Ұлыстардың құрылуы. Жошы ұлысы
ЖОСПАР
Ұлыстардың құрылуы 2
Жошы ұлысы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында 3
Алтын орданың саяси және мемлекеттік құрылысы 6
Тәңір діні 13
Қолданылған әдебиеттер 19
Ұлыстардың құрылуы
Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя құрған Шыңғыс-хан
өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: кіші ұлы Төлей Шыңғыс-
ханның негізгі жұртын — Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129
мың адамдық армиясының 101 мыңын алды. Монғолиядан батысқа қарай жауланып
алынған ұланғайыр территория үлкен ұлдарына бөлінді, соның өзінде олардың
әрқайсысына тұрақты армиядан 4 мың адамнан бөлініп берілді. Шыңғыс-ханның
үшінші ұлы Үгедейге Батыс Монғолия, оның ұлысының орталығы орналасқан
Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды. Өзін ұлы хан деп
жариялағаннан кейін (122829—1241) Үгедей Орхонда, Қарақорымда тұрды.
Шыңғыс-ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік
Алтайдан Амударияға дейінгі, ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Самарқанд пен
Бұхараға дейінгі жерлерді и, яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен
Мауараннахрдың денін қамтыды, Жамал Қаршидің деректері бойынша Шағатай
иелігіндегі жерлердің негізгі бөлегін құраған өлке Аларғу елі деп аталды;
оның басты қаласы Алмалық болды. Шағатайдың жазғы резиденциясы Іле өзенінің
алабындағы Құяш деген жерде болды. Оның ізбасарларының ордасы, Джувейнидің
деректері бойынша, түрікше Ұлығ Иф (Ив) деген атпен, яғни Үлкен үй деген
атпен мәлім болған. Шағатай мен оның ізбасарларының иелігіндегі жерлердің
құрамына сондай-ақ Балх және Хорасан өлкелері кірді.
Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай және
Қойлық пен Хорезм шекарасынан Саксин мен Бұлғардың татар аттарының тұяғы
тиген жерлерге дейінгі ұшы-қиырсыз аймақты алып жатты да, Жетісудың
солтүстік бөлігін және Төменгі Поволжьеге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс
Дешті Қыпшақты қамтыды. Рашид ад-диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы
Ертісте болған, бірақ басқа деректемелер бойынша ол Сарысуға жақын маңда,
қыпшақтар елінде жерленген. Ертісте, Алакөл көлінің жанында, Плано
Карпинидің дәлелдеуі бойынша, XIII ғасырдың орта шенінде Жошы ханның баласы
Орда Ежен (Орда-Ичен) тұрған Алтын Орданың құрылуына байланысты Жошы
ұлысының саяси өмірінің орталығы Төменгі Волгаға қарай ауысты.
Сонымен Қазақстанның территориясы монғолдың үш ұлысының құрамына:
үлкен (далалық) бөлігі — Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-
шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі —
Үгедей ұлысына кірді.
Жошы ұлысы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында
Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошы өзінің ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш
салды; 1227 жылғы қыста оның өлуі ғана әкесі екеуінің арасындағы соғысқа
кедергі болған еді. Жошының мирасқоры онын ұлы Батый болды. Батый қолының
Русьқа және Волгадан батысқа қарайры басқа да жерлерге жасаған қанды
жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайра дейінгі байтақ өлкені алып жатқан,
орталығы Төменгі Волгада орналасқан ұлан-байтақ мемлекетке айналдырды.
Тарихи әдебиетте бұл мемлекет Алтын Орда деген атқа ие болды. Алтын Орданың
астанасы Сарай-Бату (қазіргі Астрахань манында) болды, кейінірек астана
Сарай-Беркеге (Волга бойымен Сарай-Батудан жоғарырақ) көшірілді.
Алтын Орда ұғымы біртекті емес: бір жағдайда Алтын Орда деп Батый
мен оның мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Поволжье мен
Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.
Батый (1227—1255) зор беделге ие болды және империяны өзінің
қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен бірге биледі. Алайда Батый да,
оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар
болмады. Жошы ұлысы үлестерге — оның көптеген ұлдарының ұлыстарына ыдырады.
Алтын Ордада, өз кезегінде, ұлыс жүйесі қалыптасты. Әбілғазыда (XVII ғ.)
деректемеге сүйенбей келтірілген аңыз бойынша Батый солтүстік елдеріне —
Шығыс Европаға (1236— 1242 жж.) —жасаған жеті жылдық жорықтан оралғаннан
кейін өзінің інісі Орда-Еженге былай деген: Бұл жорықта сен біздің
ісіміздің аяқталуына жәрдемдестің, сондықтан он мың семьядан тұратын халық
саған беріледі; енді бір аудармада сол сенің әкең тұрған жерде, яғни
Ертістің жоғарғы ағысында деген сөздер қосылған. Әдет-ғұрыпқа батыл Батый
өзінің басқа бауырларына да үлес берген.
Іс жүзінде ХІІІ ғасырдың ортасынан бастап Орда-Ежен ұлысы дербес
мемлекет болып, Шығыс деректемелерінде ол Ақ Орда деп аталған. Оған билік
жүргізгендер хан атағын иеленіп, олармен Батый хан және оның мирасқорлары
ғана емес, сондай-ақ бүкіл империяның жоғарғы хандары да санасып отырған.
Рас, кейде Алтын Орданың хандары Ақ Ордада таққа отырғандарға ел билеуге
жарлық беріп отырған, бірақ мәселе осымен тынып, мемлекет істеріне нақты
араласу болмаған. Алтын Орданың хандары Иран әміршілерімен үнемі дұшпандық
қатынаста болғанымен, Ақ Орданың хандары XIII—XIV ғасырлардың межесінде,
Хулағу ұрпақтарымен дипломатиялық байланыста болып, елшілер алмасып отырды.
Орда-Ежен ұлысынан батысқа қарай Шайбан иелігіндегі жерлер жатты.
Шайбан ұлысының бөлінуі туралы Махмұд ибн Уәли былай деп хабарлайды:
...Шыңғыс-ханның ұлы Жошыханның баласы Шайбанхан жеті жылдық жорықта
астар, орыстар, черкестер және бұлғарлар елдерін жаулап алған кезде ыждаһат
көрсетіп, ағасы Бату ханнан сыйлық ретінде төрт омақ алды. Зубдаг әл-
асарда осы омақтардың аттары келтірілген, олар: қосшы, найман, бұйрақ
және қарлұқ тайпалары. Шайбан үлесіндегі территория туралы Әбілғазы былай
деп хабарлайды: Шайбан жазда Орал бөктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз
өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерде, ал қыста — Арал теңізінің
бассейнінде, Шу, Сарысу өзендерін бойлап және Сырдарияның төменгі ағысында
көшіп жүрген.
XIII ғасырдың екінші жартысындағы — XIV ғасырдың басындағы Алтын
Орданың тарихы орыс князьдіктерімен (XIII ғасырдың соңғы ширегінде ғана
монғолдар орыс жерлерін қанға бояп, Руське 15 жорық жасаған), Иранның
Хұлағу әулеттерімен болған үздіксіз соғыстарға толы; бұлардан Берке (1257—
1266) мен оның мирасқорлары Азербайжанға және Оңтүстік Каспий маңындағы
басқа да жерлерді иемдену правосына таласты. Меңгу-Темір тұсында
(1266—1280) Алтын Орда Монғол империясының орталығынан біржола оқшауланып,
тұңғыш рет өз атынан теңге құя бастады, Орта Азия мен Жетісуда Шағатай
әулетінің билігін нығайту үшін ұлы ханға қарсы күресінде Хайдуды қолдап
отырды.
Өзбекханның (1312—1342) және оның баласы Жәнібектің (1342—1357)
тұсында Алтын Орданың күш-қуаты барынша кемел кезіне жетті. Өзбекхан Орда-
Ежен ұрпақтарын бұрынғы вассалдық тәуелділігіне қайтаруға тырысып,
Сығанақта өзінің баласы Тыныбекті хан тағына отырғызды; "алайда ол көп
кешікпей өлтіріліп, билік Орда-Еженнің ұрпақтарына қайта көшті.
Алтын орданың саяси және мемлекеттік құрылысы
Монғолдың жаулап алуы бағындырылған елдер халықтарының әлеуметтік-
экономикалық құрылысын тұтас алғанда өзгертпегенімен, олардың қоғамдық-
саяси өмірі мен тұрмысына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Отырықшы-
егіншілікпен айналысатын өңірлердегі дінбасылары, көпестер, ірі феодалдар
және түріктердің көшпелі аксүйектері монғол хандары мен феодалдарының
тірегіне айналды, ал еңбекшілер екі жақты экономикалық және саяси езгіге
ұшырады.
Монғол империясы хандық құрушы Шыңғыс әулетінің бірлесіп билейтін
меншікті жері деп саналды. Тосыннан қарағанда басқару мен бүкіл ел хандық
дәрежесі бар бір адамға ғана сеніп тапсырылған сияқты көрінгенімен, — деп
жазды Жувейни, — шындығында бүкіл ұрпағы мен немере ағалары жерді және
қоғамдық дәулетті ортақтаса пайдаланды.
Шыңғыс ұрпағының басы державаның ең жоғарғы әміршісі болып табылатын
ұлы хан болды. Ол өзінің жоғарғы өкімет билігінің бірден-бір атрибуты
болған қаан (қаған, хақан) деген атаққа ие болды. Ұлы ханның мемлекет
басшысы ретіндегі праволары әскери, заң шығару және әкімшілік билігін
қамтыды. Жоғарғы өкімет билігінің бірлігі идеясы империяның өмір сүруінің
алғашқы ондаған жылдарында теңге құюдан көрініс тапты. Түрлі ұлыстардың
қалаларында, оның ішінде Орта Азия қалаларында да шығарылған теңгелер,
әдеттегіше, анонимді түрде болды, оларда ұлы ханның есімінің немесе өзінің
таңбасының ойылып жазылуы едәуір сирек кездесетін. Алтын Ордаға келген шет
жерлік елшілердің Қарақорымға жіберіліп отырғанына қарағанда, шетел
мемлекеттерімен келіссөз жүргізу правосы ұлы ханда болған.
Мемлекеттегі ақша шаруашылығының жайын, сондай-ақ хулагуид Иранында
және Алтын Ордада ақша жүйесін ұйымдастыру тәжірибесін есепке ала отырып,
1321 жылы жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде билік жүргізіп отырған
Шағатай әулетінің атынан құйылатын жаңа жалпы мемлекеттік күміс ақша
кебеки динарлары енгізілді.
Алайда феодалдық қақтығыстар, хан өкіметінің әлсіреуі Кебек-ханның
реформасының нәтижелерін жоққа сайды.
Елді басқару іс жүзінде жергілікті өкіметтің қолында болды, бар
айырмашылығы әкімшілік басқару жүйесінде бұрынғы билеушілердің орнына
көшпелі түрік-монғол тайпаларының басшылары келді.
Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік құрылысының негізгі бастамасы
сақталды. Жошы ұрпағының мемлекеті, саяси құрылысы жағынан ұлыстарға
бөлінген, өз кезегінде ұлыстары неғұрлым ұсақ үлес иеліктерге бөлшектенген
әдеттегі көшпелі мемлекет болған еді.
Алтын Орданың ішкі басқару жүйесінде қызмет адамдарынан, сондай-ақ
көшпелі, әскери ақ сүйектерден құралған әкімшілік-чиновниктік аппараты
маңызды орын алды. Армияны және мемлекеттің ішкі істерін тікелей басқару
үшін ерекше лауазымдар белгіленді, сөйтіп Жошы ұрпағынан шыққан хан әдетте,
жағдайдың егжей-тегжейін байыптамай-ақ, өзіне баяндағанмен ғана
қанағаттанды, бірақ алым жинау мен жұмсауға қатысты жекелеген жайларға зер
салмады. Ханның атынан бүкіл әскери істі беклар-бек басқарды, ал азаматтық
биліктің басы уәзір болды.
Беклар-бек әскери өкіметтің өкілі ретінде патшалар мен сұлтандардың
кеңесшілері — уәзірден дәреже жағынан жоғары тұрды; ол сондай-ақ басқа
мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды басқарды және негізгі әмір
ретінде азаматтық істерді шешкен кезде жоғары сот билігін өз қолында
ұстаған болса керек Беклар-бек әкімшілік-территориялық бірліктерді
басқарған ұлыстың негізгі төрт әмірінің құрамына кірді. Уәзір орталық
үкіметтің атқарушы өкіметінің басшысы, мемлекетті азаматтық тұрғыдан
басқару ісінде ханның кеңесшісі болды. Әл-Омаридың деректеріне сәйкес,
уәзір наместниктерге бұйрық беріп отырған және нағыз сұлтан сияқты ақша
жағына жеке билігін жүргізді, Беклар-бектің әскери істе жеке өзі билік
жүргізетіні сияқты (нақ солай) тіпті ең маңызды істерде басқару мен
ауыстырып отыру билігін ұстады.
Алтын Орда мемлекетін басқару жүйесінде даруғалар мен басқақтар
маңызды орын алды. Даруғалар негізінен салық жинаумен шұғылданды, басқақтар
басқару міндетін де атқара отырып, жергілікті халыққа әскери бақылауды
жүзеге асырды. Кейбір жергілікті жерлерде олар салық жинау хақысын алушылар
ретінде де көрініп отырды.
Атқарушы өкіметтің орталық органы — диуанның — өзінің қарауында
финанс, салық және басқа ведомстволар болды, диуанның бітікші деп аталатын
секретарьлары болды.
Чиновниктік аппараттың пайда болуы, көшпелі-әскери ақсүйектерді
мемлекеттік және әкімшілік істерге тарту жаңа жағдайларда өзінің маңызынан
айырылған кейбір көшпелі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді ығыстыруға ықпал
етті, бірақ тұтасымен алғанда Алтын Орда мемлекетінің барған сайын орныға
түскен феодалдық қатынастарға сай болған көшпелі әскери сипатын өзгерте
қойған жоқ.
Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы тұтас алғанда Шыңғысхан енгізген
үлгінің ізімен жүрді. Мемлекет Жошы ұрпағынан шыққан хандардың меншігі
саналды. Аса маңызды мемлекеттік мәселерді шешу үшін билеуші әулет мүшелері
бастаған ақсүйектердің жалпы жиналысы-құрылтай шақырылатын болған. Армияны,
басқа мемлекеттермен арадағы елшілік қарым-қатынасты беклер бегі басқарған.
Атқарушы өкіметтің орталық орыны — диуан басында уәзірі тұрған. Қалалар мен
бағынышты ұлыстарға даруғалар мен басқақтар тағайындалған, олардың міндеті
— алым-салық жинау болған. Ең маңызды қызметтерді хан отбасының мүшелері
атқарған. Ірі-ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадұрлар әскербасы-түменбасы,
мыңбасы, жүзбасы болып тағайындалған.
Алтын Ордада жаулап алынған жерлер мен халықтарды басқару мен
иемденудің ұлыстық жүйесі құрылады. Батудың тұсында Жошы ұлысы екі бөлімге
— оқ және сол қанат болып бөлінеді, бұл іс жүзінде әртүрлі екі мемлекет
болатын. Оның (ұлыстың) оң қанатын Батудың өзі және оның мұрагерлері
басқарады. Сол қанатқа Жошының үлкен ұлы Орда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz