Турбо Паскаль программалау жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
D:\TP\TURBO 1
ІNTERFACE 3
ІMPLEMENTATІON 3
BEGІN 3
Модульді өз аты және олардың өзара байланысы. 3
Модульдерді компиляциялау. 5
Uses GRAPH; 5
Стандартты модульдер. 5
Модульдердің құрылымы. 6
ІNTERFACE 7
ІMPLEMENTATІON 7
BEGІN 7
Модульді өз аты және олардың өзара байланысы. 7
Модульдерді компиляциялау. 8
Uses GRAPH; 9
Стандартты модульдер. 9

Турбо Паскаль программалау жүйесі – бұл екі бір-бірінен тәуелсіз екі
бастаманың туындысы: Паскаль тлінің компиляторы және программа құру
өнімділігін арттыратын программалық қоршама. Қысқаша компилятор іске
асыратын Паскаль программалау тілін – Турбо Паскаль тілі деп, ал
программалық қоршама ұсынатын көптеген мүмкіндіктерді – Турбо Паскальдың
ортасы деп атаймыз. Турбо Паскаль жүйесі көлемі жағынан елеулі. Ол бірнеше
дистрибутивті дискеталарда ұсынылады және қатты дискте орнатылады. Қатты
дискке орнатылғанда, әдетте TP (немесе PAS, TURBOPAS, PASCAL және т.б.)
каталогы құрылады. Турбо Паскальды шақыру үшін тармақталған тізімде осы
каталогты тауып, оның ішінде TURBO.EXE файлын ашу керек. Бұл файлдың ішінде
жұмыс істеуге дайын Турбо Паскаль диалогтық жүйесі бар (тексттік редактор,
компилятор, компоновщик, жүктегіш). Диалогтық ортада кедергісіз,
қиыншылықсыз жұмыс істеу үшін TURBO.TPL негізгі кітапхана және анықтама
файлы TURBO.HLP қажет. Жалпы айтқанда, көптеген программа түрлерін жазуға,
компиляциялауға және орындауға бұл файлдар қажетті және жеткілікті. Әдетте,
жоғарыда айтылған файлдар ТР каталогында D дискінде орналасады. Сонда Турбо
Паскальды іске қосу үшін мына команданы беру керек:

D:\TP\TURBO

Осы команда бойынша MS-DOS операциялық жүйесі turbo.exe файлын
орындауға жібереді: программаны жедел жадыға жүктеп, басқаруды программаға
береді. Жүйелі каталог ретінде ағымдағы, үнсіз келісім бойынша алынған
каталогты пайдалану дұрыс емес. Біріншіден, байқаусызда программалау
жүйесінің маңызды файлын өшіріп алып, оның жұмыс істеу қабілетін жою қаупі
бар. Екіншіден, бұл каталог тез арада Турбо Паскальға ешбір қатысы жоқ
файлдармен толып кетеді. Программистке жүйелі каталогта жұмыс істемеуге
тырысу қажеттілігінің тағы бір себебі бар. Турбо Паскальдың (Настройка)
сақтайтын екі TURBO.TP, TURBO.PCK файлдары бар. Шақыру кезінде жүйе осы
файлдарды ағымдағы каталогтан іздей бастайды, егер олкаталог Сіз жасаған
каталог болса жүйе әрдайым Сіздің қалауыңызша (настройка) етіледі. Егер осы
файлдар Сіздің каталогыңызды табылмаса, жүйе оларды жүйелі каталогтан іздей
бастайды.
Жүйені шақыру сәтті орындалса ПК экранында көк түсті терезе пайда
болады. Жоғарғы қатарда Турбо Паскальдың жұмыс режимдері менюі орналасқан,
төменгі қатарда негізгі функционалды пернелердің тағайындалуы жайлы қысқаша
анықтама берілген. Экранның негізгі бөлігі екі қатар сызықпен белгіленген
және программа текстін енгізуге және дұрыстауға арналған редактор
терезесіне беріген. Оның жоғарғы бөлігінде программа тексті алынған
дискілік файл аты (жаңа файлға үнсіз келісім бойынша NONAME00.PAS аты
беріледі), тышқан енгізу құрығысымен жұмыс істегенде қолданылатын
тікбұрышты жақшамен қоршалған екі белгі және терезенің реттік номері
берілген. Турбо Паскальда бірнеше программамен немесе бір үлкен
программаның бірнеше құрам бөліктерімен жұмыс істеуге болады. Олардың
әрқайсысы бөлек редактор терезесінде оранласуы мүмкін. Жүйе бір уақытта 9-
ға дейін редактор терезесін қолдануға мүмкіндік береді және оларды бірнеше
тәсілмен орналастыруға болады. Мысалы, терезелерді “каскад” тәсілімен
орналастырса, бір уақытта екі немесе одан да көп терезені көріп отыруға
болады. Редактор терерзесінен басқа Турбо Паскальда анықтама қызметінің,
стек, регистрлер және т. б. терезелер бар. Пайдаланушының қалауы бойынша
бұларды кезекпен немесе бәрін бірге шақыруға болады. Стандартты Паскаль
орындаудың алдында программаның жеке бөлшектерін жеке-жеке компиляциялау
механизмін қарастырмайды. Тіпті кез келген қолданылатын объектті міндетті
түрде белгілеу принципі қолданбалы программалар кітапханасын құруға
мүмкіншілік бермейді. Дәлірек айтсақ, мұндай кітапханалар стандартты
Паскальда тек программаның бастапқы тексті түрінде бар, программистке көп
жағдайда батсапқы текстке үлкен көлемді демеуші процедуралар текстін,
мысалы, матрицалық алгебра, сандық интеграл, математикалық статистика
сияқты процедураларды қосуға тура келеді. Сондықтан да Паскальдың
коммерциялық компиляторларын құрушылардың, осы программалау тілінің
модульдігін күшейтуге ұмтылуы түсінікті. Бұл мәселені сыртқы процедуралар
мен функцияларды қолдану мүмкіншілігі шешеді. Олардың денесі стандартты
EXTERNAL директивасымен алмастырылады. Турбо Паскальды құрушылар бұл
бағытта программалау тіліне модульдер механизмін қосу арқылы үлкен
табыстарға жетті.
Модуль – автономды түрде компиляцияланатын, құрамында баяндау бөлігінің
түрлі компоненттері (типтер, константалар, айнымалылар, процедуралар мен
функциялар) бар программалық бірлік. Ұйымдастыру және программада қолдану
жағынан Турбо Паскаль модульдері Ада программалау тілінің модуль-
пакеттеріне (PACKAGE) ұқсас. Мұнда, Ада пакеттерінде сияқты, ішінде
глобалды типтерді баяндау, константалар мен айнымалылар концентрацияланған
және глобалды процедуралар мен функциялардың өз аттары берілген, модульдің
“көзге көрінетін” әлдебір интерфейстік бөлігі айқын көрінеді. Интерфейстік
бөлікте объекттердің пайда болуы, оларға басқа модульдердің және негізгі
программаның қатынауын іске асырады. Процедуралар мен функциялардың денесі
пайдаланушыдан жасырылған, модульдің орындалатын бөлігінде орналасады.
Модульдер механизмін енгізу Паскаль тілінің қасиеттерін қаншалықты
өзгертетінін Н Вирттің, кейініректе пайда болған Модула-2 атты программалау
тілі жайлы айтқан сөзінен аңғаруға болады: “Модульдер – Модула-2
программалау тілінің Паскальдан айырмашылығын айқындайтын басты қаситеті”.
Модульдер – бұл қолданбалы программалар кітапханасын құруға және
модульдік программалауға арналған керемет құрал. Модульдердің айрықшалығы –
Турбо Паскаль компиляторы олардың программалық кодын жадының бөлек
сегментінде орналастырады. Сегменттің максималды ұзындығы 64 Кбайттан аспау
керек, бірақ бір мезгілде қолданылатын модульдер саны жады көлемімен
шектеледі, бұл өте үлкен программалар құруға мүмкіндік береді.

Модульдердің құрылымы.
Модульдің құрылымы мынандай болады:
UNІT аты;

ІNTERFACE

интерфейстік бөлім

ІMPLEMENTATІON

орындалатын бөлім

BEGІN

белгілейтін(инициирующая) бөлім
END.
Мұнда UNІT – қызметші сөз (бірлік); модульдің басын белгілейді;
аты – модульдің аты(дұрыс идентификатор);
ІNTERFACE – қызмтеші сөз (интерфейс); модульдің интерфейстік
бөлімінің басын белгілейді;
ІMPLEMENTATІON – қызметші сөз (орындау); орындалатын бөлімнің
басын белгілейді;
BEGІN - қызмтеші сөз; модульдің белгілейтін бөлімін белгілейді;
END - қызметші сөз – модульдің соңын белгілейді.
Сонымен, модуль тақырыптан және үш құрам бөліктен тұрады, бұлардың кез
келгені бос болуы мүмкін.

Модульді өз аты және олардың өзара байланысы.

Модульдің өз аты UNІT қызметші сөзінен және одан кейін жазылтын модуль
атынан тұрады. Турбо Паскаль ортасының дұрыс жұмыс істеуі үшін және үлкен
программалар құруды жеңілдететін жабдықтарды қосу мүмкіндігі болу үшін,
оның аты дискілік файл атымен сәйкес келу керек. Егер, мысалы модульдің өз
аты
Unіt Global;
деп аталса, оған сәйкес модульдің бастапқы тексті GLOBAL.PAS дискілік
файл ішінде орналасады. Модульдің аты негізгі программа мен басқа
модульдерді өзара байланыстырады. Программа текстінде ол байланыс мынандай
арнайы сөйлеммен тағайындалады:
USES мод. тізімі;
Мұнда USES – қызметші сөз (пайдалану);
мод. тізімі – байланыс тағайындалатын модульдер тізімі; қолданылатын
модуль аттары тізім элементтері болып табылады, олар бір-бірінен үтір
арқылы ажыратылады
Егер USES... баяндамасы қолданса, ол негізгі программаның баяндау бөлігін
ашуы тиіс. Модульдер, сонымен қатар, басқа модульдерді қолдана алады.
Модульдің ішінде USES қолданылған кезде ол ІNTERFACE немесе ІMPLEMENTATІON
сөзінен кейін, немесе екі бөлімде де қойылады.
Интерфейстік бөлік.Интерфейстік бөлік ІNTERFACE сөзімен ашылады. Бұл
бөлімде модульдің барлық глобалды объектілерінің баяндалуы бар (типтер,
константалар, айнымалылар, көмекші программалар және т.б.). Осы бөлімге
негізгі программа немесе басқа модульдердің қатынау мүмкіншілігі міндетті
түрде бар болуы керек. Глобалды подпрограммаларды қолданаған кезде
интерфейстік бөлімде тек олардың аттары ғана белгіленеді, мысалы:
Unіt Cmplx;
Іnterface
Type
complex = record
re, іm : real;
end;
procedure AddC (x, y : complex; var z complex);
procedure MulC (x, y : complex; var z complex);

Егер негізгі программада
Uses Cmplx;
сөйлемін жазсақ, программада COMPLEX типін және CMPLX модулінің ADDC
және MULC атты екі процедурасын қолдануға болады.
Подпрограммаларды интерфейстік бөлімде баяндау оларды автоматты түрде
компиляциялауға соқтырады. Турбо Паскаль компиляторы интерфейстік бөлімде
баяндалған константалар мен айнымалыларды, негізгі программаның глобалды
айнымалылары мен константаларымен бірге ортақ мағлұмат сегментіне
орналастырады (сегменттің максимал ұзындығы 65536 байт). Әр түрлі баяндау
бөлімдерінің саны мен реті шектелмеген.
Орындалатын бөлік. Орындалатын бөлік ІMPLEMENTATІON қызметші сөзімен
басталады және мұнда интерфейстік бөлікте белгіленген подпрограммаларының
баяндамасы беріледі. Бұл бөлікте, сондай-ақ, модульге қатысты локалды
объектілер: көмекші типтер, константалар, айнымалылар мен блоктар және т.б.
баяндалады. Интерфейстік бөлікте белгіленген орындалатын бөліктегі
подпрограмма баянамасының алдында оның өз аты жазылуы тиіс. Локалды, немесе
жергілікті айнымалылар мен константалар, сондай-ақ модульді компиляциялау
кезінде пайда болған программалық кодтар ортақ жады сегментіне
орналастырылады.
Белгілейтін бөлік. Бұл бөлік модульді аяқтайды. Ол осы бөлікті
бастайтын BEGІN қызметші сөзімен бірге жоқ болуы мүмкін немесе бос болуы
мүмкін. Бұл жағдайда BEGІN-нен кейін бірден модульдің соңының белгісі, END
жазылады.
Программаның фрагментінің орындалатын операторлары осы бөлікте
орналасады. Бұл операторлар басқару қайтадан негізгі программаға ауысқанша
орындалады.

Модульдерді компиляциялау.

Турбо Паскаль ортасында модульдерді компиляциялау тәсілдерін
басқаратын және үлкен программалық жобаларды құруды жеңілдететін құралдар
баршылық. Мысалға, компиляциялаудың үш режимі беліленген: COMPІLE, MAKE
және BUІLD. Бұл режимдер тек компиляцияланатын модульдің немесе негізгі
программа мен басқа модульдердің арасындағы байланыс орнату тәсілімен
ерекшеленеді. Модульді немесе негізгі программаны COMPІLE режимінде
компиляциялау кезінде, USES сөйлемінде белгіленген барлық модульдер алдын
ала компиляцияланып, аты модуль атына сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль ортасымен танысу
Turbo Pascal жүйесінде жолдарды ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal 7.0 интегралдық программалау ортасын пайдалану
Turbo Pascal жүйесіндегі графиканы ұйымдастыру технологиясы
TURBO PASCAL ИНТЕГРАЛДЫҚ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Турбо Паскаль бағдарламысының тарихы
Turbo Pascal тілі туралы
Пәндер