Қазақстан азамат соғысы жылдарында туралы мағлұматтар
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.) 3
2. Жаңа экономикалық саясатқа көшу 5
2. Болашаққа барар жолды бағдарлау: айтыс пен тартыс. 6
4. Ашаршылыққа қарсы күрес 8
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 12
Кіріспе
Жұмыр жердің тыныс-тіршілігін жіті бағып, оның бар асылы мен жасығын
тарих таразысында зерделеген ұлы көш алға басып барады.
Уақыт көші, өмір көші – бұл. Осы дәуір көшінің әрбір дауылды,
жауынды, алдамшы сағымды кезеңдерін бастан кешіре жүріп, халық күлімдеген
күнді, еркіндік, тәуелсіздік күнін аңсаумен болды. Бабаларымыздың жүріп
өткен жолы – бұған куә.
Аға ұрпақтың осынау ерлік жолы, өзінің ұлтын, салт-дәстүрін
сақтаудағы әр заманда көрген қиыншылықтары мен азаптары – бүгінгі ұрпаққа
үлкен сабақ.
Елдік, азаттық, тәуелсіздік жолындағы осынау сан ғасырлық күрес –
халық тарихы, ел шежіресі.
Елімнің тарихына ой жүгіртсем, тәуелсіздік үшін күрес жолы көз
алдымнан өтеді.
Бұл жол – ата-бабаларымыздың көзінің қарашығындай сақтап, найзаның
ұшымен, біліктілік ісімен арыстанша алысқан ерлік жолы, бізге қалдырған
аманат жолы.
Ендеше, тәуелсіздік – аманат.
Тәуелсіздік - ел дәулеті, халқымыздың ертеңі.
Қилы-қилы қиын замандарда тарыдай шашылып тоз-тоз боп бара жатқан
халықтың елдігін, бірлігі мен тұтастығын ардагер ұлдары мен сүйікті
перзенттері Қасым хан, Тәуке, Абылай хан, Бұқар жырау тағы басқалар сақтай
білді. Ал қазақ халқының тарихында Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай, Райымбек батырдай бабаларымыз елін-жұртын аман алып
қалам деп жауларымен айқасты. Кенесары, Сырым, Исатай, Махамбет өткен жол -
ұрпақтарына үлгі - өнеге. Ал Абай, Шоқан, Ыбырай сияқты біртуар қазақ
азаматтары елінің, халқының мәдениетін, ғылым, білімін көтеруді армандады,
сол үшін өмірлерін сарп етті. Бұл – ел болып, өзгемен иық тіресудің үміт
сәулесін үзбеудің заман көшіндегі бір жолы еді.
Өткен ғасырлардағы қанды шайқастар, ірлі-ұсақты небір көтерілістер,
елдікті сақтау жолындағы жанталас – 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы", сол
кездегі жастардың ерлігі халық санасынан өшер ме?! Желтоқсанда халқым деп
аттандап, ерлікпен қазаға ұшыраған жастардың даусы мұз құрсаудың көбесін
сөкті, халықты елең еткізіп есін жинады.
Тәуелсіз ел болдық. Еліміздің егемендік алуымен бірге "өшкеніміз
жанды, өлгеніміз тірілді". Ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде халқына,
ел-жұртына ақыл айтқан, жөнге салған билеріміз Төле би, Қаз дауысты Қазыбек
би, Әйтеке бимен табыстық, еліміздің шынайы тарихын зерделей бастадық.
Осы мен қалам алып отырған тақырыптың көбіміз елей бермейтін тұсы да
бар. Ол осы жылдар ішінде бірнеше ғасырлардан кейін бір мемлекеттің астына
(мейлі ол автономия болсын) жинақталған қазақ жерінің тұтастығын жүзеге
асырған жылдар еді. Мұда еңбек еткен адамдардың аттары кешегі өткен қайсар
рухты тұлғалармен қатар тұруы да тиісті деп ойлаймын. Енді тікелей
тақырыптың өзіне кірісейік.
1. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.)
Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын
тудырды. 1918 жылы 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды.
Олар генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары
Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ
казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.
1918 жылы мамырдың аяғында Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі
Чехославак корпусының офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске
қарсы күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск және Солтүстік
Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып
алды. К. Сүтішев, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов
және тағы басқаларын азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я.
Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастады.
Оларға ақ гвардияшылармен бірге әскерлер, меньшевиктер және
алашордашылар дем берді. Дегенмен Қазақстанның Сырдария, Жетісу және Бөкей
ордасы мен Торғай облысының кейбір уездері мен болыстарында Кеңес өкіметі
сақталып қалды.
Төңкеріске қарсы күштер Самарада ақ гвардияшылар мен әскерлердің Комуч
(Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті) "үкіметін", Омбыда Колчак бастаған
Сібір ақ гвардияшыларының "үкіметін", Каспий сыртқы облысында ағылшын
"үкіметін" құрды. Бұл кезде немістер Донбасқа қауіп төндірді. Краснов пен
Деникин соғыс қимылдарын күшейте түсті.
1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан - Шығыс майданы еді.
Шығыс майданының Орал бағытында ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Бұл
майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылдың 2 маусымында Орынбор
қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін шегінуге мәжбүр болды. Осыған
байланысты Ақтөбе майданы құрылды. Ондағы қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар,
Қазалы, Перовск Қызылорда, Черняевск Шымкент, Әулиеата және т.б.
қалаларда құрылған отрядтар көмекке келдi. Оның қатарына негізінен
еріктілер кірді, әскери міндет туралы БОАК-нің 1918 жылы 29 мамырда
қабылданған жарлығынан кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі
жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық
әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор
мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас
бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты
әскер полкінде Х. Чурин, Ж. Сәрсенов, Х. Ишанов, Б. Жәнікешев т. б. қызмет
етті.
1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә.Т. Жанкелдин мен А. Иманов
Торғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемет топтарын,
Ырғызда атты әскер эскадронын құрды. Өлкеде ұйымдасқан қызыл әскер
бөлімдерінің қатарына азамат соғысы жылдарында Ресейге келіп қалған
көптеген шетелдіктер: венгр, чех, румын, поляк, неміс жұмысшы және шаруалар
өкілдері де кірді.
Ақтөбе майданына 1918 жылы Әліби Жанкелдин бастаған экспедиция
Мәскеуден көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. 1918 жылы күзде 1 және 4
Қызыл Армия бөлімдері шабуылға шығып, Бугурслан, Бұзылық, Қазан,
Александров-Гайды босатып, Орынбор мен Орал қалаларына жақындады. Сөйтіп,
Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылдың 22 қаңтарында Орынборды, 26
қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан және Түркістан аудандары мен
Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді.
1919 жылы көктемде Фрунзе бастаған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның
солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған 25 дивизия оңтүстік-батыс
аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен
қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Қазақстанда Колчак
тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. 1918 жылы желтоқсан
айының аяғында Ә. Жанкелдин, А. Иманов және Ырғыз отрядының біріккен күші
Торғайда кеңес өкіметін қалпына келтірді. Бұл кезде Ақмола, Семей
облыстарында да партизандық қозғалыстар өрістеді. Сондай-ақ, Жетісу
майданының солтүстiк-шығыс шебінде 1918 жылы тамыз және 1919 жылғы қазанның
орта кезіне дейін ақ гвардияшыларға қарсы күрес жүргізілді. Мұндағы
қорғаныс орталығы Черкасское селосы болды.
1919 жылдың орта кезінде қызу шайқастардың барысында Колчак Армиясы
екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай
шегінді. Колчактың "Оңтүстік армиясын" Түркістан майданының қызыл әскер
бөлімдері 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында құртып жіберді.
Колчак армиясының жеңілуі, солтүстік-шығыс Қазақстанның азат етілуі
Орал майданының жойылуына септігін тигізді. Осының нәтижесінде Түркістан
майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізіліп, мұндағы
қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920 ж. наурызда азамат
соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік Жетісу майданы жойылды.
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары
жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. 1920 жылғы 12 маусымдағы Верныйдағы
бүлік соның көрінісі еді. Бүлiктi басуды іске асырғандар арасында Д. А.
Фурманов, И. П. Белов, Ғ. Мұратбаев, Б. Шагабудинов, т. б. болды.
1918-1920 жылдары шетел басқыншылары мен елдің ішіндегі төңкерісті
жақтамайтын күштердің қарсылығы жеңілгеннен кейін, Қазақстанда экономиканы
қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Оның
көкейтесті мәселелері қазақ жұртшылығының съездерінде талқыланды. Сол
жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда
болды. 1920 жылдың аяғында 939 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 779 артель,
жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік құрылды.
1919 жылғы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі "Қырғыз Қазақ
өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет құру туралы" декрет
қабылдады. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды.
1920 жылы 30 сәуірде РКбП Орталық Комитеті Қырғыз Қазақ облыстық
бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан
әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық
Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26
тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында "Қырғыз (Қазақ)
Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы" жарлық
қабылдады. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-інің алғашқы астанасы болды.
1920 жылы 4 қазанда Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай
съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағсы С. М. Меңдешев) және Халком
Кеңесі (төрағасы В. Радус-Зенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і
РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының,
шаруалардың, казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің
автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді. Декларация
Кеңестердің таптық мәнін белгілеп берді. Ол халықты ұлттық езушілік пен
құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады.
2. Жаңа экономикалық саясатқа көшу
Күйзеліс, жоқшылық, қайыршылану - В. И. Ленин азамат соғысы
аяқталғаннан кейінгі Кеңестер елінің жағдайын, міне, осылай бейнеледі.
Империалистік соғыс пен азамат соғысы Ресейдің басқа халықтары сияқты,
қазақ халқын да күйзеліске ұшыратты. Қазақстанның мемлекет иелігіне алынған
307 кәсіпорнының 250-і жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда
Қазақстанда мұнай өндіру - төрт есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе
қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Мұнай кәсіпшіліктері
тоналып, 400 мың пұттан астам мұнай теңізге ағызылып жіберілді, Риддер
кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық
істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі
1920 жылы небары 6,3% болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті.
Егіс көлемі Орал губерниясында екі еседен астам, Жетісуда 3 еседей
қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн.-нан 16,3 млн.-ға дейін
кеміді.
Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, тіршілік үшін
қажетті құралдарды бөлуде коммунистік негіз енгізуді ойластырды. Мәселен,
1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық-
түлікті, отынды тегін бостау туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету
туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.
Алайда, зорлық-зомбылыққа негізделген азық-түлік саясаты сәтсіздікке
ұшырады. Шаруалардың шыдамы таусылды. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей
губернияларында көтеріліс ошақтары пайда болды. Мәселен, 1921 жылғы ақпан
айында патша армиясының полковнигі Николаев пен есаул Токарев бастаған 25
мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес өкіметі органдарының
үйін қиратты. Азық-түлік салғыртына наразы орташа шаруалардың бір бөлігі
көтерілісшілерге қосылды. Сібір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz