Голощекин және оның сойылын соғушылар


ЖОСПАР
Кіріспе2
Үлкен халықтың кішкентай халыққа қиянаты3
Голощекин және оның сойылын соғушылар5
Тоталитарлық жүйенің жан түршіктіретін қылмысы: лагерьлер өлкесі және үлкен террор7
Репрессияның орын алуының себептері13
Қорытынды16
Қолданылған әдебиеттер тізімі17
Кіріспе
Қазақ ұлт болып қалыптасқан ғасырлар бедерiнде талай зобалаңды басынан кештi. Арғы тарихтың да, бергi тарихтың да қалың қатпарларында қаншама ащы тер жатыр. Бағзы замандарды былай қойғанда, өткен жүз жылдықта ше. Ел болып еңсемiздi көтердiк десек те, жүрекке берiш болып қатқан кезеңдерi аз болған жоқ. Бүгiнде жұрт аузында көбiрек айтылып, шежiреге жазылып жүрген 1937 жылдың ақтаңдақтарына да мiне 70 жыл толғалы отыр. Соған дейiн де халқымыз қаншама репрессияның тар жол, тайғақ кешулi нәубеттерiнен өттi. Ресейдегi патша ағзам қорғанышың боламын деп қорлады. Кеңес өкiметi өзгелермен тең ұстаймын деп өзiне тәуелдi еттi. Ұлтымыздың зиялы қауымын және көш бастаған ауқаттылары мен хақ тағала жолындағы дiндарларын баудай жапырған репрессия зұлматтарының әлi де айтылмай жатқан көлеңкелi беттерi аз емес.
Жаппай қуғын-сүргіннің себептері туралы сөз болғанда басты назарда ұстайтын мәселе біреу ғана. Ол орыс халқының басқа көптеген халықтарды әдейі өзінің бодандығында ұстау үшін ұлттың бас көтерер жетекші тобын ауық-ауық репрессиялық науқан жүргізіп отыру арқылы ес жиғызбау әрі бастарын шұлғып жүре беретін тобырларды қалыптастыру, орыстандыру екені.
20-жж. аяғы мен 30 жж. басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыс шиеленісе түскен сайын Кеңеске қарсы зиянкес элементтер мен астыртын ұйымдарды іздеу кең өрістей берді. Орталыққа ұқсату үшін (онда «өнеркәсіп партиясына» және «шаруалар партиясына» қатысқандарға қарсы сот процестері жүріп жатты) Қазақстанда ұлтшылдық бағыттағы жауларды іздеу басталды. Шахталар мен кәсіпорындарда кездейсоқ авариялар болса, колхоздар мен совхоздарда мал өлсе, өрт және табиғи апаттар болса - бәрі де тап жауларының тіміскі әрекеті деп түсіндіріліп, осыған сай халық жауларына және кеңеске қарсы деген бүлікші ұйымдар жөнінде қолдан жасалған қылмысты іс қозғалды.
«Үлкен террор» атпен тарихқа енген қуғын-сүргінге жетпіс жыл толып отыр. Бұл қуғын-сүргіннің кезеңі 30-жылдардың басын және 40-жылдарды қамтиды. Бұл кезеңге Алаш қозғалысы жетекшілері мен қатардағы мүшелерін жаппай түрмелерге жабу мен соттау және ауылшаруашылығын зорлап ұжымдастыру, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландыру тән болды.
Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқы үшін тұп-тура бақытсыздық болды. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, «халық жауы» деп жала жауып, мыңдаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Қуғынға ұшырап, туған жерінен аластатылып кеткендердің алдыңғы легінде А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Халел және Жанша Досмұхамедовтар, М. Тынышбаев, Қ. Кемеңгеров сияқты ұлттың бетке шығар саңлақтары болды. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 «контрреволюциялық ұйымдар» «ашылып», бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығарлары қамауға алынды.
Бір сөзбен айтқанда 20-шы жылдардың екінші жартысында 30-шы жылдардағы «үлкен террорды» моральдық-психологиялық тұрғыдан дайындау істері жүзеге асырылды.
Үлкен халықтың кішкентай халыққа қиянаты
1930 жылдың сәуірінде және 1932 жылдың сәуірінде өткен ОГПУ-дың (Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың) сот коллегиясының шешімімен Алаш қайраткерлерінің екі тобы (біріншісі - А. Байтұрсынов бастаған 40-тан астам адам; екіншісі - М. Тынышбаев бастаған 20-дан астам адам) жалған жалалармен ұзақ мерзімдерге Ресейдің солтүстік өлкесіне жер аударылды. 1930 және 1932 жылдары сотталған және жер аударылғандардың біразы (Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, М. Дулатов, т. б. ) сол кеткеннен мол кетті.
1932 ж. Семейде, осы облыстың Абралы, Шыңғыстау және Қу аудандарында өмірде болмаған, орталығы Алматы болып табылатын астыртын «Қазақстан шаруалар партиясының» филиалы «ашылды». Алайда шаруалардың жаппай көтеріліс жасауына және ауылдар мен селоларда ашаршылықтан адамдардың өлуіне қарамай, бұл «іс» кең өріс алмады. Осы іс бойынша 20-дан астам адам жауапқа тартылды. 1933 ж. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында «байшыл-ұлтшыл контрреволюциялық «Жайлас» ұйымы әшкереленіп», жойылды. Бұл іс бойынша 55 адам қылмыстық жауапқа тартылып, оның 12-і атуға бұйырылды.
Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады. 2 млн. 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 процентінен айрылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кеміді.
Ашаршылықтан аман қалу үмітімен Ресейге, Орта Азия республикаларына, Қытай, Иран сияқты алысты-жақынды елдерге босып кеткен қандастарымыз мыңдап, миллиондап саналады. Олардың көпшілігі әлі күнге Отанына қайтқан жоқ.
Айтып өтетін нәрсе, 1929-1932 жылдары ауыл шаруашылығын күштеп ұйымдастыруға қарсы 370-тен астам қарулы көтерілістер мен қозғалыстар орын алды. Оларды ОГПУ мен тұрақты Қызыл Армия күштері аяусыз басып-жанышты. Мысалға жүгінсек, 2, 1 млн. тұрғыны аштыққа төтеп бере алмай опат болды.
Осымен қатар партия ұйымдарын тазалау жүргізілді. Сенуге болмайтындардың немесе бір кезде қате жібергендердің бәрі БК(б) П қатарынан аяусыз қуылды. Олар негізінен троцкийшілердің, оңшыл және «ұлтшыл ауытқушылардың» қатарында болдың немесе соларға жаның ашыды деп айыпталды. Егер 1921 ж. алғашқы негізгі тазалаудың кезінде Қазақстанда партиядан 2, 1 мың адам шығарылса, 1929-1935-жж. -5, 8, 1939 ж. -15, 4 мың адам партиядан шығарылды. 1937- 1938-жж. жазалау кезінде республикада БК(б) П-дан 9223 коммунист шығарылды.
Голощекин және оның сойылын соғушылар
Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мыңдаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.
Нәтижесінде, елдің саяси өміріне "Садвакасовщина", "Рыскуловщина", "Сейфуллиновщина" тәрізді атаулар енгізіліп, қазақтың бетке ұстар азаматтары шетінен өлімге қиылып кете барғанын және өзінің осындай қанқұйлы саясатын ақтап алу мақсатында Голощекин идеологиялық бағытқа кезенген оқпанын бір сәтке де ауытқымағанын кітапта мына тәрізді көптеген нақты деректер келтірілген.
Пол Пот Кампучияға не істесе, коллективтендірудің үш жылы ішінде Голощекин Қазақстанда сондай кесепат жасады.
Егер алдын ала жасаған төрт жылдық жұмысы болмаса, онда ол мұндай қасіретті болып шықпас еді. Сондықтан да "ұлы өзгеріс" кезінде ол бүкіл билікті өз қолында ұстады.
Бұның бәрі де қазақ халқын жою үшін әзірленді . . . "
Голощекиннің тұтастай бір ұлтты құртып жіберуге көзделген осындай геноцидтік саясатынан орталықтың бейхабар болмағандығын Валерий Федорович кітабында: "Рысқұлов өз халқына бағытталған күйзеліс күшін жеңілдету ниетімен Сталинге үш peт хат жазды. 1932 жылдың соңында екі рет және 1933 жылы көктемде . . .
Соның егжей-тегжейлі баяндалғаны 1933 жылғы 9 наурызда жазылған ең соңғы хаты Сталинге, Кагановичке және Молотовқа жолданған болатын . . . " деп атап көрсетеді. Қазақ арасында Ф. И. Голощекинді "Қу жақ" деп атап кетті.
Қарап отырсаңыз, барша Қазақстанда бір Азамат болмағандай көрінеді. Командалық, казармалық социализмді орнату барысында Москвада Сталин, Қазақ сахарасында Голощекин "шылдар" (изм) қатарын қоздатты. "Сейфуллиншіл", "Байтұрсыновшыл", "Рысқұловшыл", "Мыңбаевшыл", "Қожановшыл", "Сәдуақасовшыл", "Төреғожиншыл" т. б. "шылдар" 1937-1938 ж. зобалаңды тудырды. Қазақтың жасампаз зиялыларын "әшкерелеудің", оған саяси айдар тағудың, ВКП(б) өлкелік партия комитетіне қарсы шыққан оппозицияның басшысы ретінде көрсетудің дем берушісі, әрі ұйымдастырушысы Ф. И. Голощекин болды. Ал, ол болса И. Сталиннің Қазақстанға жіберген генерал-губернаторы, қандыбалақ жендеті еді.
Голощекиннің жанында жүрген, көп жағдайда оның сөзін сөйлеп, сойылын соққан бірнеше адамдар болды. Олардың қатарында Ізмұқан Құрамысовты, БК/б/П-ның Қазақстан Өлкелік Комитетінің 1925-1929 жылы екінші хатшысы, 1929 жылдан Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы (үкімет басшысы) қызметін атқарған Ораз Исаевты, 1930-1931 жылдары Өлкелік Партия Комитетінің хатшысы болған Лев Рошальды атар едік. Ал Елтай Ерназаровқа келсек, 1927-1934 жылдары Қазақ КСР Орталық Атқару Комитетінің «тағында» отырды. Оған дейін ол Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі бір болыстық атқару комитетін біраз жыл басқарған қарапайым шаруа-тұғын. «Бірінші» басшыға жақын жүрген осы үш-төрт адамның ішінде І. Құрамысов Голощекинді мақтауға келгенде алдына Жан салмайтын «сарай ақыны» еді. Жоғарыда айтылған ОГПУ-дің қазақстандық үштігінің шешімдеріне Ф. Голощекинмен қатар І. Құрамысов пен Л. Рошаль рұхсат беріп, қол қойып отырған.
Мұрағат құжаттарына сүйенсек Е. Ерназаров жазылған мәтінде қинала отыроып ежіктеп оқитын, дайын қағазға иректеп қол қоюдан әріге бара алмайтын, іс жүзінде шала сауатты, республика басшылығына кездейсоқ келген адам екен. Ол өз бетімен дербес пікір айтуға қабілетсіз, өзім білерлік пен менмендікке бой алдырған Голощекиннің көлеңкесінде қалған «кресло иесі» ғана болыпты…
Мұнымен қатар жер-жерлерде жекелеген адамдарға саяси жала жауып, репрессия мекемелеріне жалған ақпарат Берген ондаған-жүздеген адамдар болды, олардың есімдері мұрағат құжаттары мен баспасөз беттерінде хатталып қалған. Мұндай адамдардың қатарында кейін де үлкен дәрежелі жауапты қызмет атқарғандар да баршылық. Олардың барлығы дерлік бұл күндері өмірден озған.
Тоталитарлық жүйенің жан түршіктіретін қылмысы: лагерьлер өлкесі және үлкен террор
1930-жылдары кеңестік қоғамда орнаған саяси режим кезінде мемлекеттің адамға абсолюттік билігі орын алды. Қазақстанда да барлық елдегі сияқты, мемлекеттік билік бір партияның қолына жинақталды. Тоталитарлық режимнің өзіне тән сатысы - экономикаға мемлекеттік-партиялық билік белең алды. Меншіктің мемлекеттік формасы коммунистік партияға республиканың экономикалық дамуын мемлекет мүддесіне сай бұра тартуға мүмкіндік әперді. Өнеркәсіпті құру және ауыл шаруашылығындағы колхоз-совхоз жүйесі халық шаруашылығы жоспарының есебі бойынша жүргізілді. Бұл жоспардың жасалу принципі кеңестік мемлекет мүддесін ұлттық республикалар мүддесінен жоғары қоюды көздеді. Сөйтіп, Қазақстанда экономикалық таңдау еркіндігі шектелді. Ұлттық республикалардың даму жолын БК(б) П анықтап отырды.
Тоталитарлық мемлекеттік жүйеге тән рухани сала құндылықтарын қалыптастыру үшін Кеңес өкіметі алғашқы күндерінен бастап мәдени революция міндеттерін шешумен айналысты. Тұрғындар сана-сезімін коммунистік партия белгілеген идеологиямен сәйкестендіру әрекеті үздіксіз жүргізілді. Шын мәнінде, кеңестік Қазақстандағы білім беру жүйесі, ғылыми мекемелер мен мәдениет мекемелері мемлекет пен партия тарапынан қатаң бақылауда болды. Тоталитарлық жүйе ел халқының қоғамдық, экономикалық және саяси өмірін уысында ұстады.
Қазақстанда қоғамдық құрылыстың тоталитарлық моделін бекіте түсу тәсілі 1930 жылдары барлық елдегі сияқты, халыққа қарсы қуғын-сүргін жүргізу саясаты болды. ГУЛАГ (лагерьлер бас басқармасы) сол кездегі мемлекеттік жүйенің ажырағысыз бөлігі болып табылатын. Қазақстан КСРО-ның құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік биліктің күш көрсетушілік құрылымын барлық жағынан басынан кешірді. Еңбекпен түзеу лагері жүйесі Кеңес өкіметіне қас әлеуметтік және саяси топтар қарсылығын басуға арналған. Тоталитаризмнің нығаюы жағдайында лагерьлік жүйе билік басындағылардың мүддесіне бағынып, оның саяси және экономикалық талаптарына қызмет ете бастады.
30-жылдардың екінші жартысында, дүниежүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан Кеңес қоғамы аса ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Одан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Жергілікті партия, кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары үлкен соққыға душар болды. Жеке адамды дәріптеу жағдайында жергілікті кадрларды қудалау етек алды. Қаралап, жала жауып арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену, шет ел пайдасына шпиондық жасап жүр деп орынсыз айып тағу, басқа жүгенсіздіктер мен жөнсіздіктер тыюсыз етек алды. Партия, кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалауға, құрбандыққа ұшырады.
1930 ж. 25 сәуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ деп атала бастады. Қазақстанда 30-жылдардың басынан лагерьлер жүйесі құрылды.
1930 ж. мамыр айында КСРО ХКК “Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы” қаулы қабылдады. 1931 ж. 19 желтоқсанда шешім шығарылып, “Гигант” совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды, қысқаша “Қарлаг ОГПУ” аталған бұл мекеменің “Долинское” селосында басқармасы орналасып, ГУЛАГ-қа тікелей бағындырылды. Қарлагтың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі аумағы - 300 км, шығыстан батысқа - 200 км.
Қарлагқа қоныстанушылар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды. Қарлаг өмір сүрген уақытта онда 1 млн. тұтқын тіркелген: тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды: жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, этаппен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде мұнда 75 мыңдай адамға дейін ұсталды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халықшаруашылық міндеттерімен - Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Алайда тұтқындардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылды. Лагерь тұрғындарының ауыл шаруашылығында 98, 5%-ы, ал өнеркәсіпте - 41, 5%-ы істеді. Қарлаг әкімшілік жағынан 1931 ж. 14 бөлімше, 64 участокке бөлінсе, 1941 ж. - 22 бөлімше, 159 участок болды, ал 1953 ж. - 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері белгіленді.
Қарлаг жүйесінде мал шаруашылығы фермаларымен қатар, жеміс-көкөніс өсіру, жер жырту, кірпіш зауыттары, әк өндіру карьерлері, тас көмір шахталары болды. Тұтқындар Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысында, МАЭС-те, темір жол желілерінде еңбек етті.
30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде Отанға опасыздық жасағандардың отбасы мүшелерін қоғамнан аластауға арналған лагерь (ЧСИР) құрылды. Қазақстанда Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің лагері (АЛЖИР) жұмыс істеп тұрды.
1938 ж. 6 қаңтарда “Р-17” еңбекпен түзету лагеріне (Ақмола облысы) 1-ден - 3 жасқа дейінгі балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түсті. Әйелдерді елдің түкпір-түкпірінен жинаған. Бұлар қуғын-сүргінге ұшырағандар отбасыларының өкілдері еді.
Алжир (Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері) тұрғындарының арасында С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, Х. Баяубаев, Т. Рысқұлов, Т. Жүргенов, С. Меңдешев, М. Тәтімов, Ж. Садуақасов, С. Есқараев, С. Асфендияров, Н. Нұрмақов, К. Сармолдаев, т. б. көптеген белгілі адамдардың әйелдері болды.
Алжир ерекше жағдайдағы лагерь болды: күшейтілген күзет, қатаң тәртіп пен субординация, жоғары тұрған ұйымдардың бұйрығын қалтқысыз орындау, т. б. 4 жастан асқан балалар анасынан ажыратылып, балалар үйіне жіберілді.
Соғыстан кейінгі кезеңде тұтқындардың жаңа категориясы пайда болды: бұрынғы әскери тұтқындар, басқыншыларға көмектескендер, жер аударылған халықтар, тұтқын немістер мен қылмыскерлер үшін КСРО УІМ мен МҚК-інің ерекше лагерьлері құрылды. Мұндай лагерьлер қатарына Қазақстандағы Далалық лагерь жатады. Далалық лагерь тұтқындары “Қазмысқұрылыс” тресі мен Жезқазған руда басқармасында жұмыс істеді.
1940 ж. Кеңгір өзенінің жағасында, бұрынғы пионер лагерінің орнында КСРО НКВД-сінің ірі лагері ұйымдастырылып, Жезқазған қаласының құрылысына бағытталды. 1948 ж. Жезқазғанда, Байқоңырда, Қарсақбайда, Жезді марганец кенішінде, Қорғасын, Кеңгір бөлімшелері Далалық лагерьдің орталығына айналды. Лагерь тұтқындары ірі халықшаруашылық объектілері құрылысында ауыр дене еңбегін атқарды, жұмыс күнінің ұзақтығы 10 сағатқа созылды, емдеу-сауықтыру шаралары мүлдем болмады.
Әсіресе Кеңгірдегі 3-бөлімше айрықша белгілі болды. Мұнда 1954 ж. мамыр айында тұтқындар көтеріліс жасады, басқа ерекше лагерьдегілер сияқты, Далалық лагерь де Сталиннің өлімінен кейін өзгеріс болады деп күткен еді. Алайда, рақымшылық жайлы жарлық ерекше лагерьлер жүйесіне қатыссыз болды. 1954 ж. 25 мамырда 3-бөлімше адамдары - 4 мың жұмыскер жұмысқа шығудан бас тартты. Бүлік бір айға созылды, тұтқындар қарсылығы 1954 ж. 26 маусымда лагерь зонасына әскер және танк енгізу арқылы әзер басылды.
Өзге лагерьлерге қарағанда бұл лагерьлер өнеркәсіптік профильде болды. Ел еңбекпен түзеу лагерьлеріндегілер еңбегін тоталитарлық экономика үшін пайдаланды. Халықшаруашылық жоспарын жасағанда ГУЛАГ экономикасы жеке есептелетін. Лагерьлер толық шаруашылық есеп жағдайында болды, тұтқындар өз еңбегімен тапқан табыстарына асырап-сақталды.
Тұтқындар қатары жаппай қуғын-сүргін кезеңінде айтарлықтай өсті. Әсіресе 1937-38 жылдары шырқау шегіне жетті.
Саяси репрессияның ең ауыр тиген жылдарының бірі 1937 жыл болып табылады. Бұл кезеңдегі қуғын-сүргін «халық жауларымен» және «социалистік Отанына сатқындық жасағандармен күресу» деген ұрандардың аясында жүргізілді. «Социалистік құрылыс алға жылжыған сайын ел ішіндегі тап күресі күшейе түседі» деген сталиндік қағида елдегі билік жүйесінің өз халқына қарсы ұйымдастырған жаппай террордың «теориялық негізі» болды. Мұндай қасірет Қазақстанды айналып өтпеді. 120 мыңнан астам адам «халық жауы» деген жалған айыппен сотталып, олардың 25 мыңнан астамы атылды. Бұл аз болғандай республикаға КСРО-ның басқа аймақтарынан жүз мыңдаған «саяси сенімсіз» тұтқындар алып келінді. Олардың қатарында кеңес-герман соғысында әртүрлі жағдайларда жау қолына тұтқын боп түскен («сатқындар» деп айыпталғандар) сан мыңдаған кешегі жауынгерлер бар еді. Бұлармен қатар сенімсіз деп «бағаланған» тұтас халықтар - шешендер, ингуштер, Қиыр Шығыс кәрістері, Еділ бойының немістері, месхет түріктері, Қырым татарлары, қарашайлар, балкарлар, тағы басқалары қазақ даласына зорлап көшірілді. Республикамызда қаратүнек ГУЛАГ-тың бөлімшелері, ең алдымен сан мыңдаған адамдардың жанын азапқа салған Қарағанды лагерінің (Қарлаг) жаңа бөлімшелері ашылды. Айтылып отырған үлкен террор жылдары қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдерінің көздері жойылды, 19 халық комиссарлары атылды, көптеген мемлекет, қоғам қайраткерлерімен бірге, үлкенді-кішілі шаруашылық басшылары да ешқандай дәлелсіз жәбір-жапа шекті…
Сөйтіп, қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 жылы басталды. Бұл жылы "халық жауы" деген айып тағылып, Л. И. Мирзоян, О. Исаев, Ү. Құлымбетов, С. Мендешев, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов, С. Қожанов, О. Жандосов, С. Есқараев, Т. Жүргенов, ақын-жазушылар С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, Р. Тоқжанов, А. Қоңыратбаев тағы басқа ғылым мен мәдениеттің, өнердің көптеген өкілдері ұсталды. Сол жылы Қазақстан бойынша 105 мың адам НКВД-ның қанды шеңгеліне ілігіп, оның 22 мыңы атылып кетті. Олардың арасында партия, кеңес органдарының жергілікті жерлердегі басшы қызметкерлері аз болған жоқ. Бұлардың отбасындағы әйел, балаларына дейін қудаланып, олар да туған жерінен аластатылды. Осы жылдардағы зобалаң қазақ халқының жүрегіне жазылмас жара салды, қара жамылған қайғыға душар етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz