Қайта құру кезеңіндегі республиканың өміріндегі өзгерістер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
"Қайта құру" кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер
4
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы 5
Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері 10
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20

Кіріспе

Ұлттық, таптық, экологиялық тағдырларды тәлкекке салған алапат ХХ ғ.
тарих еншісіне өтті. Қайта құру кезеңіндегі (1985—1991) Кеңес Одағында
болып өткен айтарлықтай өзгерістер әлемге әйгілі ұлы мемлекеттің ақыр
аяғында құлауы мен тарауына әкеліп соқты. Ол қалай жүзеге асты, ендігісі
сол жөнінде баяндайық.
Тоқырау жылдары деп айдар тағылған кезеңде барлық жерлердегі сияқты
Қазақстанда да ел басқару ісінде елеулі кемшіліктер орын алды. Бұл жылдары
ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген
ауытқушылыққа, бұрмалаушылыққа жол берілді. Жалпы, барлық кеңес қоғамы үшін
бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің, арасында алшақтық,
қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек
бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды
іріктеуде көп жағдайда тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік
жағдайлар маңызды рөл атқарды. Ол коммунистік партияның, соның ішінде
Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты. Көптеген басшы
партия қызметкерлері мен партия комитеттері тоқырау кезеңіндегі сияқты
ескіше қызмет етті. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында
сапалық өзгерістер аз болды. Осыдан келіп онда аса маңызды мәселелерді
шешуде ескі көзқарастар мен тәсілдер бұрынғы қалпында қалды. Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бюросы аса маңызды мәселелерді шешуде
принципсіздік, тұрақсыздық көрсетті. қоғамдағы жағымсыз жағдайларды
жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтеруге, болып
жатқан істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты.
Қызыл империяның қол астындағы жетпіс жылда, Отан өгей анаға айналып,
тұтас бір халық, тамырынан айырылып, қаңғырып, жоғалып кете жаздады. Ресей
бізді, тіпті, қарусыз-ақ жер бетінен өшіруге айналды. "Жаулаған елің өзіңе
бағынсын десең - оның тілі мен дініне қол сұқпа", - деген екен Шыңғыс хан.
Төрт анасынан түбірімен айырылған қазақта енді мәңгүрт, "қазақ емес" ұрпақ
пайда бола бастады. Бірақ, бұл кезде де халқымыздың ауырын көтерер Қайрат,
Ләззат сынды азаматтар табылды. "Өжет адам өлімді жеңеді. Еліңді сүйсең,
ерлік істейсің". Қазақ жастары жылдар өте өзінің өжеттілігімен, қайтпас
қайсар рухымен дегеніне жетті. Ғасырлар бойы қазақ даласында болған әрбір
оқиға, әрбір шайқас – тәуелсіздікке жасалған бір қадам. Осындай кішкене
адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ елі армандаған мақсатына
келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір "соқтықпалы" соқпақтағы ең соңғы ірі
адым болды. "Мың өліп мың тірілген", енді тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы
демін желтоқсан ызғырығымен алды.
Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың,
демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік
рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы
еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық
жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды
оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.

"Қайта құру" кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер

1985 жылғы сәуiр айында Кеңестер Одағы Коммунистiк партиясы Орталық
Комитетiнiң пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетiнiң Бас хатшысы М.С.
Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнiнде
шешiм қабылданды. Бiрақ бұл шешiм тек сөз жүзiнде қалды. Iс жүзiнде ол
кеңес қоғамын ыдыратуды тездеттi. Оны Қазақстанның партия, Кеңес органдары
қызметiнен байқауға болады.
Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты тоқырау жылдарында
басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген
келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында,
әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол
берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні
өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр
мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен,
солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды iрiктеуде тек туыстық, жерлестік,
бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік
партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде
көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері
ескіше қызмет етті. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында
сапалық өзгерістер аз болды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде
принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға,
аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтеруге, болып жатқан
істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Міне, осымен
байланысты 1986 жылғы ақпан айында болып өткен Қазақстан Компартиясы XVI
съезінде жасаған баяндамасында, ол кезде республика Министрлер Кеңесінің
төрағасы болып істеген Н.Ә. Назарбаев және съезде шығып сөйлеген басқа да
делегаттар мұндай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген
күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің уақтылы шешпейтінін,
олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, проблемалық мәселелерді шешуге
ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып бердi.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу
кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі,
республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай
жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша
көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде
Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы Д.А. Қонаев қызметінен алынып,
оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды.
Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған
республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды.
Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы
алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы
және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған
ұрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек" деген ұран
бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де
мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия
Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С.М. Мұқашев, Н.Ә.
Назарбаев, З.К. Камалиденов, О.С. Мирошхин, М.С. Меңдібаев, А.П. Рыбников,
Л.Е. Даулетова, В.Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан
жастардың жүрегіне жол таба алмады.
Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.В.
Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа
қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды
туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де
анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында
қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып
жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарды мұздай суға тоғыту үшін
алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді.
Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза
тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш
қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді.
1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия
ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру
жұмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға
Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім
қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрген емес
еді. Мәселені әрі қарай тексеріп, болған фактілерді Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі жанынан арнайы құрылған Мұхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-
тегжейлі тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда,
алғаш рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін
көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы
ашып көрсетілді.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық
болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс
халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт
демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ
республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол
экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны
"Қазақ ұлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды.
Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау
басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашық мойындау,
номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш
партия ұйымдарында жеке коммунистердің, ал жетекші қызметкерлердің өз
қызмет орындарында, тұратын жерлерде есептері тыңдалды. Есеп беру
барысында, тек 1987 жылы облыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты
қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің
әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте
жіберілген кемшіліктері үшін деген мінездемемен орын алынды. Мұндай тазарту
жұмыстары сондай-ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол органдарында да кеңінен
жүргізілді.
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам
жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО
мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан
шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік
министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12
ректоры қызметінен алынды.
Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г.В. Колбин Орталық партия Комитеті
бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады,
мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г.В.
Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге
кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұқаралық
хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан
жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе,
республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-
жақты айтылды. Соның арқасында еңбекшілердің азаматтық және ұлттық сана-
сезімі едәуір өсті. Халық арасында орын алған жұмыссыздық, балалар өлімі,
халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп,
оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі бұқара халықтың саяси-
әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті.
Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана
тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл
мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.

Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері

Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрынғы Кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал-
қоғамдық жүйенің күйреуінің, Кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде
іске асты. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі - ондағы орын алған
экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап
айтқанда Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ
оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің
әлсіздігі еді. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық
шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық
потенциалы (мүмкіндіктері) екі есе және одан да артық Америка Құрама
Штаттарымен әскери, әскери-техникалық, стратегиялық бағытта тай-таласқа
түскенін айту қажет. Осының нәтижесінде Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттық
табыс, еңбек өнімділігі артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ-тан
жыл өткен сайын артта қалып отырды. Соған қарамастан, жылдар бойы әскери-
стратегиялық тепе-теңдікті, әсіресе 1949 жылы құрылған АҚШ бастаған НАТО
және КСРО бастаған Варшава шарты 1955 жж. арасындағы әскери-стратегиялық
тепе-теңдікті сақтау үшін тыраштанды. Екі жүйенің капиталистік және
социалистік текетіресі кеңінен етек алған, 1950 жылмен 1990 жылдың
арасындары қырық жылда, әскери шығын 20 триллион ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы
Қайта құру кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер
«Қайта құру» кезеңіндегі Республиканың қоғамдық – саяси өміріндегі өзгерістер. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы
Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктер
Қайта құру кезеңіндегі Республиканың қоғамдық-саяси өмірі
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциясылық дамуы
ҚР Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы
Пәндер