ТӨЛЕ БИДІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
жоспар

КІРІСПЕ 3
ТӨЛЕ БИДІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ 4
ӘЙТЕКЕ БИДІҢ ШЕШЕНДІГІ 8
ҚАЗЫБЕК БИ 15
ҚОРЫТЫНДЫ 16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 18

КІРІСПЕ

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер,
ақындық айтыс секілді, қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін
көрсететін негізгі жанрлардың бірі.
Жазушы шеберлігін, жалпы тіл мәдениетін көтеруде мақал-мәтелдермен
бірге шешендік сөздерді мұқияттап жинап, зерттеп, сұрыптап жариялаудың
әдеби мәні зор. Өйткені сөз өнерінің әлі жеткілікті зерттелмеген саласы –
шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерде, мақал-мәтелдер сияқты, ойды кеңейтіп,
тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол.
Әдетте, шешендік өнер айтыс-дауда туып, дамиды. Сондықтан ердің,
елдің тағдыры сөз болатын, соғыс, бітім секілді маңызды мәселелер
қозғалатын сот залдары, парламент сарайлары және халық көп жиналатын ас-
тойлар, міне, шынайы шешендер, саяси қайраткерлер сөз сайысына түсетін,
сынынан өтетін және шыңдалатын орындар болған. Дүние жүзіне есімдері әйгілі
шешендердің көбінесе мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен,
парламент мүшелерінен шығатыны құпия сыр емес. Мәселен, ежелгі Афин (грек)
шешені Демосфен мен Рим шешені Цицерондар әуелі адвокат, кейін парламент
басшылары болған. Ал ХІХ – ХХ ғасырларда өмір сүрген орыс шешендері П.А.
Александров, Ф.Н. Плевако, А.Ф. Кони тағы басқалар адвокаттар еді. Сол
сияқты атақты қазақ шешендері Төле, Қазыбек, Әйтекелердің би болғаны мәлім.

Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар.
Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауыз-екі айтылып, қағазда емес,
ауызда – халық жадында сақталған. Сондықтан олар сол – бастапқы қалпында
емес, бізге ұзын-ұрғасы, үзік-жұрнағы ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан-
ауызға көшіп, ауыса жүріп өңдеу-жөндеулерге көп ұшыраған; сан ұрпақтың
талай таптың санасынан, екшеп-елеуінен өткен; сөйтіп, қысқарған, ұстарған,
жалпы халық шығармасына айналған.
Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәселеге байланысты
тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық жиі қолданып, сөйлемдік құрамы
қалыптасқан жүйелі, үлгілі сөздер. Онда халықтың бастан кешірген
уақиғалары, ақыл-ойы, арман-тілегі бейнеленеді, өмірге, дүниеге көзқарасы
көрінеді. Сонымен бірге шешендік, тапқырлық сөздер белгілі дәрежеде
қарапайым халықтың қанаушыларға, езушілерге қарсы жұмсайтын қаруы, құралы
болған.
Төле, Қазыбек, Әйтеке, Сырым, Жәнібек есімдерімен байланысты шешендік
сөздер де бұл пікірді растайды.
Тәуке хан қазақтың үш жүзін билеу үшін Ұлы жүзге Төле биді, Кіші жүзге
Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындаған. Осылайша қазақ қоғамын
Тәуке хан билеген жылдар (1680-1718) халық жадында үш би - Төле, Қазыбек
және Әйтеке, бір хан басқарған тарихи кезең болып енді.
Енді осы үш бидің шешендік өнері мен өмірбаяндарына қысқаша
тоқталайық.

ТӨЛЕ БИДІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ

"Қазақта Қабанбайдан асқан батыр, Төле биден асқан би жоқ. Үш жүзге
үлгі айтқан Төле би қандай да болса даулы мәселені қорытындылаған соң,
одан кейін ешкім сөз өрбітпеген".
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
"Едіге би" дастаны.
Төле би Әлібекұлы - қазақ қоғамының көрнекті саяси қайраткері, белгілі
шешен, Тәуке ханның жақын кеңесшісі, "Жеті жарғы" әдет заңын
құрастырушылардың бірі, ұлы жүздің аға биі Әлібектің кіші әйелі
Бүктіханымнан Өтебай, Елібай және Төле туады. 1663 жылы Шу өзенінің бойында
Жайсаң жайлауында Әлібектің үйінде үлкен қуаныш болады. Дүниеге Төле атты
бала келеді. Шу өңірінің халықтарына Төленің жақын, ыстық болатын себебі,
оның біздің ата-мекеніміз, төл жайлауымыз - Жайсанда "іңгәлап" дүниеге
келгені, кіндік кескен ата жұрты аталуы.
Әкесі Әлібек тоғыз ағайынды болған, дейді. Әлібек би орта шаруалы адам
болыпты. Ағайындары, бауырлары малды, соның ішінде, әсіресе, Тоқпан атты
інісі әжептеуір бай болған көрінеді. Сырттан келгендер "Ауыл кімдікі? -
десе, - "Әлібектікі", ал "Мал кімдікі?" - десе "Тоқпандікі" - дегенді
естіген. Әлібек би қараша үй тігіп, азғана ешкі сауып, бөлектеу бір жотада
тіршілік кешкен. Көп тыңдап, аз сөйлеген, бұрмай турасын айтқан адам
болыпты.
Төленің арғы атасы - Құдайберді, Есім ханның заманында Төбе би
есебінде хан сыртта жүргенде ел басқарған. "Өнер алды - қызыл тіл" деп
білген қоғамда әділ билік айту, сыншылдық, шешендік қайсібір шаңырақтарда
атакәсіпке айналған. Зерделі бала кәмелетке толмай-ақ қаршадайынан билік
естіп, сөз астарын қуып, ата кәсіпке машықтана бастаған.
Құдайбердіден сон Әлібек елдің қалауы бойынша би болады да, оның үйі
күнделікті ел арасында туып отырған дау-жанжалдың, зорлық пен панасыздықтың
тоғысқан жеріне айналады.
Бала Төле жәбірлінің аққан көз жасын, шерлінің айтқан мұңы мен зарын
естіп, малшылармен бірге мал бағып, бейнеттің не екенін көріп өседі. Ол
жастайынан билікке араласып "Қойшы би", "Бала би", "Дана би" атанады. Бұл
ұлы билер халық қамын ойлайтын, қандай қиын түйіндерді болса да әділ шешуге
тырысатын. Ол туралы Әйтеке би: "Әділет бізден, төрелік көптің хақы", - деп
бекер айтпаған. Қазақ тарихында, халық жадында терең із қалдырған үш би
болған. Олар - Әлібекұлы Төле би (1663-1756), Келдібекұлы Қазыбек би (1667-
1763), Байбекұлы Әйтеке би (1682-1766).
Бұл билерді халық, әрине, Тәуке ханның "Жеті жарғы" атты заңдар
жинағын жасағаны үшін есінде сақтап келген жоқ. Оларды халық қиын-қыстау
заманда ел басына халық ретінде жойылып кету қаупі төнгенде, бар билік
қуаты мен талантын ел бірлігі мен тәуелсіздігіне сарқа жұмсағаны үшін
жадында қалдырды. Бұл билердің қайсысы болмасын өз заманының ақылшысы еді.
Олардың қызметіндегі ең негізгі өзек, дәні - олардың өз ортасынан
бүкілхалықтық мүдде мен мақсатты түсінуге ерте оянып, өз өмірлерін осындай
биік іске арнағандығы.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес барысында қазақ, қырғыз және
қарақалпақ елдерін өз билігіне біріктіре алған Тәуке хан өлген сон,
сұлтандар арасында тақ, билік үшін болған күрестің барысында қазақ
қоғамында саяси бытыраңқылық қайтадан үстемдік ала бастады.
1723 жылы қазақ еліне қалмақтар басып кіре бастады, "Ақтабан
шұбырынды" атанған тарихи кезең басталды. Тап осы кезде Теле би өзінің
қайраткерлік қабілетімен ерекше көзге түседі. Ол қазақтарды түрікмен,
қарақалпақ, өзбек сияқты туыс халықтармен бейбіт, жылы қатынасқа, азын-
аулақ болып отырған келімсіз жайларға жол бермеуге, кешірімділік пен
кендікке шақырады. Кемеңгер би елдермен арада пайда болған дау-жанжалға
әділ билігімен араласып, сол үшін қарақалпақ, өзбек, түрікмен халықтары
арасында да жылы қабылданады.
1740 жылы Ұлы жүз ханы Жолбарыс өлгеннен кейін Ташкенттегі билік
толығымен Төле бидің қолына көшеді. Қазақ халқының Жетісу мен Сыр бойын
өзінен қуатты жаудан біржола азат етуге әлі де даяр емес екендігін түсінген
Төле би ойраттықтармен күш жинап алғанға дейін бейбіт қатынаста болуға
тырысып, олардың талап еткен салығын өтеп отырады, сондай-ақ ойрат
билеушісіне өз ұлы Жоланды аманатқа жібереді.
Халық арасында жазба түрінде тараған Әбдірайым шежіресі бойынша Жолан
қалмақ ханы қолында екі мәрте, барлығы он төрт жылға жуық уақыт болған, ал
Төленің тағы бір ұлы Қожабек қалмақтарға тұтқынға түсіп, содан оралмаған.
Шамамен 1720-1730 жылдардың аралығында Сайрамға жақын маңдағы Састөбеде
өткен үш жүз билеушілерінің кеңесі, Әбілқайыр, Сәмеке және Күшік сияқты
хан, сұлтандар бастаған кертартпа күштердің үстемдік құруымен аяқталады.
Төле би, Абылай сұлтан, Бұқар жырау, Жәнібек батыр бастаған екінші
прогрессивтік бағыттағы топ сырттан төнген қауіп алдында ұлттық
тәуелсіздікті сақтап қалу үшін қазақ қоғамының тұтастығын, бір саяси
орталыққа бағынуын қалпына келтіруді жақтаушылар жеңіліс табады.
Төле би Састөбе кеңесіне қатынаспаған. Оған даярлық барысында
Әбілқайыр сияқты хан-сұлтандармен негізгі мәселелер төңірегінде ортақ
шешімге келе алмайтындығын түсінген би денсаулығы жоқтығын сылтауратып
бармай, өз орнына Тастемір би бастаған Ұлы жүз өкілдігін жібереді. Атақоныс
Жетісу, Сыр бойының жау қолында қалуы, ал оны азат ету үшін жалпыхалықтық
саяси бірлікке жұрттың шоғырланбауы сол кездегі бүкіл Ұлы жүз тайпаларының
ұйтқысы есебінде болған Төле биге жеңіл тиген жоқ еді. Састөбедегі кеңестен
кейінгі Ұлы жүз билеушілерінің бас қосқан мәжілісінде сөйлеген сөзінде ол
елдегі саяси жағдайға баға бере келіп, елдің бытыраңқылыққа ұшырауына
кінәлі хандар екендігін айтады: "Кешегі Бұхара мен Хиуадан атақонысқа әрең
жетіп, енді етек-жеңімізді жиып, ел боламыз ба деп бет түзегенде өткен
Састөбедегі кеңес елге құт емес, жұт болды. Үш жүз бірігіп тұтас халыққа
айнала алмадық. Кешегі кесапат "Ақтабан шұбырынды" заманы бізге сабақ
болмады. Кіші жүз бен Орта жүз ұзап, бірі Еділ-Жайық, бірі Арқа асты.
Әрқайсысының басында өз күйі мен тағының қамын ойлаған хандар тұр.
Әбілқайыр түлкі сыйпат кісі еді, қайтып ол Кіші жүзді қоспас, ұрпағы да әке
жолын қуарды. Абылай елді елге қосар еді, бірақ басқаларының шылбыры оның
қолына түсер ме екен, ал оның ұрпағы да хан түбіне тартпай қоймас. Енді
қазақ ымыраға келіп, ел бола алады ма, сол қинайды жанымды - дейді.
1680 жылы Тәуке қазаққа хан болған. Шығыстан жоңғарлықтар шабуылды
күшейтіп, қазақ халқының сыртқы жағдайы шиеленісе түсті. Төле Тәукенің
көмекшілерінің бірі болып, қол бастады, Тәуке хан мен' Төле бастаған қолдар
қалмақтарға ірі-ірі соққылар беріп, кейін қайтарады. Бұл жеңіс туралы халық
аузында мынадай бір жыр жолдары сақталып қалған:
Тәуке мен Төле бірігіп,
Қылышын өткір қайраған.
Қолын бастап қазақтың,
Қалмақты кейін айдаған.
Осы жеңістен кейін қазақ халқы Төлені қатты бағалады және Тәуке хан
Төлені Ұлы жүздің бас биі етіп сайлады. Тәуке өзінің "Жеті жарлығын"
(заңдарын) жасап, оны жүзеге асыруға көрші елмен достық қарым-қатынас
жасауға кіріседі, Жеті жарлықты заңдастырып бекіту ісіне Төле, Сасық,
Әйтеке, Қазыбек билерімен бірге белсене араласады. Содан кейінгі жылдары
Төле үш жүзге жұмысын, билігін жүргізетіндердің біріне айналады.
1718 жылы Тәуке өліп, орнына хан сайлау үлкен талас тудырады. Тәуке
ханның тұсында қазақ үш жүзге толық бөлініп біткен еді. Әр жүздің
белсенділері бытыраңқылықты жақтап, әр жүзге бөлек-бөлек хан сайлансын деп
талап етті. Төле, Қазыбек, Әйтеке және тағы басқалар Тәуке сияқты бір-ақ
хан болуын жақтады. Ақырында үш жүзге Тәукенің баласы Болатхан, ал Ұлы
жүзге - Қайып, Орта жүзге - Сәмеке, Кіші жүзге - Әбілхайыр хан болып
сайланды.
Болат момын, жігерсіз адам еді. Үш жүздің ұлы ханы деген атағы
болмаса, әр жүздің ханы өз бетімен, өз білгенімен басқарып кетеді. Тәуке
ұстанған бірліктен береке кете бастайды. Үш жүздің ынтымағы ыдырап, аражігі
кете бастағанын аңдып қалған жоңғарлар қайта бас көтеріп, Ұлы жүз бен Орта
жүз еліне ойран салады. Жырынды жауға Төле би қол жиып, қарсы шабуылға
шығады. Туған жер, туған ел азаттығы үшін өткен арпалыстан мынадай жыр
жолдары ел арасына кең тарап бүгінгі ұрпаққа мұра боп кеткен жайы бар:
Төле би жайшылықта билік еткен,
Соғыста найза ұстап ерлік еткен.
Жорықта қол басқарып, іс атқарып,
Үйретіп жас ерлерге тәрбие еткен,
Қаралы 1723 жылға дейін қазақ хандығы Ұлы жүз жерінде орналасып келді.
1722 жылы жоңғарлықтар жоралғы топ құрып үлкен шабуылға дайындала бастады.
1727 жылы жоңғарлықтар қазақпен қайта соғысты. Бұл соғыстың салдарынан
Наймандар батысқа көшті. Найманның Садыр деген руы қатты қырғынға ұшырады.
Төле жаудың алдын бөгеп, шегіне соғысты. Бұл соғысқа жоғарыда айтылған
батырлармен бірге Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлар қатысты,
олар жауға қатты да пәрменді соққы берді. "Қаруға өзгеріс енгізу керек,
жаудың жақсы қаруын да пайдалануымыз қажет, - деп Төле әскерді шынықтыру,
жаудың әдіс-айласын білу жөнінде бірқатар шаралар белгіледі.
1725 жылы жау қайта күшейді де соғыс ашты. Ташкент пен Шымкентті,
Түркістанды басып алды. Қазақтардың көпшілігі өзбек жеріне өтіп, қайтадан
соғыса отырып, өз жеріне өтті. Ұлы жүздің бірқатары Қаратауға, Дулат елі
мен Орта және Кіші жүз Ұлытауға көшті.
Қазақ тарихындағы қасіретті "Ақтабан шұбырынды, Алқақөл сұлама" деген
заман осы кез болыпты. "Алқакөл сұлама" дегенді, біреулер Алқақөл деген
жерде ел қырылыпты деп көрсетпек болады. Тіпті сондай бір көлді
Қазақстанның оңтүстігінде болған екен деп те соғады. Мүмкін, ондай атты көл
бар да шығар. Бұл жерде Қоғалы келді, қан суды кірістірудің ешбір қатысы
жоқ. Егер сонша зор аймақты алып жатқан салуалы ордалы, байтақ Отанды қазақ
бірақ жерде қырылған болса, ол сөз болар ма еді?
Бұл бір қазақтың емес, бар қазақтың басына түскен нәубет, ауырмалық
еді. Ендеше қазақ бір Алқакөл туралы айтпайды. Оны өйтіп қиындатудың қажеті
жоқ. Ақтабан болды, яғни табаны көлдіреп, іріңдеді, шұбырынды болды,
жылады, алқасы көл болды деп анық айтылып тұрған жоқ па?
ХVIII ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында болған Жоңғар шабуылы
қазақ халқының тарихында содан "Ақтабан шұбырынды, Алқақөл сұлама" деп
аталып кетті. Төле би ауып көшіп кеткен елді қайтаруға Өтеген батырды
жіберіп, өзі қалған қазақтарды Қаратауға жинайды. Жесірлерін, жетім қалған
бала-шағаларын байдың малын ортаға салып, "сенікі - менікі", дегізбей
асырайды. Бұл секілді елім, жерім деп еңіреген Төленің қамқорлығын ел мәңгі
есінде сақтап қалды. Оны таңнан-таңға айтса таусылмайтын жыр етіп,
жүрегінде жатады.
Елің кетті шұбырып,
Ақ қар, көк мұз суықта
Ақ табан болған алыс жол,
-деп Төлеге халық айтса:
Бұл сапардан сескенем,
Аш-арыққа қараған,
Бізге пайда өзгеден.
-деп, Төле есі ауған елдің еңсесін көтеріп, "Бас-аяғымызды құрайық, ел
есін жисын. Қазіргі ауыр жағдайда арықтаған, ашыққан, тарыққан елді аман
сақтап қалу бізге көп пайда береді. Малдың бәрін ортаға салып, жан
сақтаудың қамын істеңдер", - деп елді қоғамдастырып, күш-қуат, рух беріп,
көңілдерін көтерді, қайта ел қылды.
Төленің осындай ерлігін, ел үшін істеген, және қоғамшыл болғанын халық
жыр етіп ақтарды:
Кейін қалған Үйсінді,
Төле би құрап жинапты,
Білуші еді сабазың,
Өзіне келер ұятты,
Казыбек, Әйтекемен бірігіп,
Үш жүздің басын құрапты.
Қара тау мен Ұлы тау,
Саласына орнапты.
Қазақтың қолы күшейіп,
Қалмақты қайта айдапты.
Жауды қуып қаладан,
Тәшкентті қазақ қайта апты, дейді.
Көне көз қариялардың айтуынша, Төленің бойы екі метрге жуық екен.
Жасынан шынығып өскен ол талай рет қол бастап, жаудың батырына қарсы жекпе-
жекке шыққан. Кейін сарбаздар: "Сіз бізді басқарыңыз, жекпе-жекке шығуды
қойыңыз", - деп әрең қойдырған.
Төле би өзінің тоқсан үш жас - ұзақ өмірін қазақ халқының сыртқы
жауларымен үздіксіз күресумен өткізді. Төле би ауырып жатып:
"Ой-хой дүние, көп едің,
Төсек тартып жатқанда,
Қайдасың Төле демедің,-
-деп өткен өмірімен қоштасыпты десетін шежіреші ақсақалдар.
Төле би 1749 жылы Тәшкент билігін тастап, Түркістан ортадағы Қаратас
деген жерге келіп мекендегенде 86 жаста екен. Бір ғасырға жуық (тоқсан үш
жыл) жасап Аққорған атты жерде жарық дүниеден, елімен қоштасып жатқан би:
"Елім, дүниеге келмек бар да, жүрмек жоқ,-деген. Жасаған тоқсан жылым тоғыз
күндей болған жоқ... Бұзылған елдің ішіне сормаңдай би кез болар - деген
менің әруағым риза болсын десеңдер татулықтарынды бұзбаңдар, - деп кеткен
екен. Бүкіл ел болып бидің сүйегін Ташкенттегі Шайхан тәуірде (Бабырдың
әкесі Жүсіпхан, XV-XVI ғ. өмір сүрген) мешіт түбіне қойған.

ӘЙТЕКЕ БИДІҢ ШЕШЕНДІГІ

Әйтеке би ақыл-білімімен, тілмар шешендігімен және әділ шешімдерімен
елдің сеніміне ие болған, оның алдына мал, жер, жесір және құн дауларымен
қара да, төре де, хан да жүгінген. Мәселен, Шоқан Уәлиханов бір сөзінде
былай деп жазады: Сөйтіп, Орта жүздің күшті билеушілерінің бірі Барақ
сұлтан 1758 жылы Кіші жүздің ханы Әбілқайырды өлтіріп, өзінің үстінен билік
айту үшін бүкіл қазақ халқының билерінен төрт биді таңдады. Олардың ішінде
Ұлы жүзден Төле би және Кіші жүзден Әйтеке бар.
Көркемөнері, әдебиеті, ғылымы – жалпы мәдениеті кешеуілдеп шыққан,
төрелік айтушы немесе тіл шебері ғана емес, сонымен қатар ертелі-кешті ел
басынан өткен ұлылы-кішілі уақиғаларды, тарихи адамдарды, олардың өнегелі
істері мен үлгілі сөздерін жатқа білетін тарихшы, қоғамдық құрылысқа,
табиғи құбылысқа пікір айтатын, баға беретін философ, оқымаса да көкейге
тоқығаны мол адамдар болған.
Жер дауымен байланысты Орта жүз Орманбет биге айтқан бір сөзінде
Әйтеке: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін,
бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен
үйің күйсін, – дейді. Бұл – әрине, ел қамын, елінің ертеңін, болашағын
ойлайтын кісінің сөзі.
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фани бұл,
Баласы жоқ та мият жоқ,
Бәрінен қиын сол екен,
Артында жанған шырақ жоқ 8, –

деп Әйтеке атынан айтылатын нақыл сөз де оның өмірден білген-түйгені мол өз
заманының ойшылы екенін аңғартады.
Әйтеке шешеннің Төле бимен, Қаз дауысты Қазыбекпен өскен ортасы, өмір
сүрген дәуірі және әлеуметтік қызметі бір, сондықтан олардың сенім-
ұғымдары, дүниеге көзқарастары да ұқсас, қарайлас. Оны біз ең алдымен
олардың атынан сақталған шешендік, тапқырлық сөздерден аңғарамыз. Аталған
үш қайраткердің есімдерімен байланысты сөздердің бір-бірімен тақырып,
мазмұн және поэтикалық құрылысы жағынан ұқсастықтарын айтпағанда, кейбір
пікірлерін ажыратудың өзі қиын. Демек, соғыс пен бейбітшілік, көршілес
халықтармен қарым-қатынас т.б. мәселелерге байланысты Төле би мен Қазыбекке
айтылған байыптаулар мен бағалауларды Әйтекеге де айтуға болады.
Шешендік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төле би өмірбаяны
Қазақ даласының ұлы билері
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
Шешендік сөздер түрлері
Шешендік өнерді оқыту әдістемесі
Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы Төле бидің ролі
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
Қазақ билерінің тәлім-тәрбиелік көзқарастары
Шешендік өнердің туу себептері
Әйтеке би
Пәндер