Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары 3
Исфиджаб 3
Отырар 4
Тараз 6
Сығанақ 9
Ясы (Түркiстан) 12
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16
Кіріспе
Менің жұмысымның тақырыбы осы қазақтың орта ғасырлардағы қала
мәдениеті төңірегінде болмақшы. Бұл тақырып қызықты әрі күрделі. Өйткені
халқымызды көшпелі дейміз де, ал мұнда қала өркениеті мен оның дамығандығы
туралы да айтамыз. Сонда қазақ халқы көшпелі халық па, әлде отырықшы ма
деген сұрақ та киелей кететіні даусыз. Менің пайымдауымша қазақ халқы
жартылай көшпелі деуге тұрады. Өйткені сайын даланы емін-еркін игерген
арғықазақ қаланың мәдениетінен де тыс қалмаған. Тіпті мына қол созым жерде
тұрған Қазақстанның Орталық мұражайындағы жәдігерлердің арасынан сонау
ықылым заманда-ақ Отырар қаласының қазындыларынан су құбырын көресіз.
Таңданасыз ба, әлде таң қаласыз ба ол жағы өзіңізге тиесілі. Бірақ
қаныңызда қазақтың қасықтай қаны болса ата-бабаларыңызды мақтан тұтатыныңыз
анық.
Империя құлап, отарланған халықтар тәуелсіздік алғаннан бepі ата
тарихымыздың ана тілімізді, ұлттық ділімізді піp тұтуға бет алдық. Алайда
бұрынғы империялық рухта ауызданып, айтқанын заңға айналдырып үйренген
кейбір Ресей ғалымдары бұл еркіндікті көтере алмай жүр. Санкт-Петербург
университеті "страноведение" — "елтану" кафедрасын қазір "регионоведение" —
"өңіртану" деп өзгертіпті. "Ақшам" хабарынан 22.08.99 ж. сөйлеген сол
университеттің профессорлары С. Кляшторный, Т. Сұлтанов XVI ғ. дейін
Қазақстан жоқ, тек жеке Жетісу, Хорезм, Хорасан, Мауренахр сияқты
өлкелердің тарихы бар деп сәуегейленді. Евразияға кіретін бұл өңірлер
кешегі Түркі қағанаты, Алтын Орда орныңда пайда болған Ресей империясының
пұшпақтары, оның бөлінбес құрамды бөлігі дегісі келеді олардың.
"Страноведение" десе Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан жеке елдер, олардың
тұрақты ата-мекен жері бар, халқы бар, елі бар, ол халықтардың орта
ғасырлық тарихы бар дегенді айту керектігін түсінеді. "Региноведение" деп,
кешегі империяға қараған басыбайлы мемлекет болған елдерді өлкеге, өңірге
айналдырып, В.Жириновскийдің айтқан сандырағын оқу-білім жүйесіне енгізіп
отырғанын түсіну қиын емес.
Отан тарихының киелі беттері баршылық. Ол қазақ сахарасында пайда
болған ұлттық ордалар. Ол белгілі тайпалық одақтар мен кейін ұлт мекендеген
туған жердің тұтастығын қорғаған ұлы шайқастар. Ол миллионнан жаңа аса
бастаған халықтан 300 мың ұланды атқа қондырып, 600 мың жылқының дүбірімен
ұлы қазақ сахарасының тұтас алып мекенін баянды өткен жорықтар. Ол
ғасырларға созылған қазақ-жоңғар соғыстары, шын мәнінде, Ұлы Отан соғысы...
Иә, тарих сапары — шырғалаң. Шыны да, шыңырауы да жетерлік, талай
дүбірлі бел-белесті көкжиекте қалдырды. Біp халық осынау көштің бел
ортасында шайқалса, екіншісі — көрер көзге шеттеу шалынатын тәрізді. Бұл,
әрине, ел-жұрттың қасиетінен емес, тарих қасіретіпен.
Сонымен біздер осы қалалар жөнінде баяндауға кіріселік.
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары
VI-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өстi. Олар
сауда мен қолөнердiң, дiн мен мәдениеттiң тiрегiне айналды. Батыс Түркiстан
жерiнде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой
көтердi. Олардың көтерiлуi таптық қоғамның шығуының айқын көрiнiсi едi.
Исфиджаб
Орта ғасырда Қазақстан өзiнiң қалалары арқылы әлемдiк қарым-қатынастан
тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерiмен Жiбек жолы арқылы сауда жасасып,
байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстiгiнде басты және iрi
қалалардың бiрi - Исфиджаб (қазiргi Сайрам) болды. Оның толық сипаттамасын
әл-Макдиси берген. "Исфиджаб iрi қала, - деп жазды ол. Оның рабады (күзетi)
мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесi жоқ базарлар, мата базары
мен үлкен мешiт бар. Оның төрт қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,
Шахраны қақпасы, Бұхара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар".
VI-ХII ғасырларда тiкелей сауда орталығы ретiнде мәлiм болған
Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлерi өндiрiлiп, осы жерден басқа
жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темiр әкетiлiп тұрды. Ағын суы мол,
ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденiп, көркейген кенттердiң бiрi
болған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттелiп осы уақытқа дейiн сыры ашылған
жоқ. Бiрақ оның қандай рөлi болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Отырар
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан iрi қалаларының бiрi –
Отырар. Әйгілі Отырар — қазақ халқының адамзаттың үлкен тарихына тікелей
араласып, озық елдермен иықтасқан кезі. Рухани-мәдени, ұлттық бастауымыздың
тұнба көзі — Отырар.
Отырар — әлемнің екінші ұстазы ұлы бабамыз Әбу Насырдың шамшырағы
жанған Алтын бecік. Ел-жұртын қасық қаны қалғанша қорғаған "арыстан жүрек"
отырарлықтардың, алғыр қолбасшы — Қайыр ханның қаһармандығы аңызға айналған
орын.
Қаһарлы Шыңғысханның жер қайыстырған түмеңдерімен жарты жыл табан
тіpecіп, соққы берген, тауын шағып, тауанын қайтарған, артыңдағы Қалың елге
тыныс болған да — сол Отырар еді.
Отырар — ардақтымыз, ұлттық мақтанышымыз, ұлттық символымыз.
Араб-парсы деректемелерiнде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан
(Трабан) деп те аталған. IХ ғасырдың бас кезiнде арабтар Фадл-ибн Сахлдың
басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерiнiң
бастығын өлтiрдi және Қарлұқ жабғуының ұлдарын қолға түсiрдi деп хабарлайды
деректемелер. VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар
дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрiнде IХ-Х ғасырларға
дейiн сақталған.
Археология және архивтiк материалдар бойынша VII-VIII ғасырларда
Отырардың билеушiсi өзiн теңдесi жоқ "Отырарбендi патшасы" деп атаған. Қала
аймағында болған бiрнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бiрi – Кедер IХ-Х
ғасырларда оазистiң астаналық орталық дәрежесiне дейiн көтерiлген, мұның
өзi саяси жағдайдың өзгеруiне және осы ауданның оғыздарға бағынуына
байланысты едi. Отырар өмiрi Х-ХII ғасырлардан кейiн де жалғасып, оның орта
Сырдария өңiрiнiң экономикасы мен мәдениетiне ықпалы күштi болған. Отырар
көлемi жағынан ең өскен қала екен.
Отырар неге әлем тарихының шыңында алаулайды?
Отырардың аты ол кезде бүкіл әлемнің ауызында еді. Тоғыз жолдың
торабында тұрған аса ірі кент дала мен қаланы түйістірген, Мысыр мен Шам,
Шың, Машын, Рұм мен Рұс, Мәуреннахр мен ұлы Қыпшақ мәдениеті мен
экономикасының айтулы кіндігіне айналған, сансыз керуен тоқтамай өтпейтін,
кітапханасы әлемде екінші орын алатын әрі жер жәннаты, әрі стратегиялық
мәні зор сол заманның даңқты шаһарлармен иықтасатын, бәсекелесетін. Кәзіргі
археологиялық қазбалардың олжасы да көз тұндарады... Отрар төбенің топырағын
құшып, ақ таяқпен Отырар төбе, Қайыр төбе (бұрын белгісіз төбе), Мардан
төбе, Қарауыл төбе, Ақ төбе, Алтын төбелерді аралап жүріп, Отырарда қанша
халық тұрды екен, үй-жайы, көше, махалласы, рухани қасиеті мен адамгершілік
өресі мен өрісі қандай болды екен деген сансыз сұрақ қаумалаған кез болған.
Атақты тарихшы, Хорезмнің соңғы патшасы Жалал ад-Диннің әрі ақылшысы
Нисави Қайыр ханда жиырма мың әскер болды деп жазса, Шыңғысхан ұрпағының
уәзірі әйгілі "Жамиғат тауарихтың" авторы Рашид ад-Дин Отырардың елу мың
жасауылына Қараджа хаджибтің он мың сарбазы қосылғанын айтады. Соңғы
пікірді кейін (ХУI ғасыр) Әбілғазы қолдайды. Рашид ад-Дин хан Шыңғыс өзінің
Ақ Ордасын тура Отырардың іргесіне тіктіргенін жыр етіп тарқатады. Ақсақ
Темірдің осы киелі кентте дүние салғаны аян оқиға ғой.
Отырардың айтулы кітапханасының тағдыры өз алдына сырлы жыр. Рузбехан
өз шежіресінде шартараптан жиналған асыл кітаптардың өртеніп кеткенін өкіне
баяндайды. Тек халқымыз: "Жанды! Бітті!" – деуге қимай: "Бір түлкінің
інінен асыл кітаптың айдарлы жұрнағы табылыпты" — мыс деген сияқты алуан
түрлі аңыз-әңгіме шертеді. Киелі кітаптың өздері түгіл аты да табылмайды
деген ойдың көптің көкейінде жүргені де белгілі ғой.
Отырардың мәңгі аңызға айналған сәті 1218 жылы басталды... Осы жылдың
жауынды-жаңбырлы күзінде жолындағы Яссаға (Түркестан), бұрылыстағы Самархан
мен Бұхараға бет бұрмай, тура Отырардың айтулы үш темір қақпасының біpі —
Жібек жолы тірелер Қарақорымнан төрт жүз елу кіcілі, бес жүз түйелі (!) сән
салтанатты аса бай керуен тырнадай тізіліп, қоңыраулата өте берген...
Баратын жерлері күніне мыңдаған жылқы, түйе, бас айналдырар әсем бұйым
сатылар Отырар базары — Көкбазар...
Қайыр ханның жарлығымен 450 саудагер біp күнде қырылды. Біpeyін ғана
атқа тepіc мінгізіп жасақты керуеннің шын қожасы хан Шыңғысқа жөнелтті. Жыл
бойы Хорезмнің патшасы Ала ад-Дин Мухаммед пен Шыңғыс ханның арасында неше
түрлі әңгіме, дау жүріп, ақыры аралары ашылды. 1219 жылы қара Ертістен жер
қайыстырған атты әскермен (тарихшылар жүз елу мыңнан екі жүз елу мыңды
атайды) Шыңғыс хан: "Қайыр ханнан кегімді алам!"— деп әлемге жар салып,
Отырарға жетеді. Адамзат тарихында бұрын-соңғы сирек кездескен, кейін аңыз-
әңгіме, зерттеуге жүйе болған, қоғамдық санада ұмытылмастай із қалдырған
Отырар эпопеясы — қалың әскер, аяр ханмен алты айға созылған ұлы
қаһармандық эпопеясы басталды.
Тараз
Қазақстанға белгiлi болған орта ғасырлық қалалардың бiрi – Тараз. Тараз
қазiргi жыл санауымыздан бұрынғы 42-41 жылдары Талас өзенiнiң жағасында
ғұндар шаньюы Чжи-чжи талабымен салынған. Бұл туралы Қытай тарихшысы Бан -
гу жазған ежелгi Қытай жылнамасы “Цянь Хань-шу” (“Үлкен хань әулетiнiң
тарихы”) кiтабында атап көрсетiлген. Бұл жөнiнде академик А.Н. Бернштам “
Памятники старины Таласской долины” деген кiтабында “Бiздiң дәуiрiмiздге
дейiнгi 204 жылдан бастап Орталық Азияда үстемдiк құрған ғұндардың тайпалық
одағы ... бiздiң жыл санауымызға дейiнгi 55 жылы екi бөлiндi. Хуканье шанью
(шанью - ғұндар князiнiң атауы) Қытайға бағынды да, Чжи - чжи шанью
басқарған екiншi бөлiгi тәуелсiздiк үшiн күресiн жалғастыра бердi. Чжи -
чжи бастаған солтүстiк ғұндар күшi артық дұшпандарының шабуылына төтеп бере
алмай солтүстiк - батысқа қарай қоныс аударуға мәжбүр болды. Қытай
деректерiнде айтылғандай, Чжи - чжи шанью қаңлы тайпасының басшысы
тарапынан қолдау тауып, оған және оның жасағына өз жерiнен мекен бердi”, -
деп жазған едi ( А., 1941, 12 - б).
Византия императоры Юстианның елшiсi Земарх Килликискийдiң Батыс түрiк
қағаны Дизабұлға берген есебiнде Тараздың да аты аталған. Шамамен 630 жылы
қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңберi 8-9 лиге (4-4,5 км)
жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.
VII ғасырда Тараз "Ұлы Жiбек жолындағы" iрi мекенге айналды. Оны
шапқыншылықтан қорғау кезiнде түрiк, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран
жауынгерлерiнiң басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнiнде тарихи
мағлұматтар бар.
Х-ХII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген
кiрпiштен көпшiлiк үшiн салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-
бибiнiң күмбезi көтерiлген. Ол жақсы күйдiрiлген кiрпiшпен қаланып
безендiрiлген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс
жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазiр қалпына
келтiрiлдi. Тараз жерiндегi ортағасырлық сәулет өнерiнiң тағы бiр
ескерткiшi – Қарахан күмбезi. Өкiнiшке қарай, қираған күмбез ХХ ғасырдың
басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып,
сәндi өрнектерi өшiп кеткен. Бiзге дейiн жеткенi тек оның суретi ғана.
Тараз Жетiсудың саяси, экономикалық және мәдени өмiрiнiң iрi орталығы
болған. Оның төңiрегiндегi Талас, Асса сияқты өзендердiң бойында Төменгi
Барысхан, Хамукет, Жiкiл, Адахкет, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара,
Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бiр-бiрiне тiзбектелiп
жалғасып жатты.
Қарахандар әулетi Таразды 999 жылдан 1010 жылға дейiн биледi. Әулиеата
атанған Қараханның өз аты - Ша - Махмуд. Батыс ғалымдары Отто Прицак пен
Б.Босфорт нумизматикалық материалдар - металл ақшалар негiзiнде Ша-
Махмудтың өлген жылы 1059 жыл деп санайды (“Мусульманские династии” деген
кiтапты қараңыз.). Соңғы қарахан ( “қарахан” деген лауазым қазiргi
қазақшаға аударғанда “ұлы хан” деген мағынаны бiлдiредi) Мұхаммед 1212 жылы
Қашқарда өлтiрiлдi. Оны Тараз қаласынан қудалаған- Хорезм шах Мухаммед,
найман Күшлiк хан, қарақытай гурханы Чулуку. Айша бибiге ғашық болған, өлер
алдында үйленген қарахан - осы Мухаммед. Айша бибiнiң өз әкесi Сүлеймен
Бақырғани 1186 жылы қаза болған. Ол - Қожа Ахмет Иассауидiң сүйiктi
шәкiртi, “Бақырған кiтабы”, “Бибi Мәриям” деген дастанның авторы. Айша
бибiнiң асырап алған әкесi- Зеңгiбаба. Шын аты - Айқожа шейх. Айқожа
Арыстанбабтың алтыншы ұрпағы. “Зеңгi” қара түстi деген мағынаны бiлдiредi.
Зеңгi баба 1258 жылы қаза болған. Ташкенттiң Самарқанд жағында 20-25
километр жерде Зеңгi ата қыстағы, мазары, ауданы бар. Осындағы Зеңгi ата
қабырстанында Айша бибiнiң анасы Әнбар бибi, әжесi Улықподшо жерленген.
Зираттары бар.
Айша бибi мазарының қасындағы Бабажы қатын қарахандар әулетiнен шыққан
ақсүйек екендiгiне еш күмән жоқ. Өйткенi, қашқарлық Махмудтың жазуынша;
“қатын” сөзi тек қарахан әулетiнен шыққан әйелдерге ғана қатысты айтылады.
Тараз қаласын 1219 жылы Шыңғыс хан әскерлерi жаулап алады. Қала
қарсылықсыз берiлген. 1456 жылы қазақ хандығы орнағаннан кейiн Таразда
Қасым ханның да болғандығы Дулат Мұхаммед Хайдардың “ Тарихи-и Рашиди”
кiтабында жазылған. 1593 жылы Таразды өзбектер қатты тонайды. 1723 жылы
жоңғарлар мүлдем қиратады. Тек Әулиеата ескерткiшi ғана сақталып, кейiн
Шамансур - Дәуiтбек кесенесi салынған.
Сондай-ақ, Iле өзенiнiң алқабында Қойлық, Талхиз, Екi-оғыз сияқты басқа
да қалалар орналасқан.
Сығанақ
Сырдариядағы iрi қала – Сығанақ. Қазақстанның солтүстiгi мен солтүстiк-
шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол ХII ғасырда
қыпшақ бiрлестiгiнiң орталығы болды. Қазiр Сығнақтың орнында Сунақ-ата
жұрты бар.
Х-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден
басқа жаңа бiрқатар қалалар - Қарашоқы, Қарнақ, Ашнас, Баршылылықкент, т.б.
пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемi ұлғайып, сауда шаруашылық
орталығы – шахристаннан рабадқа ауысқан.
Қазақстан жерiндегi халықтардың экономикалық өмiрiнде сауда орасан зор
рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу қалаларының
Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сiбiр, Шығыс Түркiстанмен тығыз
сауда қатынасы болғанын дәлелдейдi. VI-Х ғасырлардағы халықаралық саудада
"Ұлы Жiбек жолының" зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан (Ташкент) Газгирдке,
одан Исфиджабқа жеттi, одан әрi керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб
пен Тараз арасында бiрнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар
болған. "Жiбек жолы" Тараздан терiстiкке қимақтарға қарай Адахкет, Дех-
Нуджикент қалаларын басып өттi.
Тараздан "Жiбек жолымен" Төменгi Барысханға, Құланға (Луговое қаласы),
одан әрi Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бiрнеше қалаларға
соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркiстанға барып жетедi
екен.
Исфиджаб қаласынан солтүстiкке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың
терiстiк бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын, одан кейiн Орталық
Қазақстан далаларын басып өтiп, Кеңгiр, Жездi, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен
Ертiс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай
беттейтiн болған.
Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су
қоймалары орналасқан. Өзендерге көпiрлер салынған. Қалаларда сауда орны,
iрi базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар, көп қолданылатын өнер
бұйымдары, жылқы малы т.б. шығарылып, Қытайдан жiбек, фарфор, керамика
әкелiнетiн. Шеттен әкелiнген бұйымдар – меруерттен, лазуриттен, маржаннан
жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.
Қалалардың өсiп өркендеуi, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнiмдерiне
сұранымды арттырған. Мұның өзi егiншiлiк пен мал шаруашылығының дамуына
себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егiншiлiк
көбiнесе суармалы негiзде дамыды.
Егiн шаруашылығы елдiң Оңтүстiгiнде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендерi
алқабында, Жетiсуда, Iле өзенi бойында бiршама жақсы дамыды. Орталық
Қазақстан егiншiлiкпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен
тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдiң барлық жерлерiнде егiншiлiк
кәсiптерi мал шаруашылығымен ұштасып жатты.
IХ-ХII ғасырларда Отырар өңiрi суармалы егiншiлiктiң орталығы болды.
Мұнда егiстiк көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс
өзенiндегi су қоймасы арқылы жүргiзiлiп, оның бiр саласы Отырар қаласына
келдi, екiншi саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйiк
қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңiректегi рабадтарды сумен
қамтамасыз етiп, сонымен бiрге қаланың солтүстiгiндегi алқапты суландырған.
Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы
Сүткенттi, Аркөктi, Аққорған және Үзкенттi сумен қамтамасыз еткен. Талас
жотасының тау бауырларындағы жердi суландыру үшiн Бадам, Сайрамсу, Арыс,
Ақсу өзендерiнiң суы пайдаланылған.
Жер кетпен тәрiздi темiр шоттар және темiр, не шойын ұштары бар, жер
жыртатын құралдармен омаш өңделiп, егiн ору темiр орақпен жүргiзiлген.
Дәндi ұнтақтау үшiн тас диiрмендер қолданылған. Қолдан суару негiзiнде
Жетiсу тұрғындары астық өсiрiп, жүзiм шаруашылығымен және шарап жасаумен
айналысты, бақша және бау дақылдарын ектi. Таудың төменгi етектерiнде
Талғар, Есiк, Қаскелең, Үлкен және Кiшi Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсi
өзендерiнiң орта және төменгi ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары
болған. Талас өзенiнен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың
айналасындағы бау-бақшалар суғарылып, гүлдеп тұрған.
Қазақстан жерiнде халықтар өздерiнiң даму дәрежесiне қарай қолөнер
кәсiбiмен де шұғылданды. Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың
натуральды шаруашылығының бiртiндеп ыдырауына әкеп соқты. Құмыра
жасаушылардың, шыны үрлеушiлердiң, зергершiлердiң, қару-жарақ
жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың
iстеген заттарына халықтың сұранымы күштi болды. Саз балшық бұйымдар
өндiрiсi ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың бауырындағы
қалаларда керамиканы өркендетудiң қалыптасқан түрлерi сақталған.
Сырдарияның төменгi бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған
заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-
табақтар, т.б. ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлi қызыл, жасыл,
сары, қоңыр түстi бояулар жалатылды. Аңдар мен құстар бейнеленген құйма
ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезiнде арыстанды
бейнелеген тамаша табақша шықты. Отырарда өсiмдiк ою-өрнегiмен әшекейленген
құмыра табылды.
Бұрыннан келе жатқан ақша айналысы сол күйiнде қалды. Қалалардың iшкi
рыноктарында саудада мыс ақша қолданылды. Қалалар арасындағы, сондай-ақ,
сыртқы саудада байлық ретiнде жинап сақтауға қолайлы алтынның орнына күмiс
ақша пайдаланылды. ХI ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстанда Тараз және
Исфиджаб қалаларында ақша жасайтын теңге сарайы iстедi.
Ясы (Түркiстан)
ХI ғасырда Ясы (Түркiстан) қаласы Шауғар округiнiң орталығы саналған.
Мұнда ХII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезi салынып, қала дiни
орталыққа айналады.
Түркістан ... түріктің елі, түрік елінің бас қаласы, рухани астанасы.
XX ғ. әлемдік деңгейдегі ұлт ақыны М.Жұмабаев айтса айтқандай - Түркістан -
екі дүние есігі ғой, Түркістан - ер түріктің бесігі ғой. Оның сырын ұғып,
мұңын білу үшін, ғасырлар қойнауына үңілу керек.
Түркістан ең алдымен әлемдік тарихтың құрамды бөлігі. Ол аты аңызға
айналған Вавилон, азалы Иерусалим, айбынды Рим, азулы Ватикан, қасиетті
Мекке, сан айлалы Киевпен ұласады. Египет, грек, Византия, үнді, Иран,
Қытай өркениеттерімен жалғасқан Дала өркениетімен тұтасады, қазақ
мемлекеттігінің тарихымен сырласады.
Осылай жасы 1500, шындап келсе 2000 жылға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz