Жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынасын реттеу туралы



Жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынасын реттеу саласындағы қызметтерін үйлестіру, діни істер мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 17 мамырында Ақтөбе облысының Хромтау қаласында Әділет департаменті және Ішкі саясат департаментімен бірлескен жоспарына сәйкес «Жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынасын реттеу саласындағы қызметтерін үйлестіру және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбында Хромтау, Қарғалы, Әйтекеби және Ырғыз аудандарының мемлекеттік, құқық қорғау органдары және жергілікті діни бірлестіктердің өкілдерінің қатысуларымен кеңейтілген семинар – жиналыс өткізілді.
Осындай шараның өткізілуі республикада діни бірлестіктер санының қарқынды өсуі және осыған байланысты салыстырмалы түрде Қазақстанға тән емес, иудаизм, кришнаизм және басқа да діндердің пайда болуы. Қазақстан ұдайы түрде экономикасы даму үстіндегі көпұлтты мемлекет болып табылады. Міне, сондықтан орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ең басты міндеттерінің бірі болып діни фактордың шиеленісуін болдырмау, сонымен қатар, оны қоғамда тұрақтылықты қалыптастыру мен Қазақстанда бірлікті сақтауға қолдану табылады. Мемлекетік органдар мен діни бірлестіктердің қарым-қатынасы, бейбітшілік пен тұрақтылықты ұстау үшін олардың өзара тығыз қызметтесу жолдары өткізілген кеңейтілген семинар-жиналыстың ең бір басты мақсаты болды.
Семинарды Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бастығының орынбасары А.Жекеев ашып, облыстағы және Қазақстандағы дін жағдайы сұрақтарын қозғады, жаңадан құрылған мемлекеттік орган – ҚР ӘМ Діни істер жөніндегі комитеттің мақсаты мен негізгі міндеттерін, сонымен бірге мемлекеттік

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынасын реттеу
туралы
Жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынасын
реттеу саласындағы қызметтерін үйлестіру, діни істер мәселелері бойынша
басқа да мемлекеттік органдармен ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге
асыру мақсатында ағымдағы жылдың 17 мамырында Ақтөбе облысының Хромтау
қаласында Әділет департаменті және Ішкі саясат департаментімен бірлескен
жоспарына сәйкес Жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен
қарым-қатынасын реттеу саласындағы қызметтерін үйлестіру және азаматтардың
діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат
мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу тақырыбында Хромтау,
Қарғалы, Әйтекеби және Ырғыз аудандарының мемлекеттік, құқық қорғау
органдары және жергілікті діни бірлестіктердің өкілдерінің қатысуларымен
кеңейтілген семинар – жиналыс өткізілді.
Осындай шараның өткізілуі республикада діни бірлестіктер санының қарқынды
өсуі және осыған байланысты салыстырмалы түрде Қазақстанға тән емес,
иудаизм, кришнаизм және басқа да діндердің пайда болуы. Қазақстан ұдайы
түрде экономикасы даму үстіндегі көпұлтты мемлекет болып табылады. Міне,
сондықтан орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ең басты
міндеттерінің бірі болып діни фактордың шиеленісуін болдырмау, сонымен
қатар, оны қоғамда тұрақтылықты қалыптастыру мен Қазақстанда бірлікті
сақтауға қолдану табылады. Мемлекетік органдар мен діни бірлестіктердің
қарым-қатынасы, бейбітшілік пен тұрақтылықты ұстау үшін олардың өзара тығыз
қызметтесу жолдары өткізілген кеңейтілген семинар-жиналыстың ең бір басты
мақсаты болды.
Семинарды Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бастығының орынбасары
А.Жекеев ашып, облыстағы және Қазақстандағы дін жағдайы сұрақтарын қозғады,
жаңадан құрылған мемлекеттік орган – ҚР ӘМ Діни істер жөніндегі комитеттің
мақсаты мен негізгі міндеттерін, сонымен бірге мемлекеттік органдар мен
діни бірлестіктердің өзара қызметтесу жолдарын түсіндірді.
Жиыналысқа Хромтау ауданының әкімі О.Н.Далмағамбетов, облыстық мемлекеттік
органдардағы заңды қадағалау жөніндегі басқарма прокуроры М.Ж Қарасаев,
облыстық ІІД экстремизмге, сепаратизмге және ланкестікке қарсы күрес
бөлімінің аға жедел уәкілі К.Т.Тыныштықов, ҚМДБ өкілі – облыстың имамы
Б.Есмахан, және Ислам ақиқаты журналының бас редакторы О.Оразалин сөз
сөйледі .
Семинарда сұрақтар тыңдалып, осы құқық қатынасы шеңберінде тұлғаларға
жауаптар берілді.Семинарға катысушыларға әдістемелік нұсқаулар, жадынамалар
таратылды. Сонымен қатар жиналыс аяғында семинарға қатысушыларға Хромтау
қаласындағы халыққа қызмет жасап жатқан жаңа мешіт және православиялық
шіркеу көрсетілді.
Өткізілген семинар – жиналыс бойынша аудандық және облыстық БАҚ баспасөз
–релизі жіберілді.
Айта кететін жағдай биылғы жылдың шілде және қазан айларында осындай
кеңейтілген семинар-жиналыстар Қобда және Мұғалжар аудандарында өткізілуі
жоспарланды.

Діни экстермизмге тосқауыл
2009 жылдың ақпан айының 04-25 күндері аралығында БҚО аудандарында және
Орал қаласындағы 3 мұсылмандар мешіттерінде ислам дініне сену-шілердің ең
көп жиналатын жұма намаз уақыттарында ислам бағытындағы жат діни топтардың
қолдаушыларына қарсы жалпы алдын алу шарасы өткізілді.
Қазіргі уақытта алынып жатырған мәліметтерге сәйкес жергілікті жат діни
арналар салафиттер, мурджиттер ағымдары қолдаушылары арасында ислам
дінінің радикалды бағытын қолдаушыларына деген теріс көзқарас қалыптасқан.
Осы құбылыстың ең басты себебі радикалдық салафия-джихадия бағытын
ұстанған 2 топтың басшылары болған Р.Айтмұханбетов және Ю.Сламихинның
құқыққа қарсы іс-әрекеттерінен туындап отыр.
Осы жағдайларға байланысты, Орал қаласындағы теріс ағымның қолдаушылары-
салафиттердің беделді тұлғалары жоғарыда аталған адамдардың ислам дінінде
жоқ әрекеттер жасап, шариғат жолында жүрген көптеген дінге сенушілерге күйе
жаққандығы туралы нешетүрлі пікірлер айтуда.
Осы баяндалған жағдайға байланысты, қалыптасқан жағдайларды оңтайлы
пайдалану мақсатында Орал қаласындағы орталық мешітте, сонымен қатар,
Ж.Досмұхамедов көшесіндегі және Тулбаев Гариф (Қызыл мешіт) мұсылман-дар
мешіттерінде дінге сенушілер ең көп жиналатын жұма намаз уақыттарында
әңгіме-дағуат түрінде жалпы алдын алу шаралары өткізілді.
Орал орталық мұсылмандар мешітінде өткен кездесуде облыстың өкіл имамы
С.Сейтбеков жиналған жамағатқа исламның жиһад мәселесі бойынша толық
мәлімет бере отырып, басқа елдерге барып жиһад-тық іс-әрекеттер жасаудың
қажет еместігі, жиһадқа шығу тек қана елді жаулап алушыларға қарсы қорғану
мақсатында болатын іс-әрекет екендігін жамағатқа нақты түрде жеткізді.
Содан кейін сөз алған Р.Аймұханбетовтың салафия-джихадия тобына қатысты
бірнеше қылмыстық істерді жүргізген Орал қалалық сотының судьясы Н.Абдукаев
аталған топтың ислам дінін жамылып, облыс аумағында неше түрлі қылмыстар
жасап тиісті жазаларын алғандары жайлы айта отырып, дәстүрлі исламды
қолдауға және теріс діни пиғылдағы топтарға бірігіп қарсы тұруға шақырды.
Облыстық Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы хатшылығының басшысы Қ.Төлебаев
өз сөзінде еліміздің көпұлтты, көп діни конфессиялы елімізге тыныштық,
береке-бірлік керектігі жайлы айта отырып, басқа елдерден келіп алауыздық
тудыратын діни топтарға дәйекті түрде тойтарыс беру үшін жастарымыздың
білімді, елінің нағыз патриоты болуы қажет екендігін айтып өтті. Сол күні
орталық мешітке кешкі кұтпан намазына жиналған жамағатқа Әділет
департаментінің діни істержөніндегі бөлімнің бас маманы Испанов Е.Т. облыс
аумағындағы салафиттік діни бағыт ұстанған топтың белсенді мүшелерінің бірі
Қ.Мұқамбетқалиевтың дін жолында жүрген азаматтарға өзінің басқа діни
бағытты ұстанып қателескені жайында және қазіргі дәстүрлі исламды қолдауға
шақырған үндеу сөзін оқып, дін жолында жүрген мұсылмандарға болашақта
радикалды жат ислам ағымдарының кері әсеріне алданбауға және жергілікті
халықтың ұстанатын дәстүрлі ислам Имам ағзам Абу-Ханифа масхабын қолдап,
мешіт имамдарымен бірге елдің тыныш-тығына үлестерін қосуға шақырды.
Қ.Мұқамбетқалиевтің үндеуі сөзі облыстық, қалалық, аудандық газет
беттеріне қазақ және орыс тілдерінде шығарылды, соны-мен қатар, облыс және
аудан мешіттеріне келетін жамағатқа аталған үндеудің 300-дей данасы
таратылды.
Орталық мешітте өткен шаралар жұма-намаз уақыттарында, яғни 13 ақпан
күні Орал қалалық мешітінде, 20 ақпан күні қалалық Тулбаев Мухаммед Гариф
мешітінде жалғасын тапты. Аталған діни шараларға аталған мешіттің имамдары
Р.Сұлтанов, Қ.Ғилманов, дәстүрлі исламды қолдаушы белсенді ақсақалдар,
облыс-тық шешен диаспорасының басшысы Д.Саратов және діни бірлестіктердің
қыз-метін қадағалайтын облыстық прокуратура қызметкері Н.Сейтқалиев
қатысты. Жұма намаз басталмастан бұрын сөз алған имамдар соңғы кездердегі
облысы-мызда мешітке келіп намаз оқып жүрген қазақ және исламды қабылдаған
орыс жігіті жасақтаған 2 қылмыстық топ мүшелерінің жат іс-әрекетерінің хақ
Ислам дініне дақ түсіргендерін ашық түрде айтып, біздің елімізге тыныштық,
дәстүрлі дінімізге қолдау білдіру керектігін жеткізді.
Осыдан кейін сөз алған шешен ұлт өкілі Саратов Данилбек облысымызда
дінге бет бұрған жастарымыздың көп екендігін мақтанышпен айта отыра,
қазіргі кезде діни білімдерінің тайыздығынан көптеген жастардың басқа кері
ағымдарға түсіп, имамдарға қарсы шығу, ата-аналарына ислам жолында
емессіңдер, сендер кәпірсіңдер, сендердің дайындаған тамақтарың харам, біз
оны қабылдамаймыз, немесе намаз оқымайтындардың барлығы кәпір, оларды
өлтіруге, дүние-мүлік-терін тартып алуға, ұрып-соғуға болады – деген теріс
діни түсінікте жүрген жастар жөнінде бірнеше фактілер келтірді. Сонымен
қатар, ол жақын арада телеарна ар-қылы Орал қаласынан бір жас жігіттің
Шешенстанға жиһадтық іс-әрекеттер жасауға аттанып, орта жолдан ҰҚК
органдарының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының
Астрахань қаласынан Шешенстанға кетіп бара жатқан жерінен құрықталып, елге
қайтарылғанын көріп, қазіргі кезде Ше-шенстан Республикасында тыныштық
орнағаны, ол жаққа жиһадтық іс-әрекеттер жасауға аттанудың мүлдем қажеттігі
жоқ екендігін намазға жиналған жамағатқа түсіндіріп айтып берді. Одан кейін
сөз алған ақсақалдар елімізге тыныштық, діні-мізге қолдау қажеттігін
бірауыздан айтып, жастарға адаспай дұрыс дінді ұстану, ұлттық
қауіпсіздігімізге нұқсан келетін теріс іс-әрекеттерге бармауға шақырды.
Облыстық прокуратура қызметкері Н.Сейтқалиев өз сөзінде 2008 жылы облыс
аумағында заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан Таблиғи Жамағат діни
тобының 12 мүшесі Тасқала, Казталов аудандарында құрықталып, олардың
барлығына да әкімшілік істер қозғалып, сот арқылы айыппұлдар салынып, облыс
аумағынан шеттетілгендері жайлы айта отырып, прокуратура тарапынан қазіргі
кезде діни бірлестіктер мен теріс діни ағымдардың қызметтері тиісті
бақылауда екендігін жеткізді. Сонымен қатар, Ю.Сламихин тобының осы жылғы
жасаған қылмыстары ҚР Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен тексеріліп, содан
кейін сотқа жолданатынын жеткізді.
Діни істер бөлімінің бастамасымен облыстың өкіл имамы С.Сейтбеков
облыстық, қалалық газет тілшілеріне қазіргі кездегі облыстағы діни ахуалға
кері әсерін тигізіп отырған діни топтар туралы, олардың алға қойған
мақсаттары, жастардың не үшін теріс діни ағымдарға өтулері, аталған
бағыттарға ресми дін өкілдері тарапынан қандай қарсы іс-әрекеттер
ұйымдастырылып жатырғаны тұр-ғысынан сұхбат берді.
Әділет департаментінің діни істері жөніндегі бөлімі облыстық ішкі саясат
басқармасымен және ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы С.Сейтбековпен бір-лесе
отырып, Орал қаласындағы жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орын-дары
студенттері арасында Діни құндылықтарды саяси экстремистік мүдделерге
пайдалауға жол бермеу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізіп,
студент жастарға ҰҚК бастамасымен түсірілген Покаяние деректі бейне
фильмі көрсетілді. Аталған фильмді көріп жат діни ағымдарға адасып кірген
бірнеше студент жастар өздерінің ата-аналарынан кешірім сұрап, облыс
имамына ата-аналарымен бірге келіп жолығып, дәстүрлі исламға бет бұрып,
қолдауда.
Ағымдағы жылдың 16-19 ақпан күндері аралығында діни істер жөніндегі
бөлімнің бас маманы Испанов Е.Т. облыстың өкіл имамы С.Сейтбеков және об-
лыстық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Ж.Ихсановамен бірге Сырым
ауданының орталығы Жымпиты ауылының және Тоғанас, Жосалы, Бұлдырты ауылдық
округтері және Қаратөбе ауданының Қоскөл, Егіндікөл ауылдық округ-терінің
халқымен Облыстағы діни ахуал және діни экстремизмнің алдын алу
тақырыбында кездесулер ұйымдастырылды. Жоғарыда көрсетілген үгіт-насихат
топ мүшелері жергілікті халықпен кездеспестен бұрын Сырым ауданының әкімі
Е.Нысанғалиевпен кездесу өткізіліп, Сырым ауданы жастарының басым көпші-
лігінің исламдық теріс діни ағымдардың белсенді мүшелері атанып неше түрлі
қылмыстық әрекеттермен айналысуы жайында, сонымен қатар, аудандағы мем-
лекеттік қызметкерлердің арасында да теріс діни бағытты ұстанатындар
жөнінде ақпараттар берілді.
Содан кейін аудандық мәдениет үйінің ғимаратында жергілікті халықпен
кездесу өткізіліп, Покаяние деректі фильмі көрсетілді және дін
тақырыбында толғандырып жүрген көптеген сұрақтарына үгіт-насихат тобының
мүшелері тара-пынан нақты жауаптар қайтарылды. Сонымен қатар, жоғарыда
аталған іс-шара Тоғанас, Жосалы, Бұлдырты ауылдық округтерінде жалғасын
тауып, ауылдың жергілікті халқына теріс діни бағыттар, олардың алдап-арбау
арқылы қатарларын жаңадан дінге бет бұрған адасқан жастармен толықтырып
жатырғандары діни істер жөніндегі бөлімнің бас маманы Е.Т. Испановтың
тарапынан нақты мысал-дармен келтірілді.
2009 жылдың 24 ақпаны күні діни істер жөніндегі бөлім облыстық ішкі
саясат басқармасымен бірлесе отырып, Орал қаласында орналасқан барлық жоғар-
ғы және орта арнаулы оқу орындарындағы діни бағытта жүрген барлық студент
жастарды БҚИТУ ғимаратының акт залына жинап, олардың алдында дін тақыры-
бында, яғни дәстүрлі исламның шығу тарихы, қазақстандық жастардың діни
білім-дерінің тайыздығынан кері діни ағымдарға өтулерінің зардабы, жастарды
дәстүрлі исламды қолдауға шақырып облыстың өкіл имамы С.Сейтбеков және
Оңтүстік Қазақстан облысынан келген ұстаз-теолог А.Қуанышбаев дәріс оқыды.
Аталған кездесуде көптеген жастар өздерін толғандырып жүрген діни тұрғыдағы
сұрақ-тарына тиісті жауаптар алып тарқасты.
Осындай іс-шара сол күні кешкі құтпан намазы кезінде жалғасын тауып,
намазға жиналған жамағат алдына ұстаз-теолог А.Қуанышбаев шығып, Имам
Ағзам Абу Ханифа мазхабы жайында дәріс оқыды. Аталған шараға салафилік
бағыттағы Сәлімгерей, Абдусамих, Абдулхамид, Әли, Солих сияқты белсенділері
де тартылды және олардың тарапынан қойылған сұрақтарға А.Қуанышбаев Құран,
хадис, аяттардан мысалдар келтіре отырып, нақты жауаптар қайтарды.
Жоғарыда өткізілген іс-шаралардың барлығы да Батыс Қазақстан облысы
халқына нақты түрде дұрыс және уақытында облыстың барлық бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы баспа беттерінде мақалалар, сұхбаттар жарияланды, облыстық
телеарналардан қазақ және орыс тілдерінде өткізілген алдын алу шаралары жер-
гілікті халықтың назарына ұсынылды. Құқық қорғау және мемлекеттік органдар
тарапынан өткізілген барлық іс-шаралар жергілікті халық арасында үлкен
талқы-лауға түсіп, теріс діни ағымдарға қарсы жасалып жатырған барлық
шаралар тиісті қолдауға ие болуда. Сонымен қатар, көптеген теріс діни
ағымдарға адасып кірген жастар жиһадтық іс-әрекеттердің тыныштық орнаған
елімізге керек еместігін өздерінің арасында талқылауда және тиісті
қорытындысын беруде.
Осы өткізілген жалпы алдын алу шарасының нақты нәтижелері және көп-
шілікке тигізген әсері діни істер жөніндегі бөлім қызметкері арқылы
бақыланып облыс тұрғындары арасында оң ықпалға жеткендігі анықталды.
Діни секталардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?
Басқа елдерден келген діни конфессиялардың Қазақстанға үгіт-насихат
жұмыстарын жасаудағы мақсаты не? Қазақстандағы ұлттарға қажеті бар ма?
Олардың іс-әрекеттері мемлекеттің заңдарына қайшы емес пе? Жастардың
болашағына, мемлекеттің қауіпсіздігіне, саяси тұрақтылығына нұқсан
келтірмей ме?
Міне, осындай сұрақтар кез-келген азаматтың, елдің қамын, болашағын,
мемлекеттің тұтастығын, ынтымақтастығын ойлаған саналы тұлғаның ой
толғандыратын мәселесі. Кез-келген партиясының, саяси ұйымның, діни ұйымдар
мен бірлестіктердің, конфессиялардың белгілі бір мүддесі болады. Шартты
түрде діни секталардың іс-әрекеттерін екі түрге бөлуге болады: 1. Санаға
шабуыл жасауды мақсат ететін діни секталар; 2. Белгілі бір мүдде үшін
әрекет ететін діни секталар. Діни ұйымдардың үгіт насихаттар жасап,
жастарды өз арбауына, шырмауына түсіріп, санасын улауы, отбасының бұзылуына
әкеп соқтырады. Бұл халықты араздастыру мен арандату болмағанда не?
Екіншіден, кейбір діни секталар мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына
нұқсан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни қатынас мәселесіндегі мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің бейімділігі
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Құқық және заң анықтамалары
Мемлекеттің түсінігі мен белгілері
Ресейдегі мемлекеттік-шіркеулік қатынастардың даму және құрылу үдерісін талдау
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары
Жергілікті билік органдары
Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі
Қазақстан халқы ассамблеясының стратегиясы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қысқаша тарихы
Пәндер