Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар5

Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты12

Түрксіб темір жолын салу14

Қазақстан металлургиясының өркендеуі16

Қорытынды18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі20

Кіріспе

Тарих - халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі "Уақыт" деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып ғасырлар тұңғиығына батып кетті. Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы ақиық ақын Мұхтар Шаханов былай жырлайды:

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да

Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.

Менің рухани байлығым - халқым, қазақ халқы. Тарих төрінде көне түркі ұрпағы болып, саңлақ "сақтар" деген асқақ атпен де танылып, бүгінде тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің туын көтеріп отырған қазақ халқының жүріп өткен жолы - шежірелі, қазыналы ғұмыр.

"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, " - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды". Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу - тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек.

Біздің жұмысымыз осындай қазақ халқының тағдырына ауыр соққан индустрияландыру жылдары жөнінде болмақшы.

Бірінші дүние жүзілік және азамат соғыстарының қиратып-тонаушылық зардаптарын шеккен Қазақстанның мешеу қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсіп дамыған аудандарына қарағанда одан да ауыр жағдайда еді. Соғыстан әсіресе өнеркәсіп пен транспорт ерекше зардап шекті. 1920 ж. ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1913 ж. салыстырғанда екі есе азайды, ал өндіріс құралдарын өндіру 4, 5 есе, мұнай шығару 4 есе қысқарды, мыс және жартылай металл рудаларын шығару, мыс қорыту тоқталды, көптеген кеніштер мен көмір шахталарын су басып кетті немесе электр станциялары талқандалғандықтан, жабдықтары бүлінгендіктен және т. б. жұмыс істемей тұрды. Транспорт, әсіресе теміржол транспорты күйреу қалінде еді, паровоздардың тең жартысы, вагондардың 90 проц. күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпірлер қирап жатты, жол шаруашылығы бәрінен де көп зардап шекті, тозғандарын айырбастау үшін рельстер мен шпалдар және т. б. жетпеді.

Қазақстанның өнеркәсібі мен транспортындағы елдің жаңа экономикалық саясатқа көшу (ЖӘС) жағдайында басталған қалпына келтіру жұмыстары шаруашылықтың бүтіндей күйреу жағдайынан ғана емес, сонымен бірге көп мал қырылған 1920-1921 жж. жұттың, сондай-ақ республиканы ашаршылыққа ұшыратқан 1921 ж. егіннің шықпай қалу салдарынан да күшті қиыншылықтарға кездесті.

1920-1921 жж. тек жеке кәсіпорындар ғана қалпына келтірілді, жалпы алғанда бұл процесс 1922 ж. екінші жартысында ғана ойдағыдай өрістетілді. 1923 ж. республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде бетбұрыс жыл болды. Бірінші кезекте ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындар қалпына келтірілді, бұған 1922 ж. егін шаруашылығының жақсы болуы көмектесті. Қостанай, Орал, Семей губернелерінде, Павлодарда және т. б. жерлерде ірі диірмендер жұмыс істей бастады. Солтүстік Қазақстанда май заводтары қалпына келтірілді, жаңадан 20 май заводы салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да белгілі табыстарға қол жетті, мәселен, 1923 ж. тамызда Елек және Коряков тұз кәсіпшіліктері қалпына келтірілді, олар үлкен күрделі қаржыны талап етпеді.

Республиканың оңтүстігінде мақта тазалау заводтарының, тері илейтін, жүн жуатын және жеңіл өнеркәсіптің басқа кәсіпорындарының жұмысы шабан болса да жолға қойыла бастады. Петропавлда 1923 ж. қалпына келтірілген киіз байпақ, тон, тері илейтін және шойын құятын заводтар біртұтас кәсіпорын - өнеркәсіп комбинатына біріктірілді. Алматыда, Шымкентте, Талғарда тері илейтін заводтар қайтадан жұмыс істей бастады.

Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіруде кейбір қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі неғұрлым жедел қалпына келтірілді: Ембі мен Доссор кәсіпшіліктері 1925 ж. өзінде-ақ өнімділігі 1913 ж. дәрежесінен артты. Өндірісті техникалық қайта құру ісі ойдағыдай жүргізілді, мұнай шығару үшін терең насостар қолданылды, кәсіпшіліктерді электрлендіру өрістетілді, жабдықтар жаңғыртылды, барлау жұмыстарының геофизикалық тәсілі қолданылды. Полиграфиялық өнеркәсібі де ойдағыдай жұмыс істеп, соғысқа дейінгі дәрежеге шапшаң жетті, осының арқасында қазақ және орыс тілдерінде газеттер шығару кеңейтілді.

Риддер жұмысшылары шахталарды, кеніштерді, байыту фабрикаларын, электр станциясын, темір жолды және басқа объектілерді қалпына келтіру жолында табанды күрес жүргізді, бірақ жабдықтардың және ақша қаражаттарының жетіспеуінен бұл кәсіпорындар техникалық қорғау жағдайына өткізілді де, тек 1925 ж. ғана Риддердің кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайта жүргізілді. Қарағанды және Екібастұз көмір кендері, Спасск заводы, Успенск кеніші және басқа кен қазатын және кен қорытатын кәсіпорындар қарап тұрды. Тек 1925 ж. ақырында ғана Қарсақпай мыс қорыту заводын және оның тартабанды Байқоңыр - Қарсақпай - Жезқазған темір жолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар

1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б) П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді. Кеңестер Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Бірақ оның біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде, әсіресе, Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғанын көреміз.

1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3, 3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды. Соған қарамастан Қазақстандағы индустрияландыру ісі патриархаттық-феодалдық қатынастарды, яғни дәстүрлі шаруашылық жүйесін біржолата жою, феодализмнен капитализмге соқпай социализмге жедел қарқынмен өту сияқты ұрандармен басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру әрекеттері осылайша жаңа науқанмен ұласты.

1926 ж. 27-30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен өнеркәсіптің, ең алдымен түсті металлургияның дамуының перспективалық жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте сондай-ақ Қазақ АКСР-ы жағдайында “әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнеркәсіпті кең түрде өрістету” өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді. Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқындалды. Байқап отырғанымыздай, басты назар патша заманындағыдай тау-кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылған екен. Демек, пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі кәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат көзі ретінде орталыққа қызмет еткізу бағытында басталғанын көрсетеді.

Бірнеше жылға созылған революция мен Азамат соғысы кезінде капиталистік қатынастардың енуі кезеңінде пайда болған тау-кен орындары мен кәсіпорындар қаңырап, иесіз қалған еді. Тек жаңа экономикалық саясат кезінде олардың кейбіреулері қайтадан іске қосылды. Соның барысында Орал - Ембі аймағындағы бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір, Алтайдағы түсті металл өндіру кәсіпорындары қайта жанданды. Дегенмен, Қазақстан экономикасында әлі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болды. Оның үлесіне жалпы шаруашылықтық өнімнің 84, 4 пайызы тиетін және халықтың 90 пайызы ауылды жерлерде өмір сүретін еді. Осындай жағдайда бұрынғы ұлт аймақтары делінгендерді, оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне - метрополияға топтастыру саясаты жалғаса берді. Ресей аумағында Волхов ГЭС-ін, Днепрогэсті, Сталинград трактор, Ростов ауылшаруашылық машиналарын жасау, Кузнецк, Магнитогорск, Кривой Рог және т. б. металлургиялық зауыттарды салуға бар қаржы-қаражат пен күш жұмылдырылды. Ал дәл осындай кәсіпорындардың Қазақстан жерінде де аса қажет екеніне назар аударылмады. Мұндағы бай кен орындары мен бүкіл ауылшаруашылық өнімдері орталық аймақтардағы осындай кәсіпорындарда өңделіп, тауарға айналдырылғаннан кейін ғана қажет делінген мөлшерде қайта жеткізіліп отыратын еді. Кеңес үкіметінің индустрияландыру барысындағы орашолақ, біржақты саясаты сол кездің өзінде Троцкий, Бухарин, Зиновьев сияқты саясаткерлердің қарсылығын тудырған болатын. Қазақстанда да бұл мәселе көлемінде қызу тартыстар болды.

Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар - Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Олар мемлекеттік саясат негізінде, республиканың ерекшеліктерін ескере отырып, “партияның ауыл шаруашылығы шикізат базасы есебінде оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін, ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын ұстануы бірден-бір дұрыс бағыт” деп мәлімдеді.

Екінші бағыт бойынша - Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.

Үшінші бағыттағылар - қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір - қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес деді.

Келесі, төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”, “өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады” және т. б. деп санады.

Бұл соңғы екі бағыт негізсіз, жеткілікті дәлелсіз пікірлерге негізделген еді. Ал алғашқы екі бағытты жақтаушылар арасында күрделі тартыс жүрді. Бірінші бағытты Голощекин мен оның төңірегіндегілер ұстанды. Олар Сталин мен орталықтағы кейбір үкімет мүшелерінен қолдау тапты. Сондықтан бұлар өктемдеу болды. Соған қарамастан екінші бағытты жақтаушылар ой-тұжырымдарының тереңдігімен ерекшеленді. Қазақстанда “Кіші Қазан” науқанын жүргізуге ұмтылғанГолощекинмен оның төңірегіндегілер қазақ жерінде ірі өнеркәсіп орындарын салуды жақтамады. “Өнеркәсіп саласында ең негізгісі ірілендіру емес, қайта оны жергілікті ұсақ және орташа (жарма тартатын, жүн жуатын, май шайқайтын орындар, жөндеу шеберханалары және т. б. ) деңгейде, яғни бәрін ауыл шаруашылығына байланысты және оны неғұрлым рентабельді ететін деңгейде ұстау”, - деп мәлімдеді олар. Голощекин бұл бағытты 1927 ж. ұсынып, 1930 ж. мамыр-маусым айларында Алматыда өткен VІІ Бүкілқазақтық партия конференциясында тағы да қайталады. Орталық Комитеттің Саяси бюросының мүшелігіне кандидат А. Андреев VІ Бүкілқазақтық партия конференциясында: “Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясын құру, әрбір республиканы бас-басына индустрияландыру жолымен жүрмейміз”, - деп, Кеңес үкіметінің шет аймақтарды орталыққа бағындыру, тәуелді ету саясатын ашық мәлімдеді. Бұл Қазақстандағы Голощекиндік бағытты айқын қолдап, олардың әрекетін күшейте түсті. Соның барысында К. Сарымолдаев: “Қазақстанның алдында да Одақ аумағында шешілетін мәселелер тұр, сондықтан жалпы мәселелерден асатындай өзгешеліктер бізде жоқ”, - деп бұл бағыттың ыңғайымен кетті.

С. Сәдуақасовтың индустрияландырудың отаршылдық бағытына қарсы күресі. Индустрияландырудағы голощекиндік бағыттың біржақты отаршыл бағытын айқын көре білгендердің алдыңғы қатарында тағы да С. Сәдуақасов тұрды. Ол: “Егер империалистік орыс буржуазиясы шет өңірлерден тек шикізат талап, фабрикалар мен зауыттарды өз қолтықтарының астына орналастырған болса, социалистік өнеркәсіп шаруашылықтың қажеттілік жағдайына орайластырылып дамытылуы қажет. Егер қалпына келтіру кезеңі кейбір ұлттардың нақты теңсіздігі сияқты өткеннің “қарғыс атқан мұрасы” түріндегі қиындықтарға кездессе, қайта құру кезеңі оларды жеңуі қажет. Міне, артта қалған аймақтарды социалистік құрылысқа бейімдеу және шет аймақтардағы Кеңес өкіметін нығайтудың кепілі осында жатыр”, - деп көрсетті. Индустрияландыру барысында жергілікті кәсіпорындарды орталыққа тәуелді еткісі келген республиканың келімсек басшысымағының орашолақ бағытын былайша әшкереледі: “ Голощекин жолдастың жүн жуатын орыннан әрі бармай, дұрысырақ айтқанда, барғысы келмей отырғаны неліктен, ал шұға фабрикаларын ұйымдастыру өзінен-өзі керек болып отыр ғой. Жуылған жүнді, сол жүннен жасалатын “мәскеулік” шұғаны әрлі-берлі екі рет тасығанша, Қазақстаннан дайын шұғаны бірден тасып әкету темір жолға да оңайға түспей ме?” Тоталитарлық тәртіптің экономикалық негіздерін қалыптастыру саясатын бастаған сталиншіл үкіметтің қолшоқпары болып отырған Голощекин бағытының түп-тамыры Кеңестердің Бүкілодақтық ІV съезінде айқын көрінді. Әсіресе ондағы Рыковтың қорытынды сөзі ұлттық аймақтар өкілдерін қатты алаңдатты. Солардың ішінен орталық үкіметтің индустрияландыру саясатының кемшіліктерін көрсетуге ұмтылғандардың бірі тағы да С. Сәдуақасов болды. “Рыков “ұлттық республикалар өздерінде қилы өндіріс ұйымдастыруға көмек сұрағанын біздер жабық шаруашылық құрғысы келеді деп түсінеміз” деп теріс айтты. Индустриялдық тұрғыда дамыған шаруашылық біздің пікірімізше ешқашанда алғашқы қауымдағыдай тұйық шаруашылық болмайды. Сондықтан Рыков жолдастың Одақтың бірлігі мен оның жеке аймақтарының өзара тәуелділігі арта түссе екен деген тілегі ұлттық аймақтар бұрынғыша шикізат базалары болып қала беруін тез арада тоқтатқанда ғана жүзеге аса алады”, - деген пікірлері әрі үлкен ерлік, әрі бірден-бір дұрыс пайымдау еді. Ол сонымен қатар, қазақ жеріндегі индустрияландырудың жүйесіз, бей-берекет жүргізіліп жатқанын, оны реттей отырып қарқынды түрде іске асыруға болатындығын да айтты. Қазақ даласының бай табиғи байлықтары мен шикізат көздерін және миллиондаған жұмыссыз қазақтарды тиімді пайдалану бұл мәселені шешуді тездететінін де көрсетті.

Патша үкіметінің кезінде қоныстандыру ретінде қазақ даласын орыстандыру саясатының жүргенін жете түсінген ол индустрияландыру барысында да әр түрлі желеумен осындай бағыттың орын алып келе жатқанын жақсы сезінді. Республикаға одан сыртқары аудандардағы деревняларында жерлері жеткілікті, сондықтан “партия алдына көші-қонды күшейту туралы мәселе қоятындай жағдай жоқ” деп, сырттан “бос” жұмысшыларды әкелуге, сол арқылы жаппай қоныстандыру саясатына қарсы болды.

Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты

1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде басталатын бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т. б. қайта қалпына келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сияқты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле ағаш тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гурьевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорғанда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі негізінен шағын аумақты қамтамасыз етуге бейімделген кәсіпорындар еді.

Кеңес үкіметінің басшылары да патша заманындағыдай Қазақстанға бай шикізат көзі ретінде қарады. Табиғат байлықтарының күрделі ошақтарын табу мақсатында бірінші бесжылдық жылдарында КСРО Ғылым академиясы кешенді ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Академик Н. С. Курнаков басшылық еткен Орталық Қазақстандағы геологтар мен геофизиктер тобы Қазақстан Республикасы “Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы” болып табылады деген тұжырым жасады. Ал Орал-Ембі аймағын зерттеген академик И. М. Губкин бастаған топ оның мұнайға аса бай екенін дәлелдеді. Кеңес үкіметі осы байлықтарды пайдалануға баса көңіл бөлді. Соның барысында соғыс басталғанға дейінгі кезеңде Қарағанды шахталары, Ембінің мұнай кәсіпшіліктері, Алтай мен Ащысай кәсіпорындары қайта жабдықталып, Зырянов, Риддер полиметалл, Балқаш пен Жезқазған кен-металлургия комбинаттары салынды. Қазақстандағы түсті металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналдырылды. Бірақ олар негізінен руда күйінде қазып алынған түсті металдарды өңдеумен айналысты. Тазартылып, өңделіп дайындалған түсті металл өнімдері шикізаттар ретінде орталықтағы ірі өнеркәсіп орындарына жөнелтіліп отырды. Мысалы, Орталық Қазақстан Оңтүстік Оралдың ірі кәсіпорындарын рудамен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай өңірі Сібірдегі кәсіпорындарды қамтамасыздандырды. Ембі мұнайы Орск сияқты мұнай өңдейтін зауыттарға жіберілді. Балқаштың мысы мен Шымкенттің қорғасыны да Қазақстаннан тыс жерлерге тасып әкетілді. Жоғарыдан жүргізілген индустрияландыру негізінен шикізат көздерін игеруге және оларды Ресейге жіберіп отыруға бағытталды. Қазақстандағы зауыт-фабрика делінгендер халық тұтынатын дайын өнімдер шығармады. Оларды Кеңес Одағының басқа аймақтарынан, Ресейден алып отыруға мәжбүр болды. Машина жасау, металлургия және қорғаныс өнеркәсіптері болмады. Энергетика базасы мен құрылыс материалдарын жасайтын өнеркәсіптер жетіспеді.

Түрксіб темір жолын салу

Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс - Түрксіб темір жолын салуды аяқтау болды. Патша үкіметі Қазақстанды жаулап алу барысында, әскери-стратегиялық мақсатта Орынбор-Ташкент бағытында темір жол салып, оны қазіргі Алматы арқылы Семеймен жалғастыруды көздеді. Бұл елімізді қоршай отырып, тұқырта ұстауды және Қазақстан мен Орта Азия байлығына қызығып отырған басқа да шет елдіктерді енгізбеуді көздеген саясаттың нәтижесінде дүниеге келген еді. Бірақ еліміздің батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде темір жол салғанмен, ол бағытты шығыс бөлігі арқылы Сібірмен қосу ісі аяқталмай қалған еді. Патша үкіметі кезінде көптеген талас-тартыс тудырған бұл істі аяқтауды Кеңес үкіметі қолға алды. Ол патша заманындағы Түркістан-Сібір темір жолы атауына қайта ие болды. Бұл жолды салу 1927 ж. қайта қолға алынып, оған екпінді құрылыс айдары тағылды. Орталық үкімет оған үлкен мән беріп отырды. 1928 ж. желтоқсанда БК(б) П ОК мәжілісінде Түрксіб жұмысшыларының тұрмыс жағдайы туралы мәселе арнайы қаралды. Ал 1929 жылғы қаңтарда өткен жиналыста құрылыстағы бұқаралық және мәдени-ағартушылық жұмыстар туралы мәселе талқыланды. Партиялық басшылықты нығайту мақсатында мұнда Солтүстік және Оңтүстік деп аталған екі аудандық партия комитеттері құрылды. 1929 ж. 3 мамырда КСРО ХКК Түрксіб құрылыс басқармасының есебін тыңдады. Кеңес үкіметі құрылыстың оңтүстік және солтүстік бөліктерін 1930 ж. аяқтап, 1932 ж. пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанды индустрияландыру
Қазақстандағы индустрияландыру шаралары
Қазақстандағы индустрияландыру
Кеңес дәуіріндегі қазақ құқығы
Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде
Смағұл Сәдуақасовтың өмірдерегі
Қазақстандағы индустрияландыру және индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1921-1939 жж.)
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Индустрияландыруға бағыт алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz