Қазақстан Ресейге қосылуының аяқталуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе2

1. Қазақстан Ресейге қосылуының аяқталуы3

2. Әкімшілік реформа3

3. Генерал-губернатордың билігі күшейді5

4. Өнеркәсіп пен сауданың дамуы6

5. Қорытынды ХІХ ғ. екінші жартысындағы өзгеріс9

Пайдаланған әдебиеттер10

Кіріспе

Тарих. Ең ауыр үкім - тарих үкімі. Арпалысқа толы аласапыран заманда мұқым бір халық ізім - қайым өшіп, не қанат - қолтығы кең жұртқа сіңіп, бұлдыр елеске айналған жағдайлар көп. Ол сол халықтың өзін - өзі қорғай білетін қуатының, амал табар айласы мен бірлігінің тұтастығына, рухының беріктігіне байланысты.

Патшалық Ресей билігі "Бөліп ал да, билей бер" деген ұранмен мойнымызға күштеп құрсау салуының алғашқы қадамдары сонау XVIII ғасырдың басында-ақ басталған болатын, бірақ бұл жымысқы саясат бас-аяғы бір жарым ғасырдан астам уақытқа созылды. Сөйтіп Қазақ даласы толығымен тек XIX ғасырдың соңғы ширегінде Хиуа хандығы мен Қоқан хандықтарын отарлаудан соң ғана жүзеге асып тынды.

Ресей боданында тіпті елдігімізден біржола айырылып қала жаздадық. Қазақ өз жерінде азшылыққа ұшырап, дініміз жойылып, тіл, мәдениет, салт-санамыз тіптен ахуал - тіршілігіміздің өзі жатқа айналып бара жатты.

ХІХ ҒасырдыҢ ІІ жартысындаҒы Әкімшілік реформа

1. Қазақстан Ресейге қосылуының аяқталуы

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы империяның қазақ өлкесіне байланысты саясатына елеулі өзгерістер енгізді. Жетісі мен Оңтүстік Қазақстанды әскери-отаршылдық ықпалды ығыстырып, ортаазиялық шепке шықты. Өзінің алыстағыны көздейтін саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық режимін орнатты.

Метрополияның тасқынды дамып келе жатқан өнеркәсібі шикізат көздеріне, жұмысшы күшіне барған сайын мұқтаждық көре бастады. Табиғи ресурстарға, мал шаруашылығы шикізатына бай қазақ өлкесі ресей кәсіпкерлерінің назарын өзіне көптеген бері-ақ аударған болатын. Алайда әр түрлі табиғи-геогрфиялық жағдайлары бар көлемді аймақты игеру басқарушы топтардан әкімшілік-территориялық, сот жүргізушілік және басқа жаңалықты істерді енгізуді талап етті.

2. Әкімшілік реформа

Басқарудың әкімшілік жүйесін іске асыру өзінің шекаралары жағынан кеңейіп жатқан империя жағдайына да қолайлылық туғызды. Крепостниктік құқықты жоя салысымен Ресей үкіметі әлеуметтік-саяси өмір ағысын түбірінен өзгерткен бірқатар реформаларды: земстволық, соттық, қалалық және басқаларын жүзеге асырды. Капитализмнің дамуы “тереңінен” де, кеңінен де жүріп жатты.

Осындай жағдайда Ресей Қазақстанда басқарудың бұрынғы жүйесін түбірінен өзгерту міндетін алға тартты.

Қазақстанды басқару жөніндегі Ереженің жобасын даярлау үшін үкімет 1865 ж. Далалық комиссия деп аталатын комиссия құрды. Бұл реформаны әзірлеу кезінде қалың халық бұқарасының көңіл күйі еске алынбады. Ш. Уәлиханов қазақтардың материалдық тұрмыс халін арттыруға және аман-есендікте өмір сүрулеріне жәрдемдесетін радикальді (негізді) реформа жүргізуді жақтады. Ол Қазақстанда халықтың өзін-өзі басқару негізіндегі әкімшілік басқару жүйесін еңгізуді ұсынды. “Сот реформасы туралы хатында” ол қазақ халқы үшін аса маңызды нәрсе әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізу деп есептеді. 1867 ж. 11 шілдеде Александр ІІ - Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ережелер жобасына; 1868 ж. 21 қазанда - Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы Ережелер жобасына қол қойды. Сонымен, Қазақстанды басқару жөніндегі “Уақытша ережені” үкіметтік шенеуніктердің ойластыруы негізінде, Сейдалин, Шыңғыс Уәлиханов, Мұса Шорманов сұлтандардың және басқаларды белсенді қатысуымен патша өкіметі әзірледі. 1854 ж. ашылған Семей, Ақмола облыстарын, 1866 ж. құрылған Жетісу облысы басқаруға өзгерістер енгізілді. Реформа бірінші рет бүкіл Қазақ өлкесін қамтыды. Әйтсе де хандық билік 1845 жылы-ақ өмір сүруін тоқтатқан Бөкей (Ішкі) ордасы Уақытша ереже жобасы бойынша Астрахань губерниясының құрамына қосылтып жіберілді.

Өз кезегінде облыстар - уездергі, уездер - болыстарға бөлінді.

Түркістан генерал-губернаторының міндетіне әскери және азаматтық биліктермен бірге, көрші Қытай, Иран және басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастар жүргізіп отыру тапсырылды.

Басқарудың жаңа жүйесі көшпелілер өмірінің патриахальды - феодалдық құрылысын шайқалтты, сұлтан-билер мен ағамандардын билігін шектеді. 1867-1868 жж. реформаларды жүзеге асыру рулық ақсүйектердің ықпалы әлсіреуіне әкеп тіреді, мұның өзі олардың құқықтық, экономикалық және саяси жағдайларынан көріне бастады.

Әкімшіліктік басқару жарқын көрінген әскери сипатта болды. Облыстардың басында әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарына шоғырландырған әскери генерал-губернаторлар (әскери округтердің де командашысы солар болды) отырды. Әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы - Қазақ даласын жаңа реформа бойынша әкімшілік жолмен қайта құрудың басты принципі болды.

3. Генерал-губернатордың билігі күшейді

Генерал губернатордың билігі бұрынғыдан да зор күшке ие болды. Облыстық басқару Ресейдің орталық аудандарындағы губерниялық басқарумен теңесті. Ірі қалаларда полицейлік басқармалар, ал өзге қалаларда - полицейлік өкілдіктер құрылды. 1891 ж. Ереже бойынша ауыл ағамандары арасындағы жер мәселелері жөніндегі дауларды болыс шеңберінде болыстық съездер, ал үй иелері арасындағы дауларды ауылдық жиындар шешіп отырды. Бұларда болыс басқарушылары мен ауыл ағамандарына шешуі рөл берілді. Осыған байланысты қауымдар арасында үш жылға сайланатын болыстық басқармалар мен ауыл ағамандарына өз кандидаттарын өткізу жолындағы аса қатал күрес жүріп жатты.

Сот құрылысы саласында да айтарлықтай өзгерістер болды. Түркістан және Далалық өлкелерді басқару жөніндегі Ережеге сәйкес Ресей соттарының жүйесі бітістіруші судьялардан, облыстық соттардан және жоғары сот инстанциясы ретіндегі Үкіметтік сенаттан құрылды. Билердің соттары да өзгертілді. Формасы жағынан би сайланып қойылатын халық судьясы болып көрінді. Бұл жаңалық та шариаттың дәстүрлі сотына соққы болып тиді.

1867-1868 жж. және одан кейінгі жаңа ендірмелер қазақтардың наразылығын тудырды. ХІХ ғ. 60-жылдарының алғашқы жартысында-ақ Қазақстанда, әсіресе Кіші жүзде отарлық езгі күшейе бастады. Мұның өзі еңбекшілер бұқарасының патшалық құрылысқа қарсы ашық күреске ұласуы мүмкін наразылықтарының күшейе түсуіне алдын-ала түрткі болды.

4. Өнеркәсіп пен сауданың дамуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Қазақстанның оңтүстігін басып алу
Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы
Қазақ-орыс қарым-қатнастары
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның мәні
Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу
Қазақ хандығының Ресейге қосылуы
1867-1868жж. жүргізілген әкімшілік реформалар
Патша үкіметінің Қазақстанға қоныстандыру саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz