Орталық Қазақстанның тайпалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Андронов мәдениеті 3
Орталық Қазақстанның тайпалары 4
Андроновшылар шаруашылығы 8
Беғазы-Дәндібай мәдениеті 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

Кіріспе

Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен
жидектерді жинап-теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаған жылдарға созылды.
Ғалымдар мәдени дақылдарды есіріп жетілдірген кезең 6. з. дейінгі VІІІ-VІІ
мыңжылдықтар деп шамалайды және ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы
аудандарында пайда болса керек. Б. з. дейінгі VІ-V мыңжыл егіншілік әуелі
Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдаг алқабына жетіп, сосын Орта Азияға
тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында б. з.
дейінгі III мыңжылдық аяғында келеді.
Егіншілік пен бірге малшаруашылығы да пайда болады. Ғалымдар әуелі
пайда болған егіншілік пе, әлде малшаруашылығы ма? — деген сауал жөнінде
ұзақ дауласады. Адамның соның екеуін де бір мезгілде қатар игергені кәзір
айдан анық. Егіншілік топырағы құнарлы, суы жеткілікті жерде дамыған,
құнары аз, қуаңшылығы басым аудандарда малшаруашылығы өркендейді, рулы-нулы
жерлерде малшаруашылығы егіншілікпен қабаттаса қанат жаяды.
Б. з. дейінгі II мыңжылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия
даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы
металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді.
Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан жерін
мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық археологиялық мәдениетке
жататын жәдігерлер (мекендер,қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер)
қалдырған. (Ал ескі мола ең әуелі Андроново селосы жанынан — Оңтүстік
Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде
осылай аталып кеткен). Осы жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б. В.
Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М. П. Грязнов оеындай қорымды Батыс
Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері — шығыста
Минусинскіден бастап батыста Оралға мейінгі — орасан зор территорияға
тарағанын анықтады. Кейінірек андронов ескерткіштері Қазақстанның
түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды.
Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ
далаларын тегi және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар
мекендедi. Бұл тайпалар бiр үлгiдегi, бiр-бiрiне ұқсас мәдениет қалдырды.
Олар қалдырған ескерткiштердiң табылған жерi Сiбiрдегi Ачинск маңындағы
Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде "Андронов мәдениетi" деп
аталды.
Андронов мәдениетiнiң негiзгi орталықтарының бiрi – Қазақстан жерi.
Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениетi дәуiрiнде халықтың
басым көпшiлiгi отырықшылықта өмiр сүрген. Өзендердiң, көлдердiң
жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан рулық-патриархаттық
отбасылардың үйлерi мен үлкен жертөлелерi болған. Олардың жанынан әр түрлi
шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткенi, бұл кезде мал
бағу кәсiбi басымырақ едi. Тайпалар малшылық-егiншiлiкпен аралас
шұғылданды.
Андронов мәдениетi дәуiрiнде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар
және сәндiк заттар жасауды жақсы бiлген. Олар түбi шығыңқы балталар,
сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердiң өзгеше
ұштары, бiлезiктер, айналар, моншақтар және әр түрлi iлмешектер, егiн
оратын орақ, пiшен шабатын шалғы сияқты құралдарды өздерi жасап, күнделiктi
тұрмыста кеңiнен қолданды.

Андронов мәдениеті

Андронов мәдениетін зерттеуде күрделі мәселелердің бірі хронологиямен,
уақыт межесін анықтаудың қиындығы. зерттеушілердің көпшілігі андрон
уақытын үш кезеңге бөледі: ерте ХVIII-ХVI ғғ.; орта қола — б. з. дейінгі ХV-
ХІІ ғғ; кейінгі қола — б. з. дейінгі ХІІ-VІІІ ғ.ғ. басы. Бұл кезеңдер
алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев
кезеңдерін көрсетеді деп есептелді. Бірақ кейін Федоров ескерткіштері ерте
қола уақытына емес, орта қола уақытына жататыны даталанды, сөйтіп андронов
мәдениеті дамуының сындарлы суреті бұзылды. Мұның үстіне Федоров
ескерткіштерінің ерте және кейінгі кезеңдерге бөлініп, ыдырап кететіні
анықталды. Егер бұрын ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан табылса,
енді кейіндері Батыс Сібірден, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-
шығысынан, Орта Азиядан табылды. федоров тайпаларының жан-жаққа тараған
кіндігі Қазақстанда болса керек; оларды бұл арадан тайдырып жібергендер
алакөл тайпалары, Орталық Қазақстанға олар белгісіз бір батыс орталықтан
келеді.
Хош, сонымен, алакөл мен федоров тайпалары бір мезгілде өмір сүреді,
соның арқасында олардың өзара қарым-қатынасынан аралас типтегі ескерткіштер
пайда болады. Жетісуда жетісу типіндегі, батыста қожамберді типіндегі
ескерткіштер қалыптасады. Андронов мәдениеті тұтас болмаған: бұл мәдениетте
бір кездері соның аясында тіршілік еткен тайпалар мәдениетінің сипатын,
ерекшелігін білдіретін варианттары анық көзге түседі, сол себепті де бізде
бір қатар туыс мәдениеттерді біріктіретін андронов мәдениеті қауымдастығы
деп айту әдетке айналған.

Орталық Қазақстанның тайпалары

Андронов қауымдастығы құрамына енген тайпалардың тараған негізгі
аймақтардың бірі Орталық Қазақстан болған. Бұл өңірден көптеген мекендер,
қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары мен тастағы суреттер-
петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса ескі қабыр табылып
зерттелген. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты — оның
монументалдығы, мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс
техникасының жетіле түскендігі. Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында
кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Мәйітті табытқа салып қою рәсімімен
де жерлеу кездеседі. Көлемі шағын, үстіне топырағы үйілген қабырлар
айналасына тақта тастардан дөңгелек немесе тікбұрышты қоршаулар салынған.
Қоршау ішінде не жерден тікбұрышты шұңқыр етіп қазылған, жиек-жиегі тақта
таспен (циста) көмкерілген моланың өзі, не тас жәшік болады. Жерлеу
біткесін мола үсті тақта таспен жабылып тасталып отырған.
Керамика қатарынан сырты үшбұрыштар мен меандрлар, басылымды қосар
сызықтар келісім тауып, жарасымды өрнектелген құмыралар кез тартады.
Ыдыстардың тек жоғары жағы ғана әсемделеді. Дөңгелек қола айналар, қола
моншақтар ұшырасады. Қабір ішінен мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері
де табылған.
Келесі — Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да
игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны
көптеген тау кендерін өңдеу орындарынан байқау қиын емес. Бұл кезеңнің
Былқылдақ, Қарасай, Темір астау, Қарабие, Елшібек, Беласар сияқты қорымдары
тиянақты зерттеліп, белгілі болған. Қорымдар мен қоныстардың үлкен бір тобы
Атасу өзенінің бойында. Қорым қоршаулары ішінен шұңқырлар, жәшіктер, тақта
тас-цисталар кездеседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып
жерлеу жиірек ұшырасады.
Қоныстардың өзіндік жоба-жоспары бар: тұрғын үйлер — ал олар 10-нан 80-
ге дейін болады — алқа-қотан орналасады, олардың ортасы — мал қорасы.
Атасудың әбден мұқият зерттелген қоныстарының біреуінің көлемі 15-мың шаршы
метр екен, онда 35 жертөле мен шаруашылық пана жайлары бар еді. Қоныстар
мен көне қорымдарды қазған кезде қыруар қола құралдары, қару-жарақтары,
сәндік заттар шықты.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет — Беразы-
Дәндібай мәдениетінің құрылуымен белгілі. Бұл мәдениетке тән бір қасиет,
ол, бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жарынан, онда жаңа
элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты,
қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болады. Мәйіттерді бүктеле жатқызып
қоюмен бірге оларды шалқасынан жатқызып қою да кездеседі. Бұл мәдениеттің
кезіне Карағандының оңтүстік бетіндегі Ақсу-Аюлы-11 қабыры жатады. Мұндағы
ең үлкен обаның биіктігі 2 м., диаметрі — 30 м. Төбешік астында
дөңгелектеніп орналасқан үш қатар радиальды тас қоршау бар екен.
Бұл дәуірде жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі
кен жайылады. Тағыбай-бұлақ қонысында алты тікбұрышты жер бетіндегі тұрғын
үй бар екен. Үй қабырғалары жерге паралелді түрде көмілген такта тастар
қатарынан тұрғызылған, тақта тастар арасындағы қуыс ұсақ тастар топырақпен
қабат-қабат етіліп бітеліп тасталған. Орталық Қазақстанның таулы
аудандарында тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңінен пайдаланылған. Жертөлелер
қабырғалары ағаш тақталарымен көмкеріліп, оның төбесін ағаш бағандардың
тұтас бір жүйесі тіреп тұрған.
Мәдениетті дамытуда металл өңдіріп балқыту орасан зор рөл атқарған.
Орталық Қазақстанның палеометалдық ошагы көрші жатқан Алтай, Сібір, Орал
өңірі сияқты аймақтар мәдениетін дамытуға да ықпалын тигізген.
Солтүстік және Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық мәдениет
ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты-
бұтақты қорымы кеңінен мәлім болды.
Орманды-дала зонасындағы топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және
тікбұрышты қоршаулары бар қорымдарды бірден тануға болады. Батыс аудандарда
сақина секілді дөңгеленте салынған қоршаулар етек алған. Бұл ауданда небәрі
80-нен аса қоныс пен 90-га тарта қорым ашылған.
Ертедегі қола кезеңіне мәйітті өртеп көму рәсімі жатады. Петропавл
қаласы маңындағы Вишневка қонысында қазба жұмыстарын жүргізген кезде көлемі
126 шаршы метр жер беті тұрғын үйі табылды, оның ағаш шатырын ағаш бағандар
тіреп тұрған. Со кездері ежелгі қалалардың алдын алушылар (прототиптер) деп
атауға келетін қоныстар пайда болады. Солардың бірі — Арқайым Челябинск
және Қостанай облыстарының шекарасынан орын тепкен.
Орта қола кезеңінде үй салу, қоныстандыру ісі, өлікті жерлеуді
ұйымдастыру, жерлеу ғұрпы біраз өзгерген еді. Қоныстарға бұрынғыша
бекіністер салынбайды, тұрғын жайлар — жартылай жертөлелер тікбұрышты —
ұзынырақ болып келеді, оның 140-тан 100 шар. м. дейінгі көлемі, қоржын
сияқтанып, екіге бөлінеді, еденінде — біреуден сегізге дейін — ошағы
болады. Мұндай тұрғын жайлар Явленка, Тасты-бұтақ қоныстарында болған.
Кейінгі қола дәуірінде, оның бірінші кезеңдегі Солтүстік Қазақстанның
тайпалары Арал өңірінің Қима мәдениетінің, ал Батыс Қазақстан — Еділ
бойының Кама мәдениетінің қатты ықпалына түседі. Кейінгі қола дәуірі
қоныстарында түрі жағынан тікбұрышты, сопақ, сегіз тәрізді жартылай
жертөлелер көбірек кездеседі. Көлемі 300-400 шар. м., дейін баратын орасан
зор жертөлелер салу етек ала бастайды, олар қысты күні мал ұстайтын болған.
Шаруашылықта мал өсірудің, әсіресе жылқы өсірудің рөлі арта түседі.
Шығыс Қазақстанда Андронов мәдениетінің дамуы да осы тектес жолмен
жүреді. Ертіс пен Бұқтарманың, Күршімнің көкорай шалғынды алқаптарынан,
Алтайдың таулы аудандарынан, Тарбағатай мен далаларынан қола дәуірінің
ондаған қоныстары мен қорымдары табылды, олардың дамуы мен құрылып
қалыптасуына жез бен қалайының, алтынның аса бай кенді көздері әсер етеді.
Қанай қорымы және онымен жарыса қатар орналасқан қоныс қабырларының
дені кейінгі қола кезеңіне жатады. Ертістің оң жағалауындағы қоныстан
көлемі 50 шар. м. тікбұрышты жартылай жертеле және онымен жалғас қоражайлар
қазылып, аршылып алынды. Үй қабырғалары қамыспен бастырылып сылақталған.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола дәуірінің кезінде-ақ игеріліп, ел-
жұрт тығыз қоныстанған аймақ болатын. Жетісуда Андронов мәдениетінің
өзіндік (жетісулік) варианты бар тұғын. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы
суреттердің аса үлкен шоғыры тек Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінен ғана
табылды.
Жетісуға федоров пен алакөл тайпаларының мәдениеттері элементтерінің
араласып-құраласып жататыны тән болып келеді. Федоров дәстүрінде қоршаулар
тікбұрышты және дөңгелек болып келетін қабырлар көбірек кездеседі. Жер
молалар мен жәшіктерге, таулы аудандарда қима қабырларға өліктерді табытқа
салып қою, өртеп күлін көмумен ұштасып жатады.
Жетісудың орта қола дәуірін Таңбалы, Қарақұдық қорымдары арқылы кезге
елестетуге болады.
Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан Таутары қорымы қазылып аршылды.
Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан қола дәуірінің бірегей
ескерткіші — Тегіскен кесенесі ашылды. Тегіскеннің тым ертеректегі
мазарлары қам-кірпіштен салынған, оны жоспарлауға негіз болған нәрсе —
сыртқы қабырғалар шаршысына үйлестірілген шеңбер. Оның ішінде, шеңбер бойын
қуалай 8 немесе 12 тікбұрышты қыш ұстын тұр, олар екі метр биікте сақталып
қалған. Одан әрірек іште — тағы да 8 немесе 12 әлгідей ұстын бар, бірақ
олар тікбұрыш бойында тұр. Қыш ұстындарға қоса оларды қайталаған дайын,
ағаш бағандар тұр. еденде олардың шұңқыр -4-і сақталып қалған. Сөйтіп мазар
ішінде айналып өтетін дәліздер жүйесі жасалған. Мавзолей орталығына
орналасқан бөлмелер мен дәліздерге керамикалық бұйымдар қойылған, мұнда
қоладан жасалған қару-жарақтар, алтын-әшекейлер жатыр. Орталық бөлмеге
қойылған өлікті мазармен бірге өртеп жіберетін болған. Тегіскен
қорымдарының мәдени тегін анықтау өте қиын. Бірінші жағынан алсақ, бұдан
Андронов мәдениетінің дәстүрін көруге болады (мазарлардың жоспарлануы
Бегазы-Дәндібайдың орталык-қазақстандық үлгісіне жақын, қыш ыдыстардың түрі
мен өрнектері Андроновтікі тәріздес), екінші жағынан, оңтүстік мәдениетінің
күшті ықпалы сезіледі (қам-кірпішінің стандарты Намаз VI дәуірінің оңтүстік
түрікпен мәдениеті мен Теккем-тепе мен біздің кейініректегі ескерткіштерте
жақын). Тегіскен мазарлары дала мен отырықшылар мәдениеттерінің өзара
жақындасып, ықпалдасып жатқан бастапқы кезеңдерінен хабар береді.

Андроновшылар шаруашылығы

Андронов қоныстарының көпшілігі таулардан ағатын дала өзеншелері мен
өзектері жағаларына орналасқан. Олармен іргелес, өзендер жайылмаларында
тұрғындардың егіні мен бау-бақшалары болған.
Қоныста қазба жұмысын жүргізген кезде ішінде тары ботқасы күйген
құмыралар табылды. Солтүстік Қазақстандағы Алексеев қонысы құрбандық
қамбаларында бидайдың құдай жолына берілген масақтары мен дәндері жатқаны
анықталды. Мало-Красноярск қонысында (Шығыс Қазақстан) орақтар жүзінен ап-
анық боп басылып қалған дәндер таңбалары кездесті. Қоныстардың боршен
табылған ортақ олжалар: дән үккіштер, ұнға астық түйетін тікбұрышты және
жұмырбасты келсаптар, орақтар мен тас кетпендер еді.
Андроновшылар тіршілігінде мал есіру бәрінен де маңызды рөл атқарған.
Жануарлар ішерге — сүті мен етін, киерге — жүні мен терісін, ісмерлікке —
сүйек-мүйізін, отынға — тезегін берген. Андроновшылардың негізгі тамағы —
сүт еді. Одан сүзбе мен ірімшік жасаған, оны іркіт не сарысу сүзетін ұсақ
тесікті ыдыстардан байқата болады. Ет өте қат болған, оны мейрамдарда ғана
жеген, құдай жолына құрбандық еткен. Олардың негізгі малы — қой, сыйыр,
жылқы екен. Тағам қажетіне негізінен тек екі-үш жастағы жас малды жұмсаған,
ал асыл текті малды тұқым үшін қалдырған. Шаруашылықтың мұндай жүйесі мал
санын кемітпей ұстауға, оның өнімділігін арттыруға жағдай жасаған.
Зерттеушілердің бір анықтаған жәйті: селеулі дала мен тау
жайлауларында емін-еркін оттаған көкалалы көп жылқының әртүрлі үш тұқымы
болған: биіктігі шоқтығын қоса — 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды,
қарны салыңқы жатаған жылқы. Олар кәзіргі моңғол жылқысына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қалыптасу процесі
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Қимақтар Қазақстан аумағында
БАТЫС ТҮРІК ЖӘНЕ ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Қазақ хандығының нығаюы
Қарлұқ мемлекетінің мәдениеті
Кіші жүз тайпалары
Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы
Пәндер