Электронды оқулық құрамына қойылатын талаптар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.

Ақпараттық-комуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Оқу-ағарту жұмысына келетін болсақ, оқытудың компьютерлік технологиясы информатика пәніне негізделген және компьютер көмегімен іске асырылатын оқу технологиясына негізделген. Оқу-білім ордаларында заманның ағымына байланысты білім беру әдісі де өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді. Мысалға алсақ, бірнеше жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі кезде мектептерде интерактивті тақталар, мультимедиа кабинеттері орнатылған. Ақпараттық-комуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » атты жолдауында : «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында : « Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр » делінген, сондай - ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында « Он - лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет » деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаhандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр -ақпараттандыру ғасыры » деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Электрондық оқулық - деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.

1. Қолдану аясы - ҚР мемлекеттік стандарты электронды оқулықтың жалпы талаптарын, құрылымын, мазмұнын, безендіруді анықтайды.

2. Электронды оқулық құрамына қойылатын талаптар:

Электронды оқулық құрамында болуы керек: титулдық бет, мазмұны, утилиттер, көмекші және құжаттама.

  1. Титулдық бетте- электронды оқулықтың мәліметтері орналасады. Мекеменің аты және пәннің аты.
  2. Мазмұнында-электронды оқулықтың мақсаттары мен мәселелеріне сәйкес келетін және қорытынды бақылау жұмысы жүргізілетін оқу материялдарының барлық көлемі болу керек. Оқу материялының мәтінінде ғылыми терминалогия қолданылу керек және толық, нақты, анық болуы керек.
  3. Көмекші-электронды оқулық жұмысын басқару бойынша ақпарат болу керек.

Ағылшын тілі пәнінен «Елтану» тарауы бойынша электронды оқулықты жасауымның басты мақсаты .

Әлемдегі ақпараттық технология қалай дамыса, онымен қоса дамитын, қалыспайтын дүние бар. Яғни, ол халықаралық қарым-қатынас тілі. Қазіргі кездегі кең етек жайып жатқан қарым -қатынас тілі - ағылшын тілі болып табылады. 50 бәсекелестікке қабілетті елдің қатарына қосылу үшін біздің жастар жан жақты болу керек. Елде бірнеше жылдар бойы ағылшын тілі жеке пән ретінде оқылады. Сондықтан оқулықты жасауымның басты мақсаты - ағылшын тілінің маңыздылығын ескере отырып, қолданушыларды әлемдегі осы тілді меңгеретін елдермен таныстыру болып табылады.

І Бөлім. Ағылшын тілі пәнінен «Елтану» тарауы бойынша жасалған электронды оқулыққа сипаттама

1. 1. Электронды оқулықа түсініктеме

Электронды оқулық - бұл бағдарламалы-әдістемелік комплекс, компьютердің көмегімен өз бетімен немесе оқытушымен оқу курсын не оның үлкен бөлігін оқып игеруге мүмкіндік береді.

Электронды оқулық немесе курс әдетте үш компоненттен тұрады: тұсаукесерлік құрылымы, онда курстың негізгі информациялық бөлігі беріледі; жаттығулар, алынған білімді бекітуге бағытталған; тестілер, оқушының білімін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Оқыту бағдарламалары түрлі пәндерді оқыту процесінде қолданылады- сурет салудан бастап химияға дейін.

Оқыту бағдарламалары жағымды педагогикалық әдістерге негізделген болуы қажет, пәннің және оқылатын тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін ескеруі тиіс, барынша оқытушының көптеген функцияларын орындауы қажет.

Оқыту бағдарламаларын құру - өте қиын да еңбекті қажет ететін жұмыс. Сонымен бірге оқыту бағдарламаларын және арнайы солар үшін құрылған оқулықтарды қатар қолданған тиімді.

Оқулықтар, егер көлемі өте үлкен жадыны алатын сыртқы көтергіште CD-ROM типті болса, оларды электронды бақылағыштармен жабдықтау тиімді, олар оқушыға қажет болған жағдайда нақтылы оқу бөлімінің қайсысын оқып шыққандығы туралы мәліметті шығарып бере алады, және тақырыппен танысу барысында қалып қойған жерлерін де көрсетеді.

Әдетте, электронды оқулықтар мен энциклопедияларды, әуесқойлық және кәсіптік сипаттағы, көбінесе компакт-дискілерде шығарады, бірақ сол сияқты басылымдар Интернетте де пайда бола бастады. Құру процесі жеңіл болса, осыған ұқсас қосымшаларды шығарушылар саны да артады. Электрондық басылымдарды құрушылар ретінде кітап баспаханалары да бар (яғни ақпарат иелері) және журналистер, периодты басылымдардың электрондық версияларын шығарады, ақырында оқытушылар да бар. Аралық ортада ақпарат иелері мен бағдарламашыларды біріктіретін топ бар.

Оқыту бағдарламасын құру барысында қазіргі информациялық технологиялар ұсынатын барлық технологиялық құралдар арсеналын қолдану өте маңызды.
Электронды оқулық жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.

Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Программа құрушы мынандай жағдайларды ескеруі керек:

- оқу құралының мазмұны мен құрылымына сәйкес оны пайдаланушы мұғалімге материалдарды аздап түзету-толықтыру мүмкіндіктерін беру;

-оқу құралының кейбір бөліктерін өзгерткенде (толықтырғанда) тұтынушы интерфейсінің өзгеріссіз күйде сақталуы.

Электронды оқулықтың нәтижелілігі мынада:

  • тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді (интерактивті қасиеті)
  • қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді.
  • Гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады.
  • әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.

Электронды оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға болады:

  • теориялық материалды өз бетімен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
  • сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауда көмектеседі;
  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген;
  • Емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдаланылады.

Электронды оқулықтарды қолдану мүмкіндігі өте зор: компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану өздігінен білімін жетілдіруде тиімді, дистанционды оқытуда да; арнайы білім алуға талпынған адамдар үшін де ұсынылады.

Кең мүмкіндікті және жоғары «интеллекті» жаңа буындағы дербес компьютерлердің шығуы бағдарламалық оқу құралдарын құру мақсаттарын қайта қарауға жетеледі, олардың негізгі мақсаты кез-келген бір салада ақпараттар алу және білімді қалыптастыру, дағдылары мен шеберлігін бекіту, бақылау мен тестілеу.

Оқу процесіне компьютерлік технологияларды енгізу келесі істерге мүмкіндік береді:

  1. белгілі бір пән бойынша оқу курсын толық компьютерде өткізуге (лекцияларды, практикалық сабақтарды және материалды ұққандығын бақылауды қоса) ;
  2. студентті қажетті кітаптарды іздеу мен сатып алу процедураларынан құтқарады;
  3. лекция материалдарын тиімді қолдануға, берілген пән бойынша компьютерлік жүйе арқылы пайда болатын жаңа ақпараттарды ескере отырып қолдануға;
  4. әрбір тақырып бойынша жүйелі түрде студентті тестілеу нәтижелерінің анализі арқылы материалды беру тәсілдерін жетілдіру;
  5. студенттерге лекциондық материал мен практикалық жұмыстарды үйде орындауларына жағдай жасау.

Осылайша, компьютерлік технологияларды енгізу оқыту сапасын арттырады және оқытушының еңбегін жеңілдетеді, сол себепті оған өзінің білім деңгейін арттыруына жағдай туғызады.

1. 2. Электронды оқулықтың қасиеттері

Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері:

●Жинақтылық

●Жүйелілік

●Эстетикалық көркемділігі

●Жылдамдылығы және т. б.

Электронды оқулықтың құрылымы:

1. Материалдың мәтін, сурет, график, кескін, кесте және т. б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.

2. Материалдың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.

3. Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұратар мен тапсырмалар беріледі.

Электронды оқулықтың құрылымдық элементтері:

■Сыртқы беті;

■Титулдық экран;

■Мазмұны;

■Аннотация;

■Оқу материалының толық баяндалуы;

■Оқу материалының қысқаша мазмұны;

■Қосымша әдебиеттер;

■Өзіндік білімді тексеру жүйесі;

■Авторлар тізімі;

■Терминдік сөздер;

■Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;

■Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.

1. 3. Ағылшын тілі пәнінен «Елтану» тарауы бойынша құрылған электронды оқулықтың маңыздылығы

Ағылшын тілі қазіргі таңда әлемде халықтар арасындағы қарым-қатынас тілі болып табылады. Ағылшын тілінің деңгейі өсуде. Кез келген дамыған және даму жолындағы мемлекеттер осы тілді игереді. Сондықтан біздің елімзде де бірнеше жылдар бойы оқу ордаларына ағылшын тілі пән болып енгізілді. Сол сәттен мен ағылшын тілін сүйіп оқыдым. Әрине, содан бастап менің Ұлы Британия, АҚШ елдеріне деген қызығушылығым оянды. Сабақта елдерді меңгеруге сағат бөлінгенмен ол елдер жайлы тереңірек білгім келді. Мысалы, олардың дәстүрі, мәдениеті, қалалары, ескерткіштері, өмір сүру жағдайы жайлы мәліметтерді білгім келді. Ал бұл электронды оқулықта сіз кеңінен елдерді меңгере аласыз. Бұл бағдарлама оқушылар үшін, жалпы тілді меңгеріп жүрген тұлғаларды жаңа ақпараттармен қаматамасыз ете алады.

1. 4. «Елтану» тарауы бойынша электронды оқулықтың құрылымы.

Бұл электронды оқулық тапсырмалармен, тестілермен, жаңа терминдермен, видое-клиптермен, жаңа ақпаратпен қамтылған.

Бір екі жыл бұрын шығарылған электронды оқулықтарға қарағанда бұл оқулықты жасау барысында тапсырмалармен қамтуға тырыстым. Себебі адам жаңа ақпаратты есте сақтау үшін оны тек оқымай, практика жүзінде қолданса, материал жақсы ойда сақталады. Және жалықпау үшін ол тапсырмаларды барынша қызықты қылуға ұмтылдым. Тапсырмаларды жасау барысында суреттер, дыбыстар қолданылды.

Тестер жалпы адамның оқу барысында меңгерген жаңа материалын қаншалықты білетінін, есте сақтау қабілетін көрсетеді. Бұл электронды оқулықтағы тестілер әр тарауға жеке жасалған. Яғни әр мемлекетке бір тестен болады. Оқушы тестен өту кезінде аты-жөнін енгізеді. Нәтижесінде бағасы, қанша жауабы дұрыс екені көрсетіледі. Бұл тестілердегі сұрақтар дәл осы жаңа материалдардан алынған. Сондықтан оқушы сабақты дұрыс меңгерсе, тестілерден де қиналмас.

Әр тарауда оқушы жаңа естімеген сөздерге немесе ұмытып қалған сөздерге кездесуі мүмкін. Осы кезде қиналмас үшін, арнайы жаңа сөздер атты бөлім бар. Бұл жерде оқушы сәйкес тарауды таңдап, жаңа сөздермен таныса алады. Бұл жаңа сөздер тек осы оқулықтан алынған.

Тараулардың әрбіреуінде видео-клиптер кезедеседі. Яғни оқыған сабағын бекіту үшін оның маңызы зор. Мұнда елдің табиғаты, қалалары, мемлекеттік рәміздері бейнеленген. Және осы сәтте оқушы біраз тыныға алады.

Жаңа материалдар осы тілді игеретін елдерге тоқталған.

Ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің қатарына Ұлы Британия, АҚШ, Жаңа Зеландия, Австралия, Канада және тағы басқа елдер жатады.

Ұлы Британияның Біріккен Корольдігі елдерінің қатарына : Англия, Уэльс, Шотландия және солтүстік Ирландия жатады. Бұл мемлекеттер Еуропа материгінде орналасқан.

Англия - Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан. Англия 1707 жылдың 1 мамырынан бастап жеке мемлекет болып саналды. Англияның астанасы және ең ірі қаласы - Лондон. Англия әлемдегі мәдениетті және дамыған елдердің қатарына жатады. Бұл ел ағылшын тілінің, ағылшын шіркеуінің, ағылшын заңының пайда болған ортасы. Англия елі экономикасы жағынан Еуропада екінші орын алса, әлем бойынша бесінші орында. Англия химиялық және фармацевтикалық сектор бойынша, ғылыми-техникалық индустрия бойынша, әскери өндіріс бойынша, бағдарламалық қаматамасыздандыру өндірісі бойынша, ғаламды зерттеу бойынша әлемге әйгілі мемлекет.

Уэльс - Еуропаның солтүстік-батысындағы мемлекет. Бұл ел Ұлы Британияның оңтүстік-батысында орналасқан. Уэльс әлемдегі ең үлкен князьдік болып саналады.

Солтүстік Ирландия Ұлы Британияның солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Оның 6 - дан бір бөлігі Олстэр ауданы құрайды. Оның астанасы - Белфаст.

Шотландия - Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Эдинбуг - Шотландияның астанасы, әрі ең ірі қаласы және Еуропаның қаржы орталықтарының бірі болып саналады.

Америка Құрама Штаттары - федералды конституциялы республика. Ол 50 штаттан құралған. Бұл ел Ұлы Британияның 13 колониясының, Атлант мұхиты жағалауына орналасуы негізінде қаланды. АҚШ астанасы - Вашингтон болса, ең ірі қаласы - Нью Йорк.

Австралия - оңтүстік жарты шарда орналасқан мемлекет. Оның көршілес мемлекеттері Индонезия, Папуа Жаңа Гвинея, Соломон аралдары, Жаңа Каледония, Жаңа Зеландия. Елизавета ІІ Австарлия мемлекетінің де патшайымы болып саналады.

Канада - территориясы бойынша әлемдегі екінші ірі мемлекет болып саналады. Канаданың астанасы - Оттава, ірі қаласы -Торонто. Канаданы көптеген мыңжылдықтар бойы өзінің байырғы тұрғындары мекендесе, 15 ғасырдан бастап ағылшын, француз экспедициялары қоныс аудара бастады.

Қазіргі таңда Канада табиғи ресурстарға бай және экономикасы тұрақты мемлекет.

Жаңа Зеландия - Тынық мұхиттың оңтүстік батысында орналасқан, екі үлкен аралдардан (Солтүстік арал, Оңтүстік арал) және кіші Стюарт, Чатем арардарынан тұратын мемлекет. Маори тілінде Жаңа Зеландия Аотеорра деп аталады. Яғни «Ақ бұлттың жері» деп аударылады. Халықтың көпшілігі еуропалықтар мен байырғы халық. Жаңа Зеландия әлемдегі мемлекет тізгінін әйел адамдар ұстайтын бірден бір мемлекет.

Қазақстан - Орта Азияда орналасқан мемлекет. Астанасы - Астана. Қазақстан Республикасы - демократиялы, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет. Және оның басты байлығы - адам мен оның бостандығы, құқығы. Қазақстанның көршілес мемлекеттері - Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай және т. б. Ірі көлдері Каспий теңізі мен Арал теңізі, Балқаш көлі. Қазақстан 14 облысқа бөлінеді. Және оның ең ірісі - Қарағанды қаласы. Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі болып табылады. Экономикасына келетін болсақ, түрлі -түсті металдар, уран, мұнай өндіреді. Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге. Бұл мемлекеттің тарихы терең әрі күрделі. Мемлекет басшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстанның халқыны саны 14, 5 миллион.

ІІ-Бөлім. Электронды оқулықты жасау барысында қолданылған бағдарлама

2. 1. Delphi - туралы жалпы мағлұмат

Delphi - бұл Object Pascal сияқты керемет программалау тілі . Pascal тілі 1990 жылы шықты, ол сол кезде жетінші сериясын шығаруда болды. Сол кезде визуалды программалау және программа құру, сонымен бірге тез Windows жүйесі тарады. Сондықтан жетінші сериядан соң программистерге Pascal-дың сегізінші сериясын шығарған жоқ, бірақ Delphi дікі бірінші шығарды. Проект осы атпен 1993 жылы шықты, ал 1995 жылы сатуға Borland Delphi-дің бірінші версиясы шығарылды.

Неге осы атпен проект шыққан екен. Бәрі жай «Егер сіз Оракулмен сөйлескіңіз келсе, онда Делфиге барыныз» деген. Бұл, әрине, мәліметтер базасына баруға көмек, ол Oracle және Грецияда Дельфи деген қала бар, онда мифологиялық Оракул болған.

Неге Delphi де программа құру өте қолайлы? Delphi-ді басқа программалау жүйелерімен салыстырайық - Visual Basic және C++.

Егер Delphi-ді, мысалы C++ салыстырсақ, онда біздің көретініміз Delphi-да программа жазу тез және ыңғайлы.

Delphi-ді Visual Basic-пен салыстырсақ, онда көретініміз Visual Basic-те жазылған программалар аз орын алады, бірақ оның жұмыс істеуіне қосымша файлдар (DLL кітапханасы) қажет. Сол үшін жай программаның өзі 2 Мбайт орын алады.

1995 жылы шыққан Borland Delphi 1. 0 революция болды, Pascal-дың жетінші версиясынан кейін шықты. Егер оны Delphi-дің алдынғы версияларымен салыстырсақ, онда Delphi 1 мүмкіндіктері бүгінгі күнде өте ыңғайсыз.

Borland компаниясы жылдан жылға Delphi-дің жаңа версиясын шығаруда. Windows 95 жаңа операциялық жүйесінің пайда болуында Delphi 2 шығарылды, онда оның мүмкіндіктері және стандартты жаңа операциялық жүйесі ескерілді.

Delphi-дің бірінші версиясы екінші версиядан айырмашылығы 32 разрядты және жаңа компонеттерді қолдайды, олар Windows 95 стилінде орындалады. Егер программист барлық қазіргі заманғы технологияларды және жаңа компоненттерді қолданғысы келсе, Delphi дің соңғы версияларын пайдалана білуі керек.

1997 жылы Delphi-дің үшінші версиясы шығарылды. Delphi 3 бағдарламасы сол кезде кең дамып келе жатқан Интернет желісіне және клиент - серверлік технологиясына бағытталған. Delphi 3 - те мәліметтер базасында жаңа драйверлер және SQL шығарылды.

Delphi 4 - те динамикалық массивтер енгізілді, ол өте ыңғайлы, жақсартылған программа отладкасын, жаңа компонеттер және CORBA қолдайды.

Delphi 5 2000 жылы шығарылды, мәліметтер базасын және көп тілді қолдады. HTML беттерін құру үшін Internet Express жүйесі құрылды. Delphi 6 2001 жылы жарыққа шықты, өзімен бірге көптеген жаңа компонеттер алып келді, ол Интернетпен өте тығыз интегралданды.

Delphi 7 өзін программалық қамтамасыздандырумен ортасымен әзірлейді. Delphi жетінші версиясында Windows XP толығымен шықты. Delphi 2 сияқты жаңа компонеттер Windows 95 стилінде қосылды, алты жыл өткеннен кейін жаңа компонеттер жаңа операциялық жүйе стилінде құруға рұқсат береді.

Қазіргі кезде Delphi соңғы версиясы - сегізінші. Borland Delphi 8 NET Framework формасында құруға қолданылады.

2. 2. Объектілі бағытталған бағдарламауға түсінік (ОББ)

Бұл негізінде объект түсінігі көрсетілген бағдарламаларды әзірлеу әдісі. Объект - нақты дүниенің объектісіне, оның қылығына сәйкес келетін қандай да бір құрылым. ОББ әдісін қолданып есептер шешімі объект терминдарында және онымен орындалатын сипатталады, ал программа өзін объектілер жиыны және олар арасындағы байланыс ретінде ұсынады.

Класстар

Класс - бұл мәліметтерді сипаттаудан басқа класс мүшесі - объектпен орындалуы мүмкіндігін процедуралар және функциялар сипаттамаларын кірістіретін күрделі құрылым. Жалпы хабарлануы:

Type

TPerson=class

Private

fname : string[15] ;

fadress : string[35] ;

pnblic

procedure show;

end;

Класс мәліметтері алаңдар, процедуралар және функциялар әдістер деп аталады. Яғни TPerson= класс, fname және fadress- алаңдар, ал show - әдіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды оқу басылымдарына қойылатын дидактикалық талаптар
Электронды оқулық құрылымы
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Электронды оқулықты пайдалану
Электрондық оқулықтың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар
Электронды оқулық жасау технологиялары. Кәсіптік шетел тілі пәні бойынша электрондық оқулық жасау және оны қолдану әдістері
Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары
Электронды оқулықтарды құру технологиясы
Оқу үрдісінде қолдануға арналған электронды оқу құралдары
Сайтқа қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz