Аттиланың аманаты
Жоспары
Кіріспе
1. Дүниенің төрт бұрышын тітіренткен Аттила
2. Ғұндар қалыптастырған батыстағы мәдениет
3. Аттиланың аманаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ғұндар Еуропаға Орталық Азиядан келдi. Б.з.д. IV ғ. қытайлықтар оларды
өздерiнiң қауiптi қарсыластары ретiнде көрсетедi. Ғұндардың әскери
көсемдерi Хань империясымен соғыста бiрталай жетiстiктерге жеттi. Б.з. II
ғ. бiрiншi жартысында ғұн тайпаларының Шығыс Қазақстанға және Жетiсуға,
кейiн Батыс Сiбiр, Орал, Каспий жағалауларына және Волганың арғы жағындағы
далаларға көшiп-қонуы басталды.
Бұл аймақтарда ғұндардың жергiлiктi тайпа ұйымдарымен ассимиляция
процесi жүрдi. IV ғ. ортасында олар Волга мен Дон аймағына ендi. Азов
аймағы Солтүстiк Қапқаздағы аландарды, Боспор патшалығын жаулап алып,
Доннан өтiп, Оңтүстiк-Шығыс Еуропадағы остгот патшасы Эрманарихтың көп
тайпалы державасын 375 жылы жеңiлiске ұшыратты.
375 жыл халықтардың Ұлы қоныс аударуына алып келген бастама болды.
Қазiргi таңда қазақстандық жалпы тарих ғылымында мен бұл оқиғаларды орта
ғасырлар тарихы дәуiрi мен өркениетiнiң бастамасы ретiнде қарастырамын.
Осы уақыттардан кейiн ғұндар Шығыс Рим империясының Балқандық шеткерi
аймақтарына бiрнеше мәрте тұтқиылдан бас салып отырды. Алғашында ғұндар мен
Батыс Рим империясының қарым-қатынасы бейбiт негiзде құрылды, себебi,
ғұндардың жалдамалы жауынгерлерi, әсiресе 20-жылдары Рим әскерлерiнiң
белгiлi бiр бөлiгiн құрады. V ғ. ғұндар Паннонияға орналасты да, бұл аймақ
ғұн державасының орталығына айналды.
40-жылдарда Еуропада сiңiрген қолбасшылық өнерiне байланысты magister
militum әскердiң жоғарғы қолбасшысы құрметтi атағын алған ғұн билеушiсi
Аттила (Едiл, шамамен 395 ж. туған, 453 ж. қайтыс болған) Батыс Рим
империясына байланысты тәуелсiз саясат жүргiзе бастады.
Дүниенің төрт бұрышын тітіренткен Аттила
Ол билеген 434-453 ж.ж. аралығында Ғұн мемлекетi барынша үлкен
аймақтық кеңеюдi басынан өткiзiп, қуаттылыққа ие болды. Грек және Рим
деректерi Аттиланың бiрнеше ұрпақ бойы ғұндарды билеген патша руынан
шыққанын көрсетедi. 434 ж. қаған Ругия (Руа) қайтыс болғаннан кейiн
ғұндарға ағасы Мундузуктың балалары Аттила және Бледа басшылық еттi (кейбiр
деректер бойынша Аттила мен Бледа туған аға-iнi емес, туыстас аға-iнiлер).
444 ж. Бледаның өлiмiнен кейiн, Аттила бiрден-бiр билеушiге айналды. Сонау
435-436 ж.ж. Аттила басқарған ғұндар Римге бағынышты болған Майн мен Рейн
аралығындағы бургундтар патшалығын қосып алады.
Бұл оқиғалар кейiннен Германияның белгiлi эпикалық шығармасы болып
табылатын, Гомердiң туындыларымен және Ролланд туралы жыр, Игорь полкi
туралы сөз сияқты танымал поэмалармен қатар орын алатын Нибелунгтар
туралы жырдың көрiнiсiне негiз болды. Осы және өзге де герман эпосының
шығармаларымен, Скандинавия сагаларында Аттила (Этцель, Атли) Рим
империясының қысымындағы халықтарды азат етушi ретiнде сипатталады.
Византияның атақты жылнамашысы, Ү ғ. тарихшысы және мәмiлегерi, ғұн
патшасына 448 ж. жiберiлген Византия елшiлiгiнiң мүшесi грек Приск
Панийский, жеке көрiнiстер түрiнде сақталған өзiнiң Византия тарихында
Аттиланы iрi мемлекет тұлғасы, ұлы iстермен айналысқан дана билеушi,
талантты мәмiлегер және әдiлеттi сарапшы ретiнде, Аттила мемлекетiн Римнiң
қауiптi бақталасы ретiнде суреттей отырып, шындықты бейнелеген.
Ол Батыс Рим және Шығыс Рим империясының қуатты ғұн патшасымен
одақтасуға ұмтылысын байқайды. Екi империя ұлы билеушiнiң көңiлiн табуда
бақталасып отырды. Паннониядағы Аттила сарайында Приск, ғұндарды батысқа
жасалатын жорықтан аластатуды көздеген Батыс императоры III Валентинианның
елшiлерiн кездестiрдi.
Әсiресе, Византия Аттиламен бейбiтшiлiк қатынаста болуға барынша күш
салды. Шығыс ромейлiктер, - деп жазады Приск, - кез келген талабына
бағынып, оның тарапынан болатын шараларға билеушiнiң бұйрығы ретiнде
қарады. Ғұн мемлекетiмен одақтастыққа ұмтылған тек Батыс пен Шығыс
империясы ғана емес. V ғ. 40-50 ж.ж. Аттиланың ұлы билеушi ретiндегi
атағының танымалдылығы соншалық, өзге халықтардың көсемдерi мен патшалары
одан көмек сұрап отырды. Аттила сарайында бiрқатар Батыс пен Шығыс
мемлекеттерiнiң елшiлерi болды.
Ғұндар мен Батыс Рим империясының арасындағы қақтығыстар барысында
рипуар франктерiнiң тақ үшiн болған күресiне байланысты жағдайды айта
кетуiмiз керек. Патша өлгеннен кейiн, оның ұлдарының арасында күрес
басталды: үлкен ұлы Аттилаға, кiшiсi Римге ұмтылды. Ертеректе, галл
хроникасы бойынша 448 ж. Галлиядағы багаудтардың халықтық қозғалысын рим
әскерлерi тұншықтырған кезде, ғұн патшасы көтерiлiстiң белсендi қатысушысы,
белгiлi дәрiгер Евдоксийға пана болған.
Сонымен Батысқа қарсы соғыс өзiнiң заңды негiзiн тапты. Бауыры III
Валентинианның бақталастықтан туындаған қысымынан шығуды көздеген және осы
орайда Аттиламен некелесуге де келiскен Гонорияның 450 жылы сұраған көмегiн
де ұлы әмiршi осы мақсатта пайдаланғысы келдi.
Сонымен қатар Рим империясымен күрес барысында Аттила Римнiң билеушi
тобына өз ықпалын жүргiзбекшi болды. Жiберген елшiсi арқылы Аттила
Гонориямен бiрге оның әкесiнiң байлығының жартысын, сонымен бiрге Галлияны
(Францияның ескi атауы) талап етiп, император қызы ретiнде Галлия Гонорияға
тиесiлi деп есептедi. Римдiктер Аттиланың бұл талабынан бас тартқандықтан,
ол әскерiн соғысқа дайындай бастады.
Сол бiр аласапыран дәуiрдiң замандасы жылнамашы Проспер Тиро
(Аквитанияда туған, бiраз уақыт Рим папасы I Левтiң хатшысы қызметiн
атқарған) Аттиланың Батысқа жорығын сол уақыттың негiзгi оқиғасы ретiнде
көрсете келе, төмендегiдей суреттедi: Ол Рейннен өтiсiмен көптеген галл
қалаларын қорқыныш биледi.
Римдiктер мен готтар әскерлерiн бiрiктiрiп, жауды қарсы алуды шештi...
Осы кезеңнiң маңызды куәгерлерiне патша хаттарының материалдары мен мұрағат
жатады, өкiнiшке орай бұлар әлi де өз деңгейiнде тиесiлi сұрыптауларға
ұшырамаған, бұл кеңестiк кезеңнiң тарихнамасына да қатысты. Өзiнiң негiзгi
тұрғысынан бұл латын тiлiндегi ерекше деректер сол уақыттың халықаралық
қатынастарының күрделi түйiндерiн қайта қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
Мысалы, 451 жылы папа I Лев Шығыс Рим империясының императоры
Маркианға христиандық Батыс және Шығыс Рим императорларының келiсiмi
варварларға қарсы тұруға қажет екенiн анық бiлдiредi. Император Валентиниан
да өз жерiнiң федераттары мен бағынышты халықтарға, соның iшiнде Галлия мен
Испанияға елшiлерiн жiберiп, ғұндарға қарсы бiрлесе соғысуды талап еттi.
Ғұндармен күрес Рим империясы мен Вестгот патшалығын бiрiктiрдi.
Олар басқа да кельт және герман тайпаларының одақтарын өз мақсаттарына
жұмылдыра алды. Бiрiккен әскердi Патриций Флавий Аэций басқарды. Аэций
бұдан ертерек кезде Римдегi билiк үшiн күрес кезеңiнде ғұндарға қашып
барып, олардан қолдау көрiп, ғұн әскерлерiмен Италияға қайтып келiп, қарулы
күштердi басқаруды қайта қолына алды. Кейбiр кезеңдерде Аэцийдiң ғұндардың
жалдамалы топтарын пайдаланғаны және оларды басқара алғандығы белгiлi.
451 жылдың басында Аттила жорығын бастады. Ғұндармен бiрге кейбiр
бағынышты герман тайпалары да болды. Рейннен өткен әскер Трирге бағыт алып,
екi топпен Галлияның солтүстiк-шығысына бет бұрды.
Шешушi шайқас алаңы Шампаньдағы Каталаун даласы (лат. Campi
Catalaunici) болды. Каталаун даласындағы ұрыс Ганнибалдың тұсындағы (б.з.д.
216 ж.) Канн, Наполеонның тұсындағы Ватерлоомен (1815 ж.) қатар тұра алатын
Еуропа және әлемдiк тарихтағы атақты шайқастардың қатарына жатады. Шайқас
451 жылы маусым айының жиырмасына таман басталады. Вестгот королi Теодорих
сол қанатты, Аэций оң қанатты басқарып, ортадан одақтастар орын алды.
Қарама-қарсы тұстағы әскердiң негiзiн құраған орталық позицияны ғұндар мен
Аттила иелендi, ол вассалдарын фалангаға орналастырды.
Иордан жазып кеткендей, ешкiм мұндай керемет оқиғаларды басынан
өткермеген, бұл оқиғаларды жан-жақты жеткiзу үшiн кереметтiң тiкелей
куәгерi болу қажет. Вестготтардың патшасы Теодерих дротик тигеннен кейiн
құлап, оның денесi тау болып жатқан өлiктердiң арасында жоғалып, тек келесi
күнi ғана табылды. Ұрыс түнге дейiн созылды. Қараңғылық түсiсiмен рим-
вестгот әскерлерi Аттиланың лагерiн атқылаудан ғұн садағының оғынан қорқып,
тұрақтарына қайтып келдi.
Бұл жерде ғұндардың әскери өнерiнiң жан-жақты жетiлгендiгiн көрсете
кетуiмiз керек. Мұны Азия мен Еуропаның бiршама бөлiгiндегi археология
мәлiметтерi де даусыз дәлелдейдi. Бiрақ Азияның тамырында өмiр сүрген
ғұндар мыңдаған шақырымға созылған қашықтықты игерiп, сол кезеңдегi
жағдайларда Еуразия мен Еуропаның бiршама территорияларын қалай жаулап ала
алды.
Ғұндар қалыптастырған батыстағы мәдениет
Бағындырылған аймақтардағы халықтар мен елдердiң ландшафттық,
климаттық, тiлдiк, тұрмыстық, салт-дәстүрлiк ерекшелiгiне қарамастан сiңiп
кетуi таңдандырады. Осының барлығын ең алдымен мықты салт атты әскермен
түсiндiруге болады. Ғұндар iс жүзiнде туылысымен аттың үстiне отыруға
үйретiлетiн, кейiнгi антикалық авторлар Аммиан Марцеллин, Апполинарий
Сидоний және т.б. көрсетуi бойынша олар ер-тоқымға қағылып қойғандай
отыратын.
Тағы да айта кететiн жайт, ер-тоқым мен аттың ер-тұрманын Батыс әлемi
ғұндармен кездескенге дейiн бiлген жоқ. Ғұн кезеңiнiң ағаштан жасап, алтын
мен күмiс металдармен сәнденген ер-тоқымдарының көрiнiстерiн археологтар
Алтай аймағы мен Минусинск алаңында, Кенкөл мүрдесiнен (Тянь-Шань), Бурабай
өзенiнен т.б. жерлерден тапқан. Ғұн салт аттысының қажетсiнгенде ауыстырып
мiнетiн 2-3 жауынгер аттары болды.
Сол уақыттың жылнамашыларының көрсеткенiндей ғұндар ерекше жауынгер
болды, алыстан найза лақтырып соғысса, жекпе-жекте өздерiн қанжардың
жүзiнен қорғай отырып, жауларын арқаннан жасалған тұзаққа түсiретiн.
Әскерде садақшыларға ерекше орын берiлдi, садақты пайдалануда ғұндар
жоғарғы жетiстiкке жеттi. Ерекше ассиметриялық түрдегi садақ, майысқақ
ағаштан жасалып, мүйiз пластинкалары, сiңiр, сүйек жапсырылып қуатына
жететiн де, алыстан жауын жайрататын.
Каталаун даласындағы шайқасқа қайта оралайық. Вестготтар өз патшасының
өлiмi үшiн кек қайтарғылары келдi. Дегенмен Теодерихтiң баласы Торисмунд
ғұндар қайтар жолында оның корольдiгiн iздейдi-ау деген үреймен қайтуды
шештi. Ал Аттила готтардың кеткенiн байқап, мұны жау тарапынан жасалып
отырған қулыққа балап, лагерьде бiршама ұзақ болды.
Дегенмен, бiрiккен Еуропа әскерiмен соғыста ол маневр, яғни айла
жасауды жөн көрдi. Тюрингия арқылы Аттила әскерiмен Паннонияға қайтып
келдi. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста бiрде-бiр жақ
жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны шексiз болды .
Галлиядағы жағдайды Аттила жорығының ерекше кең аумағымен түсiндiруге
болады және шексiз үлкен территориядағы тайпалар мен бiрлестiктердi бiр
жерден басқару аса күрделi болды. Шындығында 451 жылғы халықтар
шайқасынан кейiн ғұндардың күшi әлi де қуатты едi. Әрине, бұл Аттилаға тән
жеңiс болмаса да, бiрақ жеңiлiске де мүлдем жатпайды.
Бұл пiкiрдiң дәлелi ретiнде келесi жылы Аттиланың Рим империясының
жүрегi - Италияға жасаған жаңа жорығын айтуға болады. Бұл менiң ойымша ғұн
қолбасшысының галл соғысының барысында пайда болған стратегиясының мәнi
болар. Галл жорығынан қайтып келiсiмен Аттила Шығыс Рим империясына салық
төлеу талабын қайта жандандырды.
Мұнда ғұндардың күшiн, жалынын әлi де ғұн билеушiсiнiң екi Рим
империясымен бiрдей бәсекелеске түсiп отырғандығын көрсетедi. 452 жылғы
көктемнiң соңына қарай ол Италияға жаңа жорық ұйымдастыра бастайды, бұл
ғұндардың екiншi еуропалық соғысына алып келдi (алғашқысы - Каталаун
шайқасы). Ғұндар Аквилея, Конкордия, Альтин, Патавий (қазiргi Падуя),
Вицетия (қазiргi Виченца), Верона, Бриксия (қазiргi Брешия), Бергамо,
Милан, Тицин (қазiргi Павия) қалаларын алды. Аттила өз резиденциясын
Миландағы император сарайына орналастырды.
Бүкiл Солтүстiк Италия ғұндардың қолына өткеннен кейiн, олардың Римге
жолы ұзақ емес едi. Империяның қуатты басып алушыларды тоқтататын күшi
болмағандықтан, Аттила әлемдiк үстемдiкке жақын болған.
Төрт бөлiктен тұратын держава, солтүстiк аймақтарында Скифия (ғұн
патшалығы) Германияға дейiн, оңтүстiгiнде Аттиланың салық төлеушiлерi екi
Рим империясы болды. Өз территориясы мен ықпалы бойынша ол әлемнiң 4
бөлiгiн де қамтиды: шығыстан батысқа, солтүстiктен оңтүстiкке қарай.
Аттиланың өлiмiнде айтылған жерлеу жыры жоқтау мәтiнi түрiк дәстүрлерiне
ұқсас, сондықтан Орталық Азиядағы ежелгi ғұн тарихымен байланысын байқауға
болады.
Демек, қаған Күлтегiн құрметiне жазылған Орхон-Енисей руналық
жазбаларында шығыс түрiк қағаны өз иелiгiнде әлемнiң 4 бөлiгiн иеленген
халықтардың барлығы туралы айтады (турт булун). Қазақ тiлiнде бұл -
дүниенiң төрт бұрышы деген мағына бередi. Осылайша ғұндар мен Аттила және
шығыс түрiк қағаны туралы көрсетiлген мәлiметтердiң арасындағы белгiлi
параллельдердi байқауға болады. Ғұн империясы шығыстан батысқа қарай -
Алтайдан, Орталық Азиядан және Қапқаздан Дунай мен Рейнге дейiн созыл ды.
Аттиланың жағдайын 447 жылы Константинополь қабырғасында тұрған
кезеңiмен салыстыруға болады. Сол кезде де эпидемия болған, бiрақ оның
әскерiнiң негiзгi бөлiгiне әсер еткен жоқ. Византиямен соғыста ғұндар
жеңiстен-жеңiске жеткен болатын. Император II Феодосий ғұндарға бiр рет
6000 пұт алтын, жыл сайын 2100 пұт алтын мөлшерiнде салық төлеу мiндетiн
мойнына ала отырып бейбiтшiлiк сұрады. Ендi жеңiмпаз әскердiң басындағы
Аттила Италияда едi.
Империя үшiн осындай қиын жағдайда III Валентиниан Равеннада әрекетсiз
отырса, Аэций де бейтараптылықта болды. Рим әскерi ғұн тегеурiнiне бұдан
былай қарсы тұра алмады. Ақыр аяғында шығыс ромейлiктер сыннан өткiзген
Аттилаға елшiлер тобын жiберу тәсiлi қолданылды. Оны кейiннен Ұлы атанған
папа I Лев өзi бастап барды. Проспер Тиро бойынша барлық елшiлер сыймен
қабылданып, патша шiркеудiң жоғарғы басшысының қатысуына ерекше ризашылығын
бiлдiрiп, соғысты одан әрi жүргiзуден бас тартып, бейбiтшiлiктi сақтап,
Дунайдың арғы жағына қайтуға уәде бердi.
Егер Аттила Рим қабырғасының түбiнде тұрып, папаның сөзiне тоқтап,
мағынасыз қиратулар мен қырып-жоюдан бас тартса, сол кезеңнiң тағы бiр
билеушiсi-германдықтардың вандал патшасы Гейзерих туралы бұны айта
алмаймын. Үш жылдан кейiн, 455 жылы I Лев оны тоқтата алған жоқ. Вандалдар
Римдi тас-талқан қиратып, халқын ақырғы жiбiне дейiн тонап алды, осыдан
вандализм түсiнiгi мәдени, материалдық байлықтарды жаппай құрту және
хайуандық пен мағынасыз қатыгездiктiң баламасы ретiнде қолданылады.
Кейiннен орта ғасырлардың жазбалары қасиеттi аталған папаның
flagellum dei, яғни латыннан қазақшаға сөзбе-сөз аударсақ: Құдайдың
азабы мағынасын беретiн балама есiмi бар ғұн державасының билеушiсiмен
кездесуiн аңыздармен көркемдеп бейнеледi. Бұл жерде бiз осы атауға көбiрек
көңiл бөлiп тоқтала кетуiмiз керек, себебi, осы уақытқа дейiн патшалардың
патшасы Аттиланы еске алғанда аңызбен қоса, кейбiр басылымдарда бұл есiм
ғұн билеушiсiнiң бет - бейнесi болып кеткен.
Flagellum dei (Бич Божий) баламасы Аттила бейнесiнiң шiркеулiк
кейпiн көрсететiнiн баса айту керек. Бiр аңызда Қасиеттi апостолдар Петр
мен Павел Рим папасымен қатар тұрғандықтан бойын жиған Аттила райынан
қайтты деп көрсетедi. Кейiнгi орта ғасырлардың басында бұл тақырып
бейнелеу өнерiнiң қолайлы сюжетi де болды. Осылайша шiркеу рухында Аттиланы
Рим шекарасында тоқтатқан папа Левтiң Батырлық бейнесi пайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz