Айбынды қазақ ханы Абылай, ұлы ханның өмірі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
Айбынды қазақ ханы Абылай 4
Негізгі бөлім 7
1 Ұлы ханның өмірі 7
2 Саясаткер - ұлы хан 8
3 Абылай хан мен Екатерина патшайым 13
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер 20

Кіріспе

Қилы-қилы қиын замандарда тарыдай шашылып тоз-тоз боп бара жатқан
халықтың елдігін, бірлігі мен тұтастығын ардагер ұлдары мен сүйікті
перзенттері Қасым хан, Тәуке, Абылай хан, Бұқар жырау тағы басқалар сақтай
білді. Ал қазақ халқының тарихында Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай, Райымбек батырдай бабаларымыз елін – жұртын аман алып
қалам деп жауларымен айқасты. Кенесары, Сырым, Исатай, Махамбет өткен жол -
ұрпақтарына үлгі - өнеге. Ал Абай, Шоқан, Ыбырай сияқты біртуар қазақ
азаматтары елінің, халқының мәдениетін, ғылым, білімін көтеруді армандады,
сол үшін өмірлерін сарп етті ғой. Бұл – ел болып, өзгемен иық тіресудің
үміт сәулесін үзбеудің заман көшіндегі бір жолы еді.
Біз тәуелсіздік заманада бұрынғы Кеңес заманында жазылған жалтақ
тарихты қайта қарап, зерделеп жатырмыз. Алайда бұл іс бір күнде бітер шаруа
емес. Басқасын былай қойғанда тіпті хандарының ең алыбы Абылай ханның
өміріне байланысты ақтаңдақтар қанша ма? Сондықтан да болар әуесқой
тарихшылар, не болмаса кешегі отарлық Ресей кезінде қалыптасқан жалған
концепция жетегінде жүргендер ұлы ханның өміржолын тоқсан тоғыз саққа
жүгіртеді. Абылай ханға деген мұндай алақолдықты түсінуге де, түсіндіруге
де болады. Өйткені, ақ патшаның ХVIII ғ. Абылай ханнан асқан жауы болмаған.

Айбынды қазақ ханы Абылай

Тарих – бұл өткен өмір бейнесі. Сол тарих көшін басқа арнаға бұрып,
оның алдыңғы дамуына өзінше серпіліс, өзінше өрнек беретін ұлы тұлғалар
баршылық. Оларсыз адамзат тарихын көз алдыға елестету мүмкін емес. Содан
болар, әлем тарихынан аздаған хабары бар жандардың ішінде: Александр
Македонский, Юлий Цезарь, Шыңғыс хан, Наполеондар жайлы білмейтін жандар
баршылық.
Қазақ ұлтының ұлы тұлғасы, мемлекетіміздің символы, іспеттес аты
аңызға айналған, қазақтың ұлы тұлғасы айбынды ханы - Абылай. Абылай туралы
бүгінде аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Абылайдың мемлекеттік саяси және
дипломатиялық қызметіне әр уақытта әр түрлі баға беріліп келді. Егер ол
қазақтың дастандарында қысылғанда қол бастаған - батыр, қиналғанда ел
бастаған көсем, шаршы топта сөз бастаған шешен, елі үшін еңіреп туған ер.
Бүкіл ғұмырын қазақтың бсын қосуға арнаған ақылгөй дана айбынды хан ретінде
көтерілсе төңкеріліске дейінгі зерттеулерде оның тұлғасына негізінен осы
халықтық шындық тұрғысынан баға беріліп келді.
Абылай тұлғасына сыңаржақ көзқарас орын алып, оның мемлекеттік саяси
және дипломатиялық қызметін сынап-мінеу тенденциясы орныға бастады. Тек
қазақ елі шын мәніндегі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана
Абылайдың қазақ тарихындағы айбынды рөліне тиісті баға беріліп, тарих
төрінен өзіне лайықты орын алды.
Абылай есімін атағанда исі қазақ аталуының жадына “қазақ халқы”,
“бостандық” сияқты қасиетті ұғымдар оралады. Аруақты Абылай бабамыздың
есімі, рухы осы ұғымдардың синонимі емес деп ешкім айта алмас. Өйткені
Абылай ханның - даңқы асқан батырдың, ақылды да айлалы қолбасшының, жоғары
дәрежедегі мемлекет қайраткерінің, көреген дипломаттың бір ғасырға жуық
қазақ халқының тағдырымен, оның ата тарихымен сабақтас. Шын мәнінде 18
ғасыр қазақ халқының тарихында Абылай заманы болып өтетіні орынды еді.
Шоқан Уәлиханов өзінің “Абылай”атты мақаласында: “Қазақтың ішінде
Абылайдың даңқы өте зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып
саналды”, - деп жазған еді. Абылай ұлттық сананы оята алатын, ұлттық
мақсатты асқар шыңға көтеріп, халықтың бірлігі мен тірлігін қорғай алатын
мемлекет қайраткері ретінде танылды.
Абылай хан тұлғасы жалаң, жадағай идеологияландырылған шеңберге
сыймайды. Ол өте алып та тұңғиықтай терең тұлға. Оны тудырған оның сол
ғажайып қайшылықтарға, қиындықтарға толы заманасы. Ақылымен,
ержүректілігімен, табандылығымен ерекше кӨзге түскен. Абылайдың
мемлекеттік саяси және дипломатиялық қызметіне әр кезеңде түрлі баға беріп
келді. Кез келген халық тарихындағы оның бостандық іздеп шарқ ұрған
кезеңдеріне теріс баға беріліп, сол азаттық туын көтерген ардақты
перзенттерінің атына қара күйе жағыла бастады.
Абылай туралы орыс энциклопедиясының алғашқы мақаласында орыс-қазақ
тарих ғылымында ол туралы бірден-бір дұрыс пікірдің қалыптасуына орасан
зор еңбек сіңірген қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов еді. Шоқанның “Орыс
ғалымдары мен әдебиетшілері құрастырған энциклопедиялық сөздік” деп
аталатын орыс энциклопедиясының 1861 жылы 1-тамызда шыққан “Абылай” атты
мақаласы орыс және қазақ тарих ғылымында абылайтанудың іргетасы болып
қаланған бірегей еңбек болып табылады. Абылайға баға бере келіп Шоқан:
“Оның пайдалы кеңестері мен стратегиялары ой-толғамдары дана болғандығын
дәлелдей түседі. Абылай шын мәнінде көптеген сынақ пен күресті бастан
кешірді. Сондықтан қазақтар оны ұлы істерді жүзеге асыруға жіберген деп
есептеген”, - деп жазды. Екі рет тұтқыннан босап шығып орыс пен қытай
сияты екі аждаханың ортасынан халқына тиімді жол тауып, Орта жүзге ғана
емес бүкіл Қазақ хандығына әмір жүргізген Абылайдың даналығы кімді де
болсын таңғалдырмай қоймайды.
Абылайдың еңбегіне лайықты баға беру үшін оның өмір сүрген заманы
мен билік басына қалай келгендігі туралы назар аударған жөн. Абылайдың
қайраткерлік рөлін айқындауға ұлы тұлғалар: Қозыбаев, Сүлейменов, Моисеев
т.б көптеген еңбек сіңірді. М.Қозыбаев: “Абылай хан - өте алып та,
тұңғиықтай терең тұлға”- десе, Р. Сүлейменов: “Хан Абылай - қазақ елінің
өткен тарихында елеулі із қалдырған тұлға” - деп ерекшелеген. Абылайдың
қайраткерлік, қолбасшылық, дипломатиялық қызметі 18 ғасырда Бұқар,
Үмбетей, Тәтіқара сияқты ақын-жыраулар, поэзиясында ғана жырланып
қалмады, кейінгі ғасырлардағы тарихи жырлар мен дастандардың да өзегіне
айналды.
Абай: “Абылай мен Кенесары - қазақ халқының қаһармандары”. Олардың
істері мадақтауға лайық деп ой тастады.
Кеңестік саяат Абылайды жалаң, идеологияландырылған, қайшылықты
тұлға санаған кезде ақын – жыраулар поэзиясындағы Абылай бейнесіне, атап
айтқанда Марғұлан, Мағауин және т.б талдау жасады.
Соңғы кездері Абылай жайлы халық-ауыз әдебиеті мұраларының Абылай
өміріне, заманына қатысты тарихи деректердің молынан жарық көруі жаңа
зерттеуді қажетсінді. Абылайнамалық мол туындыларды жинақтап, екшеп,
Абылай заманына сипаттама жасап, шығармалардағы әдеби шындықтың тарихи
шындықпен сәйкестігін бағалап, Абылай өмірін қайта саралау міндеті тұрды.
Сондай-ақ ел егемендігін алған шақта 1991 жылы 9-сәуірде қазақстан
Республикасының президенті Н. Назарбаев: “...Абылай секілді хандарымызды
тек өзіміз ғана біліп қоймай, Қазақстанның барлық халқына танытайық”, -
деп Абылай ханды жан-жақты зерттеу қажеттігін көрсетті.

Негізгі бөлім

1 Ұлы ханның өмірі

18-ғасырда Шыңғыс әулетінен тараған ханзадалардың құны құлдыраған
кез еді. Бай феодалдар болса жүз елу жылдан астам жаугершілік кезінде бір
жұрттық емес, бір шабудан қалмайтын. “Байтал түгіл, бас қайғы кез еді”
деген.
Абылай қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына
келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси және экономикалық дамуына түбіріл
өзгерістер енгізген.
Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы Абылай (Әбілмәнсұр) 1711 жылы
дүниеге келген. Атасы - Түркістан қаласының билеушісі, әскери жорықтарда
аса қатыгездігімен көзге түсіп “қанішер” атанған. Абылайдың он үш жасында
ауылын жау шауып, әке-шеше, туған-туыстарынан айырылған Абылай әкесінің
сенімді адамдарының арқасында жаудан жасырынып құтылған. Осы кезден-ақ
бойынан ірі қайраткерге тән қасиеттер байқала бастады. Ақылымен, ер
жүректілігімен көзге түскен. Қашып жүргенде аты жөнін жасырып, “Сабалақ”
атанған Абылай әкесімен ағайындас Орта жүз ханы Әбілмәмбет сарайындағы
ақсүйектерге келіп қосылады.
Абылдайдың өмірі мен ерлігін жырлаған Бұқар жырау оның жас кезіндегі ауыр
өмірін төмендегі шумақтармен білдірген:
Әй, Абылай, Абылай
Сені алғаш көргенде
Тұрымтайдай ұл едің...
...Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің
...Абылай атың жоқ еді,
“Сабалақ” атпен жүр едің...
15 жасынан жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене ат салысқан
Абылай жоңғар шабуылдарын құтқарып, ел тыныштығын, ел бірлігін қамтамасыз
етуді өзіне бір ұлы мақсат еткен. Екі ірі мемлекет –Цин империясы және
Ресей империялары арасында қыспақта тұрған елдің жағдайын тұрғылықты ұстау
еді. Абылай ел мүлдесі үшін Ресейге арқа сүйеуге тырысты. Қазақ хандығының
билеушісі Абылайдың бар мақсаты – мемлекет бірлестігін сақтап қалу.
Дипломатиялық шаралардың асқан шебері Абылай хан, хан болып сайлануға дейін
де, Тарбағатай таулары, Алтай сеңгірі, Зайсан көлінің шығысына қарай жатқан
тарихи қазақ жерін қайтаруда қыруар еңбек сіңірді. Жоңғария тарихи
сахынадан жоғалып, оның жерін басып алған Маньжур – Цин империя билеушілері
Абылаймен келісе отырып жаңа шекара белгілейді.
1760 жылы қытайлар Тарбағатай тауы маңында көшіп-қонып жүрген қахзақ
руларын батысқа қарай ығыстырады. Абылайдың мақсаты – жоңғар шапқыншылығы
кезінде жоңғарлар басып алған шекаралық өңірдегі қазақтардың тарихи иелігін
қайтарып алу.
1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салады. Қазақ хандығында
қалыптасқан дәстүр бойынша өлген билеушінің ұлы Әбілпайызды емес, халық
арасында зор беделге ие болған Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлайды.
Абылай хан қазақ хандығын билеуде бірқатар өзгерістерді зандастырды.
Есім ханның ескі жолында Қасым ханның қасқа жолында, атақты даналар Қазыбек
би және Төле билердің қатысуымен қабылданғани Тәуке ханның Жеті жарғы
заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай мойындамады. Ірі
ұлыстарды билеуге хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындаған. Сот істерін
шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне Абыай шек қойды. Өз
сарайында топтасқан батырларының қолдауына сүйеніп, Абылпай ойлаған
жоспарларын еш қиындықсыз іске асырып отырды.
Абылай хан 1771 жылы дүние салып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи
кесенесінде жерленеді. Артында 30 ұл, 40 қыз ұрпақ қалдырады. Оның
мирасқоры Уәли сұлтан әкесінің жолын баса алмайды.

2 Саясаткер - ұлы хан

18 ғасырдың берген қырықыншы жылдары қазақ елі үшін ең қауіпті жау –
қалмақтар болып қала берді. 1727 жылы Себен - Рабданды жас тоқалы Еділдегі
қалмақ-торғауыттардың ханы Аюкеннің елшілерімен бірігіп, у беріп өлтіреді.
Бұл сөз - әкесінің тағына отырған Қалдан –Сереннің мәлімдемесі. Ресеймен
дұрыс қарым-қатынас орнатып, қазақтарға тақымын батыруға тырысады. Қалдан-
Сереннің тұсы - Жоңғар хандығының мұртынан құрты түсіп, Қытайдың өзімен иық
тіресетіндей ірі мемлекет болған кезі еді. Осы Қалдан-Серен 1740 жылы он
бес мың қолмен Ертіс пен Есіл бойында көшіп жүрген керей-уақтың жерінде
отырған Әбілмәмбет ханды шабады. Егер аманат бермесең, сені де құртамын деп
Әбілқайыр ханға ескерту жасайды. Ал Ресейден зеңбіректер мен оны
пайдаланатын зеңбірекшілер сұраған Әбілқайыр: “Әзірше өзімізге де жетпей
жатыр” - деген жауап алады. Қалдан-Серен қазақтарға шабуылын қоймайды.
Абылай сұлтан отыз бес жолдасымен Ұлытау маңында саясатта жүргенде қапыда
қолға түседі. Тұтқын Абылай үлкен төзімділік, қайрат – жігер көрсетеді,
өзінің ар-намысын таптатқызбай биік ұстайды, бекзадалығын байқатады. Жігері
құм болған, Әбілмәмбет хан Абылайды босатып алуға ешбір әрекет жасай
алмайды.
1742 жылы екінші қыркүйекте Орынбор комиссиясының төрағасы
И.Неплюев орыс мемлекетінің қол астындағы қазақтардың ісіне араласпаңыз деп
хат жазады: ”Ұлы мәртебелі ұлыста ұсталып отырған Абылайды босатсаңыз
екен?”- деп патша ағзамның құрметіне, тату көршілік хақысы үшін сізді
сұрайды. Осы сәлемді жеткізу үшін сол жылдың қыркүйегінде Қалдан-Серенге
майор К.Миллер аттанады, бірақ қонтайшы бізді шешек ауруы басып жатыр деген
желеумен оны қабылдамай қояды. Ал, Абылай тұтқында қала береді. Абылай үшін
осы бір ең ауыр кезең туралы халқымыздың жадында көп аңыз-әңгіме сақталған.
Соның бірі: “Абылайды Қалдан-Серен Шарыш деген баласын өлтіргені үшін
тұтқында ұстаған деседі. Оны жаңа ғана сойылған бұзау терісімен қаптап, бір
тамшы су бергізбей, ыстық күн астына қақтайды. Бір күні ит-қорлыққа шыдай
алмаған Абылай: “Сендей күннен туған жаман бала қай жерде өлмеген”, - деп
ханның бетіне түкіріпті ...
Ұзақ уақыт жүргізілген келіссөздерден кейін (Абылайдың ролі зор болса
керек), 1743 жылы ол тұтқыннан босап шығады. 1743 жылы тамыздың соңында
Орта жүзге барып қайтқан Иван Лапин: “Абылай жоңғарлардан зор сый-сияпатпен
оралды. Атап айтқанда оған апталған киіз үй, қамқа ішік, жиналмалы шатыр,
сауыт және басқа бұйымдар сыйға тартылды”,- деп жазды.
Тұтқынан оралғанан кейін Абылай ағасы Әбілмәмбет ханмен алғашқы рет
сөзге келеді. Босатуға ешбір әрекет жасамағанына ренжиді. “Менің орнымда
сіз тұтқынға түссеңіз, бір амалын таппай қоймас едім”, - деген сөздері
тарихта белгілі.
Тарихи деректер көшпенділерді ішкі-сыртқы саясаттарындағы
қайшылықтарды Абылайдың өз пайдасына шебер пайдалана білгендігін көрсетеді.
Бұл кез Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цеван Джоржиды өлтіріп, орнына некесіз
туылған үлкен ұлы Лама Доржи таққа отыруына байланысты билікке таласқан
жоңғар хандығының негізін қалаушылардың бірі қонтайшы Даваци соғыста
жеңіліске ұшырап, өзін қолдаушы хан мұрагерлерінің бірі Әмірсанамен Орта
жүзге қашып барған. Абылай болса, бұл қайшылықты бақылап отырды. 1752 жылы
12 қаңтарда Даваци мен Әмірсана Лама Доржиды өлтіріп хан тағына отырғаннан
кейін Даваци Абылаймен бітімге келіп, одақ болу жөнінде ұсыныс жасаған.
Дегенмен тарихшы В.Моисеев: “50–жылдардан бастап қазақ сахарасында
Абылайдың дегені болып, айдарынани жел есіп тұрды. Көршілес елдер қазақ
мемлекеттігінің дәл осы Абылай тұсында мойындай бастады”, - деп Абылай
қайраткерлігін бағалайды. Абылайдың жасына сайсақ, бұл кезең 1756 – 1761
жылдарға таяп келеді. Яғни осы жылдары Абылайдың Жоңғарияны жуасыту
жорығының аяқталып, Қытай әскерлерімен соғысуы, Қытай богдыханымен, алдымен
айқындасу, кейіннен Аякөздегі бітімдері. 1757 жылы Пекинге елшілік жіберіп,
тәуелсіздік туралы келісімге қол жеткізуі, 1760 жылдардан бастап
қазақтардың жоңғарлардан азат етілген Тарбағатай, Алтай, Шығыс Түркістан,
Іле өңіріне қоныс аударғанымен мәлім. Дәл осы “50 – жылдардың аяғы мен 60
жылдардың басында ол елдің тәуелсіздігі үшін күрестің бір
орталықтандырылған күшті қазақ мемлекетінің алдыңғы қатардағы қолдаушысы
бола білген”. 1761 жылы 3 шілдеде қазақ – қытай қарым-қатынасының барлау
үшін келген орыс мемлекетінің өкілі Ф.Гордеевтен Абылай орыс патшасының хал-
ахуалы жайлы хабарды естіп: “Қалай шет патшамен қарым-қатынасыңыз дұрыс па,
олар мазалай ма? Пруссиямен соғыс қалай бітті? Қытай мен араларыңыз қалай?”-
деп сұрайды. Бір қарғанда Абылайдың алыстағы Пруссияда не жұмысы бар екен
деп ойлаған болар едік. Ресейдің Пруссиямен соғысын сұрауы? Еділ бойындағы
қалмақтардан орыстар мейлінше қаруланған бес мың атты әскер алмақшы
болғанын естігеннен кейін туып отыр. Абылай үнемі, ата жауы қай жерден
үзуге болады деген ойда болған.
1745 жылы Қалдан –Серен өледі. Оның мирасқорларының арасында Жоңғар
ханның тағы үшін талас, кескілескен ұрыс басталады. Аузы арандай ашылған
ұлы көршілер: Қытай мен Ресей қалмақтарға төнген ауыр кезеңді пайдаланып,
мұрагерлердің басын біріктірмей біріне-бірін айдап салып, өзіне пайда
ойлайды. Ақыры Қытай Қалдан-Серен өлгеннен кейінгі он үш жылдың ішіне қалың
қалмақты қырып, Жоңғария мемлекетін құлатып тынады. Міне, осы аласапыран
жанталас уақытты Абылай да шебер пайдаланып, қазақ хандығының ықпалын,
беделін алады. Абылай қайсыңыздың рақыңыз түседі деп қарап отырмайды, суық
қару-жарақты, соғыс өнерін игерген сақадай-сай әскер жасақтайды. Екі
көршіміз: Қытай мен Ресейдің қазақтарға ықпал жасау мен сес көрсетудегі
әдіске өте ұқсас. Ресейдің сыртқы істер коллегиясының қазақтар туралы №
1014 жарлығында: “Бұларды басы артық талаптарын орындамай, бірақ деректі
түрде беттерін қайырып ызаландырмай, аздап ризашылықта болатындай қалпына
ұстауға тырысу керек” - делінген. Өздері үшін кейбір қолайсыз пиғылдардан
бас тартқызу үшін: “Мейіріммен, уағызбен, сый-сияпатпен алдарқатып ұстауға
әмір етіледі” - деген. Әрине, бұл бұлардың бергі жағы еді, керек жерінде аз
халықтарды бірімен бірін атыстырып отырады, кейде соғыс күшін қолдануға
дейін барды. 1747 жылы көктемде шыққан Сырты істер коллегиясының №220 құпия
жарлығынан мынандай жолдарды оқуға болады: ”Қалмақтар, Жайық қазақтары,
Башқұрттар, Мешряктар, Сібір губерниясы жақтағы басқа да өзге дінділер мен
орыстар қырғыздарды тұрақты әскер күшін қолданбай-ақ өздері жөнге салып
салып отырса, біздің арттыруға жұмсайды, қазақтың көптеген ата-мекен жерін
қайтарып мүддеміз үшін пайдалы болмас па еді”, - деген сауал тасталды да,
ал сенаттың 1756 жылдың қысындағы жарлығында Абылайға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айбынды қазақ ханы - Абылай жайлы
Айбынды қазақ ханы - Абылай
Айбынды қазақ ханы – Абылай туралы ақпарат
Абылай және оның заманы туралы
Абылай ханның сыртқы саясаты
Абылай өмірінің елеулі кезеңдерін жан-жақты көрсету
Абылайдың шайқастары
Қожағұлұлы Қабанбай батыр. Бөгенбай батыр
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай жайлы мәлімет
Қазақтың ханы Абылай
Пәндер