Көне түрік, Батыс түрiк, Түргеш қағанаттары
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Көне түрік, Батыс түрiк және Түргеш қағанаттары 2
Қарлұқ мемлекеті 10
Қарахан мемлекетi 13
Қолданылған әдебиеттер 18
Кіріспе
Түрік тілдес халықтар тас қашап, мүсін жасау кәсібін жетілдіріп, оның
өнерлік сипатына айрықша мән берген. Соны айғақтайтын Оңтүстік-Сібір,
Орталық және Орта Азия жерлерінде бал-балтас, сағана-тас, мүсін-тас, құлпы-
тас ескерткіштері жиі ұшырасады. Олардың атауы сыртқы түріне, қашалып
жасалған формаларына қарай пайда болған. Бұғыны көз алдына әкелетіндіктен
осындай ескерткіштер бұғы-тас деп аталса, бағана сияқты биік тас діңгек-
бағана тас, жай-тастан қашалып қойылған белгі сияқты болып келсе оны бал-
бал тас деген. Соңғыларын ежелгі қыпшақтар білбіл деп атаған, адам
бейнеленген тасты мүсін тастар деп атайды. Олардың арасында әйелді
бейнелейтіндері көп кездеседі. Қазақстан, Алтай, Монғолия даласында
қызтас, келіншектас, кемпіртас деп аталатын, сондай-ақ атаусыз жай
әйелді бейнелейтін тастар да жиі ұшырайды.
Көне түрік, Батыс түрiк және Түргеш қағанаттары
VI-Х ғасырларда Қазақстан жерiндегi алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне
және Батыс түрiк қағанаттары едi. Бiздiң заманымыздың 1 мың жылдығындағы
Орталық Азия жерiн мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара
тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстiк Моңғолиядан Орта Азиядағы
Әмудария өзенiнiң бойына дейiн созылған кең байтақ жердiң бәрiн тирек
(телэ) деген жалпы атпен бiрнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бiрi -
түрiк тайпасы. Түрiк деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың
солтүстiк батысында орналасқан Вэй князьдiгiне түрiктер (туцюе) жыл сайын
шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнiнде айтылады. Қытайлар түрiктердi
сюнну-ғұндар деп атаған.
546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монголияның оңтүстiк және орталық
аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы
кезде күтпеген жерден түрiктердiң қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған)
басқаруымен тирек (телэ) әскерлерiне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңiп,
50 мың әскерiн тұтқынға алады. Осыдан кейiн түрiктер күшейiп, ендi
аварларға (жуань-жуань) қарсы шығып, авар қағаны үйiнiң ханшасын Тумынге
әйелдiкке берудi талап етедi. Авардың қағаны өзiне бұрын тәуелдi болып
келген түрiктердiң елшiсiн үйiнен қуып шығады. 552-ші жылы көктемде
түрiктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңедi, авардың
қағаны Анағұй өзiн-өзi өлтiредi. Осы кезден бастап Тумын түрiк билеп-
төстеушiлердiң қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.
Тумын өлгеннен кейiн, таққа оның iнiсi Қара-еске отырады. Ол Орхонның
жоғарғы жағында аварларды екiншi рет жеңедi. Қара-Ескеден кейiн, оның
мұрагер iнiсi Еркiндi-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезi
553-572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт iшiнде (553-554 жж.) түрiктер
шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстiкте
Енесей қырғыздарын, Жетiсу жерiндегi түргенеттердi өздерiне қаратты. 563-
567 жж. Эфталит патшалығын басып алды. Мiне, осыдан кейiн олардың жерi
Каспий теңiзiнен Солтүстiк Индияға және Шығыс Түркiстанға дейiн созылып
жатты.
Түрiктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейiн Жерорта теңiзiне баратын
Жiбек жолына иелiк еттi. Олар өздерiнiң жаулап алу жорықтарын жүргiзуде
Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түрiктердiң әскери қолбасшысы
Естемi Солтүстiк Кавказды басып алды, сөйтiп Керчь түбегiне (Боспорға)
шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл
жасады. Бірақ Естемi өлгеннен кейiн, 582-593 жылдары билiк үшiн қырқыс
басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтiк қайшылықтар қағанатты қатты
әлсiреттi. Күшейiп алған Иран 588 ж. Герат түбiнде түрiктердi жеңiп шығады.
Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.
Түрiк қағанатындағы өзара қырқыс 603 жылы оның екi дербес Шығыс және
Батыс қағанаттарына бөлiнуiмен аяқталады. Батыс қағанатының орталығы –
Жетiсу жерiндегi Суяб қаласы (қазiргi Тоқмақ қаласына жақын жерде).
Батыс түрiк қағанаты ежелгi үйсiн жерiн жайлады. Ол Қаратаудың шығыс
баурайынан Жоңғарияға дейiнгi жердiң бәрiн алып жатты. Қағанаттың негiзгi
этникалық-саяси ұйытқысы – "он тайпа" (он-ақ будунның( мекендеген жерi де
осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрiк қағанатының Шығыс Түркiстан
және Орта Азияның Сармақанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы
қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.
Қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркiстан қаласына жақын) деген жерде
болған. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның iнiсi Түнжабғы қаған 618-630 жж.
билеген кезде қағанаттың күш қуаты таси түседi. Тохарстан мен Ауғанстанға
жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндiстанның солтүстiк батысына
дейiн жылжытып кеңейтедi.
Түрiк қағанаты мал және егiншiлiк шаруашылығымен шұғылданды, мал
шаруашылығына байланысты көшiп қонып жүрген. Егiстiк жерлерде түрiктер
отырықшылық шаруашылықпен айналысты. Қала мен дала қағанат құрамындағы
бiрiккен әлеуметтiк-саяси ағзаның бiр-бiрiне аса қажет, бiрiн-бiрi
толықтырып отыратын бөлшектерi едi. Елдiң халқы - түрiктерi де, соғдылары
да - бәрi бiрдей сауда-саттықпен, қолөнер кәсiбiмен, егiншiлiк және мал
өсiрумен айналысқан. Нәтижесінде түрiктердiң қалалары өркендей бастады.
Қалаларда сауда-саттық кеңiнен жүргiзiлдi. Шу өзенiнiң бойындағы Суяб
қаласына Орта Азия және қытай жерiнен неше түрлi заттар әкеп сататын болды.
Түрiктер Персия арқылы Византияға жiбек және басқа заттар өткiзуге рұқсат
сұрап, VI ғ. 70 жылдары Соғды көпесi Маниахтың басқаруымен елшiлiк
жiбередi. Бiрақ бұл жолғы сапар сәтсiздiкпен аяқталған. Одан кейiн осы елшi
Кавказ жерi арқылы Константинопльге келiп, екi елдiң арасында жiбекпен
тiкелей сауда жүргiзу туралы және олардың бiрiгiп, сасанидтер Иранына қарсы
қимыл жасау жөнiнде келiссөз жүргiзедi.
Сыртқы сауда айырбасы да, iшкi сауда айырбасы да ақша айналасын
шығарды, сөйтiп Батыс түрiк қағанатының қарамағындағы шет аймақтарының да,
орталығының да халқы осы айналысқа көштi. Түрiк халқы қолөнерiмен де
шұғылданып, өмiрге қажеттi, әсiресе, үй тұрмысына керектi заттарды және
қару-жарақтарды жасап пайдалана бiлдi. Түрiк қағанаты әлеуметтiк тұрғыдан
алғанда бiр жағынан, ақсүйек тайпалар, екiншi жағынан, оларға бағынышты,
тәуелдi тайпалар болып екiге бөлiнедi. Бағынышты тайпалар алым-салық төлеп
тұрған. Қағанаттың басында жоғары билеушi, әскер басшысы, барлық жердiң
иесi қаған болған. Елдегi барлық билiк оның туыстары арқылы жүргiзiлдi.
Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар - жабғы, ұлық, шад және елтебер-қаған
әулетiне ғана тән атақ-тұғын. Сот қызметiн бұйрық берушiлер, тархандар
жүргiздi. Қағанаттың негiзгi халқы малшы қауым мүшелерi, оларды "қара
буын", ("қара халық, "тобыр") деп атаған.
Түрiктердiң ежелгi жазуы болған, оны Жетiсу жерiндегi ескерткiштерден
көремiз. Шығыс пен батыста, оңтүстiкте ұшы-қиыры жоқ жерi бар бiртұтас
орасан зор мемлекет құрған түрiк батырлары "басы барды идiрдiк, тiзесi
барды бүктiрдiк" деген сөздердi тасқа қашап жаздырып қалдырған. "Күлтегiн"
жыры да осы тас жазуы арқылы бүгiнгi ұрпаққа жетiп отыр. Осы жырдағы Бiлге
қағанның "Iлгерi – күн шығысында, оң жақта – күн ортасында, кейiн – күн
батысында, сол жақта түн ортасында – осының iшiндегi халықтың бәрi маған
қарайды" деуi түрiктердiң қаншалықты зор мемлекет құрғанын көрсетедi. Жалпы
алғанда, түрiктердiң мәдениетi көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде
болған. Жергiлiктi халықтар түрiктердiң мәдениетiне, әдет-ғұрыптарына
көшiп, тiлiн қабылдаған.
Батыс түрiк қағанатында әлеуметтiк-экономикалық және саяси
қатынастардың ала-құлалығына, үстемдiк ету мен бағыну формаларының алуан
түрлiлiгiне қарамастан таптардың қалыптасуы мен ертедегi феодалдық
қатынастардың өрбуi бiршама тез iске асты.
Қағанат iшiндегi өзара тартыс, билеушiлердiң жиi-жиi ауысуы оның
ыдыраушылығын күшейттi. Он алты жылға 640-657 созылған тайпалар
арасындағы соғыс пен iшкi қырқыстар Жетiсуға қытайдың Тан империясы
әскерiнiң баса-көктеп кiруiне әкелiп соқты. Алайда, түрiктердiң Тан
басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргiзiлген тынымсыз
күресi түргештердiң күшейiп көтерiлуiне, сөйтiп 704 жылы Жетiсуда олардың
саяси жетекшi күш болып шығуына себепшi болды.
Түргеш қағанаты 704-756 жылда аралығында өмiр сүрдi. Бұл кезде Жетiсу
аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүрiп жатқан болатын. Жетiсуда
Түргеш қағанаты билеушiлерiнiң негiзiн қалаушы Үшелiк-қаған. Оның билiк
жүргiзген кезi - 699-706 жылдар. Ол Жетiсудан Батыс түрiк билеушiсi
Бөрiшадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейiн өзiнiң өкiметiн
орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзенi бойындағы Суяб қаласы. Екiншi
орталығы - Iле өзенi бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелiк елдi 20 ұлысқа
бөлiкке бөлiп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.
705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды
жаулап алуға кiрiстi. Хорасанды билеушi Күтеиб-ибн-Мүсiлiм Балхы жерiн
басып алып, Бұхараға аттанады. Осындай қиын кезеңде түргештер Согдi
Согдиана елiне көмекке келедi, Күтеибке тойтарыс бередi. 709 жылы Күтеиб
Мәуеренахрға қайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды
алдап, оны түрiктердiң көмегiмен бастартуға мәжбүр етедi, сөйтiп Бұхараны
басып алады.
Түргеш қағанатында Үшелiк өлгеннен кейiн билеушi оның баласы Сақал-
Қаған болды. Оның ел билеген кезi 706-711 жылдар. Бұл кезде елдiң iшкi және
сыртқы жағдайы өте күрделi едi, бiрлiк болмады. Батыста түргештер
согдiлермен бiрiгiп арабтарға қарсы күрес жүргiздi. Оңтүстiктен оған
Қытайдың Тан империясы, шығыстан Орталық Азия түрiктерi қауiп төнгiздi. 711
жылы Шығыс түрiк қағаны Қапаған Жоңғария жерiнде Бөлiсу жанында
түргештерге соққы берiп, Сырдариядан өттi. Бұл кезде арабтарға қарсы
самархандықтар мен Орталық Азия түрiктерi көтерiлдi. 712-713 жылдары
арабтарға қарсы түрiктер, согдiлер согдицы, Шаш Ташкент қаласы
тұрғындары және ферғаналықтар бiрiгiп күш көрсеттi. Мәуеренахрдағы араб
иелiгiне төнiп отырған қауiптi түсiнген Күтеиб Шаш қаласын өртедi, 714 жылы
ол Исфиджабқа шабуыл ұйымдастырды.
Көптеген қиындықтардан кейiн Түргеш қағанаты Сүлiк қағанның 715-738
жж. тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкiмет қара түргеш
тайпаларының қолына көшiп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты.
Айлалы саясаткер және күштi әскери қолбасшы Сүлiк екi майданда: батысты
арабтарға қарсы, шығыста батыс түрiк қағандары мирасқорларын (Шығыс
Түркiстанда орныққан) қолданған Тан империясымен күрес жүргiздi. 723 жылы
түргештер Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бiрiгiп, арабтарға
күйрете соққы бердi. Дегенмен арабтар 732 жылы өз әскерлерiн бiрiктiрiп,
түргештердi қирата жеңiп, Бұхара қаласын басып алды. 737 жылы Сүлiк
арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып, Тохарстанға дейiн жеттi, бiрақ кейiн
жеңiлiп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзiнiң әскери басшысы Баға-тархан
өлтiрдi. Сүлiк қаза болғаннан кейiн билiк үшiн "сары" және "қара"
түргештердiң арасында ұзаққа созылған күрес жүрдi. Түргеш мемлекетi өз
iшiндегi күрестiң нәтижесiнде едәуiр әлсiредi, оның осы жағдайын Тан
Қытай империясы ұтьымды пайдаланды. Оның Шығыс Түркiстан жерiндегi
билеушiсi 748 жылы түргештердiң басты қаласы Суябқа әскер жiберiп, оны
басып алды, Шаш қаласының билеушiсi өлтiрілдi. Оның баласы арабтардан көмек
сұрады. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых
бастаған араб әскерлерi мен Гао-Сяньчжи басқарған қытай әскерлерiнiң
арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрдi. Қытайлықтарға қарсы оның
тылындағы қарлұқтар көтерiлдi. Нәтижесiнде қытай әскерлерi жеңiлiске
ұшырады. Олар Жетiсуды ғана емес, Шығыс Түркiстан жерiн тастап кетуге
мәжбүр болды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz