АҚ ОРДА ХІV-ХV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
1-тарау. АҚ ОРДА ХІV-ХV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА 3
Ақ Орданың өрлеуі 3
Ақ Орда Алтын Орданың құлдыраған кезеңінде 5
2-тарау. АҚ ОРДАНЫҢ, МОҒОЛСТАННЫҢ, ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК-
ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ 8
Ұлыс пен ел. 8
Мемлекеттік және әкімшілік аппараты. 9
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14
КІРІСПЕ
Орда-Ежен ұлысына Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігіндегі жерлер, Ертіс
бойындағы кең байтақ аймақ, Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді.
Ұлыстың территориясы біртіндеп кеңейе берді. XIII ғасырдың екінші
жартысында ақ Орда - Еженнің немересі Қонышаның тұрған жері деректеме
бойынша Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған; ұлыстың саяси
орталығы осы жерге ауысқан еді.
Іс жүзінде ХПІ ғасырдың ортасынан бастап Орда-Ежен ұлысы дербес
мемлекет болып, Шығыс деректемелерінде ол Ақ Орда деп аталған. Оған билік
жүргізгендер хан атағын иеленіп, олармен Батый хан және оның мирасқорлары
ғана емес, сондай-ақ бүкіл имперняның жоғарғы хандары да санасып отырған.
Рас, кейде Алтын Орданың хандары Ақ Ордада таққа отырғандарға ел билеуге
жарлық беріп отырған, бірақ мәселе осымен тынып, мемлекет істеріне нақты
араласу болмаған. Алтын Орданың хандары Иран әміршілерімен үнемі дұшпандық
қатынаста болғанымен, Ақ Орданың хандары XIII—XIV ғасырлардың межесінде,
Хулағу ұрпақтарымен дипломатиялық байланыста болып, елшілер алмасып отырды.
1-тарау. АҚ ОРДА ХІV-ХV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА
Ақ Орданың өрлеуі
Монғол шапқыншылығының ауыр зардаптары уақыт өткен сайын біртіндеп
жойыла бастады. XIV ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-
шығысында қала мәдениеті, егіншілік қолөнер өндірісі қайта өркендеді.
Қазақстан орталығының қырдағы аудандары мен Жетісудың Қазақстанның
оңтүстігі мен Орта Азияның жасыл алқаптары арасындағы сауда байланысы
қалпына келе бастады.
Шаруашылықтың қайта өрлеуі, феодалдық қатынастардың нығаюы жағдайында
жергілікті түрік және түріктенген феодал үстем топтың позициялары күшейе
түсті. Халық бұқарасының монғол езгісіне деген наразылығын пайдалана
отырып, түрік феодал шонжарлары Жошы және Шағатай ұлыстарында Шығыс Дешті
Қыпшақ пен Жетісудағы өздерінің саяси өкіметін орнату жолында күрес
жүргізді. Осының нәтижесінде Солтүстік-Шығыс, Орталық және Оңтүстік
Қазақстанның территориясында XIV ғасырда Ақ Орда Алтын Ордадан біржола
оқшауланып шықты, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан территориясында
Моғолстан пайда болды.
XIV ғасырдың басында Поволжье даласын, Волгадан батысқа таман
жерлерді, Қырымды, Солтүстік Кавказды және Хорезмнің солтүстік бөлігін
қамтыған Жошы әулеті иеліктеріиің батыс бөлігі (он, қанаты) бұрынғысынша
Алтын Орданы құрайтын; қазіргі заманғы Қазақстанның Жайық өзенінен Шығысқа
қарайғы және Арал теңізі мен Сырдариядан солтүстікке қарайғы ұлан-байтақ
территориясын (Жетісуды қоспағанда) алып жатқан Жошы ұлысының Шығыс бөлігі
(сол қанаты) Ақ Орданың құрамына енді. Алтын Ордада негізінен Батый хан мен
Жошы балаларының бірі Тоқа Темірдің ұрпақтары, Ақ Ордада Орда-Еженнің
ұрпақтары билік жүргізді.
Жоғарыда айтылғандай, Орда-Еженнің иеліктері мен Алтын Орда аралығында
орналасқан Қазақстан территориясы Шайбан мен оның ұрпақтарының қол астында
болды. Бірақ XIV ғасырда — XV ғасырдың басында бұл территория Әбілғазы мен
басқа да Шығыс авторларында Ақ Орда деп аталғанымен, ол кейде Көк Орда деп
те кездеседі.
XIV ғасырда— XV ғасырдың басында деректемелерде Ақ Орда ұғымының
Орда-Ежен ұрпақтарының үлесіндегі территорияға ғана емес, сонымен бірге
Шайбанилықтар үлесіндегі жерлерге қатысты да қолданылуының себебі Орда-Ежен
әулеті өкілдерінің билігі осы территорияға да жүріп тұрған, мұны мұсылман
әулеттерінің хронологиялық кестелері дәлелдейді.
Сонымен, XIV ғасырда — XV ғасырдың басында деректемелер Сырдарияның
құйылысы мен орта бойын, яғни Орда-Ежен мен Шайбан ұлыстарының жерін қоса
Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін орасан зор қазақ даласының
территориясын Ақ Орда деп ұғынған. Алтын Орда жай ғана Орда немесе
Волга Ордасы деп аталған орыс жылнамаларында Жайық өзенінен оңтүстік-
шығысқа қарайғы қырдағы территория Көк Орда немесе Жайық сыртындағы
Орда деген атпен жазылған, ал Ақ Орда ұғымы орыс жылнамаларында
қолданылмаған.
Ақ Орда — монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңде Қазақстан
территориясындағы жергілікті этникалық негіздегі алғашқы ірі мемлекеттік
құрылыс. Мұнда осы жерлерді ежелден мекендеген және монғолдар жаулап алудан
көп бұрын қыпшақ бірлестігінің құрамына енген, сондай-ақ Шыңғыс-хан
шапқыншылығы кезінде Қазақстан мен Алтайдың Шығыс және оңтүстік-шығыс
аудандарынан келген түркі тілдес тайпалар қоныстанған. Мұнда қыпшақтармен
бірге наймандар, үйсіндер (ушундер), қарлұқтар, керейіттер (керейлер),
сондай-ақ қоңыраттар, маңғыттар және басқалар мекендеген.
Мұсылман әулеттерінің хронологиялық кестелері Ақ Орда хандарының
аттарын мына кезекпен келтіреді: Орда-Ежен, Сартақ, Қоныша, Байан, Сасы-
Бұға, Ерзен, Мүбарақ Шымтай, Ұрұсхан, Қойыршақ және Барақ, XIV ғасырдан
бастап Орда Ежен мен Шағатай ұрпақтарының арасында Сырдария өңіріндегі
қалалар мен Жетісу жайлауы үшін күрес жүріп жатты. Сонымен бір мезгілде
қырдағы аудандардың көшпелілері мен жартылай көшпелілері және Сырдария
өңіріндегі жасыл алқапты отырықшы аудандардың халқы арасында сауда-
экономикалық қатынастарды қалпына келтіру тенденциясы күшейе түсті. Ақ Орда
билеушілерінің әкімшілік орталықты өз иеліктерінің оңтүстік шетіндегі
аймаққа, Сығанақ қаласына көшіруі кездейсоқ емес еді.
Ертістен Сырдарияға дейінгі және Алтайдан Ұлытау мен Аралға дейінгі
кең байтақ далада экстенсивті мал шаруашылығын сақтай және қолдай отырып,
дәстүрлерді ескеріп, жайлау мен қыстауға көшудің қалыптасқан тәртібін
нығайтып Ақ Орда хандары Сырдарияның, Таластың, Шудың орта бойы мен Ұлытау
даласындағы отырықшы-егіншілік өңірлерде шаруашылық және мәдени өмірді
қалпына келтіру қамын жасады. Му-ин ад-дин Натанзи Ақ Орда хандарының бірі
Ерзеннің Сығанақты көркемдетіп, Отырарда, Сауранда, Жентте, Баршыкентте
талай ғимараттар салдырғанын хабарлайды. XIV ғасырда Ақ Орда хандары енді
тек өз аттарынан ғана ақша соқтыратын болған.
Астанасын Сығанақ етіп Оңтүстік Қазақстанды Ақ Орданың орталығына
айналдыру Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарымен байланысты кеңейте
түсуге жағдай жасады. Бұл байланыстарға Алтын Орданың орталығы — Поволжьеде
қала өмірінің бәсеңдеуі мен сауда жолының ауысуы елеулі әсерін тигізді.
Жергілікті түрік және түріктенген феодал үстем тобының экономикалық
және саяси жағдайын нығайтудың негізінде Мубарак-Қожа-ханнан бастап
(1320—1344) Ақ Орда билеушілері Алтын Ордаға тіпті сөз жүзіндегі
тәуелділігінен де түпкілікті құтылды.
Ақ Орда Алтын Орданың құлдыраған кезеңінде
Жәнібек-хан өлген соң Алтын Ордада кезекті бүліктер мен сарай
төңкерістерінің белестері басталды, әрқайсысы өз ақшасын соққан бірнеше хан
таққа отыруға дәмеленді. Орталықтан ауытқу тенденциясы күшейіп, тәуелсіз
иеліктер пайда бола бастады, олардың әрқайсысының өз билеушісі болды. Алтын
Орда мемлекетіндегі жоғарғы өкімет билігі үшін күреске сол қанаттағы
феодалдар белсене қатысты және Қызыр-ханнан бастап (1359—1361) Алтын Орда
тағына бірінен соң бірі, ал кейде тіпті бір мезгілде Жошы ұрпағының Шығыс
тармағының өкілдері, атап айтқанда, Темірқожа, Орда-Шейх, Мүрит және
басқалары отырды. Ақ Орданың үстем тобы Алтын Ордадағы қалыптасқан жағдайды
пайдаланып қалуға тырысып, Жошы ұлысының екі бөлігін өз үстемдігіне
бағынатын біртұтас саяси ұлысқа біріктіргісі келді. Бердібек-хан өлген соц
Сарай тағына отыруға, мысалы, Ақ Орда ханы Шымтайға (1344—1361 жж.) ресми
шақыру жіберілді, бірақ ол мұны қабылдамады, алайда оның балалары, әсіресе
Ұрұс, Алтын Орда тары жолындағы күреске белсене қатысты.
Ұрұс 1361 жылы Ақ Орданын ханы болды. Қадыр-әли Жалаири, Му-ин ад-дин
Натанзи оны батыл мінезді, күшті әрі қуатты билеуші деп сипаттайды. Ұрұс
тұсында Ақ Ордадағы хан өкіметі күшейіп, ол Алтын Орда тағына отыруға
белсене күш салды. 1368 жылы мемлекет тіректері мен сарай әкімдерінің
қолдауымен Ұрұсхан Поволжьеге қарай жорыққа аттанды. 1374—1375 жылдары ол
Сарайды алды, Хажы-Тарханды (Астрахань) қоршауға алды, деректемелерде Ұрұс-
хан жұрты деп аталған Кама бұлғарларының жерін уақытша бағындырды.
Бірақ Ұрұс-ханның табысы ұзаққа созылмады да, келесі жылы ол
Поволжьеден кетуге мәжбүр болды. Ұрұс-хан Алтын Орданың уақытша билеушісі
Мамайды жолынан тайдыра алмады, ал Мамай өзара талас кезеңінде Алтын
Орданың батыс бөлігі феодалдарының қолдауымен бірқатар билікке ие болған
еді. 1375—1376 жылдары Ұрұс-хан Ақ Орданың оңтүстік шекараларында Орта
Азияның билеушісі әмір Темір өзінің агрессиялық қимылдарын өрістеткен
Сырдария жағасына оралды.
Темірдің көмегімен Ақ Ордадағы бүкіл билікті өз қолына басып алған
Тоқтамыс Жошы ұлысының Шығыс және батыс бөліктерін біріктіру саясатын
жалғастырды. Алтын Орданың уақытша өрлеуі оның есімімен байланысты.
Сығанақта өзін Ак Орданың ханы деп жариялап, оның материалдық және соғыс
ресурстарына сүйене отырып, Тоқтамыс 1380 жылы Жошы ұлысының батыс бөлігін
жаулап алды. Тоқтамыстың Темірмен соғысулары, Руське және Орта Азияға
шапқыншылықтар жасауы, Ақ Орда мен Алтын Ордадары қырқыстар оның Сарай мен
Сығанақтағы билеу кезеңіне тән сипат болды. 1395 жылы Тоқтамыс Темірден
күйрей жеңіліп, Сібірге қашты.
Орыс халқының азаттық күресі, сондай-ақ Темірдің бүліншілік жорықтары
Алтын Орданың қуатын шайқалтып, оны екінші дәрежедегі мемлекет жағдайына
дейін төмендетті. Темір Алтын Орда тағына Ұрұс-хан әулетінен шыққан өз
қолдаушыларын (Қойыршақ Темір Құтлық) отырғызды, бірақ бұлар да оның
бұрынғы ықпалын қалпына келтіре алмады. Он бес жыл бойына Алтын Орданың шын
мәніндегі билеушісі болған маңғыт әмірі Едіге мұнда басты роль атқара
бастады. Ол 1399 жылы Алтын Орда тағына Темір-Құтлықтың інісі Шәдібекті
отырғызды, сөйтіп біраз уақытқа жағдайды тұрақтандырды. 1406 жылы Едіге
Тоқтамысқа қарсы Сібірге жорық жасады, содан кейін таққа өзі отырғызған
Шәдібекпен күреске кірісіп, оны қашуға мәжбүр етті. 1408 жылы Едіге Темір-
Құтлықтың баласы Поладты Алтын Орданың ханы етіп қойды. Бірақ 1411 жылы
Поладты Қырым ханы қуып шықты.
Таяу арада басталған бүліктер, әмір Едіге мен оған тәуелді хандар
арасындағы қырқыстар 1419 жылы Едігенің өзінің қаза табуына әкеп соқты.
Алтын Орда шын мәнінде орталық өкімет билігі бар мемлекет болудан қалды да,
XV ғасырдың ортасына таман біржола ыдырады; оның территориясында Қазан,
Астрахань, Қырым хандықтары пайда болды, ал Хорезм Темір әулеті
мемлекетінің құрамына енді.
Әмір Темірмен соғысудың және ішкі егестердің нәтижесінде Ақ Орда да
едәуір әлсіреді. 1423—І424 жылдары Ұрұстың немересі Барақ өзінің
бақталастарын жеңіп шығып, хандықтағы билікті басып алды, бірақ Ақ Орданың
басты қаласы Сығанақпен қоса Сырдарияның орта арысындағы ауданды Темір
әулеті басып алған еді. 1425—1426 жылдары Барақ Ұлықбекке қарсы жорыққа
шықты. Сығанақ жайлауы, — деді ол, — заң және әдеттегі право бойынша маған
тиісті, өйткені менін. атам Ұрұсхан Сығанақта құрылыс салды. Барақ Ұлықбек
әскерлерін жеңіп, Сығанақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды
өзіне алып қалды. Бірақ 1428 жылы Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билік Шайбани
әулетіне көшті; олар Барақ өлген соң Ақ Орда территориясының денін жаулап
алды; билік жүргізуші жаңа әулеттің басы Әбілқайыр хан болды.

ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Ұлыс пен ел.
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының саяси
құрылысы олардың феодалдық мәніне сәйкес еді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz