ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жаңа замандағы Қазақстан.

Жоспар:

І. ХУІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.

ІІ. Жоңғар шапқыншылығы. Ақтабан шұбырынды оқиғасы.

ІІІ. Қазақстан мен Ресей жаңа заман жағдайында.

ХУІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.

Қазақ өлкесінің ХУІІІ ғасырдағы саяси-экономикалық дамуы.

Саяси тарихы.
Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық
байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші
мемлекеттердің шабылдауына жол ашты:
• Солтүстік–батыстан – башқұрттар;
• Солтүстіктен – Сібір казактары;
• Оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары;
• Шығыстан – Жоңғария;
• Оңтүстік-шығыстан – Қытай.
Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені – жоңғар мемлекеті. Жоңғар
қонтайшыларының басты мақсаты:
• Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру.
• Қазақ жерін иемдену.
ХУІІ ғасырдың соңы ХУІІІ ғасырдың басы-жоңғар әскері Жетісудың бір бөлігін
жаулап, Сарысу өзені алқабына дейін жетті.
1718 жыл – Аягөз шайқасы.
Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басқыншылығымен
алғашқы екі күнде жау талқандалды. Шайқастың үшінші күні Әбілхайыр мен
Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осыны пайдаланған жоңғарлар
жеңіске жетті.
1722 жылы Цинь императоры Канси қайтыс болғаннан кейін Жоңғария барлық
әскерін Қазақ еліне қарсы жүргізбеуге мүмкіндк алды.
1723 жыл – Цеван – Рабдан бастаған 70 мың жоңғар әскері 7 шепке бөлініп
Қазақ өлкесін ойрандады. (Жетісу – Қаратау – Талас алқабы).
Бұл – Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін қайғысының бастамасы.
(1723-1727 жылдар). Ел басынан кешкен осы қасірет Елім-ай әнін туғызды.
Жоңғар қысымымен қазақ ауылдары туған жерлерін тастап, іргелес аудандарға
үдере көшті:
• Ұлы жүз және Орта жүздің бірқатар рулары – Шыршық өзенінің Сырдарияға
құяр саласынан жоғары өтіп, Ходжентке беттеді;
• Орта жүз рулары – Самарқандқа;
• Кіші жүз рулары – Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне;
• Қазақтардың бір бөлігі Тобыл губерниясына қарай жылжыды.
Қазақтардың Орта Азия хандықтыре мен Еділ қалмақтарының иелігіне жақындауы
көршілес мемлекеттермен қатынасты салқындатты. Жайық бойындағы казактар,
оңтүстікте қарақалпақтар, өзбектер әлсіреген ауылдарға шабуылдап, жағдайды
ауырлата түсті. Қатты ойрандалған жер – Жетісу.
ХУІІІ ғасырдың алғашқы он жылдықтары қазақ халқының өміріндегі қияметі
терең жылдар болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары, башқұрттар
ұлыстарды талқандап, малдарын айдап, отбасыларын тұтқындап алып кетті -
деп жазды Шоқан Уәлиханов. Қазақ жерінде ерекше қаталдық көрсеткен жоңғар
қоңтайшысы – Цеван – Рабдан.
1725 жыл – жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады.
Бұл Оңтүстік аудандардың елді мекендері мен керуен саудасына нұсқан
келтірді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар билігіне қалып қою қаупі
төнді.
Хандар мен сұлтандар осы ауыр күндерде басқыншыларға қарсы күресті
ұйымдастыру орнына, билік үшін таласып, өзара қырқысты. Тәукеден кейін оның
мирасқорлары Қайып, Болат елдің басын құрай алмады. Ұлы жүзді Жолбарыс хан
(1720-1740 жж.) басқарды. Орта жүз аумағын Сәмеке (1724-1738 жж), Күшік
(1718-1750жж) хандар басқарды. Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілқайыр (1693-
1748жж) 1723 жылы жетекші хан болып танылып, қолбасшылық және дипломатиялық
қабілеттерімен ерекшеленді. Ал қазақ батырлары туған жерді азат етуге
бірікті: Есет, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Саурық, Малайсары,
Баян, Жәнібек, Райымбек т.б. біртұтас әскер ұйымдастыруда белгілі би –
Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Үш жүз жасақтарының біріккен
қимылдары 1726 жылдан басталды.
1726 жыл – Қалмақ қырылған шайқасы. Сарысудың орта ағысы, (Торғай
даласы) Бұланты өзенінің жағасындағы Қара сиыр деген жерде 60 мың қазақ
әскері күшімен қалмақтар талқандалды.
Тарихи маңызы:
- Қазақ халқының әскери, моральдық рухы көтерілді.
- Үш жүзді біріктіргенде жоңғар қаупінен құтылуға болатындығына сенім
күшейді.
- Қазақ өлкесінің солтүстік-батысы азат етілді.
- Елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру мақсатына ұмтылыс басталды.
1726 жыл – Ордабасы жиыны. Үш жүздің жасақтары жиналып, жауға соққы беру
жөнінде келісімге келді.
Нәтижесі:
• Әбілхайыр бас қолбасшы болып сайланды.
• Жетісуды азат етуге аттануға осы жер жақын болды.
• Алатау, Қаратау сілемдерімен қоршалып, шығысы ашық дала болатын бұл
жер қазақ жасақтарын шоғырландыруға мүмкіндік берді.
• Қазақ жасақтары жүзді негізде орналастырылды.
1729 жылғы көктем – Аңырақай шайқасы (Балқаш көлінің оңтүстігі) Әбілхайы
басқыншылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл
ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты.
Тарихи маңызы:
• Жоңғарлар Іле өзенінен бойлап, еліне қарай шегінді.
• Кіші жүзбен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді.
• Қазақ жерін түгелдей азат етуге мүмкіндік туды.
• Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті.
Алайда, Болат ханның қазасынан кейін Әбілхайыр мен Сәмеке (Шахмұхамбет) аға
хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Нәтижесінде:
1. Әбілхайыр өз әскерін Кіші жүзге қарай алып кетті.
2. Сәмеке хан өз әскерін Орта жүзге қарай жырып әкетті.
Осы себептерден Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүз әскері қайта оралған
қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы
өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды. Жоңғар қаупінің жойылмауы
билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті.

ХУІІІ ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси жағдай.

ХУІІІ ғасырдың 30-40 жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделі кезең.

• 1740 жыл – Иран әміршісі Нәдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария
өңіріне жақындауы қазақтардың жағдайын ауырлата түсті.
• 1741-1742 жылдар – қонтайшы Галдан Церен Орта жүз бен Кіші жүзге
екінші ақтабан шұбырынды жорықтарын жасады.
• 1742 жыл – Абылай сұлтан жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 жылы
қиыншылықпен босады.
1741-42 жылдары Орта жүз қазақтары Ор бекінісіне дейін ығыстырылып,
қалмақтардың билігін мойындауы және қоңтайшы белгілеп берген жерлерде
ғана көшіп-қонуы талап етілді. 1742 жылы 20 мамырда Ресей сенаты
қазақтарды және шекаралық бекіністерді қорғау жөнінде жарлық шығарды.
1742 жылы 2 қыркүйекте Орынбор комиссиясының бастығы И.Неплюев Галдан
Церенге хат жолдап, Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамауды
талап етті. Жоңғар билеушілері бұл талапқа құлақ аспады. Ресей үкіметі
қазақтарды қорғау деген желеумен зеңбірек пен әскери бөлімдерді Ертіс,
Алтай өңіріндегі бекіністерге орналастырды. Олар экономикалық
мүдделерін бірінші орынға қойып, кенге бай Алтай өңірін отарлауды
тезірек аяқтауға тырысты.
Кіші жүз ханы Әбілхайырдың беделі өсіп, Орта жүздің Арғын, Керей,
Уақ, Қыпшақ рулары оны аға хан ретінде мойындады. Орта жүз ханы
Әбілмәмбет (1734-1771 жж) Түркістанға, Әбілхайырдың жауы Барақ сұлтан
оңтүстік-шығыс аймаққа ығыстырылды. Осылай, кіші жүз ханы ауыр
жағдайға қарамастан, қазақ жерін өз қолына біріктіруге тырысты.
Ресей үкіметі Әбілхайырдың дара билігінің күшеюіне қарсы болды.
Патша үкіметінің Надыршахтан Хиуа хандығының солтүстігінен жер бөліп
беруді сұрағанын білген Әбілхайыр Ресей құрамынан қайтадан шығуды
ойластырды. Кіші жүз старшындары, хан балалары оның әрекетін
қоштамады. 1747 жылы Хиуа (Нәдіршахтың қазасынан кейін) Батыр
сұлтанның баласы Қайыптың отыруы қазақ ханының бұл өңірдегі ықпалын
әлсіретті. 1748 жылы Ор бекінісі маңында Әбілхайыр мен Ресей
дипломаттары кездесіп, екі арадағы салқындықты жойғандай болды.
• 1748 жыл – Ұлқияқ және Торғай өзендері арасындағы қақтығыста,
Әбілхайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты.
Қазыбек бидің баламасымен өткізілген билер соты Барақты ақтағанымен, халық
одан теріс айналып кетті. Саяси қарсыластары оны у беріп өлірді.

ХУІІІ ғасырдың ортасындағы жағдай.

Кіші жүзде Әбілхайырдың қазасынан кейін екі хандық орнады:
• Оңтүстік-шығыс бөлігінде – Батыр сұлтан.
• Солтүстік-батыс бөлігінде – Нұралы хан (Нұрмұхамед-Әли Баһадүр,
Әбілхайырдың баласы 1749-1790 жж). Бұл жағдай патша үкіметінің
осы өңірді, әсіресе Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аудандарын
отарлау үшін қолайлы болды.
• 1755 жыл-башқұрт халқы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы
азаттық күреске шықты.
Патша әскерінің қуғынына ұшыраған 50 мың башқұрт Қазақ хандығына
қашып, қазақ ауылдарынан қорғаныш тауып, кейін елдеріне қайта
оралды. Бұл жағдай Ресей билеушілері тарапынан Кіші жүз қазақтарына
өшпенділікті күшейтті.
• 1745 жыл-жоңғар қонтайшысы Галдан Цереннің қайтыс болуына
байланысты таққа талас басталып, Орталық Азиядағы саяси
жағдай шиеленісіп кетті.
ХУІІІ ғасырдың 20 жылдары Алтайда патша үкіметінің отарлауы
барысында пайда болған кен орындары мен зауыттарға қауіп төнді.
Сондықтан патша үкіметі қазақ жеріндегі бекініс шептерін
кеңейтуге кірісті.
• ХУІІІ ғасырдың 50 жылдары-патша үкіметі іске асырған әскери-
инженерлік шаралардың нәтижесінде Солтүстік – Шығыс Қазақстан
бекіністер, шептермен қоршалды.
Горькая шебі – Сібір редутынан Омбы бекінісі аралығы, ұзындығы 553 верст.
Ертіс шебі – Омбы бекінісінен Кіші Нарым бекінісі аралығы, ұзындығы 1684
верст.
Колыван шебі – Өскемен бекінісінен Кузнецк шебі аралығы, ұзындығы 723
верст.
Есіл немесе Пресноговск шебі – Звериноголовск редутынан Омбы бекінісі
аралығындағы 11 бекініс, 33 редут. Ең ірісі – Петропавл (1752). Ой шебі
Жаңа Есіл шебімен жалғасты (540 верст). Гурьев қалашығынан Зериноголовск
бекінісі арасы – 1600 шақырым.
Қамалдар қыспағында қалған қазақтардың көшіп-қонатын жерлері тарыла
бастады. Жайықтың, Есілдің, Торғайдың, Ертістің бойындағы көшпелі халықтың
шұрайлы жерлеріне отаршылдық езгінің қаупі күшейді.
• 1747 жыл – патшайым Елизавета Петрова үкіметі Демидовтар
әулетінің қолында болған Алтай тау-кен кәсіпорындарын орыс
патшаларының меншігі деп жариялады.
1755 жылы жоңғар тағына талас нәтижесінде қалмақ хандығы әлсіреді. Осыны
пайдаланған Қытай императоры Цянь-Лун жоңғар билігіне таласушылардың бірі
Әмірсананы 20 мың әскермен 1755 жылдың көктемінде Жоңғарияға аттандырды.
Цинь әскері жеңіп, 1755 жылы 19 шілдеде жоңғар мемлекетінің иелігі Маньчжур
– Цинь өкіметінің меншігі деп жарияланды. 1755 жылы күзде Әмірсана күтпеген
жерден Цинь билігіне қарсы шығып, қазақ сұлтандары Абылай мен Әбілпайызға
арқа сүйеді. Маньчжур – Цинь әулеті Әмірсананың қарсылығын жаныштай отырып,
Жоңғарияны түбегейлі талқандауға кірісті.
Әмірсананың қазақ жерін паналауын Маньчжур – Цинь әулеті қазақ еліне шабуыл
жасау үшін пайдаланды.
• 1756 жылғы наурыз – Маньчжур – Қытай әскері Іле өзенін бойлай
Қазақ хандығының шекарасына жақындады.
• 1756 жылғы маусым – қолбасшылар Дэ, Чжао Хой бастаған қытай
әскері басып кірді.
Алтайда орналасқан Ресей империясының тау-кен өндірісіне, шекаралық
бекіністерге қауіп төнді. Әмірсана отбасымен Тобылға аттандырылды. Цинь
әулетімен әскери-саяси тартыстың қазақтар үшін қауіптілігін түсінген
Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан бұл жағдайды келіссөзбен шешуге тырысты.
Қазақ хандығы Қытай билігін мойындады.
• 1758 жыл – Жоңғария толық талқандалды.
Салдары:
• Халқының оннан төрт бөлігі аурудан, қайыршылықтан қырылды.
• Халқының оннан екі бөлігі Ресейге қашты.
• Халқының оннан үш бөлігі қаза тапты.
• Халқының бір бөлігі қазақ жері арқылы Еділ бойындағы қалмақтарға
қашты.
• 1758 жыл – Жоңғария дербес мемлекеті жойылып, орнына 1761 жылы
империялық әкімшілік бірлестік – Шыңжан (жаңа шекара) құрылды.

Жоңғар шапқыншылығы. Ақтабан шұбырынды оқиғасы.

Жоңғарлар қайдан шықты? Негізінде монғол тайпаларынан құралып, қалмақтар
деген атпен белгілі болған ойраттардың бұл одағы 1399-1408 жылдарда пайда
болды. Ойрат тайпаларының тұрақты атына айналған жоңғар деген сөз Шыңғыс
әскерінің оң қанатының атауынан алынған. Бұл әскердің ойраттардан құрылған
сол жақ беттегі жасақтары жоңғарлар деп аталды. Ойраттар ұзақ жылдар бойы
қазақ хандықтарымен жер, су, қоныс, жайылымға таласып, қырқысып келді. ХУІ
ғасырда олардың кейбір тайпалары қазақ хандығына тәуелді болды. Бұл тұста
ойраттар Торғауыт, Дорбыт, Қушуыт, Шорыс аталатын төрт тайпа бірлестігінен
тұрды. Осы бірлестіктердің басын қосатын ойрат-жоңғар одағының ең жоғарғы
билеушісі – хұнтайжы деп аталды. Оның қол астында тайша, ноян, жайсаңдар
деп аталатын әскери феодал-шонжарлар, будда дінінің жоғары лауазымына ие
болған айрықша тобы болды. Қоғамдағы үстем тапты құраған олар араттар деп
аталатын шаруалардың қалың тобының қанын сорып қанап келді. Араттардың өзі
албаттылар, шабиналар болып екіге бөлінді. Олардың алдыңғысы тайша,
ноян, жайсандарға тәуелді болса да, екіншісі діни феодалдық-шонжарлар
билеген күрелерге бағынышты болды. Шаруаларды кіріптар етіп, өріс-қоныс,
жайылымдық жерлерді билеп-төстеп үстемдік жүргізуші ойрат билеушілері
көршілес қазақтың елі мен жеріне көз алартумен болды. Олардан қазақтардың
ішінде алғашқы теперіш көрген керейлер болды. Жоңғарлар 1430 жылы
Керейлерді талап, Есік көлі маңындағы үйсіндермен Қырғыздардың қонысын
басып алып, 1447 жылы Сыр бойындағы Әбілхайыр ханның Өзбек мемлекетінің
әскерлерін талқандады.
ХУ ғасырдың орта шенінен бастап Жоңғарларға қарсы Қазақ тайпалары бірнеше
рет соғыс қимылдарын жүргізді. Үйсін, қырғыздарды қаратып отырған Шағатай
ұлысынан шыққан Сеитханның ұлы Рашидхан қалмақтарға қарсы жорықтарда ірі-
ірі жеңіске жетті. 1554 жылы Тәуекел хан жоңғарларға бірнеше рет ойсырата
соққы берді. Бірақ, ойраттардың шапқыншылық әуселесі басылиады. 1600-1610
жылдары Тер, Түмен уездерін талап, 1630 жылдары Еділдің төменгі жағына
дейін жетті. Осы тұста олардың улкен бір бөлігі Еділ өзенінің төменгі
сағасына қоныстанып, ол жер қалмақ қыры деп атала бастады. Ресей
билеушілері оны Кіші жүздің қазақтарына қарсы айдап салып отырды. Бұдан
кейін де Қазақтар мен Жоңғарлар арасындағы шайқастар тоқтаған жоқ. 1622-
1629 жылдары Тәуекел ханның баласы Есім хан ойраттарға бірнеше рет ойсырата
соққы берді. 1630-1649 жылдарда Есім ханның ұлы Жәңгір хан ойраттармен
бірде жеңіп, бірде жеңіліп итжығыс ұрыстар жүргізді. Осындай шайқастардың
бірінде оны ойраттар қолға түсіріп тұтқынға ұстады. Оны тұтқыннан босатқан
Есімнің әскер басшысы , кейін аты Шапырашты руының ұранына айналып кеткен
атақты Қарасай батыр мен Арғын Ағынтай батыр болды. Қарасай жоңғарлармен
соғыста ерлігімен аты ел-жұртқа кеңінен жайылған қолбасшы. Оның бастауымен
қазақ жасақтары 1643 жылы Лабастағы Дөңіз тауы жанындағы ұрыста 1646 жылы
Жаркенттен күншілік жердегі Қосқолаң тауының түбіндегі шайқаста, тағы басқа
соғыстарда ойраттарға ақыл-амалының, әскер өнерінің басымдылығы,
төңірегіндегі батырлардың ерен ерлігінің арқасында талай рет соққы берді.
Қарасай үш жүздің батырлары, Кіші жүздің Төртқарасынан шыққан Жалаңтөс,
Арғыннан шыққан Ағынтай батырмен дос болып, қиын сәттерде тізе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың І жартысындағы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласына қатысты саясатын толық және жүйелі көзқарас тұрғысынан зерттеу
ХҮІІІ – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамы
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы
XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар тілі
Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы құқықтық жүйесі
Пәндер