Excel программасын іске қосу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
MІCROSOFT EXCEL - электронды кестесі қолданушының жұмыс жасауына өте
тиімді бағдарлама. Ол жай бағдарлама емес, оның көмегімен көптеген
математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді шешуге, сонымен қатар
мәліметтерді пайдаланып, түрлі джиаграммалар құрып, мәліметтер қоймасын
жасап, олармен жұмыс істеуге, сандық зерттеу жұмыстарын жүргізуге т.с.с.
болады. Сонымен қатар ол - кестелік процессор деп аталады.
Кестелік процессордың атқаратын қызметі сан алуан:
▪ Электронды кестелерді құру мен редакциялау;
▪ элетронды кестені безендіру және басу;
▪ формулалармен біріктірілген көп кестелі құжаттарды құру;
▪ диаграммалар құру, графикалық әдістермен экономикалық есептерді шешу;
▪ электронды кестені дерекхана ретінде пайдалану; кестені сұрыптау,
сұраным бойынша деректерді таңдау;
▪ нәтижелік және салыстырмалы кестені құру;
▪ кесте құру кезінде сыртқы дерекханадан алынатын мәліметтерді қолдану;
▪ параметрлерді таңдай отырып, экономикалық есептерді шешу;
▪ оптималды есептерді шешу;
▪ деректерді өңдеу статистикасы;
▪ слайд - шоу құру;
▪ макромандалар жасау, қолданушының талабы бойынша күйлерін келтіру
ортасын құру.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және
жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағандар саны
256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа
мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді.

1.1 Excel программасын іске қосу

Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан
шартбелгіні (пиктограмманы) тауып, оны тышқанмен екі рет шерту керек. Ол
Excel программасын іске қосқаннан кейін компьютер экранында 1-суреттегідей
терезе шығады (программаны баптауға байланысты өзгеруі ықтимал).
Енді осы сиандартты Excel терезесінің элементтерін қарастырайық.
Экрандағы Excel терезесінде мынадай объектілер орналасқан:
Жоғарғы жол - басқару батырмалары бар терезе тақырыбы.
Екінші жол - Excel менюі.
Үшінші және төртінші жолдар - Стандартты және Форматтау аспаптар
тақтасы.
Бесінші жол - енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші
және соңғы жолдың арасында электрондық кестенің жұмыс парағы (беті)
орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен
белгіленеді.
Терезенің ең төменгі жолы - қалып-күй жолы. Төменгі жолдың сол жақ
шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы (көрсеткіші) орналасқан.
Мысалы, Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып,
режим индикаторын - “Дайын” (Готов) деген сөзді көрсетеді.

1.2 Excel менюімен жұмыс атқару
Меню жүйесін екпінділеу WіnWord программасындағыдай стандартты
тәсілмен жүргізіледі: яғни Alt не F10 пернесін басу қажет. Сол сәтте
менюдегі сөздердің бірі ерекшеленіп басқа түске боялады. Керекті менгю
пункті басқару пернелері көмегімен таңдалынады. Enter пернесін басқанда,
сол таңдап алған менюдің ішкі командалары ашылады, оларды пернелермен
ауыстырады, ал команданы таңдау үшін Enter пернесін басу керек. Менюден
шығу үшін Esc пернесін басады.
Excel менюімен жұмыс істеу үшін тышқан көмегін пайдалану өте ыңғайлы,
қажетті меню пунктін таңдап алып, тышқан курсорын оған қойып, тышқанның сол
жақ батырмасын шерту керек. Осы тәрізді тәсілмен менюдің ішкі командалары
таңдалынып, қосымша беті ашылады да, жалаушылар орнатылады.
Ms -Word редакторындағыдай Excel-де де орындалып жатқан әрекетке
сәйкес берілетін контекстік тәуелді анықтамалық жүйе бар. Әрбір істеп
жатқан жұмысымызға байланысты әрқашанда көмек ала аламыз.
Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысалық.
Жол нөмірі - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең
орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.
Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын)
анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан.
Бағаналар мынадай ретпен белгілінеді: А -Х, содан соң АА - АZ, одан кейін
ВА - ВZ және т.с.с.
Ұяшық - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі.
Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3
адресі в бағанасы мен нөмірі 3-жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.
Ұяшық көрсетікіші - ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескленген
тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте
бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.
Ағымдағы ұяшық - көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша
мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа
жатады.
Блок (ұялар жиыны, аймағы) - тіркесе орналасқан ұяшықтардың
тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан
тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама-қарсы бұрыштар
координатынан тұрады. Мысалы: В13:D19 блогы - бұл В13(D13(D19(B19(B13
торларымен шектелген ұяшықтар жиыны, А1:Н1, А1:А20, А12:D27 немесе D:F-
D,E,F бағаналарының барлық торлары, т.с.с. Әртүрлі формулалар енгізу
кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша
қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен
(пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.
Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу. Excel-де электрондық кесте
үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан (16 парақ)
тұрады. Экранда тек бір парақ - кітаптың ең үстінгі ашық тұрған беті
көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің
нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған
жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.
Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу. Осы
объектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді:
бағананы белгілеу - бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен таңдап алып,
оны бір рет шерту;
бірнеше бағананы ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы
күйінде ұстап курсорды оңға не солға жылжыту;
жолды ерекшелеу - жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып,
оны бір рет шерту;
бірнеше жолды ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы
күйінде ұстап курсорды жоғары не төмен созу;
блокты ерекшелеу - тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында басамыз
да, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұяшығына
жеткізу;
жұмыс парағын толық ерекшелеу - тышқан курсорын бағана аттары мен жол
нөмірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына алып
барып, оны бір рет шерту.
Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін Shіft пернесін басулы күйде
ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына
бағыттауыштар арқылы жеткіземіз. Әйтпесе F8 пернесін басып белгілеу
режиміне көшеміз де, бағыттауыш пернелерді пайдаланамыз. Esc пернесі
ерекшелеуді тоқтату үшін пайдаланылады.
Бір-бірімен тіркесе орналаспаған блоктарды ерекшелеу қажет болғанда,
былай істеу керек:
▪ алғашқы ұяшықты немесе тіркес ұяшықтардың бір блогын ерекшелеу;
▪ Ctrl пернесін басу және оны басулы күйінде ұстап тұру;
▪ келесі ұяшықты немесе блокты ерекшелеу, т. с. с.;
▪ Ctrl пернесін қоя беру.
Ерекшелеуді алып тастау үшін тышқан батырмасын жұмыс парағының
ерекшеленбеген кез келген бөлігінде шерту жеткілікті. Жаңа ерекшелеу де
бұрынғы ерекшелеуді алып тастайды.

1.3 Деректермен жұмыс

Деректер түрлері:
▪ мәтіндік - символдардың кез келген тізбегі.
▪ сандық - сандық тұрақтылар.
▪ формула - арифметикалық операциялар мен сандық шамалардан тұратын
өрнектер. Сандық шамалардан бөтен формулаға аргумент есебінлегі ұяшықтар
орны, функциялар, басқа да формулалар кіреді.
▪ функциялар - жиі кездесетін есептеулерді шешуге мүмкіндік беретін
бағдарламаланған формулалар.
▪ күндері (дата).
Жұмыс үстелін сандарды сақтау үшін пайдалануға болады, оан әрі қарай
осы сандарға командалар мен MІCROSOFT EXCEL құралдары арқылы көшіру, орнын
ауыстыру, сұрыптау, консолидация, диаграммалар құру және кестелер құру
сияқты қажетті есептеулер мен операцияларды орындауға болады. Сіз есептеу
машинасының ақпаралғысында және ашып отырған құжатыңызда талабыңызға сәйкес
деректерді сұрыптау, қайта топтау, талдау сияқты жұмыстарды атқара аласыз.
сонымен қатар бухгалтерлік жұмыстарды, пайданы есептеу сияқты, сауда-саттық
жұмыстарының құжаттамаларының да шаблондарын құруға мүмкіндік аласыз.
Жұмыс кітабы терезесінің элнменттері:
Ярлыктар - жұмыс кітабының парақтарын көрсетеді.
Ярлыктарды айналдыру батырмасы - жұмыс кітабындағы парақтарды
анықтайды.
Айналдыру сызықтары - көрінбей тұрған ағымдағы жұмыс парағын көруге
мүмкіндік береді.
Баған басы - әріптермен белгіленген, қатар басы - цифрлармен
белгіленген.
Ағымдағы ұяшық жиектемесі - активті ұяшықты көрсететін контур болып
саналады.
Жұмыс парағында кілтжиындағы пернелерді қолданып та жұмыстар жасауға
болады:
(, (, (, ( - осы белгінің сілтеуі бойынша бір ұяшыққа жылжу.
Ctrl + ( немесе Ctrl + ( - деректерді сақтаушы саласының жоғарғы
немесе төменгі жағына.
Ctrl + ( немесе Ctrl +( - деректер сақталған саладағы ұяшықтардың сол
жақ немесе оң жақ шетіне.
PgUp -ақпаралғының жоғарғы жағына.
PgDn - ақпаралғының төменгі жағына.
Home - қатардағы ұяшықтың сол жақ шетіне.
Ctrl+Home - жұмыс парағының жоғарғы сол жақ шетіне.
Ctrl+End - жұмыс парағының сол жақ төменгі щетіне.
End+ (, End+ (, End+ (, End+( - Егер активті ұяшық бос болса, осы
белгінің бағытымен келесі бос ұяшыққа өту. Егер активті ұяшықта деректер
болса, онда осы белгінің көмегімен келесі деректер жазылған ұяшыққа ауысу.
End+Enter - қатардың соңғы бағанасына ауысу.
1.3.1Деректерді енгізу
EXCEL бағдарламасындағы жұмыс парақтары ұяшықтарына деректерді енгізу
барысында жұмыс парағы құрылады. Ұяшыққа әртүрлі мәліметтерді: мәтіндерді,
сандарды, формула және функцияларды, сонымен қатар күнді, уақытты енгізуге
болады.
Мәтінді енгізу үшін: мәтін енгізілетін ұяшықты тышқан арқылы белгілеп,
кілтжиыннан енгізуге қажетті мәтіндерді тересіз. Ұяшыққа енгізілген мәтін
формула қатарында көрініп тұрады. Ұяшыққа санды енгізген кезде сандар
автоматты түрде ұяшықтың оң жақ шеті бойынша теңестіріледі. Енгізілетін
сандардың құрамына 0-ден 9-ға дейінгі сандар жатады, сонымен қатар +,(),
$,% символдарын да енгізуге болады.
Сандарды енгізу үшін:
1. Сан енгізілетін ұяшықты тышқан арқылы белгілеу керек;
2. Санды теру. Теріс сан енгізу үшін минус таңбасын қою немесе осы
санды дөңгелек жақшаға алу қажет;
3. Enter пернесін басу керек.

1.3.2 Енгізілген деректерді түзету
Ұяшыққа деректерді енгізгеннен кейін оған түзетулер енгізуге болады.
Түзетулерді ұяшықта жүргізумен қатар, ұяшыққа енгізілген деректердің
формулалар қатарында да шығатынына байланысты оны формулалар қатарында да
жүргізуге болады. Ол үшін:
1. Құрамындағысына түзету енгізілетін ұяшықты белгілеу.
2. F2 пернесін немесе формулалар қатарында тышқан батырмасын екі рет
басу.
3. ( немесе __ пернелерін курсорды қажетті жерге апару үшін басу.
Ұяшықтағы символды өшіру үшін Backspace немесе Del пернелерін
пайдалану. Сонан соң орнына қажетті символдыжазу қажет.
4. Өзгертіліп болғаннан кейін Enter пернесін басу.
1.3.4 Ұяшықтағы мәліметтерді қорғау
Excel-де бүкіл жұмыс кітабын, кез келген парақты немесе кейбір
ұяшықтарды өзгертуден қорғап қоюға болады. Информацияны қорғап қою оны
өзгертуден қорғалу қасиетін алып тастағанша шейін сақталады. Әдетте жиі
өзгермейтін мәліметтер (есептеу формулаларды, кесте тақырыптары) ғана
өзгертуден қоғалу тиіс.
Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады:
1. өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғалу қасиеттері алынады;
2. ағымдағы параққа немесе оның кейбір блоктарына қорғалу қасиеті
енгізіледі.
Бұдан кейін тек қорғалу қасиеті енгізілген ұяшықтар мен блоктарға ғана
мәліметтер енгіземіз.

1.4 Жұмыс кітабының файлдарымен жұмыс

Жұмыс кітабын сақтау.
Жұмыс кітабында жазылған деректердің барлығы компьютердің жадында
уақытша сақталады. EXCEL бағдарламасынан шыққан кезде бұл деректер
сақталмауы мүмкін. Сондықтан да жазылған деректерге сәйкес құрылған жұмыс
кітабының файлын дискіге уақытымен сақтап отырған жөн.
Сақтау жолы:
Файл командасын таңдап, Сақтау (Сохранить) ішкі менюін немесе қажетті
батырманы басу қажет. Диалогты терезе шығады. Файлдың аты (Имя файла)
өрісінде файлға ат беру қажет.
Файлды басқа дискіде сақтау үшін Папка (Save as) тізімін ашып, қажетті
дискіні таңдаған жөн. Дискінің атын таңдап болғаннан кейін (папканы
таңдағаннан кейін) Сақтау (Сохранить) батырмасын басып, сонан соң Enter
пернесін басу керек.
Жұмыс кітабын жаңа ат беріп сақтау.
Кейбір жағдайларда сіз бір жұмыс кітабында жұмыс жасай отырып, сол
жасаған жұмысыңызға өзгеріс енгізуіңіз керек болады немесе сол жасаған
жұмысыңыздың негізінде жаңа жұмыс кітабын ашү керек болады. Ондай жағдайда
төмендегі орындалатын әрекеттерге назар аударуыңызға болады:
Файл менюіндегі Қалай сақтау керек... (Сохранить как) ішкі менюін таңдау
қажет. Бұл сіз жасап отырған файлдың сақталуын қаматамасыз етеді.
Ақпаралғыға диалогты терезе шығады. Егер файлды жұмыс кітабында жаңа атпен
сақтау қажет болса, онда Файл аты (Имя файла) қатарында жаңадан берілетін
файлдың атын енгізу қажет.
Файлды басқа дискіде немесе басқа папкіде сақтау қажет болса, онде
енгізу өрісінен Папка бөлімін таңдаған жөн. Файлдар мен папкілер тізімінен
қажетті бөлімді ашып, жаңа файлды сонда өрналастыруға болады, яғни сақтауға
болады деген сөз.
Егер файлды басқа форматта сақтау қажет болса, онда Файл типі (Тип
файла) тізімінен қажетті форматты таңдау керек.
Сонан соң ғана Сақтау (Сохранить) батырмасын белгілеп, Enter пернесін
бассаңыз жеткілікті.
Жаңа жұмыс кітабын құру.
Жаңа жұмыс кітабын ашу үшін төмендегі операциялар орындалады:
1. Файл, Құру (Создать) командасын таңдау немесе Ctrl+N пернелерін
басу; Құру (Создание) диалогты терезесі пайда болады.
2. Кітап (Книга) белгісіне тышқан көрсеткішін апарып, тышқанның сол
жақ батырмасын басу;
3. ОК немесе Enter пернелерін басқан кезде жаңа папка ақпаралғыда
пайда болады.
Жұмыс кітабын жабу.
Жұмыс кітабын жапқан кезде оның терезесі ақпаралғыдан жоғалып кетеді.
Жұмыс кітабын жабу үшін мынадай әрекеттерді орындаған жөн:
Егер сіздің жапқыңыз келген терезе активті болмаған жағдайда оны
активті күйгк келтіру қажет. Ол үшін Терезе (Окно) менюін белгілеген жөн.
Файл меню пунктінен Жабу (Закрыть) командасын таңдағаннан кейін файл
сақталып, жұмыс кітабы жабылады. Жұмыс кітабын жылдам жабу үшін Ctrl+F4
пернелерін қолдануға болады. Егер сізде бірнеше жұмыс кітабы ашық болған
болса, онда олардың бәрін бір мезгілде Shіft пернесін баса отырып, басқан
қолды алмастан Файл менюінен Бәрін жабу (Закрыть все) командасын тауып басу
қажет.
Бұрыннан бар жұмыс кітабын ашу.
Егер сіз жұмыс кітабын жапқаннан кейін қайтадан сол жұмыс кітабымен
жұмыс жасағыңыз келсе, онда сол жұмыс кітабын ашуыңыз керек. Ол үшін: Файл
менюіне Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек немесе Стандартты
панельдер құралынан Ашу (Открыть) батырмасын тышқан арқылы басу қажет.
Жұмыс парақтарын қолдану.
Әрбір жұмыс кітабы 16 жұмыс парағынан тұрады. Оларды ақпаралғының
төменгі жағында ярлык түрінде белгіленген белгілерден көруге болады.
Жұмыс парақтарын белгілеу.
Жұмыс парағында жұмыс жасамастан бұрын бір немесе бірнеше жұмыс
парақтарын белгілеп алуды үйрену қажет. Ол үшін:
▪ жұмыс парағының ярлыгында тышқан батырмасын басу;
▪ көршілес жұмыс парағын белгілеу үшін Shіft пернесін басып, қолды
алмастан тышқанмен жылжыта отырып, қажетті жұмыс парақтарының
ярлыктарын белгілеп шығу;
▪ бірнеше көршілес емес жұмыс парақтарын белгілеу үшін Ctrl
пернесін баса отырып, тышқан арқылы қажет деп тапқан жұмыс
парақтарының ярлыктарын белгілеу.
Жұмыс парақтарын қою.
Жұмыс кітабында жаңа жұмыс парағын қою үшін мынадай әрекеттерді
орындаған жөн:
1. Алдына жаңа парақ қойылатын ярлыкты белгілеу;
2. Қою (Іnsert) пернесін, сонан соң Парақ (Лист-Worksheet)
командаларын таңдау керек. EXCEL 17-ші жаңа парақты белгіленген
ярлыктың алдына қойылады.
Жұмыс парақтарын жою.
Егер сіз бір ғана жұмыс парағымен жұмыс жасап, жадыда оынның көбірек
болуын қалап, қалған жұмыс парақтарын алып тастағыңыз келсе:
▪ алып тастағыңыз келген жұмыс парағын (жұмыс парақтарын) белгілеп
алуыңыз керек;
▪ Түзеу (Правка), парақты алып тастау (Удалить лист) командаларын
таңдау керек. Белгіленген парақты (парақтарды) алып тастау
жөніндегі сіздің ойыңызды тұжырымдайтын диалогты терезе шығады.
▪ ОК батырмасын басу.
Жұмыс парақтарын көшіру және орындарын ауыстыру.
Жұмыс парақтарын бір жұмыс кітабының ішінде немесе бірнеше жұмыс
кітаптарының арасында көшіріп, орындарын ауыстыруға болады:
1. Орны ауыстырылатын немесе көшірілетін жұмыс парағын белгілеук
керек. Егер сіз жұмыс парағын басқа жұмыс кітабына көшіргіңіз
келсе, көшірілетін жұмыс кітабының ашық екеніне көз жеткізіңіз.
2. Түзету (Правка), Орнын ауыстырып орналастыру (көшіру-переместить
скопировать...) командаларын таңдау; Таңдалған командаларға сәйкес
шыққан диалогты терезеге назар аудару;
3. Жұмыс парағын басқа жұмыс кітабына көшіру үшін Кітапқа... (То book...)
тізімінен кітапты белгілеу қажет. Жұмыс парағын жаңа кітапқа
орналастыру үшін тізімнен Жаңа кітапты белгілеу екерек;
EXCEL жаңа жұмыс кітабын құрады. Сонан соң жаңадан құрылған жұмыс
кітабына парақты көшіруге немесе орналастыруға болады.
4. Парақ алдында (перед листом) енгізу өрісінде жұмыс парағын алдын
ала белгілеу керек;
5. Белгіленген жұмыс парағын көшіру үшін Көшірме құру (Создать копию)
опциясына белгі қою қажет;
6. ОК батырмасын басу. Бұл жағдайда белгіленген жұмыс парағы алдын ала
ашылған жұмыс парағына көшіріледі немесе орналастырылады.
Жұмыс кітабын баспаға шығару.
Мәтіндік редактордағы сияқты мұнда да Файл менюіндегі басу (Печать)
пунктін тышқан арқылы басуға немесе Ctrl+P пернелерін басуға болады.
Ақпаралғыда осы пунктке сәйкес диалогты терезе пайда болады. Қажетті
параметрлерін бергеннен кейін ОК немесе Enter батырмаларының біреуін
бассаңыз жеткілікті.

1.5 Excel-де есептеу операциялары мен функцияларды қолдану

Формуланың көмегімен есептеу операцияларын орындау.
Формула жұмыс парағында енгізілген деректерге байланысты түрлі
амалдарды орындау үшін қолданылады. Формула бірнеше ұяшықтар адресінен
(+(қосу), -(азайту), *(көбейту), (бөлу)) тұрады. Мысалы сіз А1, В1, С1
ұяшықтарындағы үш санның орташа арифметикалық шамасын табуыңыз керек болса,
осы есептеудің шешемін шығару үшін қажет деп тапқан ұяшығыңызға мына
формуланы енгізуіңіз қажет:
=(А1+В1+С1)3
Кез келген формула (=) белгісімен басталуы қажет. Төмендегі кестеде
формулалардың бірнеше түрі белгіленген.
EXCEL-де есептеу операциясы солдан оңға қарай орындалады, бірақ та
кейбір операциялардың приоритетіне қарай алдымен орындалатынын да естен
шығармаған жөн:
1. Дөңгелек жақшаға алынған амалдар, дәрежені келтіру;
2. Көбейту және бөлу;
3. Қосу және азайту;
4. Формуланы дұрыс жаза білу керек, қате жазылған жағдайда нәтиженің
де қате шығатының ұмытпаңыз. Мысалы, =А1+В1+С13 түрінде формуланы
енгізген жағдайда, нәтиже қате болады. Дұрысы: (А1+В1+С1)3.
Формуланы кілтжиыннан енгізеді. Ол үшін:
1. Формула бойынша есептеу нәтижесін енгізетін ұяшықты белгілеу керек;
2. (=) теңдік белгісін басу керек;
3. Формуланы енгізу қажет. Ол формулалар қатарында пайда болады.
4. Enter пернесін басқан кезде нәтиже шығады.
1.5.1 Ақпаралғыда формуланы қарау
EXCEL ұяшықтағы формуланы көрсетпейді. Оның орнына есептеу нәтижесін
көрсетеді. Сіз формула енгізілген ұяшықты бюелгілеп, формуланы формулалар
қатарынан ғана көре аласыз. Ал, формуланы ұяшықтан көру үшін мынадай
операцияларды орындаған дұрыс:
▪ Сервис менюінен Параметрлер командасын таңдау...
▪ Түрі (Вид) салымын басу; Формула қатарының тұсына белгі (жалауша)
қойып кетуді ұмытпаңыз.
▪ Формула опциясына белгі қойып кеткеннен кейін диалогты терезені
жабу керек;
▪ ОК немесе Enter пернелерінің біреуін басу қажет.

1.5.2 Функцияларды қолдану
Функцилар есептеулерді жеңілдетеді. Олар у=((х) түрінде жазылады,
мұндағы у - есептелуге тиіс функция мәні, х - аргумент, ( - функция.
Функция енгізілген ұяшық мысалы ретінде: =А5+sіn(С7) формуласын
келтіруге болады, мұндағы А5 - ұяшық адресі, sіn() - функция аты, жақша
ішінде оның аргументі тұрады, С7 аргумент (сан, мәтін және т.б.), бұл сәтте
С7 ұяшығында сан болуы тиіс.
Excel программасының кейбір функциялары:
▪ SQRT(х) - х санының оң мәнді квадрат түбірін анықтайды, мысалы,
sqrt(25)=5.
▪ SІN(х) - радианмен берілген х бұрышының синусын анықтайды.
Мысалы: sіn(0.883)=0.772646.
▪ МАХ(тізім) - берілген тізім ішінен ең үлкен (максимум) мәнді
анықтайды, мысалы: мах(55,39,50,28,67,43)=67.
▪ SUM(тізім) - берілген тізімнің (блоктың) сандарының қосындысын
анықтайды. Мысалы: sum(А1:А300) - А1:А300 блогының 300 ұяшығындағы
сандардың қосындысын табады.
Функция аттары орыс тіліне аударылған Excel нұсқаларында орысша
беріліп, басқаша жазылуы мүмкін.
Жиі пайдалынатын қосынды табу функциясы үшін аспаптар тақтасында
арнайы батырма бар.
Функция атын формулаға кірістіру үшін Функция шеберін пайдалануға
болады, ол Кірістіру(Функция (Вставка(Функция) командасымен немесе (x
бейнеленген батырма арқылы іске қосылады. Батырма басылғанда экранға
функциялар бейнеленген сұқбат терезе шығады. Соның ішінен керектісін таңдап
алып Қадам (Шаг) батырмасын басу керек. Сонда Функция шеберінің екінші
терезесі экранға шығады да одан аргументті таңдап алуға болады.
Енді Excel функцияларымен танысайық. Жоғарғы жақтағы (x батырмасын
басайық та, Бәрі (Все) деген категорияны таңдап, Х7, mіn, Қадам (Шаг)
функциялары қалай белгіленетініі қарастырайық.
Есептелген у мәндерінің қосындысын тауып, оны Ғ25 ұяшығына жазып
қояйық. Ол үшін стандартты аспаптар тақтасының батырмасы басылады. Оған
қоса Е25 ұяшығына түсінік беретін “у-тер қосындысы =” деген мәтін жазамыз.
Есептелген у мәндерінің арифметикалық орта мәнін (қосындысы тәрізді
етіп) анықтаймыз, ол үшін Е26 ұяшығына түсінік беретін мәтінді, ал Ғ26
ұяшығына - арифметикалық орта мәнін жазамыз.
У функциясының ең кіші және ең үлкен (mіn‚ max) мәндерін тауып, оларды
Ғ27 мен Ғ28 ұяшықтарына орналатырамыз да, оған сәйкес түсініктеме беретін
мәтінді Е27, Е28 ұяшықтарына жазамыз. Арифметикалық орта мәнді табу үшін
Функция шеберін пайдаланамыз, ол үшін: Ендіру(Функция(Бәрі
(Все)(МАКС(Қадам (Шаг)(Ғ4:Ғ24 командасы тізбегін орындау қажет.
Е25:Ғ28 ұяшықтар блогын былай қалыптастырамыз:
1. Е25:Ғ28 блогын тіктөртбұрышты жақтаулармен қоршаймыз.
2. Бұл блокты кесте тақырыбы тәрізді фонмен толтырамыз;
3. Е25:Е28 блогындағы түсінік беретін мәтінді TіmesKazakh
қарайтылған қаріппен жазып, оны оң жақ шетке туралап
орналастырамыз.
Алынған кестені файлға сақтап қоямыз.
1.5.3 Сандар туралы
Ұяшықтағы сандарды әртүрлі форматтарда бейнелеуге болады. Мысалы, 100
санын былай жазуға болады: 100,00 теңге - ақша түріндегі форматта; 10000% -
прценттік түрде: 1,00Е+02 - ғылыми түрде.
Сандарды (басқа мәліметтерді де) безендіріп жазуды орындау үшін
Форматтау тақтасының батырмаларын немесе Формат(Ұяшық командасын
пайдалануға болады.
Бұл команданы орындау үшін:
▪ қалыптастырылатын ұяшықты не блокты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Excel программасы туралы ақпарат
Сандарды енгізу
Windows жүйесіңдегі Excel программасы туралы
Мәліметтер базасын сұрыптау
Microsoft excel электронды кестелердi өңдеу бағдарламасы
Мәліметтер базасын сұрыптаудың режимі
Мәліметтерді статистикалық талдау
Excel программасын іске қосу және одан шығу
Mіcrosoft Excel электрондық кестесі
Excel программасы туралы
Пәндер