Ғұндар (Хунну) империясының құрылуы
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Ғұндар (Хунну) империясының құрылуы 3
Оңтүстік және Солтүстік ғұндарға бөліну және Ұлы қоныс аудару 5
Батыс ғұн империясы 10
Қорытынды 13
Әдебиеттер тізімі 15
Кіріспе
Тарихта ғұндар аты кеңінен белгілі. Осынау жоғалып кеткен халық аты —
жаугерліктің, қаталдық пен тағылықтық бейнесіндей көрінеді. Аттила (Еділ)
бастаған ғұндар Еуропа елдеріне жортып-жорық жасап, оларды құлазытып
кетеді, олар халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа
тарихынан таныс оқиғалар. Ал б.з. дейінгі дәуірдің соңғы ғасырлары мен б.з.
алғашқы ғасырларында Орта Азияны, оның ішінде Қазақстан жерін мекендеген
азиялық ғұндар тайпалары онша мәлім емес. Тарихи әдебиетте олар хунну
немесе сюнну деген атпен белгілі.
Деректерде ғұндар (хунну) мен қаңлылардың өзара қарым-қатынас жасағаны
жайлы мәліметтер сақталған.
Б.з.б. I мың жылдықтың екiншi жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстiкке
және Ордосқа дейiн созылып жатқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал
шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлi тайпалар көшiп
жүрдi. Солардың басты бiр тобы б.з.б. IV-III ғасырларда Солтүстiк Қытайдың
шекарасына дейiнгi жердi мекендеген тайпалық екi одақ Сюнну және Дунху
бiрлестiктерi едi.
Сюннулар (хунну немесе ғұндар деп аталады), әсiресе, б.з.б. III ғасырда
мейлiнше күшейдi. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгiсiз.
"Ғұн" деген атаудың өзi кейiнiрек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп
болжам жасалынды.
Ғұндар (Хунну) империясының құрылуы
Ғұндардың этникалық тегi туралы мәселе әлi анықталып болған жоқ.
Зерттеушiлердiң көпшiлiгi оларды түрiктердiң арғы аталары деп болжайды.
Ғұндардың құдiретi тасып тұрған кезде, олардың бiрлестiгiне басқа бiрнеше
тайпалар қосылған, сондықтан "Ғұн" атауы этникалық болудан гөрi саяси одақ
атауына қарай айналыңқыраған. Зерттеушілердің басым көпшілігінің пікіріне
үңілсек, ғұндар түріктердің арғы ата-бабалары олардың Қазақстан жеріне
келіп кіруіне байланысты, шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі
басталады. Б. з. I мыңжылдығының бірінші жартысынан Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстан тайпаларының антропологиялық тұрпаты өзгереді де, моңғол
тұрпаттылар пайда бола бастайды.
Ғұндардың б.з.б. 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Ғұн тайпаларының бiр
одаққа бiрiгуiне негiзгi себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға
созылған кескiлескен соғысы деу керек. Хань империясы кезiнде қытайлықтар
ғұндарды талай рет басып алмақшы болады, бiрақ ғұндар iргелес тайпалармен
бiрiгiп, қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс берiп отырады. Бастапқы
кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі
Қытай жылнамаларында ғұндар “гуй фаң”, “гун руң”, “хун ю”, “шиан ю”, ”шиұң
ну” секілді атаулармен берілген. Б.з.б. 3 ғ-дың соңына қарай Ғұндар бірігіп
әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды
бектер биледі. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды. Жоғары билеушісі
“тәңірқұт” лауазымын иемденген. Қытай деректерінде ғұндардың жоғары
билеушісі “шаньюй” деп аталады. Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы
басты рөл атқарды. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік
меңгерген ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен
шұғылданғандары да болған. Ғұндардың дәнді дақылдың ішінде тарыны көп
өсірген. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары
деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. Ат
сайыс ойындарының негізін салған. Көк тәңіріне табынып, ата-баба рухына
сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған. Онда, негізінен,
мыналар көзделген: “Ұрлық жасап, кінәлі болғанның жері алынады, шайқаста
жаудың басын шауып алған немесе оны тұтқынға алған адамға бір кеспек шарап
сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі, ал тұтқынға алынғандар
соның құлдары мен күңдері етіледі; ұрыс алаңында қаза тапқан адамның
сүйегін кім әкелсе, оның отбасының бүкіл мүлкін сол алады”. Ғұндардың өз
арасында қылмыс жасап, айыпты болғандардың бетін тілген. Тілінген беттің
тыртығы бұрынғы қылмысын білдіріп тұратындықтан, ондай адамдардың қайта
қылмыс жасауға батылы бара бермеген. Себебі, келесі жазаланғанда өлім
жазасына кесілетін. Ғұндар соғыс тұтқындарын құл қылып, оларды үй
қызметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде
пайдаланған. Ер азаматтарының барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған.
Ғұндар әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Салт атты жауынгерінің қару-
жарағы — садақ, семсер, қанжар, найза, бұғалық (ұры құрық). Ғұндардың
жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырған.
Ғұндардың күшті мемлекет болып отыруы қытайлықтарға ұнамады. Олар Ғұндарды
әлсіретудің жолын іздестіре түсті. Б.з.б. 209 жылдан Ғұндарды Модэ (Мөде)
басқарды. Модэ билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық
аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы берді. Кескілескен күресте
әскери-саяси қуаты басым Хань әулетін ғұндарды Ордостағы көшіп жүретін
жерлерінен дәмеленбеуге мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Модэнің алдында
бас иіп, онымен “тыныштық және туыстық туралы шартқа” қол қойды. Бұл шарт
бойынша, ол Модэге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын “сыйлық”
ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салықты үнемі төлеп тұрды.
Шығыста Модэ “шығыс ху” тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен
алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сяньби және ухуань
тайпалары кіретін еді. Батыста юечжи тайпаларына жорықтар жасады. Бұл кезде
қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына
дейін созылып жатқан аумақ ғұндардың қол астына көшті. Б.з.б. 201 жылғы
жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды. Б.з.б. 177
жылға қарай Тынық мұхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі жерлерді
өздеріне қаратты. Осылайша ғұндар мемлекеті құрамына дун-ху, юэчжей,
гянгунь (қырғыз), үйсін, қаңлы, т.б. тайпалар кірді.
Оңтүстік және Солтүстік ғұндарға бөліну және Ұлы қоныс аудару
Б.з.б. 1 ғ-дың орта шеніне қарай империяға айналған ғұндар мемлекеті
толассыз қанды соғыстан, ушыға түскен тақ таласынан, бір орталыққа
бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей түсті. Нәтижесінде, б.з.б. 56
ж. ғұндар Хуханье бастаған оңтүстік және Чжичжи (Шөже) басшылық еткен
солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік ғұндар Ордос өңірінде қоныстанып қалды
да, солтүстік ғұндар өз тайпаластарының қысымымен Саян және Байкал өңіріне
ығысты. Б.з.б. 49 ж. Чжичжи Хань империясына бодандыққа түскен оңтүстік
ғұндардың жерін басып алуға, сол арқылы бірлікті қайта орнатуға әрекет
жасады. Бірақ оның бұл ниетінен нәтиже шықпады. Солтүстік ғұндарды 87 — 93
ж. қытайлардың сяньби және динлин тайпаларының бірлескен одағы талқандады.
Жеңіліске ұшыраған солтүстік ғұндардың бір бөлігі 5 ғ-да Оңтүстік Қазақстан
мен Орталық Азияда өз мемлекетін құрып, Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның
біраз бөлігін жаулап алды. Хань империясының бодандығындағы оңтүстік ғұндар
304 жылғы көтеріліс нәтижесінде, Лю-хан атты өз мемлекетін құрды. 318 ж. Лю-
хан мемлекеті Үлкен Чжао және Кіші Чжао болып екіге бөлінді. 329 ж. Кіші
Чжао Үлкен Чжаоны және Солтүстік Қытайды бағындырды. 350 ж. шыққан тегі
қытай болып келетін Кіші Чжаоның қолбасшысы Жан Мин мемлекет билігін тартып
алып, Кіші Чжаодағы ғұндардың көп бөлігін қырып тастады. Бұл көп ұзамай
Кіші Чжаоның құлауына алып келді. Оңтүстік ғұндар 4 ғ-дың соңына қарай
қайта күшейе түсті. 5 ғ-дың бас кезінде олардың әйгілі қолбасшысы Хэлян
Баба Ся патшалығын, ал Мэн Сун көсем Бэй Лян патшалығын құрды. Ордос пен
Наньшан (қазіргі ҚХР-дің Ганьсу провинциясы) өңірінде құрылған осы екі
мемлекет 439 ж. тобғаштардың (тоба) шабуылы нәтижесінде қирады. Солтүстік
ғұндардың Еділ — Жайықтағы үлкен бөлігі 4 ғ-дың 2-жартысында Қара т.
жағалауын, Днестрге дейінгі өлкені бағындырды. Сарматтарды тізе бүктірген
соң, аландармен күрес жүргізді.
55-жылы аса құдыретті ғұн мемлекеті — оңтүстік және солтүстік болып —
екі елге бөлінеді. Солтүстік-батыс Моңғолиядағы Қырғыз-Нұр көліне таяу
жерден теріскен ғұндарының билеушісі Чжичжи өз ордасын орнатады. Осы арадан
ол үйсіндердің көрші тайпаларына жорық жасап тұрады. Чжичжимен Қытай да
жауығып, алагез болып жүреді, әсіресе ғұн билеушісі қытай шенеунігі мен
елшісін өлтіру жайлы бұйрық бергеннен кейін бұл қатынас мүлде ушығып
кетеді. Чжичжи мен оңтүстік ғұндар билеушісі арасындағы бәсеке-тартыс та
күшейе түседі. Жағдай осылай шиеленісіп тұрғанда, Сырдария бойын еркін
жайлаған Қаңлы мемлекеті иесінің Үйсін мемлекетіне қарсы одақтасып, бірге
күресу жөніндегі ұсыныс-сәлемі дәл мерзімінде жасалған ұсыныс болады. Ол
Чжичжи өзінің шығыстағы иелігіне — Талас алқабына шақырып, оған қаңлы атты
әскеріне қолбасшылық ету хұқын береді. Мұның үстіне ол шаньюге өз қызын
әйелдікке беріп, оған бірнеше мың түйе мен жылқыны, есекті сыйға
тартқанда, қаңлы билеушісі: Чжичжи көп ұзамай үйсіндерді талқандап, олардың
қарауындағы Іле мен Шу алқабын басып алады деп үміттенеді. Алайда Чжичжи
үйсіндерді күйрете алмайды. Сол себепті де үміті кесілген қаңлы ақсүйектері
мен билеуші арасында тартыс туады. Ұзамай бұлар ат құйрығын кесіседі.
Шежірешілер сөзіне қарағанда, шаньюй, қаңлылардың әдет-ғұрпын мойындаудан
бастартады да, ашу үстінде қаңлы бекзатының қызын өлтіреді, бұған қоса
бірнеше атақты кісілерді, жүздеген қаймана халықты қырып салады, яки оларды
Далай (Талас) өзеніне лақтырып тастайды. Бұл үшін Чжичжи қаңлы билеушісінің
қосынынан қуылып, Таластың жоғарғы жағына кетеді, со жақтан өзіне шаһар
сала бастайды.
Чжичжидің күшейе түсуі және оның үйсіндерді дүрліктіріп, шапқыншылық
жасай бергені Қытай империясының төзімін тауысады. Чжичжиді елшілік жолымен
бейтарап қалдыру әрекетінен ештеңе шықпайды да қытайлар соғысқа дайындала
бастайды.
Ұзамай қытай әскері жорыққа шығады. Ол екі жолмен жүреді. Үш қол
оңтүстік жолымен, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz