Испиджаб және Шымкент
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Испиджаб және Шымкент 3
Отырар 5
Яссы – Түркістан 5
Сауранның жеті қабырғасы 6
Оғыз және қыпшақ қалалары 6
Талас және Шу аңғарының қалалары 8
Жамұқат - бұхарлықтар қаласы 10
СУЯБ ПЕН БАЛАСАҒҰН 11
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13
Кіріспе
Біздің дәуірдің алғашқы мың жылдығы жартысынан бастап Сырдарияның
орта және төменгі ағыстары аудандарында этникалық-саяси жағдай өзгерді.
Мұнда түркі тілді тайпалар келді. Ерте орта ғасыр дәуірінде бұл
жерде Кангу Тарбанның феодальдық бірлестігі қалыптасады. Жазба деректер осы
кезеңдегі бірқатар оқиғалардың күңгірт сұлбасын айқындауға мүмкіндік
береді. Самарқанд тұрғындары қаланы басып алған арабтарға қарсы көтеріліс
жасайды. Арабтармен күресу үшін олар түріктерден көмек сұрайды. Міне, түркі
жасақтары соғдыларға көмекке асыға ағылуда. Түркілердің соғыс науқаны
барысын сипаттайтын руналық жазбалар түркі әскерлерінің ауыр жеңіліске
ұшырағаны, өйткені осы кезде күтпеген жерден олардың сыртындағы түргештер
көтеріліп, түркілердің одақтастары — кенгерестерге соғыс ашқаны жөнінде
хабарлайды.
Кенгерестер дегендеріміз кімдер? Мұны түсіндіру үшін Византия
императоры Константин Багрянородныйдың X ғасырдың бірінші жартысында
жааылған Империяны басқару туралы трактатына жүгінген жөн. Бұл
Константинополь сарайындағы кенгерестерге қатысты әскери-дипломатиялық
тәжірибесі қорытындыланған саяси трактат еді.
Шығармада славяндарға, болғарларға, сербтерге,
франктарға, арабтар мен русьтерге берілген сипаттама-
лармен қатар печенегтер сипаттамасы да келтірілген.
Константин Багрянородный печенегтердің оңтүстік русь даласына қоныс
аударғанға дейінгі ежелгі атаулары кангар еді дейді. Ол: печенегтер де
өздерін кангер деп атайды, бірақ бәрі емес, тек үш аймақтың халқы:
өзгелерге қарағанда ең ержүрек әрі ең қайырымды саналатын Иабдиирти,
Куарцидур мен Хабуксингила халықтары, өйткені бұлар кангарлардың қосымша
атаулары.
Ғалымдар осы бір жұмбақ халықтың кангерес, кангар деген атауларын
салыстыра отырып, ежелгі түркі жазбалары да, византиялық трактат та әр
түрлі кезеңдегі тарихы тұрғысынан келгенімен түбінде тұтас бір халық
жөнінде сипаттаған. Егер Канг — Сырдарияның алғашқы атауларының бірі екенін
ескерсек, онда Кангар-Кенгерестер отаның Сырдариядан және оның орта
ағысынан іздеу керек, өйткені ежелгі түркі бірлестігі Кангу-Тарбан сол
жерде шендесті ғой. Міне, сол Кангу-Тарбанның қалыптасу кезеңі Түркі
қағанаты мен Византия империясы дипломатиялық елшілерінің Яксарт — Сырдария
жағалауларымен жүріп өткен, сөйтіп түркіден грекке дейін сауда жолы ашылған
кезеңге тұспа-тұс келеді.
Испиджаб және Шымкент
Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігіндегі бірінші бірегей ірі қала
Испиджаб болды, ол оған осы облыстың барлық жер-суы — шығыста Талас — Шуға
дейін, солтүстік-батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты.
Испиджаб жазба деректерде сонау VII ғасырдыц бас кезінен белгілі,
Сюань — Цяньнің Сапарнамасында ел Ақ өзендегі қала деген атаумен еске
алынған. Өзге емес, дәл осы Испиджабтың атауының аталу сыры көп кейінірек
Махмұд Қашқаридың XI ғасырдағы деректері арқылы айқындала түсті. Сайрам —
деп жазды ол,— Испиджаб аталып жүрген ақ қаланың (Ал — Мединат ал — Байда)
атауы. Оны Сайрам деп те атайды. Испиджаб атауы соғды тілінде Ақ су
мағынасын береді деген де пікір бар, олай болса Ақ озендегі қала—
Испиджаб— Сайрам деген атауларының түп-төркіні бір екеніне осының өзі
айғгақ бола алады.
Орта ғасыр дәуіріндегі Испиджаб — Сайрам X ғасыр мен ХІІІ ғасырдың
бас кезінде ең ірі қалаға айналды. Испиджаб округы Сырдария бойындағы
Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын: Қаратаудың солтүстік
бөктеріндегі Баладж мен Берукей қалаларын: Жетісудыі Тараз, Құлан, Мирки
(Мерке), Суяб қалаларын қамтыды. X ғасырдыц географы Иби Хаукаль былай
жазады: Испиджаб — шамамен Бинкеттің үштен екісіне тең қала мединадан
(орталықтан), қамал мен рабадтан (керуенсарай) тұрады. Қамал күйреген, ал
медина мен рабадта тұрғындар тұрады, медина дуалдармен қоршалған рабадты да
ұзындыш фарсахқа таяу дуал қабырғасы орап жатыр. Рабадтың өз бағы мен суы
бар. Ол тегіс жерде жатыр, оны мен ең жақын деген таулар арасы үш фарсахтай
(20 км). Мединеннің төрт қақпасы — Нуджкет қақпасы, Фархан қақпасы, Шакван
қақпасы және Бұкара қақпасы бар. Оның базарлары медина мен рабатқа, ал
басқару үйі, абақты мен бас мешіт мединада орналасқан. Бұл адамы құжынаған,
ауқымды қала, бүкіл Хорасан мен Мавреннахрда осы Испиджабтан басқа харадж
(салық) төлемейтін бірде-бір қала жоқ. Испиджаб аса ірі әкімшілік орталығы
ғана емес, сонымен бірге өтпелі сауда орталығы ретінде де мәлім.
XIV-XV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкөнт қаласы
қауырт өсіп, тез дами бастады да Қазақстанның оңтүстігіндегі бас қала ролі
бірте-бірте соған -ауыса берді.
Шымкент — елді мекенінің атауы алғаш рет 1425 жылы Шарафаддин Али
Иаздлдің Зафар — нама шығармасында ауызға алынады. Темірдің жорықтарына
байланысты 1366 жылғы оқиғаға берілген сипаттамада Шымкент Сайрам маңындағы
қыстақ ретінде ғана еске алынады алайда қала тарихы мыңдаган жылдар
тереңіне бойлап кетеді.
Кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адам сонау тас ғасыр дәуірінде
— бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын айғақтайды.
Қола дәуірінде тау бөктеріндегі алқаптар ғалымдар атауымен айтқанда
андронов мәдениетінің адамдары қолымен кең түрде игерілген. Бұлар өзен
аңғарларында егіншілікпен айналыса жүріп үй малдарын да өсірген тайпалар
болатын, Андроновшылар дәндік тары, бидай егіп, өсіріп, ірі қара мал
ұстаған, қой бағумен айналысқан, жылқы мен түйе де өсірген. Мыс пен қола
металдары жоғары деңгейге кетеріп тастады. Мыстан еңбек құрал-саймандары —
пышақтар, балталар, пішен шабатын икемшектер, сондай-ақ қару-жарақ пен
әшекейлер жасалды. Қоладан жасалған бұйымдар Шымкент ауданынан бірнеше
мәрте табылды.
Шымкент ауданындағы мәдени өмірдің одан әрі дамуының кезекті дәуірі,
Оңтүстік Қазақстанның барлық жеріндегі сияқгы, артына көптеген елді
мекендер мен қорған-мазарлар қалдырған.
Отырар
Отырар Қазақстанның ортағасырлық қалалары ішінде айырықша орын алады.
Өмірлеріне көпестердің, әсіресе соғды көпестерінің отар-иеліктері
елеулі оң әссрлерін тигізгенімен, көптеген жағдайда халықаралық керуен
саудасына тәуелді болған Жібек жолындағы Испиджаб, Тараз, Хамукет
қалаларына қарағанда Отырар далалық малшы-тұрғындары үшін өз қаласы болды
және болып қалды да, оның қабырғалары сыртында далалықтардың өздеріне
етене жақын әрі түсінікті тілде сөйлейтін туыстары мен дос-жарандары.
Отырар - Шығысқа аты әйгілі қала, дүниеге орта ғасырдың ойшылы Әбу Насыр
Әль-Фарабиді келтіргей, осы өлкенің байырғы астанасына айналған қала бой
көтерді.
Отырар Сырдарияның орта ағысындағіл суармалы құнарлы алқап орталығы болып
табылады. Батысында оған Қызылқұм шөлі келіп тіреледі, шығысында Қаратаудың
жоталарымен жалғасатын біркелкі жазық дала жатыр. Өзен аңғарларында жыңғыл,
жиде, тал, тораңғы мен қамысы тығыз өскен ит тұмсығы батпайтын тоғайлар жиі
кездеседі.
Яссы – Түркістан
Яссы — Түркістан ірі сауда орталығы болған. Рузбихан бұл жерде
қырдаланың, Орта Азияның Қытайдың сауда жолдары түйіскен деп мәлімделген
Түркістан үлкен диқаншылық аймақтың да орталығы болған; құқықтық
куәліктерде Ходжа-Тумасы құдығы. Мир-Қаpa-Су. Шорнақ, Қарабұлақ. Садай-
бұлақ, Ақ-тепе. Үpжар, Мыш, Ақ-Зүлқіш және т. б. арықтар айналасындағы
суармалы жерлер анықталған.
Түркістан қаласы күйдірілмеген кірпіштен қаланған, кей жерлерде
күйдірілген кірпіш те бар; қаланың биіктігі 3 сажын, жалпақтығы екі
сажын, ал шеңбері 500 сажын шамасында; қабырғаларында зеңбірек ататын
тесіктер жасалынған, қаланың мұнарасы да бар, қақпасы төртеу. Түркістанның
қақпалары Есек-қақпа, Мұсалы-қақпа (немесе Бабараб, Ходжа Ахмедтің көрнекті
оқушыларының бірі атынан), Ысты-ата-қақпа және Дарбаза қақпа. Бұл қаланың
қалдықтары қазіргі Түркістанның территориясында жатыр.
Шығыстың сәулет өнерінде күмбез ерекше орын алады. Ол аспан – аспан
күмбезі. Барлық мұсылман елдерінде күмбездің аспан түсімен көк бояумен
сырлануы да осында. Ал Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі Тайқазан ше? Бұл
күмбез, бірақ керісінше күмбез төбесі төменде. Былайша айтқанда екі күмбез
беттесе қалғанда шар кескінін бере еді. Тайқазанды Жерге баласақ, яғни бұл
әсерлеп айтқанда аспан денесі Сайар – Аттар – Планета екендігінің нышанын
ұғар едік. Тайқазанның жеті құлағының жеті түрлі мағданнан (металдардан)
жасалуы оны жеті қабат жер екендігін меңзейтіні дәлел. Ал аспан денелерінің
табиғаты ортақ, өзара байланыста болуы керек емес пе?І Иә, солай. Оны қалай
көре алар едік? Ол үшін жіңішке жіптің бір ұшына салмақ байлап жоғарыдан
күибез тесігінен қазанның тура түбіндегі нүктеге дәл келетіндей етіп
түсірер болсақ, оның өнебойы қозғалып тұратындығына көз жеткізу қиын емес.
Бұл не? Аспан денелерінің бәрі де, соның бірі Жер планетасының да үнемі
қозғалыста екендігінің дәлелі. Бұл Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің
астрономиямен астасып жатқанын көруге, түсінуге болады. Сол кездің
архитектурасы, сәулет өнері ешбір елден бір елі қалған емес.
Сауранның жеті қабырғасы
Сырдария белінде белгілі қалаларының бірі — Сауран. Өз атауын сақтап
қалған Сауранның қалдықтары Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25
шақырым жерде жатыр. Қала туралы бірінші деректер X ғасырдан әйгілі. X
ғасырдың белгілі араб географы қаланы былай деп сипаттаған: Сауран
(Савран, Сабран) — бірінен кейін бірі 7 қабырғамен қоршалған үлкен қала,
оның рабады бар, үлкен мешіт Ішкі қалада орналасқан. Ол гүздер мен
қыпшақтарға қарсы құрылған шекаралық бекініс-қамал.
Қала туралы құнды деректер мұнда 1514—1515 жылдары тұрған ақын және
жазушы Васифидың мемуарларында бар. Ол қаланың аса көрнекті ғимараттарының
бірі теңселмелі екі мұнарасы бар медресе туралы мәлімдейді: Оның
айналасына орасан зор және аса келіскен екі биік мұнара қойылған. Ол
мұнараларды екі шынжыр бекітілген, ал әр мұнараның күмбезінің астына бөрене
(чуб) орналастырылған; біреу бөренені қатты күшпен қозғалысқа келтірсе,
шынжыр тербеледі де, қарама-қарсы мұнарада тұрған адамға мұнара құлап
кететін сияқты көрінеді. Ал бұл — әлем ғажайыптарының бірі.
Кезінде Сауран мықты қамал болған, қала бекіністері туралы айта
кетуді замандастары өздеріне борыш тұтқан.
Оғыз және қыпшақ қалалары
Оғыз тайпалары Х ғасырда Сырдария белдеулері мен оның төменгі
ағысында мекендеген. Мұнда олардың Жент, Яншкент, Хора қалалары болған.
Орталық Қазақстан далаларын бір жағынан Орта Азия мен Таяу Шығыспен,
екінші жағынан — Хорезм, Арал өңірі, Кавказ және Жерорта теңізімен қосып
тұрған.
Оғыздар державасы Орта Азия мен Европаның саяси және соғыс тарихында
маңызды роль атқарған. Оғыздар Орта Азияға басқыншылық жасаған, Хорезм және
құдыретті Хазариямен бақталас болған.
Ескерткіштің маңыздылығын қала қалдықтарына күзет ұйымдастырған,
арасынан күйдірген кірпіштерді талан-таражға түсіріп тасымалдаумен күрескен
орыс офицерлері де түсінген.
Жанкенттің қасында Сырдарияның ең төменгі сағасында тағы бірнеше оғыз
қалаларының қаусырықтары жатыр. Күйікқала — Сырдарияның бір қойнауында
орналасқан көне қала топографиясы елшемдсрі 210X210 м., биіктігі 3 м.
төртбұрыш төбе болып келген Ішкі қамал байқалады. Қамалдың ішкі құрылысы,
көше бағыттары жақсы ажыратылады. Қамалға жобасы сопақ, мүжілген қабырғамен
қоршалған территория жалғасқан. Оның ауданы 40 гектарға жақын.
Қалдық қалалардың бетінен іркілдек сазқамырдан жасалған құмыралардан
тұратын керамиканың ерекше тобы теріп алынған. Құмыралардың беті баспа
оюмен эшекейленген — ойып жасалған жапырақ, өсімдік бұтақтарымен. Осы
қалаларды бірінші ашушы және зерттеуші С. П. Толстовтың пікірі бойынша бұл
керамиканы оғыз күзешілері жасаған.
Оғыз қыпшақ қалаларына Жент-Жаңқала жатады. Оның қаусырықтары
Жаңадарияның оңтүстік жағасында, Қызылордадан солтүстік-батысқа қарай 300
шаңырымдай жерде орналасқан. Кіші қала бекініс қабырғасымен қоршалған және
ауданы 40 га шамасында. Қаланың солтүстік батыс бұрышында квадрат төбе ішкі
қамал орналасқан. Қала айналасындағы бекініс қабырға кейбір жерлерінде 8 м.
биіктігінде сақталған. Женттің айналасында каналдар арналары, иррогациялық
тораб, бау-бақша қалдықтары, құрылыс іздері сақталған. Қала I—XVIII ғ. ғ.-
мен кезеңделген. алайда көтерме материалдарға қарағанда, қала әсіресе
массивті түрде X—XIII ғ. - да өмір сүрген. ХШ ғ. басында Жент қыпшақ
мемлекетінің астанасы болған.
Қаладада осы уақытта тиын соғылған деген деректер бар, қалай болғанда
да Жент деген жазуы бар күміс дөңгелек бір қазынаның құрамында табылған.
Талас және Шу аңғарының қалалары
Тараз керуен жолдарының түйіскен жері және Талас аңғарыныа негізгі
қаласы болған. Испяджабтан Таразға жүретін Жібек жолы Шараб, Будухкет,
Тамтадж, Абарджадж және Джувикат арқылы еткен. Соңғысы Тараздан батысқа
қарай 2 фарсах (14—16 шақырым) кейін орналасқан. Джувикаттың орналасқан
жері дәл тауып көрсетілген: ол — ежелгі Тараз қалдықтарынан 17 шақырым
шығыстау орналасқан Бектөбе атты көне қала, яғни екі қала аралығы
деректерде аталған екі фарсахқа тең болып отыр.
Ол үлкен Бурылтай жотасының оңтүстік баурайында орналасқан. Қаланың
орталық бөлігі жобасы 100X120 м., биіктігі 5—7 м. болып келген тікбұрыш
төбе. Оның жалауында бұрыштары мен периметрі бойында мұнаралары бар қабырға
іздері байқалады. Оның солтүстік-батыс бұрышында жобасында сопақ төбе, үсті
жазық ішкі қамал қалдығы орналасқан. Оның түб кенересінің өлшемдері 30X20
м., ал үстіндегі жазық алаңның өлшемдері —20x15 м.
Орталық қаусырықтарға ұзын қабырғамен қоршалған ауыл шаруашылық аймақ
жанасады. Көне қала VI—XII ғасырлармен даталанған, бұл Джувикат қаласының
өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді және Бектөбе — Джувикат тепе-теңдігін
дәлелдейді.
Алқаптың ірі қалаларының бірі Атлах болған. Ал — Максиди оны былай
деп сипаттаған: Атлах — үлкен қала, ауданы жағынан негізгі қалаға жақын,
айналасы қабырғамен қоршалған. Үлкен бөлігі — бау-бақша, ал төменінде
көбінесе жүзім егісі. Алқалы мешіт мединеде, ал сауда орталығы (базар)
рабадтың ішінде. Қаланың Тараздан мұндай қашықтығы Қашқарлық Махмұдтың
мәліметтерімен анықталады. Оның: Атлах — Тараздың жанында орналасқан
қаланың аты,— деп айтып кеткені бар. Атлах қаласының жанында қытайлық
әскерлер мен біріккен араб және қарлұқ күштерінің шайқасы (Талас шайқасы)
болуымен байланысты, оның аты тарихта кең тараған. Арабтар мен қарлұқтар
қытай армиясын талқандаған. Тұтқынға алынған қытайлықтар Самарқантқа
жөнелтіліп, ол жерде олар өнеркәсіппен айналысқан: қағаз, әртүрлі қару-
жарақ және өндріс-саймандар жасаған.
Атлах Тараздан 12 шақырым оңтүстіктеу жерде орналасқан Жуан-төбе атты
ескі қала қалдығымен тепе-теңестірілген. Соңғы жылдардың археологиялық
зерттеулері бұл пікірге дәлел болатын жаңа материалдар берді. Жуан-төбе
Талас алқабының ең ірі қала қалдықтарының бірі деп табылған. Ол VI—XII ғ.
ғ. даталанады.
Джикель (Чигель) қаласы ал-Максидидің қалалар тізімінде аталған және
Тараздан адам дауысы естілетіндей жерде орналасқан кішкентай қала деп
сииатталған. Айнала қабырғамен қоршалған және ішкі қамалы бар. Алқалы
мешіт, базардың ішінде. Қала XI ғасырда да болған және Кашқарлық Махмұттың
мағлұматтарында аталған. Джикиль, дұрысы, Тараздан 5 шақырым жерде
орналасқан Жалпақ-төбе атты көне қала қалдығына сәйкес келеді.
Жалпақ-төбе ескі қала қалдығы жобасының өлшемдері 90—95 м. Және
биіктігі 3—4 м. тікбұрыш болып келген төбе. Шығыс бөлігінде биіктігі 4,5 м.
дейін және диаметрі 30 м. Төбешік түрінде сақталған ішкі қамал орналасқан.
Төбе айналасында тереңдігі 0,5 м-ге дейін, ені 10 м-ге дейін ордың іздері
әлі күнге дейін байқалады. Қаланың үлкен қақпасы оңтүстік қабырғаның
ортасында орналасқан және екі жағынан екі дөңгелек формалы мұнарамен
бекітілген. Қазіргі кезде қалаға кіретін жердің орны сай тәріздес. 1986
жылғы зерттеулер кезінде орталық қаусырықтардан 1—1,5 шақырым жерде қабырға
табылған.
Қала территориясындағы қазбалау жұмыстары кезінде VI—IX ғ. ғ.
деңгейіндегі үй-жай қүрылысының ерекшеліктері анықталған. Ол тұтас құрылыс
болған, барлық үй, қора-жай, бөлмелер бір-біріне жалғастырыла салынған.
Тұрғын бөлмелерде ашық, типті жер ошақтар мен софылар болған. Софылар
қабырғалар бойында орналасқан.
Үй қабырғалары шикі кірпіштен салынған және жұмыр тастан жасалған
фундаментке қойылған. Зат қоятын бөлмелерде (қамбаларда) астык сақтайтын
шұңқырлар жасалған. Керамикасы өсімдік тәріздес оюмен өрнектелген
саптыанқтардан, доға және сегмент теріздес құлақтары бар қазандардан,
қыштан және алебастрдан жасалған дөңгелек столдардан, майшамдардан
тұрады.
Жалпақ-төбедегі құрылыс комплексін түргеш тиындары VII—IX ғасырлармен
даталайды.
Көне қаланың жоғарғы құрылыс қабаты, жалатпа керамиканың сынықтарына
қарағанда, X—XII ғ. жатады.
Жамұқат - бұхарлықтар қаласы
Аңғардың төгіс жағында ұзын қабырғалы бір топ ірі қала қалдықтары
жатқаны анықталды: Чель-төбе, Қаратөрткөлтөбе, Қоңыртөбе, Жантөбе, Бектөбе.
Тексерілген ескерткіштөрдің ішінде Таластың оң жағалауында, Жамбыл
қаласынан 15 шақырым оңтүстіктеу жерде орналасқан Қостөбе атты көне қала
қалдығы болған. Ол Тараздан шығып, өзен бойымен төмен солтүстікке қарай
Орталық және Шығыс Қазақстанға жүрген жібек жолының кесіндісінде
орналасқан. Еұл көне қалада қазбалау жұмыстарының жүргізілуі кездейсоқ
емес. Ол ангардағы ең ірі қала қалдығы, сонымен қатар, оны бір топ
белгілері бойынша Талас аңғарының ежелгі қаласы Жамұқатпен тепе-теңестіруге
болады. X ғасыр тарихшысы Нершахидың айтуы бойынша бұл қаланың негізін VI
ғасырда Бұхарадан шыққан келімсектер салған және атауына бұхарлықтардың
басшысы Жамұқтың атын алған. Ал-Максиди еңбектерінде Жамұқат үлкен қала.
Айналасында қабырға, аклқалы мешіті бар, рабадында базарлары бар деп
сипатталады.
Өз кезінде В. В. Бартольд Жәмұқаттың басқа зертеушілер айтқандай
Сырдарияда емес, Талас аңғарында жатқанын дәлелдеген. Алайда қаланы нақты
бір ескерткішпен тепетеңестіру мәселесі әлі күнге дейін пікірталасты болып
келген. Мысалы, А. Н. Бернштаиның ұйғаруы бойынша Жамұқатқа Жамбыл
қаласынан оңтүстіктеу жерде орналасқан Майтөбе, не Бешағаш қала қалдықтары
сәйкес келуі керек. Алайда бұл ескерткіштер, қазір айқындалып отыр,
көлемдері жағынан Жамұқаттың сипаттамаларына дәл келмейді, ал деректерге
қарағанда Жамұқат ірі қала болған Қостөбе қаусырықтары қала орталығының
белгілерімен ерекшеленеді. Оның орталық бөлігі екі қабырғамен қоршалған,
өлшемдері 420X450 м. төртбұрыш көтеріңкі тұрған жерді алып жатыр.
Суяб пен Баласағұн
Жетісу өңіріндегі аттары кеңінен мәлім ортағасырлық екі қала әрі
жібек жолындағы аса ірі екі орталық болып саналатын Суяб пен Баласағұн
қашаннан-ақ зерттеушілердің назарын аударып келеді. Суяб Батыс Түркі және
Түргеш қағанаттарының астанасы, ал Баласағұн қараханидтер мен
қарақытайлардың саяся орталығы болды. Алайда ортағасырлық авторлар
еңбектерінде едәуір мол мағлұматтар келтіріледі дегенмен осынау қалалардың
тарихи тағдырларында алі де бұлыңғыр тұстар жоқ емес. Бұл олардың тұрған
орындарын анықтауға да қатысты нәрсе.
Суяб жайында ең көне, сонау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz