Интервенцияның себептері және басталуы


Жоспары:
Интервенцияның себептері және басталуы3
Революциялық соғыс. 4
Қызыл армияны құру6
Оңтүстіктегі соғыстар7
Пайдаланған әдебиеттер8
Интервенцияның себептері және басталуы
1918 жылдың жазынан 1920 жылдың аяғына дейінгі уақыт совет мемлекетінің тарихына соғыс интервенциясы мен азамат соғысы ретінде кірді. Совет өкіметі Қазаннан кейін азамат соғысының пайда болған ошағын оңай-ақ басып тастап отырды, ал 1918-1920 жылдар аралығында ақгвардияшылардың және интервенттердің күштерімен көптеген майданда бір уақытта шайқасуына тура келді. Соғыс мәселесі Советтер елінің өміріне басты және шешуші мәселе болды. , , Жеңіс немесе өлім,, - сол бір қаһарлы кезеңнің ұраны болған еді.
Коммунистік партия мен Совет үкіметі қымбатқа түскен бейбіт тыныс алуды баянды етуге тырысты. , , Біз жұмысшлар мен шаруаларға бейбітшілік үшін бәрін де істейміз деп уәде береміз,, деген еді В. И. Ленин. Бірақ Совет үкіметінің бейбіт бастамасы Антанта және АҚШ елдерінен қолдау таппады. Олар Россияны соғысты соза беруге мәжбүр етуге ұмтылды.
Әсіресе халықаралық империализм орыс жұмысшылары мен шаруаларының үлгісі басқа елдердің еңбекшілеріне революцияландыру ықпалын тигізеді деп қауіптенді. Капиталистерде, деді Ленин, , Олардың ойы бір-ақ нәрседе, біз лаулатқан өрттің жалыны өз үйлерінің шатырына ұшып түспесе екен дейді,, .
Интервенттердің негізгі мақсаты, , Большевизмді қоршауға алу және құлату,, Антантаның жасырын құжаттарында қысқаша осылай тұжырымдалды, олар кейін тарихшылардың игілігіне айналды.
Монополистер патша үкіметіне және Уақытша үкіметке қарыз берген миллиардтаған сомынан айрылғысы келмеді. Россиядан алып келген аса мол пайдасын жоғалтқысы келмеді.
Интервенция соғыс жарияламай, халықтан жасырын басталды. 1918 ж. Ағылшын, француз, кейіннен американ әскерлерінің отрядтары Мурманскіге, одан соң Архангельскіге енді. Сәуірде Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды. Жапондардың ізін ала Владивостокқа ағылшын әскерлері келіп түсті. Владивостокқа келіп түскен Американың генерал Гревс бастаған экспедициялық корпусы совет территориясының ішкі жағына қарай жылжи бастады. 1918 жылы кезіне қарай интервенттер бүкіл Қиыр Шығысты жаулап алды.
Түрік әскерлері Арменияны, Әзірбайжанның көпшілік бөлігін басып алды. Ағылшын империалистері Түркменстанның бір бөлігіне басып кіріп, Орта Азияны жаулап алуға әрекеттенді. Тамызда ағылшын әскері Бакуге келіп кірді. Герман империалистері Брест бітімінің шартын өрескел бұзып, Украинаны оккупациялады, Дондағы Ростовты, Таганрогты басып алып, Қырым мен Грузияға енді.
Алайда империалистер бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқанда Россияға өз әскерлерінің шамалы бөлігін ғана жібере алатын еді. Антанта Қазан революциясына дейін россия территориясында чех және словак ұлттарынан шыққан соғыс тұтқындары мен эммигранттардан құралған Чехословак корпусын пәрменді соғыс күші ретінде пайдалануды ұйғарды. 1918 жыдың мамыр айында Францияның елшісі Нуланс былай деп мәлімдеді:, , Одақтастар интервенция бастауды ұйғарды… және чех армиясына одақтастар әскерінің авангарды есебінде қарайды,, Совет үкіметі чех корпусына Владивосток арқылы Францияға өтуіне рұқсат етті. Оның эшелондары Волгадан бүкіл Транссібір темір жолы бойында шұбатылып жатты. 1918 жылы мамырдың аяғында корпустың офицерлері және олардың алдауына түскен солдаттар Совет үкіметіне қарсы бүлік шығарды. Оларды жергілікті әскерлердің және ақгвардияшылардың отрядтары қолдады. Бұл Антатаның ұйымдастыруымен Совет еліне қарсы жасалған ашықтан-ашық әскери шабуыл еді. Бүлікшілер Поволжье, Урал, Сібір, Қиыр Шығыс аудандарын басып алды.
Революциялық соғыс.
Тап жаулары жағынан Совет өкіметін душар еткен азамат соғысы әділетсіз, реакцияшыл соғыс болды. Ол Россияда күні өткен буржуазиялық-помещиктік құрылысты қалпына келтіруді, социалистік революцияның ордасын талқандауды мақсат етіп қойды. Халықаралық империализм қарулы контрреволюцияны сырттан алып келу жолымен дүниежүзілік каписталистік жүйені орыстың бұзып өтуін,, жоюға әректтенді.
Азамат соғысы біздің тарихымызда қаһармандық бет алды. Халықаралық империализммен қарсы күрес халықтық ерлік еді. Бұл сонымен бірге еліміздің халықтарының өміріндегі жантүгершілік тарих болды. , , Азамат соғысының жалынды шегі - деп атап көрсетті М. С. Горбачев, - бүкіл елді, әрбір семьяны шарпып өтті, өірдің әдеттегі жайын, адамдардың мінез-құлқын және тағдырын быт-шыт етті Озбырлық және мейірімсіздік дәрежесінде халықта ғасырлар бойы жинақталған шексіз өшпенділік пен ашыну көрінді.
Совет өкіметінің жаулары азамат соғысының басталуының және оның ауыр салдарының кінәсін Ленинге, большевиктерге жабуға тырысты. Ленин жалақорларға жауап бере отырып, Совет республикасының халықтың бүкіл күш-жігерін бейбіт құрылысқа жұмылдыру үшін тек Брест келісімінің қаншалықты қымбатқа түскенін дәлелдеді. Алайда жаулар бейбіт жұмысты бұзып, елді тағы да соғысқа тартты. Халық сыртқы соғыстан шаршады, бұрын-соңды болып көрмегендей титықтады, деді Ленин, бірақ оның зорлықшыларға тойтарыс беру үшін күші жетеді. Революцияның жеңістерін сақтап қалады. , , Қазір екі майдан бар: бір жағында - жұмысшылар маен шаруалар, екінші жағында - капиталистер. Ақырғы шешуші майдан таянды. Енді буржуазиямен мәмлеге келуге болмайды. Не олар, не біз жеңуге тиіспіз,, .
В. И. Ленин социалистік Отанды қорғаудың құралын таңдауда диалектикалықпен, ептілікпен қарауды талап етті. Брест бітімі кезінде Германиямен келісім жасаудың арқасында социалистік Отан аман қалды. Империалистердің соғыс интервенциясына әскери тойтарыс беру керек болды.
Дүниежүзілік империализмге қарсы төтеп беру үшін, деп үйретті Ленин, қуатты социалистік экономиканы, дамыған транспорт жасау керек, тұрақты мықты армия ұйымдастыру керек, , , әскери істі шындап үйрену керек,, . Барлығына қорғаныс ісіне жұмыс істеу үшін тарту және еңбекшілерді жалпыға бірдей оқуға тарту қажет. , , Барлығы да социалистік Отанды қорғауға жұмылдырылсын!,, - деген ұранды Ленин тастады.
Қызыл армияны құру
Еріктілік негізде құрылып жатқан Қызыл Армиядағы адамның саны 300 мыңнан аспады, онның оннан бірі ғана үйретілген еді. Еріктілік принципі әскерді уақтылы толықтырыцп отыруды қамтамасыз ете алмады, бөлімдерде әскердің көп тұрақталмауының себебі болды. Қатаң тәртіп орнатуға кедергі жасады.
1918 жылы мамырдың аяғында ВЦИК жалпыға бірдей әскери міндеттілікті енгізді. Командирлердің сайланып қойылатындығы жойылды, бөлімдер мен құрамалардың бірыңғай штаттары енгізілді. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында еріктіліктен тұрақты Қызыл Армияны құруға көшті.
Қызыл Армия жауынгерінің айырмашылығын білдіретін белгі ретінде қызыл сырмен батырлыған түрен мен балғаның бейнесі бар жұлдыз енгізілді. Ол бас киімге қадалатын болды. Сол уақыттан бастап қызыл жұлдыз Қызыл Армияның эмблемасына айналды. Көп ұзамай бас киім енгізілді, ол, , батыр телпегі,, деп аталды.
Қызыл Армияның әскери құрамаларын басқаруға он мыңдаған командирлер керек болды. Ал патша үкіметінің тұсында тек үстем таптың өкілдері ғана командир болатын еді. Офицерлер арасында большевиктер өте аз еді. Совет үкіметі 1918 қыркүйегінде Петроградта қызыл командирлердің курсты бірінші бітіруін салтанатпен атап өтті. Жылдың аяғына қарай республикада 400-дей командалық курстар мен әскери мектептер ашылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz