Н. С. Хрущевтің сынақ алаңына айналған – Қазақстан



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1 Н.С.Хрущевтің сынақ алаңына айналған – Қазақстан 2
2 Реформалық дүрбелең жылдардың қорытындысы 5
3 Қазақстан экономикасындағы "тоқырау" кезеңінің күшейе түсуі 7
1971-1980 жж. 7
"Тоқырау" жылдарындағы республиканың өнеркәсібі 7
Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтар 10
Республиканың қоғамдық-саяси және мәдени дамуындағы жағдай 12
Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 18

Кіріспе

Карпат пен Хинган тауларының аралығындағы Еуразиялық құрлықта, 40-50
ендікте созылып жатқан ұлы даланы мекендеген әлемдік өркениетті дамытуға
өзіндік үлесін қосқан түркі тілдес халықтарының қашаннан бір тармағы болып
келетін, тармағы болғанда “қазақ түрік емес, қазақсыз түрік емес” деген
мәтелге өзек болған түрік тектес халықтардың ең іргелісі қазақ халқы болып
саналады. Оның тарихы да, тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты:
сабақтас, салалас, аралас, ортақ. Сондықтан да қазақ халқының тарихын
байтақ даладан бөле-жара қарауға болмайды. Сайып келгенде, егер осы ұлы
даланы айдынды асқар теңіз ретінде көз алдымызға елестететін болсақ,
теңіздің қайнар көзі, бастауы ретінде оның деңгей-дәрежесінің негізі - осы
даланы жайлаған түрік тектес халықтар, оның ішінде қазақ халқы екенін
ұмытпауымыз керек.
Өзінің көп жылғы тарихында қазақ халқы көптеген өзгерістерден өтті.
Кезінде Қазақстанның ұлы даланың елеулі бөлігін қаусыра құшақтап,
қарымды қамтып жатқан бүгінгіден де үлкен жері болған. Қазақстанның бүгінгі
жері 1917 жылдың Қазан төңкерісінен кейін 20-шы жылдарда қалыптаса бастады.
Өзінің көлемі мен шекарасының ұзындығы жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі жеті
мемлекеттің қатарына жататын республикамыздың жерінде қаптатып мал өсіріп,
егіс салып, дән егіп, кен қазып, одан қоғамға қажетті өнім дайындап отырған
ежелгі қазақтардың, олармен берекелі достықтың қам-қарекетімен айналысқан
басқа ұлт өкілдерінің күш-жігерімен зауыт, фабрикалар, тұрғын үйлер
шоғырланған жүздеген қалалар, мыңдаған елді мекендер бой түзеп, егеменді
Қазақстанның бүгінгі болмысы, келісті келбеті мен келешегі бүкіл
дүниежүзінің назарына ілігіп, оны өзіне аударуда.

1 Н.С.Хрущевтің сынақ алаңына айналған – Қазақстан

50-жылдардың екінші жартысынан бастап, бүкіл елімізде, оның ішінде
Қазақстанда іске асырылған экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық
шаралар нәтижесінде дамудың көптеген көкжиектері ашыла бастады. Бірақ, ол
мүмкіндіктер толығынан пайдаланылмай қалды. Оған кінәлі Н.С.Хрущев бастаған
басшылықтың қызметіндегі субъективтік әдістер болды. Экономиканы басқару
ісі ойдан шығарылған әрекеттердің ырқына түсіп кетті.
Осы кең байтақ Қазақстан ΧΧ ғ. 60-70 жылдарында өзгеріссіз отырмады.
60-шы жылдардың бірінші жартысындағы қоғамдық өзгерістердің саясаттық
ерекше белгісі, оның қайшылығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің
нақты жетістіктері, сондай-ақ экономикалық дамудың белгілі бір табыстары
еді. Сонымен қатар, бұл кездегі қияли, утопиялық жоспарлар, ішкі партиялық
қоғамдық өмірді демократияландыруға қадамдар жасау және Н.С.Хрущевтің
өзінің жеке басына табынудың күрт күшеюі сияқты қайшылықтар көрініс берді.
Партияның 22-ші съезінде (1961ж.) КОКП-ның жаңа бағдарламасы туралы
айта келіп, Хрущев: "Бұл коммунизмнің материалдық-техникалық базасын салу
бағдарламасы, бұрынғылардан оның өзгешелігі - ол 20 жылға есептелген шынайы
бағдарлама", - деп мәлімдеді. Бұл кезеңнің соңында коммунизмнің базасы
жасалып бітеді, сөйтіп “кеңес адамдарының қазіргі ұрпағы коммунизм тұсында
өмір сүретін болады”.
60-шы жылдардың басында өнеркәсіп пен құрылысты экономикалық
аудандардың халық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің
құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне әкеледі. Өндірісті басқарудың,
жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың түрлері мен әдістері, елдің
өндіргіш күштерінің жаңа, неғұрлым жоғары дәрежесіне сай келмейді, олардың
дамуын тежейді.
Ауыл шаруашылығы өндірісін ойдағыдай дамытудың орасан зор
мүмкіндіктері дұрыс пайдаланылмады.
Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы ретінде пайдаланып, көптеген тың
тәжірибелерді республикада сынақтан өткізіп байқап көрді. Көптеген
қалалардың аты өзгертілді. Ақмола-Целиноград атанды. Оған Қазақстанда қарсы
келетін адам болмады. Сөйтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық
шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталадыру жүйесін түбегейлі
жақсарту қажеттігі пісіп-жетіліп келе жатты, экономикалық мәселелерді
шешуге субъективизмді, волюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала
түсті.
Хрущевтің Қазақстанда жасаған істеріне наразы болған халық, оны алып
тастауды ұйғарады. КОКП Орталық комитетінің 1964 жылғы қазан Пленумында
партия мен ел басшылығы ауыстырылды. КСРО Жоғарғы саяси басшылығының бір
тобы Н.С. Хрущевті орнынан алуға аса құпия түрде дайындалды. Онда М.А.
Суслов Н.С. Хрущевті айыптайтын баяндама жасады .
КОКП Орталық комитетінің пленумы Н.С. Хрущевті Орталық комитеттің
біріншi хатшысы, КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы және төралқа мүшесі
қызметтерінен босатты. КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына Л.И.
Брежнев сайланды.
Халық шаруашылығын басқаруда орын алған волюнтаризм мен әкімшілдікті
айыптайтын бірқатар арнайы партиялық шешімдер қабылданды. Алайда бұл
құбылыс үшін Н.С. Хрущевті кінәлаудың дұрыстығы екіталай еді, өйткені КСРО
бұдан кейінгі кезеңдерде де ел басқарудағы волюнтаристік көзқарастардан
айығып кете алған жоқ.
Қалыптасқан жағдайды түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде
кезек күттірмейтін шұғыл шаралар алған КОКП Орталық Комитетінің Қазан
(1964ж.) Пленумы өтті. Пленум Н.С. Хрущевті КОКП Орталық Комитетінің
Бірінші хатшысы және КОКП және КСРО министрлер кеңесінің төрағасы
міндеттерінен босатылды. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы етіп Л.И. Брежневті, ал Кеңес үкіметінің басшысы етіп КОКП Жоғарғы
Кеңесі А.Н. Косыгинды тағайындайды. Сонымен бірге, жоспарлау мен
экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қате де түзетіле басталды. Осы
жылдарда іске асырылған шаруашылық реформалар дәйекті жүргізілгеннің өзінде
де елдің экономикасын көтеруге ықпал жасады.
1964-1965 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы кеңесі және
экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық
одақтық-республикалық министрліктер мен кәсіпорындар бірлестіктері құрылды.
Қарастырылып отырған кезеңде Орталық партия комитеті 1965 жылдың
наурыз Пленумы шешімдері негізінде ауыл шаруашылығының пайдасына ұлттық
табысты қайта бөлу, ауыл шаруашылық өніміне сатып алу бағаларын арттыру
жөнінде шаралар алына бастады. Бұл реформаның маңызды элементтерінің бірі
ауыл шаруашылығын басқарудың әкімшілік әдістерінен демократиялық әдістерге
көшудің қажеттілігін, сондай-ақ шаруашылық есепті кеңінен негіздеу еді.
КОКП Орталық комитетінің 1965 жылғы қыркүйек айында өткен Пленумның
шешімдері бойынша, өнеркәсіп салаларында жоспарлауды жетілдіру, сондай-ақ,
жаңа техникасын енгізу, материалдық ынталандыру бағдарламасын іске асыруға
айрықша көңіл бөлінді.
70-жылдардың бас кезі жаңашыл әдістердің едәуір әлсіреуімен қоғамдық
құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшыраумен ерекшеленеді.
Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай бетбұрыстың пайда болуы
ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне
енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға,
қатып-сіңген қоғамдық жүйені өзгертуге, нарықтық қатынастар орнату жолымен
экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды, түбегейлі
ұмтылыстар орын алған еді.
КОКП Орталық комитетінің 1964 жылғы қараша пленумы 1962 жылы жүзеге
асырылған партия, кеңес, кәсіподақ ұйымдарының өндірістік принцип бойынша
бөлінуін жаңсақ ұйғарым деп тауып, партия ұйымдарын және олардың жетекші
органдарын аумақтық-өндірістік принцип бойынша қайта қалпына келтіріп құру
туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ жоспаралау және экономикалық тұрғыдан
көтермелеу әдістерінде жіберілген қателіктер де ашып көрсетілді.

2 Реформалық дүрбелең жылдардың қорытындысы

1962-1969 жылдардағы реформашылдық дүрбелең елдің ішінара алмастырулар
және жетілдірулер жолымен қол жеткізуге болады. Жүргізілген шараларда
экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары
көзделмейді. Туындаған проблемалар негізінен ұжымдық жөнекей шешіліп
отырды. Шалағай ойластырылған әлі бірін-бірі жиі алмастырған қайта құру
толқыны тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінің және әлеуметтік кепілдіктердің
әлсіреу қаупін төндірді.
Қоғамды саяси және экономикалық тұрғыдан ұйымдастыруды жетілдіру
жөніндегі күш-жігер мен ізденістерге баға бергенде, 50-шы жылдардың
ортасынан 60-шы жылдардың ортасына дейінгі аралықта, түптеп келгенде, басты
екі бет бағыт арасындағы текетірестік орын алғандығын ескеру қажет.
Сегізінші бесжылдықты жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа
тәртібі бойынша Қазақстанда ондаған өнеркәсіп орындары, соның ішінде
Өскемен қорғасын-мырыш коминаты, Шымкент цемент заводы, т.б. жұмыс істей
бастады.
1966 жылы бұл кәсіпорындар өнім өткізу жоспарларын асыра орындап,
жоспардан тыс көп пайда тапты, өндірістің тиімділігін күрт арттырды. 1966-
67 жылдарда жаңа жүйе бойынша жұмыс істеуге республикада, негізінен
неғұрлым Ірі және пайдасы көп кәсіпорындар көшірілді. Жаңа жүйе бойынша
жұмыс ұйымдастыру өнеркәсіпте ғана емес, құрылыс пен транспортқа да
енгізіледі. Бұған қоса реформа коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарын,
“Казсельхозтехника” бірлестігінің шаруашылықтарын, байланыс
министрлігіндегі басқармалардың жартысына жуығын, Шығыс Қазақстан геология
басқармасын, 323 совхозды, республиканың сауда министрлігі мен Қазақстан
республикалық сауда министрлігі мен Қазақстан республикалық тұтынушылар
одағының сауда жасайтын ұйымдарын қамтыды. Шаруашылықты жүргізудің жаңа
жүйесіне көшкен кәсіпорындар, өткізілетін өнімнің бестен төрт бөлігінен
астамын өндірді. 1970 жылы көмір өнеркәсібінде олар өнімнің 98 пайызын және
Қазақстан көмір өнеркәсптің барлық кәсіпорындарының түсірген пайдасының 17
пайызын берді. Түсті металургия кәсіпорындары мұның алдындағы бесжылдықпен
салыстырғанда өздерінің қызмет көрсеткіштерін едәуір жақсартты.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 60 пайыздан асты, пайда 100 пайыз, еңбек
өнімділігі 45 пайызға артты.
Бесжылдықтың аяғында республикада жоспарлау мен материалдық
ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша 1467 кәсіпорын жұмыс істеді. Олардың
үлесіне өткізілген өнімнің 90 пайызына жуығы және пайданың 95 пайызынан
астамы тиді. Жаңаша жұмыс істеген кәсіпорындар материалдық ынталандыру
қорына қаржы аударуды арттырып, осы арқылы әрбір қызметкердің өз
кәсіпорынның сапалық көрсеткіштерін жақсартуға деген мүдделігін күшейтті.
Шаруашылық реформасы өнеркәсіптің, құрылыс пен көліктің тез қарқынмен
дамуына жағдай жасап, бесжылдықтың тапсырмаларын орындауда елеулі рөл
атқарды. Сөйтіп, сегізінші бесжылдық Қазақстанның өндіргіш күштерінің
қауырт дамыған кезеңі болды. Республиканың халық шаруашылығына мұның
алдындағы бесжылдықтағы 17,9 млрд. соның орнына бес жыл ішінде 23,8 млрд.
сом жұмсалды. Ұлттық табыс 41 пайыз, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 55 пайыз
артты. Тұтас есптегенде бес жыл ішінде осының алдындағы он жыл ішінде
өндірілген өнім алынды.
Бесжылдықтың аяғына таман 445 ірі кәсіпорын мен цех қатарға қосылып,
жүздеген зауыттар мен фабрикалар қайта құрылды және техникалық жағынан
жарақтандырылды.
1967-1970 жылдар ішінде Қазақстанның 586 совхозы толық шаруашылық
есепке көшірілді. Республиканың совхоздарында ауыл шаруашылық өнімдерін
әсіресе, астық өндіру кірісі мол әрі рентабельді сомаға айналды. Сегізінші
бесжылдық кезінде республикада совхоздардың негізгі қорларының құны 1965
жылғы 5,6 миллиард сомның орнына 1970 жылғы 8,3 миллиард сомға жетті.
Бірақ, өнеркәсіпте, әсіресе, ауыл шаруашылығында басталған реформа
аяқталмай қалды. Оның басты себебі, қолданылған шаралар тиімділігі
айтарлықтай болмады. Соның салдарынан бұл саладан жоспарлағандай қайтарым,
күткендегідей өнім алынбады.

3 Қазақстан экономикасындағы "тоқырау" кезеңінің күшейе түсуі

1971-1980 жж.

"Тоқырау" жылдарындағы республиканың өнеркәсібі

"Тоқырау" кезеңі дейтін 1971-1980 жылдар аралығында Қазақстан
экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабiлетсіз, қарабайыр әдіспен
алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық
шаруашылығына бөлiнген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі
өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай-химиясында
6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл
ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия
өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр
қуатын өндіру одан әрі шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы
республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен
жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген, дүние
жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару
тоғызыншы бесжылдықта 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машина
жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12
процентке жетті.
Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ.
Дегенмен осы жылдарда КСРО бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден
кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қалыпты да қарқынды дами алған жоқ.
Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында
болды. Одақтық ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып,
аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды
дамытуға қаржыны жұмсамады деп айтуға болады. Олар өз қарауындағы
кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да,
республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 пайыздан аз қаржы
аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептермен байланысты өнеркәсіп
өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекешеленген экономикалық
көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті
жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске
қосылды. Жоспарлық, технолгиялық және еңбек тәртібін бұзушыларға жол
берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде
тез енгізілмеді.
Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін қуалай өсіру ауыр өнеркәсіпте
негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да солай болды, мұнда жұмысты
атқарудың ұзақ мерізімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі
істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық
көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін объектілер салынды. Бірақ, осыған
қармастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде елдегі ірі
өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың,
зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп
отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмсаған қызметкер немесе
кәсіпорынның көрсеткіші жоғары бағаланды. Республика ілгерілеу қарқынынан
айырыла бастады, шаруашылықтың және мәдениеттің барлық саласында іркіліс
көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген
проблемалар көбейді. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70 пайызға өсіру
міндеті қойылса да, ол іс жүзінде 36 пайызға ғана орындалды. Республиканың
көптеген шарушылық қызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай,
қайта белгілі бір салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек
жұмсап, оны қымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің
"жалпы саны" болды, бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа
елдерге қарағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да
ресрустарды едәуір көп жұмсады. Мәселен, АҚШ пен Жапонияны алсақ, өнімнің
бір өлшеміне бiзге қарағанда шикізат пен энергияны 30-40 пайыз кем
пайдаланды. Қазақстанның бай табиғи және еңбек ресурстары басшы кадрларды
дандайсытып жiберді. Елдің экономикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті
жолмен дамығаны көбінесе дәл осы себептен еді.
Өндірісті сан жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленген
республика басшылығы бұл қарқынды тоқтатуға тырысты, бірақ көбінесе үсті-
үстіне жаңа шығындар жұмсау әдісімен әрекет жасады, отын, энергетика
салаларын ұлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете тартты. Мысалы,
Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және онымен қосылып шығатын газдың тек қана
8-10 пайызы пайдаланылды.
Аса ірі кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағыт
ұстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтін өндірісті тежеді, өндеу, қайталап
өндеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды.
Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық,
тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды.
Күрделі құрылыста "сақалды" объектілер берік орын алды, жоспарлы
құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, бітпеген
объектілерді пайдалануға беру, қосып жазу, құрылыс материалдарын талан-
таражға салу көбейді. 70-жылдарда құрылыста бригадалық-мердігерлікті дамыту
қозғалысы басталды. Оның негізінде жұмысшылардың өндірісте ресурстарды
пайдалануда тәртіп орнату, еңбекақы төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым
көбірек дербестік алу жолындағы ұмтылысы жатқан еді. Бригадалық
мердігерлікті сөз жүзінде бәрі қолдады және насихаттады, ал іс жүзінде
мердігерлік әдіс көптеген нұсқаулар арқылы жоққа шығарылды.
Бұл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу және
ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
С. Хрущевтің сынақ алаңына айналған - Қазақстан
Қазақстан терең дағдарыс жолында (1965-1991 жж.)
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда
Қазақстанда тың жерлерді игеру шаралары
Экономикалық реформа
Олжас Сүлейменов Қазақстанның заманауи тарихы хақында
Нұрмағанбетов Тәшенев жайында
Сталин
Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі
60-80 жылдардағы ортасындағы Қазақстандағы нақты социализм
Пәндер