Алаш партиясының құрылуы, бастау көздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ2

Пайдаланған әдебиет9

І Кіріспе

Алаш қозғалысының бастау көздері.

ІІ Негізгі бөлім.

а) ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының отарлық езгі мен ортағасырлық шенеулікке қарсы күрес.

б) Алаш партиясының құрылуы.

ІІІ Қорытынды.

Азаттық үшін күрес жолында мерт болған

Алаш зиялылары.

КІРІСПЕ

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы - отарлық өлкесі болды. Қазақ халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай-шонжарлардың езгісінің ауыртпалылығын көтереді. Қазақстанның экономикасы мен жер оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен, діннен біртіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды.

1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдын ұлттық-территориялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә. Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгереді.

Ә. Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен - аграрлық, ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен дейді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтың съезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық мәлімдейді. Бұл оның көзқарас эволюциясының либералдық-демократиялықтан ұлттық-демократиялыққа қарай өзгеріске ұшырағанын көрсетті. Осының нәтижесінде Ә. Бөкейхановтың кадет партиясынан іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық болуға тиісті ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісуі үлкен саясаткерге тән батыл қадам болды.

Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Съезге қатынасушы саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді.

Халел Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Әлимұхамбет Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық съезд делегеттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер құрылтай съезіне дайындық және қазақтың саяси партиясын құру проблемаларына аударды.

Бірінші жалпықазақтық съезд маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру.

Жаңадан құрылған партия “Алаш” деген атқа ие болды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демокартиялық интелигенциясының көсемдері басқарған «Алаш» партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шаруашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М. Тынышбаев, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ғ. Қарашев, С. Торайғыров, Х. Ғаббасов, Ә. Ермеков, Жаһанша Досмұхамедов, М. Дулатов т. б. кіреді.

Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социалистік идеологияны, таптық принциптерге негізделген күрес бағдарламасын қабылдаған жоқ, өйткені Алаш партиясы қайраткерлерінің пікірінше сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді.

Сондықтан да олар өз күресін жалпыұлттық мүддеге негізделген “қазақ халқын отарлық езгіден, құтқару үшін” деген ұранның астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы - бірінші жалпықазақтық сьезде дүниеге келген «Алаш» партиясы болу керек деп түсінді.

1917 жылғы “Қазақ” газетінде қарашаның 21-күні жарияланған «Алаш» партиясы жобасында өз бейнесін тапты.

Саяси партия дегеніміз - таптық немесе оның белгілі бір бөлігінің мақсат - мүдделерін білдіреді және өз қатарына салдардың барынша белсенді өкілдерін біріктіреді. Партия саяси ұйым ретінде өзінің әлеуметтік негізін құрайтын белгілі бір бөлігінің мақсат-мүдделерін жүзеге асыру үшін күреседі. Әрбір қалыптасқан саяси партияның жақын кезеңдегі және перспективаның мақсаттарын айқындайтын бағдарламасы және оның ұйымдық құрылымы мен нақтылы іс-қимылын белгілейтін жарғысы болады.

Капитализм орнап, нығая бастаған жағдайда қоғамдық таптар мен әлеуметтік таптар өкімет үшін күресті өздерінің саяси партиялары арқылы жүргізді. Патшалық Ресейде саяси партиялар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көптеп ұйымдасып, өздерінің әлеуметтік тегін құрайтын қоғамдық топтар мен топтардың мақсат - мүдделерін белсенді түрде қорғай бастады.

ХХ ғасырдың басынан өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру т. с. с. қойды. Бұл істің басы-қасында ат төбеліндей аз ғана тұңғыш қазақ зиялылары жүрді.

Алаш партиясын ұйымдастырушылардың бірі Ә. Бөкейханов болды. Демек, бірінші орыс революциясы жылдарында Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары өздерінің саяси аренаға шыққан алғашқы қадамдарында сол кезде патша үкіметіне оппозицияда болған және оны сынға алып отырған кадет партиясын өздеріне үлгі тұтты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысының бастау көздері және Алаш партиясының бағдарламасы
Алаш қозғалысының ұлттық идеясы
Алаш зиялыларына қарсылық
Алаш қозғалысының бастау көздері
Алашорда үкіметінің құрылуы
Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлері
Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері
Алаш партиясы және Алашорда үкіметі
Алаш қозғалысының зерттелуі
Алаш мүддесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz