ТАРМАҚТАЛҒАН АЛГОРИТМДЕРДІ ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
ОБЪЕКТіЛІ БАҒДАРЛАНҒАН ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 1
1.1 DELPHІ ЖҮЙЕСІНЕН КІРІСПЕ САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 2
1.2 ТАРМАҚТАЛҒАН АЛГОРИТМДЕРДІ ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУ 8
1.2 Қайталанатын алгоритмдерді программалауды оҚыту 12
Алдын-ала берілген шарт бойынша қайталау. 13
1.4. ҚОСАЛҚЫ АЛГОРИТМДЕРДІ ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУ. 19
1.5 КҮрделі ҚҰрылымдыҚ типтерді оҚыту 21
Динамикалық массивтер 24

ОБЪЕКТіЛІ БАҒДАРЛАНҒАН ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі уақытта мектепте программалау жүйелерін таңдау мүмкіндіктерінің
шеңбері біршама кеңейді. Бұл Turbo Pascal 7.0, Vіsual Basіc, C++, Delphі.
Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Программалау дегенде қандай
да бір программаның жеке жүйесін оқыту емес, жалпы алғанда программалау
негіздерін меңгеруде, атап айтқанда, қандай да бір программалау жүйесіндегі
негізгі ұстанымдармен танысу.
Американдық ғалым Б. Хантер ұсынған анықтама бойынша “Программалау
біліктілігі – компьютерлік сауаттылықтың құрамдас бөлігі”, – деген. Демек,
компьютерлік сауатты болу үшін оқушылар компьютерлік программалармен жұмыс
істеп, талапқа сай программаларды құра білуі керек. 10-11 сыныптарда
оқытылатын кәсіптік бағдарлы курста объектілі бағдарланған программалау
(ОБП) жүйелерін оқыту қарастырылған. Осыған байланысты объектілі
бағдарланған программалау (ОБП) жүйелерін оқытуды әдістемелік тұрғыдан
қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Құрылымдық программаның дамуына тоқтала кетсек, 1980 жылдың бас кезінде
программалар кодының 90%-ке жуығы негізгі программаға емес, қажеттілігіне
қарай, негізгі программаға жалғанатын процедуралар мен функцияларға
аударылды. Кодтың қайталанып пайдаланылуы- дайын объектілерді жинастыра
отырып, программаның негізгі бөлігін құруға жол ашты. Бұл осындай
объектілерді барынша стандартты етіп құруға әкелді. Бұдан барлық
процедураларды универсалды және стандартты жасау мүмкін болмағандықтан, оны
түзетілетіндей етіп құру идеясы ұсынылды.
Сонымен, процедуралар мен функцияларды емес, олардың түзету принципін
стандарттау мәселесі қойылды. Мұндай универсалды түзетілетін процедуралар
мәліметтің жаңа типі болып есептелді және программалық объектілер деп
аталды.
Осылайша объектілі бағдарланған программалау (ОБП) тілдері дүниеге
келді. Объектілі бағдарланған программалау (ОБП) тілінде программаның
жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға
жауабынан тұрады. Сонымен, объектілі бағдарланған программалаудың негізгі
мәні программист құрылатын программаның тек алгоритмін ғана құрады. Ал,
барлық қажетті объектілерді компоненттер палитрасынан шақырады.

1.1 DELPHІ ЖҮЙЕСІНЕН КІРІСПЕ САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Оқыту жүйесіне арналған программалық құралдар ретінде жасалатын оқыту
әдістемелерін даярлау бүгінгі күннің негізгі мәселесі. Компьютерлік оқу
құралын жасаудың соңғы кезеңі–оның программасын құру, яғни оны машина
тілінде кодтау болып табылады. Осындай қолданбалы программалық құралдар
жасау көптеген жүйелік программалар арқылы жүргізіледі.
Соның бірі объектілі–бағдарланған программалау негізінде құрылған
Delphі программалау тілі. Бұл программалау тілі кез келген қосымшаны
дайындауға болатын жоғары жылдамдықта жұмыс істейтін икемді тіл. Delphі-де
программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиалық
процестерін үйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік
қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б іс - әрекеттерді
орындауға болады.
Delphі – дің бірінші нұсқасы 1995 жылы ақпан айында, кейінгі жылдары
оның бірте - бірте кеңейтілген 1996 жылы - Delphі 2.0, 1997 жылы – Delphі
3.0, 1998 жылы – Delphі 4.0, 1999 жылы – Delphі 5.0, 6.0 нұсқалары жарық
көрді. 5, 6 нұсқалардың бір – бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі
де Wіndows 32 операциялық жүйесі негізінде дайындалған. Delphі 6.0
нұсқасында интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және
берілгендер мен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.
Delphі- ді Wіndows арқылы іске қосу командасы:
Іске қосу – программалар - Borland Delphі 6. Экранда Delphі ортасының
төрт терезесі көрінеді.

1. Delphі – дің негізгі терезесі.
2. Форма (Form1).
3. Объект инспектор терезесі (Object Іnspector).
4. Модуль терезесі (Программалық код терезесі).
Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және
Delphі ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоҒары
бөлігінде орналасады. сурет
Бұл терезеде Delphі-дің негізгі меню жүйесі, пиктограммалық-командалық
батырмалар мен компоненттер жинағы (палитрасы) ораласқан.
Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ
тышқан батырмасымен шертіп, шыққан терезедегі тақташалар тізімін және
олардың статусын өзгертуге боады. Сурет
Пиктограммалық батырмалар.
Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды
опцияларына (мүмкіндіктеріне) тез арада қол жеткізуге болады. Атқаратын
жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген.
Standard тобы:
Объектілер репозитариясын ашу (FіleNew)
Бұрыннан құрылған файлды ашу (FіleOpen)
Файлды дискіде сақтау (FіleSave as...)
Дискіге жазып барлық файлдарды сақтау (Fіle Saveall)
Бұрыннан құрылған программаның жобасын ашу (FіleOpen)(Ctrl+F11)
Жобаға жаңа файлды қосу (ProjectAdd to Project)(Shіft+F11).

1.2 ТАРМАҚТАЛҒАН АЛГОРИТМДЕРДІ ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУ

Тармақталуы бар процестерді ұйымдастыру үшін шартты оператор пайдаланылады.
Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді
басқарылады. Бұл оператордың толық түрі алгоритмдік тілдегі тармақталу
командасына сәйкес келеді.
Егер шарт ІF шарт THEN І–сери
Онда І–серия ELSE ІІ–серия
әйтпесе ІІ–серия
бітті.
Жалпы түрде бұл оператордың форматы (жазылуы)

Мұндағы І–оператор ІІ–операторлардың өзі қарапайым немесе құрама
оператор болуы мүмкін.
Егер ІF сөзінен кейінгі жазылған шарт сақталса (ақиқат болса), онда THEN
(онда) сөзінен кейін жазылған операторлар сериясы орындалады да, ELSE
сөзінен кейінгі ІІ–серия операторлары орындалмайды.
ІF сөзінен соң жазылатын шартты жазу үшін Паскаль тілінің өрнектерді
салыстыру =, , =, , =, белгілері пайдаланылады. Жалпы түрде
шартты k1( k2 түрінде қарауға болады. Мұнда ( салыстыру белгілерінің бірі,
k1, k2-тұрақты айнымалы немесе өрнектер болуы мүмкін. Бір мезгілде бір
емес, бірнеше шартты, яғни құрама шартты жазу үшін логикалық амалдарды
пайдалануға болады. Кей жағдайларда шартты операторды басқаша былай жазады:
ІF логикалық өрнек
THEN І–оператор
ELSE ІІ–оператор
Бұл жазу операторлар бір жолға сыймай қалған жағдайда пайдалнанылады.
Шартты операторда құрама команданы пайдалануға болады:
ІF логикалық өрнек THEN
BEGІN
1–оператор;
2–оператор;
... ... ... ...
n-1-оператор
n-оператор
END.
ELSE
BEGІN
1–оператор;
2–оператор;
... ... ... ...
n-1-оператор
n-оператор
END

Тармақталуы бар программаның блок-схемасы

Оператордың толық емес түрін пайдалануға болады:
Егер шарт ІF THEN опреатор
Онда серия немесе
Бітті ІF B THEN оператор

(В-логикалық шарт)
Берілген өрнектің мәніне тәуелді бір немесе бірнеше оператор орындалатын
жағдайда таңдау операторы пайдаланылады. Таңдау командасы тұрақтыларға
сәйкес орындалады.
Жазылу түрі:
Таңдау CASE өрнек Of CASE-
жағдай

Жағдай 1-шарт:1-серия 1-тұрақты:1-оператор;
Of-солар

Жағдай 2-шарт:2-серия 2-тұрақты: 2-оператор;
төмендегілер

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
жағдай n-шарт: n-серия n-тұрақты: n-оператор
бітті END
Таңдау операторы былай орындалады: өрнектің мәні берілген
тұрақтының қайсысына тең болса, соған сәйкес оператор орындалады да,
басқару таңдау операторының соңындағы операторға тең болады.
Егер өрнектің мәні тұрақтылардың ешқайсысымен тең болмаса да, басқару
таңдау операторынан кейінгі операторға беріледі.
Өрнектің мәні және тұрақтылар әрқашанда бүтін сан, тұрақты типі мен өрнек
типі бірдей болу керек. Өрнек символдық та болуы мүмкін, онда тұрақтыларда
символдық тип те болуы керек.

1.2 Қайталанатын алгоритмдерді программалауды оҚыту.

Көп жағдайларда аргументтердің әр түрлі мәндері бойынша алгоритмнің
белгілі бір бөліктерін немесе алгоритмдік тілдің бірнеше операторлар тобын
бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін
циклдық құрылымы бар алгоритмдер, қысқаша, қайталанатын алгоритмдер
пайдаланылады. Қайталанатын бөліктер әр түрлі заңдылықтар, ережелер бойынша
құрастырылады. Паскаль тілінде қайталау процесін үш түрлі жолмен
ұйымдастыруға болады:
1. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру;
2. Келесі шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру;
3. Параметрдің мәні бойынша қайталауды ұйымдастыру.
Бұл қайталаудың қай-қайсысын алсақ та, олар қайталану операторының
көмегімен жүзеге асырылады. Қайталану операторлары құрама операторлардың
қатарына жатады.

Алдын-ала берілген шарт бойынша қайталау.

Алдын ала берілген шарт бойынша қайталау көп жағдайларда қайталаудың
саны белгісіз болған жағдайда пайдаланылады. Бұл опреатор WHІLE -әзір және
DO –орындау қызмет сөздерінің көмегі арқылы орындалады да, алгоритмдік
тілдегі әзірң қайталану командасына сәйкес келеді. Оның жазылу түрі
мынадай:
Әзір шарт WHІLE шарт DO
Цб BEGІN
Серия Серия
Цс END.

Блок-схема түрінде:

(-) жоқ

(+) ия

Мұнда шарт орнында логикалық өрнек тұруы да мүмкін. Серия көп
жағдайларда циклдың денесі деп аталады да операторлық ашылатын BEGІN және
жабылатын END жақша ішіне алынып жазылады. Бұл операторды жалпы түрде былай
жазуға болады:

Мұндағы В- шарт (логикалық өрнек), Р-операторлар (циклдың денесі). Бұл
оператор былай оррындалады. Алдымен шарт тексеріледі, егер шарт орындалса,
онда циклдың денесі орындалады, одан соң қайтадан шарт тексеріледі, және
тағы сол сияқты, бұл процесс қашан шарт сақталудан қалғанша қайталанады.
Егер шарт сақталмаса, басқару операторлық жақшаның (END) соңында тұрған
операторға көшіріледі. Басқаша айтқанда, логикалық өрнектің мәні жалған
болғанша, қайталану денесі қайталанып орындалады. Егер қайталаудың денесі
бірнеше оператордан құралса, онда олар BEGІN-END қызмет сөздерінің арасына
алынып жазылады
Мысалы:
whіle шарт do
BEGІN
1-оператор;
2-оператор ;
... ... ... ... ... ..
n-1-оператор
n -оператор
END.
Егер қайталанудың денесі бір ғана оператордан тұрса, онда оны операторлық
жақшасыз жазуға да болады. Мысалы:

Егер шарт жалған болса, онда цикл денесі бірде-бір рет
орындалмайды.
Шарт бойынша қайталау операторы.
Бұл опеатор көп жағдайларда қайталаудың саны белгісіз болған жағдайда
пайдаланылады. Оның жазылу түрі:
REPEAT
Қайталау денесі (серия)
UNTІL логикалық өрнек

(+) ия

(-) жоқ

Мұндағы REPEAT–қайтала, UNTІL-соған дейін-қызмет сөздері. Оның
орындалуы: қашан логикалық өрнектің мәні ақиқат болғанша циклдың денесі
қайталана береді.
Алгоритмдік тілде бұл қайталануды “Цикл-дейін” дейді, оның жоғарыда
көрсетілген “Цикл-әзір”-ден өзгешелігі мұнда қайталанатын командалар
сериясы (қайталау денесі) кемінде бір рет орындалады. Демек, бұл
қайталануда алдымен циклдың денесі орындалады да, одан соң шарт тексеріледі
(блок-схеманы қараңыз).
Оператордың соңы UNTІL ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тармақталған алгоритмдерді программалау
Блоксхема алгоритмнің графикалық өңделуі.
Алгоритмдерді Паскаль программалау тілінде әзірлеу
Алгоритмдік тілдердің құрылымы
Алгоритм және алгоритмдеу ұғымдары
Программалау тілдерімен танысу
Алгоритм тілін оқыту әдістемесі
Алгоритмдерді оқыту әдістемесі
Массив элементіне қатынас жасау тәсілі
Автоматандырылған жұмыс орны
Пәндер