелденуі тиіс
болды. Әйелдер тек ерінің өз міндетін орындауға жарамсыздығы және өзіне
ұрып-соғып күн бермеген жағдайда ғана некені тоқтату туралы мәселе қоя
алды.
Ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болғанда неке тоқтатылады.
Неке тоқтаған жағдайда балалар әке жағында қалады. Тек емізулі бала
анасында қалады.
Адат әйелдің құқығын төмен қойды. Ері әйелін ұрып-соғуға құқылы болды.
Әйелдің өз алдына мүлкі болмады. Тіпті оның жасаумен келген мүлкі де еріне
тиесілі болды. Әйел ерін тыңдауға және оның әмірін орындауға міндетті
болды.
Ажырасқан жағдайда ері әйеліне киімі мен төсек орнын, ат және шапан
ғана берді.

Әмеңгерлік салты

Жалпы көп әйел алу дәстүріне Кеңес өкіметінің декреттері ғана
түбегейлі тиым салды, – деп жазды Х. Арғынбаев Қазақ отбасы атты
еңбегінде. Бұл саясаттың нәтижесінде оң жақтағы қыздар саны қаулап өсіп,
қазақтың санын көбейтуге кері әсер етті.
Көбіне, қазақтың әмеңгерлік салтын жоққа шығарғандай, олай болмайды,
себебі біз оны ұқпаймыз, – деумен ғана шектеліп келеміз. Батыс өркениеті
алимент, сериялық моногамия және басқаларды ойлап шығарып жүрген кезде бұны
біздің елімізде атам заманнан табиғи түрде қолданып келгенін айтқанымыз
дұрыс. Мұның сырын ашатын кез жетті.
Мұның негізінде әйел баласының, еркек кіндікті азаматқа қарағанда,
биологиялық заңдылыққа сай өзінің жұбайлық міндетіне ерте салқындап, шау
тартатындығын да жасырмаған жөн. Сондықтан да ер азамат төсек жаңғыртуға
мәжбүр болады. Таңдай қағып, тамсанатындай жаңалық емес, егде тартса да
қауқарлы, жыныс жүйесі тегеурінді ер азаматтың кіндігінен Алпысбай,
Жетпісбай, Сексенбай есімді нәрестелер дүниеге келген. Қазіргі кезде
сексолог-ғалымдар үйленетін жастардың жас аралары орташа есеппен 5-7 жас
болуға тиіс деп жүр.
Қазақтар әмеңгерлік деп аталатын дәстүрді қатал ұстанған. Мұны
ғылыми тілде некенің левират ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жұбайлардың мүліктік құқықтары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖҰБАЙЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Мүліктің бір ғана бөлігіне ғана өсиет етілсе
Заң бойынша мұра қабылдау
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мурагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтарын зерттеу
ҚР заңдары бойынша мұраға ие болу
Мұрагерлік құқық қатынастарының пайда болуының негізі мұра
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы заңды мұрагерліктің негіздері
Заң бойынша мұрагерлік
Мұрагерлік құқықтық қатынастың субьектілері
Пәндер