Абай Құнанбайұлының қысқаша өмірбаяны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Абай Құнанбайұлының қысқаша өмірбаяны 3
Абай Құнанбаев шығармашылығына шығыс ғұламаларының әсері 7
Абай және Әбу Насыр әл-Фараби 12
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиет 22

Кіріспе

Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері
мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев - өз
ұлтының реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын
қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің шындығын дәл бейнелеп,
дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақын. Ол халқының балашағы үшін
жан аямай қызмет етті, оны мәдиниет нұрына үндеді. Белгілі бір тарихи
кезеңнің алға қойған сұрауына жауап беріп, елінің әдебиет көшін зор
мақсатқа меңзеді.
Кемеңгер ақынның ұлы мақсат – мүдделері бізге тамаша әдеби
еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі
мәселелерін қамтыды, сол кездегі қазақ қоғамының шын сырын ашты. Абайдың
шығармалары - өз дәуірінің келелі мәселелерін реалистікпен суреттейтін,
мазмұнға бай, ізгі ойға толы, шебер тілді көркем туындылар.
Абай қазақ халқын қараңғылықтан алып шығатын жол тек алдыңғы
қатарлы мәдениет ғана деп білді. Сондықтан да ол қазақты мәдениеті ілгері
елге жақындату амалын, халықтардың мідени бірлестігі жолдарын қарастырды.
Осы бір ізгі мақсаттарды ақын өзінің тамаша шығармаларының өзегі ете білді.

Абай Құнанбайұлының қысқаша өмірбаяны

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ классикалық жазба әдебиетінің
негізін салушы, ойшыл және композитор. Абай (шын аты - Ибраһим) 1845 жылы
Семей облысындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абайдың әкесі – Құнанбай
тобықты руының управителі болған. Шешесі Ұлжан баласын жақсы көрген және
еркелетіп қойған Абай деген аты кейіннен ұлы ақынның шын есімін ығыстырып
бүкіл әлемге танымал болды. Бастапқыда Абай ауылдағы молдадан білім алды.
Дәулетті Құнанбай Абайды Ахмет Ризаның медресесіне оқуға беріп, ол жерде
бала Абай шығыс әдебиетін үйренеді. Сол кезде Абай орыс мектебіне барып
жүреді. Оның ақындық дарыны медреседе-ақ көрінген болатын. Бала шығыс
ақындарына еліктейді. Құнанбай өз балаларын ел басқаруға тартпақ ниетпен
Абайды оқуын бітіртпестен қайтарып алады. Бірақ рулар арасындағы дау-
шарлардан көп нәрсені аңғарып, Абай мұны бос әурешілік санап ел басқарудан
біртіндеп кете бастап, әкесінің үмітін ақтамайды. Ақынның айналасына ірі ру
билеушілері мен дала ақсүйектері емес, сөз өнерін қадірлейтін талантты
жігіттер топталады. Абай Семейде жүргенде танысқан орыс зиялыларының
өкілдері ақынның дүниетанымына үлкен ықпал етеді. Оның демократиялық
бағыттағы ақындық шығармашылығына саяси жер аударылған орыс азаттық
қозғалысының өкілдері Е.П. Михаэлис, А. Леонтьев, С.С. Гросс, Н.И.
Долгополовтардың ықпалы болғаны мәлім. Қазақ және орыс ойшылдарының мәдени
достастығының қажеттігін жақсы түсініп, қазақ-орыс еңбекшілерінің
достығының пайдалылығына сене отырып, Абай осы ұлы халықтың тілі мен
әдебиетін үйренуге шақырды. Абай демократиялық мәдениеттің көрнекті
өкілдері А.С. Пушкинді, М.Ю. Лермонтовты, М.Е. Салтыков-Щедринді, Л.Н.
Толстойды және басқа да ақын-жазушылар мен ойшылдарды аса құрмет тұтқан.
Қазақ әдебиетіндегі жұлдызы жарық терең поэзиямен қатар Абай композитор да
болған. Оның өзі аударған Евгений Онегиннен үзінділерге жазған әндері
кеңінен танымал. Абай поэзиясының ықпалымен өскен оның шәкірттері Шәкәрім,
Көкбай, Ақылбай, Кәкітай, Мағауия да еуропалық және орыс әдебиетіне терең
қызығушылық танытып, өздері ақындық шығармалар шығарды. Абайдың балалары
әкелерінен үлгі алып, орыс мектептерінде білім алды. Ұлы Әбдірахман
Петербург артиллерия училищесін бітірді. Патша әкімшілігі қазақ ақынының
халық мүдделерін қорғауын мақұлдамады. Оған белгілеген губернатордың
полицейлік қадағалауы да соны растайды. Абайдың өлеңдері мен әндері бүкіл
қазақ даласына кеңінен таралды. Патриархтық-рулық топтар мен қызғанушылар
Абайға оның туыстарн қарсы қоюға, оның жақындарымен өзара қарым-
қатынастарын ушықтыруға және оның шығармашылығының таралуына кедергі
келтіруге тырысты. Тіпті ұлы ақынды қорлауға дейін барды. Өз ортасында Абай
рухани жақындар мен өзі сияқты жарқын тұлғаларды таппады. Ақын сенген
адамдардың сатқындығы, олардың қатігездікпен күрестегі жігерсіздігі мен
әлсіздігін Абай ауыр көтерді. Оның талантты ұлдары Әбдірахманның 1895 жылы,
Мағауияның 1904 жылы мезгілсіз қайтыс болуы ақынның жүрегін жаралап кетті.
Ол 1904 жылы Мағауияның өлімінен соң 40 күннен кейін қайтыс болды. Абай тек
жарқын ақындық қана емес, сондай-ақ терең философтық ойдың да иесі болған.
Оны логикаға, психологияға, шығыс, батыс еуропалық және орыс философтарының
еңбектеріне тартып тұрды. Абайдың өмір туралы ойлары керемет ескерткіштен,
оның көркемдік-философиялық прозасы Ғақлиядан табылды. Қазақ халқының
данышпаны халық сүйетін өшпес мұра қалдырды. Қазақ жазба әдебиетінің
негізін қалаушы А. Құнанбаев болып табылады. Жиырма жыл бойы Абай, енді
есті азамат, халық ақындық шығармашылығын, шығыс ақындары мен орыс
классикалық әдебиетін зерттеді. 1886 жылы 40 жасында Абай өзінің Жаз
өлеңін жазды, одан кейінгі жиырма жыл өмірі ақындық қызметпен өтті. Абай
қазақ қоғамындағы барлық жаңашылдықтың, ілгерішілдіктің тасушысы болды.
Оның пікірінше, әрбір ой ойлайтын адам айналаны қоршап тұрған шындыққа
өзінің саналы көзқарасын шығаруға тиіс. Ол адамзат қоғамын ізгі және есті,
ілгерілей дамушы ретінде көргісі келді. Әрбір адамның жеке-жеке адамзат
қоғамына қызмет ету жолдарын Абай Құнанбаев қоғамның материалдық және
рухани игіліктеріне жету мен гүлдендіру құралы ретінде ең алдымен еңбектен
көрді. ХІХ ғасырдың екі жартысындағы патшаның отаршылдық саясаты мен
феодалдық езгінің нәтижесіндехалық бұқараларының тек кедейленуі, қазақ
шаруаларының жұтауы тез жүрді. Қазақтар жұмыссыздар тобырын толықтыра
түсті. Қазақ кедейлігінің осы бөлігін қамын ойлап, Абай оларды жалдамалы
еңбектен жалпы еңбектің ілгерішіл түрі ретінде жиренбеуге шақырды. Абайдың
бүкіл шығармашылығы жұмыссыздыққа ымырасыздық идеяларын бойына сіңірген.
Оның пікірінше адамның мінезі тек қиындықпен күресте, олардың жеңіп шығуда
ғана шыңдалмақ. Әшкере өлеңдерінде Абай еңбектенуші көпшілік пен үстемдік
етуші азшылықтың арасындағы бітіспес қайшылықтарды ашты. Абайдың
демократиялық ұстанымдары оның старшындар мен билердің қызметіне көзқарасын
анықтап берді. Билердің құқықтарын патшы билігі шектегенімен, сот билігінің
едәуір бөлігі солардың қолында шоғырланған болатын, ал қазақ шаруаларының
ісі көпшілік жағдайда соларға түсетін. Көптеген мәселелер бойынша билердің
шешімдері патша әкімшілігінің мүдделерін көздеді. Халықтың қараңғылығын,
оның білімсіздігін пайдаланып, билер әр түрлі жолдармен одан пайда шығарып
алуға тырысып, Абай сөзімен айтқанда, негізінен халық бұқараларын ақымақ
қылды. Халықтың мұңы Абайға жақын әрі түсінікті болатын. Айналасында жүрген
адамдардың, өзінің жақындары мен шәкірттерінің ішінде ол халыққа деген
риясыз берілгендікті және оның мүдделерін қорғауды бәрінен жоғары бағалады.
Өмірден ерте кеткен сүйікті ұлы Әбдірахманға қайғыра отырып Абай оның
артықшылықтарын (батылдығын, адалдығын, адамгершілігін және білімге деген
құштарлығын) тізді, оның кедейдің жоғын жоқтағанын, намыс пен шындық үшін
күрескенін атап өтті. Сол заманғы қоғамның қайшылықтары Абайдың
дінбасыларға көзқарасынан көрінді. Терең діндар адам болып, Аллаға әділдік
пен махаббат тән деп есептей отырып, ол сол кезде Қазақстандағы дін
жолында жүрген молдалар әділдік пен намыстан аулақ жандар екенін көрді.
Олардың көпшілігі білімін сатып алып, оған күнкөріс көзі ретінде қараған.
Қазақтардың арасында көпшілік діннің басқа ерекшеліктерін былай қойғанда,
тіпті намаз дегеннің не екенін білмейтіндігін көріп, Абай былай деп жазған:
Қазақтарды шынайы мұсылмандар деп атауға болмайды деп ойлаймын. Оның
мұсылман дінбасыларына көзқарасы дінді жақтаушыларды зиянкес дүмшелер
деген Шоқан Уәлихановтың сөздерімен үндес келді. Халықтың ауыр өмірін
көріп, Абай әділетсіздік әшкерелеумен ғана шектеліп қоймай, осы
әділетсіздікті түзетуге бағытталған белсенді әрекеттерді талап етті.
Еңбектенуші халықтың өмірін жақсарту жолдарын Абай Абай қоғамның
экономикалық негізінің өзгерісінен көрді. Қазақтардың ілгері дамуын Абай
егіншіліктің, қолөнердің және сауданың дамуымен байланыстырды. Экономиканы
дамытудың бұл үш тетігі қазақ ағартушысының үнемі назарында болды, оның
пікірі бойынша осылар халық бұқарасына бағытталуы тиіс. Қазақстан халқының
көпшілігі мал өсірумен айналысса да, Абай кейінгі экономикалық дамуды
егеншілікті кеңейтумен және жетілдірумен байланыстырды, себебі егіншілік
қана қазақ даласының климаттық жағдайына тәуелді кездейсоқтықтарға аз
ұшырайды. Қоғамның экономикалық дамуында қолөнердің мәнін және орнын
анықтай отырып, Абай айтқан: Қолөнерге үйрену қажет, себебі қолөнер
әрқашан қолда қалады және өз қолымен жасағанын алдау-арбаусыз сатқан
қолөнерші – қазақтардың ең абзалы. Алайда ол адал қолөнершілердің өз
қолдарымен жасаған тауарларды өткізуде қаншама тосқауылдарға кездесетінін
қинала бақылады. Ең үлкен қиянат жасайтындар – алыпсатарлар болды. Олар
ауылдарды аралап жүріп, қолөнершілерден олардың бұйымдарын арзан бағаларға
сатып алып жүрді. Алыпсатарлар тауар-ақша қатынастарының дамуымен пайда
болды. Абайдың пікірі бойынша, Қазақстан экономикасының гүлденуінің
ажырамас бөлігі сауданы одан әрі дамыту және жетілдіру болып табылады. Ол
өзбек саудагерлері туралы үлкен құрметпен айтатын. Олардан қазақтар да
көптеген тауарлар сатып алған, негізінен малға айырбас түрінде. Абай
сауданы халықтар арасындағы қарым-қатынас құралы, қоғамның өндірістік
күштерін дамытудың тірегі ретінде қарастырған, сондықтан да ол сауданың
Қазақстанда одан әрі дамуының белсенді насихаттаушысы болды. Демократиялық
тұрғыдан халық бұқарасының мүдделерін қорғай отырып, Абай үнемі қоғамның
ілгері дамуының жолдарын іздеп отырған, ол проблемаға ағартушылық тұрғыдан
қарады. Ол бұндай жағдайды әділ, халық игілігі үшін қызмет етуге мүдделі
билеушілер өзгертеді деп санады. Билеушілер және көпшілік халық бұқарасы
арасындағы қарама-қайшылықты шешудің жолдарын Абай таппады, ол заң
әділдігіне сенсе де, қоғам, заң және жеке тұлға арасындағы өзара
тәуелділікті анықтай алмады. Қазақтардың басқа халықтарға жақтырмай
қарауына ешбір себептің жоқ екендігін көре отырып, ол басқа халықтардан
оларды тиімді жақтан сипаттайтын қасиеттерді тауып отырды. Басқа халықтарды
құрметтей отырып, Абай қазақтарды олармен байланыс орнатуға шақырды. Барлық
халықтарға бейбітшілік пен өзара түсінушіліктің қажет екенін түсіне отырып,
тек осындай жағдайларда ғана қоғамның негізгі қозғаушы күштері – ғылым,
озық ойлар және мәдениет – толық көлемде дамитынына және бүкілхалықтық
аманшылық орын алатынына сенді.

Абай Құнанбаев шығармашылығына шығыс ғұламаларының әсері

Құнанбай өте діншіл адам болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ
ауылдарының арасына кең тарай коймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге
тырысқан; намаз, ораза, зекет сияқты дін шарттарын өз еліне күшпен
таратпақ болған. Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын, татардың
молдаларын қарамағандығы ауылдарға таратып, олардың балаларын мұсылманша
оқыттырған. Сондай қожа-молдаларды өз ауылында ұстап, өз балаларын, оның
ішінде Абайды Ғабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3-4
жыл оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семейге оқуға
жібереді. Әуелі ол Ғабул-Жаппардың, кейін мұсылман имамы Ахмет Ризаның
медресесінде оқыған. Ол ислам әлімінде (мүтәкәлимин( аталатын бағытты
қолдайтын, яғни дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты
дүние тану пәндерін алараластыра оқытуды қажет көретін ағымның өкілі
болады. Соның медресінде 4 жыл оқыған Абай араб, иран және Орта Азия
әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысып, соларға еліктеп қысқаша
өлеңдер жаза бастайды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрлым
үздік оқыған.
Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін
үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды. Шығыстың
классик ақындары: Низами, Сағди, Хафиз, Фзули шығармаларымен, ертегі,
дастан классикаларымен Абай осы кезде танысқан.
Балалық шағындағы өлең деген талабын:

Фзули, Шәмси, Сәйхали,
Науаи, Сағди, Фирдауси,
Хожа Хафиз-бу һәммәси,
Мәдәт бер я шағири фарияд! –

деп, Шығыс ақындарына сиынудан бастауы да Абайдың оларға деген сол кездегі
ынтасын байқатады. Медреседегі діни уағыздармен шектеліп қалмай, араб,
парсы, түркі тілдерін игеру арқылы шығыс классиктерін оқып-үйренуге жетуі –
Абайдың аса зор табысы.
Бірақ Семейде Абай ұзақ бола алмайды. Жастайынан ел басқару ісіне
араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршылары,
ертегішілері, тақпақшылары, күлдіргілері, әнші-күйшілері сияқты өнер
иелерімен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақсы
танысады.
Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Сөздері ұтымды, билік
шешімдері тұжырымды болады. Ел ішіне осындай өнерімен танылған Абай 70
жылдардың бас кезінде Тобықты руындағы Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болып
тағайындалады. "Заманды қай жан билемек" дем өзі айтқандай, би және болыс
болған күндерінде Абай сол заманның ауқымынан ұзап шыға алмайды. Мұнысына
кейін өкінгені "Өлсем орным қара жер сыз болмай ма" деген өлеңінен
байқалды. Өмірінің ақырғы шағында, яғни 1903 жылда "Ойға түстім, толғандым"
деген өлеңінде өкінішін тереңдетіп, өзіне сын айтады. Әкімшілік етіп тұрған
тұста Абай ауыл арасындағы барымта, ұрлық, зорлық сияқты біраз істерді
қисық деп санап, бұларды түзетуге де талаптанған. Бірақ бұл ниетінен іс
шығара алмаған да, халқына пайдалы санаған ойларын өлең тілімен үгіттеуге
кіріскен. Содан кейін "Көңілдің күйі тағы да, Өмірдің улап алды ішін,
Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын" деп, біржола өлең жазу
ісімен шұғылданған. Бұл шамасы, 80 жылдардың орта тұсы, Абайдың жасы -
қырықты алқымдаған кез.
Абай шығармалары үш жүйемен өрбиді: өз жанынан шығарған төл өлеңдері,
ғақлия (немесе қара сөз) атаған прозасы, өзге тілдерден, әсіресе орысшадан
аударған өлендері. Барлығы 45 "сөзден", үш-төрт мақаладан құралатын
прозалық шығарамаларында Абай тарих, қоғам, дін, шаруа, мәдениет туралы
пікір айтып, өз ұғымын білдіреді. Бірталай "сөздердің" сарыны кейбір
өлеңдерімен қабысады. Бірақ прозалық шығармаларында ол өлеңдеріндегідей
көркемдік дәрежеге көтеріле алмайды, оның есесіне ғибрат айтушы, ақылгөй
дана болып көрінеді. Жазу жұмысына 20 жылдай шұқшия отырған Абайдың басына
1891 жылдан бастап біріне-бірі ұласқан бірнеше қайғы түседі. Сол жылы Оспан
өледі. Бұл қазаға қалай қайғырғаны Оспанға арнаған өлендерінен байқалды.
Осы қазаның күйігі басыла берген шақта, 1895 жылы орысша жоғары әскери
білімі бар, армияда офицерлік қызметте жүрген баласы Әбдірахман (Әбіш)
өледі. Бұл баласын "жаңаның алдына", өзін "ескінің артына" санаған Абайдың
оған тіпті күйзеле қайғырғаны осы тақырыптағы көптеген өлеңдерінен
көрінеді. "Замана, неткен тар едің, Сол қалқамды қоймаған" деген өлеңін осы
кезде жазады. Әбдірахманның өліміне көптеген басқа да өлеңдер арнайды. Бұл
қайғыны әрең көтеріп жүрген кезінде, 1904 жылы Абай тағы бір ауыр қазаға
ұшырайды. Сол жылдың көктемінде және бір баласы, талантты ақын Мағауия
(Мағаш) опат болды. Ол Африкадағы құлдар тұрмысынан "Медғат-Қасым" деген
көрнекті поэма жазған ақын еді. Осындай қабаттасқан қайғы-қасыреттен күрт
сынған Абай Мағауиядан 40 күн кейін өзі дүние салады. Абайдың сүйегі
Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның қасына жерленеді.
Өлең жазуға бала жасынан әуестенгенімен және алғашқы өлеңдерінен-ақ
ақындық ұшқыны шашырағанымен, бірыңғай жазу жұмысымен Абай жасы 40-қа
жеткен кезде ғана айналысады. Өйтуіне өмір тәжірибесінің молаюы және көркем
әдебиетке деген қөзқарасының тұрақталуы себеп болады. Ел басқару ісіне
жасөспірім кезінен араласқан Абай туған халқының тұрмысындағы сәулелі және
көлеңкелі жақтарын түгел көріп, оның өмірін жан-жақты таниды. Халық
тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсірмек болғанымен, бұл талабынан ол
оншалықты нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп ойлаған
істерін көркем сөзбен, әсірісе өлеңмен насихаттамақ болады. Абайға дейінгі
қазақ әдебиетінің ең күшті жанрлары шешендік сөз бен өлең-жыр болатын.
Бірақ бұлар Абайды қанағаттандырмайды. "Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақыншы мал үшін тұрман зарлап" дейді ол. "Ескі бише бос мақалдап"
дегенді Абай босқа айтпаған. Патриархатты ауылдың көне заманнан Абайға
дейінгі дау істерін билер шешіп келген. Билік үстінде олар өзара шешендік
салыстырған, бірақ қай би әлдірек жақтың өкілі болса, істің ақ, қарасына
қарамастан, сол жеңіп отырған. Қазақтың "Істің ағы білмейді, жігіттің бағы
біледі" деген мақалы содан шыққан. "Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап"
деуі қазақтың өлеңді ауызша шығаратын ақындардың көбі кедей болып,
өлеңдерін күн көрістің құралына айналдырған; тыңдаушыларынан, әсіресе
олардың байларынан ақы тілеген. Сондықтан да Абай оларды "Жат елде
қайыршылық қылып жүріп, Өз елін бай деп мақтап құдай қарғап" деп сөккен.
Абайға дейінгі қазақтың байлары немесе атақтылары "руымыздан ақын мен бақсы
шыққан жоқ" деп мақтанған. Өйткені ақындық кедейлердің күнкөріс кәсібіне
айналып, тілемсектік пайда болған. Сондықтан Абай оларды менсінбей,
"Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді қылған жоқтан қармап" деген. Ел
ішінде аты ауызға ілінген дара ақындар шыға бастаған кезде, Абай олардан да
мін тауып: "Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау, Өлеңі бірі - жамау, бірі -
құрау" деген. Халық жырларының эпикалық түрлерін айтатын жырауларды да
жаңа заманға лайық көрмей, Абай "Батырды айтсам, ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап, Әншейін күн өткізбек әңгемеге,
Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап" деп, өз тұсының тыңдаушысына тигізе
сөйлеген. Қысқасы Абай қазақ ауыз әдебиетінен тіл, образ, сарын жөнінде көп
нәр алғанымен, оның дәстүрлерін жаңа реалистік жазба әдебиетке шексіз үлгі
етпеді. Оның көп қолданғаны - мақалдар мен мәтелдер. Бұларды өлеңіне ретін
тауып қосып отырған. Мысалы, "Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп"
деген мақалды өлеңінде "Берерменге бесеусің, Аларманға және алтау" деген
түрде алған.
Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи,
Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А.С. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың қара сөздері мен өлеңдері
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің педагогикалық сарыны
Абайтану ғылымы
Абай Құнанбаев туралы
Абай өмірбаяны, шығармалары
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Ұлылардың рухани үндестігі: Абай, Пушкин, Гёте
Абайдың философиялық ойлары
Абай шығармашылығының рухани болмысы
Пәндер