Жошы ұлысы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
Ұлыстардың құрылуы 4
Жошы ұлысы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында 5
Алтын орданың саяси және мемлекеттік құрылысы 8
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 17
КІРІСПЕ
Адам болашақты неғұрлым көп ойласа, өткенді соғұрлым көбірек білгісі
келеді. Қазақтың мәшһүр жазушысы Ілияс Есенберлиннің осы сөзі бүгінде
айрықша мәнді, өйткені бүгінде Қазақ мемлекетінің болашағы құрылуда. Ал бұл
болашақ оның іргетасының мызғымастай берік болып орнатылуына байланысты.
Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу, дербес мемлекет құру тарихында
Шыңғыс хан мен оның үрім-бұтағы билеген мемлекет үлкен рөл атқарған. Түркі-
монғолдар жауларын санмен емес, сапамен жеңді. Өйткені оларда мықты тәртіп,
ғажайып ұйымдастырушылық қасиет болды. Оған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен
қолбасылық қабілетінің ерекше жоғарылығы қосылды. Ол орнатқан жүйе мен
тәртіп далалық өркениетті әрі қарай жетілдірді. Кейіннен бұл жүйе мен
тәртіп басқа халықтарда жалғасын тауып, атап айтқанда, қазақтарда XIX
ғасырға дейін, яғни олар өздерінің көшпенділік қалпын жоғалта бастаған
кезге дейін сақталды.
Монғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың,
Түркістанның, Жетісудың түркі тайпалары бір мемлекетке біріктіріліп,
алдымен қазақ хандығының, кейіннен қазақ ұлтының шығуына, яғни қалыптасуына
жағдай жасалынды[1]. Сөйтіп Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейін, көп
ұзамай қазақ халқының этникалық территориясы қалыптаса бастады. Қыпшақ
сахарасының халықтары ертеректе мемлекет құрған түркі текті арғын, найман,
керей, жалайыр, маңғыт, онғұт т.б. тайпалармен қосылып, көп этностық
"қайнаған қазанда" екі жүз жыл ішінде қазақ этносы болып қалыптасты[2].
XIV—XV ғасырларда түркі-монғол этносы бөлшектеніп, бірнеше ұлттық
мемлекеттер пайда болды. Мағжан ақын айтқандай, қазақтар "қара шаңырақтың"
иесі болып қалды.
Алтын Орданың құрамында болған ұлыс Ақ Орда, шын мәнінде, қазақ
мемлекеті болды. Өйткені негізін Жошы қалаған бұл ұлыс Сырдариядан Алтайға,
Оңтүстік Оралдан Жетісуға дейінгі қазіргі қазақ даласын алып жатты[3].
Екіншіден, бұл даланы ерте кезден-ақ түркі тілді тайпалар жайлады. Олар
монғол шапқыншылығынан кейін қосылған тайпаларды бойына сіңіріп, қазақтың
этникалық құрамын қалыптастырды.
Сондықтан Отанымыз тарихындағы осы бір кезеңді зерттеуге жаңаша
көзқарас туғызып, оған дейінгі қалыптасқан кері пікірлерден оны тазарту
керек. Ол үшін XII—XIII ғасырларда өмір сүрген түркі-монғол тайпаларының
саяси-әлеуметтік, экономикалық даму ерекшеліктерін, әдепті-құқықтық
жүйелерін оның негіздерімен тікелей байланыстыра отырып зерттеу қажет. Бұл
сол дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, әскери-құқықтық жүйені
асыра дәріптеу емес, керісінше сол замандағы мемлекеттік құрылымға сай
тұрғандығын дәлелдеу.
Ұлыстардың құрылуы
Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя құрған Шыңғыс-хан
өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: кіші ұлы Төлей Шыңғыс-
ханның негізгі жұртын — Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129
мың адамдық армиясының 101 мыңын алды. Монғолиядан батысқа қарай жауланып
алынған ұланғайыр территория үлкен ұлдарына бөлінді, соның өзінде олардың
әрқайсысына тұрақты армиядан 4 мың адамнан бөлініп берілді. Шыңғыс-ханның
үшінші ұлы Үгедейге Батыс Монғолия, оның ұлысының орталығы орналасқан
Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды. Өзін ұлы хан деп
жариялағаннан кейін (122829—1241) Үгедей Орхонда, Қарақорымда тұрды.
Шыңғыс-ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік
Алтайдан Амударияға дейінгі, ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Самарқанд пен
Бұхараға дейінгі жерлерді, яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен
Мауараннахрдың денін қамтыды, Жамал Қаршидің деректері бойынша Шағатай
иелігіндегі жерлердің негізгі бөлегін құраған өлке Аларғу елі деп аталды;
оның басты қаласы Алмалық болды. Шағатайдың жазғы резиденциясы Іле өзенінің
алабындағы Құяш деген жерде болды. Оның ізбасарларының ордасы, Джувейнидің
деректері бойынша, түрікше Ұлығ Иф (Ив) деген атпен, яғни Үлкен үй деген
атпен мәлім болған. Шағатай мен оның ізбасарларының иелігіндегі жерлердің
құрамына сондай-ақ Балх және Хорасан өлкелері кірді.
Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай және
Қойлық пен Хорезм шекарасынан Саксин мен Бұлғардың татар аттарының тұяғы
тиген жерлерге дейінгі ұшы-қиырсыз аймақты алып жатты да, Жетісудың
солтүстік бөлігін және Төменгі Поволжьеге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс
Дешті Қыпшақты қамтыды. Рашид ад-диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы
Ертісте болған, бірақ басқа деректемелер бойынша ол Сарысуға жақын маңда,
қыпшақтар елінде жерленген. Ертісте, Алакөл көлінің жанында, Плано
Карпинидің дәлелдеуі бойынша, XIII ғасырдың орта шенінде Жошы ханның баласы
Орда Ежен (Орда-Ичен) тұрған Алтын Орданың құрылуына байланысты Жошы
ұлысының саяси өмірінің орталығы Төменгі Волгаға қарай ауысты.
Сонымен Қазақстанның территориясы монғолдың үш ұлысының құрамына:
үлкен (далалық) бөлігі — Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-
шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі —
Үгедей ұлысына кірді.
Жошы ұлысы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында
Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошы өзінің ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш
салды; 1227 жылғы қыста оның өлуі ғана әкесі екеуінің арасындағы соғысқа
кедергі болған еді. Жошының мирасқоры онын ұлы Батый болды. Батый қолының
Русьқа және Волгадан батысқа қарайры басқа да жерлерге жасаған қанды
жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайра дейінгі байтақ өлкені алып жатқан,
орталығы Төменгі Волгада орналасқан ұлан-байтақ мемлекетке айналдырды.
Тарихи әдебиетте бұл мемлекет Алтын Орда деген атқа ие болды. Алтын Орданың
астанасы Сарай-Бату (қазіргі Астрахань манында) болды, кейінірек астана
Сарай-Беркеге (Волга бойымен Сарай-Батудан жоғарырақ) көшірілді.
Алтын Орда ұғымы біртекті емес: бір жағдайда Алтын Орда деп Батый
мен оның мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Поволжье мен
Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.
Батый (1227—1255) зор беделге ие болды және империяны өзінің
қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен бірге биледі. Алайда Батый да,
оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар
болмады. Жошы ұлысы үлестерге — оның көптеген ұлдарының ұлыстарына ыдырады.
Алтын Ордада, өз кезегінде, ұлыс жүйесі қалыптасты. Әбілғазыда (XVII ғ.)
деректемеге сүйенбей келтірілген аңыз бойынша Батый солтүстік елдеріне —
Шығыс Европаға (1236— 1242 жж.) —жасаған жеті жылдық жорықтан оралғаннан
кейін өзінің інісі Орда-Еженге былай деген: Бұл жорықта сен біздің
ісіміздің аяқталуына жәрдемдестің, сондықтан он мың семьядан тұратын халық
саған беріледі; енді бір аудармада сол сенің әкең тұрған жерде, яғни
Ертістің жоғарғы ағысында деген сөздер қосылған. Әдет-ғұрыпқа батыл Батый
өзінің басқа бауырларына да үлес берген.
Іс жүзінде ХІІІ ғасырдың ортасынан бастап Орда-Ежен ұлысы дербес
мемлекет болып, Шығыс деректемелерінде ол Ақ Орда деп аталған. Оған билік
жүргізгендер хан атағын иеленіп, олармен Батый хан және оның мирасқорлары
ғана емес, сондай-ақ бүкіл имперняның жоғарғы хандары да санасып отырған.
Рас, кейде Алтын Орданың хандары Ақ Ордада таққа отырғандарға ел билеуге
жарлық беріп отырған, бірақ мәселе осымен тынып, мемлекет істеріне нақты
араласу болмаған. Алтын Орданың хандары Иран әміршілерімен үнемі дұшпандық
қатынаста болғанымен, Ақ Орданың хандары XIII—XIV ғасырлардың межесінде,
Хулағу ұрпақтарымен дипломатиялық байланыста болып, елшілер алмасып отырды.
Орда-Ежен ұлысынан батысқа қарай Шайбан иелігіндегі жерлер жатты.
Шайбан ұлысының бөлінуі туралы Махмұд ибн Уәли былай деп хабарлайды:
...Шыңғыс-ханның ұлы Жошыханның баласы Шайбанхан жеті жылдық жорықта
астар, орыстар, черкестер және бұлғарлар елдерін жаулап алған кезде ыждаһат
көрсетіп, ағасы Бату ханнан сыйлық ретінде төрт омақ алды. Зубдаг әл-
асарда осы омақтардың аттары келтірілген, олар: қосшы, найман, бұйрақ
және қарлұқ тайпалары. Шайбан үлесіндегі территория туралы Әбілғазы былай
деп хабарлайды: Шайбан жазда Орал бөктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз
өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерде, ал қыста — Арал теңізінің
бассейнінде, Шу, Сарысу өзендерін бойлап және Сырдарияның төменгі ағысында
көшіп жүрген.
XIII ғасырдың екінші жартысындағы — XIV ғасырдың басындағы Алтын
Орданың тарихы орыс князьдіктерімен (XIII ғасырдың соңғы ширегінде ғана
монғолдар орыс жерлерін қанға бояп, Руське 15 жорық жасаған), Иранның
Хұлағу әулеттерімен болған үздіксіз соғыстарға толы; бұлардан Берке (1257—
1266) мен оның мирасқорлары Азербайжанға және Оңтүстік Каспий маңындағы
басқа да жерлерді иемдену правосына таласты. Меңгу-Темір тұсында
(1266—1280) Алтын Орда Монғол империясының орталығынан біржола оқшауланып,
тұңғыш рет өз атынан теңге құя бастады, Орта Азия мен Жетісуда Шағатай
әулетінің билігін нығайту үшін ұлы ханға қарсы күресінде Хайдуды қолдап
отырды.
Өзбекханның (1312—1342) және оның баласы Жәнібектің (1342—1357)
тұсында Алтын Орданың күш-қуаты барынша кемел кезіне жетті. Өзбекхан Орда-
Ежен ұрпақтарын бұрынғы вассалдық тәуелділігіне қайтаруға тырысып,
Сығанақта өзінің баласы Тыныбекті хан тағына отырғызды; "алайда ол көп
кешікпей өлтіріліп, билік Орда-Еженнің ұрпақтарына қайта көшті.
Алтын орданың саяси және мемлекеттік құрылысы
Монғолдың жаулап алуы бағындырылған елдер халықтарының әлеуметтік-
экономикалық құрылысын тұтас алғанда өзгертпегенімен, олардың қоғамдық-
саяси өмірі мен тұрмысына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Отырықшы-
егіншілікпен айналысатын өңірлердегі дінбасылары, көпестер, ірі феодалдар
және түріктердің көшпелі аксүйектері монғол хандары мен феодалдарының
тірегіне айналды, ал еңбекшілер екі жақты экономикалық және саяси езгіге
ұшырады.
Монғол империясы хандық құрушы Шыңғыс әулетінің бірлесіп билейтін
меншікті жері деп саналды. Тосыннан қарағанда басқару мен бүкіл ел хандық
дәрежесі бар бір адамға ғана сеніп тапсырылған сияқты көрінгенімен, — деп
жазды Жувейни, — шындығында бүкіл ұрпағы мен немере ағалары жерді және
қоғамдық дәулетті ортақтаса пайдаланды.
Шыңғыс ұрпағының басы державаның ең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz