Функционалды - құрылымды ұйымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1 Функционалды - құрылымды ұйымы5

1. 1 ДК негізгі блоктары мен олардың мәндерi5

1. 2 Машиналық iшкi жүйелік интерфейсi11

2. Микропроцессорлар14

2. 1 Микропроцессорлар түрлері14

3. ДК-дiң сақтау құрылғылары. 15

3. 1 Жедел жад15

3. 2 КЭШ-жад16

3. 3 Арнайы жад17

4 ДК-дiң негiзгi сыртқы құрылғылары21

Қорытынды33

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi34

Кіріспе

Компьютер (ағыл. computer - есептеуіш) программаланушы электрондық құрылғы, өңдеу және есептеулер жүргiзе алады, сонымен қатар символдармен манипуляциялау, басқа мақсаттарды орындайды.

Компьютерлердің негiзгi екi класы бар:

- цифрлік компьютерлер, мәлiметтердi екілік сан кодтары түрінде өңдейдi;

- аналогтық компьютерлер, есептелетiн өлшемдердiң аналогтары болатын толассыз алмастырылған физикалық мөлшердi (электр кернеу, уақыт және т. б. ) өңдейдi.

Қазiргi кезде комрьютерлердiң көбi цифрлiк болғандықтан, компьютерлердiң тек осы класын ғана қарастырамыз және “компьютер” деген сөздi “цифрлiк компьютер” мағынасында пайдаланамыз.

Компьютерлердің негізін аспаптар (HardWare) құрайды, олар негізінен электрондық және электр механикалық элементтердің және құрылғыларынан тұрады. Компьютерлердің әрекет принципі программалардың (SoftWare) орындалуында (алдын ала анық берiлген арифметикалық, логикалық және басқа операциялардың тiзбегi) анықталған.

Кез келген компьютерлiк программа бөлек командалардың тiзбегi ретiнде болады.

Команда - бұл компьютер орындауға тиісті операция бейнеленуi. Негiзiнен команданың өзiндiк коды (шартты белгiленуi), бастапқы мәлеiметтер (операндылар) және нәтижесi бар.

Мысалы, "екі санды қосу" командасында қосылғыштары операндлар болып келеді, ал қосындысы - олардың нәтижесi. Ал "стоп" командасында операндылары жоқ, ал нәтижесi программа жұмысының аяқталуы болып келеді.

Команда нәтижесі компьютер контрукциясында белгiленген берiлген команда ережелерiне сәйкес орындалады.

Берiлген компьютерде орындалатын командалардың жиынтығы осы компьютердiң командалар жүйесі деп аталады.

Компьютерлер өте жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді, және ол жылдамдық секундына миллиондаған - жүздеген миллион опреацияға тең.

Дербес компьютерлер басқа ЭЕМ-ның қандай болмасын түрінен жаңа компьютерлік ақпараттық технологияларға ауысуға көбірек жағдай жасайды. Оған тән нәрселер:

- тұтынушымен достық ақпараттық, программалық және техникалық интерфейс;

- ақпараттық процестерді тұтынушымен диалог режимiнде орындау;

- интегралданған деректер қоймасы негiзiндегi барлық процестердi тiкелей ақпараттық қолдау;

- "қағазсыз технология".

Компьютер - бұл ақпаратты жинау, өңдеу және беруге арналған көпфункционалды электрондық құрылғы.

Компьютер сәулеті ретiнде оның логикалық ұйымы, құрылымы және қоры, яғни берiлген уақыт аралығында мәлiметтердi өңдеу процесі болып қарастырылатын есептеуіш жүйе құралдарын қарастыруға болады.

Көптеген ЭЕМ құрастыру негізі 1945 жылы Джон фон Нейманнiң салған принциптрі бойынша iске асырылады:

1. Программалық басқару принципi (программа процессор көмегiмен автоматты түрде бiрiнен кейiн бiрi белгiлi ретпен орындалатын командалар жиынынан тұрады) .

2. Жадының біркелкілік принципi (программалар мен мәлiметтер бiр жадыда сақталады; мәлiметтермен жасауға болатын әрекеттердi командалармен де жасауға болады) .

3. Адрестiк принцип (негізгі жады құрылысы нөмірленген ұяшықтардан тұрады) .

Бұл принциптерден құралған ЭЕМ классикалық сәулетті болады (фон Нейман сәулеті) .

ДК сәулеті әрекет принципiн, ақпараттық байланыстар мен компьютердiң негізгі логикалық түйіндерін:

- орталық процессор;

- негiзгi жады;

- сыртқы жады ;

- шет құрылғылаын (перифериялы) анықтайды.

Процессор сәулетiн анықтайтын негізгі электрондық компоненттер компьютердiң жүйелiк немесе аналық (материнская, MotherBoard) деп аталатын негiзгi платасында орналасады. Ал қосымша құрылғылардың контроллерлерi мен адаптерлерi, немесе сол құрылғылардық өздері кеңейту платалары түрінде орындалады (DаughterBoard - қыздық (дочерная) плата) және кеңейту слоттары (ағыл. slot - саңылау) деп аталатын кеңейту разъемдары арқылы шинаға қосылады.

1-сурет. ДК-дiң түрлерi

1 Функционалды - құрылымды ұйымы

1. 1 ДК негізгі блоктары мен олардың мәндерi

Компьютер сәулетi әдетте пайдаланушыға маңызды қасиеттер жиынтығымен анықталады. Негізгі назар машинаның негізгі және қосымша құрылымына және функционал мүмкіншіліктеріне бөлінеді.

Негізгі функциялар ЭЕМ тағайындалуын: ақпаратты өңдеу және сақтау, сыртқы объектілермен ақпарат айырбасуды анықтайды. Қосымша функциялар негізгі функциялардың орындалу нәтижелерiн жоғарлатады: оның жұмыс режимiнiң эффектiлiгiн, пайдаланушымен диалог, және т. б. қамтамассыз етедi. Аталған ЭЕМ функциялары оның компоненттері: аппараттық және программалық құралдардың арқасында іске асырылды.

Компьютер құрылымы - бұл құрылым, рет және оның құрамына енетiн компоненттерінiң әрекеттестік принциптерін орнататын қандай да бiр модель.

Дербес компьютер - бұл қолданудың арзандық, әмбебаптық талаптарын қанағаттандыратын столға қоятын немесе тасымал ЭЕМ.

ДК жақсы жақтары :

- дара сатып алушыға қол жетерлік шектегi құны;

- автономдық тұтынудағы қоршаған ортаға байланысты арнайы талаптардың болмауы;

- сәулет иілгіштігінiң басқару, ғылым, білім, тұрмыс салаларында бейiмделуiн қамтамасыз болуы;

- операциялық жүйе мен басқа программалардың арасындағы "достық" қатынастың арнайы кәсіптік дайындығы жоқ тұтынушының жұмыс iстеу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi;

- жұмыс сенімділігінiң жоғары болуы (5 мың сағаттан артық жұмыс iстеуi) .

Дербес компьютер құрылымы.

ДК негiзгi блоктарының құрылысы мен тағайындалуын қарастырайық.

Ескерту. Мұнда және кейiнiрек ДК ұйымы қазiргi кезде ең көп таралған IBM PC-тектес компьютерлер түрлерiне сәйкес қарастырылады.

2-сурет. ДК құрылымдық схемасы.

Микропроцессор (МП) . Бұл машинаның барлық блоктарының жұмысын басқару мен ақпаратқа арифметикалық және логикалық операциялардың орындалуын iске асыратын ПК орталық блогы.

Микропроцессор құрамына:

басқару құрылғысы (БҚ) - орындалатын операцияның спецификасы мен алдыңғы операция нәтижелерімен ерекшеленетiн уақыттың керек кезiнде белгiлi басқару сигналдарын (басқару импульстерi) қалыптастырып, оларды машинаның барлық блоктарына бередi; орындалатын операцияның қолданылатын жады ұяшықтарының мекенжайларын қалыптастырады және оларды ЭЕМ-ның сәйкес блоктарына тапсырады; басқару құрылғысы импульстiң негiзгi тiзбегiн тактiлi импульстер генераторынан алады;

арифметикалық - логикалық құрылғы (АЛҚ) - сандық және символдық ақпаратқа барлық арифметикалық және логикалық операцияларды орындау үшін арналған (кейбiр ДК модельдерiнде АЛҚ операцияларының орындалуын жеделдету үшiн қосымша математикалық бірлес процессор (сопроцессор) қосылады) ;

микропроцессорлы жады (МПЖ) - қысқаша мерзiмдi мінез, жазу мен ақпарат беру үшін машинаның жұмысының жақын арадағы есептеу тактілер кезiнде қолданылады. Өйткенi негізгі жады (НЖ) ақпаратты жазу, іздеу және оқуда жылдам микропроцессор нәтижелi жұмысына қажеттi жылдамдықты әрқашан да қамтамасыз ете алмайды. Регистрлер - әртүрлі ұзындықты жылдам жұмыс iстейтiн (1 байт стандартты ұзындығы бар және жылдамдығы төмен НЖ-ға қарағанда) жады ұяшықтары;

микропроцессор интерфейстік жүйесі - ДК басқа құрылғыларымен бiрiгуiн және байланыс орнатуын іске асырады; өзінiң құрамына МП ішкі интерфейсiн, буферлі есте сақтайтын регистрлер және енгізу-шығару порттарының (ЕШП) басқару схемаларын және жүйелік шинаны қосады. Интерфейс (interface) - компьютер бiрiгу және байланыс құралдарының жиынтығы және олардың қарым-қатынасының эффектiлiгiн қамтамасыз етуші. Енгізу-шығару порты (I/O - Input/Output port) - ДК басқа құрылғысын микропроцессорға қосуға мүмкіндік беретін бiрiктiру аспабы.

Тактiлi импульстер генераторы генераторы . Ол электрлік импульстер тiзбегiн генерациялайды; генерацияланатын импульстер жиілігі машинаның тактiлi жиілігін анықтайды.

Көршілес импульстер арасындағы уақыт аралығы машина жұмысының бір такт уақытын немесе машина жұмысының тактін анықтайды.

Тактiлi импульстер генераторының жиiлiгi персоналды компьютердiң негізгі сипаттамаларының бірі, өйткенi машинадағы әрбір операция тактілер аралығында орындалады және ол машина жұмысының жылдамдығын анықтайды.

Жүйелік шина . Ол компьютердiң барлық құрылғылардың өзара бiрiгуiн және байланысын қамтамасыз ететiн негізгі интерфейстік жүйе.

Жүйелік шина төмендегi шиналардан тұрады:

мәлiметтер кодты шинасы (МКШ), өзiне операндының сандық кодтардың (машиналық сөз) барлық дәрежелерін паралельді беру үшін сымдар мен бiрiгу схемаларынан тұрады;

адрестiң кодты шинасы (АКШ), паралельді беру үшiн негiзгi жадының мекенжай ұяшықтарының барлық код дәрежелерінің немесе сыртқы құрылғының енгізу-шығару портының сымдары мен бiрiгу схемаларынан тұрады;

нұсқаулардың кодты шинасы (НКШ), машинаның блоктарына нұсқауларды (басқарушы сигналдар, импульстер) беруге арналған сымдар мен бiрiгу схемаларынан тұрады;

қоректену шинасы , ДК блоктарын энергоқоректену жүйесіне қосуға арналған сымдар мен бiрiгу схемаларынан тұрады.

Жүйелік шина ақпарат тасымалдаудың үш бағытымен қамтамасыздандырады:

- микропроцессор мен негiзгi жады арасында;

- микропроцессор мен сыртқы құрылғылардың енгізу-шығару порттары арасында;

- негiзгi жады мен сыртқы құрылғылардың енгізу-шығару порттары (жадыға тiкелей кiру режимiнде) арасында.

Блоктар емес, дәлiрек алғанда олардың енгізу-шығару порттары шинаға біркелкі сәйкес бірыңғайлы алмалы-салмалы (стыктар) арқылы қосылады: тiкелей немесе контроллерлер ( адаптерлер ) арқылы. Жүйелік шинаны басқаруы микропроцессормен немесе тiкелей, не жиірек негізгі басқару сигналдарын қалыптастырушы қосымша микросхема - шина контроллері арқылы жүзеге асырылады.

Негізгі жад (НЖ) . Ол ақпаратты сақтау мен машина басқа блоктарымен шапшаң айырбас үшін арналған. НЖ есте сақтайтын екі түрлi құрылғылардан тұрады: тұрақты есте сақтайтын құрылғы (ROM - Read-only memory) және жедел есте сақтау құрылғысы (RAM-Random access memory) .

ROM өзгермейтін (тұрақты) программалық және анықтамалық ақпаратты сақтау үшін қызмет етеді, сақталған ақпаратты шапшаң оқуға ғана болады (ROM-да ақпаратты өзгертуге болмайды) .

RAM берiлген уақыт аралығында ДК-дың тiкелей ақпараттық-есептеу процесiнде қатысатын ақпаратты (программалар мен мәлiметтер) шапшаң жазу, сақтау және оқу үшін арналған. Жедел жадтың басты жақсы жағы ол оның үлкен жылдамдығы мен жадтың әрбір ұяшығына жеке кiру мүмкіншілігін бередi (ұяшыққа тiкелей адрестік кiру) . RAM кемшiлiгi ретінде машинаны өшiргеннен кейiн ақпаратты сақтаудың мүмкіншілігiнiң болмауы (энерготәуелдiлiк) .

Сыртқы жад . Ол ДК-дың сыртқы құрылғыларына жатады және кез келгені уақытта қандайда бiр мақсаттар үшін керек болатын ақпаратты ұзақ мерзiмге сақтау үшін қолданылады. Сыртқы жадта компьютердiң бүкiл программалық қамтамасы сақталады. Сыртқы жад есте сақтайтын құрылғылардың әр түрлі түрлерi болады, бірақ ең көп таралған, барлық компьютерлерде болатын қатты (HDD - Hard disk drive) және иілгіш (FDD - Floppy disk drive) жинақтағыш магниттік дискiлер.

Бұл жинақтағыштардың тағайындау - үлкен көлемді ақпаратты сақтау, жазу және сақталған ақпаратты қалауынша жедел есте сақтау құрылғысына беру. Сонымен қатар сыртқы жад құрылғылары ретінде магниттік дискеталар, оптикалық дискiлердегi жинақтағыштар (CD-ROM - Compact Disk Read Only, DVD - Digital Video (Versatile) Disk, Memory - тек оқылатын жадтағы компак-диск) және басқа есте сақтау құрылғылаы қолданылады.

Қоректену көзi . Бұл ДК-дiң автономды және желілік энергоқоректену жүйесiнiң блогы.

Таймер . Бұл керек кезде уақыт моментiн (жыл, ай, сағат, минут, секунд және секунд үлесi) автоматты түрде анықтайтын машинаның iшкi электрондық сағаты. Таймер автономды қоректену көзi - аккумуляторға жалғанады және машинаны ток көзiнен өшiргенде жұмыс істей бередi.

Сыртқы құрылғылар (СҚ) . Бұл кез келген есептеу кешенiнiң негiзгi құраушы бөлігі. Кейде СҚ ДК-дың бағасының 50-80%-ға дейiн жететiнiн айтса жеткілікті. ДК-дың басқару жүйелері мен халық шаруашылығындағы қолдану мүмкіншілігi СҚ құрамы мен сипаттамасына байланысты болады.

ПК-дың СҚ-ы машинаның қоршаған орта, пайдаланушы, басқару объектілері және басқа ЭЕМ-лармен қарым-қатынасымен қамсыздандырады. СҚ әр түрлі және өздерiнiң қасиеттерiне байланысты бiрнеше топтқа бөлiнедi. Тағайындалуына байланысыт СҚ келесі топтарға бөлiнедi:

- сыртқы есте сақтау құрылғылары (СЕСҚ) немесе ПК-дың сыртқы жады;

- тұтынушының диалогтық құралдары;

- ақпаратты енгізу құрылғылары;

- ақпаратты шығару құрылғылары;

- байланыс және телекоммуникациялық құралдар.

Тұтынушының диалогтық құралдарына құрамына видеомониторлар (дисплейлер), сирек пульттық жазу машинкалары (пернелiгi бар принтерлер) және сөйлеу (речевой) енгізу-шығару құрылғыларын жатқызуға болады.

Видеомонитор ( дисплей ) - ПК-ға енгізілетін және шығарылатын ақпаратты бейнелеуге арналған құрылғы.

Сөйлеу (речевой) енгізу-шығару құрылғылары мультимедиа құралдарына жатады. Сөйлеу (речевого) енгізу құрылғылары - бұл әртүрлі микрофондық акустикалық жүйелер, мысалы, адамның айтқан әріптерi мен сөздерiн анықтап, кодтауға болатын күрделі программалық қамтамасы бар "дыбысты тышқандар".

Сөйлеу (речевой) шығару құрылғылары - бұл компьютерге жалғанған динамиктер немесе дыбыс колонкалары арқылы енгiзiлетiн цифрлік кодтарды әріптер мен сөздерге түрлендiретiн әртүрлі дыбыс синтезаторлары.

Ақпаратты енгізуі құрылғыларына төмендегiлер жатады:

пернелiк ( пернетақта ) - ДК-ға сандық, мәтіндік және басқарушы ақпаратты қолмен енгізуіге арналған құрылғы;

графикалық планшеттер (диджитайзерлер) - планшет бойына арнайы көрсеткіш (қалам) арқылы графикалық ақпаратты қолмен енгізуіге арналған; қаламның орнын ауыстырғанда оның координаталары автоматты түрде оқылып, оның орналасқан жерi ДК-ға енгiзiледi;

сканерлер - автоматты түрде қағаздан машиналық мәтін, графиктер, суреттер, сызбаларды оқып, ДК-ға енгізеді; сканердiң кодтау құрылғысында мәтіндік режимдегi символдар арнайы программалар көмегiмен арнайы эталондық нұсқалармен салыстырылғыннан кейін ASCII кодына түрлендiрiледi, ал графикалық режимде оқылған графиктер мен сызбалар екі өлшем координаталар жүйесiне түрлендiрiледi;

манипуляторлар ( сiлтеу құрылғылары ) : джойстик - рычаг, тышқан, оправадағы трекбол-шар, сәулелi қаламұш және басқалар - дисплей экранына графикалық ақпаратты енгiзу үшiн экрандағы курсор қозғалысын басқарып, оның координаталарын кодтап ДК-ға енгіземiз;

сенсорлы экрандар - полиэкраннан ДК дисплейiне бөлек бейне, программа немесе команда элементтерін енгізуге арналған.

Ақпаратты шығару құрылғыларына төмендегiлер жатады:

принтерлер - ақпаратты қағазға тіркеуге арналған баспа құрылғысы;

график жасаушылар ( плоттерлер ) - қағазды тасымалдаушыға ДК-дан графиктiк ақпарат шығаруға арналған (графиктерді, сызбаларды, суреттерді) ; плоттерлер қалам көмегiмен бейненi сызатын векторлық және растрлi: термографикалық, электростатикалық, құйылма сиялы және лазерлiк болады. Құрылымына қарай плоттерлер планшеттi және барабанды болып бөлiнедi. Барлық плоттерлердiң негiзгi сипаттамлары ұқсас болып келедi: сызу жылдамдығы -100-1000 мм/с, жақсырақ модельдерiнде түсті бейнелеу және жартылай тонды беру мүмкiндiктерi бар; ең жоғары шешу қабiлетi мен бейнелеу анықтылығы лазерлiк плоттерлерде, бірақ олар ең қымбат.

Жабдықтар мен автоматизация құрылғылармен (интерфейстердің келiстiрушiлерi, адаптерлер, цифрлi-аналогты және аналогты-цифрлік түрлендіргіштер және т. б. ) және ДК-дi байланыс каналдары, басқа ЭЕМ-лары мен есептеу желiлерiмен (желілі интерфейстік тақша, "жапсарлар", мәлiметтердi берудiң мультиплексорлары, модемдер) байланысу үшiн арналған байланыс пен телекоммуникация құрылғылары.

Жеке жағдайда желiлi адаптер ДК-дiң сыртқы интерфейсi, оны байланыс каналы арқылы басқа ЭЕМ-дермен есептеу желілерi қрамында ақпарат айырбастау үшiн қосу мақсатында қызмет етедi. Жалпы тораптарда желiлi адаптердiң функциясын модулятор-демодулятор орындайды.

Жоғарыда аталған құрылғылардың көбi шартты белгiленген топқа - мультимедиа жабдықтарына жатады.

Мультимедиа құралдары (multimedia - көп орталы) - бұл адамға компьютермен қатынасуға мүмкiндiк беретiн аппараттық және бағдарламалық құралдардың кешені және ол адам үшiн қолайлы ортаны қолданады: дыбыс, бейне, графика, мәтіндер, анимация және т. б.

Мультимедиа құралдарына ақпаратты сөйлеп енгізу және шығару құрылғылары жатады; қазiргi кезде кеңiнен таралған сканерлер (олар баспа мәтіндер мен суреттердi компьютерге автоматты түрде енгiзуге мүмкiндiк бергендiктен) ; жоғары сапалы бейне- (video-) және дыбыстық- (sound-) платалар, бейнемагнитофоннан немесе бейнекамерадан бейнеердi көшiрiп, оны ПК-ға енгізетiн бейненi басып алу (videograbber) платалары; күшейткіштерi бар жоғары сапалы акустикалық және қайта орындайтын жүйелер, дыбысты колонкалар, үлкен видеоэкрандар. Бірақ, негiзiнен, мультимедиа құралдарына дыбысты және бейнеақпаратты жазуға арналған үлкен сыйымдылықты сыртқы есте сақтау құрылғылары - оптикалық дискiлердi жатқызуға болады.

Компакт дискiлердiң (CD) құны олардың үлкен тираждалу салдарынан арзан, ал олардың үлкен үлкен сыйымдылығын еске ала (650-700 Мбайт, ал жаңа үлгілерінде 8 Гбайт және одан жоғары), жоғары сапасын ескергенде, CD-де ақпаратты сақтау магниттiк дискiлерге қарағанда едәуiр арзанға түседi. Компакті-дискiлерiнде кең мөлемде мәлiметтер қоры мен кітапханалар ұйымдастырылған; CD-де сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, әр түрлi репетиторлар, ой тапқырлығын дамытатын және жалпы білімге үйрететiн программалар бар.

CD шетел тілдерін, жол ережелерін, бухгалтерлік есептеу, заң саласын, сонымен қатар салық заңдарын үйренуде кең көлемде қолданылады. Бұның барлығы мәтіндер, суреттер, сөйлеу және мультипликация, музыка және бейнелермен бiрге берiледi. CD-нi тұрмыс аспектісінде аудио- және бейнежазбалардың сақтау үшін плейерлi аудиокассеталар мен видеокассеталар орнына қолдануға болады. CD-де көптеген программалар мен компьютерлік ойындардың сақталғанын ескеркен жөн.

Сөйтiп келгенде, CD-ROM компакт-дискiлерде жазылған әр түрлі және өте үлкен көлемдегi ақпаратты функционалды тағайындауы мен қайта оқу ортасына жол ашады.

Үзу (тоқтату) - берiдген уақытта маңызды (басты) программаны шапшаң орындау мақсатында басқасының орындалуын уақытша тоқтату.

Үзулер компьютер тұрақты жұмыс жасағанда болып тұрады. Ақпаратты енгізу-шығару процедуралары үзулермен орындалатыны, мысалы, таймерден үзу үзулер контроллерінен пайда болады және одан қызметтi секундына 18 рет (әрине тұтынушы оларды сезбейдi) алатыны туралы айтса жеткілікті.

Үзулердiң контроллері үзу процедураларына қызмет етеді, сыртқы құрылғының үзуге сұраным қабылдайды, бұл сұраным басты деңгейін анықтайды және МП-ға үзу сигналы береді. МП бұл сигналды қабылдап, ағымдағы программа орындауын тоқтатып, сыртқы құрылғы сұраған үзуге қызмет ететiн арнайы программаны орындауға көшедi. Қызмет етеу программасы аяқталғаннан кейін үзілген программа орындалуы қалпына келтіріледі.

1. 2 Машиналық iшкi жүйелік интерфейсi

Машиналық iшкi жүйелік интерфейсi - ЭЕМ түйіндердің және блоктарының өзара байланысы - электр желілерінің, компьютер компоненттерімен бiрiгу схемаларының, тасымалдау протоколдардың (алгоритмдердің) және сигналдарды түрлендiрудiң байланыс жүйесi.

Машиналық iшкi жүйелік интерфейсiнiң ұйымдастырылуының екі нұсқасы бар.

1. Көпбайланысты интерфейс : ДК-дiң әрбір блогы басқа блоктармен өзiнiң жергілікті сымдарымен байланысқан; интерфейс әдетте қарапайым тұрмыстыларда қолданылады.

2. Бiр ( жеке ) байланысты интерфейс : ДК-дiң барлық блоктары өзара жалпы немесе жүйелік шина арқылы байланысқан.

Қазiргi кездегi ДК-лердiң басым көпшілігiнде жүйелік интерфейс ретінде жүйелік шина қолданылады. Жүйелік шина құрылым және құрамы алдында жоғарыда айтылған болатын. Жүйелік шина негiзгi функционал сипаттамалары: оның қызмет көрсететiн құрылғылардың саны мен өткiзу қабілеті, яғни ақпарат тасымалдаудың максимал жылдамдығы. Шинаның өткiзу қабілеті оның разрядына (8-, 16-, 32- және 64-разрядты шиналар бар) және шина жұмыс істейтін жиілігiне байланысты.

Жүйелік шина ретінде әр түрлi ДК-ларда келесi шиналар қолданылған және қолданыла алады:

кеңейту шиналары - көптеген әр түрлі құрылғыларды қосуға мүмкіндік беретін жалпы тағайындалу шиналары;

жергілікті шиналар - берiлген кластың бiрнеше ғана құрылғыларынна қызмет етедi.

Кеңейтулер шиналары

Multibus 1 шинасының екі модификацияcы бар: PC/XT bus (personal Computer eXtended Technology - кеңейтiлген техлогиялы ДК) және PC/AT bus (PC Advachnology - жетілдірілген технологилы ДК) .

PC/XT bus шинасы - 4, 77 МГц такт жиілікке есептелген 8-раазрядты мәлiметтер шинасы мен 20-разрядты адрестi шина; адаптерлi үзулерге арналған 3 сызық пен жадпен тiкелей байланыс жасау 3 каналы (DMA каналдары - Direсt Memory Access) бар. Адрес шинасы 1 Мбайт мөлшердегi микропроцессордың адрестік кеңістігін шектедi. Ол 8086, 8088 МП-ларда қолданылады.

PC/AT bus шинасы - 16-разрядты мәлiмет шинасы және 24- разрядты адрестiк шина, 8 МГц такт жиілікте жұмыс iстейдi, бірақ шина контроллерi жиілікті екiге бөле алатындықтан, ол 16 МГц такт жиіліктi МП-мен қолданыла алады; адаптерлі үзулерге арналған 7 сызығы және DMA-ның 4 каналы бар. 80286 МП-мен қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
Ұйымдастыру процесі
Белоктар химиясына сипаттама
Молекулярлық биология және медициналық генетика
Қорғалатын объектілі жүйелерге - бағытталған тәсілдерді қолдану
Кәсіпорын - нарықтық экономиканың субъектісі ретінде
Адам ресурстарын стратегиялық басқару жүйесін құру
Кәсіпорын - шаруашылық жүргізу объектісі
Ес туралы жалпы анықтама
Деректерді тасымалдау ортасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz