Windows объектілері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
№8 дәріс . WINDOWS ОБЪЕКТІЛЕРІ
7. 1. Файлдар
7. 2. Бумалар
7. 3. Жарлықтар
7. 4. Себет
7. 1. ФАЙЛДАР
Файл - бұл жеке аты бар байттар тізбегі. Файл бағдарлама немесе құжат болуы мүмкін. Windows-те бағдарламаның басқаша атауы да қолданылады - қосымша.
Құжат бағдарламаға бағынышты, ол бағдарламаны өңдеу үшін объекті немесе бағдарлама өңделгендегі нәтиже ретінде қызмет етеді.
Әрбір файлдың жеке аты болады. Файл аты екі бөліктен тұрады, оң жақ және сол жақ және екі бөлік арасын нүкте бөліп тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Ал сол жақ бөлігінің ұзындығы 1-ден 255 символ аралығында бола алады және пайдаланушыға құжат тағайындамасын анықтайды. Файл атында келесі символдарды пайдалануға болмайды: \ ? : * " < > .
Компьютер файлдың бағдарлама немесе құжат екенін оның типіне қарап анықтайды. Егер файл типінде . exe немесе . com тұрса, онда ол бағдарлама. Ал қалған типті файлдарды компьютер құжат деп анықтайды. "Құжат" ретінде анықталатын негізгі файлдардың кеңейтілуі:
. bmp - Paint графикалық қосымшасының суреті.
. doc - Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаты.
. txt - Блокнот қосымшасының құжаты.
. wav - Дыбыстық фонограф.
. avi - Видео-клип.
. xls - Excel кестелік процессорының құжаты.
. ppt - PowerPoint қосымшасының презентациясы.
1-сурет. Менің құжаттарым бумасындағы файлдар.
7. 2. БУМАЛАР
Бумалар жүйелік және жұмыс бумалары болып екіге бөлінеді. Windows жүйесінің объектілері жүйелік бумаларда сақталады. Жүйелік бумаларға жасалған қандай да бір өзгертулер жүйенің дұрыс жұмыс істемеуіне немесе тоқтап қалуына әкеліп соқтырады. Жүйелік бумаларға Windows және Program Files, сонымен бірге бағдарламалардың өздері құратын бумалар жатады.
Ал жұмыс бумаларына өзіңіз құрған немесе Windows-те сіз үшін құрылған бумалар жатады, мысалы, Менің құжаттарым бумасы.
Windows бумалар иерархиясының ең бастапқысы Жұмыс столы бумасы болып табылады. Бұл бума барлық қалған бумалардың аналық бумасы болып табылады және оның ерекше қасиеттері бар. Жұмыс столы барлық терезе астында орналасады және барлық терезе белгіге айналғанда толық көрінеді.
Жұмыс столы бумасына Менің компьютерім және Себет бумасы салынған.
1-сурет.
Өз кезегінде Менің компьютерім бумасының өзінде бірнеше бумалар: A:, C:, D: дискілерінің белгілерінен және екі жүйелік бума Басқару панелі және Принтерлер бар. Ал дискілерде басқа бумалар, файлдар, жарлықтар орналасады.
7. 3. ЖАРЛЫҚТАР
Жұмыс үстелінде объектілер белгілер түрінде берілген. Белгінің бір түрі - жарлық. Олар сол бұрышында қара түсті көрсеткіш тілі бар белгі түрінде бейнеленеді. Егер белгілер объектілердің өзін сипаттаса, жарлықтар объект бейнесін сипаттайды. Жарлық қандай да бір объектіге сілтеме, осы объектінің орнын көрсететін оның қайтарма (қосымша) бейнесі. Жарлық бағдарламаны немесе құжатты іске қосуды тездету қызметін атқарады. Объект буманың бағыныштылық құрылым иерархиясының төменгі деңгейлерінде орналасса, онда жоғары деңгейде орналасқан жарлықты қолданған тиімді. Жарлық көлемі 1 Кбайттық файлда сақталады.
7. 4. СЕБЕТ
Windows-де өшірілген объектілер автоматты түрде ерекше бумаға - Себетке орналасады.
Себеттегі объекті оны Себеттен өшіргенге дейін немесе қайта қалпына келтіргенге дейін сақталады.
Себет құрылымы үнсіз келісім бойынша кесте түрінде шығады, ондағы бағаналарда әр объектінің қай бумадан және қашан өшірілгендігі туралы мәліметтер көрсетіледі.
Себеттегі объектілерді бастапқыда қай бумадан өшірілсе, сол бумаға қайта қалпына келтіруге немесе басқа бумаға орналастыруға болады.
Дискеттен өшірілген объектілер Себетке орналаспай бірден жойылатынын есте сақтау қажет. Мұндай объектілерді өшіру барысында Windows өшіруді растауды талап етеді.
Сурет1. Объектілерді өшіру.
Бақылау сұрақтары:
- Файл деген не?
- Жарлық не үшін керек?
- Жаңа бума құрудың бірнеше тәсілдерін ата?
- Себеттің атқаратын қызметі?
№9 дәріс . АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ
8. 1 Вирусқа қарсы құралдар
8. 2 Вирусқа қарсы бағдарламалар
- DSAV антивирустық пакеті.
8. 1 Вирусқа қарсы құралдар
Компьютерлік вирустардың әртүрлі типтері бар: жүктелетін, файлдық, макровирустар және желілік.
Жүктелетін вирустар дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын зақымдайды. Жүктелетін вирустармен зақымдалған жүйені қайта қосқанда басқаруды операциялық жүйенің жүктеуші бағдарламалық кодына емес, вирус кодына береді.
Файлдық вирустар өзінің көбеюі үшін операциялық жүйенің файлдық жүйесін пайдаланады. Файлдық вирустар әртүрлі форматтағы (EXE, COM, BAT, SYS және т. б. ) орындалушы файлдарды зақымдайды.
Барлық жүктелетін және файлдық вирустар резидентт і, яғни компьютердің оперативті жадында орналасады және пайдаланушының жұмыс істеу процесінде қауіпті жағдайлар (дискеттегі мәліметтерді өшіріп тастау, аттарын және басқа да атрибуттарын өзгерту және т. б. ) тудырады. Резиденттік вирустардан емдеу қиын, зақымдалған файлдарды дискіден өшіргенмен олар компьютердің оперативті жадында қалып қояды және файлдарды қайта зақымдауы мүмкін.
Макро-вирустар мәліметтерді өңдеуге арналған жүйелерге (мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер және т. б. ) орнатылған тілдерде жазылған бағдарламалар болады. Өзінің көбеюінде мұндай вирустар макро-тілдер мүмкіндіктерін қолданады және олардың көмегімен зақымдалған файлдың (құжаттың немесе кестенің) біреуінен басқаларына көшеді. Макро-вирустар көбінесе Visual Basic for Application тілінің мүмкіндіктерін қолданатын Microsoft Office-те кең таралды.
Пайдаланушы құжатпен жұмыс істеу барысында әртүрлі әрекеттер орындайды: құжатты ашады, сақтайды, баспаға шығарады, жабады және т. б. Мұндай кезде қосымшалар сәйкес келетін стандартты макростарды іздейді және орындайды. Макро-вирустар стандартты макростардан тұрады, олардың орнына шақырылады және әр ашылған және сақталынған құжаттарды зақымдайды. Макро-вирустардың жағымсыз әрекеті түзілген макростар (мәтіндерді орналастыру, меню қосымшасының орындалуына тиым салу және т. б. ) көмегімен таралады.
Макро-вирустар шектелген резидентті болып табылады, яғни олар оперативті жадыда болады және құжаттарды қосымша ашық тұрғанда зақымдайды. Сондай-ақ, макро-вирустар құжат шаблондарын зақымдайды және сол себепті зақымдалған қосымша жүктелуінде-ақ іске қосылады.
Желілік вирустар жергілікті және ауқымды желі хаттамаларын пайдалану барысында таралады. Желілік вирустардың негізгі жұмыс принципі - өз кодын алыста орналасқан компьютерге беріп, тасымалдай алуы.
8. 2 Вирусқа қарсы бағдарламалар
Вирустардан қорғау және зақымдалған компьютерлерді емдеу үшін антивирустық бағдарламалар қолданылады, оларды әрекеттеріне қарай блоктаушы, ревизорлар және полифагтар деп бөлуге болады.
Вирусқа қарсы блоктаушылар - "вирусты-қауіпті" жағдайларды қармап және ол туралы пайдаланушыға хабар жеткізетін резиденттік бағдарламалар. Мысалы, дискінің жүктеу секторына жазылған жазба "вирусті-қауіпті" болып табылады, оларды BIOS Setup бағдарламасы арқылы тоқтатуға болады.
Ревизорлар. Ревизорлардың жұмыс істеу принципі дискіде сақталған файлдардың бақылау қосындыларын есептеуге негізделген. Бұл қосынды, сонымен бірге бұдан да басқа ақпараттар (файл ұзындығы, олардың соңғы өзгертілген уақыты және т. б. ) вирусқа қарсы құралдың мәліметтер қорында сақталады. Келесі жүктеген кезде ревизорлар соңғы санаған мәндермен мәліметтер қорындағы мәндерді салыстырады. Егер мәліметтер қорындағы файл туралы мәлімет қазіргі уақыттағы мәнге сәйкес келмесе, онда ревизор файлдың өзгертілгендігі немесе вируспен зақымдалғаны туралы белгі береді.
Полифагтар . Полифагтардың жұмыс істеу принципі файлдарды, секторларды және жүйелік жадыны және олардағы белгісіз және жаңа (полифагқа белгісіз) вирустарды тексеруге негізделген. Белгілі вирустарды іздеу үшін вирустардың маскасы (әрбір вирусқа тән, тұрақты програмалар кодының тізбегі) қолданылады.
Сонымен бірге көптеген полифагтарда эвристикалық сканерлеу алгоритмі қолданылады, яғни тексерілетін объекттің командалар тізбегін, кейбір статистикалық мәліметерді талдап, әр объект үшін шешім (зақымдалған ба, жоқ па) қабылдайды.
Полифаг-мониторлар барлық уақытта компьютердің оперативті жадында орналасады да, барлық файлдарды осы уақыт режимінде тексереді. Полифаг-сканерлер жүйені қолданушының командасынан кейін ғана тексереді.
- DSAV антивирустық пакеті.
«Диалог Наука» ЖАҚ компаниясының DSAV (Dialog Science Anti Virus) -бұл Doctor Web, Adinf, Adinf Cure Module бағдарламаларынан тұратын және тегін Aidstest-ті тарататың комплек. Бұл бағдарламалардың барлығы бір-бірімен байланысқан және бір-бірін толықтырып, антивирустық қорғауды қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz