Экономикалық саясатқа көшу
ЖОСПАР
1.Жаңа экономикалық саясатқа көшу 2
2. Болашаққа барар жолды бағдарлау: айтыс пен тартыс. 4
3. Ашаршылыққа қарсы күрес 8
Қолданылған әдебиеттер 11
1.Жаңа экономикалық саясатқа көшу
Күйзеліс, жоқшылық, қайыршылану - В. И. Ленин азамат соғысы
аяқталғаннан кейінгі Кеңестер елінің жағдайын, міне, осылай бейнелеу
суреттеді.
Империалистік соғыс пен азамат соғысы Ресейдің басқа халықтары сияқты,
қазақ халқын да күйзеліске ұшыратты. Қазақстанның мемлекет иелігіне алынған
307 кәсіпорнының 250-і жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда
Қазақстанда мұнай өндіру - төрт есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе
қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Мұнай кәсіпшіліктері
тоналып, 400 мың пұттан астам мұнай теңізге ағызылып жіберілді, Риддер
кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық
істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі
1920 жылы небары 6,3% болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті.
Егіс көлемі Орал губерниясында екі еседен астам, Жетісуда 3 еседей
қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн.-нан 16,3 млн.-ға дейін
кеміді.
Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, тіршілік үшін
қажетті құралдарды бөлуде коммунистік негіз енгізуді ойластырды. Мәселен,
1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық-
түлікті, отынды тегін бостау туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету
туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.
Алайда, зорлық-зомбылыққа негізделген азық-түлік саясаты сәтсіздікке
ұшырады. Шаруалардың шыдамы таусылды. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей
губернияларында көтеріліс ошақтары пайда болды. Мәселен, 1921 жылғы ақпан
айында патша армиясының полковнигі Николаев пен есаул Токарев бастаған 25
мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес өкіметі органдарының
үйін қиратты. Азық-түлік салғыртына наразы орташа шаруалардың бір бөлігі
көтерілісшілерге қосылды. Сібір мен елдің орталығы арасындағы темір жол
қатынасы үш апта бойы үзіліп қалды. 1921 жылдың наурызында Орал
губерниясының территориясында Сапожков отрядының қаруланған 10 мыңнан астам
бүлікшілері әрекет етті. Кеңеске қарсы элементтер әскери коммунизм
саясатына шаруалардың наразылығын шебер пайдаланды. Шын мәнінде, бұл
қозғалыс шаруалардың Кеңес өкіметіне, оның озбыр саясатына деген
наразылығынан туындады. Мысалы, Қарқаралы уезінің 70-тен астам басшы
партия және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.
Ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалардың мүдделерін ескеретін
жаңа экономикалық саясат керек екені айқын бола түсті. Экономика мәселесі
саясатқа айналды.
Партияның X съезі (1921 жылғы наурыз) азық-түлік салғыртын азық-түлік
салығымен алмастыру туралы, әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа
көшу туралы шешім қабылдады. Оның мәнісі саяси-идеологиялық салада – қатаң
бір партиялық режим, өзгеше ойлау мен өзгеше әрекет етудің қандайын болса
да тұншықтырып отыру: экономикада - әкімшілік-рыноктың шаруашылық жүйесі
(дүниежүзілік экономикамен болмашы байланыс - саудаға мемлекеттік
монополия, өнеркәсіпте трест деңгейіндегі шаруашылық есеп, азық-түлік
салығы негізінде ауылмен баламасыз айырбас) болатын.
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жерді жалға беру мен
алуға, жалдама еңбекті қолдануға рұқсат етілді, ауыл шаруашылық, несие және
тұтыну кооперациясын дамыту көтермеленді. Әскери коммунизм тұсында
енгізілген еңбек міндеткерлігі мен еңбекке жұмылдыру жойылды.Ұсақ
кәсіпорындар жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілді. Темір жол
және автомобиль тасымалының, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің
кәсіпорындары шаруашылық есепке көшірілді.
Өлкенің 28 мың коммунисінен өкіл болып, Орынборда (1921 жылы маусымда)
өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық
саясатқа көшуді мақұлдады. 1921 жылғы наурыз-сәуір айларында республикада
азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен алмастырылды. Мәшинелерді жалға
беретін алғашқы пункттер пайда болды, базарлар ашылып, кедейлер егістікті
бірлесіп жырту үшін бірікті.
Сонымен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталып, ол
әсіресе большевиктердің өлкелік партия ұйымының басшысы Ф. И. Голощекин
болған кезде күшейе түсті.
2. Болашаққа барар жолды бағдарлау: айтыс пен тартыс.
Бейбіт өмірге көше бастаған елдің болашағын да бағдарлайтын күн туды.
Ұлт мәселелерін арнайы қараған РК (б) П-ның Х, ХІІ съездері Шығыстың мешеу
халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да азапты капиталистік даму
жолына соқпай, бірден социализмге өту прогресінің бағдарламасын ұсынды.
РК (б) П-ның Х съезі іс жүзіндегі ұлттық теңсіздікті жою ұлттық езгі
мен отаршылдық құлдықтың барлық қалдықтарына қарсы табанды да қажырлы күрес
жүргізуді талап етеді деп атап өтті. Съезд коммунистерді мынадан
сақтандырды: Орталық Ресейдің шаруашылық дамуының неғұрлым жоғары сатысына
ғана жарамды экономикалық шараларды шығыс шет аймақтарға қалай болса да
қабылданбауға тиіс. Жергілікті кедейлердің қалың бұқарасын олардың өмірлік
экономикалық мүдделері негізінде ұйымдастыра отырып қана еңбекшілер
Кеңестері Шығыс халықтарын алдыңғы қатарлы елдердің пролетариатымен бірге
қоян-қолтық бірлескен күреске көтере алады.
Ендігі социалистік революция жеңген жағдайдағы капиталистік емес даму
жол бұрын артта қалып келген халықтардың өтпелі кезеңдегі қоғамдық- саяси
экономикалық, мәдени өмірінің барлық салаларын қамтитын революциялық
процесті білдірді. Ленинше, бұл қысқартылған ғана емес, ең алдымен жедел
дамудың да жолы, бұлайша даму жағдайында дамыған халықтар, сондай-ақ мешеу
халықтар да социалистік қоғам орнату жолындағы күрес барысында экономика
мен мәдениеттің жалпы деңгейін теңестіре отырып, социализмге бірыңғай
майдан құрып бет алатын еді.
Бұрын дамуы жағынан артта қалған басқа халықтар сияқты, қазақ халқының
да социализмге өтуі уақыты мен мазмұны жөнінен жаңа экономикалық саясатқа
көшумен тұспа-тұс келді, ал бұл саясат мәні жағынан алғанда қазақ халқының
социализмге біртіндеп, жоспарлы түрде, белгілі бір дәрежеде тез арада
өтуін қамтамасыз етуге, озып кеткен халықтармен салыстырғанда оның
экономикалық және мәдени дамуындағы алшақтықты қысқартуға тиіс болды.
Алайда большевиктердің орыс емес халықтардың еңбекші бұқаралардың алға
озып кеткен Орталық Ресейді қуып жетуіне көмектесу жөніндегі ұзақ мерзімді
болашаққа арнап жариялаған бағдарламасы көп жағынан қиял ғана болды. Ең
алдымен капитализмнің екінші, қуып жетуші жағы болып табылатын орташа-
әлсіз өнеркәсіптік даму деңгейі ұлттық шет аймақтардың экономикалық
дамуындағы секірісті қамтамасыз ете алмайтын еді. Ал ұлттық отар
аймақтарда өнеркәсіптің дамуы революцияға дейін мейлінше шектеулі сипатта
болып келді. Ол кезде монополистік капитал қанаудың ескі жартылай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz