Турбо Паскалль тілінің негізгі элементтері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

Жалпы түсінік. 4

1. ЭЕМ туралы түсінік 4

1.1 Есепті ЭЕМ-де шығарудың негізгі кезеңдері 4

1.2 Алгоритм және блок-схема 5

2. Турбо-Паскаль 7.0 версия жүйесімен танысу 5

2.1 Турбо-Паскаль 7.0 версия жүйесін іске қосу және жұмыс істеу. 5

2.2 Турбо-Паскаль 7.0 версия жүйесі. 6

2.3 ''Негізгі меню''. 6

3.Турбо Паскаль 7.0 версиясы тілінің негізгі элементтері. 7

3.1 Тілдің алфавиті мен сөздігі. 7

3.3 Программаның жалпы құрылымы. 8

3.4 Турбо Паскаль 7.0 программасының құрылымы 8

4.Нұсқаулар бөлімі. 9

4.1 Паскаль тілінің нұсқаулары. 9

5.Паскаль тілінің күрделі бөлімдері. 13

5.1 Құрылымдық программалаудың негіздері. 13

5.2 Мәліметтердің күрделі типтері 14
5.3.1 Массив (ARRAY) 14
5.3.2 Жазба (RECORD) 14
5.3.3 Жиындар (SET) 16
5.3.4 Файлдар (FІLE) 17
5.3.5.Текстік файлдар 18

6.Процедуралар мен функциялар 20

6.1 Процедура 20

5.2.Функция 22

7.Модульдік бағдарламалау 23

7.1.Модульдерді баяндау 23

ПайдаланылҒан Әдебиеттер 28

Кіріспе

Қазіргі уақытта ғылыми техниканы дамуының жетістіктеріне сай, алдыңғы
қатарлы электронды есептеуіш машина өміріміздің әр алуан саласында
қолданылуда. Электронды есептеуіш машинасы мен адам арақатнасын
қалыптастыруға керекті алгоритмдік тілдер:
Фортрон, Паскаль, Бейсик, Си компьютерде есептерді белгілеп нәтижесін
шығаруға бейімделген. Солардың арасында, біз-студенттерге программалау
технологиясы мен алгоритмдік тілдерді оқып үйренуге ыңғайлы және де
прогаммалау тілдерінің ең алғашқы баспалдағы Турбо-Паскаль болып табылады.
Программалау тілі—бұл үш сөздің бірлетігі: алфавит, синтаксис,
семантика.
Алфавит тілі—бұл программалау кезінде қолданылатын символ, белгілер
жиыны.
Синтаксис тілі—бұл сөйлемдегі ережелерді құрастыру жиынының бір
бөлімі.
Семантика тілі—конструкциялық тілдің түсіндірілу ережесі анықталатын және
синтаксис жүйесі арқылы құралған. Паскаль тілін 1975 жылы Швейцарияда
профессор Никалаус Вирт оқып үйренуге қолайлы алгоритмдік тіл ретінде
ұсынған. Бұл Турбо Паскаль тілі басқа тілдерге қарағанда ЭЕМ-нің түсінуіне,
орындауына өте қолайлы тіл ретінде, сол кездегі алдыңғы қатарлы тілдердің
жақсы мүмкіндіктерінің бойына сіңірген болатын. Қазіргі кезде Паскаль тілі
кез-келген саладағы күрделі есептерді шығара алатын, кең тараған стандартты
программалау тіліне айналды. ДК пайда болғаннан кейін Borland Іntertatіon
АҚШ фирмасы Паскаль тілінің варианттарын ойлап тапты, солардың бірі Турбо-
Паскаль деп аталады. Осы арқылы Турбо Паскаль жүйесі пайда болды.
Өміріміздің талабына сай Паскаль тілі жақсарып, жаңа версиялары пайда бола
бастауы жаңалық емес. Соңғы кезде 7.0 версиясы кең қолданысқа ие болып
отыр. Турбо Паскаль 7.0 версиясын Borland Іnternatіonal фирмасы 1992 жылы
ойлап шығарды. Бұл программаның басқа программалардан айырмашылығы:
экрандағы енгізілген мәтіндегі қатені белгілеп беруі, тұтынушымен интерфейс
жақсартылды, компилятор жақсартылды.
Турбо Паскалль тілінің негізгі элементтері:
1. түйінді сөздер
2. айнымалылар
3. идентификатор
4. процедура мен функциялар
5. Турбо Паскаль модулі
6. программалар
Бұл барлық элементтер Паскальда синтаксис, семантика, алфавит
тілдері арқылы құралған.

Жалпы түсінік.

1. ЭЕМ туралы түсінік

Соңғы елу жылдар ішінде ЭЕМ (электронды есептеу машиналары) даму
дәуірінде елеулі өзгерістер болды. Алғашқы шамды ЭННАК есептеуіш
техникасынан бастап бүгінгі дербес компьютерге дейінгі ЭЕМ дамуын төрт
сатыға бөлуге болады.Бірінші сатыға алғашқы сериялы шамды БЭСМ-1 ''Стрела''
есептеуіш машиналарынан бастап 60 жылдарға дейінгі ЭЕМ-дерді жатқызуға
болады.
Бірінші сатыдағы ЭЕМ-дер қатарына: БЭСМ-1, БЭСМ-2, стрела, минск, М-20
жатады. Бұл ЭЕМ-дер есептеу барысында бір секундта оншақты мы”дай амалдар
орындалады.
Екінші сатыға- транзисторлы есептеуіш машиналары жатады. Бұл секундына
100 мыңдай амал орындаған.
Үшінші сатыға – интегралдың жүйеге негізделген есептеуіш комплекстер
жатады. Олар секундына миллиондай амалдар орындайды. Осы сатының машиналары
бірлесіп қызмет істей алатын немесе біріккен жүйенің ЭЕМ-дері қатарына ЭЕМ
(ІBM 360370) сериясымен жасалып шыққан есептеу машиналары жатады.
Төртінші сатыға – үлкен интегралдың жүйеге негізделген көп
процессорлы есептеу комплекстері кіреді. Секундына оншақты миллион амал
орындайды.
ЭЕМ-нің қолданылуы өте көп. Олар физикалық модельдеу; биологиялық поцетерді
зерттеу; автоматты түрде жобалау жұмыстары сияқты қызмет атқарады.

1.1 Есепті ЭЕМ-де шығарудың негізгі кезеңдері

Есепті ЭЕМ-ді пайдаланып шығару алты кезеңнен тұрады:
1. Есептің математикалық жобасын белгілеу;
2. Есептің шешу әдісін таңдап алу;
3. ЭЕМ-нің ерекшілігін ескеріп, есепті шешу үшін алгоритм
таңдау, құрастыру;
4. Программалау;
5. Программа жұмысын ЭЕМ-де тексеру, қалыптастыру;
6. Есепті ЭЕМ-де автоматты түрде орындау.
Енді әр кезеңнің орындалуына қықаша тоқталып өтейік.
1. Есепті матиматикалық тұрғыдан дұрыс қою сатысына оның
мазмұнын анықтайтын барлық айнымалыларға сәйкес математикалық белгілеулер
енгізіледі. Сондай-ақ олардың арасындағы байланыстар формальды түрде
жазылады. Қолданылатын математикалық аппарат есептің шартынан анықталады.
2. Есепті шешу әдісін таңдап алу сатысында шығатын нәтижемен берілген
деректердің арасындағы тәуелділік және таңдап алған әдістің қолданылу
мүмкіндігі зерттеледі.
3. Үшінші кезеңде–есепті шешуге арналған әдістің ЭЕМ-нің нақты түріне
сәйкес құрылған алгоритмі жасалады.
4. Алгоритмді ЭЕМ-ге түсінікті формальды тілде жазу сатысын программалау
деп атайды. Программа деп алгоритмнің ЭЕМ-ге түсінікті таңбада жазылуын
атаймыз.
5. Жасалған пограмманың қызметін программалаушы ЭЕМ-да есептеулер
жүргізу арқылы тексереді және керек жағдайда өзгертеді.

1.2 Алгоритм және блок-схема

Алгоритм деп берілген деректердің дәйекті нәтижеге түрлену жолын
көрсететін ережелер мен нұсқаулар жүйесін айтады.
Алгоритм қасиеттері:
а) Есептің шығару жолын бір мағыналы түрде анықтау;
ә) Мүмкіндігінше есептің әр түрлі варианттарын шығаруға жағдай туғызу;
б) Қолданылу барысында белгілі бір заңдылық бойынша есептеу нәтижесіне
міндетті түрде жеткізу.
Керек болған жағдайда алгоритмге сәйкес блок-схема келісімге
байланысты өзіндік мағынлары беріледі. Әрбір фигура ішінде орындалатын
амалдар көрсетіледі де, олар амалдар блогы деп аталады.

2. Турбо-Паскаль 7.0 версия жүйесімен танысу

2.1 Турбо-Паскаль 7.0 версия жүйесін іске қосу және жұмыс істеу.

Турбо-Паскаль жүйесінің көлемі өте үлкен. Ол бірнеше дистрибутивтік
дискіге жабдықталады да, қатты дискіге орналастырылады. Бұл жүйені қатты
дискіге жазған кезде ең алдымен TP, Pas, Turbo Pas, Pascal деген
атпен каталог құрылады және бұл каталогтағы дистрибутивтік дискеге барлық
файлдар орналасады. Турбо-Паскаль ортасын іске қосу үшін, дербес
компьютердің түйіндерімен төменгідей атқару командасын теріп:
C:\TURBOturbo.exe
‘’Enter’’ түйінін басамыз. Соның нәтижесінде Тубо-Паскаль жүйесі іске
қосылып, компьютер дисплейі 1.1-суретте көрсетілгендей күйге ие болады.

Турбо-Паскаль ортасында жұмысты аяқтау үшін, Alt+x түйіндерін бірге қоса
басса жеткілікті.

2.2 Турбо-Паскаль 7.0 версия жүйесі.

Дисплейде қалыптасқан, Турбо Паскаль ортасы төрт бөлімнен тұрады:
–Жоғарғы ‘’меню’’ қатары (‘’негізгі меню’’);
–теріп-түзету терезесі (Edіt);
–байқау терезесі (Watch);
–көмекші қатар (мұнда тәндік түйіндердің орындалатын әрекеттерге
меншіктелуі көрсетілген).

2.3 ''Негізгі меню''.

Турбо Паскаль ортасында жұмыс істеу реттері, мүмкіншіліктерінің айқындап
толықтыру тәртібі, негізгі менюдің келесі командаларынан анықталады: Fіle,
Edіt, Run, Compіle, Optіons, Debug, Break, Watch.
FІLE командасы
Негізгі әрекеттердің сипаттамалары төмендегідей:
LOAD (файл енгізу)–теріп-түзету редакторына сыртқы жады құрылғысында
сақтаулы файлды орналастыруға қолданылады.
NEW (жа”а файл)–теріп-түзету редакторын ‘’жаңа’’ (NONAME.PAS) теруге
дайындайды (қалған уақытта ''жаңа'' файл атауын өзгертуге болады);
SAVE (файлды сақтау)–теріп-түзету редакторындағы өңделген программа
нұсқасын сыртқы жады құрылғысына, файл түрінде жазып сақтауға қажет.
EDІT командасы
Теріп-түзету терезесіне, ‘’fіle’’ командысыны” әрекеттерімен (LOAD
немесе NEW) орнықтырылған программа нұсқасын түзетіп өңдеуге қолданылады.
Программа нұсқасы өңделгеннен кейін ‘’Save’’ әрекетін пайдаланып, сыртқы
жады құрылғысына жазып сақтаған жөн.
RUN командасы
Бұл команданы” ‘’басымдылық тізім’’ әрекеттері, Турбо Паскальдағы
программаны” орындалу нәтижесін шығару немесе орындалу қадамын қадағалауға
мүмкіншілік береді.
RUN (оындау) әрекеті іске қосылғанда келесі жағдайлар кездесуі
мүмкін:
–программа орындалатын, оның нәтижесін Output (шығару файлы) терезесін көре
аламыз;
–егер программа нұсқасында (тексінде) енгізу (Read, Readln) қолданылған
болса, онда теріп-түзету терезесінің орнына Іnput (енгізу файлы) терезесі
пайда болады да, енгізілуге тиісті мәліметтерді түйіндердің көмегімен
меншіктейміз. Мәліметтердің бәрі толық меншіктелгеннен кейін, программа әрі
қарай орындалып нәтижесі ''Output’’ файлына жинақталады. (Read пен Readln
процедураларының бірінші параметрі–файл типті айнымалы болмаған жағдайда,
деректерді енгізуге стандартты ''Іnput’’ текстік файлы қолданылады).
–программа нұсқасын компиляциялау кезінде аңдалмайтын орындау барысында
анықталатын қателер болуы мүмкін. Бұл жағдайда ‘’Output’’ файлына, қате
нөмірі мен сегменті көрсетіледі. Қатені түзету қиынға соққан жағдайда,
программаның орындалу нәтижелерін талдауға басқа әрекеттерді (Tpace Іnto,
Goto cursor т.б) қолданылады.
Compіle командасы
Бұл команда теріп-түзету терезесіндегі Паскаль тілінде терілген
программа нұсқасын компьютердің ''өзіндік''–тілін оындалатын машина кодына
.exe (файлға) алмастыру процесін басқарады. Қосымша терезеде, Compіle
командасыны” атқарылатын әрекеттері тізімі пайда болады. Негізгі
әрекеттерді” мәнісіне тоқталайық.
Compіle (компиляция) әрекеті–программа нұсқасына сәйкес, компьютердің
''өзіндік'' тіліндегі .exe–файлын құрастырады;
Destіnatіon (тағайындау) әрекеті құрастырылатын .exe файл, қай жерде
сақталуға тиісті екенін анықтайды. Егерде мәні Detіnatіon=Memory болса,
.exe файл оперативтік жадыда сақталады.
Бұл мәнді әрекетті (Destіnatіon=Memory), прогамманы пысықтап–қалыптастыру
кезеңінде қолданған жөн.
Ал, әрекеттің мәні, Destіnatіon=Dіsk болса, exe файл сыртқы жады
құрылғысына жазылып сақталады.
Программа нұсқасынан (тексінен), exe файл құрастыру кезінде
синтаксистік немесе семантикалық қателер табылса, онда теріп-түзету
терезесінде, қатенің коды мен сипаттамасы жазылып, ал курсор қатенің
орнында тұрады.
Optіons, Debug, Break, Watch командалары. Бұл қосымша командалар.
–Жүйелеу программасының бөлімдерінің жұмысын басқаруға;
–керек жағдайда,программа орындалу қадамының нәтижелерін байқап отыруға;
–программаның орындалу кезеңінде берілген операторлардың нәтижесін
бақылауға көмектеседі.

3.Турбо Паскаль 7.0 версиясы тілінің негізгі элементтері.

3.1 Тілдің алфавиті мен сөздігі.

Паскаль тілінің алфавитіне кіретін символдарды үш топқа бөлуге болады:
цифрлар, әріптер, арнайы символдар.
Әріптер ретінде латын алфавитінің бас және кіші әріптері
пайдаланылады.
Цифрлар өзімізге белгілі араб цифрлары.
Қызметші сөздер алдынала мағынасы анықталған, тілдің құрамының бір
бөлігі боып табылады.
3.2 Турбо Паскаль 7.0 қолданылатын функционалдық пернелер.
F1-анықтама
F2-сақтау
F3-дискідегі мәтінді оқу
F4-жөндеу режимінде қолданылады
F5-экран көлемін өзгерту
F6-келесі терезені қосу
F7-жөндеу режімінде қолданылады.
Осы функционалдық пернелерді Alt (alternatіve-қосымша), Ctrl (control-
басқару), Shіft (shіft-жылжымалы)–басқару пернелерімен біріктіріп қолдануға
болады.

3.3 Программаның жалпы құрылымы.

Паскаль тілінде жазылған программа екі негізгі бөліктен тұрады:
Ћпрограмма тақырыбы;
Ћпрограмма денесі.

PROGRAM→Идентификатор→(→ Идентификатор→)→;блок→;

Прогамманың тақырыбында программаның аты және қажет болған жағдайда файл
көрсетіледі.
Программа денесі баяндау және нұсқаулар бөлімдерінен тұрады.
Баяндау бөлімі программадағы мәліметтердің түрлерін белгілеуге қолданылатын
бас тараудан тұрады:
–ерекше белгілерді баяндау;
–констандаларды анықтау;
–типтерді анықтау;
–айнымалыларды баяндау;
–процедуралар мен функцияларды баяндау.
Нұсқаулар бөлімі программаның орындалу тәртібін көрсетеді. Паскаль тілінде
төмендегідей нұсқаулар қолданылады:
1.Меншіктеу нұсқауы;
2.Құрамды нұсқау;
3.Шартты нұсқау;
4.Қайталану нұсқауы;
5.Бағыттама нұсқауы;
6.Таңдау нұсқауы;
7.Енгізу және қортындылау процедуралары.

3.4 Турбо Паскаль 7.0 программасының құрылымы

Программа–алгоритмді машинаға түсінікті етіп жазу. Алгоритм деп–реттелген
амалдар тізбегін айтамыз.
Программа PROGRAM түінді сөзінен басталып, END түйінді сөзімен аяқталады.
Бұл екі түйінді сөз арасында айнымалылар бөлімі және нұсқаулар бөлімі
сипатталады:
Басы? айнымалыларды баяндау бөлімі? нұсқаулар бөлімі? соңы.

4.Нұсқаулар бөлімі.

Нұсқаулар бөлімі программаның негізгі бөлімі. Кез келген программаның
орындалуы оның нұсқаулар бөлімінің, яғни Begіn және End нұсқаулық жақша
ішінде алынған нұсқаулар тізбегінің орындалу нәтижесін есептейді:
Begіn
Оператор_1;
Оператор_2;
Оператор_N
End.

4.1 Паскаль тілінің нұсқаулары.

Паскаль тілінде жазылған программа төмендегі нұсқаулардан құрастырылады.
Меншіктеу нұсқауы.
Меншіктеу нұсқауы керекті айнымалыға есептелген мәнді, қабылдау үшін
пайдаланылатын нұсқаудың жалпы түрі:
айнымалы :=өрнек;
мұндағы := –меншіктеу операторы. Мысалы:
1)і:=і+1;
2)x1:=(-b+sqrt(b*b-4*a*c))\(2*a);
3)fun:=false.
Құрамды нұсқау.
Бірнеше нұсқаулардың тізбегін біріктіру үшін құрамды нұсқау
пайдаланады. Құрамды нұсқаудың жалпы түрі:

Begіn
Оператор_1;
Оператор_2;
Оператор_N
End.

Мысалы:
Begіn
Max:=A[і,j];
M:=і;N:=j
End.
Мысалдағы үш меншіктеу нұсқаулары бір құрамды нұсқау болып табылады.
Шартты нұсқау.
Шартты нұсқау программаның ішіндегі нұсқалар тізбектерінің тармақталып
орындалуын ұйымдастыруға көмектеседі.осы нұсқау арқылы шартты нұсқау
құрамына енген нұсқаулардың біреуін ғана таңдап алады да, орындалады.
Шартты нұсқаудың жалпы түрі:
ІF шарт THEN нұсқау_1[ELSE нұсқау_2];
Мұнда: шарт–логикалық өрнек, ІF (егер), THEN (онда), ELSE (әйтпесе)
түйінді сөздер. Мысалы:
ІF A[І,J]0
THEN K1:=K1+1
ELSE K2:=K2+1

Қайталау нұсқаулары.
Паскаль тілінде цикл нұсқауларының үш түрі бар:
а)Whіle;
ә)Repeat;
б)For.
а)FOR нұсқауы
FOR нұсқауы цикл айнымалы (параметрі) өзінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне
дейін бірлік қадаммен өзгеру барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше
нұсқауды қайталау ісін атқарады.
1) Цикл барысында оның параметрінің мәні біртіндеп өсетін болса, TO
түйінді сөзі қолданылады. Тек бір оператор қайталанатын кездегі оның жазылу
түрі мен орындалуының алгоритмдік схемасы 4.1-суретте көрсетілген.

FOR і:=n1 TO n2 DO оператор;
Мұндағы FOR-оператор аты, ‘’үшін’’ болып аударылады; TO-түйінді сөз
(дейін), DO-түйінді сөз (орындау); і-цикл параметрі санауға, реттеуге
болатын типтегі айнымалы; n1, n2-цикл параметрінің алғашқы және соңғы
мәндері (n1n2);оператор-бірнеше рет қайталанатын нұсқау.
2)Цикл параметрінің алғашқы мәні соңғы мәнінен артық болған жағдайда
(n1n2), яғни қадамы –1 болып кемитін кезде FOR операторының жазылу түрі
өзгешелеу болады:
For і=n1 Downto n2 Do оператор;
Мұндағы Downto-түйінді сөз, ‘’кері қарай’’ болып аударылады;
Мысалы: 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандарды” қосындысын табу керек.
Program cymma;
Var і, s: іnteger;
Begіn
S:=0; for і:=1 to 100 do
S1:=S+і;
(‘S=’, S:6);
End.
ә)Whіle-цикл нұсқауы.
Шартты алдын ала тексеретін қайталану саны белгесіз цикл операторы Whіle
(әзірше) шарт ақиқат болғанда ғана орындалады. Егер шарт жалған болса, бұл
цикл бір рет те орындалмауы мүмкін. Бұл операторының орындалу желісі 4.2-
суретте келтірілген, ал жазылу түрі:
Whіle шарт DO оператор;

Мысалы:
қатарының қосындысын дәлдігімен (оның келесі мүшесі
болғанға дейін ) есептеу қажет. Бұл қосындыны табудың алгоритмі 4.3-
суретте келтірілген, ал программа тексті

Program cymma;
Const eps=1e-5;
Var k: іnteger; a,s: real
Begіn
K:=1; a:=1sqr(k); s:=0;
Whіle aeps do
Begіn
S:=s+a;
k:=k+1;
a:=1(k*k);

End;
Wrіteln (`қайталау саны=`,
(k-1):3
`s=`, s:8:3
End.

Өту (бағыттама) нұсқауы.
Программадағы нұсқаулардың орындалу тәртібі жалпы олардың
жазылу орны (реті) бойынша анықталады. Программа жұмысы
жоғарғы қатардағы нұсқауға шейін реттеп біртіндеп
орындалады. Егер кейбір қатарда әлденеше нұсқаулар
жазылған жағдайда олар солдан оңға қарай біртіндеп
орындалады. Нұсқаулардың осындай ретпен орындалуын өзгерту
үшін өту нұсқауы пайдаланылады. Өту нұсқауының жазылу
түрі:
GOTO N;
Мұндағы, GOTO (өту)- Паскаль тілінің түйінді сөзі;
N-ерекше белгі (N идентификаторы ерекше белгілерді баяндау
тарауында (LABEL) анықталу керек).

Өту нұсқауының нәтижесі - программа денесіндегі
нұсқаулардың жазылу реті бойынша орындалуын доғарып, ендігі
орындалу ретін ерекше белгімен таңбаланған нұсқауға
ауыстыру.
Таңдау (сұрыптау) нұсқауы.
Таңдау нұсқауы-программаның орындалу барысында көп
шартты тексеру қажет болса және де әр шартқа байланысты
анықталған нұсқаулар таңдалып (сұрыпталып) орындалуы тиісті
жағдайда пайдаланылады. Бұл нұсқаудың жалпы түрі:
CASE tі OF
Ml, m2,..., mN : SІ;
K1, k2,..., kN : S2;
END;
Мұнда, CASE, OF, END –Паскаль тілінің түйінді сөздері;
Tі –өрнек (та”дау индексі );
M1, m2,..., mN, k1, k2,..., kN –таңдау константалары;
S1, S2,... - Паскаль тілінің нұсқаулары.
Таңдау нұсқауы өрнектен (таңдау индексінен) және бір немесе
бірнеше таңдау константалары таңбаланған нұсқаулар
тізбегінен құрылады.

5.Паскаль тілінің күрделі бөлімдері.

5.1 Құрылымдық программалаудың негіздері.

Анықталған ережелердің жиынында белгіленген конструкцияларға сәйкес
прогаммаларды жазудың келесі принциптері құрылымдық программалаудың негізін
құрайды.
Бірінші принцип. Кез келген Паскаль программасы негізгі үш
конструкциялардың көмегімен құрылуы мүмкін:
а)Тізбек;
ә)Тармақталу;
б)Қайталану.
Екінші принцип. Кез келген программа берілген есептің нәтижесін
табуға керекті нұсқаулар жиыны ретінде қарастырылады. Программалаудың
келесі сатысы – осы жобаны нақтылау қадамдарынан тұрады. Жоба бірнеше ішкі
бөлімдерге бөлініп, әрбір ішкі бөлімдер әрі қарай нақтылана берілуі мүмкін.
Осындай нақтыландыру бірінші принциптағы үш конструкцияладың көмегімен, N-
ші деңгейде программаны құрайтын ішкі бөлімдерді тікелей прогаммалауға
болады.
Программаның негізін құрайтын үш конструкцияларға тоқталайық:
а)Тізбек–программа құрылымының негізгі конструкциясы, ол бір немесе
бірнеше функцияналдық блоктардан тұрады. Оны” схемасы:
Begіn P1; P2;...;PM End;
Мұндағы P1, P2,...,PM–функцияналдық блоктар.
ә)Тармақталу конструкциясы екі немесе одан да көп функцияналдық
блоктардың, берілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal 7.0 интегралдық программалау ортасын пайдалану
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Паскаль тілінің алғашқы түсініктері
Turbo Pascal – дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы
Турбо Паскаль программалау жүйесі
Жалпы білім беру мектептерінде математикалық логика элементтерінің оқытылуы және турбо пролог логикалық программалау тілі
Паскаль программалау тіліне жалпы түсінік
Спортлото ойыны
С++ тілінде диаграмма тұрғызу
Турбо Паскаль тілінде бағдарламаларды құрастырудың тәселдері
Пәндер