Windows операциялық жүйесінде Win32API функцияларын пайдаланып Assembler тілінде бағдарламалау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БIЛIМ МИНИСТРЛIГI

Қ. И. Сәтбаев атындағы

Қазақ Ұлттық Техникалық Университетi

Есептеу техника кафедрасы

Баяндама

Тақырыбы: Windows операциялық жүйесінде

Win32API функцияларын пайдаланып

Assembler тілінде бағдарламалау

Жетекшілер: Қонаева

Тирижанова

Орындағандар: Майлыбаев Е. Қ.

Сарыбаев Р. М.

Тобы: ОТЗ-01-1қ

АЛМАТЫ 2004

МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе . . . 3
  2. Негізгі бөлім . . . 4Windows операциялық жүйесінде Assembler тілін қолданып

бағдарламалау . . . 4

  1. Терезе түрлері . . . 7
  2. Терезелер классы . . . 8

1. 3. 1 Терезе классының қолданатын ресурстарын сипаттау . . . 8

  1. Терезе функциясы . . . 9
  2. Терезе құру . . . 10

1. 4 Қосымшаның басты функциясы . . . 11

1. 5 Қосымша мәтінінің құрылымы . . . 13

1. 6 Терезе құрудың қосымша функциялары . . . 13

1. 7 Іздеу және терезе күйін анықтау . . . 13

1. 8 Терезелердің жылжу функциясы . . . 14

  1. Қолданушыға арналған қосымша мәлімет . . . 15

2 Win 32 API функцияларын пайдаланып Assembler тілінде

бағдарламалау . . . 16

  1. Мәліметтерді өңдеу терезесі . . . 16
  2. Диалогты терезе . . . 23

3 API функцияларын сипаттау . . . 33

Қорытынды . . . 37

Қолданылған әдебиет . . . 38

Кіріспе

Компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуы барысында компьютерлерге арналған түрлі бағдарламалық қамтамалардың да көбеюі жаңалық емес. Әрбір адамға ЭЕМ- де және оның құрылғыларында тиімді жұмыс істеу үшін бағдарламалау тілдерінің алатын орны ерекше болып есептеледі.

Бағдарламалау тілдерінің түрі көп. Олардың әрқайсы өзінің мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта ЭЕМ қолданушыларының көбісі жоғарғы деңгейлік бағдарламалау тілдерін таңдауда. Бұндай таңдаудың себебі түсінікті, өйткені бұл бағдарламалау тілдері жеңілдеу, жұмыс істеуге ыңғайлы және нәтижені еш қиындықсыз көруге болады.

Дегенмен біз өз баяндамамыздың негізгі мақсаты ретінде Windows операциялық жүйесіне арналған Assembler тілін таныстыруды көздедік. Assembler төменгі дәрежелі бағдарламалау тіліне жатады. Оның көптеген ерекшеліктерімен сіз жұмысты оқу барысында таныса аласыз.

Негізгі бөлім

1. 1 Windows операциялық жүйесінде Assembler тілін қолданып бағдарламалау.

Windows операциялық жүйесіне Си және басқа да бағдарламалау тілдері тұрғанда ассемблер не үшін қажет деген сұрақ туады. Бұл сұрақтың жауабы өте қарапайым. Ассемблер санашық тілі болып есептеледі, сол себепті санашықтар өмірде кең көлемде пайдаланылып жатқандықтан, ассемблерде өз “өмір сүруін” тоқтатпайды. Сонымен қатар ассемблер бағдарламалау тілінде бағдарламалар кодтарын іске қосуға, драйверлер мен трансляторлар жазуға, кейбір ішкі құрылғыларға бағдарламалар жазуға болады.

Ассемблер тілінде MS-DOS операциялық жүйесінде бағдарламалағанға қарақанда Windows операциялық жүйесінде бағдарламалаған жеңіл. Жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдерімен жұмыс істеу кезінде біз кейбір алгоритмдік үрдістерден айрыламыз. Шынына келгенде ассемблер тілінде бағдарламалау профессионалдық деңгейді жоғарылатып, санашықтың жұмыс істеуі мен ішкі құрылысын түсінуді жеңілдетеді.

Қазіргі уақытта бір- бірімен бақталас екі ассемблер дестелері бар. Олар: MASM (Macro Assembler) және TASM (Turbo Assembler) . Ассемблер тіліндегі бағдарламаларды іске қосу үшін MASM 6. 14 және TASM (TASM32. exe 5. 0, TLINK32. EXE 1. 6. 71) версияларын қолданған дұрыс. Бағдарламаны Windows операциялық жүйесінде трансляциялау төмендегі сұлба бойынша жүреді.

1- сурет. Ассемблерлік модульдің трансляциялану сұлбасы.

Трансляцияның 2- ші кезеңіне екі негізгі бағдарламалар сәйкес келеді. Олар: ML. EXE ассемблерімен LINK. EXE редакторы немесе TASM32. EXE және TLINK32. EXE.

Ассемблер бағдарламасының мәтіні бар файлдың аты PROG. ASM болсын, онда трансляциялаудың 2- і кезеңі келесі түрде болады.

C:\masm32\bin\ml/c/coffPROG. ASM

Осыдан кейін PROG. OBJ модулі пайда болады. Содан кейін

c:\masm32\bin\Link/ SUBSUSTEM: Windows PROG. OBJ әрекеті орындалады. Сол кезде PROG. EXE орындалу модулі құрылады. Бұл жерде /c және /coff ML. EXE бағдарламасының параметрлері, ал /SUBSYSTEM: Windows LINK. EXE бағдарламасының параметрлері болып табылады.

Ассемблерда бағдарламаны бірнеше бөліктерге бөліп, трансляцияның 1- ші кезеңінде қайтадан біріктірген ыңғайлы. Бұл INCLUDE дерективасы арқылы жүзеге асады. Мысалы бір файлда бағдарлама коды, ал тұрақтылар, мәліметтер, процедуралар басқа файлда болады.

Ендігі жерде басқа обьектілік модульдер мен кітапханаларды трансляцияның 2- ші кезеңіне қосуды қарастырайық. Қанша обьектілік модуль қосылса да, олардың ішінде біреуі негізгі болады, яғни бағдарлама осы модульден басталады. Модульдердің арасындағы айырмашылық осымен бітеді. Негізі қосалқы модульдерге негізгі модульден және басқа модульдерден шақырылатын процедуралар орналастырылады. Бірнеше модульдерді біріктіргенде бірінші болып негізгі модуль содан кейін қосалқы модульдер біріктірілуі керек.

Келесі қарастыратынымыз INVOKE дерективасы. Бұл қолайлы команда, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар.

Қолайлы жағы @N қоспасынан құтыламыз, 2- ші жағынан бұл команда стекке берілетін мәндерді өзі бақылайды.

PUSH Par1

PUSH Par2

PUSH Par3

PUSH Par4

Call Name_PROC@N; N- стекке жіберілетін байттар көлемі. Бұл өрнек INVOKE командасын қолданғанда келесідей түрге өзгереді.

INVOKE NAME_PROC, par4, par3, par2, par1

Бұл кезде параметрлер ретінде құрcым, анықталған мән немесе адрес қарастырылады. Адрес үшін OFFSET және ADDR операторларыда қолданылады.

INVOKE командасының тиімсіз жағы макродеректерді қолдану. Макродеректерді қолданғанда тілдің сұлулығы жоғалады және ассемблер тілін жаңадан үйреніп жүргендерге стекке мәндерді команда арқылы емес, өздері жіберіп үйренгені дұрыс.

Біздің 1- суретте обьектілік модульдерден басқа кітапханалар жайлы да айтылады. Егерде обьектілік модульдер бірнеше болса, онда олар белгілі бір жағдайларда қолайсыздық тудырады. Сол себепті обьектілік модульдер кітапханаларға бірігеді. MASM- ға кітапхана қосу үшін INCLUDELIB дерективасын қолданған ыңғайлы. INCLUDELIB дерективасы обьектілік кодта сақталады және LINK. EXE бағдарламасымен пайдаланылады.

Бірақ обьектілік модульдерден қалай кітапхана құрса болады? Ол үшін кітапханашы деп аталатын арнайы бағдарлама бар. Егер біз PROG2. OBJ модулінен тұратын LIB1. LIB кітапханасын құрғымыз келсе, төмендегі команданы орындаймыз.

LIB/OUT:LIB1. LIB PROG2. OBJ

Егер кітапханаға тағы бір модуль қосқымыз келсе (мысалы MODUL. OBJ) LIB1. LIB MODUL. OBJ командасын орындаймыз.

Кітапханашының тағы да екі пайдалы командалары LIB/LIST LIB1. LIB- кітапхана модульдерінің тізімін береді, LIB/REMOVE:MODUL. OBJ LIB1. LIB- кітапханадан MODUL. OBJ модулін жояды.

Жоғарыда біз тек MASM дестесін қарастырды, енді TASM дестесін қарастырып өтейік. TASM дестесінде трансляциялау форматы төмендегідей.

TASM32/ml PROG. ASM

TLINK32_aа PROG. OBJ

TASM дестесінде модульдарды біріктіру өте қарапайым түрде жүреді. Мысалы: TLINK32- аа PROG1. OBJ PROG2. OBJ кітапханасымен жұмыс істеу үшін TASM дестесінде TIB. EXE атты кітапханашы бағдарлама бар. PROG2. OBJ модулінен тұратын кітапхана құру үшін

TLIB LIB1. LIB+PROG2. OBJ командасы орындалады. Нәтижесінде LIB1. LIB кітапханасы құрылады.

TLINK32 - нің командалық қатарының кеңейтілген түрі мынандай: TLINK32- аа OBJFILES, EXEFILE, MAPFILE, LIBFILES.

Мұндағы OBJFILE- орындалатын модуль

MAPFILE- модуль құрылымы жайлы ақпарат беретін MAP- файл

LIBFILE- бір немесе бірнеше кітапхана (пробел арқылы)

TASM- да INVOKE дерективасы жоқ.

Ассемблерде басқа да бағдарламалар қолданылады. Мысала: редакторлар, дизассемблерлер, Hex- редакторлар, отладчиктар, ресурстар компиляторы, ресурстар редакторы. Енді жеке- жеке тоқталып өтейік.

Редакторлар: QEDITOR. EXE редакторы MASM32 дестесінің ішіне кіреді. Бұл редактор және оның утилиттары ассемблер тілінде жазылған. QEDITOR. EXE редакторының көлемі бар болғаны 27 Кб, ал оның утилитасының көлемі 6 Кб қана. Бұл редактор бір модульді, кішкене қосымшалар үшін қолайлы, ал бірнеше модульдермен жұмыс істеуге бұл редактор ыңғайлы емес. Редактор әртүрлі утилиттар мен дестелік файлдар арқылы байланысып жұмыс істейді. Мысалға, бағдарламаның трансляциясын ML. EXE ассемблері қолданатын ASBL. BAT дестелік файлы орындап, нәтижесін ASMBL. TXT мәтіндік файлына жібереді. Осы файлды қарау үшін THEGUN. EXE қарапайым утилитасы қолданылады. Орындалатын модульді дизассемблерлеу үшін DUMMPER. EXE утилитасы қолданылып, нәтижесі DIASM. TXT мәтіндік файлына жіберіледі.

Сонымен қатар EAS. EXE бағдарламасын қарастырайық. Бұл редактор, дәлірек айтсақ қабықша ASM-, OBJ-, RC-, RES-, DEF- файлдарынан тұратын күрделі жобаларды құруға, трансляциялауға мүмкіндік тудырады. Бұл бағдарлама MASM немесе TASM ортасында жұмыс істейді.

Отладчиктер: Отладчиктер бағдарламаны қадам бойынша жұмыс істейді. Қолдануға ыңғайлы және белгілі отладчиктерге Code View, Turbo Debugger, Ice жатады.

Дизассемблерлер: Дизассемблерлер орындалатын модульді ассемблерлік кодқа айналдырады. Мысалға, W32 Dasm, Ida Pro, Dumppe. exe дизассемблерлерін атап өтсек болады.

Hex- редакторлар: Hex- редакторлар жүктелетін модульдарды 16- қ түрде көрсетеді. Мұндай редакторлардың түрлері көп. Кейбір дизассемблерлер мен отладчиктердің құрамында да Hex- редакторлар болады. Мысалға, хакерлер ортасында танымал болып келген HIEW. EXE бағдарламасын атауға болады. Бұл бағдарлама жүктелетін модульдерді

16-қ түрде және ассемблерлік код түрінде қарауға жағдай тудырады. Сонымен қатар бұл мәліметтерді түзетуге де мүмкін болады.

1. 2 Терезе түрлері.

Windows - қа арналған бағдарламалар қосымша деп аталады. Қолданушы қосымша көмегімен келесі терезелер түрімен қарым- қатынас құрады:

1. Терезе қосымша: жұмыстың орындалуын ұйымдастырады, іске қосылған кезде бірінші болып шығады да жұмыстың тоқтауымен жабылады.

2. MDI- терезелер: Бұл терезе бірнеше құжаттарды бір уақытта өңдеуге арналған.

3. Көмекші терезе. Бұл терезе көп жағдайда операциялық жүйенің басқаруымен орындалады.

4. Диалог терезесі. Бұл терезе қосымша мен қолданушының арасында құжаттардың жылдам ауысуын қамтамасыз етеді.

Құрастырушыға терезе қосымша мен операциялық жүйенің функционалдауымен жұмыс істейтін элементтер жиындығы болып табылады.

Бағдарламалық тілдерінің негізі бойынша терезе дегеніміз онымен әртүрлі әрекеттер жасауға болатын обьект, яғни айнымалы.

Обьект көптеген мәліметтерді баяндайтын және өзгертетін белгілі бір классқа жатады.

2-сурет Көптеген элементері бар:

1-Жүйелік меню батырмасы; 2-Терезені пиктограммаға айналдыру батырмасы; 3-Терезені қалпына келтіру және максималдау батырмасы; 4-Терезені жабу батырмасы; 5-Терезе өлшемдерін өзгерту жақтауы;

2 - суреттегі басты терезенің түрлі кнопкалары, менюі, құралдар панельі, көру сызығы, көру жолы және басқа элементтері бар. Бұл элементтер де терезелерге жатады және өздерінің мәліметтері мен өзгерту әдістері болады. Демек бұлар терезелер кластарына жатады.

1. 3 Терезелер классы

Терезелер құру үшін операциялық жүйеге оның қандай классқа жататынын көрсету керек. Егер терезе құрылатын уақытта операциялық жүйеге оның классы белгілі болса, онда осы класстың атын қолдануға болады. Басқа жағдайда жаңа класс құрып оны тіркеуден өткізу керек.

1. 3. 1 Терезе классының қолданатын ресурстарын сипаттау.

Класста қолданылатын ресурстар жиындығын WNDCLASS құрылымында баяндаймыз.

Бұл құрылым келесі түрде баяндалады:

int RegClass(WNDPROC Proc, LPCTSTR szNAME)

{ WNDCLASS wc;

wc. style=CS_HREDRAW CS_VREDRAW;

wc. cbClsExtra=wc. cbWndExtra=0;

wc. IpfnWndProc=Proc; wc. hlnstance=hlnstance;

wc. hIcon=LoadIcon(NULL, IDI_APPLICATION) ;

wc. hCurcor=LoadCursor(NULL, IDC_ARROW) ;

wc. Background=(HBRUSH) (COLOR_WINDOW+1) ;

wc. lpszMenuName=(LPCTSTR) NULL;

wc. lpszClassName=szName;

return RegisterClass(&wc) ;

}

1. style келесі мәнді қабылдайды

wc. style=

2. IpfnWndProc терезенің функциясын көрсетеді.

3. CbClsExtra клсстың қосымша байттарының санына тең.

4. CbWndExtra класстағы терезенің қосымша байт санына тең.

5. hlnstance ағымдағы қосымшаның дескрипторын көрсетеді.

6. hIcon терезе минимизацияланған кезде қайсы пиктограмма түрленетінін көрсетеді.

7. harsor LoadCursor сілтеменің терезенің үстінен өткен кезде оның түрінің өзгеруін қамтамасыз етеді.

Сілтеменің ресурсы Loadcursor функциясымен баяндалады:

Hcursor Loadcursor (HINSTANCE hInst, LPCTSTR IpCursorName) ;

8. hbrBackground Терезе түсін бояу дискрипторын береді.

9. IpszMenuName Осы класстағы терезенің басты менюінің ресурсының атын көрсетеді. wc. IpszMenuName= (LPCTSTR) NULL

10. IpszClassName Тіркелетін терезе классының аты бар жолды көрсетеді. Мысалы: wc. IpszClassName=szName

1. 3. 2 Терезе функциясы

Терезе функциясы оған түскен хабарларға қандай реакция болатынын баяндайды.

Ал әдеттегі функциялардан айырмашылығы:

  • Стандартты қайтару типі және формальді параметрлері бар
  • Терезеге хабар түскен кезде тек қана операциялық жүйемен шақырылады.
  • Терезе функциясымен өңделмейтін хабар операциялық жүйеге беріледі.

Терезе функциясының атын қалауынша қояды. Классты тіркеуден өткізген кезде операциялық жүйе функцияның көрсеткішін жадында сақтап қалады.

1. 3. 3 Терезе құру

Терезені құру үшін Create Window функциясын шақырамыз. Ол уақытша немесе туынды терезелер құрады және олардың кейбір параметрлерін орнатады. Бұл функция келесі түрде баяндалған:

HWND CreateWindow (

LPCTSTR IpClassName

LPCTSTR IpWindowName

DWORD dwStyle,

Int x,

Int y,

Int nWidth,

Int nHeigth,

HWND hWndParent,

HMENU hMenu,

HANDLE nInstance,

LPVOID lpParam ) ;

1. IpClassName RegisterClass функциясымен тіркелген атқа немесе операциялық жүйемен анықталған классқа сілтейді.

2. dw. style терезенің стилін анықтайды.

3. nwidth пиксельде берілген терезенің ені. Уақытша және туынды терезелерде ені мен биіктігі нольге тең.

4. nwndParent Тек қана инициалданған терезелерді көрсетеді. Туынды терезе құрған кезде міндетті түрде аталық- терезенің дискрипторын көрсетеміз.

5. hMenu- меню дискрипторы немесе құрылатын туынды терезенің идентификаторы.

Уақытша терезенің менюін үш түрлі жолмен беруге болады:

1) Терезелер классында меню аты көрсетіледі және осы классқа жататын барлық терезелер менюді қолдана береді.

2) Меню атын CreateWindow функциясының аргументі ретінде көрсетеміз. Құрылатын терезе осы менюді қолданып, класс менюін қолданбайды.

3) Менюді терезе құру кезінде немесе құрылып болған соң құраймыз.

Бірінші және үшінші жағдайда hMenu аргументі NULL тең. Егер туынды терезе құрылатын болса онда hMenu аргументі ретінде осы терезенің идентификаторы саналады.

Терезенің стильін оның сыртқы бейнелеріне қарап айырамыз.

Терезе стилін баяндау үшін символдық тұрақты WS_ қолднылады. Қасиеттердің жиындығына байланысты терезелерді бірін- бірі басатын, уақытша және туынды терезелерге бөлеміз.

Көбінесе қосымшалар терезелі болып келеді. Мұндай терезелердің негізгі стилі WS_OVERLAPPER тұрақтысымен беріледі.

Бірін- бірі жабатын терезе басқа бір терезеге бағынуы мүмкін. Егер басты- терезе пиктограммаға түрленсе онда оған бағынатын терезелер де көрінбейтін болып қалады. Басты- терезені жабқан кезде оған бағынатын терезелер де жабылады. Бағынатын терезелер әрқашан басты терезенің үстінде орналасады.

Уақытша терезелер көбінесе қолданушыға хабар шығару үшін қолданылады да экранда қысқа уақытта ғана көрініп тұрады. Уақытша терезенің негізгі стилі WS_POPUP тұрақтысымен беріледі. Келісім бойынша мұндай терезенің басы болмайды.

Туынды терезелер басқару органдарын құру үшін қолданылады. Кірісімен анықталатын басқару органдарының классы туынды терезелер болып саналады. Туынды терезелердің негізгі стилі WS_CHILD тұрақтысымен беріледі. Туынды терезеде кішірейтетін және үлкейтетін батырма болмайды. Бірақ әрқашан басты- терезесі болады. Олар басты- терезеге “жабысып” сонымен бірге жылжиды және басты- терезенің сыртына шыға алмайды.

1. 4 Қосымшаның басты функциясы

Қосымша әрқашан WinMain функциясымен баяндалады. Функция қосымша іске қосылған кезде басқаруды алады да, терезе класстарын тіркейді, терезе құрады, хабарлардың кезегін реттейді.

WinMain фунциясының баяндалуы:

Int WINAPI WinMain (HINSTANCE hInstance,

HINSTANCE hPrevInstance, LPSTR lpszCmdLine, int nCmdShow)

{ MSG msg; HWND hwnd;

if (!RegClass(WndProc, szClassName) ) return FALSE;

hwnd=CreateWindow(szClassName, ’Пример 1’,

WS_OVERLAPPEDWINDOW,

CW_USEDEFAULD, CW_USEDEFAULT,

CW_USEDEFAULD, CW_USEDEFAULT,

0, 0, hlnstance, NULL) ;

if(!hwnd) return FALSE;

ShowWindow(hwnd, SW_SHOWMAXIMIZED) ;

UpdateWindow(hwnd) ;

while (GetMessage(&msg, 0, 0) )

{TranslateMessage(&msg) ; DispatchMessage(&msg) ; }

return msg. wParam;

}

Функцияның формальді параметрлерінің тізімі, аты, қайтару типі Windows API талаптарымен анықталған.

hInstance параметрі операциялық жүйеден ағымдағы қосымшаның дескрипторын алады.

hPrevinstance параметры 16-разрядты қосымшаларда алдындағы белсенді болған қосымшаны көрсетеді. Ал Win32 қосымшаларында ол әрқашан NULL тең.

nCmdshow параметрі қосымшаға терезенің бастапқы шығару әдісін береді.

WinMain функциясының құрылымында msg және hwnd айнымалылары баяндалған. Msg айнымалысы уақытша хабарларды қабылдауға және таратуға арналған. hwnd айнымалысы құрылған терезенің дискрипторын сақтайды.

Терезе классын тіркеуден өткізу үшін RegClass функциясы шақырылады.

If(!RegClass(WndProc, s2ClassName) ) return False;

Терезе құру үшін CreateWindow функциясы шақырылады. Егер терезе құрылмаса қосымша өз жұмысын аяқтайды. Құрылған терезені шақыру үшін ShowWindow функциясы шақырылады.

ShowWindow(hwind, SW_SHOWMAXIMIZED) ;

Бұл функция терезені максимальді үлкен түрде экранға шығарады.

While(GetMessage(&msg, 0, 0, 0) )

{TranslateMessage(&msg) ; DispatchMessage(&msg) ; }

Бұл цикл хабарларды өңдеу циклы деп аталады.

GetMessage функциясы қосымшаның тізімінде тұрған хабарлардың кезектегі хабарын таңдайды.

TransLateMessage пернетақтадағы хабарды трансляциялайды,

DispatchMessage функциясы хабарларды терезе функцияларына таратады. Дәл осы циклда терезе функциясын “шақыру” болады.

Жоғарыда көрсетілген функциялардың түпнұсқасын қарастырайық:

ShowWindow функциясы келесі түрде баяндалады: Bool ShowWindow(HWND hwnd, int nCmdShow) .

Қосымшаны жүктегеннен соң шақыртылуы кезінде екінші аргументіне WinMain функциясына nCmdShow параметрін меншіктейміз.

GetMessage функциясы келесі түрде баяндалады. BoolGetMessage(LPMSG Ipmsg, HWNO hwnd, WORD UmsgfillterMin, Word UMsgFillterMax) ;

Lpmsg параметрі таңдалатын хабарды MSG типті құрылымға жазады. Hwnd- терезе дискрипторы. UmsgfilterMin және UmsgFilterMax параметрлері таңдалатын хабарлардың аймағын және хабарлардың минимальді максимальді кодтарын береді. Егер осы параметрлердің мәні нольге тең болса онда кезектегі хабарлардың барлығы таңдалады.

GetMessage функциясы адресі бірінші параметірімен берілген кезектегі таңдаулы мәліметті өшіреді. WM_QUIT кодты мәліметті таңдаған кезде ол ноль мәнін қайтарады да циклды мәліметті өңдемей аяқтайды. Басқа мәліметті таңдаған кезде GetMessage функциясы нольге тең емес мәнді қайтарады.

1. 5 Қосымша мәтіннің құрылымы

Қосымша мәтіннің құрылымы екі талап бойынша анықталады.

1. Мәтін WinMain функциясының сипаттамасынан тұрады.

2. Егер жаңа класс тіркелсе, онда мәтін WINDCLASS типті құрылымның сипаттамасынан және осы классты терезелер функцияларынан тұрады.

1. 6 Терезе құрудың қосымша функциялары

Windows API терезелерді құруға қатысты бірнеше функциялардан тұрады. Олар: іздеу, күйді анықтау, терезенің жылжу және қолданушымен мәлімет ауысу функциялары.

1. 7 Іздеу және терезенің күйін анықтау функциялары

Кей жағдайларда берілген дескрипторларға терезе бар жағын анықтау керек болады. Бұл қызметті IsWindow функциясы атқарады:

BOOL IsWindow (HWND hwnd) ;

Егер hwnd дискрипторы бар терзе бар болса функция ноль емес мәнді қайтарады, ал кері жағдайда ноль.

Егер берілген терезенің кіру фокусын анықтау керек болса, Is Window Enabled функциясы шақырылады: BOOL Is Window Enabled (HWND hwnd) ;

Егер hwnd терезесі белсенді болса, функция ноль емес мәнді, ал кері жағдайда нольді қайтарады.

Терезенің кіру фокусынын өзгерту үшін немесе алу үшін Enabel Window функциясы шақырылады: BOOL EnabelWindow (HWND hwnd, BOOL bEnable) ;

bEnable= TRUE болғанда кіру фокусы hwnd терезесіне беріледі, ал олай болмаған жағдайда терезе кілттенеді.

Егер терезе бұрын белсенді болмаған болса, ноль емес мән, ал белсенді болған жағдайда ноль қайтарылады.

Кіріс фокусын hwnd терезесіне SetFocus функциясы арқылы беріледі: SetFocus (hwnd) ;

Келесі функция hwnd терезесі пиктограмма түрінде тұрғанда нольдік емес мән қайтарады: BOOL Is Iconic (HWND hwnd) ;

Fine Window функциясы Ip Window Name деп басталатын IpClassName классты терезенің дискрипторын операциялық жүйеден сұрайды. Бұл функция келесі түрде сипатталады. HWND FindWindow (LPCTSTR Ip Class Name, LPCTSTR IpWindowName) /

Егер IpWindowName=NULL болса, онда ізделіп жатқан терезе кез- келген классқа жатуы мүмкін. Егер мұндай терезе табылса функция дескрипторды қайтарады немесе ноль.

1. 8 Терезелердің жылжу функциясы

hwnd терезесінің өлшемдерін өзгерту үшін және терезенің жылжу үшін MoveWindow функциясы шақырылады. Оған терезенің жаңа координаталарын береді.

MoveWindow функциясы келесі түрде сипатталады:

BOOL MoveWindow (HWND. hwnd,

Int x, // терезенің сол жағының жаңа координатасы

Int y, // терезенің сол жағының жаңа координатасы

Int nWidth, // терезенің жаңа ені

Int nHeight, // терезенің жаңа биіктігі

BOOL bRepqing // терезені бояу жалаушасы

) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мекеме қызметкерлерінің мәліметі» мәліметтер қорын құру
Бағдарламалау тілдерінің түрлері
С C программалау тілдерынын мумкіндіктері мен ерекшеліктеріне шолу
Информатика курсын программалық қамтамасыз ету
Алгоритмдеу және программалау
Мектепте алгоритмдеу және Паскаль тілін оқыту әдістемесі
Ассемблер тілінде бағдарламалау
Бағдарламалау тілдерінің өркениеті
Программалау тілдері
Операциялық жүйе туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz