Ақпаратты нарықтағы ЖКА Бөлімшесінің АЖО-нын талдау


Мазмұны
КІРІСПЕ2
1. Қазіргі кездегі мәселені талқылау5
1. 1 Ақпаратты нарықтағы «ЖКА Бөлімшесінің» АЖО-нын талдау5
1. 2 «ЖКА Бөлімшесінің» АЖО функционалды құрлымын сипаттау8
1. 3 Есептің қойылымы12
2. Ақпаратты қамтаманы құру13
2. 1 Қолданушы талаптарын талдау13
2. 2 МББЖ талдау негізі14
2. 3 Мәліметтер базасын құру20
2. 3 Кесте құрылымын сипаттау24
3. Програмалық қамтаманы құру27
3. 1 Программалық қамтаманың құрлымы27
4 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ40
4. 1 Өндірістегі қауіпті және зиянды факторларды талдау40
4. 2 Өндірістік санитария41
4. 3 Компьютерлік класты желдету43
4. 4 Компьютерлік кластағы жасанды жарықтандыру44
4. 4. 1 Дірілмен шудың деңгейіне қойылатын талаптар46
4. 5 Компьютерлік кластағы дыбысты сіңіру48
4. 6 Электр қауіпсіздігі және электрмагниттік өрістен қорғану49
4. 7 Өрт қауіпсіздігі51
5. Экономикалық бөлім53
5. 1 Экономикалық тиімділіктің бағасын есептеу53
5. 1. 1 АОЖ өңдеуге және енгізуге керетін шығындар53
5. 1. 2 Еңбек ақыны есептеу53
5. 1. 3 Техникалық құралдар кешенін сатып алуға кеткен шығындар55
5. 2. 4 Бағдарламаны жазуға және түзетуге кеткен шығынды есептеу55
5. 2. 5 Шығындардың экономикасын есептеу56
5. 2. 6 Енгізуден бұрын жұмсалған шығындарды есептеу. 56
5. 2. 7 Жүйені енгізгеннен кейінгі шығындар56
5. 2. 8 Жылдық экономикалық тиімділікті есептеу57
Қолданылған әдебиет тізімі58
Қосымша А60
КІРІСПЕ
Соңғы жылдарда халық шарушылығында жергілікті ақпаратты өңдеуді қарастырылған кезде үлестірілген басқару жүйелер тұжырымдамасы туындап отыр.
Дербес профессионалды ЭЕМ базасында ойланған ойды ұсыну үшін әр басқару деңгейде және әр пәндік облыста автоматтандырылған жұмыс орнын құру қажет.
Автоматтандырылған жұмыс орнын талдаған кезде мамандар олардың жұмысына тікелей орналасқан және жұмыстарын автоматтандыруға арналған професионалдық бағытталған кіші есептеу жүйе ретінде ғана анықтайды.
Әрбір басқару обьекті үшін олардың сәйкес функционалдық тағайындалуын автоматтандырылған жұмыс орны қарастыру қажет.
Бірақ АЖО құру принципі жалпылама, жүйелі, икемді, тұрақты, тиімді болу керек.
Жүйелілік принципте АЖО құрылымы анықталған функцианалды тағайындалған жүйе ретінде қарастырылады.
Ал икемді принцип жүйенің бейімделуіне барлық ішкі-жүйе модулінің қайта құрылыуына және олардың стандартты элементі болып табылады.
Тұрақты принципте АЖО жүйесі сыртқы және ішкі факторға тәуелсіз негізгі функция атқару қажет. Демек бұл ақаулар бөлек бөлшектерді жеңіл орнату қажет, ал жүйенің жұмыс істеу қаблеттілігі тез қалпына келіуін қамтамасыз ету керек
АЖО тиімділігі жоғарғыда келтірілген принциптердің интегралды көрсеткіш деңгейін қалай іске асқанын көрсетеді.
АЖО-ды функциалдау адам және машина арасындағы ақпаратты дұрыс үлестірілген жағдайда ғана сандық тиімділік берілуі мүмкін. Сонда ғана АЖО-ның еңбек өнімділігі және басқару тиімділігі өседі.
Енді АЖО-ның болашақтағы дамуын және күйін дербес ЭЕМ-да қарастырамыз, сосын АЖО программалық қамтамасыз етуін және техникалық сұрақтарға тоқталамыз. Барлық дербес ЭЕМ-да құрылғысы жүйелік магистрал арқылы байланысқан. Бірақ ВЕҚ-нан ақпарат ЖЕҚ-на жазылып сосын процессорға қатынайды.
Мысалы АЖО базасында мамандарды дайындауда ұйымдық формада дербес ЭЕМ-ны қолдану өте тиімді.
АЖО келесі талаптарға сәйкес болу керек:
• маманның ақпараттық және есептік қажеттілікке қанағаттануы
• қолданушының сұранысқа тез жауап алуы
• қолданушының кәсіптік сұранысқа және дайындық деңгейге бейімделуі
• АЖО-да жұмыс істеу тәсілін меңгеру қарапайымдылығы және женіл қарым-қатынас жасау, сенімді және қарапайым қызмет көрсетуі
• қолданушының тез үйрену мүмкіндігі
• есептеуіш желі құрамында жұмыс істеу мұмкіндігі.
Автоматтанған жүйеге қойылатын талаптар:
Коммуникациялық қасиеттері:
- деректердің қабылдауыш-жөнелткіш құралдарымен немесе
басқа жүйелермен бағдарламалық үйлесімділігі;
- жүйелердің әрекеттестігін қолдайтын бағдарламалық
жасаудың деректер пішінінің үйлесімділігі;
- бағдарламалық жасауды қолдайтын лингвистикалық құралдың үйлесімділігі.
Жол көлік апаты бөлімшесінің функционал есебіне сәйкестігі:
- ақпаратты өңдеу және жинау, құжаттарды сақтаумен байланысты керекті функционал есебін құрау;
- көрністі, тақырыпты және ұжымдық құжаттар құрау;
- өңдеудің, іздеудің, сұрыптаудың негізгі түрлері және құжаттар мен деректердің қолданушымен шығару пішіні, сонымен қатар олармен байланысты құрам;
- жұмысшылар туралы мәлімет құрау, деректерді өңдеу және жинау әрекеттері, деректердің актуалдығы, деректерді сұрыптау және шығару;
- түскен деректерді оперативті өңдеу.
Адаптивтілігі:
- негізгі есептерді орындауға қажет бағдарламалық жасауды деректердің құрамы мен құрлымына, құжаттардың шығу пішіні мен сөздіктеріне баптау мүмкіншілігі.
Пайдалану сипаттамасы:
1) жұмыстың орындылығы - пайдалану процесі кезінде
жүйенің жаңылысуының саны;
2) бағдарламалық орта мен ақпаратты бұзудан және уақытсыз
қатынаудан қорғау.
3) шапшаңдылық - операцияны орындау уақыты.
Бағасы:
- бағдарламаның;
- жүйе қолданушыны оқыту;
- жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін керекті бағдарламалық және техникалық құралдарды алу;
- жүйені пайдалану.
Жүйенің сервистік қызмет көрсетуі:
- жұмыс процесінде көмек;
- қиын операцияның көлемі мен санын азайту;
- деректерді жайлы және эстетикалы пішінінде экранға шығару;
- жүйе персоналына немесе қолданушыға эмоционалдық әсер ету;
- бағдарламалық жасау мен жұмысты құжатпен қолдау.
Жабдықтауышты қолдау:
- құру шартты және жүйені енгізу;
- жүйені енгізетін кәсіпорынның құқығы;
- жүйе құрудың ілгері дамуының бағыты мен жоспары;
- бағдарламалық өнімнің келесі нұсқасын алу шарттары;
- осы бағдарламалық өнімнің иесі болатын кәсіпорын болу керек.
1. Қазіргі кездегі мәселені талқылау
1. 1 Ақпаратты нарықтағы «ЖКА Бөлімшесінің» АЖО-нын талдау
Жыл өткен сайын елімізде автокөлік саны көбейіп келеді. Әрине көлік саны көбейген сайын сонымен қатар жол көлік апаты көбейіп келеді. Мұндай тығырықтан кінәлі жүргізушіні алып шығатын негізгі құжат жүргізушінің сақтандыру полисы. Осындай жағдайда негізгі күш сақтандыру компаниядағы «ЖКА Бөлімшесінің» инспекторларына түсетіні айдан анық. Әрине осындай жерлерге автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) өте қажет. АЖО -ның кең көлемдегі схемасы келесі суретте көрсетілген.
1-сурет. Автоматтандырылған жұмыс орнының схемасы.
Жалпы программалық қамтама жаңа программаны қосуды, құруды қамтамасыз етеді. Бұған операциялық жүйе, программалау жүйелері және қызмет көрсету программалары кіреді.
АЖО-ның кәсіптік бағдары программалық қамтаманың функционалдық бөлігімен анықталады. Дәл осы жерде нақты маманға бағдар қойылып, белгіленген пәндік саладағы есептің шешімі қамтамасыз етіледі.
Функционалдық программаық қамтаманы құру барысында адам-машина ара-қатынасын ұйымдастыру мәселелеріне өте үлкен мән беріледі. Қолданушы өз жұмысын сезінгенде пайдалы жұмыспен айналыскан кезде ғана ЭЕМ-мен жұмыс істеу қызықты әрі жағымды болады. Қарсы жағдайда жағымсыз әсер алады.
Енді АЖО-нын құруды екі түрін қарастырамыз.
1) . функционалдық, ол типті функционалды автоматттандыруды қарастырады. Қолданған нақты шарттарына функционалдық ПҚ қалай бейімделетінін көреміз.
АЖО үшін база болып келетін әр түрлі мамандықтарға іскер ақпарат өңдеумен байланысқан және басқару шешімдерін қабылдайтын программалық орта белгілейміз. Ең бірінші техникалық персоналдар жұмыстарын автоматтандыратын программалық құрылғы пайда болды. Бұларға мысал келтіретін болсақ мәтіндік редакторлар(процессорлар) . Олар ақпаратты жылдам енгізуге, өңдеуге және өздері қателерді іздеп табуға, мәтінді баспаға шығаруға көмектеседі. Мәтіндік редакторды қолданғанда белгілі дәрежеде машинисткалардың жұмыс өнімділігін артырады.
Қазіргі кезде өзінің мүмкіндігіне әрі мәтіндік редакторлар, әрі кестелер, графикалық редактор кіретін интегралдық пакеттер құруға тенденция байқалады. Бірдей операция жасайтын әр түрлі программаның көп болуы - мәліметтерді өңдеуге, құруға негізделген үш ақпараттан тұрады: сандық, графикалық, мәтіндік.
Ақпаратты сақтау үшін көбінесе МББЖ-сі жиі қолданады. Өйткені барлық мәліметтер типін бір бүтінге жинақтайды. Қазіргі кезде басқа ақпараттың екі түрі қарқынды дамуда: дыбыстық және видеоақпараттық. Олардың әуелде өздерінің редакторлары құрылған және алдынғы уақытта осы ақпарат түрлері мәліметтер базасынан ажырамас бір бөлігі болуына күмән жоқ. Әйтседе кейінгі ФПҚ (функционалдық программалық құрылғы) әр түрлі мамандық жұмыскерлердің талаптарына жауап береді. Бірақ кейде бір нәрсе жетіспей тұрады. Сондықтан осындай ПҚ-ның негізгі артықшылығына оны өзгерісімен толықтыру мүмкіндіктері болып табылады.
АЖО-ның жаңа программалық құрылымын жасауға келетін болсақ, олар екі түрлі бағытпен жасалады: жаңа мамандыққа жаңа программалық құрылғы құру және бар маманға программалық құрылғыны мамандандыру. Осы шақта професионалдық АЖО-ын құруға ауысу тенденциясы байқалады. Ол келесі түрде көрсетілген:
• шешілетін есепті тіркеу
• басқа қызметкерлермен араласу
• кәсіптік дағдыны тіркеу
• тек қана функционалды программалық қамтаманы құру ғана емес, сонымен қатар арнайы техникалық құралдарды да( тышқан, желі, автоматты түрде телефон номерін теру.
Жүйе құралатын объектілік шарттарды талдау .
Автоматты жүйені енгізудің тиімділік жоспары, берілген
объектілік шарттар үшін шешуші болады:
1) құрылып жатқан жүйенің өзіндік деректер базасы түрінде
берілген бөлімінің бар болуы немесе болмауы;
2) қолдану мүмкіндігін қолданушыға қамтамасыз ететін
сыртқы сандық көздеріндегі автоматты режимде қызмет
көрсететін күйі қалып қатынау;
3) қаржылық және қосымша бағдарламалық құрал мен
техниканың материалдық мүмкіншілігі, сонымен қатар
құрастыру мен іске қосу жұмыстарын жүргізу;
4) жүйені енгізетін және автоматтау мақсатын
ұйымдастыратын есептердің артықшылығы;
5) автоматтау объектісінің ерекшелігі, функционалды - ұйымдастыру құрылымы, бөлімшені орналастыру, құжаттық ағындарды техникалық өңдеу практикасы;
6) жұмысшылардың жүйе персоналының функциясын орындауға дайындығы.
1. 2 «ЖКА Бөлімшесінің» АЖО функционалды құрлымын сипаттау
Қазіргі жағдайда сақтандыру - бұл өмірдің әртүрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.
Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т. б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкелді, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл сақтаңдырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы кажеттілік одан әрі өсе түседі.
Сақтандыруды салаларға бөлу сақтандырудың әртүрлі объектілерімен байланысты. Сақтандырудың барлық түрлерін екі сомаға бөлу қарастырылған, олар:
- өмірді сақтандыру;
- жалпы сақтандыру;
Аталған сақтандыру саласының біріншісі заңмен қорғалатын игіліктердің арасындағы ең жоғарғы құндылық болып табылатын азаматтар өміріне қатысты болып келеді. Өмірді сақтандыру саласы бірқатар болмай қоймайтын объективтік сипаты бар өмірлік жағдайларда сақтандырылған (пайда алушы) тұлғаға ақша төленуін қарастырады.
Бұл тұлғаның қартайған шағында мүліктік мүдделерін кешенді қамтамасыз етуге, адамды жерлеуге шығындарды өтеуге с. с. мүмкіншілік береді. Осы себептен өмірді сақтандыру өмірді азаматтық құқықтық тәсілдермен қорғаудың бір жолы болып келетінін айтуға болады.
Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру саласына өз кезегінде кластарды енгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруда екі класс қарастырылған, олар: 1) өмірді сақтандыру; 2) аннуитетті сақтандыру. Жалпы сақтандыру белгілі бір сақтандыру жағдайларының келіп түсуінде заңды және жеке тұлғалардың аймақтық бұзылған құқықтары мен қызығушылықтарын орнын төлеуді қамтамасыз етуде дәстүрлі жолда болып келеді. Қазіргі кезде жалпы сақтандыруды кластарға бөлу кеңейтілген тізімді қамтиды, оған шолу жасасақ қазіргі кезеңде азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтарын қамтамасыз етуде сақтандырудың мәні бұрынғыға қарағанда салыстырымсыз жоғары болып келеді деген пікірде орнығуымыз мүмкін.
Жалпы сақтандырудың кластарына төмендегілер жатады:
1) сәтсіз оқиғадан және аурулардан сақтандыру;
2) медициналық сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) көлік пен жүктерді сақтандыруды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
12) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16) зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
Жалпы сақтандыруға көлікті сақтандыруды жатқызады, ол көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Осы дипломдық жобада негізгі қарастырылып отырған обьект ЖАҚ «Союза Водителей РК» сақтандыру компаниясы. Осы обьектінің функционалдық құрлымы келесі суретте көрсетілген.
1. 2-сурет Сақтандыру компаниясының функционалды құрылымы
«ЖКА Бөлімшесіндегі» инспекторлардың негізгі атқаратын қызметі:
• сақтанушының сақтау көлемін уақытында және толығымен төлеу
• автотехникалық сараптама жолдама беру
• жол көлік апатын тіркеу
• жол апаты бойынша акт жасау
• жапа шеккен жүргізушімен кінәлі жүргізушінің жеке құжаттарын және сақтандыру полистарын тексеру.
Автотехникалық сараптаманың атқаратын қызметі:
• шығынды анықтау
Автотехникалық комиссардың тіркеу бөліміндегі комиссардың қызметі:
• жол көлік апатын неден болған себебін анықтау және соған байланысты акт толтыру.
• апат қауыптілігын анақтау
Сақтандыру агентігіндегі агенттің қызметі:
• сақтанушымен келісім шартқа отыру ісін атқарады
• сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстырады
Сақтандырушылардың міндеттері:
- сақтанушымен келісім шартқа отырып, сақтандыру төлемін бергеннен кейін сақтандыру полисын беруге; үш күн мерзім ішінде сақтандыру оқиғасы түскеннен кейін акт жасауға; бүлінген заттың құнын, бүліну дәрежесін, себебін анықтау үшін сараптама шақыруға, барлық қажетті құжаттарды жиналғаннан кейін жеті банк күн ішінде сақтандыру төлемін төлеуге міндетті.
Сақтандыру ережелері сақтандырушымен сақтандырудың әр түрі үшін бөлек дайындалады және сақтандырудың тиісті түрін жүргізуі үшін лицензияны (рұқсатты) беру құқығы өкілетті мемлекеттік органымен келісуге жатқызылады. Шартта қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда басшылыққа сақтандыру ережелеріндегі жағдайлар алынуы тиіс.
Сақтандыру ережелері мыналарды қарастыруы керек:
1) сақтандыру объектілерінің тізімін;
2) сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртібін;
3) сақтандыру тәуекелдерді;
4) сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тастаулар және сақтандыруға шек қоюлар;
5) сақтандыру шарты қолданылуының мерзімі мен орнын;
6) сақтандыру шартын жасаудың тәртібін;
7) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
8) сақтандыру жағдайы орын алғандағы сақтанушы жасауы тиіс әрекеттерді;
9) сақтандыру жағдайының орын алғанын анықтайтын құжаттар тізімін;
10) сақтандыру төлемдерін жасаудың жағдайлары мен тәртібін;
11) сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемінен бас тарту жөнінде шешім қабылдау мерзімін;
12) сақтандыру шарты жағдайларының тоқтатылуын;
13) дауларды шешудің тәртібін;
14) сақтандыру тарифтерін және оларды экономикалық негіздеу;
15) ерекше жағдайлар.
Сақтандыру ережелеріндегі жағдайларды сақтандырудың нормаларына жатқызуға болады деп айта аламыз.
1. 3 Есептің қойылымы
Біз автоматтаудың бағдарламалы-техникалық құралдарын, экономика-математикалық әдіс пен басқару жүйесін қолданып, мәліметтерді жинау процесіндегі көп операцияларды орындаудан босататын, түрлендіру, ақпаратты қолдау және беру (жіберу) деп түсінеміз. Автоматтаудың мақсаты өнімділікті және жұмыстың тиімділігін асыру, ақпараттық өнім мен қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, көп қайталатын қиын жұмыстарды жеңілдету (алып тастау) болып табылады.
Адамның басқа салаларындағы ақпараттық әрекеттер сияқты, автоматтаудың негізгі артықшылықтары:
- ақпаратты өңдеу кезінде кездесетін, көп қайталанатын жұмыстарды болдырмау және жеңілдету;
- өңдеу процесін және деректерді түрлендіруді жылдамдатады;
- есепке алу деректердің турасын жоғарлатады;
- жоғары ұйымдастырылған деректер құрылымы мен оларды
басқару жүйесін қолдану арқылы ұйымдастыруды кеңейтіп
немесе жан-жақты ақпараттық қорды қолданады;
Жасалған шолу бойынша, келесі есептің қойылуы туындайды:
1) инспектордың жұмыс орнын автоматтау жүйесінің ақпаратты
бағдарламаны жасап құру;
2) алгоритмдер құру және оларды бағдарламалық жүзеге асыру;
3) еңбекті қорғаудан талдау жасау;
4) автоматтандырылған жұмыс орнының экономикалық бөлімнің тиімділігін есептеу.
«ЖКА Бөлімшесіндегі» инспекторлардың негізгі атқаратын қызметі:
• Сақтанушының сақтау көлемін уақатысында және толығымен төлеу
• Автотехникалық экспертизаға жолдама беру
• Жол көлік апатын тіркеу
• Жол апаты бойынша акт жасау
• Жапа шеккен жүргізушімен кінәлі жүргізушінің жеке құжаттарын және
сақтандыру полистарын тексеру
2. Ақпаратты қамтаманы құру
2. 1 Қолданушы талаптарын талдау
Ыңғайлы да қолайлы жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін жүйеде арнайы талаптар қарастырылуы қажет.
Бағдарлама жасау сферасынан ешқандай білімі жоқ және оператор деңгейінде компьютер жұмысымен сырттай таныс адамға автоматтандырылған жүйе бағытталуы қажет. Осыған байланысты ыңғайлы да қолайлы жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін, жүйеде келесі талаптар қаралуы қажет:
- Пайдалану кезінде жүйе басқа бағдарламалық құралдармен
байланысуы қажет, яғни дербес пайдалануы қамтамасыз
етілуі қажет.
- Қолданушыға келесі іс-әрекетке бағдар беретін жүйе
жұмысында көмекші құралдар қолданылуы керек.
- Автоматтандырылған жүйеде жұмыс істеу үшін бағдарламалау
бойынша арнайы білімге деген талаптар болмауы керек. Қолданушы компьютерді қосуды, клавиатурамен жұмыс істеуді және кейбір іс-әрекеттерді, мысалға: дискетаны орнату, ақпаратты көшіру және т. б. операцияларды білуі жеткілікті.
- Жүйе өзінің функционалдық тағайындалуына толығымен
сәйкес болуы керек.
- Бейнеленген ақпарат толығымен диалогтық жүйеде
құрылымдалған болуы қажет және ол ақпаратты адамның
қабылдау мен деректерді өңдеу мүкіншілігімен байланысты
болуы керек.
- Автоматты жүйе қазіргі заманға сәйкес бағдарламалық құралдарды қолдануы қажет.
- Жүйе есептеуіш ресурстарды үлкен емес, үнемді конфигурациялы аппарат жасауында функционалдығын жоғалтпай қолдануы керек.
- Қолданушылардың кейбір бөлімдерді қайта орындау мүмкіндігі болуы керек.
- Автоматты жүйеде визуалдық және бағдарламалық бақылау, қолданушының әрекеттеріне, әрекеттің қатесі болған жағдайда автоматты жүйеге қайта қатынасу, қате әрекетті диагностикалау, экранға қатені түзеу туралы бағыт бағдар беру керек.
- Деректерге рұқсатсыз қатынаудың шектелуі қамтамасыз
етілуі керек.
- Жүйенің жұмысы сақтаудың сенімділігін және құртылған
жағдайда қалпына келтіру мақсатымен қосалқы көшіру
мен деректердің архивін құруын қамтамасыз ету керек.
- Бейнелеу мен түсініктеме жүйе бір типті формалды
грамматика түрінде құрылуы керек, бейне терминалдық
экранда ақпараттың рационалды орналасуы,
терминологиясы қолданушыға түсінікті, хабар қысқа
болуы керек.
2. 2 МББЖ талдау негізі
Инспекторлардың құжаттар дайындау барысында үлкен көлемді мәліметтермен жұмыс істеуге тура келеді. Бұндай жұмысты жеңілдету үшін арнайы құрылған мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) бар. Мысалы: DBASE, RBASE, ORACLE, ACCESS, VISUAL BASIC . Мәліметтер базасын басқару жүйесі үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және қажетті мәліметтерді кез-келген уақытта алуға болады.
VISUAL BASIC қазіргі уаққыта программалаудың ең танымал тілдірінің бірі болып саналады. Q BASIC - тің ең күшті мүмкіндіктерін, оның ең негізгі алгоритмдік құрылымдарын және жаңаша ақпараттық - технологиялық амалды - MS Office немесе Internet Explorer сияқты ресурстарды бірлесіп пайдалану идеологиясын бойына жинақтаған, ол кәсіби программис үшін де, жаңадан үйренушіге де бірдей тартымды.
VISUAL BASIC -тің арқасында, соңғы кезде ойыншық саналған Бейсик тілі программалау тілдерінің ең қарапайымы және ең күштісі болды. VISUAL BASIC қысқа мерзімде Windows -қа кәсіби деңгейлі интерфейсі бар қолданбалар жасауға мүмкіндік береді, бұл жағдай кәсіби программистердің оны пайдалануын жиілетіп, оның позициясын құрастырушылар бәсекесінде күшейте түседі.
VISUAL BASIC программалауда алқашқы қадамдар жасап жүргендер үшін ерекше тартымды. Бірнеше түйінді сөз үйреніп, Windows -та жұмыс істеу дағдылары болса жетілікті. Қолданбаның сыртқы көрінісін жасау үшін, Paint сияқты дайын объектілерді экранның қажетті орнына жай ғана тасымалдап отыруға болады.
VISUAL BASIC программалау жүйесі Windows -тың барлық офистік қолданбаларына енгізілген, бұл жағдай ақпараттық технологияға ойшыл, шығармашылық тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді. VB Ортаға кіру үшін келесі камандалар орындалады: Пуск / Программы / Microsoft Visual Studio 6. 0 / Microsoft Visual Basic 6. 0 . VB жұмыс столының экраны келесі сурет . 1 көрсетілген. Экранның жоғарғы бөлігінде File, Edit, View, Project, Format, Debug, Run, Query, Diagram, Tools, Add-Ins, Window, Help командаларымен ( негізгі меню ) басты меню көрсетілген. Төменгі жағында стандартты панель инструменті орналасқан. Ал сол жағында панель инструменті басқару обьектісімен орналасқан. Экранның ортасында үлкен бос форма Form1. тақырыбымен ашылған. Оң жақта терезе жобасы ( Project1) және терезе қасиеті (Properties) орналасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz