1916 жылғы Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыс
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс 3
Қазақ ұлтының зиялыларының ұлт-азаттық көтеріліске ұстанымы 13
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17
Кіріспе
Ұлт-азаттық көтеріліс...
Елінің намысын жыртып, елдігін, жерін қорғап, басын өлімге байлаған
бүкіл халықтың көтерілісін тарихшылар ұлт-азаттық көтеріліс деген атпен
сипаттап жүр.
Ұлт-азаттық көтеріліс - әділетсіздікке, басқыншылыққа, қанау, тонау,
алдау, елді ішінен іріту сияқты арам әрекеттерге қарсы халықтың қарулы
күресі. Ұлт-азаттық көтерілісі адамзат тарихындағы ең әділетті қимыл десек
дұрыс болар еді.
Қандайда болмасын халықтың көтерілісі артында қалған ұрпақтарына
ұран болатын ерліктің сипаты екені де шындық.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі – нағыз елдігі мен
ерлігі, қияметі мен қиындығы мол, басқа амалдың жолы да, жөні де, барар
жері де, басар тауы да қалмаған соң, тәуекелге бел байлап, лап ете түскен
құдіреті де, күйініштілігі де мол тірлік еді. Сол себепті, қазақ халқының
тағдыры мен тарихында бұл көтерілістің жөні де, жолы да, маңызы да ерекше-
ақ.
Бұл – қазақ халқының ғұлама перзенті Мұхтар Әуезов айтқанындай
қазақтың бесігіндегі баласының көзіне де елестегендей халық елдігін жойып
бара жатқан қаралы кезеңнің туындысы еді.
Иә, 1916 жылғы көтерілістің ел өміріндегі орны ерекше-ақ!
Академик М.Қозыбаевтың: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс қазақ
сахарасының топырағынан туған ұлттық-революция... Ол халқымыздың XX
ғасырдағы қуанышы мен трагедиясының қайнар басы болатын,- деген тұжырымы
дөп айтылған, әділ пікір. Бұл – нағыз шындық, ғұлама ғылыми пікір
екендігіне күмән жоқ.
Біздің семестрлік жұмысымыз осы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты
қазақ зиялыларының саяси ұстанымдары туралы болмақ.
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары. 1916 жылғы
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың тууына әсер еткен жағдайлар
төмендегідей: а) Столыпин реформасы кезінде жергілікті халықтың жерін
тартып алудың үдей түсуі; ә) Бірінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары; б)
Дәстүрлі шаруашылықтың дағдарысқа ұшырауы; в) Өлкені тонаудың күшейе түсуі,
алым-салықтардың еселеп көбеюі; г) Орыстандыру саясатының асқына түсуі,
рухани отарлау. Бір ғана Түркістан өлкесіне соғыстың тигізген зардаптарына
көңіл аударайық. Соғыс жылдарында осы бай өлкені отаршыл Ресей билеп-
төстеушілері сүліктей сорды. Түркістан генерал-губернаторлығына кіретін
Самарқан, Сырдария, Ферғана, Закаспий, Жетісу облыстары мен Хиуа, Бұхар
аймақтарынан соғыс қажетіне жөнелтілген тауарлар мен азық-түлік мөлшері:
мақта — 41 млн пұтқа жуық, киіз — 38 мың шаршы метр, ет — 300 мың пұт,
балық — 474 мың пұт, жылқы — 70 мың, түйе — 13 мың, арба — 270, киіз үй —
20 мың, сабын 230 мың пұт, мақта майы — 37 млн пұт.
Өмір сүрудің негізгі көзі мал шаруашылығы болған қазақтар үшін Ресей
империясының соғысқа белсене қатысуы шаруашылық зардаптарын тереңдете
түсті. Күнделікті пайдаланылатын тауарларға бағаның еселеп көтеріліп кетуі
шаруашылық ахуалды күйзелтіп, ал бұл әлеуметтік және саяси қарсылықты
жеделдетті. Семей мен Ақмола облыстарында 1916 ж. күнделікті пайдаланылатын
заттарға баға төрт есе көтерілген, соның ішінде бұл өсім киімге — 200–300
пайыз, қантқа — 250 пайызға өскен.
Көтерілістің басты себебі: қазақ жерлерін отарлау, қазақ жерлерін
қоныс аударған орыс шаруаларына күшпен тартып әперу саясатының салдары еді.
Көшпелі тұрмыс жағдайында қазақтардың өмір сүруін қамтамасыз ететін жердің
заңмен Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жариялануы, артық
жердің тек қазынаның пайдасына кетуі жағдайды шиеленістіре түсті. 1916
жылдың өзінде қазақтардың 45 млн га жері (Жетісу облысының бір өзінен ғана
1914—1916 жж. 1800 мың дес.) қоныстандыру қорларына өтті. Мәселен, М.
Тынышбаевтың көрсетуінше, тек Лепсі уезінен қоныс аудару басқармасы 61 мың
дес. жерді басып алды. 1910 ж. Жетісу өлкесінде қоныс аударушылардың елді
мекендері бір-біріне тіркесіп, тізіліп жатқанын хабарлайды. Қазақтардың
иелігінде тек қыстаулары ғана қалдырылды. Қазақтардың көптеген арыз-шағымы
қараусыз қалды. Мал шаруашылығы құлдырап, жақсы жерді алып қойған соң
егіншілік ісі азая түсті.
Бір сөзбен айтқанда, аграрлық мәселенің шиеленісуі және ұлттық езгінің
күшеюі елді дағдарысқа тіреді. Бұл дағдарыстың айқын көрінісі Қазақстан
және Орта Азия халықтарының 1916 жылғы жалпы бұқаралық сипат алған ұлт-
азаттық қозғалысы болды. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтыған
қозғалыс барысында жалпы ұлттық ұрандар көтерілді. Күн тәртібіне
жалпыұлттық мәні бар ұрандар қойылуы және жергілікті халық мүдделерінің
ортақтығы қозғалыстың дербес дамығандығын көрсетеді.
Оның негізгі қозғаушы күші — қазақ ауылының еңбекші шаруалары, оған
ішінара жұмысшы табы өкілдері, байлар да, билер де, молдалар да, болыс
басшылары да, интеллигенцияның әр түрлі топтары да белсене араласты.
Көтеріліс ең алдымен отаршыл жүйеге қарсы бағытталды да, қазақ халқының
ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді. Ал оның әлеуметтік мәні — өз
билеушілеріне қарсы күрес екінші кезекке ысырылды.
Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған үлкен қозғалысты Жетісу
облысында — Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, С.Қанаев, Қ.Шорманов, Қ.Құдайбергенов,
Т.Бокин, Б.Әшекеев; Торғай облысында — Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ә.Жангелдин;
Ақмола облысында — Ә.Майкөтов; Бөкей даласында — С.Меңдешев, Ақтөбе
облысында — Б.Алманов, Сырдария облысында — Т.Рысқұлов, Орал облысында —
Ә.Әйтиевтер басқарды.
Көтерілістің Торғай және Жетісу ошақтары. Ұлт-азаттық қозғалыстың
басталуына себеп болған — Петербург сарайының “бұратаналарды” қара жұмысқа
шақыру туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы ашық күнде төбеден түскен
жай оғындай әсер етті.
Тым асығыс жағдайда жергілікті тұрғындардан майданға қара жұмысқа
аттандыру туралы шешім халықты да, отарлық әкімшілікті де қиын жағдайға
тіреді. Адамдар тізімдерінің, 19 және 31 жас арасындағы ер азаматтардың
тіркелген құжаттарының жоқтығы қосымша қиындықтарға соқтырды.
Торғай, Ақмола, Орал, Семей және Жетісу облыстары өкілдерінің арнайы
мәжілісінің шешімін дайындауға Ә. Бөкейханұлы, М.Дулатұлы, О.Алмасұлы
қатысты. Осы мәжіліс хаттамасының алғашқы үш бөлімінде патша үкіметі
шешімінің асығыстығы, халық мүддесіне қайшылығы ашып көрсетілген.
1916 ж. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы А.Н.Куропаткиннің
патшаға жазған рапортында “бұратаналық” жұмысшылар майдан шебінің соғыс оты
мейлінше қайнаған шептеріне жеткізіліп қырылады, олардың иеліктері
(жерлері) казактарға үлестіріліп беріледі деген үрейлі хабарлар
түземдіктердің көтерілуін жылдамдаттың делінген.
М.Әуезовтің “Қилы заман”, Ж.Аймауытовтың “Қартқожа” романдарында осы
кезеңдегі халықтың жан дүниесіндегі аласапыран толқыныс шынайы суреттеледі.
“Қария қабағын шытынып, шын назаланып, айласы бітіп күрсінді. Қатын-
бала ұлардай шулады. Жігіт-желең сол күні-ақ “бармаспын” деген ниетті ойлап
Алатаудың сенімді қиын тасына, қара үңгірдей қалың жыныс қарағайына қарады.
Барлық ел, еңкейген кәріден еңбектеген жасқа шейін, ертелі-кеш ылғи осы
жайды ғана сөйледі. Ел апатты сезді”.
Патша жарлығын “Зілді бұйрық” деп атаған халық жыршысы Жамбыл:
Халықтың еркі кетті баласынан,
Сөзімнің ғибрат ал сарасынан.
Ақ патша бұйрық қылды солдат бер деп:
Он тоғыз — отыз бірдің арасынан.
Осыған тірі отырып көнеміз бе,
Іріктеп бар боздақты береміз бе?!
Болмаса елдік қылып, тізе қосып,
Батырға қол бастаған ереміз бе?! —
деп халыққа үн тастап, кеңінен кеңесіп ақылдасуға шақырды.
Алғашқы кезде көтеріліс стихиялы сипатта жүрді. Отарлық езгі мен
озбырлық саясат әбден титықтатқан халықтың ақ патшаға қарсы толқулары
Қазақстанның қиыр-шиырын қамтыған үлкен көтеріліске ұласты. Отардағы
қарсылықтың алғашқы орталығы Жетісуда пайда болды.
1916 жылғы көтерілістің Жетісудағы ірі ошағы — Қарқара аймағындағы
Ереуілтөбеде болды. Ол тарихта Қарқара көтерілісі деп аталынды (патша
үкіметінің құжаттарында оны “Албан көтерілісі” деп те атайды). Қарқара
көтерілісінің алғышарттары мен ерекшеліктері: 1) Бұл өңірдің Қытай жеріне
жақындығы (Қытайға қашып бас сауғалау мүмкіндігі; 2) Таулы жерде патшаның
қарулы күші — пулемет, зеңбірек сияқты қаруларды пайдаланудың қиындығы; 3)
Бұл өңірдің патшалық құрамына басқа қазақ жерлерінен әлдеқайда кеш қосылуы
себепті бостандық, тәуелсіздік сезімі әлі де басыла қоймағандығы әсер етті.
Жетісуда сол кездегі Верный, Жаркент, Лепсі, Қапал уездеріне қарасты
кейбір болыстарда ірі көтерілістер орын алды. Жетісуда бүліктің
басталғандығы туралы ресми мәлімет Ташкентке тамыз айының 6-сында жеткен.
Осы күні Верный уезінің оңтүстік-шығыс өңірінде, Асы өзенінің бойында екі
болыстың тізімін дайындау үшін келгендерге қарулы қарсылық көрсеткен. Сол
күні Самсы өзені бойында Верныйдан 100 шақырымдық жерде қазақтар
бағаналарды құлатып, байланысты үзіп тастайды. Осы айдың 9-да
көтерілісшілер қолы Қордай асуынан Верный қаласына дейінгі барлық
пошталарды талқандайды.
1916 ж. 9 тамызда көтеріліс біртіндеп Шу өңіріне ауысты. Әулиеата
уезінің Жетісу облысымен шекаралас ауылдарында көтеріліс кезінде Әулиеата —
Бішкек уездерінің аралығындағы келімсек шаруалар қоныстарының астан-кестеңі
шықты. Орыс шаруаларының ірі қоныстарының бірі Новотроицк селосындағы
көтерілісшілермен қақтығыста 40 шақты адам шығыны болды. Бұл аймақ
көтеріліс ұшқынының Орта Азияға жайылуында өзіндік көпір іспеттес рөл
атқарды.
Жазалаушы жасақтар қимылы. 1916 жылғы тамыз айының 21-інде Ташкентте
жергілікті қауымның мәжілісіндегі сөзінде Түркістан генерал-губернаторы
Куропаткин патшаның маусым жарлығын қандай кедергі болса да іске асырудан
бас тартпайтындығын мәлімдеді. Күш көрсетуден тайынбайтындығын білдіреді.
Сөзінде тұрған Түркістан генерал-губернаторы “бұратана” халықтардың
көтерілісін қанға бояумен ерекше көзге түсті.
Қазақстан мен Орта Азияның басқа аймақтарындағы көтерілістің кеңінен
етек жаюы патша әкімшілігінің ерекше үрейін алды. Көтеріліс Түркістан
өлкесінің құрамына кіретін барлық дерлік қазақ ауылдарын шарпыған болатын.
Түркістан өлкесі соғыс жағдайында деп жарияланады. Олар бірден-ақ халық
қозғалысын қатаң жазалау шаралары арқылы басып тастау керек деп шешті.
Бұған дейін де талай уақыт бойы отарлық езгінің шектен тыс тауқыметін кешіп
келе жатқан қазақ халқының басына тағы да ауыр күндер туды.
Қозғалысты басуға негізінен Түркістан, Омбы, Қазан, Пермь әскери
округтерінде жасақталған әскери құрамалар, казак әскерлері қатысты.
Жазалаушы топтар үш бағытта: Әндіжан қаласы мен Нарын бекінісі жағына
Черняевты (Шымкентті) басып өтетін жол арқылы Пішпек және Тоқмақ қалалары
бағытына; темір жолмен Семейге, осы қоныстан Сергиополь — Лепсі — Верныйға
аттандырылған. Бүкіл Түркістан аймағы бойынша көтеріліс ошақтарын басуға
пайдаланылған әскери бөлімдердің құрамы: 14 батальон, 33 жүздік, 42
зеңбірек, 69 пулемет, сонымен қатар, тек Жетісу қазақтарын ойрандауға 3,5
дружина (еріктілерден құралған жасақ), 7 атқыштар ротасы, 5 жүздік, 14
зеңбірек пайдаланылды. Бұл әскери бөлімдердің қимылдары 1916 жылғы шілде
айының 13-і мен 1917 жылғы қаңтар айының 25-і аралығында өтті.
Көтерілістің екінші бір ошағы — Торғай облысындағы қозғалысты басу
үшін генерал Лаврентьев бастаған арнайы жазалау экспедициясы жасақталды.
Оның құрамында Қостанай, Ақтөбе, Торғай, Ырғыз жасақтары мен казак
жасақтары болды. Барлығы 17 жаяу әскер ротасы, 19 жүздік пен эскадрон, 14
зеңбірек пен 17 пулеметтен тұрды. Лаврентьев экспедициялық корпусында 10
жүк машинасы, үш телеграф станциялары, 2–3 аэроплан болды. Кейіннен 1916 ж.
13 қарашада әскери қимыл ауданына Қазан, Пермь, Орынбордан қосымша полктер
тартылды.
Көтерілісшілер біраз жерлерде жазалау жасақтарына күшті қарсылықтар
ұйымдастырды. Әсіресе Торғай ошағында көтерілісшілер саны, Қазан әскери
округінің генералы Сандецкийдің 1916 ж. 26 қарашадағы хабарына қарағанда,
50 мың сарбазға дейін жеткен. Сондықтан Бас штаб бұл компаниялардың жүйелі
түрде ұйымдасқан негізде әрекет етуіне, техникалық құралдармен
жабдықталуына ерекше мән берді.
Ал Ақмола және Семей облыстарындағы көтерілісшілерге қарсы генерал
Ягодкин бастаған 12 атты әскер жүздіктері, 11 жаяу әскер роталары
жіберілді. С. Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу” атты тарихи мемуарлық
шығармасы 1916 жылғы жаздағы жалпыхалықтық қозғалыстың барысын көз
алдымызға елестетуге мүмкіндік береді. Кейбір деректерге қарағанда Тінәлі
руынан тұратын ауылдарда көтерілісшілер жасағы 15 мыңға жеткен. Олар 40
ұстахана салып, онда қару-жарақ соққан. Бірақ Ақмола, Семей, Орал
облыстарындағы жалпыхалықтық бас көтерулер үлкен қарулы қақтығыстарға
апарған жоқ. Бұл жерлердегі Сібір, Орал, Қазан әскерлері өз бақылауын жіті
жүргізіп отырды.
Күшті қарсылықтар Торғай облысында ерекше байқалды. Амангелді Иманов
бастаған көтерілісшілер жазалаушылармен әлденеше рет шайқастар өткізді.
Мәселен, Татыр көлінің маңында болған шайқаста патша әскерлерінің бір
жүздігіне тек қылыш және мылтықпен қаруланған 4 мыңдай көтерілісші қарсы
тұрды. Шайқас нәтижесінде 300-ден астам көтерілісші және 3 жазалаушы қаза
тапты.
Түркістан өлкесіндегі жазалау жасақтарының қиянатын арнайы тексерген
Мемлекеттік Думаның комиссиясы патша әскерлерінің айрықша қаталдықпен қимыл
жасағанын, ер-азаматты ғана емес, әйелдер мен балаларды да аяусыз қырғынға
ұшыратқанын атап көрсетеді.
“Біздер түн қараңғысын жамыла жәрмеңкеге бардық, — деп еске алады
нәубет куәгері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz