MS-DOS операциялық жүйесі жөнінде түсінік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
MS-DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 3
MS-DOS операциялық жүйесі жөнінде түсінік 3
MS-DOS туралы жалпы мәліметтер 4
Мәлімет жинақтауыштар (дискілер) 9
Жинақтауыштарды (дискеттерді) форматтау 10
Файл деген не? 11
Файлдар атаулары 11
Каталогтар 13
Файлға баратын жолды көрсету 13
MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы 14
Операциялық жүйенің негізгі командалары. 16
Команданың жіктелуі 16
Резидентті (ішкі) командалар. 16
Файлдармен жұмыс істейтін командалар. 19
DOS операциялық жүйесінің сыртқы (транзитті) командалары 23
Компьютер конфигурациясын (құрамын) баптау. 27
Қолданылған әдебиеттер 31

Кіріспе

MS-DOS – Microsoft фирмасы шығарған компьютерді қосқанда жүктелетін
дискідегі операциялық жүйе болып табылады.
Оның IBM PC компьютерлеріне арналған алғашқы нұсқасы 1981 жылы
Microsoft фирмасында жасалған. Ал MS-DOS -3.3 нұсқасы 1987 жылы жасалды да,
келесі 3-4 жылға стандарт болып саналды. Қазіргі кезде ең қуатты
компьютерлерде оның 4.0, 6.2, 7.0 нұсқасы қолданылады.
DOS көмегімен мыналар іске асады:
• Компьютер мен оны пайдаланушы адам арасындағы сұхбат;
• Компьютерді басқару;
• Қолданбалы бағдарламаларды іске қосу;
DOS операцялық жүйесі келесі бөлімдерден тұрады:
1. Енгізу-шығару (BIOS) базалық жүйесі, ол барлық кезде компьютердің
жанында тұрады да енгізу-шығаруға байланысты операциядық жүйені ең
қарапайым және әмбебап қызметтерін атқарады;
2. Операциялық жүйені жүктеуіші – DOS-ты іске қосатын бағдарлама;
3. IQ SYS және MS-DOS.SYS дискілік файлдары (атаулары) DOS нұсқасына
байланысты өзгереді;
4. DOS командалық процессоры – пайдаланушы кіргізген командаларды өңдейді
және ол COMMAND.COM дискілік файлында орналасады;
5. DOS сыртқы командалары – бұл жеке файлдар түрінде операциялық жүйемен
бірге берілетін бағдарламалар;
6. Қондырғылар драйверлері – DOS енгізу-шығару жүйесін толықтыратын орнайы
бағдарламалар және де олар жаңа қондырғыларды күтіп-баптауды немесе
стандарт емес пайдалануды қамтамасыз етеді.

MS-DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

MS-DOS операциялық жүйесі жөнінде түсінік

MS-DOS - Mіcrosoft фирмасы шығарған компьютерді қосқанда жүктелетін
дискідегі операциялық жүйе болып табылады.
Оның ІBM PC компьютерлеріне арналған алғашқы нұсқасы 1981 жылы
Mіcrosoft фирмасында жасалған. Ал MS-DOS - 3.3 нұсқасы 1987 жылы жасалды
да, келесі 3-4 жылға стандарт болып саналды. Қазіргі кезде ең қуатты
компьютерлерде оның 4.0, 6.2, 7.0 нұсқасы қолданылады.
DOS көмегімен мыналар іске асады:
1. компьютер мен оны пайдаланушы адам арасындағы сұхбат;
2. компьютерді басқару;
3. қолданбалы бағдарламаларды іске қосу;
DOS операциялық жүйесі келесі бөлімдерден тұрады:
1) Енгізу-шығару (BІOS) базалық жүйесі, ол барлық кезде
компьютердің жанында тұрады да кіргізу-шығаруға байланысты операциялық
жүйенің ең қарапайым және әмбебап қызметтерін атқарады;
2) Операциялық жүйенің жүктеуіші - DOS-ты іске қосатын жақсы
бағдарлама;
3) ІO.SYS және MS DOS.SYS дискілік файлдары (атаулары) DOS
нұсқасына байланысты өзгереді;
4) DOS командылық процессоры - пайдаланушы кіргізген командаларды
өңдейді және ол COMMAND.COM дискілік файлында орналасады.
5) DOS сыртқы командалары - бұл жеке файлдар түрінде операциялық
жүйемен бірге берілетін бағдарламалар;
6) Қондырғылар драйверлері - DOS енгізу-шығару жүйесін толықтыратын
арнайы бағдарламалар және де олар жаңа қондырғыларды күтіп-баптауды немесе
стандарт емес пайдалануды қамтамасыз етеді.

MS-DOS туралы жалпы мәліметтер

MS-DOS 1.2 операциялық жүйесі программаның сыртқы құрылғымен және
бірімен-бірінің арасындағы өзара іс-әрекетін, жедел жадының үлестірілуін
(таралуын), жұмыс процесі кезінде пайда болатын әртүрлі оқиғаларды айқындау
және оларға сәйкес өзінің реакциясын қамтамасыз етеді. Пайдаланушы тіл
директивасы жәрдемімен дербес ЭЕМ-на жалпы басшылық жасайды. Бұл жағдайда
мынандай амалдар жасалуы мүмкін: дискілерді белгілеу, файлдардың көшірмесін
алу, каталогты қарап шығу, көру, программаларды жіберу, дисплей, принтер
жұмыстарының режимін орнату. MS-DOS ұсынатын әдістер (тәсілдері)
бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу үшін ыңғайлы операциялық жағдай
жасайды және қолданбалы пакеттерді, бағдарламаны соңғы пайдаланатындарға
автомат-талындырылған жұмыс орнын әзірлеу үшін жаңа тәсілдермен ену
негіздерін құрады.
MS-DOS операциялық жүйесі мынадай компоненттерден тұрады: енгізу-
шығарудың базалық жүйесі (BIOS), бастапқы жұмысқа жүктеу блогі (BOOT
RECORD), енгізу-шығару база-лық жүйесінің кеңес модулі, үзілікті өңдеу
модулі, командалық процессор, утилиттер.
Жұмысқа жүктеу ДК-ді ток көзіне қосудан немесе бір мезгілде ALT-CTRL-
DEL пернелерін басудан басталады. Бұл кезде тест жүреді және қандайда бір
параметрді енгізуді талап етуі мүмкін, мұндай енгізу (ENTER) пернесі
пернелерге, параметрге мән берілмесе де басылғанда жұмысқа жүктеу процесі
жүре береді.
MS-DOS операциялық жүйесі дискеттің түпкі каталогында немесе С:
дискісінде файлдар түрінде сақталады да, мынадай бөліктерден (модульдерден)
тұрады:
— BIOS модулі — компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді
енгізу-шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль комьпьютер шыққан заводта
жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрғылардың
жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп, мәліметті енгізу-шығаруға байланысты
ОС-тің қарапайым және әмбебап қызметтерін орындайды;
— Операциялық жүйенің жүктеуіші — бұл өте қысқа программа,
компьютердің жедел жадында тұрақты сақталып қалатын DOS операциялық жүйе
модульдерін комьпютер жадына (IO.SYS,MSDOS.SYS) оқуды іске асырады;
— IO.SYS сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта, дис-плей, принтер,
байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың барлық операцияларын
атқарады;
— MSDOS.SYS файлдар даярлауға мүмкіндік береді және ЭЕМ жедел жадын
басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екенін белгілі;
— COMMAND.COM — пайдаланушы жұмысы үшін тағайындалған командалық
процессор. Ол ЭЕМ іске қосылған кезден пайдаланушынын талабы бойынша
процессор орындайтын барлық резидентті немесе ішкі командаларды қамтамасыз
етеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға
сәйкес программалық файлды іздеп, егер табылса, оны жедел жадқа жүктеп,
оған басқаруды береді. Программа жұмысы аяқталған соң коммандалық процессор
оны жадтан жойып, экранға әрі қарай жұмысқа даяр екндігін білдіретін шақыру
мәліметін (DOS шақыруы) шығарады.
— DOS-тың сыртқы немесе кірме (транзитті) коман-далары — операциялық
жүйемен бірге бөлек-бөлек модульдер түрінде берілетін программалар, кейде
утилиттер деп те айтыла береді. Олар кірме командалар ретінде әртүрлі
қызметтер атқарады, мысалы, дискетті форматтау, дискілерді тексеру және т.
с. с.
— Құрылғылар драйвері — DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған
шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы программалар.
Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен бірге жүктеледі
де, олардың аттары CONFIG.SYS деген арнаулы файлда жазылады. Операциялық
жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық (құрамдық)
файл CONFIG.SYS оқылып құрылғылар драйверлері де жедел жадқа орналасады.
Мұнан кейін командалық COMMAND.COM файылы оқылады, ол басқару ісін
атқарады. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXEC.BAT файылын
іске қосып, оның ішіндегі командалық программаларды біртіндеп орындай
бастайды.
Егер ай-күнін енгізу керек болса, көбінесе европалық стандарт
қолданылады: күн, ай, жыл (америкалық стандарт: ай, күн, жыл), ДД-ММ-УУ
немесе ДД\ММ\УУ форматында ДД-күн, ММ-ай, УУ-жыл. Уақытты мынадай форматпен
беруге болады: HU:MM:SS немесе HU:MM, мұнда HU-сағаттар, MM-минуттар, SS-
секундтар.
ДК дискісі өте қатаң (винчестер)-құрылғылары С;Д;Е;F:2 дискет үшін
қоры-құрылғылары А:В: қажет болғанда конверттегі дискет қор саңылауына
кіргізіледі (орналастырылады) пердесі жабылады және қор жұмес істеуге
дайын. Жұмыс бастауға шақыру: С:\.
КАТАЛОГ (директорий) – дискідегі арнаулы орын: ішкі каталогтың аттары,
файлдың аттары, файлдың өлшемі туралы мәліметтер, олардың жаңартылуын
көрсететін уақыттар және т.б. Әр дискіде түпкі (негізгі) каталог болады.
Барлық каталогтар ағаш бұтақтары тәрізді құрылымды құрады.
Мысал: D дискісіндегі STUD2KK каталогіндегі EM 96 ішкі каталогының аты
D:\STUD2KK\EM 96k.
ФАЙЛ – дайын программаларды, олардың текстерін, берілгендерді және
басқаларды сақтайтын дискідегі аты аталған облыс. Файлдың құрама аттары да
болуы мүмкін:
Файлдың – аты [түрі],
мұндағы [ ] квадрат жақша ішіндегі параметрдің міндетті емес екенін
білдіреді, яғни болмауы да мүмкін. Аты әруақытта әріппен басталады және
әріптер мен цифрлар (8 символ) жиынынан тұрады. Кеңеюі 3 цифрға дейін
болады, файлдың мақсатын нұсқайды:
.com,.exe – дайын программалар,
.bak – файлдың ескі хабары,
.dos – құжат,
.bat – команда беруші файл (әмірші файл),
.pas,.for,.c.asm,.bas – Паскальдағы, фортрандағы, Cu-дегі,
Ассемблердегі және Бейсиктегі программалар.
Файлдардың аттарына мысалдар: ааа, asber.pas, kutt ll.com, a2ww,
asber.bak.
ЖОЛ - бұл каталогтар аты немесе символдар тізбегі: ..-кезектегі
каталогтан немесе \-негізгі каталогтан. Мысалдар:
\Y\AST,\STUD2k\EK96,..\EK96.
Файлдың толық атының түрі:
[Дисковод] [жол\] файлдың аты
Мысалдар: а:ter,c:\Y\AST\aaa.bak, d:\Stud2k\EK96\Sabit.
Әрбір ДК 3 арнайы файл бар:
1) CONFIGSYS - конфигурация файлы, мұнда берілген параметрлер VS-
DOS-тың файлмен, жадымен, қолданбалы программамен және
аппараттық құрылғыларымен қалай жұмыс істейтінін анықтайды.
2) AUTOEXEC.BAT-MS-DOS-ті іске қосқаннан кейін бұл файл жазылған
нұсқауларды іздейді және орындайды, әрі бұл әмірлер күйге
келтіру параметрлерін анықтайды, мысалы, орыс драйверін іске
қосу, жолды орнату және т.б.
3) COMMAND.COM- бұл әмірлік процессор. Мұнда құрамында MS-DOS
әмірі бар, ол арқылы әмірді өңдеу орындалады.

Мәлімет жинақтауыштар (дискілер)

Дербес компьютердегі бағдарламалар мен берілген мәліметтердің негізгі
орны магнитті дискідегі жинақтағыштар болып табылады. Сондықтан компьютер
жұмысының тиімділігі оларды дұрыс қолдануға байланысты болады. Дисктер
латынның бас әріптерімен қос нүкте қою арқылы белгіленеді A:, B:, C:, D:
және т.б.
Көпшілік компьютерлерде екі диск орнатылатын ұя бар - иілгіш
дискілерге (дискет) арналған және олар А: және В: әріптерімен белгіленеді,
қатты диск (винчестер) С: әрпімен белгіленеді.
Компьютерді қосқанда DOS жүктеледі де, дисплей экранында DOS
жүйесінің стандартты жұмысқа шақыру командалары шығады:
С:\ - винчестердің жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
А:\ - А: дискетінің жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.

Жинақтауыштарды (дискеттерді) форматтау

Дискеттерді бірінші рет пайдаланғанда оны дайындап алу керек. Бұл
format.com командасының көмегімен келесі түрде іске асады: бірінші format
командасы содан соң диск командалық жолға теріледі, екінші Enter пернесі
басылады.
Мысалы: format а: - А: дискетін форматтау.
Команданы енгізген соң, экранға мына төмендегі мәлімет шығады:
Іnsert new dіskette to drіve A: and strіke ENTER when ready
(дискетаны кіргізіп ENTER пернесін басыңыз)
Егер де дискета бүлінген болса, онда
Track 0 bad - dіsk unusable
(0 жолы бұлінген, дискетті пайдалануға болмайды)
Дискетті форматтап болғаннан соң:

Format another (YN)?
(Тағы форматтау керек пе (Y-иә, N-жоқ)?

Y немесе N пернесі одан кейін ENTER басылады.
Ескерту. С: дискіні форматтауға болмайды, себебі қатты дисктегі
(винчестердегі) барлық мәлімет өшіріледі.

Файл деген не?

Магниттік дисктердегі мәлімет файлдарда сақталады. Файл - бұл
бағдарлама текстері, құжаттар, сандық мәліметтер және т.б. сақталатын
дисктің белгілі бір аймағы. Файлдар көбінесе екі топқа бөлінеді - мәтіндік
және екілік файл.
Мәтіндік файлдар жазылған мәліметтерді оқуына арналған. Екілік
файлдар мәліметтерді компьютердің кодтарында сақтайды.

Файлдар атаулары

Файл атауы екі бөліктен тұрады - оның негізгі аты және сол аттың
кеңейтілу аты. Файл атауында 1-ден 8-ге дейін таңбалар болуы мүмкін.
Кеңейтілу өз атынан нүктемен ажыратылады да, 3 таңбадан артық болмайды.
Мысалы: command.com
paper.doc
autoexec.bat
\
файл аты файл кеңейтілуі
Файл атының кеңейтілуі болмаса да болады. Ол, шарт бойынша файлдың
мазмұнын сипаттайды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.
Көпшілік бағдарламалар файл атының кеңейтілуін қолданады, сол арқылы
файлдың қандай бағдарламада жасалғанын білуге болады.
Мысалдар:
.com.exe - орындауға дайын бағдарламалар;
.bat - командалық файлдар;
.pas - Паскальдегі бағдарламалар;
.for - Фортрандағы бағдарламалар;
.с - СИ бағдарламалары;
.asm - Ассемблердегі бағдарламалар;
.bak - Файл көшірмесі, өзгертудің алдында алынған.
Файл атауы үшін кіші және бас әріптер бірдей, себебі DOS барлық кіші
әріптерді сәйкестендіре бас әріптерге ауыстырады.
Файл атауын тек латын әріптерімен жазу керек. Көп командаларда файл
атауларында файл тобын көрсету үшін * және ? белгілерін қолдануға болады.
** - шаблон немесе файл атауының нұсқауы (маска). * белгісі атауының
немесе файл атының кеңеюіндегі кез-келген санын білдіреді. ? белгісі файл
атындағы немесе кеңеюіндегі кез-келген белгінің барын немесе жоғын
білдіреді.
Мысалы:
*.bak - Bak атты кеңейтілу аты бар файлдар;
С*. d* - С-тен басталатын атауы бар, D-дан басталатын кеңеюі бар
барлық файлдар;
a:\ dos \ ABS ???.* - ABS-тен басталатын атаулы және 6 белгіден көп
болмайтын барлық файлдар.

Каталогтар

Компьютерді пайдаланған сайын файлдардың саны өседі де оларды
сұрыптау, жіктеу және белгілі бір топтарға бөлу қажеттігі туындайды. Ол
файлдар каталогтары (директориялар) көмегімен іске асады.
Каталог - дискідегі арнаулы орын, онда ортақ бір белгісіне қарай
топтастырылған файлдар сақталады.
Әрбір дискіде бірнеше каталог болуы мүмкін. Каталог атауы файл
атауынан айырмашылығы - кеңеюі болмайды және әрқашан бас әріптермен
жазылады. Каталог атауында 1-ден 8-ге дейін таңбалар болуы мүмкін.
Түпкі каталог. Әрбір магниттік дискіде бір негізгі немесе түпкі
каталог астылар (1-ші деңгей каталогтары) тіркеледі. 1-ші деңгей
каталогтарында файлдар және 2-ші деңгей каталогтары және т.б. тіркеледі,
мысалы:
C: \ DEMO - 1-ші деңгей каталогы DEMO;
C: \ DEMO SYS - 2- ші деңгей каталогы (каталог асты) SYS.
Бұл каталог - осы мезетте жұмыс істеп отырған каталог.

Файлға баратын жолды көрсету

Оқылған каталогта орналаспаған файл қолданылатын кезде бұл файл қай
каталогта болатынын көрсету керек. Бұл файлге баратын жолды көрсету арқылы
іске асады.

Жол - бұл \ белгісімен бөлінген каталогтар аттарының тізбегі. Мысалы:
CHІ \ LEX - LEX бағынышты каталогына жол. Файлдың толық атауы келесі түрде
болады: дискжүргізуші \ каталог \ подкаталог \ файл атауы.
Мысалы: С: \ UROK \ STUDENT \ student.exe - student.exe файлы UROK
негізгі каталогының STUDENT бағынышты каталогында.

MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы

MS DOS операциялық жүйесі дискеттің түпкі каталогында немесе С
дискісінде файлдар түрінде сақталады да, мынадай бөліктерден тұрады:
-BIOS модулі компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу
шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып
өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс
істеу қабілеттілігін тексеріп,мәліметті енгізу шығаруға байланысты ОС-ң
қарапайым және әмбебаб қызметтерін орындайды. Операциялық жүйенің
жіктеуіші бұл өте қысқа программа компьютердің жедел жадында тұрақты
сақталып қалатын DOS операциялық жүйе модулдерін компютер жадында (IO.SYS,
MS DOS.SYS) оқуды іске асырады. IO.SYS сыртқы құрылғылары (пернелік тақта,
дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың
барлық операцияларын атқарады. MS DOS.SYS файлдар даярлауға мүмкіндік
береді және ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос
орын бар екені белгілі. COMMAND.COM пайдаланушы жұмысы үшін тағайындалатын
командалық процессор. Ол ЭЕМ іске қосылған кезден бастап пайдаланушының
талабы бойынша процессор орындалатын барлық резидентті және ішкі
командаларды қамтамасыз етеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау
үшін ол дискіден соларға сәйкес программалық файлдарды іздеп, егер табылса,
оны жедел жадқа жүктеп, оған басқаруды береді. Программа жұмысы
аяқталғаннан соң командалық процессор оны жадтан жойып, экранға әрі қарай
жұмысқа даяр екенін білдіретін шақыру мәліметін (DOS шақыруы) шығарады. DOS
тың сыртқы немесе кірме (транзитті) командалары операциялық жүйемен бірге
бөлек модульдер түрінде берілетін программалар, кейде утилиттер деп те
айтылады. Ол кірме командалар ретінде әр түрлі қызметтер атқарады, мысалы,
дискетті форматтау, дискілерді тексеру және т.с.с. Құрылғы драйвері DOS
жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін
орындайтын арнайы программалар. Драйверлер компьютердің жедел жадында
операциялық жүйемен бірге жүктеледі, де олардың аттары CONFIB.SYS деген
арнаулы файлда жазылады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін
дискіден конфигурациялық файл CONFIG.SYS оқылып, құрылғылар драйверлері де
жедел жадқа орналасады. Бұдан кейін командалық COMMAND COM файлы оқылады,
ол басқару ісін атқарады. Бұл командалық процессор тағы бір командалар мен
программаларды біртіндеп орындай бастайды.

Операциялық жүйенің негізгі командалары

ОС жұмыс істегенде оның негізгі жұмыс құралы команда. Ол компьютерге
белгілі бір әрекетті орындайтын арнаулы программаларды шақыру үшін
қолданылады.
Командалар форма деп аталатын, нақты құрылымнан тұрады. Команда формат
команданың аты мен параметрлерінен тұрады.

Команданың жіктелуі

MS DOS тың барлық командалары резидентті және транзитті болып екі
үлкен топқа бөлінеді. Резидентті (ішкі, бірге құрылған)
Командалар қосымша COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады.
Олар қарапайым және жиі қолданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD,
RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т.б. командалар жатады.
Транзитті (сыртқы, жүктелінетін) командаларға дискідегі программалық
файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл
топқа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE,DISKCOPY және
т.б.

Резидентті (ішкі) командалар.

Каталогтармен жұмыс істейтін командалар.
Бұл топқа DIR, CD, RD, MD командалары жатады.
1. DIR командасы -каталогтар мен файлдардың толық аттарының,
көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR
командасын параметрсіз жай қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың
мазмұнын шығарады.
Ішкі каталогтың мазмұнын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйелер пәнінен дәрістер
MS-DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
MS-DOS және Norton Commander туралы ақпарат
Электрондық оқытушы құралдар құру
Windows операциялық жүйелерін қолдану
Операциялық жүйе түрлері
Компьютерді жабдықтау программалары
Ms dos операциялық жүйесi. Графикалық редактор
Файлдарды көшіруді сұрау
WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Пәндер