Linux Red Hat операциялық жүйесі туралы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық технологиялар институты

«Есептеу техникасы» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖОБАҒА ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА

Тақырыбы: Linux /Red Hat/ операциялық жүйесі

Жетекші: аға оқытушы

Шайқулова. А. Ә

Оқытушы: Тирижанова. Б

Студент: Хуанған Сауран

Мамандығы: 050704

Оқу тобы: ВПб-05-03к

Алматы-2005 жылы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА ТАПСЫРМА

Студент Хуанған Сауран

Тақырыбы: Linux (Red Hat) операциялық жүйесі

Аяқталған жұмысын тапсыру уақыты « » 2005 жылы

Жұмыс барысында қолданылатын бастапқы мәліметтер:

Мазмұны:

Жұмысты сипаттайтын негізгі бөлім:

Қорытынды:

Сызба материалдар саны:

Суреттер саны:

Кесте саны:

Жұмыс жетекшісі аға оқытушы А. Ә. Шайқұлова

Тапсырманы орындауға қабылдап алған студент Хуанған Сауран

« »2005 жылы

Мазмұны

1. 1 Linux операциялық жүйесі туралы түсінік6

Linux-тің басқада қолайлы жақтары:6

2. 1. 1 GNOME интерфейсі7

2. 1. 2 Extras менюі9

2. 1. 3 Run Program10

2. 1. 4 Lock Screen10

2. 1. 5 Log Out10

2. 1. 6 Панель / Panel /10

2. 1. 7 Панель менюі11

2. 1. 8 Аплет менюі11

2. 1. 9 GNOME жұмыс столының жарлықтары12

2. 2. 1 KDE графикалық интерфейсі12

2. 2. 2 KDE менюі12

3. 1 Қолданушы тізімі14

3. 2 Қолданушылар тізімін жасау14

4. 1 Принтерлеу не басу15

5. 1 Жөндеулер енгізу құрылғылары15

6. 1 Internet WEB парағымен және электрондық почтамен жұмыстау16

6. 2 Электрондық почта17

6. 3 Хат оқу және хат жазу17

6. 4 Konqueror парақ түзеушісі17

6. 5 Kmail почталық клиент программасы18

7. 1 Текстілік редакторлар18

7. 2 Vi редакторы18

7. 4 . 2 Панель менюі21

7. 4 . 3 Функция панелі22

7. 4 . 5 Обьектілер панелі22

7. 4 . 6 Линейка23

8. 1 Графикалық суреттермен The GIMP көмегімен жұмыстау23

9. 1 Файл және каталогтар23

9. 2 Жеке файл туралы ақпарат алу24

9. 3 Файл құру25

9. 4 Каталог құру25

9. 6 Файлдардың тізімін кеңейтілген түрде көру26

9. 7 Файл диспетчері27

9. 7. 1 Nautilus28

9. 7. 2 Konqueror29

10. Файлдық жүйе30

10. 1 Негізгі каталог31

10. 1. 2 /ect каталогы31

10. 1. 3 /mnt каталогы31

10. 1. 4 /usr каталогы32

Қорытынды32

Пайдаланған әдебиеттер тізімі33

Қосымша34

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың барысында біз ашық кодты / open saure / операциялық жүйе /бұдан былай о. ж / ретінде танымал Linux о. ж-сі туралы айтатын боламыз. Linux жедел даму үстіндегі әрі сенімді о. ж. Linux-тің негізін Линус Тровалдьс (Linus Trovalds) 1991 жылы Unix-ке сүйене отырып, оның ашық кодты версиясы ретінде қалыптастырды. Линус Тровалдьс Хельсинк университетінде оқып жүрген кезіде Unix-тің жаңа версиясын жасауда көптеген программистілердің қолдауын табады. Бұл қолдаудың нәтижесінде Linux атты жаңа о. ж пайда болады. Linux о. ж-сі басқадай о. ж-леі сияқты қолданушыларға ыңғайлы түсінікті болу үшін осы кезде көптеген тілдерге аударылған. Linux-ті жасауға өз белсенділіктерімен әлемнің түпкір түпкірінен көптеген прогаммистілер өзара интернет желісі арқылы ақпарат алмасып, шешім қабылдап, ақыл кеңес алып жұмыстаған және әріде жұмыстауда. Linux-тің тиімділігін білген ақпаратық технологиялар алыптары IBM, Dell, Sun т. б, әлемдік үлкен SonyElectronics, Callie Mal, Mersedes Benz т. б копорациялары Linux о. ж-сін өздерінің жұмыстарына, зертеулерін көптеп қолдануда. Европаның дамыған кейбір елдерінде (Германия, Норвения, Нидерланд, Венгрия . . . ) Linux о. ж-сі ашық кодты болуына байланысты үкімет тарапынан қолдау табуда. Жұмыс барысында бұл жүйенің негізгі құрылымдарын және олардың мүнкіндіктерін кестенің және суреттердің көмегімен қысқаша сипаттайтын боламыз. Одан жүйенің файлдарының құрлысы туралы сөз қозғаймыз.

1. 1 Linux операциялық жүйесі туралы түсінік

Linux - бұл біріншіден сенімді әрі ыңғайлы, тегін алуға болатын о. ж. Linux-екіншіден ашық кодты (open saure) көпке танымалы о. ж. Linux қандайда бір компанияның меншігі емес, бұл біріге жұмыстаған белсенді программистілер қаумының жұмысының жемісі. Linux ең жедел даму үстіндегі әрі сенімді о. ж. Linux бұл текқана о. ж емес, бұл программалық қамтамас етулердің соңғы жетістіктерін пайдаланып жұмыс істеуге қолайлы етіп жасаған әр түрлі модульдерден, графикалық құрылғылардан, интерфейстерден, қызмет көрсету программаларын бойына қамтыған программа. Мыс: Төменде Red Hat Linux. 8 -дің мүмкіндіктері

  • Файл .
  • Графикамен жұмыс істеу программасыGIMP.
  • Почта серверіIMAD, POP, Send Mail.
  • Мултьмедиялық құрылғылар (GIF, JPEG, TIFFт. б форматтармен жұмыс істейтін)
  • APACHTweb сервері.
  • X Windowсистемасы.

Linux-тің басқада қолайлы жақтары:

  • Бір уақытты бір компьютердегі Linux о. ж-сін бір неше қолданушы қатар қолдана алуы.
  • Бір мезетте Linux о. ж-сінің ядросы бір неше жеке программамен қатар жұмыстай алуы.
  • Linux-тің осы кездегі Intel, PC Power, SunSparc, Amigi және Strong ARM сияқты кез келген платформада жұмыс істеуі.
  • Linux-тің Microsoft Windows, Unix, Novell, және MacOS сияқты басқадай о. ж-лермен ақпарат алмаса алуы.
  • Linux-тің әрі алуан салада қолдануға болатындығы.
  • Linux программалық қамтамас етудін жоғарғы денгейінде болуы.
  • Linux-тің ең негізгі қолайлы жағы оның тегін таралуы

Linux программалары айлар тіпті жылдар бойы ешбір ақаусыз жұмыстай алады. Linux-тің ашық кодты болуы бұл о. ж-де болған қандайда бір ақауларды өте тез ыңғайлы етіп жөндеуге, әртүрлі өзгерістер, жөндеулер енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндік кез келген коммерциялық программаларда мүмкін емес. Linux кез келген тіпті өте ескі компьютерде жұмыстай алады және үнемі техниканың жаңалануын қажет етпейді. Linuxті таратумен айналысытын RedHat, SuSE, Caldera т. б дистривутивтер бұл о. ж-ні сонімен бірге Linux негізделіп жасалған кез келген программалардің коддың ашық қалпында қалдыруға міндетті. Linux о. ж-сінде басқадай коммерциялық о. ж-лерден ерекше лицензиясы бар.

  • Программаға деген жеке авторлық құқықты қорғаудың орнына Linux о. ж-сінің авторлары жалпы баршаға (GeneralPublicLicense, GPL) деген ерекше құқық түрін көрсетуі.
  • БұлGPL-да Linux-тің қандайда бір компанияның жеке адамның меншігі емес екендігін, бұл о. ж-ені қолдануда ешкімнің шектеу қоя алмайтындығына және әркім Linux-ті пайдалануға құқығы бар екенін көрсеткен.

Басқаша айтқанда әркімнің бұл о. ж-нің иесі екеннің және GPL-да көрсетілген кепілдік бойынша о. ж-ге әр түрлі өзгертулер, жөндеулер енгізуге, өз қалауынша қолдануға құқығы бар.

2. 1 Графикалық интерфейстер

Linux о. ж-сінде екі түрлі интерфейс қолданады:

  1. Командалық қатар интерфейсі
  2. Графикалық интерфейсі

Linux о. ж-снің дистрибутивтері қолданушыларына құрамында әркімнің өзінің қалауы бойнша орналастыруға, қолдануға болатындай етіп жасаған әртүрлі графикалық интерфейстері бар пакеть ұсынады. Linux о. ж-сінде графикалық интерфейстің негізінен екі түрі бар:

  1. GNOME()
  2. KDE(K DesktopEnvironment)

Қандай интерфейсте жұмыстағанмен кез келген уақытта бір интерфейстен мыс: GNOME-нан келесі интерфейске мыс: KDE- ге ауысуға болады. Біз төменде негізінен графикалық интерфейстермен жұмыстаймыз.

2. 1. 1 GNOME интерфейсі

GNOME- бұл құрылғыларының барлығын графикалық интерфейс арқылы бір пакетке қамтыған жұмыс столы.

GNOME жұмыс столі негізінен үш компоненттен тұрады:

  • Меню
  • Экранның төменгі бөлігіндегі Панель
  • Жарлықтар

GNOME бас менюне кіру экранның төменгі бөлігіндегі панелдің сол жақ бұрышындағы қызыл тымақпен көрсетілген бас меню ( Main Menu Button ) батырмасын басу арқылы жүзеге асады. GNOME жұмыс столының классикалық версиясында бас меню батырмасы «аяқтың табанымен» KDE- де «K» әрібімен белгіленген. Егер RedHat Linux о. ж-сі орнатылған жағдайда GNOME және KDE жұмыс столының бас меню батырмасы қызыл тымақпен көрсетіледі.

GNOME графикалық интерфейсінің жалпы көрінісі қасымшада қөрсетілген.

GNOME бас менюінің сипатамасы кесте №1:

Ішкі меню
сипатаммасы

Accessories Мұндағы программалар белгілі бір тапсырманы орындауға арналған. Олар: калькулатор, сөздік, архивтеу программасы, текст редактор т. б

Games Әр түрлі ойндар.

Graphics GIMP және графикалық суретермен жұмыстауға арналған бір неше түрлі программалар.

Internet Календарь және электрондық почтамен жұмыстауға арналған Evolution , өз ара сөйлесуге арналған GAIM және интернеттік парақтармен жұмыстауға арналған Mozilla программалары.

Office OpenOffice. org ұсынған офистік программалары жинағы.

Preferences Графикалық интерфейстің, жұмыс столның сыртқы көрінісіне жөндеулер енгізу құрылғылары.

Programming Linux o. ж-сімен бірге программалау құрылғысы орнатылған жағдайда шығады. Программалауға қажетті құрылғыларды қамтыған.

Sound & Video CD ойнатқыш, мультмедиалық программалар.

Server settings Linux o. ж-сімен бірге серверлік құрылғысы орнатылған жағдайда шығады. Бұл Windows және Linux о. ж-лерінің рецустарын қатар пайдалануға мүмкіндік береді.

System settings Техникалық жабдықтарды басқару мүмкімдігі. Мыс: Экран параметрлерін өзгерту.

System Tools О. ж-нің жаңалануына, Internet Configuration Wizard, Red Hat Network жүйелер жұмысына бақылау қою және оларды басқару.

Extras Бас менюге кірмеген программалар не мүмкіншіліктер тізбегі.

Help О. ж- ге қатысты докментацияларды көру.

Home folder Nautilus файл диспетчерінің көмегімен ішкі каталогтарды көру.

Run Program Виртуалдық терезелерді ашпай қандайда бір команданы орындауга арналған диалог терезесі.

Search for files Жүйедегі файлды іздеу құрылғысы.

Lock Screen Пароль білмейтін адам пайдалана алмайтындай етіп GNOME жұмыс столын бұғаттау.

Log Out GNOME - ның жұмысын аяқтау, компьютерді сөндіру, қайта жүктеу.

2. 1. 2 Extras менюі

Extras менюі бас менюге кірмеген программалар не мүмкіншіліктер тізбегінен тұрады және оған GNOMЕ бас менюі арқылы кіреміз. Бұл менюдің ішкі құрамы қандай Linux о. ж орнатылғанына байланысты әр түрлі болу мүмкін.

Extras менюінің сипатамасы кесте №2:

Ішкі меню сипатаммасы

Accessories K Addressbook , K Time сияқты адамның жеке өзіне тәуелді ақпараттарға және факс жіберуге арналған программалар.

Games Әр түрлі ойндар.

Graphics Графикалық суретермен жұмыстауға арналған бір неше түрлі программалар.

Internet gFTP , клиент IRC , Web парақ түзеуші, Konqueror , Mozilla mail және Ximian Evolution почталық программалардан тұрады

Office OpenOffice. org Repair қызымет программалары.

Preferences Жұмыс столына өзгертулер енгізу құралғылары.

Sound & Video grip және KOnCD мультмедиалық программалары.

System Tools CDwriter және Configuration Editor программалары.

System settings GNOME және KDE интерфейстеріне ауысуға мүмкіндік беретін Desktop Switching Tools және принтердің жұмысын реттейтін Printer System Switching программалары.

2. 1. 3 Run Program

Бас менюден Run Program командасын таңдап алып жүктейн деген программаны Know application арқылы таңдап Run батырмасын басу арқылы қалаған программаны жүктеуге болады.

2. 1. 4 Lock Screen

Бұл команданы таңдаған соң монитор экраны не сөнеді не экран бетіне заставка пайда болады. Егер кімде кім тышқанды қозғаса не клавиатураны басса экран бетіне қолданушының атын және кіру паролын сураған диалог терезесі шығады.

2. 1. 5 Log Out

О. ж-ден шығу үшін бас менюден Log Out командасын таңдау керек, таңдаған соң экрандағы бейненің түсі аздап қараяды және алдыңызға Сіздің программадан шығуыңызды растауды сураған Are you sure you want to Log out? диалог терезесі шығады және онда шығудың бір неше варианты көрсетілген.

  • Егер GNOME сшздің қандай терезені ашқаныңызды, қандай программалармен жұмыстағаныңызды, шығар алдындағы тапсырмалардын сол қалпында қалдырып келесі жүктеген кезде сол қалдырған жерден жалғастырғыңыз келсе ондаSave current setupтаңдау керек.
  • О. ж-ден шығу үшінLog Out- ты таңдау керек, неRestart the computerарқылы прогамманы қайта жүктеуге болады. Егер GNOME-ға қайта оралу керек болсаCancelбатырмасын басу керек.

2. 1. 6 Панель / Panel /

GNOME жұмыс столының төменгі бөлігінде үлкен батырмалары бар қатар панель орналасқан. Панель өзі бір неше бөліктен тұрады. Панелдің бөліктері солдан оңға қарай:

  • Панелдің сол жақ шетінде Red Hat Linux - та «қызыл тымақпен» бейнеленген GNOME- нің бас меню батырмасы орналасқан.
  • Панелдің келесі бөлімінде -нің стандартты құрылғыларының пиктограммасын көруге болады. Бұл құрылғылардын бәрін бас меню арқылы ашуға болады. Бұлар панелде олармен жұмыстауды ыңғайлы болдыру үшін пиктограмма ретінде орналасқан. Олар:Mozillaweb парақ түзеушісінің пиктограммасы Red Hat Linux-та жер шарын ораған компьютерлік тышқан суретімен көрсетілген. Linux - тің басқа дистрибутивтерінде бұл пиктограмма кішкентай « динозавор » суретімен бейнеленген. Evolution- келесі пиктограммада электрондық почта және календармен жұмыстауға арналған. OpenOffice. org Writerтекстілік процессоры қалам және парақ бейнеленген пиктограммамен көрсетілген. OpenOffice. org Calcэлектрондық таблицамен жұмыстайтын программасы таблица калькулатор бейнеленген пиктограмма-мен көрсетілген.
  • Панелдің келесі бөлімі Аплет яғниWork Space Switcher. Аплет бөлімі өз ішінен төртке бөлініп тұрады. Мұның бәрін жек-жеке виртуалдық жұмыс столы деп түсінуге болады. Мыс: Егер жұмыс істеп отырған жұмыс столында көптеген программалар ашылған болса, әліде ашу керек болса және жұмыс столдың ықшамды болуы керек жағдайда аплеттің көмегімен виртуалдық жұмыс столын пайдалануға болады. Аплеттін бөлшектелген батырмалары бір-бір виртуалдық жұмыс столын білдіреді. KDE -да аплет бөліктері санмен көрсетілген.

GNOME жұмыс столының панель

2. 1. 7 Панель менюі

Панель менюі арқылы панелдің ішкі сыртқы көрінісін, панель параметтерлерін өзгертуге болады. Панель менюіне кіру үшін панелдің кез келген бос бөлігіне тышқан нұсқаушысың апарып, оның оң жақ батырмасын басу керек.

Панель менюінің сипаттамасы кесте № 3:

Ішкі меню
сипатаммасы

Add to panel Панелге аплет меню және басқадай обьекті қосу.

Delete This panel Бас менюден басқа қосалқы менюлерді панелден өшіру.

Properties Панель параметрлерін өзгерту.

New panel Қосалқы панель құру.

Help GNOME жұмыс столы туралы мәліметтер көру.

About Panel Панель тұралы ақпарат алу.

About GNOME GNOME жұмыс столы туралы ақпараттар алу.

2. 1. 8 Аплет менюі

Аплет менюін ашу үшін панелдің кез келген бос бөлігіне тышқан нұсқаушысын апарып, оның оң жақ батырмасын басып Add to panel командасын таңдау керек.

Аплет менюінің сипаттамасы кесте №4 :

Ішкі меню сипатаммасы

Accessories Уақыт көрсететін стандартты құрылғылар.

Amusements Ойын және панелге орналастырған көңіл көтеру құрылгылары.

Multmedia Дыбыспен жұмыстау программасы.

Internet Модемнің жұмысын және сыртан ақпараттың келуін көзсететін индикатор.

Utility Менюдің басқа бөлімдеріне кірмеген аплеттер және терезелер тізімі.

Launcher Менюге жылдам кіруге арналған жарлық жасу.

Launcher from menu Бас менюге жылдам кіру, жарлық жасу және қосу.

Drawer Панелді үлкейтіп кішірейту және оның орнын өзгерту.

Log Out Button Графикалық интерфейсті жабу, қолданушылар тізімінен шығу.

Lock button GNOME жұмыс столын тек қолданушы пароль арқылы кіретіндей етіп бұғаттау.

2. 1. 9 GNOME жұмыс столының жарлықтары

Жарлық белгілі бір обьектімен тікелей қатынасты жасауды іске асыратын командалық файл. GNOME жұмыс столында жарлықтар экранның жоғары жағында горизанталь бойымен реттеліп орналасады.

  • Homeүй каталогын көруге арналған каталог түзеушіні ашу.
  • Star Hereбас менюге кіру.
  • Trachжұмыс барысында өшірілген файлдар, документер және программалар жинақтарган жер. Осы жерден өшірілген обьектілерді қайта қалпына келтіру мүмкіндігі бар.

2. 2. 1 KDE графикалық интерфейсі

KDE- K D esktop E nvironment сөзінен қысқартылған. Бұл алғаш шыққан және тұрақты графикалық интерфейсті жұмыс столы. KDE жұмыс столында бас меню батырмасы GNOME жұмыс столындағыдан өзгеше «K» әрібімен бейнеленген. KDE жұмыс столы алғаш пайда болған және осыған негізделіп GNOME жасалған. KDE жұмыс столыда негізінен үш компоненттен тұрады:

  • Меню
  • Экранның төменгі бөлігіндегі Панель
  • Жарлықтар

KDE графикалық интерфейсінің жалпы көрінісі қосымшада көрсетілгін.

2. 2. 2 KDE менюі

KDE бас менюіне кіру үшін панелдің сол жақ шетіндегі К әрібімен бейнеленген батырманы, егер Red Hat Linux болса қызыл тымақ батырмасын басу керек. KDE бас менюі GNOME менюімен салыстырғанда көп команданы қамтыған. KDE жұмыс столының панель мен жарлықтарының қасиеттері GNOME- мен негізінен бірдей сондықтан оларға тоқталмаймыз.

KDE бас менюінің сипатамасы кесте №5:

Ішкі меню сипатаммасы

Accessories Белгілі бір тапсырманы орындауға арналған стандартты программалары.

Extras Бас менюге кірмеген программалар мен мүікіншіліктер тізімі.

Games Әр түрлі ойндар.

Graphics GIMP және графикалық суретермен жұмыстауға арналған бір неше түрлі программалар

Internet Календарь және электрондық почтамен жұмыстауға арналған Evolution , өз ара сөйлесуге арналған GAIM және интернеттік парақтармен жұмыстауға арналған Mozilla программалары

Office OpenOffice. org ұсынған офистік программалар жиыны.

Preferences Графикалық интерфейстің, жұмыс столның сыртқы көрінісіне жөндеулер енгізу құрылғылары.

Programming Linux o. ж-сімен бірге программалау құрылғысы орнатылған жағдайда шығады. Программалауға қажетті құрылғыларды қамтыған

Server settings Linux o. ж-сімен бірге серверлік құрылғысы орнатылған жағдайда шығады. Бұл Windows және Linux о. ж-лерінің ресустарын қатар пайдалануға мүмкіндік береді.

System Tools О. ж-нің жаңалануына, Internet Configuration Wizard, Red Hat Network жүйелер жұмысына бақылау қою және оларды басқару.

System settings Техникалық жабдықтарды басқару мүмкіндігі. Мыс: Экран параметрлерін өзгерту.

Control Center О. ж- ге байланысты басқару программалары.

Find Files Файл іздеу программасы.

Help О. ж- ге қатысты докментацияларды көру.

Home Файл диспетчерінің көмегімен ішкі каталогтарды көру.

Bookmarks Каталогқа файлдық жүйеге кіру.

Recent Documents Жаңадан ашылған документер тізімі.

Quick Browser Каталогтарға файлдерге тікелей кіру.

Run Command Виртуалдық терезелерді ашпай қандайда бір команданы тікелей орындау.

Configure Panel KDE панель параметрлерін өзгерту.

Lock Screen Пароль білмейтін адам пайдалана алмайтындай етіп жұмыс столын бұғаттау.

Log Out Бұл сеанстың жұмысын аяқтау, компьютерді сөндіру, қайта жүктеу.

3. 1 Қолданушы тізімі

Linux көп қолданушылы о. ж. Бұл әрбір қолданушыға жеке тізім жасауға және бір уақытта бір о. ж - ге бір неше қолданушы кіріп жұмыс істеуне мүмкіндік береді.

Негізгі қолданушы / root user / о. ж - нің барлық ресустарына кіруге, пайдалануға құқығы бар. Жеке қолданушылар өздерінің тізімдерін қайтып орналастырған мен, қорғағанмен де негізгі қолданушының компьютердің ресустарына деген ену құқығына шек қоя алмайды. Сонымен бірге негізгі қолданушы о. ж - нің барлық командаларымен барлық өзгертулермен жұмыс істей алады.

Негізгі қолданушы болу бір жағынан үлкен жауап кершілік. Негізгі қолданушы ретінде о. ж - мен жұмыстау кезінде оқыстан қате жасауға және қандай бір нәрсені тіпті о. ж -нің барлық файлдерін абайсыздан өшіріп алуға болады. Жеке қолданушы ретінде о. ж мен жұмыс жасағанда, сіз тек өзіңіздің қолданушы тізіміндегі алдын ала негізгі қолданушының көрсеткен мүмкіншіліктермен жұмыстайсыз, сондықтан әрі жеке қолданушының құқығы шектеулі болғандықтан жолғардағыдай абайсыз жағдайға тап болмайсыз.

3. 2 Қолданушылар тізімін жасау

Red Hat Linux және Linux о. ж - нің басқадай дистрибутивтары Linux о. ж - ін отырғызу барсында қолданушы тізімін жасауға мүмкіндік береді. Егер қажет болса мұны басқада кез келген уақытта жасауға болады. Барлық дистрибутивтерде графикалық режим бойынша қолданушы тізімін жасау, қолдану мүмкіндігі бар. Мысал ретінде біз Red Hat Linux - тің KDE жұмыс столының құрамына енетін Red Hat User Manager -дің мүмкіндіктерін көреміз. Оған бас меню арқылы төмендег көрсетілген жолмен кіреміз:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Linux жүйесі
Көптапсырмалы операциялық жүйе
Linux операциялық жүйесімен танысу
Linux операциялық жүйесіндегі wait()функциясы
Linux операциялық жүйесі
Ядросы Unix Linux тұқымдас операциялық жүйелер
Linux операциялық жүйесінің функциялары
Әр түрлі операциялық жүйелерде шифрлеудің программалық құралдары
Linux (Red Hat) операциялық жүйесі
Linux Gentoo ОЖ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz