Қоғамдық қатынастар және меншік формалары


ЖОСПАР
Кіріспе2
Қоғамдық қатынастар және меншік формалары2
Қазақ қоғамының таптық құрамы6
Тәуелді халық. Алымсалықтар мен міндеткерліктер11
Қолданылған әдебиеттер16
Кіріспе
Қазақтардың әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері көп жылдар бойы жүргізіліп келген дискуссияларға қарамастан Қазақстан медиевистикасының әлі де жете зерттелмеген проблемасы болып қалып отыр, мұның өзі, алдымен, жазбаша деректемелердің аздырынан туған. Зерттеушілер қазақтардың әлеуметтік-экономикалық қатынастары Патриархаттық-феодалдық қатынастар болғанына қосылады, алайда бұл қатынастардың мәнін түсіндіруде елеулі пікір алалығы бар. Олардың біреулері қазақ қоғамында меншік объектісі өндіріс шарты ретінде жайылым түрінде пайдаланылған жер ғана емес, мал да болған деп есептейді; енді біреулері өндіріс шарты ғана емес, сонымен бірге оның құралы да болған жер феодалдық меншіктің объектісі болған ден санайды, сонымен бірге қатардағы қауымдастарды қанау құралы ретінде малды меншіктенудің мәнін атап көрсетеді. Біріншілерінің пайымдауына қарағанда, шаруашылық жүргізу типі (экстенсивті көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы) жағдайында Қазақтар ертеректегі таптық қатынастар дәрежесіне ғана жете алған деп, екінші біреулері (олар басым көпшілігі) шаруашылық-мәдени типінің барлық өзгешелігіне, қоғамдық экономикалық даму қарқынының баяулығына және патриархаттық институттарының күшіне қарамастан, қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылысының негізінде барлық негізгі белгілерімен қоса феодализм жатты, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған басқа да халықтар сияқты, Қазақтардың да қоғамдық қатынастарының дамуы адам қоғамының әлеуметтік-экономикалық прогресінің жалпы заңдылықтарына бағынды деп есептейді.
Қоғамдық қатынастар және меншік формалары
XVI-XVII ғасырлардағы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы жағдайында қазақтардың жерге феодалдық меншіктілігінің өз ерекшеліктері болып, бүркемеленген формада көрініс берді. Жайылымдарды қауымдық-рулық пайдаланудың сыртқы формаларының астарында іс жүзінде көшіп-қонып жүрген жерді негізінен феодалдық жолмен пайдалану правосы жатты, оның үстіне бұл ретте феодалдар мен қарапайым халқының жерге, жайылымға қатынасының тең болмау фактісін бүркемелеген рулық-тайпалық ұйым пайдаланылды.
Сондай-ақ хандықтың бүкіл жеріне басты ие хан болып есептелген жазылмаған заң әрекет етті; хан өз қарауындағы жерлерді сұлтандарға, билептөстеп отырған әулет мүшелеріне және өздерінің жақын адамдарына ұлыс-ұлыс етіп бөліп берді, ал бұлар іс жүзінде ірі жер иелері болған еді. Ибн Рузбиханның хабарлауына қарағанда, Қазақ хандығы бірқатар ірі әкімшілік бөлшектерге - ұлыстарға бөлініп, оларды сұлтандар басқарған. «Әрбір белгілі ұлыста, - деп жазды ол, - Шыңғыс-хан ұрпақтарынан шыққан толық билікті [өз] сұлтаны болған. Ал олар„ [сұлтандар], өз халқымен [бірге] Иуджихан (Жошы. ) мен Шибанхан заманынан беріде өздерінің байырғы жұрты болған жерлерде тіршілік құрып, сонда өмір кешіп, сол [жерлердің] жайылымын пайдалануда.
Көшпелі және жартылай көшпелі халық бұқарасының ұғымында халық өз малымен бірге көшіп-қонып жүрген жер билеп-төстеуші әулеттің меншігі деп саналған.
Көшпелілер мен жартылай көшпелілердің, соның ішінде қазақтардың да малы жеке меншікте болған. Ибн Рузбиханның деректеріне қарағанда, талай ондаған мың саналған мыңғырған малы бар феодалдық жоғарғы топ іс жүзінде жайылымды иелену правосында болған. Қ Маркстің атап көрсеткеніндей, «мал барушы халықтарда жердің табиғи өнімдерін, мәселен, қойды меншіктену, сонымен бірге қой жаятын жайылымдарды да меншіктену болған». Бұл жөнінен алғанда Мұхаммед Хайдардың Қасымханның жарлығы бойынша қазақтар қыстауға қарай бет алды» деген хабары айрықша назар аударарлық.
Жайылымдарды пайдалануға қауымның барлық мүшелері праволы болды, алайда мұндай тәртіп феодалдардың іс жүзінде ең жақсы жайылымдарды меншіктенуін тек қана бүркемелеп отырды. Ал малшылар өндірген қосымша өнімді феодал ақсүйектер әдеттегі право қастерлейтін түрлі алым-салықтар мен міндеткерліктер арқылы иемденетін еді.
XVI - XVII ғасырларда Қазақстан территориясында жайылым жерлерді иемденудің бұл тәрізді өзінше бір ерекше формалары әлдеқашан қалыптасқан дәстүрлерді жалғастыра берді, тек қана өлкедегі саяси жағдайға сәйкес белгілі дәрежеде өзгеріп отырды. Жайылым жерлерді иемденудің мұндай формаларын сақтап, баянды ету феодалдық жоғарғы топқа қолайлы әрі тиімді болды.
Қазақстанның оңтүстігіндегі егіншілікті аймақтарда жерге феодалдық меншік айқын анықталды. Сол бір феодал ақсүйек мұнда қалаға да, оның селолық аймағына да - егіншілікті елді мекендеріне, егістік алқаптарына, төңірегіндегі жайылымдарға да үстемдік етті. Ол қаланың бүкіл тіршілігін, қолөнер мен сауданы өзіне бағындырды. Сырдария бойындағы қамал-қалалардың шарын көлемі, олардың егіншілік өңірмен тығыз байланысы (оның үстіне көптеген қала тұрғындарының өздері де егіншілікпен шұғылданған) қалалардың жергілікті феодалдар тобына тәуелділігін одан сайын күшейте түскен. Феодалдар, әдетте, мұнда өз қарауындағы жерлерде өз шаруашылығын жүргізбей, оны шағын-шағын алқаптар етіп, үлескер шаруаларға арендаға беріп отырған.
Оңтүстік Қазақстанның территориясы Қазақ хандығының құрамына енгеннен кейінгі жерде Сырдария бойындағы қалалар және олардың егіншілікті төңірегі ханның ең жақын туыстарына, көшпелі феодал ақсүйектерге таратылып берілді. Бұл ретте хан, әдетте, астаналық Туркістан қаласын өз қолында ұстап қалды.
XVI - XVII ғасырларда жерді феодалдық сыйға берудің кең тараған турлерінің бірі, XIV - XV ғасырлардағыдай, сойырғал болды. Сойырғалдың иесі өзіне сыйға берілген жерге барған сайын көбірек мұрагерлік право алып отырды. Сойырғал правосы негізінде жерді сыйға беру жүйесі феодалдық жоғарғы топтың қала халқына да, селоның егінші халқына да, сондай-ақ қырдағы халыққа да үстемдік етуіне мүмкіндік берді, өйткені қала мен оның төңірегі енді көшпелі ұлыстардың билеушісі болған феодалдың иелігіне көшті. Сойырғал көшпелі феодалдың отырықшы егіншілерге үстемдігінің және оларды қанауының кең тараған формасы болды.
Қалалары, төңірегіндегі егіншілікті селолары мен оларға жапсарлас жатқан жайылымы бар өңірлерді таратып бере отырып, хандар феодалдық ақсүйек топтың өздерін қолдауын қамтамасыз етті. Олар, шын мәніне келгенде, феодалдық жоғарғы топты қаланың сауда-қолөнерші және селоның егінші халқынан алынатын алым-салықтар арқылы едәуір дәрежеде удайы табыспен қамтамасыз етіп отырды. Ал жергілікті ақсүйектер хандарды қолдай отырып, олардан салықтан босатылу (тархандық), жаңа жерлерді, суландыру каналдарын сыйға алу сияқты артықшылықтар алды. Мәселен, қала ақсүйектерінің Аркөк қамалын ез еркімен бергеніне және олардың Мұхаммед Шайбаниға одан кейін жасаған қолдауына алғыс ретінде Мұхаммед Шайбани өзі хан болғаннан кейін бұл қамалдың тұрғындарына тархандық атағын беріп, оларды мемлекеттік (дивандық) алым-салықтар мен міндеткерліктерден босатты. Әрине, тархандық правоны төңіректегі егін егілетін жерлер ез қолдарында болған феодал ақсүйектер пайдаланды. Қаланың кедей тұрғындары, феодалдардан жерді кіріптарлық шарттармен арендаға алған жерсіз және жері аз шаруалар, әлбетте, қалаға тархандық правосын беруден ешқандай пайда тапқан жоқ.
Жоғары мұсылман дін басылары хандар мен үлес билеушілерінен айрықша артықшылықтар алды. Олардың толып жатқан өкілдері (шейх әлисламдар, садыр әлисламдар, қазилер, шейхылар, молдалар, мутабаллар) әміршілерді барынша қолдап отырды. Мұның есесіне олар жер алып, халықтың есебінен кіріс келтіріп отырды. Мәселен, XVI ғасырдың аяқ шеніндегі Шайбани әулеті II Абдалла ханның берген грамотасы белгілі; мұнда ол Туркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мавзолейіне сыйға жер берілгенін растаған. 1598 жылы ол сондай-ақ Аллам Абул Хасан Зийааддин шейх Сығнақидың мазарына вақфты берілгенін растаған. 1634 жылы үлестік әмірші Убайдаллахан тарапынан сыйға берілген осы жер жөнінде жаңа қуаттау жасалған.
Вақфтық жер иеліктері әдетте ең таңдаулы суармалы жерлердің едәуір көлемі есебінен жасалатын. Вақфтар феодалдық жер иеленудің салық салынбайтын неғұрлым ірі категорияларының бірі болатын. Вақфтық жерлерден басқа мұсылман дін басыларының жеке меншік правосына негізделген едәуір көлемдегі егістік және жайылымдық жерлері болған. Мұсылман дін басыларының жер меншігі олардың Оңтүстік Қазақстанның өміріндегі ролін айқындап берді; дін шонжарларының экономикалық күш-қуаты оның саяси күшінің және белгілі дәрежеде халық бұқарасына идеологиялық ықпал жасауының негізі болды.
Қазақ қоғамының таптық құрамы
XVI-XVII ғасырлардағы қазақ қоғамы таптық қоғам болды. Ол антагонистік екі тапқа: хандар, сұлтандар (төрелер), сондай-ақ феодалдық-рулық ақсүйектер (билер, байлар, батырлардың көбі) -жататын феодалдар табына және көшпелілер, жартылай көшпелі малшылар (шаруалар) және егіншілер жататын, феодалдарға тәуелді шаруалар табына бөлінді. Құлдар айрықша әлеуметтік топ болды. Кез келген феодалдық қоғамдары мемлекет басшысы сияқты қазақтардың ханы, Ф. Энгельстің сөзімен айтқанда, «бүкіл феодалдық иерархияның шыңы, вассалдары онсыз тырп ете алмайтын және вассалдары ол жөнінде үнемі бүлік шығару жағдайында болып келген жоғарғы әкім болған». Қазақ хандығы орталықтанған мемлекет болған жоқ, онда феодалдық қырқыстар мен соғыстар дағдылы құбылыс болды. Патриархаттық-феодалдық қатынастарға тән белгі қазақ мемлекеттігінің беріктігі дәрежесіне әсер етті.
Алғашқы қазақ хандарының заманынан бері қарай хандық биліктің мирасқорлығы сақталып келген, бірақ мұраланудың қатаң тәртібі болмаған. Мәселен, Мұхаммед Хайдардың айтуына қарағанда, хандықтың негізін салушылардың бірі Керей қайтыс болғаннан кейін оның баласы Мұрындық хан болған, одан кейін Жәнібек ханның баласы Қасымхан болған, одан соң хан тарына оның ұлы Мамаш отырған, бұдан кейін Қасымның екі немере інісі - Тақыр мен Бұйдаш бірінен кейін бірі хан болған. Қазақ хандығының бұдан кейінгі тарихында хандық биліктің тікелей мұрагерге көшуі одан сайын сирей берген. Әдет-ғұрыпқа сәйкес, Қазақ, даласында хандыққа лайық ең көп правоға рудағы ең үлкені ие деп есептелген: ханның балаларынан ханның інісі үлкен деп саналған, бірақ бұл право екінің бірінде бұзылып отырған. Ханның көзі тірі кезінде оның атағына неғұрлым құдіретті сұлтандардың көз алартқан реттері де болған. Мәселен, XVI ғасырдың ең бас кезінде жоғарғы өкімет билігі Керей ханның баласынан Жәнібек ханның баласына көшкен кезде жағдай осылай болған. Осы уақыттан бастап хандық билік ұзақ уақыт бойы Жәнібек ұрпақтарының қолында болып келген.
Хроникаларда хандарды ақсүйектердің жиналысында сайлап, жариялау және оларды салтанатты түрде таққа отырғызу актілері жайында көп айтылады. Сайлау сұлтандардың, билердің және феодал ақсүйектердің басқа да өкілдерінің хан өкіметін мойындауын растаған іспетті болды. Бұл орайда хан тұқымының атақтылығы, оның байлығы, ықпалы, феодалдық жоғарғы топ арасында оны қолдаушылардың саны шешуші роль атқарды.
Ханның өкілеттігі діни жарына араласпай, азаматтық, әкімшілік және әскери істермен шектелді; ханның ақсүйектер өкілдерін қылмыс жасағаны үшін соттауға және жазалауға правосы болды, алым-салық мөлшерін белгіледі, әскери жасақтар құрды. Ханның іс-әрекетіне оның төңірегіндегі адамдар ғана емес, сонымен бірге (әсіресе XVII ғасырдың орта шенінен былай қарай) ақсақалдар (билер) кеңесі ықпал жасап отырды.
Феодалдық аристократияның жоғары тобы сұлтандар болды. Бұлай атануға Шыңғыс-хан ұрпақтары праволы болды. Бұл атақпен бірге олар феодалдық ақсүйектердің бұл тобына байлығына қарамай, мұрагерлігі бойынша берілетін правоға ие болды. Сұлтандар хандықтың білікті адамдарының жыл сайын шақырылатын жиналыстарына өкіл болып қатысты. Шыңғыс-хан әулетінен шыққан әрбір сұлтанның ұлысқа (рулар мен тайпалардың белгілі мөлшеріне) және жұртқа (территориялық үлеске, жайылымдық жерге) правосы болды. Ханның өз өкімет билігін сұлтандармен бөлісуіне тура келді. Өз иелігіндегі территориядағы бүкіл әкімшілік және сот билігі сұлтандардың қолында болды. Олар міндеткерлік атаулыдан босатылды. Сұлтандардың күші мен ықпалы олардың ханға жақындығымен немесе онымен тікелей туыстық байланыстарымен ғана емес, сондай-ақ негізінен алғанда оның ұлысын құрайтын және оның әскери қуатының негізі болған бодандарының санына қарап айқындалатын.
XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың тарихы жөніндегі материалдарда ұлыстар халқының санын анықтауға болатындай қайсыбір сенімді статистикалық деректер жоқ. Бұл жөнінде «Михманнамейи Бухарада» неғұрлым толық мәліметтер келтірілген, бірақ одан Ибн Рузбихан келтіретін деректерге әйелдермен жас өспірімдердің қосылатын-қосылмайтыны немесе олардың тек қана ересек еркектер санын білдіретіні анық емес. Ибн Рузбиханның мәліметтеріне қарағанда, «(олардың) әрқайсысының (Жәнібектің балалары Жаныш және Таныш сұлтандардың. - Ред. ) ұлыстарында елу мыңнан астам білікті Қазақтар бар, бұлардың әрқайсысы даңқты жауынгер әрі лайықты батыр. Басқа бір жерінде Ибн Рузбихан Жаныш сұлтанның ұлысында 30 мыңнан астам қазақтар болғаның мұның үстіне бұлардың әрқайсысының көптеген малайлары мен жалшылары болғаның сөйтіп олардың жалпы санының жүз мыңға жеткенін айтады. Бірақ бұл жерде көрсетілгені ұлыстың жауынгерлері ғана емес және тіпті барлық жауынгерлері емес. Үлкендік правосы бойынша ұлысты басқарған сұлтанның билігінде оған ең жақын туыс болып келетін басқа да көптеген сұлтандар болған. Ең ықпалды деген осындай үлестік сұлтандарға тәуелді адамдардың саны шамамен алғанда он мың түтін (ханевар) болған. Түтіндердің белгілі бір мөлшері атаны (фирке), ал аталардың белгілі бір мөлшері - руды немесе тайпаны құрады, бұлардың басын қосқанда ұлыс болып, оны ұлыс сұлтаны биледі.
Ибн Рузбиханның осы деректеріне және Қазақ хандығында бір миллионға жуық көшпелілер болған дейтін Мырза Хайдардың хабарлауына қарағанда хандықта ең болмағанда кемінде ірі ұлыстарды билеген он сұлтан болған. Ал Шыңғыс-хан әулетінің жалпы саны бір жүзден әлдеқайда асып түсетін еді деуге болады. «Зийа әлқулубтах» қазақ ханы Тәуекел таққа отырған кезде Қожа Ысқақ мүридтерінің қатарында ханмен бірге жүз жиырма сұлтан болғаны айтылады. Ал Тәуекелді хан көтерген бұл шараға белгілі бір себептерге байланысты қатыспаған сұлтандар да болған рой.
Хан мен сұлтандардың басшылығымен қажеттілігіне қарай әскери жасақ жиналып отырған. Қазақ хандығында тұрақты армия болмаған. Ибн Рузбихан қазақтардың әскери жүйесі туралы былай деп жазады: Қазақ халқының әдет-ғұрпы мынадай: оған шапқыншылық жасалған кезде бір ұлысты құрап, бір жерде тұратын барлық рулар (тайпалар) қару-жарағын асынып, өз семьялары мен мал-мүлкін қорғау үшін жиналады да, жалындаған жігерге жанылған алмас қылыштарын іске қосады . . . Ал егер жауды тойтармаққа қазақ әскерлері бір жерге жиналып, қарсыласу туын көтерер болса, олардың бетін қайтару өте қиын».
Қазақ қоғамында билер зор роль атқарды. «Би» деген термин түріктердің байырғы «бек» деген терминінің кейінірек өзгерген түрі және термин XV ғасырдан ертеректегі деректемелерде кездеспейді. Махмұд ибн Уәлидің сөздеріне қарағанда, XVII ғасырда «жоғары дәрежедегі әмірлердің бәрін және сенімге ие болған, алаңы жоқ адамдарды» би деп атаған. Феодал ақсүйек тұқымына жататын билігі бар адамды білдірген «би» деген термин бастапқы кезде рулар мен тайпалардың басшыларын, ал кейінірек юридикалық функциялары бар адамдарды білдіру үшін қолданылды. Билердің ықпалы олар басқарған рулардың көптігіне және күшіне, сондай-ақ олардың байырғы шыққан тегі мен үлкендігіне қарап айқындалды. Әскери жорықтар кезінде билер екінің бірінде жасақтарды ұрысқа бастады, өзіне қарасты рулар шеңберінде олар әкімшілік және сот билігін жүзеге асырды.
Алайда хандықта сот ісін басқарудың арнаулы органдарының болмағаны сияқты жалпы мемлекеттік сот та болмаған. Адамның қоғамдағы мінез-құлық нормаларын көптеген кертартпа патриархаттық ережелер айтылған әдеттегі право (әдет) мен шариғат белгілеп келген. Сот үкімін сұлтандар, билер, кейде бірнеше би (егер ру аралық даулар туралы мәселе қаралған болса), ақсақалдар шығарған. Сот үкімін билер шығаратын болғандықтан, олар іс жүзінде заң ережелерін кәсіби сақтаушы «каста» болған.
Қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша үкім шығарушы билердің жауапкерден алынатын мал-мүліктің оннан бір бөлегін билік шығарғаны үшін алуға право берілген. Билердің ішіндегі ең ықпалды дегендері хандар жанындағы кеңестің құрамына кірген, ондай кеңес ең болмағанда Тәукехан заманынан бері қарай тұрақты өкімет органы болған.
Судья-билердің мал-мүлік жағдайы бірдей болмаған. Іс жүзінде ірі феодалдар аталған ру-тайпа басшыларымен қатар олардың арасында қоғамның төменгі топтарының арасынан шыққан адамдар да болған, бұлар - әдеттегі правоның білгірлері, беделді ақсақалдар болды.
«Бай» ұрымы («бай» деген түрік сын есімі осы мағынасында ежелгі түрік жазбаларының өзінде де кездеседі) бай және ауқатты адамдар жөнінде қолданылған. Өзінің байлығы арқасында байлар хандықтың саяси өмірінде айтарлықтай роль атқарған, Өйткені байлық пен молшылық өкімет билігінің ажырамас белгілері деп ұғынылған. Байлар феодалдар табының ең көп тобына жатқан.
Түрік-монғол тектес «бәһәдүр» (қазақша «батыр») деген сөз ұрыс алдында жауды жекпе-жекке шақырған ердің ері, қас батыр ұғымын білдірген, сондай-ақ құрметті атақ ретінде есептелген. Әлеуметтік иерархияда батыр дегеніміз көбінесе көшпелі феодалдық-әскери ақсүйектер арасынан шыққан өкіл, бірақ жиі-жиі соғыстардың барысында халық арасынан көптеген батырлар шыққан. Батырлардың маңызы олардың әскери өмірдегі атқаратын роліне, сондай-ақ ханның төңірегіне немесе беделді сұлтан тұқымына жақындығына қарап айқындалатын. Батырлардың әсіресе руаралық тартыстар шиеленіскен кездерде руларды басқаруға өздерінің праволы екенін мәлімдеу жиі кездескен.
Мұсылман дін басыларымен қатар әскери феодалдық ақсүйектер мен азаматтық әкімшілік өкілдері қаланың жоғарғы тобының едәуір бөлегін құрды. Деректемелерде шартты және шартсыз түрде сыйлыққа берілген едәуір көлемді жерге ие болған түрлі дәрежедегі әмірлер мен бектер (мыңбасылар немесе мирқазарлар, жүзбасылар және сондайлар) айтылады
Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар мен уәлаяттардың орталық және жергілікті әкімшілігі өкілдерінің қатарында деректемелерде түрлі лауазымды адамдар: хандар мен үлес әміршілері тағайындаған уәзірлер, уәкілдер (наместниктер), хакімдер (облыс билеушілері), сондай-ақ қызмет дәрежесі төменірек чиновниктер, мәселен, салық жинайтын чиновниктер, суды қадағалайтын қызметшілер, қалалық полиция қызметінің бастыңтары (калантарлар), село старосталары (кедхудалар) аталған. Олардың бәрі не халықтан жиналған салық есебінен жалақы алған, не қызметі үшін шартты түрде берілген жер учаскелерімен қатар олардың жеке меншік правосына негізделген жер меншігі (мүлкі) де болған.
Тәуелді халық. Алымсалықтар мен міндеткерліктер
Кейбір түсінікті себептерге байланысты деректемелерде малшы шаруалар бұқарасының әлеуметтік жағдайы туралы жөнді ештеңе айтылмайды. Алайда, шаруалардың арасында шарын шаруашылық иелерінің, сондай-ақ кедейлердің басым болғаны даусыз. Олар феодалдарға кіріптарлыққа түсуге, байлармен бірге көшуге, ақыға тамақ пен киім, кейде бірнеше мал алып, олардың қолында күң және малшы болып жұмыс істеуге мәжбүр болды. XVI- XVII ғасырларда қазақтың феодалдық-патриархаттың ақсүйектерінің күшеюімен бірге қауымдары қарапайым адамдарды қанау барған сайын асқына түсті.
Хан мен сұлтандардың жанында төлеңгіттер деп аталатын феодалдық тәуелді адамдардың айрықша топтары болған. Халықтың түрлі топтарына жататын төлеңгіттер сұлтанды немесе ханды паналап, оларға қызмет ету міндетін мойындарына алған. Төлеңгіттердің бір бөлегі сұлтанның шаруашылығына қызмет етіп, соғыс қимылдары болатын кезде жауынгерлер ретінде сапқа тұрған. . Төлеңгіттердің басқа бір бөлегі ұдайы сұлтанның (немесе ханның) ордасында болып, оның тапсырмаларын орындаған, зекет пен соғым жинап, сот шешімдерін орындаған, жаушы, күтуші, т. б. болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz