Ғұндардың қоғамы
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Ғұндар (Хунну) 3
Ғұндардың шаруашылығы. 5
Кәсібі мен саудасы. 6
Ғұндардың қоғамы. 7
Қорытынды 9
Әдебиеттер тізімі 10
Кіріспе
Тарихта ғұндар аты кеңінен белгілі. Осынау жоғалып кеткен халық аты —
жаугерліктің, қаталдық пен тағылықтық бейнесіндей көрінеді. Аттила бастаған
ғұндар Еуропа елдеріне жортып-жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар
халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа тарихынан таныс
оқиғалар. Ал б.з. дейінгі дәуірдің соңғы ғасырлары мен б.з. алғашқы
ғасырларында Орта Азияны, оның ішінде Қазақстан жерін мекендеген азиялық
ғұндар тайпалары онша мәлім емес. Тарихи әдебиетте олар хунну немесе сюнну
деген атпен белгілі.
Деректерде ғұндар (хунну) мен қаңлылардың өзара қарым-қатынас жасағаны
жайлы мәліметтер сақталған.
Б.з.б. I мың жылдықтың екiншi жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстiкке
және Ордосқа дейiн созылып жатқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал
шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлi тайпалар көшiп
жүрдi. Солардың басты бiр тобы б.з.б. IV-III ғасырларда Солтүстiк Қытайдың
шекарасына дейiнгi жердi мекендеген тайпалық екi одақ Сюнну және Дунху
бiрлестiктерi едi.
Сюннулар (хунну немесе ғұндар деп аталады), әсiресе, б.з.б. III ғасырда
мейлiнше күшейдi. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгiсiз.
"Ғұн" деген атаудың өзi кейiнiрек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп
болжам жасалынды.
Ғұндар (Хунну)
Ғұндардың этникалық тегi туралы мәселе әлi анықталып болған жоқ.
Зерттеушiлердiң көпшiлiгi оларды түрiктердiң арғы аталары деп болжайды.
Ғұндардың құдiретi тасып тұрған кезде, олардың бiрлестiгiне басқа бiрнеше
тайпалар қосылған, сондықтан "Ғұн" атауы этникалық болудан гөрi саяси одақ
атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бiр одаққа бiрiгуiне негiзгi
себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескiлескен соғысы
деу керек. Хань империясы кезiнде қытайлықтар ғұндарды талай рет басып
алмақшы болады, бiрақ ғұндар iргелес тайпалармен бiрiгiп, қытайлықтардың
шабуылдарына батыл тойтарыс берiп отырады.
55-жылы аса құдыретті ғұн мемлекеті — оңтүстік және солтүстік болып —
екі елге бөлінеді. Солтүстік-батыс Моңғолиядағы Қырғыз-Нұр көліне таяу
жерден теріскен ғұндарының билеушісі Чжичжи өз ордасын орнатады. Осы арадан
ол үйсіндердің көрші тайпаларына жорық жасап тұрады. Чжичжимен Қытай да
жауығып, алагез болып жүреді, әсіресе ғұн билеушісі қытай шенеунігі мен
елшісін өлтіру жайлы бұйрық бергеннен кейін бұл қатынас мүлде ушығып
кетеді. Чжичжи мен оңтүстік ғұндар билеушісі арасындағы бәсеке-тартыс та
күшейе түседі. Жағдай осылай шиеленісіп тұрғанда, Сырдария бойын еркін
жайлаған Қаңлы мемлекеті иесінің Үйсін мемлекетіне қарсы одақтасып, бірге
күресу жөніндегі ұсыныс-сәлемі дәл мерзімінде жасалған ұсыныс болады. Ол
Чжичжид өзінің шығыстағы иелігіне — Талас алқабына шақырып, оған қаңлы атты
әскеріне қолбасшылық ету хұқын береді. Мұның үстіне ол шаньюге өз қызын
әйелдікке беріп, оған бірнеше мың түйе мен жылқыны, есекті сыйға
тартқанда, қаңлы билеушісі: Чжичжи көп ұзамай үйсіндерді талқандап, олардың
қарауындағы Іле мен Шу алқабын басып алады деп үміттенеді. Алайда Чжичжи
үйсіндерді күйрете алмайды. Сол себепті де үміті кесілген қаңлы ақсүйектері
мен билеуші арасында тартыс туады. Ұзамай бұлар ат құйрығын кесіседі.
Шежірешілер сөзіне қарағанда, шаньюй, қаңлылардың әдет-ғұрпын мойындаудан
бастартады да, ашу үстінде қаңлы бекзатының қызын өлтіреді, бұған қоса
бірнеше атақты кісілерді, жүздеген қаймана халықты қырып салады, яки оларды
Далай (Талас) өзеніне лақтырып тастайды. Бұл үшін Чжичжи қаңлы билеушісінің
қосынынан қуылып, Таластың жоғарғы жағына кетеді, со жақтан өзіне шаһар
сала бастайды.
Чжичжидің күшейе түсуі және оның үйсіндерді дүрліктіріп, шапқыншылық
жасай бергені Қытай империясының төзімін тауысады. Чжичжиді елшілік жолымен
бейтарап қалдыру әрекетінен ештеңе шықпайды да қытайлар соғысқа дайындала
бастайды.
Ұзамай қытай әскері жорыққа шығады. Ол екі жолмен жүреді. Үш қол
оңтүстік жолымен, Қашғар мен Ферғана арқылы Шатқал қыратындағы Шанаш асуын
және Талас тауындағы Қарабура асуын басып өтеді; үш қол Шығыс Түркістаннан
шығып, солтүстік жолымен, шамасы Бедел асуы арқылы үйсіндер ордасы бар
Чигучен шаһары тұрған Ыссық көл алқабына шығып, сосын Шу алқабы мен Таласқа
барады. Қалың қол бір-бірімен Чжичжи қаласының түбінде қосылады.
Ғұндардың қаһармандықпен қарсы тұрғанына қарамастан, қытайлар сыртқы
ағаш қабырғаны өртеп, қамкесектен тұрғызылған дуалды опырып тастап, қалаға
басып кіреді де, ішкі қамалды алады. Чжичжи төнірегіндегі көптеген ағайын-
туыстарымен, бала-шаға, қатын-қалашымен, текті бекзаттарымен бірге — небәрі
1518 адам — тұтқынға алынады. Олардың түгелдей басы кесіледі.
Ғұндардың қоныс аударуының екінші толқыны б. з. 93 жылы басталады.
Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария
бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып
енеді. Б. з. ІҮ-ғасырында олар Европадан бой көрсетеді.
Зерттеушілердің басым көпшілігінің пікіріне үңілсек, ғұндар
түріктердің арғы ата-бабалары олардың Қазақстан жеріне келіп кіруіне
байланысты, шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б. з. I
мыңжылдығының бірінші жартысынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларының
антропологиялық тұрпаты өзгереді де, моңғол тұрпаттылар пайда бола
бастайды.
Ғұндардың шаруашылығы.
Ғұндардың өмір-тіршілігінде мал өсіру, әсіресе, жылқы өсіру басты рөл
атқарған. Жылқы болмаса, көшпелі мал шаруашылығының өзі өмір сүре алмас
еді, әскери жортуыл-жорықтарда ат әскердің өзін ғана алып жүрмей, оларды
аспен де қамтамасыз етіп отырған. Ғұндардың аттарының көпшілігінің
шоқтығы аласа, жатаған, дене бітімі тығыз да дөкірлеу, басы үлкен болып
келеді. Олар жүріске төзімді, жарлауыт тау қыраттарына емін-еркін шығып,
өзен-сулардан қиналмай өте беретін болған. Тау жоталарына шығып, олардан
түсерде, тау өзеңдерінен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz