Верный бекінісі және оған дейінгі тарих
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Алматы қаласы 2
Верный бекінісі және оған дейінгі тарих 3
Верный қаласының тарихынан алынған кейбір цифрлар мен деректер 4
Алматы қаласы – оңтүстік астана 6
Қазақстан мейманханасы 9
Қолданылған әдебиеттер 9
Кіріспе
Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір
көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. Тарих төрінде көне түркі
ұрпағы болып, саңлақ "сақтар" деген асқақ атпен де танылып, бүгінде
тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің туын көтеріп отырған қазақ халқының жүріп
өткен жолы – шежірелі, қазыналы ғұмыр. Біздің ел алдымен тәуелсіздікті
аңсады, соған қол жеткізе алды.
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы. Әлем
халықтарының арасында дүниенің бір қиырынан бір қиырына өтіп барып ел
болғандары да, сан түрлі ұлт пен ұлыстың араласуы нәтижесінде
қалыптасқандары да баршылық. Қазақ - тамырын тереңге жіберген, осынау
қасиетті даласынан табан аудармаған көне дәуірдегі сақтардың, ғұндардың,
байырғы түріктердің ұрпағы, ата жұртта қара шаңырақты сақтап қалған халық.
Сіздер мен біздер жаңа мыңжылдықтың есігін аштық. Адамзат тарихындағы
өсу мен өркендеудің, даму мен болашаққа ұмтылудың қадамын бастадық. Осы
тұрғыдан ойға батқанда, Отанымыздың тарихынан оқшау орын алатын он
жылдықтың осы кезеңмен ойлас келгенін мен жақсылыққа жоримын.
Менің таңдап алған жұмысымның тақырыбы Қазақстанның 70 жылдай
астанасы болған Алматы қаласы туралы болып отыр.
Алматы қаласы
Қазақ АССР-інің астанасы (1929-1936 жж), ал 1936 жылдан бастап Қазақ
ССР-ның астанасы болды. республикалық деңгейдегі қала. Республиканың саяси,
экономикалық, ғылыми жэне мәдени орталығы, басты транспорт торабы. Қалада
1980 жылдардың басында 1 млн. адам болатын халқы бар қала болды. 6 қалалық
ауданға (Түрксіб, Әуезов, Бостандық, Медеу, Алмалы, Жетісу) бөлінеді. Іле
Алатауы жотасының солтүстік беткейінің 900 м-ге дейінгі биіктіктегі етегін
ала, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің ысырынды конусында орналасқан.
Төңірегінің табиғаты өте көркем. Алматы — дүние жүзіндегі ең көгал
қалалардың бірі (әр тұрғынына 20 м2 жасыл желектен келеді). Климаты
континенттік. Ауаның жылдың орташа температурасы 7,8°С, қаңтарда — 8°С,
шілдеде 22,3° С. Жауын-шашын көбінесе көктем айларында жауады. Қар
жамылғысы жұқа әрі ұзақ сақталмайды. Қала сейсмикалық ауданда орналасқан.
1887 ж., 1910 ж. апатты жер сілкінулер болды.
Верный бекінісі және оған дейінгі тарих
Тарихи анықтама. Қазіргі қала атырабын халық ерте заманнан бері
мекендеген. Негізінен Сақ, кейін Үйсін тайпаларының мекені болған бұл жерде
орта ғасырда Алматы қаласы ірге көтерді. Қазақ жерінің толассыз
шапқыншылықтарға ұшырау салдарынан қирап, шағын қыстаққа айналған бұл
ежелгі қаланың орнына, осы өңірдің Ресейге қосылуына байланысты, 1854 ж.
Заилийское (Верный) орыс бекінісі салынды. 1854 жылы майор Перемышльский
басқарған отряд Алматы өңірінде Верное бекінісін салуды аяқтады, ал екі
жылдан кейін, 1856 жылы, Заилийск өлкесіне енгізілген приставтық тәртіп
орталығы Верный қаласы болған Алатау округі болып қайта құрылды.
Верное бекінісінің салынуымен солтүстіктегі қырғыздардың жері
Россияның құрамына енген территорияға іргелесіп жатты. 1854 жылғы 26
сентябрьде-ақ Ыстықкөл өңірінің қырғыздары өздерін Россияның қол астына
қабылдау туралы Сібір генерал-губернаторына өтініш жасады, ал 1856 жылғы 17
январьда Омбыда олар адал болатындықтары жөнінде ант берді. Осы кезден
бастап Ыстықкөл өңірі қырғыздарының 10 мың түтіні Алатау округінің құрамына
кірді. Оңтүстік-шығыс Қырғызстан мен Ферғана аңғарының халқы Қоқан
хандарының билігінде қалып қойды.
1867 ж. Верный жаңа құрылған Жетісу облысының әкімшілік орталығына
айналып, қала саналды.
Революция қарсаңындағы Верныйда негізінен жергілікті ауыл шаруашылық
шикізаттарын өңдеуге байланысты шағын кәсіпорындар ғана болды. 1913 ж.
барлық өнеркәсіп орындарында 313 жұмысшы істеді. Мұнда спирт-арақ (10
жүмысшы), сыра (40 жұмысшы) заводтары, темекі фабрикасы (100 жұмысшы), 7
май шайқайтын шағын завод, тері өңдеу, сабын қайнату, жүн жуу және ұн
тартатын кәсіпорындар болды. Қала өзінің алма бағымен (9,2 мың га, 1917 ж.)
әйгілі еді.
Верный өз уақытында едәуір мәдениет ошағына айналды. Мұнда оқу және
мәдениет орындары ашылды. Қалада сол кезде Орталық және Орта Азияны тұңғыш
зерттеуші көптеген белгілі ғалымдар болды. 1856 ж. қалада Алматы туралы
және Іле Алатауы белдеулеріне алғашқы рет сипаттама берген географ П. П.
Семенов-Тян-Шанский, 1875 ж. геолог И. В. Мушкетов (1887 жылғы Верный жер
сілкінуі туралы елеулі еңбек жазды), географтар Н. М. Пржевальский, Г. Н.
Потанин, А. Н. Краснов және В. В. Сапожников, зоолог Н. А. Северцев,
тарихшы В. В. Бартольд т. б. тұрды. 1856—64 ж. арасында қазақтың ұлы галымы
Ш. Уәлиханов Верныйға жиі келіп тұрды.
19 ғасырдың соңында Верный қаласы патшалық Ресейдің саяси тұтқындарды
жер аударатын орнына айналды және революциялық қозғалыс орталықтарының бірі
болды. Жер аударылған социал-демократтар мұндағы бұқара арасында
революциялық үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды.
Верный қаласының тарихынан алынған кейбір цифрлар мен деректер
1854 жылдың көктемінде кейіннен Верный болып өзгертілген Іле
бекінісінің құрылысы басталған еді. Бекініс төңірегінде орналасқан казак
станицаларында алғашқы өндіріс орындары жандана бастады. 1857 жылы Татар
слабодкасына жақынырақ жерлерде сумен қосылған диірмен іске қосылса, ал бір
жылдан соң Жетісуда кейіннен ірі кәсіпкер болатын көпес Кузнецов сыра
зауытын ашты.
1867 жылдың 11 сәуірінде Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына
енген, кейіннен Жетісу облысының саяси және әкімшілік орталығына айналатын
бекініс Верный қаласы болып өзгертілді.
Мұрағат құжаттары дәлел болатын деректерге сүйенсек 1879 жылы қалада
3825 құрылыс орындары салынбақшы болатын, соның ішінде 1613-і күйдірілмеген
кірпіштен тұрғызылды. Верныйда үйлер мен ғимараттарды тек тастан немесе
кірпіштен тұрғызуға рұхсат етілді. Алайда қала маңындағы ормандарды қиу
бұрынғысынан да көбейіп кетуінен қала басшылары бақылаусыз ормандарды қиуға
және ағаш үйлерді тұрғызуға тыйым салуға мәжбүр болды. Тау шатқалдарындағы
орман сілемдерін күзету үшін әскери қарауылдар қойылды.
Кардон шатқалында басты кардон-қарауылы орнықты, Бутаковка,
Лебединское, Каменское, Комиссаровское Ремизовское команда жүзбасшыларына
арналып қазыналық құрылыстар тұрғызу үшін Бутаковкада орманды өңдеу
жүргізілді, шатқалдар жауыңгер-қарауылшылардың фамилияларымен аталып бұл
атаулар осы кезге дейін сақталынып қалған.
1871 жылдың 17 қарашасында Верныйда ірі кәсіпкерлер мен көпестерден
сайланған жергілікті басқару органдары – қалалық дума және басшылық қызмет
ете бастады.
Дума және басшылық сауданың дамуына – базар сауда орындарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz