Paіnt бағдарламасын іске қосу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
7. PAІNT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ.

Paіnt - Wіndows 95 жұйесінің стандартты пакетіне кіретін қарапайым
нұктелік графикалық редактор. Ол графикалық бейнелерді жасауға және оларды
редакциялауға мұмкіндік береді.

7.1. Paіnt бағдарламасын іске қосу

1) "Пуск"("Бастау") батырмасын басып, Басты менюді ашу;
2) Басты менюден "Программы"("Бағдарламалар") деген жолды алу;
3) Бағдарламалар тізбегінен "Стандартные"("Қалыпты") деген жолды алу;
4) Пайда болған менюден "Paіnt" жолын таңдау.
Бағдарлама іске қосылғандығы Paіnt терезесінің кескіні 16-суретте
көрсетілген.

7.2. Paіnt терезесі

Терезенің негізгі бөлігін бос орын - сурет салу аймағы алып жатыр. Оның
сол жағында құралдар тақтасы орналасқан.

16 - сурет.Paіnt редакторының терезесі.

Терезенің төменгі шегінің бойымен түстер палитрасы орналасқан. Палитраның
сол жағында екі төртбұрыш бар:
жоғарғы төртбұрыш - бейненің түсі.
төменгі төртбұрыш - фон (негізгі түс).
Құралдар тақтасының астында сызықтың жуандығын таңдау терезесі орналасқан.
Палитра мен құралдар тақтасын алып тастау немесе қайтару үшін келесі
клавишаларды қолдануға болады:
Ctrl + T - құралдар тақтасын алып тастауқайтару;
Ctrl + A - палитраны алып тастауқайтару.

7.3. Paіnt құралдар тақтасы

16-сурет. Paіnt редакторының терезесі.

1,9. Фрагментті (ұзікті) белгілеу құралдары. Қиып алынған фрагменттер
бейненің ұзіндісін көшіру, орнын ауыстыру, түрлендіру үшін пайдаланылады.
2. Ластик Түсті ластик құралы. Осы құралды пайдаланғанда тазартылған
(өшірілген) аудан ағымдағы фонның түсімен толтырылады.
10. Құю құралы суреттегі қоршалған ауданды белгілі бір түспен толтыру.
3. Түсті таңдау құралы түсті салынған объектілер түстерінің көшірмесін
жасау арқылы таңдау үшін.
11. Масштаб құралы суреттің масштабын өзгертеді.
4,12. Қарындаш пен құралдары. Осы құралдардың көмегімен қалаған сызықтарды
салуға болады, пішінін өзгертуге болады.
5. Шашыратқыш құралы аэрозолдік баллон сияқты жұмыс істейді.
13. Жазу пернесі суреттің ішіне мәтінді енгізуге мұмкіндік береді. Жазумен
жұмыс істегенде мәтіннің атрибуттар тақтасы шақырылады.
6. Сызық құралы түсі мен ені түрлі тұзу сызық кесінділерін салуға
мұмкіндік береді.
14. Қисық құралы. Қисықтың салынуы ұш этапқа бөлінеді: алдымен сызықты
сызамыз, кейін оны екі рет деформациялауға (пішінін өзгертуге) болады.
Эллипс (8), Тіктөртбұрыш (7), Доғаланған тіктөртбұрыш (16), Көпбұрыш (15)
құралдары ұш толтыру режимдерде жұмыс істейді. Сонымен қатар тышқанның оң
және сол жақ батырмаларын қолдануға болады.
Shіft пернесін басып тұрып фигураны салғанда, дұрыс фигураларды (шеңбер,
квадрат және т.б.) салуға болады.

7.4. Paіnt редакторының менюі

Файл - файлдармен жұмыс істеу командалары: құру, ашу, сақтау, алдын ала
қөру, парақтың макеті, басып шығару.
ПРАВКА (ТҮЗЕТУ) - суретпен жұмыс істеу командалары: қиып алу, көшіру,
енгізу, бәрін белгілеу, т.б.
ВИД (КґРІНІС) - палитраны, құралдар терезесін, кұй-қалып қатарын қөрсету
немесе алып тастау; масштаб (бейненің масштабын ұлкейту не кішірейту);
суретті қарау (сурет бұкіл экранға шығарылады).
РИСУНОК (СУРЕТ) - суретті өзгерту командалары: бұру, созуеңкейту;
түстерді айналдыру; атрибуттар (экранның өлшемін және палитраны өзгерту);
тазалау (бұкіл экранды суреттен тазалау).
ПараметрЛЕР - палитрамен жұмыс істейтін командалар.
? - көмекке шақыру және "О программе" ("Программа жөнінде") командалары.
Анықтама - Paіnt графикалық редакторымен жұмыс істеудің сипаттамасы.

7.5. Paіnt-тегі жазулар

Бейненің кез-келген жеріне жазу үшін:
1) Құралдар тақтасындағы "А" әрпі кескінделген батырғышты басу;
2) Тышқанның көмегімен экранға (сурет салу аймағында) ішіне мәтін
жазылатын рамка (төртбұрыш) салу;
3) Мәтін атрибуттары тақтасының көмегімен қажетті шрифтті таңдап алу.
Егер мәтін атрибуттарының тақтасы қөрінбесе:
1. "Вид" ("Көрініс") менюін таңдау;
2. Пайда болған менюден "Панель атрибутов текста" ("Мәтін атрибуттерінің
панелі") деген жолды таңдау.
Бұл тақтаның көмегімен шрифттің түрін, кескінін және өлшемін таңдап алуға
болады. Орыс және латын әріптерін ауыстыру үшін Alt + Shіft клавишаларын
басу.
4) "Имя файла"("Файл аты") деген жолда файлдың атын жазу.
5) "Сохранить"("Сақтау") деген батырманы басу.

7.6. Paіnt терезесінде суретті ашу

Бұдан бұрын файлда сақталған суретті ашу үшін:
1) Файл менюін ашыңыз.
2) "Открыть"("Ашу") командасын алыңыз.
Пайда болған диалог терезесінде:
3) Файл сақталған папканы көрсету (қажет болса);
4) Файлдар тізбегінен қажетті файлды таңдап, оны тышқан-ның сол
батырмасымен екі рет басу немесе "Открыть"("Ашу") батырмасын басу.

7.7. Суреттің бөлшектеп істелінетін жұмысы

Суретті бөлшектеп редакциялау үшін:
1. "Вид"("Көрініс") менюінен "Масштаб" команданы таңдау.
2. "Масштаб" менюінен "Крупный" ("Үлкен") команданы таңдау.
3. Төменгі мен оң жақтағы сызғышты жылжыту арқылы, экранда
редакцияланатын суреттің бір бөлігін (фрагментін) енгізу.
4. 1-ші пунктын қайталап "Масштаб" менюінен "Торды көрсету" команданы
таңдау. Экранда тор пайда болады, осының көмегімен суретті клетка-нұкте
арқылы редакциялауға болады.
5. 1-ші пунктын қайталап "Масштаб" менюінен "Окно масштаба 100%"
("Масштаб терезесі 100%") команданы таңдау. Осыдан кейін экранда
редакцияланатын кескінмен кішкентай терезе шығады.
Бөлшектеп істелінетін жұмыстың соңында "Вид" ("Көрініс") менюіне кіру
керек, содан "Масштабты" таңдап, оның ішінен "Обычный" команданы таңдау.

7.8. Суретті сақтау

Құжатты (суретті) бірінші рет сақтау үшін:
1. Файл менюін ашады.
2. "Сохранить" ("Сақтау") немесе "Сохранить как ..." ("... сияқты сақтау")
команданы таңдайды да, экранда сұхбат терезесі "Сохранение файла"
шығады.
3. Суретті "Сохранить в" ("Ішінде сақтау") көмегімен белгілі бір папканы
көрсетіп сақтайды. Оң жақ пернені басқанда, біз кез келген папканы
таңдай аламыз. Негізінен, бағдарлама ақпаратты "Менің құжаттарым"
папкасына сақтауды ұсынады.
4. Суреттің атауын "Имя файла" ("Файл аты") қатарында енгізу.
5. "Сохранить"("Сақтау") командасын басу.

7.9. Практикалық сабақ

18-сурет. Практикалық сабақ

8. WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.

WordPad редакторы Wіndows 95-тың стандарттық бағдарламалардың бірі және де
кұрделі мәтіндік құжаттарды жасауға әрекет етеді.

8.1. WordPad бағдарламасының жұктелуі

1. "Пуск"("Бастау") батырманы басу;
2. Шыққан менюден "Программы" ("Бағдарламалар") деген жолды алу;
3. Келесі шыққан менюден "Стандартные" ("Қалыпты") деген жолды алу;
4. Пайда болған тізімнен WordPad жолын таңдау.
WordPad редакторы қосылған соң, экранда оның терезесі көрінеді.
Терезедегі бағдарламада мына басқару бөлімдері бар:
3. Құралдар тақтасы;
4. Мәтінді форматтайтын тақта;
5. Сызғыш (алаңның өлшемін өзгертеді және табуляцияның позицияларын
енгізеді);
6. Енгізудің (шығарудың) курсоры - жанып-сөнген тік сызықша;
7. Тышқанның курсоры жұмыс істейтін құжаттағы түрі - І;
8. Меню.

19-сурет. WordPad редакторының терезесі

8.2. Құралдар тақтасы

WordPad терезесінде, Wіndows-тың көпшілік терезелеріндей, құралдар тақтасы
болуы мұмкін. Ол жиі қолданылатын командаларды шақыру үшін қажет.

20-сурет. мәтіндік редакторының саймандар панеліндегі пернелер.
1 - жаңа құжатты ашу; 2 - құжатты ашу; 3 - ағымдағы құжатты дискке сақтау;
4 - ағымдағы құжатты баспаға шығару; 5 - құжатты экранда алдын-ала көру;
6 - көрсетілген мәтіннің фрагментін іздестіру; 7 - белгіленген мәтіннің
фрагментін ауыстыру буферіне кесіп тастау; 8 - белгіленген мәтіннің
фрагментін ауыстыру буферіне көшіріп тастау; 9 - ауыстыру буферінің
ішіндегісін қойылу нұкте тұрған жерге шығару; 10 - соңғы команданы
болдырмау; 11 - құжаттың мәтініне кұн-ай (дата) мен уақытын енгізу.

8.3. WordPad мәтіндік редакторының менюі

WordPad терезесінің жоғарғы жағында меню орналасқан, ол келесі қажетті
сөздерден тұрады:
ФАЙЛ - мына командаларды қамтиды: жаңа құжатты жасау (құжаттың түрін
таңдауға болады), файлды (құжатты) ашу, құжатты еске сақтау, қалай сақтау
(жаңа атаумен сақтауға болады), құжатты бастыру, алдын ала көрінісі,
парақтың макеті (шеттің, жолдың өлшемдерін қою).
ПРАВКА (ТҮЗЕТУ) - келесі командалар жатады: алып (кесіп) тастау, көшіру,
енгізу (шығару), жою, іздестіру (керекті сөзді), ауыстыру және т.б.
ВИД (КґРІНІС) - мына командалар жатады: құралдар тақтасын көрсетуалып
тастау, форматтайтын тақта, сызғыш, жолдың түрін, параметрлер (сөздің
көшірілуі).
ВСТАВКА (ЕНГІЗУ) - кұн-ай (датаны) мен уақытты, объектіні шығару.
ФОРМАТ - мына командалар жатады: шрифттің қалауы, маркерді енгізу, абзацты
және табуляцияның позицияларын жасау.
? - анықтаманы шақыру, WordPad бағдарламасы туралы мәлімет.

8.4. Құжаттың жасалуы мен редакциялануы

Бағдарламаны қосқан кезде, автоматты түрде жаңа құжат ашылады, онда бірден
ақпаратты теруге болады. Жаңа құжатты ашу үшін, келесі әрекеттерді жасау
керек:

21-сурет. Құжатты жасаудың сұхбаттасу терезесі.
1. Құралдар тақтасында "Создать документ" ("Құжатты жарату") батырмасын
немесе Файлдан "Создать" ("Жарату") команданы таңдау. Экранда пайда
болған сұхбаттық терезесінде жасалатын құжаттың бірнеше түрлері
көрсетіледі.
2. Түрді таңдап алған соң, ОК батырмасын басу. Осыдан кейін құжаттың
терезесінде мәтінді теруге болады.

8.5. Құжаттардың түрлері

ДОКУМЕНТ WORD 6 - форматты Mіcrocoft Word 6.0. бағдарламасымен қолданады.
ФАЙЛ RTF - Word 6.0. документ пен Мәтіндік документтің арасындағы
орташасы. Бұл формат әдейі форматталған текстті белгілі бір мәтіннің
арасына көшіру үшін жасалған.
МӘТІНДІК ДОКУМЕНТ - осы форматты таңдағанда, құжат жай кұйіндегі
(форматталмаған) мәтін болып сақталады. WordPad бағдарламасы барлық
сөздерді еске сақтайды, бірақ форматталған бөлек таңбалар (символдар),
абзацтар мен құжаттың өзі, енгізілген суреттер туралы мәліметтер жоқ
болады (жойылады).

8.6. Мәтінді редакциялау

Мәтінді редакциялау кезінде, келесі командалар орындалады:
9. ВСТАВКА (ЕНГІЗУ) - мәтінді енгізу үшін, курсорды енгізілетін
(шығаратын) жерге қою керек. Енгізілетін мәтін курсордың сол жағына
орналасады.
10. УДАЛЕНИЕ (АЛЫП ТАСТАУ) - жолдағы мәтінді жою - курсорды жоятын мәтіннің
алдына қойып DEL пернесін басу, немесе курсорды мәтіннің соңына қойып
Backspace пернесін басу.
11. УДАЛЕНИЕ ФРАГМЕНТА ТЕКСТА (МӘТІННІі БґЛІГІН АЛЫП ТАСТАУ) - мәтіннің
белгілі бір бөлігін жою - мәтінді бөлектеп DEL пернесін басу. Егер
мәтінді жою керек болғанмен, оны ауыстыру буферінде сақталуы үшін:
1) мәтінді бөлектеу;
2) "Правка"("Тұзету") менюінен "Вырезать"("Алып тастау") командасын
таңдау (осылай құралдар тақтасын да жоюға болады).

8.7. Белгілі бір мәтіннің бөлігін бөлектеу

Бір сөзді бөлектеу үшін - тышқанның курсорын осы сөзге қойып екі рет басу.
Бұкіл абзацты бөлектеу үшін - тышқанның курсорын абзацтың кез келген
жеріне қойып ұш рет басу.
Құжаттың текстін - курсорды бөлектенетін алаңға (мәтіннің сол жағындағы
бос орынға) қойып, тышқанның сол жағындағы батырмасын ұш рет басу.
Құжаттың бұкіл текстін Ctrl+A (латын) пернелерін бірге басып бөлектеуге
болады. Бұл жағдайда тышқанның курсоры мен енгізілетін нүкте, қайда тұрса
да болады.

8.8. Мәтінді форматтау

Форматтайтын терезе шрифттің түрлері мен өлшемдерін және форматтау үшін,
командаларды жылдам береді.

22-сурет. Форматтайтын панель.
1-шрифтті таңдау алаңы (ашылған тізім); 2-шрифттің өлшемін таңдау алаңы
(ашылған тізім); 3,4,5-шрифттің жазылуын жуан, қөлденең және асты сызылған
шрифтке ауыстыру; 6-мәтіннің түсін таңдау; 7-белгіленген абзацты
нөмірленген тізімге өзгерту; 8,9,10-абзацтың шекараларын тұзету;

8.9. Құжаттың сақталуы

Жаңа құжатты сақтау үшін:
1. Құралдар тақтасында "Сохранение документа"("Құжат сақтау") батырмасын
басу немесе Файл менюінде "Сохранить как ..." ("... сияқты сақтау")
команданы таңдау;
2. "Сохранить в" ("Ішіне сақтау:") алаңында, мәтін (құжат) сақталатын
папканы таңдау;
3. Құжаттың атауын енгізу;
4. Құжаттың форматын көрсету;
5. "Сохранить" ("Сақтау") батырмасын басу.

8.10. Құжаттың ашылуы

Файл менюінен "Открыть" ("Ашу") команданы таңдау;
Пайда болған "Открытие файла" ("Файл ашылуы") терезесінде:
1. "Папка" ("Бума") алаңынан керекті, құжат сақтайтын, буманы таңдап
ашу (керек болса, бумалардың бұкіл тізімін көру үшін, алаңның оң жақ
бұрышындағы батырманы басу керек).
2. Шыққан файлдардың тізімінен керектісін таңдап, тышқанның сол жақ
батырмасын екі рет басу (бір рет те басуға болады, бірақ кейін
"Открыть" ("Ашу") командасын басу керек.

8.11. Құжатқа суреттердің енгізілуі (кіргізілуі)

Құжатқа графикалық кескінді қою үшін:
1. Paіnt бағдарламасында суретті салу (немесе дайын суретті графикалық
редакторға енгізу (жүктеу)).
2. Суретті таңдау (немесе суреттің бір бөлігін).
3. Осы суретті немесе оның бөлігін менюдегі командасымен: "Правка-
Копировать" ("Тұзету-Көшіру") ауыстыру буферіне қою (немесе құралдар
тақтасындағы "Копировать" ("Көшіру") батырмасын басу).
4. WordPad бағдарламаны жұктеу (немесе жұктелген болса оған ауысу).
5. Енгізетін нұктені суретті қойылатын жерге әкелу.
6. "Правка" ("Түзету") менюінен "Вставка" ("Енгізу") командасын таңдау
(немесе құрал тақтасындағы "Енгізу" батырмасын басу).

8.12. Қағазға бастырудың алдындағы көрінісі

Меню: "Предварительный просмотр" ("Алдын-ала көру") команданы таңдау
немесе құралдар терезесінен сәйкес батырманы басу. Экранда алдын ала
көрінісінің терезесі шығады.

"Предварительный просмотр" ("Алдын-ала көру") терезесінің мүмкіншіліктері:
1. WordPad бағдарламасы мәтінді қағазда орналастырылғандығын көруге
болады.
2. Келесі бетті "следующая" немесе "предыдущая" ("алдынғы") батырмаларын
басып көруге болады.
3. Екі бетті көру режиміне ауысуға болады.
4. Кескіннің масштабын үлкейтуге немесе кішірейтуге болады (оны
"Крупнее" ("Үлкенрек") және "Мельче" ("Кішірек") пернелердің көмегімен
істейді).
5. "Песать" ("Баспа") сұхбат терезесін ашу ("Баспа" батырмасын басу).
Осының бәрі құжаттың қағазда қалай орналасатындығын көруге мүмкіндік
береді.

23-сурет. Алдын-ала көру терезесі.

8.13. Құжаттың қағазға бастырылуы

Құжатты қағазға шығару үшін Меню: "Файл-Баспа" командаларды таңдау немесе
құралдар тақтасындағы принтердің суреті бар батырмасын басу. Осыдан кейін
"Печать" ("Баспа") сұхбаттық терезесі шығады.
1. Принтерді таңдау үшін, алаңның оң жақ реннеге басып, "Имя" ("Аты")
тізімін ашады.
2. Егер таңдалған принтердің параметрлерін өзгерту керек болса,
"Свойства" ("Қасиеттер") батырмасын басу керек.
3. Бірнеше көшірмелерді жасау үшін, "Число копий" ("Көшірме саны")
алаңында санды өзгерту керек.
4. Құжатты толық емес бастыру үшін, онда бастырылатын беттердің
нөмірлерін анықтайтын диапазон сандарды енгізу керек.
5. Барлық параметрлер енгізілген соң, ОК батырмасын басады

3. EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОР

Электронды кестелерді өңдеу бағдарламаларының көпшілікпен қолданылуы, оны
пайдаланудың әсемпаз (универсал) мұмкіндіктеріне байланысты. Бүгін әртүрлі
сфералық мамандықтарында есеп шығарусыз істей алмайсыз. EXCEL электронды
кестелер бағдарламасы, біріншіден, сандармен жұмыс істеуге арналған, бірақ
ол сонымен бірге мәтінмен, графикпен, диаграммамен және карталармен жұмыс
істеу кең мұмкіншіліктер береді. EXCEL -ді жәй есептерді шығаруға, түрлі
блоктарды жасауға, графиктерді құрастыруға, және фирманың бұкіл балансын
көрсетуге қолдануға болады. EXCEL -дың күшті математикалық және инженерлік
функциялары арқасында, оны ғылыми техникалық ж. т. б. салаларында
қолданады.

25 - сурет. MS EXCEL бағдарлама терезесінің жалпы көрінісі

3.1.EXCEL-ді жұктеу

Бағдарламаның жұктеуін түрлі тәсілдермен жасауға болады.
Басты меню арқылы:
Пуск батырмасын басып, Басты менюден Программы жолын таңдау,
сонан соң тышқанның сол жақ батырмасымен "Mіcrosoft Excel" пунктын басу.
Егер компьютерде Mіcrosoft Offіce бағдарламалар пакеті енгізілген болса,
онда Mіcrosoft Offіce терезесі арқылы:
Тышқанның сол жақ батырмасымен Mіcrosoft Excel батырмасын басу
Тышқанның сол жақ батырмасымен Mіcrosoft Offіce терезедегі Создать
документ батырмасын басу, сонан соң Новая рабочая книга пиктограмманы
таңдап, ОК батырмасын басу.

Бағдарламаны жұктеген соң, оның терезесі ашылады, құжаты бар терезе
рабочая книгаң (жұмыс кітабы) деп аталады (25.сур.).
Жұмыс кітабын жасағанда, ол негізінде ұш жұмыс істейтін парақтан тұрады.
Әр парақ жолдар мен бағаналарға бөлінген, олардың қиылысуында ұяшықтар
орналасады. Ол ұяшықтарға ақпарат енгізіледі: мәтін, сандық мәліметтер
және формулалар. Әр парақ 256 бағанаға және 65536 жолға бөлінген, яғни
17000000 ұяшықтарды қамтиды. Олардың көбісі жұмыс ұстінде бос қалады.
Парақтың жоғарғы шектің бойында бағаналардың атаулар жолы орналасқан.
Барлық бағаналар латын алфавитінің әріптерімен және олардың бірігуімен
аталған. Жұмыс парағының сол жағында рет бойынша нөмірленген жолдардың
атаулар бағанасы орналасқан.
Жұмыс парақтың әр ұяшығының өз мекен-жайы болады. Ол бағананың атауы мен
жолдың нөмірінен тұрады: А1, ВС100.
Жұмыс парақ ұяшықтарының біреуі міндетті түрде штрихталған қоршаумен
көрсетіледі, ол активті ұяшықтың көрсеткіші болып табылады және де осы
сәтте пернеліктен енгізілген ақпарат осы ұяшыққа енгізіледі. Ақпаратты
енгізуге кез-келген ұяшықты таңдауға болады. Ол үшін курсормен басқару
пернесінің көмегімен оның ұстіне штрихталған қоршауды орын алмастырып, сол
жақ пернені алып қалу.

26 - сурет. Стандартты құралдар тақтасы
1- құжатты жасау; 2- құжатты ашу; 3- сақтау; 4- баспаға шығару; 5 - алдын
ала қарау; 6- орфография; 7- буферге кесіп тастау; 8- буферге көшірме
жасау; 9- буферден шығару; 10- мысалдағы формат; 11- болдырмау (әрекеті);
12- қайтару (әрекеті); 13- гиперссылканы қосу; 14- Web терезесі; 15-
автосома; 16- функцияны енгізу; 17- өсу ретімен сорттау; 18- кему ретімен
сорттау; 19- диаграммалардың мастері; 20- карта; 21- сурет салу; 22-
масштабң алаңы; 23- көмекші;

Excel бағдарламалар терезесінің элементтерінің көбісі: атаулар жолдары,
стандартты пернелер, құралдар тақтасы т. б. бізге таныс. Енді жаңа
элементтерді қарастырайық: ұяшықтардың ауданын және формулалар жолын.

3.2. ұяшықтардың ауданы

ұяшықтардың ауданы горизонталь айналдыру сызығының сол жағында орналасқан,
жұмыс парағының ұяшықтарынан және ұяшықтарды айналдыру пернелерінен
тұрады. Жұмыс кітабының бір парағын ашу үшін, сәйкес ұяшықта тышқанның сол
жақ батырмасын басып қалу.

27 - сурет. ұяшықтарды айналдыру пернелері
1- бірінші ұяшыққа ауысу; 2- алдыңғы ұяшыққа ауысу; 3- келесі ұяшыққа
ауысу; 4- соңғы ұяшыққа ауысу; 5- жұмыс парақтарының ұяшықтары.

Үндемеусіз жұмыс кітабының ұш парағы мына аттармен жасалады: Лист1, Лист2
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Wіndows жүйесінің cтандартты программалары туралы
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру
«Тест» қосымшасын құру»
Windows операциялық жүйесінің қызметі
Мультимедиялық технологиялар
Windows терезесінің құрылымы
Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы оқытуды ұйымдастыру әдістері
8 сыныптың бағдарламасына сай MS Windows-тың стандартты бағдарламаларын оқыту барысында қолданылатын оқыту бағдарламасын жасау
Corel Draw графикалық редактор
Пәндер