Әл-Фараби, Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұни


ЖОСПАР
Кіріспе3
Әл-Фараби5
Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұни9
Махмұд Қашқари13
Қорытынды15
Қолданылған әдебиеттер16
Кіріспе
Әр этнос өзінің даму, өсу жолында сан қилы стадиялардан өтеді. Ұлттың жұлдызды сәті болады - ол мемлекет құру, әлемдік тарихқа өз өрнегін салу мүмкіндігі болса керек. Сонымен бірге оның тозу, сыну, ыдырау, құлау сәттері де тарихта кездесетін құбылыстар. Ал, ұлт ұлықты болса, ол - мемлекет-орда құрып, өз мәдениетін қалыптастырып, өркениетпен қабыса дамып, белгілі бір кеңістік пен мерзімде оның есігінен сығаламай, төріне шығатын бақыт қонады. Ұлтың рухты болса, ұлың ұлықты болса, тарихшы оны жаза алмаса, тарихтың сырын таба алмаса - ол тарихшы емес, ол тек оның елесі ғана.
«Мәдениет дегеніміз не?» - деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» - қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Көне замаңда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б. э. д. 45 ж. ) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж. т. б. ; б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж. т. б. ) ; в) агро-мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж. т. б. ) .
Қазақ халқы Дала өркениетінің түлегі, бірақ ол жалғыз емес, ендеше сол мәдениетті жасаушылардың ішінде ол асылы ма, жасылы ма, масылы ма? Дала мәдениеті қашан, қандай кеңістікте, қандай мерзімде өмір сүрді? Қазақ халқының мәдениеттен алғаны көп пе, бергені көп пе? Мәдениет пен ұлт? Сонымен, сөз мәдениет және қазақ халқының ардақты бабалары хақында!
Әл-Фараби
Орта ғасырдағы қазақ жеріндегі қалалардың ірісі Отырар болған. Ол туралы тарихта мол мағлұмат сақталған. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстандағы ірі қалалар Сайрам, Түркістан өңіріндегі Ясы, Сырдария бойындағы Сауран, Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген оғыздардың Жент, Янгікент, Қора, Қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің астанасы болған Сығанақ шаһарлары қазақ мәдениетінің қалыптасуына, өсіп өрбуіне, дамуына күш-қуат берген, арқау болған қалалар. Бұл қалалар әртүрлі жағдайда қирап, құлап, құрып, жойылып кетті. Бірақ олар кейінгі ұрпаққа мәңгілік мәдени мұра, өшпес өнер туындыларын, салт-дәстүр, жол-жоралғысын қалдырды. Осы қалалардан аты айдай әлемге мәлім болған ғұлама ғалымдар, ақын жыршылар, өнер адамдары көп болыпты. Солардың ішінде қазақ жерінде Х-ХІІ ғасырда өмір сүрген аттары шығыс пен Батысқа, бүкіл әлемге кеңінен таныс болған, өздерінің ғылымга қосқан үлесімен дүниежүзілік дамудың барысына елеулі ықпалын тигізген ғұлама ғалымдар Әбу-Насыр Әл-Фараби, Жүсіп-Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Иассауидың әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кетудің жөні бар.
Әл-Фараби (Мұхаммед ибн Мұхаммед уз лаг Тарахни Әбу Насыр Әл-Фараби - 870-950 жж. ) дүниежүзілік білім мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі тарихындағы екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, жан-жақты білімдар ғалым, өнер зерттеуші, ақын болған кісі. Сыр бойындағы Отырар қаласында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысынын Шәуілдір ауданы) туып, Дамаск шаһарында қайтыс болған. Әкесі әскер басы болған. Жасында әртүрлі өнерге, садақшы-мергеншілікке, атпен шабуға, сазгерлік аспаптарда ойнауға әуестеніп, зерделі болып өскен ол оқуда да зерек, ынталы, алғыр болады. Соның арқасында ол өз жеріндегі оқуды тамамдағаннан кейін Шығыстың алдыңғы қатарлы елдерінде, Иракта, Мысырда, Шамда оқып білім алған. Философия, әлеуметтану, математика, физика, астрономия, ботаника, этика, эстетика, лингвистика, логика, денсаулық сақтау, музыка зерттеу салаларында терең білім алған ол ғылымның осы арналарының бірде-бірін назарынан тыс қалдырмай оларды дамытуға, елеулі үлес қосты. Ол ғылымның осы салаларынан 160-қа тарта трактаттар жазып онда құнды пікірлер айтты. Өзінің тұғырнамалық көзқарастарын жария етті. Орта ғасырдағы ғылым мен мәдениеттің үздік өкілі болған Әл-Фарабидің шығармалары латын, парсы, ағылшын, француз, неміс тілдеріне аударылып, жеке кітап болып шықты. Олар сонымен бірге қазақ, өзбек, тәжік, орыс тілдерінде де жарык көрді. Оның өмірі мен шығармашылық қызметін зерттеу оның туганына 1100 жылдығын атап өтуге байланысты мақсатты сипат алды. Қазақстан ұлттық ғылым академиясы бұл мәселемен дәйекті шұғылданды, соның нәтижесінде республикамызда оның еңбектері 7 том болып жарық көрді. Бұл үшін Мәскеу, Ташкент қалаларындағы, Чехословакиядағы Братислав музейінде сақталған, сондай-ақ Каир, Бейрут, Хайдарабат, Анкара, Берлин, Лондон т. б. қалаларда жарық көрген Фараби шығармаларының түпнұсқалары пайдаланылды.
Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері мен тарихын сөз еткенде алдымен ауызға ілігетін, қазақ халқының мақтанышы болып отырған ұлы ойшыл Әбу-Насыр Әл Фараби мен қазақтың басқа да дана ұлдарының, атап айтқанда, Абайдың ой-пікірлерін, көптеген мәселедегі көзқарастарының сабақтастығына да жұрт көңіл аударуда. Олардың дүниеге көзқарастарының бірыңғай екенін атап көрсететін жарияламалар жазды.
Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік көзқарастары мен идеясының, адам бойындағы моральдық қадір-қасиет, әсемдік, сұлулық, парасат жөніндегі ой-пікірлерінің қалыптасуына туған елінің төлтума мәдениеті мен аса бай ауыз әдебиеті, азаттыққа ұмтылған ерік жігері, бостандық сүйгіш ой-пиғылы әсер етті. Фараби философиясының ауқымды ілім екенін айта келіп діннің елде ізгілік орнатушы күш бола алмайтынын, өйткені оның көптеген қағидаларының философиядан алынғанын және соған сүйенетінін дәлелдеп берді. Ол философияны, ғылымды діннен жоғары қойды. Оның философияны, этиканы, эстетиканы, жалпы ғылым атаулыны дінге байланыссыз өркендеп дами алады деп дәлелдеуі оның орасан зор ойшылдыгы мен жаңашылдығының жемісі болды. Ол қоғам дамуының көптеген келелі мәселелерін қарастырып олар жөніндегі тың тұжырымдар айтты. Оның ғылымды жүйелеуге арналған, ХV-ХІІ ғасырларда көне грек, латын тілдеріне аударылған «Ихсо Әл-улум» деген еңбегін Батыс Еуропа ғалымдары Орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады. Оның бұл еңбектегі, сондай-ақ басқа да трактаттарындағы тұжырымдары әлемдегі ғылымның көптеген салаларын дамытудағы өзінің мәні мен маңызын осы уақытқа дейін жойған жоқ.
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деп аталатын трактатында Әл-Фараби қоғам дамуының, әлеуметтік өмірдің, этикалық көзқарас қасиеттердің көптеген мәселелерін сөз етті. Ол мемлекеттің болуы ондағы халықтың бақытты, бай, алаңсыз өмір сүруі ел басшысына байланысты деп түйеді. Жан-жақты білімі бар, әділ, инабатты, мейірімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жаны жиренетін, жұртымен санаса білетін адам ел басқарса халықтың қадір-қасиеті артады, хал жағдайы жақсы болып, көсегесі көгереді дейді. Ол сонымен бірге тірліктің тетігі еңбек, білім, адалдық пен тазалық екенін айтты. «Ақындықтың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Ғылымдардың шығуы» т. б. еңбектерінде ол қоғам дамуының, адам болмысының мәселелері жөнінде философиялық тұрғыдан терең пікірлер айтты. Жүздеген еңбек жазып халқының рухани, мәдени қазынасына үздік үлес қосқан Әл-Фараби халқының қайталанбас ұлдарының бірі болды.
Әл-Фарабидің бірегей тұлға болғанын айта отырып оның әлемге аты әйгілі осы Фараби қаласынан шыққан тұстастарының болғанын, солардың бірі Әбу Ибраһим Исхак бин Ибраһим Әл-Фараби деген ғалым екенін айту керек. «Әдеби жинақ» (»Диуан Фил-адаб») атты көлемді мұра қалдырған. 1974-1979 жылдарда Каир қаласында 5 том болып басылып шыққан бұл еңбекте автор тіл білімінің көптеген мәселелерін қорытып, әдебиеттің, мәдениеттің сүбелі бөлігі болып табылатын макал, нақыл, ырғақты қара сөз, нақыл сөз тағы тағыларының анықтамасын береді, тіл, әдебиет салалары бойынша келісті де келелі пікірлер айтып өз артына өшпес мұра қалдырады.
Осы Әбу Ибраһим Исхак Әл-Фарабидің шәкірті болған Әбу Насыр Исмаил бин-Хаммад әл-Жауһари да Отырар маңындағы Жауқара деп аталатын елді мекенде дүниеге келіп, дүниенің төрт бұрышын түгел шарлап Басрада, Шамда, Бағдадта, Харасанда, Дамғанда болып терең білім алып зерделі зерттеуші, айтулы ақын өнер иесі болып қалыптасады. Ол «Ас-Сихах» («Ақиқат», «дұрыс», «заңды») деп аталатын араб тілінің табиғатын танытатын теңдесі жоқ тамаша еңбегін жазып ұрпаққа ұлағатты туынды қалдырады.
Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұни
Бұл аталған ойшыл-оқымыстылардан шоқтығы биігірек болмаса кем емес, қазақ жерінің мақтанышы, ғылым мен мәдениет әлеміндегі шоқ жұлдыздардың бірі Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұни (1021-1075 жж. ) қазіргі Жетісу өлкесіндегі Шу өзенінің жағасында, Шығыс Түркістан мен Орта Азияның елеулі бөлігін қамтып жатқан Қараханидтер мемлекетінің екі рет астанасы болған Баласағұн (Күз Орда) қаласында дүниеге келіп, сол қалада өмір сүрді. Ол ұлы ойшыл данышпан ақын, білікті қоғам қайраткері болған. Жасы 54-ке келіп, бірнеше тілді игеріп, ғылымның көптеген салаларынан терең хабардар болып кемел шағына келгенде түрік тілінде, өзін өмір бойы толғандырған, тіршіліктің мәнін, қоғам құрылысының күрделі мәселелерін сөз ететін, кейін оның атағын шығарып абыройын тасытқан, ең бір тұлғалы туындысы «Кұтадғу білікте» («Құт әкелетін білім») деген еңбегін жазады. Оны ол 18 айда бітіреді. Оның бүкіл көргені мен түйгені, өмірден алған ғибраты, халықтың ауыз әдебиетін сүйіп оқып одан зерделегені осы еңбекті жазғанда кәдесіне артығымен асады, елді сүйсіндірген, халықты риза еткен шығарма жазуына мықты негіз болады.
Каспийден Қытайға дейінгі алып даланы жайлаған Қарақанидтер елдің бірлігін қамтамасыз ететін, бір орталықтан басқарылатын, біртұтас мемлекеттің болмауынан үлкен берекесіздік қиыншылықтарға тап болады. Елді бөлшектеп, бір-біріне тәуелсіз иеліктерге ажыратып әкету қаупі оның бірлік пен бүтіндігін аңсаған, Қарахан мемлекетінің құдіретті де қуатты тас түйін тұтас ел болуын көксеген күштердің мемлекет тағдыры үшін алаңдатушылығын туғызады. Солардың бірі болған Жүсіп елдің бірлігі мен бүтіндігі, бірыңғай, біртұтас мемлекеттігі жөніндегі идеяны жанын сала жақтады. Осы идеяны туындысына өзек етіп, оны жұртшылық игілігіне айналдыруға өз шығармасының бүкіл рухани күш-қуатын бағыштады. Оның бұл сияқты ыждақатты ықылас ниеті ел басшыларының назарынан тыс қалған жоқ. Жүсіп өзінің тамаша туындысын тек елдің бірлігі сияқты көкейтесті мәселемен шектемеді. Әділет, ақыл, қанағат, парасат сияқты адамгершіліктің өлшеміне арқау болатын қасиеттерді шабыттана сөз етті. Оқыған адамын ойландырмай, толғандырмай қалдырмайтын, жанымен жүрегінен жарып шыққан бұл шығарманы ел басшысы Табғашқа тарту еткенде Табғаш Бөрі Қара қаған Әбу Әлі Хасан ибн Сүлеймен Арыслан шын жүректен риза болып Жүсіпке ұлы Хасхаджиб деген құрметті атақ берді. Оның Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни атануының себебі осы.
XIX ғасырдың басынан мәлім болған «Құтадғу біліктің» Каир, Вена, Наманған қалаларында сақталған нұсқаларының 1942-1943 жылдарда Стамбулда үш кітап болып басылып шығуы әлемдегі мәдени өмірдің аса маңызды оқиғасы болды. 73 тараудан 6407 бәйіттен, 12814 өлең жолдарынан тұратын бұл мұра 1971 жылы Ташкент қаласында жарық көрді. Бұл еңбек қазақ оқушыларына ана тілінде әлі толық жетіп болған жоқ. Бірақ соның өзінде де Баласағұнды білмейтін, оның нақыл сөздерін айтпайтын қазақ аз. Мәселен оның аузынан шыққан мына мақал-мәтелдерді кім білмейді: «Сөздің көркі мақал», «Ауру қалса да әдет қалмайды», «Қартайғанда дәулет бер, жастығымда бейнет бер», «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал» немесе «Маңайлама ар-ұяттан безгенге, мыңдап алғыс инабатты сезгенге», «Ізгі атымен ер алғысқа бөленеді», «Құр атақ қуған ер өзінің түбіне жетеді», «Сен дүние-малға сұқтанасың, саған өлім сұқтанады». «Сақтана біл сараңдықтан өспейтін, Жомарт ердің аты қалар өшпейтін», «Дүниеге жаям десең атыңды, жолаушыға қызмет қыл татымды». Оның мына бір өлең жолдарына назар аударайықшы:
Тез түсер тірлік өлім тұзағына.
Ұлықта бара қоймас ұзағына,
Қаншама жасасаң да зордай болып,
Сом дене үгіледі бордай болып,
Бар арман, құрмет тауып сіңірсең де,
Өлмейтін өмір суын сімірсең де,
«Жетті деп төбем көкке!» шіренерсің
Бәрібір жер қойнына бір енерсің.
Кетпеді ме небір жайсаң қасқалар,
Жеді, жұтты қу қара жер бас салар,
Орда, сарай, қорған салған берік қып -
Тастап кетті барлығын да тәрік қып,
Талап елді көре алмаған пайдасын
Ел басылар тойымы жоқ қайдасың.
Талай елді талап алған сол батыр
Екі-ақ құлаш жерге сиып ол жатыр.
Зар қақтырған жаулап алып кең елді
Міне бүгін қара жерге теңелді
Талай елді жаулап алып, ту тіккенді,
Жер жастанды барлық ісі бітіп енді.
Осы жолдардан тойымсыздықтың, зорлық-зомбылықтың еш мақсатқа жеткізбейтінін, қанша жасасаң да тірлігіңнің дұзаққа түсетінін айта келіп өмірдің тозбайтынын, өлмейтін, өшпейтін мықты мұраттары бар екеніне меңзейді. «Тәуір ісің енді өжетке жарайды, жаман ісің өкініш боп тарайды» - дейді ол. Сондықтан «Ойласаңыз жан тыныштық әмәнда, кещелікті таста жаның аманда», - деп кеңес береді. Жүсіптің бұл секілді өнегесі мол өсиет сөздері өте көп. Көрнекті әдебиеттанушылардың бірі Мекемтас Мырзахметов өзінің Жүсіп Баласағұн жөніндегі бір мақаласында Жүсіп мұраларының Абай даналығымен сабақтастығын нақты мысалдармен қарастырады. Жүсіп туындыларының Абайдың шығармашылық тұлғасының қалыптасуына тигізген әсеріне көңіл бөледі. Ал шынтуайтына келгенде Жүсіптің Абай, одан кейінгі халқымыздың қасиетті зиялылары ғана емес, бүкіл қазақ халқының мәдениетінің қалыптасуына, қазақ даласында ақыл-ойдың, даналықтың дамуына, қазақ баласының бойында адамгершілік қасиеттердің орнығуына тигізген ықпалы мол. Жүсіп Баласағұнсыз қазақ мәдениеті туралы айтудың өзі болмайтын іс. Демек, Жүсіпті елдің елдігінің, ердің ерлігінің, адамзаттың асқақ арманының туын көтеруші ретінде тануымыз керек.
Махмұд Қашқари
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz