Қазақ жеріндегі ислам діні және шаман діні
Жоспар
Кіріспе
1. Ислам діні туралы
2. Негізгі бөлімі
а) Ислам дінінің агрессивтті негізде құрылуы
б) Ислам дінінің көшпелі халық арасына таралуы
в) Қазақ жеріндегі ислам діні және шаман діні
3. Қорытынды
а) Ислам діні Қазақ жеріндегі ру-тайпаларының негізгі діні.
Кіріспе
Ислам діні жалпы дін атаулыдан дара тұрған жоқ. Бұл дін ертедегі араб
жұртшылығының тұрмысынан туған мажуси әдет-ғұрыптарын,еврей дінінің
аңыздарын, христиан дінінің уағыздарын, ерте замандағы иран дінінің
сарқыншақтарын өз бойына сіңіріп, оларды мал шаруашылығымен кәсіп еткен
көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайларына сәйкес қайтадан өңдеп шығарды.
Ислам діні Арабияда феодализмге өту қозғалысының негізінде араб
феодалдарының мүддесінен келіп туды және солардың мақсатын жүзеге асуын,
үстемдігін нығайту құралы болып табылды. Ол араб феодалдарының басқа
елдерді жаулап алуының тірегі, олардың дүние жүзілік империя құруға
тырысқан әрекеттерінің туы болды. Ислам діні басқа елдерге таралған сайын
бөтен халықтар діннің бірқатар нанымдарын қабылдады. Бұл нанымдардың өңін
айналдырып, оны өз бойына сіңіріп, Алла атымен мұсылмандыққа қабыстырды.
Дүниеге діни көзқарас ретінде ислам діні Шығыс елдерінде кең таралды.
Адамдардың діни санасын бейнелейтін, олардан белгілі бір мінез-құлық
ережелерін орындауды талап ететін бұл көзқарас күрделі философиялық
системаны, әлеуметтік-саяси өмірді қамтиды. Бұған бір-біріне қайшы келетін
сан алуан діни нанымдардың элементтері енді. Өзінің сырттай дербестігіне
қарамастан басқа діни идеологиялар сияқты оның да шынайы тәуелсіздігі
болмады. Қоғам дамуының реалды процестерімен байланысты болған ислам діні
қоғамдық таптардың экономикалық, саяси және мәдени мүдделерін бейнелейді.
Осы діннің өзіне ғана тән пердесінің тасасында ғасырлар бойы тарихтың
сұрапыл уақиғалары болып жатты.
VI ғасырдың орта шенінде Қазқстанның барлық территориясы Түрік
қағанының құрамына енді. Бұл көшпелі түркі тайпалары құрған ірі мемлекеттік
ұйым болатын. Оның Қытаймен байланысы болды. Осының негізінде Қазақстанда
буддизм дінінің ықпалы күшейді. Шығыс елдермен байланыстың күшеюі қазақ
даласына ирандық дуалистік дін(зороастризмнің енуінеқолайлы жағдай туғызды.
Шығыс түркі тайпалары арасында манихей діні де таралды. Бұл дінді тұтушылар
әлеуметтік теңдікті және халыққа материалдық игіліктерді бірдей бөлуді
талап етті.
Қазақстанда христиан діні де болды. Бұл діндегілер несториан сектасының
мүшелері еді. Олар насрани деп аталды. Самарқан, Бұхара, Пішпек қалаларында
христан дінінің монастырьлары мен шіркеулері болды. Бұл дінді шет елдіктер
ғана емес, сонымен бірге кейбір көшпелі түркі тайпалары, кейіннен монғол
тайпалары да қабылдады. Самарқан қаласында VI ғасырда несториандық эпископ,
ал VII ғасырда митрополит болды. Европаның көптеген феодалдық елдерінде кең
таралған христиан діні неліктен қазақ даласына орын тебе алмады?
Қазақтардың өмірінде бұл дінге тірек болатындай жағдай болмады, олардың
арасында тайпалық құдайларға табыну салты басым еді және рулық-туысқандық
қатынастар берік болды. Христиан дінінде бірінші орынға мұндай қатынастар
емес, христиандардың діни бірлігі қойылды.
Әр түрлі діни және филсофиалық системалар ислам дініне ықпалын тигізді.
Парсы дінінің әсерімен бұл дінде өлмейтін жан, о дүние туралы ілім
қалыптасады. Яхуди, христиан діндерінің кейбір элементтерін бойына сіңірген
ислам діні өзі таралған елдерде басқа діни көзқарастармен толығып
отырды.Ескі ирактық, египеттік,сириялық, анатолиялық және ирандық
діндер,—дейді Ю.И.Рустамов —ислам дініне белгілі дәрежеде әсер етті. Тіпті
үнділік және ауғандық діни нанымдары да ислам дінінің идеологиясына енді.
Мал шаруашылығын кәсіп еткен көшпелі қазақ тайпалары ұзақ уақыт рулық
құрылыс жағдайында өмір сүрді. Олардың сол кездегі діни нанымдары мен
табыну салттары рухты, ата-баба аруағын, табиғаттың мылқау күштерін
қадірлеу, яғни шаман діні еді. Бұл дін алғашқы қауымдық құрылыстың күйреуі
және соған байланысты осы процестің діни идеологияда бейнелеуі ретінде
ақсүйектер тобы қалыптасқан заманда шықты. Шаман дініне де, ислам дініне де
бір құдайға табынушылық тән болды. Ислам діні шамандық діни нанымдарға
мұсылмандық сипат беріп, оларды өз бойына сіңіріп алды. Халықтардың ежелден
келе жатқан діни нанымдарына икемделу ислам дінінің алғашқы күнінен бастап
осы заманға дейін даму тарихынан көрініп келеді. Қазақ даласында да бір
құдай идеясы рулық-тайпалық бытыраңқылыққа қарсы күресуге көмектесті. Бұл
күрестің діни пішін алуы ол кезде орынды еді. Жаңа дін қанаушы таптарға
керекті және пайдалы болды, өйткені ол таптық езгі мен әлеуметтік
теңсіздікті—адамдардың бай, кедей болыпбөлінуін жақтады. Ислам діні еркін
диқандар, мал баққан кедейлер мен ұсақ қолөнершілерді байлардың-
феодалдардың қанауын қолдады.
Ислам діні көшпелі қазақ малшыларының тұрмысына сай келген сияқты,
бірақ мәселе арабтар мен қазақтардың тұрмыс салттарының сырттай
ұқсастығында емес, олардың қоғамдық құрылыстарының өзгешеліктерінде. Ислам
дінінің идеологиясы феодалдық қоғамның қажеттілігіне сай келеді. Қазақ
қоғамына әлеуметтік қайшылықтар және мүлік теңсіздігі тән еді. Қанаушы
таптарға бұқараны бағынышты ететін күш қажет болды. Мұндай күш—ислам
дінінің идеологиясы еді, қазақ байларының рухани талабын қанағаттандыратын
дін—ислам діні болды.Жаңа дінді қабылдай отырып, қазақ байлары ол діннің
кейбір уағыздарын өзгертіп, оларға ғасырлар бойы өздерінің санасында
қалыптасқан ескі діни ұғымның пішінін береді. Мұнымен бірге ислам дінінің
өзі де жергілікті діндердің ықпалымен өзгере бастайды.
Ислам дінін насихаттауда мұсылман миссионерлерінің, яғни ислам дінін
басқа дінді уағыздаушылардың арасында таратушылардың ролі өсіп отырды.
Қазақ даласында араб елдерінен келген ишан, молдалар көбейді. Олар қазақтың
көшпелі ауылдарын аралап, құран уағыздары мен шариғат заңдарын насихаттады,
діни тақырыптарға жазылған кітаптар таратты. Осы мақсатта мұсылман
мемлекеттері саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды да пайдпланды.
Үшіншіден, халифат мұсылмандары көп жеңілдіктерді пайдаланды, ал пұтқа
табынушылар, христиандар, еврейлер және басқа діндегілер қосымша салық
төлейтін болды. Ислам дінін қабылдағандар бұл салықтан босатылды.
Ислам діні Орта Азия, Қазақстан және Еділ бойына қашан енді деген
мәселе туралы бірнеше пікірлер бар. Кейбіреулердің пікірінше, ислам діні
біздің еліміздің оңтүстік аудандарына, атап айтқанда Орта Азия мен Кавказға
VII ғасырда тарала бастаған. Екінші біреулердің пікірінше, ислам діні Орта
Азия мен Қазақстан жеріне IX ғасырда, ал үшінші біреулер бұл дін Еділ,
Кама, Жайық жағалауларына, Башкирия мен Татарияға IX-X ғасырларда неді
дегенді айтады. Араб басқыншылары бұл дінді басқа халықтарды құлдыққа
айналдыру үшін пайдаланды. Олар көршілес халықтарға қарсы басқыншылық
саясатын жүргізді, оларды күшпен өз дініне бағындырды. Араб басқыншылары
VIII ғасырда орта кезінде Азербайжан мен Грузия жерін басып алып,
Түркістанға, онан әрі Сыр бойына барды. Олар Бұхараны, Ферғананы,
Түркістанның бір бөлігін басып алып, Талас өзеніне дейін жетті.
Арабтардың басқыншылық жорықтарын тоқтату үшін оларға қытайлар қарсы
шықты. 751 жылы Тараз қаласының маңында болған ұрыстарда арабтар қытай
әскерлерін жеңеді. Осы кезден бастап Оңтүстік Қазақстанды мекендеген
тайпалар ислам дінімен алғаш танысты. Терістік және Шығыс Қазақстанға
арабтар сауда керуендерімен бірге мұсылман миссионерлер жіберіп отырды.
Олар Енисей жағалауларына дейін барды. Ислам діні араб басқыншыларының
езгісіне душар болған халықтардың экономикасы мен мәдениетінің дамуына әсер
етті. Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарының халифат құрамына енуі
түбегейлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz