Исатай мен Махамбет басқарған көтеріліс



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836-
1838 жж.) 4
1. Исатай мен Махамбет басқарған көтерілістің басталу себептері 4
2. Көтерілістің барысы және оның жеңіліспен аяқталуы 8
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер 16

Кіріспе

Әр халықтың азаттық үшін күресі – ел шежіресінде алтын әріптермен
жазылар қасиетті жәдігері. Сан ғасырлық өмір тарихын басынан кешірген қазақ
халқы "егеулі найза қолға алар" батырлардан, қара қылды қақ жарған билер
мен ақылғөй, дана басшылардан қай заманда да кенде болған жоқ. Билер мен
хандар – ел бірлігі мен берекесінің ұйытқысы. Бұл, әсіресе, "Ақтабан
шұбырындыда" айқын көрініс тапты. Бұл кездегі қазақ даласындағы жағдай
Есенберлинше былай еді: "Қазақ жері – көкпарға тартылған көк серкедей еді.
Көп жауының бірінің тақымында кетер ме, әлде іште тоз-тоз болып жатқан
сұлтандардың бірінің қолында басы, бірінің қолында аяғы қалар ма?" Бұл
кезде бірлік-берекесі кеткен ел жоңғар қонтайшыларының шабуылына төтеп бере
алмады. Осындай кезде бір тудың астына бірігу қажет болды. Қазақтардың
толық қанды, біртұтас мемлекет болуы үш жүздің билері: Төле, Қазыбек,
Әйтекелер мен дана хан Абылайдың жанкешті еңбегінің арқасында іске асты.
Осының нәтижесінде жоңғар шапқыншыларының беті қайтарылды. Бірақ, қазақ
үшін ең қатерлі кезең бұл емес еді. "Орыстың ғалымы – дүниенің кілті. Оның
жақсысын үйреніп, жаманынан жирен", - дейді Абай. Орыстың отарлау саясаты
әдепкіде мысық табандап жылжыған болатын. Орыс империясының екі басты
самұрығы біздің даламызға екі жүзбен келіп қонды. Бірі жан-жағына білім
шашып, нұрын төксе, бір басы жан-жағына от бүркіп, жалмады. Адам өміріндегі
ең ыстық, ең жақын нәрсе – Отан, төрт ана. Осы дәуірде, әсіресе қызыл
империяның қол астындағы жетпіс жылда, Отан өгей анаға айалып, тұтас бір
халық, тамырынан айырылып, қаңғырып, жоғалып кете жаздады. Ресей бізді,
тіпті, қарусыз-ақ жер бетінен өшіруге айналды. Ғасырлар бойы қазақ
даласында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас – тәуелсіздікке жасалған бір
қадам. Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ
елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір "соқтықпалы"
соқпақтағы ең соңғы ірі адым болды.
Біздер үшін халқымыздың төл тарихы сондай қымбат, қастерлі бола
береді. Оған қылаудай көлеңке түсірмей, келер ұрпаққа жеткізу – барша
қазақстандықтардың төл парызы. Халқымыздың азаттық үшін күресінің айнасы –
ел тарихының қасиетті жазбасы.
Міне сол заманның айбынды ерлері Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар
көтерілісі қазақтың рухының қайтпастығын сипаттайтын ең бір ерлік кез еді.
Өткен жылы жалынды ақын Махамбетке 200 жыл толып ел болып тойладық. Енді
міне әңгіме осы екі тарихи тұлға бастаған көтеріліс туралы өрбімекші.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836-
1838 жж.)

1. Исатай мен Махамбет басқарған көтерілістің басталу себептері

Еділ өзенінің төменгі Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап Жоңғар
шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ ру-тайпалары мекендеген болатын.
Оны қазақтар Қалмақ қыры деп атады. 1771 жылы бұл жердегі қалмақтар екіге
бөлініп, бір бөлігі Қазақстан жері арқылы өздерінің туып-өскен отаны -
Жоңғарияға барып қосылды. Ал, екінші бөлігі батысқа қарай ығысып, Дон
даласына көшіп кетті. Осы босап қалған жерге 1801 жылдан бастап, патша
өкіметінің рұқсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған бес мың қазақ
шаруашылықтары қоныс аударды. Мұның өзі Ішкі Бөкей орданың құрылуына
бастапқы негіз болды. 30-шы жылдардың аяғына қарай мұнда 20 мыңдай
шаруашылық пен 80 мың адам қоныстады. Бірақ жер мен жайылымдар біркелкі
бөлінбеді. Қысқа мерзім ішінде жердің үштен екі бөлігі қазақ феодалдары мен
орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың жекеменшік иелігіне өтті.
Оралдың әскери мекемесі Үлкен және Кіші өзен бойындағы, Қамыс-Самар
көлі төңірегіндегі жерлерді казак-орыстардың пайдалануына алып қойды. Жерге
байланысты өткір дағдарысқа басқа да маңызды зор жағдайлар келіп қосылды.
Бұл кезде патша үкіметі Iшкі орда мен Кіші жүзді басқаруды өздерінің
мүдделеріне қарай бейімдеп жатты. Дистанциялар аралық басқару жүйесі
құрылып, оның бастығы қызметі енгізілді. Жайық өзені бойындағы жерлерді
Орал казак-орыс әскері иемденді. Қазақтарға Жайық өзенінен өтуге және казак-
орыстардың өзен жағалауындағы белдеулеріне көшіп келулеріне қатаң тиым
салынды.
Бұдан басқа қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сүлтандарынан
жалға алған жерлерінің құны үшін уақтылы есеп айырысуға тиісті болды. Тек
есеп айырысқаннан кейін ғана олар помещиктер мен қазақ байларының жеріне
өздерінің малдарын бағуға рұқсат алды. Қанаушы таптар өкілдері қазақ
ауылдарынан арендалық ақыны жылдан-жылға өз қалауынша ала бастады, олардан
штрафтар, әртүрлі салықтар жинап отырды.
Батыс Қазақстан жерінде Бөкейдің баласы Жәңгір 1824 жылы хан тағына
отырған соң, патша әкімшілігінің қолдауымен, халықтың қоғамдық өмірі мен
тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі
жүйесін қайта құруға кірісті. Ол көшпенділердің отырықшылануын, олардың
орыс хуторлары сияқты мекендер салуын, қырда пішен табуын, ағаш өсіруді,
малдың тұқымдарын асылдандыруын және ауыл шаруашылығы құрал-саймандарының
жаңа түрлерін алдыруды, мектептер, училищелер, мешіттер ашуын және
ауылдарда мал санының артуына, сауданың және басқарудың жаңа формаларына
көшуді көтермеледі. Ол патша өкімет орындары мен қазақ шонжарларының
мүдделерін жаңа әдістермен ұштастыруға күш салды.
1827 жылы Жәңгір хан Нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты хан
ордасын орнатып, елді осы орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі
құрылып, оған 12 ата Байұлы руларынан бір-бір биден кiрді. Ханға 12
старшын, сондай-ақ бірнеше базар сұлтандар қызмет етеді. Оның татар бөлімі
және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды. Кеңсе жанында арнаулы
тергеуші штатта тұрды.
Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бұған дейін Қазақстанның барлық бөліктерінде
хандық билік жойылған болатын. Өкіметтік топтар ішкі Ордада хандықты жоюды
ұйғарды, хан билігі орыс шенеунігі басқарған Уақытша кеңестің қолына көшті.
Патша үкіметінің жергілікті феодалдар мен шонжарларға сүйене отырып,
барынша күш сала жүргізген саясаты орталық езгінің күшеюіне, қазақ
бұқарасының наразылығына әкелді.
Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс
помещиктері ең құнарлы жерлерді өздеріне алып алғанды. Кедей шаруаларға
құнарсыз жерлер тиді. Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз
иелігіне қаратты. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы
Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов сияқтылар орасан
көп жерлерге иелік етіп, оған қоса жерді пайдаланғаны үшін шаруаларға салық
салды, елдің қанын сүліктей сорды.
1831 жылы Ресеймен шектес жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара
комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылып, әкімдер мен старшындар
жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Бара-бара одан да сорақы жағдай
қалыптасты. Жайық бойын иемденген Орал казак-орыс әскерлері қазақтарға
Жайық өзенінен өтуге немесе оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.
Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар мен старшындар қазақ
шаруаларын Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы
қатты болып, жұттан көп мал қырылды. Қалған малды сақтау үшін қазақтар
Саратов губерниясына, ондағы князь Юсупов пен граф Безбородконың жер
иеліктеріне көшпекші болды. Көктем шығысымен Байбақты руы біріншi болып
Жайыққа бет алды. Оны Жантөре Қарабатыров, Нұршабай Байжурин, Өтен және
Әбен Көтібаровтар, Нәдір Қашқынов, Ырсалы Көсепулин басқарды. Ресми өкімет
орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының патша
өкіметіне қарсы наразылығын күшейтті. Олардың арасында толқулар басталып,
аяғында келіп 1836-1838 жылдары Ішкі Орданы және бүкіл Кіші жүзді қамтыған
халық көтерілісі бұрқ ете түсті. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші - қазақ
шаруалары. Сонымен қатар оған старшын, билердің де бірқатар өкілдері
қатысты. Алайда, көтеріліс тегеуріні әлсірей бастағанда, үстем тап өкілдері
Жәңгір мен патша жазалаушы шоғырларының жағына шығып, сатқындық жасады,
көтерілістің жеңілісін тездетті.
Көтерілістің басында Беріш руынан шыққан белгілі батырлар Исатай
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тұрды. Исатай 1791 жылы туған. Оның жігіт
болып қалыптасуына нағашысы Жабай Бегалин зор ықпал жасады. 1808 жылы
Исатайдың руы Ішкі Ордаға көшті. Исатай Таймановтың ең жақын серігі - ақын
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846 жж.). Оны анасы Қосуан тәрбиелеген. Ол татар
және орыс тілдерін білген, Хиуада болған, Орынборда тұрған. Махамбет орыс
жазушысы әрі этнограф В.И. Дальмен таныс болған. Ішкі Ордада және Орынборда
қызмет істеген оқымысты - саяхатшы Г. С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас
жасаған.
1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшын етіп
тағайындайды. 1814 жылдың аяғында оны Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп,
уақытша жарлықпен оған мөр тапсырады. Бірақ 1817 жылы Исатай старшын Өтеміс
Құлманиязовты тонады деген жаламен қамауға алынып, абақтыға отырғызылады.
Одан 20 мың сом кепіл беріп, босап шыққан Исатай 1818 жылы старшын ретінде
Бөкей ордасы өкілдерінің Ұялыдағы съезіне қатысады. 1823 жылы Исатайды
сұлтан Шығай Нұралиев қамауға алады, оған кісі өлтірді деген айып тағады.
Атырау бекінісінен келген Дон казактарының конвойы Орынборға әкетеді. Жол
бойында Исатай конвойдан қашып шығып елге оралады. Бірақ, осыдан кейін де
Жәңгір ханның Исатайдың соңына түсуі тоқтамады. Өйткені Исатай батыр
халықтың мүддесін қорғап, қарапайым шаруалардың жерсіздігі мен байлардың
озбырлығына душар болуына байланысты әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресті
одан әрі жалғастырды.
Бұл күрестің күшеюіне, әсіресе, 1833 жылы Жәңгір хан өз қайын атасы
Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңірінде көшіп жүрген қазақ руларына
билеуші етіп тағайындауы себепші болды. Қарауылқожаның қазақ шаруаларына
рақымсыздығы, шектен шыққан бассыздығы, Жәңгір және оны коршаған феодалдық
күштердің халық мүддесімен санаспауы, таптар арсындағы әлеуметтік тартысты
жылдан-жылға шиеленістірді. Қарауылқожаның үстінен түскен бұқара халықтың
шағымдарына Жәңгір хан мән бермей, жауып тастап отырды. Бұған қоса Ішкі
Ордамен іргелес орыс бекіністерінің салына бастауы, патша шенеуніктері мен
помещиктерінің озбырлығы халықтың наразылығын күшейтті. Қазақ шаруаларының
екі жақтан бірдей қанауға түсуі халықты тек өз феодалдарына ғана қарсы
емес, сонымен қатар Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы шығуына
итермеледі. Сөйтіп, қозғалыстың басты мақсаты - хан озбырлығына шек қою,
шаруалар жағдайын біршама жақсарту, патша өкіметiнiң отарлау саясатын
тоқтату еді.

2. Көтерілістің барысы және оның жеңіліспен аяқталуы

Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерiлiсi өзiнiң дамуында басты
үш кезеңнен өттi. Бiрiншi кезең – 1833-1836 жылдарға келедi және қарулы
көтерiлiске әзiрлiк кезеңi ретiнде сипатталды. Екiншi кезең –
көтерiлiсшiлердiң ханға қарсы 1837 жылдың бас кезi аттануынан бастап,
олардың жеңiлiске ұшырауына дейiнгi – 1837 жылғы қараша айының орта шеңiне
дейiнгi кезеңi. Үшiншi кезең – Исатай мен Махамбет бастаған
көтерiлiсшiлердiң шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтуiнен 1837 жылғы
желтоқсан жаңа ұрысқа күш жинаудан Ақбұлақ-Қиыл өзенi маңындағы ұрыста
бiржола жеңiлуге дейiнгi 1838 жылғы шiлде айының орта кезi уақытты
қамтиды.
1836 жылы ақпанда халықтың хан сұлтандарға қарсы наразылығы күшейіп,
ашықтан-ашық шайқасқа қарай бет алды. Бұдан шошынған Жәңгір хан қозғалысты
бастап, дем беруші Беріш руының қоныстарына бірнеше қожа мен старшын
жіберіп, көтерілісті тоқтатуды талап етті. Исатайға жазған хатында хан
түлкі бұлаңға салып, "дос едік қой, патшаға адалдыққа ант беріп едің ғой,
бүлікті тоқтат, хан сарайына кел, татуласайық, әйтпесе іс насырға шабады"-
дейді. Сонымен қатар ханның жандайшабы Қарауылқожа 1836 жылғы наурыздың 24-
не қарай 800 адамдық қол жинайды да, жайлауға көшіп кеткен Исатай ауылын
шаппақ болады. Бұл кезде хан Исатайға екі адам елші жіберіп, дереу келсін
деп бұйырады. Бұған Исатай Қарауылқожа жасақтарын таратса ғана барамын деп
шарт қояды. Хан осы шартқа көнгенсіп айлаға көшеді. Оған сенген Исатайдың
аңқау ауылы бұрынғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс тарихы
Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ішкі (бөкей) ордадағы ұлт-азаттық көтеріліс
С. Датұлы және И. Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілістерінің салыстырмалы себебі, мәні және ерекшеліктері
Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісі
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс
ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ
1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Көтерілістен кейінгі Махамбеттің өмірі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысы
Пәндер