Есет Көтібарұлы көтерілісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының патша отаршылдық саясатына
қарсы күресі 3
Есет Көтібарұлы көтерілісі 3
Арынғазы Әбілғазыұлы мен Жанғожа Нұрмұхамедұлының Хиуа мен Қоқан
хандықтарына қарсы күресі 9
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17

Кіріспе

Тарих. Ең ауыр үкім – тарих үкімі. Арпалысқа толы аласапыран заманда
мұқым бір халық ізім - қайым өшіп, не қанат - қолтығы кең жұртқа сіңіп,
бұлдыр елеске айналған жағдайлар көп. Ол сол халықтың өзін - өзі қорғай
білетін қуатының, амал табар айласы мен бірлігінің тұтастығына, рухының
беріктігіне байланысты.
Патшалық Ресей билігі "Бөліп ал да, билей бер" деген ұранмен
мойнымызға күштеп құрсау салуының алғашқы қадамдары сонау XVIII ғасырдың
басында-ақ басталған болатын, бірақ бұл жымысқы саясат бас-аяғы бір жарым
ғасырдан астам уақытқа созылды. Сөйтіп Қазақ даласы толығымен тек XIX
ғасырдың соңғы ширегінде Хиуа хандығы мен Қоқан хандықтарын отарлаудан соң
ғана жүзеге асып тынды.
Ресей боданында тіпті елдігімізден біржола айырылып қала жаздадық.
Қазақ өз жерінде азшылыққа ұшырап, дініміз жойылып, тіл, мәдениет, салт-
санамыз тіптен ахуал – тіршілігіміздің өзі жатқа айналып бара жатты.
Бірақ осы бодан болған ғасырларда қазақтың даласы тек тыныш қарап
жатпады, күші басым жауға қасқайып қарсы тұрды. Амал нешік айла-шарғы мен
араға жік салуды шебер пайдаланған әккі жау өз дегеніне жұлқа тартты.
Қазақ жерінен айырыла бастағанда ышқына көтеріліп те көрді, соның бірі
ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының патша отаршылдық саясатына
қарсы азаттық күресі болып табылады.
Менің жұмысымда негізінен Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған Сырдария
және Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілістері
қарастырылады.

ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының патша отаршылдық саясатына
қарсы күресі

Есет Көтібарұлы көтерілісі

Есет Көтібарұлы көтерілісінің алғышарттары (1847—1858). ХІХ ғ. 40-
жылдарында патшалық Ресейдің қырға ішкерілеп еніп, бекіністер салу ісі
жалғаса берді. 1837—1847 жылдары Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық
қозғалыс кезінде Кіші жүз аумақтық бірлестігінде қазақтардың жайылымдық
жерлерінің қақ ортасында бір жылда екі бекініс бой көтерді. Олар 1845 ж.
дүниеге келген Кіші жүздің Шығыс бөлігінде салынған Торғай (кейіннен
Орынбор бекінісі) және Ырғыз (кейіннен Орал бекінісі) бекіністері еді. 1847
ж. Сырдария өзенінің Арал теңізіне құяр тұсында Райым бекінісі, 1848 ж.
Орал мен Ор бекінісі аралығында Қарабұтақ бекінісі пайда болды. 1846 ж.
Каспийдің шығыс жағалауындағы Түпқараған түбегінде Ново-Петровск
(Александровск форты) қамалын тұрғызды.
Ресей экспансиясының оңтүстік аудандарға, Сырдария өңіріне қанат жаюы
осы ауданда көшіп-қонып жүрген Кіші жүздің Шекті, шөмекей, төртқара
руларының ашық наразылығына кезікті. Осылайша 1855—1857 жылдардағы Есет
Көтібарұлы, Жанғожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс туындады.
Сыр өңіріне орыс әскерлерінің келуі, әрине, осы өңірге қожалық етіп
келген Хиуа, Қоқан билеушілеріне ұнамады. Олар да Сырдария және Арал
өңірінде бекіністер тұрғыза бастады. Жем өзеніне дейінгі қазақтардан зекет,
ұшыр жинаумен айналысты.
Ал Ресейдің Орынбор әкімшілігі 1837 ж. түтін салығын енгізіп, әр
шаңырақтан 1 сом 50 тиыннан жинай бастады. Оған қоса, Орынбордан басқа орыс
бекіністеріне әскери жүкті тасымалдауға тек қана осы өңірге салынған жылма-
жылғы түйе, жылқы салығы қарапайым көшпелі малшыларға ауыр тиді.
Сырдария бойында бекіністер салу мен 1853 жылғы Қоқан хандығына қарсы
Ақмешіт жорығының барлық ауыртпалығы халықтың мойнына түсті. Орыс
жасақтарын көлікпен, қоммен, жүк артып көлік бағатын қара жұмыскермен
қамтамасыз ету міндеткерлігі болды. Түркістан өлкесіне баратын әскердің
гарнизондық қажеттіліктерін тасымалдау міндеткерлігі — лау міндеткерлігі
деп аталды. Мұндай төтенше салық міндеткерліктеріне лау міндеткерліктерінен
басқа жолдарды, арықтарды тазалау, көпірлерді жөндеу, малдың қысқы азығы,
отынмен қамтамасыз ету, т.б. жатты.
Әсіресе заттай жиналатын земстволық алымдарды жинауда жергілікті билік
иелерінің асыра сілтеушіліктеріне орын берілді. Мысалы, 1847 ж. — 3500
түйе, 1853 ж. — 8285 түйе, 1854 ж. –6194 түйе жиналған. Бұл лау
міндеткерліктері қазақтар үшін салық түріне айналады. Шын мәнінде орыс
жасақтары түйелерді жалдап алып, белгілі бір көлемде ақы төлеуге тиіс
болатын (1 түйеге —15 сом). Көбіне халықтан жинап алынған түйелер үздіксіз
ауыр тасымалдан зорығып шығын болатын. Орыс жасақ басшыларынан өлген
түйелердің құнын талап ету туралы, әрине, сөз болған жоқ.
Түйе жинауға қырға шыққан казак жасағымен қақтығыстар жиіледі.
1853—1854 жылдарда Есет Көтібарұлының түйе беруден бас тартуы шекаралық
әкімшілікпен арадағы қарулы қақтығысқа ұласты.
Көтеріліс басшысы Есет Көтібарұлы Кіші жүздегі саны жағынан ең көп
саналатын Шекті руының аса ықпалды батыры болатын. Ол қазіргі Ақтөбе
облысы, Шалқар қаласының іргесіндегі Ақши деген жерде туған. Есеттің әкесі
Көтібар Бәсенұлы ХVІІІ ғасырдың аяғындағы Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық
қозғалысы кезінде Шекті руының жасақтарын бастап, Тіленші, Асау батырлармен
бірге патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы күресті.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Сегіз сері Баһрамұлы
өзінің “Қашқын” дастанында Көтібар батыр туралы:
Аралас Шекті, Табын қонған екен,
Олар да патшаға өшті болған екен.
Көтібар заманында ту көтеріп,
Халқына хал-қадірі болған екен. —
деп жырлайды.
Сырым мен Көтібардың түпкі мақсатына жете алмай, біреуі Хиуада, біреуі
өз елінде қаза болуы жайында:
Сырым мен Көтібардың,
Пайдасы тиген жалпыға.
Екеуінің өлімі
Қатты батты халқына, —
деп көрсетеді.
Осындай күрескер әкенің ұлы Есет жас кезінен-ақ Кіші жүздегі қоғамдық-
саяси өмірге белсене қатысты. Шекті руы Тілеуқабақ тармағының рубасы, әрі
биі, әрі батыры ретінде аты Кіші жүзге, одан асып үш жүзге белгілі болды.
Ол ХІХ ғ. 50-жылдарында патша үкіметінің отарлық саясаты күшейіп,
Қазақстанның Ресей қол астына енуі аяқталар уақытта ел тағдыры үшін күреске
белсене кірісті.
Сонымен, Есет Көтібарұлы көтерілісі қарсаңында Кіші жүз көлеміндегі ең
ірі тайпалық бірлестік — Шекті руы 12800 түтін, демек шамамен 65–85 мың
адамнан тұрды. Есеттің қарамағындағы Үлкен Шекті рулары жазда Жем өзенінің
жоғарғы ағысы, Арал теңізі жағалауы, Үлкен және Кіші Борсық құмдарында
мекендеді. Ал Жанғожа бастаған Кішкене Шектілер — 3500-дей түтін
басқалардан бөлек Кіші жүздің оңтүстігін Қуандария, Сырдарияны мекендеді.
Жанғожа мен Есет бір-бірімен ағайынды. Халық аузында Есетке Қыр Шектісі,
Жанғожаға Сыр Шектісі деп атаулар берген. Жаугершілік заманда Есет үнемі
Жанғожаға көмек беріп отырған.
Көтерілістің себебі ХІХ ғ. 40-жылдары күшейе түскен патша үкіметінің
отарлық езгісі; Хиуа, Қоқан билеушілерінің озбыр шапқыншылықтары. Осылайша
Кіші жүздің оңтүстік аудандарындағы, Арал мен Сырдың төменгі ағысындағы
қазақтар екі жақты қысымның ортасында қалды. Қоқан, Хиуа бектері де
Сырдариядағы бекіністерге жақын маңда көшіп жүрген қазақтарға дүркін-дүркін
шапқыншылықтар жасап, ауылдарды тонап, үйлерін өртеп, малдарын айдап
әкетті.
Ортаазиялық хандықтар қазақтардан зекет, ұшыр жинау арқылы өздеріне
тәуелді етуді көздесе, ал патшалық әкімшілік те дәл осындай мақсатпен түтін
салығын төлеуді талап етті. Осындай “былай тартсаң арба сынатын, былай
тартсаң өгіз өлетін” қиын саяси жағдайда жергілікті рубасылары алдында
бірнеше жолдың біреуін таңдау міндеті тұрды.
Мәселен, Жанғожа Нұрмұхамедұлы Хиуа, Қоқан хандықтарына байланысты
бітіспейтін жаулық бағытты ұстанды. Ал кейбір Кіші жүз сұлтандары Хиуа
хандарымен тату байланыстар орнатты. Есет Көтібарұлы болса Ресеймен де,
Хиуамен де дипломатиялық жолдармен қатынас жасауға тырысты. Себебі олармен
тығыз сауда байланыстарын орнатқан еді. Әсіресе Хиуамен байланыстың үзілуі
ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан отырықшы қалалардан қол үзуге әкелер
еді. Ал Жанғожаның қол астындағы Кіші Шектілер өздері 3 мың десятинаға жуық
жерге егін егіп, Хиуа нанынсыз күн көре алатын. Басқа тауарларды Бұхардан
сатып алды.
Кіші жүз қазақтары ХІХ ғ. 20–30 жж. шекара шебінің салынуымен
байланысты Табын руы мекендеген жайылымға, өзендерге, тұзды жерлерге бай
Жаңа Елек ауданынан бір рет айырылды. 40 жж. ортасында Жем өзенінің ар
жағына өтуге тыйым салынды. Ал бұл ауданда Үлкен Шектілердің жайлауы
орналасты. Ембі посты мен Арал бекінісі салынған кезде Шектілер ол жерлерді
де тастап шығады. Жоғарыда айтылғандай алғашқы наразылық 1853 жылғы Ақмешіт
жорығына қажетті 4 мың түйе мен көлік жабдықтарын беруден бас тартудан
басталды. Есет бастаған көтерілісшілерді жазалау өз нәтижесін бермеді.
Патша үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс 1855 ж. жазда басталды. Оған
Қырым соғысында Ресейдің түрік әскерлерінен жеңілуі әсер етті. Қырым
соғысының нәтижелері қазақ даласында отаршылдыққа қарсы көңіл күйдің өрши
түсуіне жағдай жасады. Есет өзіне қарсы күштердің шығарылуын күтпей, топ
жасақтай бастады. Есеттің қол астына 1300-ге жуық Шекті, Табын, Адай, т.б.
патшалық озбырлық құрбандары жинала берді.
Есет Көтібарұлына қарсы Орынбор бекінісінен Кіші жүздің орта бөлігінің
басқарушы сұлтаны Арыстан Жантөреұлы басқарған казак әскери жүздігі және әр
түрлі рулардан 900-дей сарбаздар жиналды. Онымен бір мезгілде батыс
бөліктің басқарушы сұлтаны М.Тәукеұлы жасағымен қырға бет түзеді. Елек
өзенінің жоғарғы ағысындағы Суықсу шатқалындағы сұлтан лагеріне тұтқиылдан
жасалған шабуыл кезінде Арыстан Жантөреұлы және т.б. дистанция бастықтары,
билер, рубасылары — барлығы 10 адам қаза тапты.
Ал Дәуіт Асауұлы бастаған Шөмішті, Табын, Ысық, Таз, Шеркес руы
қазақтары келісім бойынша Тәукеұлы жасағына шабуыл жасауы керек еді. Мұны
естіген Тәукеұлы дереу шепке оралып, казак жасағын ертіп шығып, Д.
Асауұлына қатысты ауылдарды талқандап, малдарын тонады. Дәуіттің отбасы
тұтқындалып, Орынборға аттандырылды. Дәуіттің өзі бойтасалап үлгерді.
Енді Есет жасақтары 10–40 адамнан тұратын шағын топтарға бөлініп алып,
патшалық Ресей жағындағы би, рубасы, сұлтандардың малдарын айдап әкетумен
айналысты.
Орынбор әкімшілігі көтерілісшілерге қарсы Орал, Орынбор казак әскерін,
башқұрт полктерін, бекініс гарнизондары күштерін бір мезгілде қырға
шығарды. Жазалаушы жасақтарды басқарған подполковник Кузьминский,
Дерышевтер көтерілісшілер ауылдарымен қоса бейбіт ауылдарды жан түршігерлік
қаталдықпен жазалады. Жазалаушыларға “бүлікшілердің” мал-мүліктерін тонап
алуға, барымта жасауға рұқсат берілді.
Есет Үстіртке жақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы хиуа хандығымен рассйге қарсы ұлт-азытық күресі
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы Хиуа хандығымен Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
XIX ғ. Қазақстан
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нүрмұхамедов басқарған көтерілісі
Қазақ халқының тарихында Сырым батыр қозғалысының негізгі өшпейтін маңызы міне осында
Патша үкіметіне қарсы Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы
Қазақ халқының ұлт азаттық жолындағы күресі
Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы азаттық күрестері
Пәндер