Мәтінді кодтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз 1
Техминимум 17
Мәтінді кодтау 18
ASCII 19
Бірбайтты кодтаулар 20
8859 отбасы. 23
Екібайтты кодтаулар 24
ISO 10646 және UTF-8 24
Бағдарламалау 25
JAVA SCRIPT 26
Динамикалық HTML 28
Модульды технологиялар 30
Динамикалық беттер 36

Алғы сөз

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған кітап веб-дизайн бойынша
тәжірибелік нұсқаулық ретінде емес, веб-сайттардың меншіктік
материалдарындағы жалпы дизайн оқулығы ретінде ойластырылды. Басқаша
айтқанда, мен бірдеңені қалай жасау керек екендігі туралы емес, нені (соның
ішінде сайтты) қалай әдемі жасау екендігі туралы жазамын.
“Дизайн” сөзінің құны соңғы кезде ерекше төмен түсіп арзандап кетті.
интернеттік қауым біртіндеп қана, “веб” тіркесі ұғымы HTML тілінің, желілік
бағдарламалаудағы Java тілінің немесе компьютерлік беттеудің синонимі емес
екендігін түсіне бастады. Сондықтан менің кітабымда сіздер HTML бойынша
анықтамалықты да, Adobe Photoshop-тың немесе Microsoft FrontPage-дің
сипаттамасын да таппайсыздар. Кез-келген істегі ең қиыны – қалай емес, не,
сондықтан мен қайсыбір бағдарламадағы қайсыбір эффекттер бойынша
нұсқаулықтар жасаудың орнына, қандай безендіру эффектілері мүмкін, олар қай
жерде тиімді және көрермен оны қалай қабылдап алатыны туралы айтапақпын.
Әрине, таза күйінде мұндай тек қана теоретикалық әдіс қиын іске
асырылады. Нұсқауларды оқымас үшін дизайнер қазіргі заманғы дизайнерлік
технологияларды және бағдарламаларды жетік білуі керек. Онымен қоймай, веб-
дизайнда “қалай” “не”-ге үлкен әсер ететінін ескеру керек: компьютер
дәстүрлі дизайн техникасымен тамаша жұмыс істеп қана қоймай ол көптеген
жаңа эффектілерді, жаңа мүмкіндіктерді, материалды қисындастыруға жаңа
мүмкіндіктер ашады. Сондықтан компьютердің өзіне ғана тән мүмкіндіктері
туралы білмейтін дизайнер, бәсекелесе алатын бірдеңені жасауы екіталай.
Мұнда не бар және не жоқ. Кітап веб-дизайнға қатысы бар негізгі
технологияларды шолудан басталады: мәтіндік кодтамалар, белгілеу тілдері
(HTML және XML), графиканы көрсету әдістері (векторлық және растрлық
форматтар) және Интернет-программалаудың технологиялары (сценарийлер,
модульдер және динамикалық парақтар).
Айтылған көптеген технологиялар кітап тақырыбы қызықтырған адамдарға
(атауы бойынша болса да) таныс болу керек. Сондықтан І тараудың мақсаты –
оқушыға қайсыбір тәжірибелік әдістерді үйрету емес; толық қанды
теоретикалық кіріспе рөліне де таласпайды. Менің мақсатым сіздің
естеріңіздегі сақталған интернет технологияларының басты қасиеттерді,
мүмкіндіктері мен шектеулерін жаңғырту болды, ал ең негізгісі – оларды бір
бірімен салыстыру түрінде және олардың дамуының динамикасында көрсету, сол
арқылы әрбір жеке тілдің және стандарттың рөлі мен орнын анық көруге
мүмкіндік беретін жалпы түсінікті дамыту.
Кітапта толығырақ жүйеленген визуальдік дизайн курсы берілген. ІІ
тарауда, дизайнердің абстрактілік материалдарын (пішіндерді, түстерді,
текстураларды, шрифттерді) және дизайн кезінде қолданылатын құралдарды
(контрастты, балансты, динамиканы, нюанстаулауды) шолудан басталады. Мұнда
барлық ұғымдар теория түрінде де, ал онымен қоса компьютерлік және әсіресе
веб-дизайнның практикасына қосымша ретінде де зерттеледі. Сонымен қатар,
веб-сайт дизайн объектісі ретінде жалпы принциптерден шыға қоймайтын,
сондықтан жеке тарауды (ІІІ тарау) талап ететін көптеген ерекшеліктерге ие.
Ал ІV тарауда компьютерлік графиканы жасаумен байланысты бірнеше жартылай
дизайнерлік, жартылай техникалық сұрақтар қарастырылады.
Мұндай құрылым бір жерлерден оқылып алған схемаларға емес, менің
өзімнің практикалық игеруіме, теоретикалық ойластыруым мен дизайнның
негіздерін оқыту тәжірибеме негізделген. Кітаптың үш орталық тараулары
www.webreference.com.dlab-та басылатын менің ағылшын тіліндегі
мақалаларымның материалдарына - және әрине, оқырмандардың осы мақалаларға
қойған сұрауларына, сұрақтарына, түзетулеріне және толықтыруларына
негізделген. Әрине, бұл шығарманың сюжеті менің дизайнді үйрену тарихымның
барлық бұралаңдарын қайталауға тырыспайды. Бірақ мен, кітап жоспарының
менің түсінігім мен бағалау жүйеме толығырақ сәйкес келтіруге тырыстым.
соның өзінде, мен бірізділіктің жоқтығы мен эклектикалыққа ұрынғаным
жөнінде шағымдар естуден қаша алмайтын шығармын. Бір жағынан мен бұған
әдейі бардым; абсолюттік симметриялы құрамалар өмір сүргіштік емес,
сондықтан шашыраудың, асимметрияның және логикаға қарсылықтың шекті мөлшері
материалды түсінуге көмектеседі – бұл логикалық қарсылық материалды әлсіз
білумен емес, суреттік, композицялық ойлармен түсіндірілетін болса, әрине.
Сонымен қатар, көптеген қилысатын сілтемелер және егжей-тегжейлі пәндік
нұсқағыш кітаптағы керекті мәліметті іздеуді жеңілдететініне сенімдімін.
Мысалдар. Кез-келген оқулық сияқты бұл кітап түсіндірілетін ұғымдардың
және дизайнның әдістерінің мысалдарынсыз бола алмады. Мүмкін кейбіреулер
үшін бұл мысалдар осындай көлемді кітап үшін аз болып көрінетін шығар.
Бұған менің айтпағым: көптеген мысалдар кітапта бірнеше рет, әр кезде жаңа
бір нәрсені суреттеу үшін қолданылады. Бұл түсінікті де: кез-келген нақты
дизайнерлік жұмыс автордың қолынан келетін барлық құралдар арқылы жасалады,
сондықтан ұқыпты талдау кезінде одан көптеген маңызды нәрселерді табуға
болады.
Бірақ басты себеп мұнда емес. Егер мен дизайн туралы кітап жазсам, мен
мұқият таңдалған визуальды қатар да мәтінсіз дизайнерлік өнерді үйренуге
жеткіліксіз деген оймен жазамын. Жақсы дизайнның мысалдары уақыт өте кез
келгеннің көзіне түседі, бірақ сіз оларды сол ортадан айыра алатын болсаңыз
да, “қолданыссыз” білімнің “қолданбалы” білімге өтуі үшін суреттерді ғана
қарау жеткіліксіз – оларды түсіну қажет, оның нәтижесін таза визуальды
түрде көрсету мүмкін емес. Абсолютті визуальды тақырыпқа арналған кітапта
мәтіннің тым көптігі, менің ойымша өзінің сырттай логикалық еместігіне
қарамастан тиімді жұмыс істеу керек.
Бұл кітаптың беттерінде суреттемелер де көп емес. Маған қажеттісі -
мәтінде талданатын принциптерді, әрбір оқырман өзіне ойша, ол өзі көрген
дизайн мысалдарымен немесе тіпті өз ойларының композицияларымен безендіру.
Мен сіздердің творчестволық ойларыңызды белгілі бір бағытқа бұрғым
келмейді, керісінше оны визуальды емес (мүмкін, сондықтан да, тиімді)
ынталандырумен қызықтырғым келеді. Сондықтан мен суреттеулерді тек олар
қажетті ғана жерлерге және мәтіннің ортасына емес, өрістерге орналастырдым.
Енді үйрене бастаған дизайнер басқаша әдіспен жасалған кітаптан –
авторлар немесе жанрлар бойынша топтастырылған, мәтін көлемі аз, ең жақсы
дизайнерлік жұмыстардың альбомынан белгілі пайда ала алар еді. Мұндай жинақ
осы кітапқа жақсы қосымша болар еді, бірақ оны ауыстыра да алмас еді.
Веб-сайттардың уақыт өте келе дизайнды ауыстыру, ал кейде ізсіз
жоғалып кететін әдеті бар. Сондықтан, барлық мысалдар қарастырылып отырған
парақ менің көзіме түскен кезіндегі түрін көрсететін суреттемелермен
қосақталған (323 бет). IV тарауда менің өзімнің бірнеше жұмыстарым
қарастырылады, олар туралы мен өте толық және қызықтыра айта аламын және
олар теориялық тарауларда оқытылғанның бәрін бекітуге өте тиімді болды.
Келісімдер. Кітаптың беттеуі мен құрылымына ерекше түсініктемелер
қажет. Тақырыптар және ішкі тақырыптар мәтінде нөмірсіз жүреді, бірақ
мазмұнда олар нөмірмен көрсетілген (і-ші бет). Барлық қиылысқан сілтемелер
мәтінде бөлімдер нөмірін емес, бет нөмірін қолданса да, бағыттауды
жеңілдету үшін әрбір беттің жоғарғы колонтитулында ағымдағы бөлімнің нөмірі
көрсетілген (“тарау.бөлім.ішкі бөлім” түрінде). Петитпен (ұсақ қаріппен)
жазылған абзацтарда екінші деңгейлі материал немесе тармамандық материал
бар, бірақ кейді мен бұл әдісті тыныс белгісі ретінде, бірқалыптылықты
болдыртпау үшін қолдандым.
Барлық сілтемелер – беттерге, тараулар нөмірлеріне, URL-адрестерге
және т. с. с. – қаріппен және сұр түспен белгіленген. “Мынандай мысал”
түріндегі сілтемелер кітап соңындағы “Галереяда” жиналған веб-беттердің
біреуіне қатысты; егер бос орын болса, әрбір мысалға сілтеме талданып
отырған беттің өрістердегі ақ-қара данасымен көрсетіледі, ал “нақтысына”
жақын өлшемде кітапта көрсетілген барлық мысал-сайттар 323-333 б.
Келтірілген және нөмірленген (бір бөлігі түрлі-түсті түрде). Түрлі-түсті
қосымшаға кейбір суреттемелер де шығарылған.
Суреттеулерден, тақырыптардан және мысалдарының даналарынан басқа,
өрістерде ұсақ қаріппен кейбір сөздер және сөз тізбектері кездеседі – олар
кітаптың қолжазбасында дайындалған, бірақ соңғы мәтінде орын таппаған және
сонда да олардан бас тарту үшін тым ұтымды. Сіз оларға өзіңізге қалай
ұнаса, солай қарасаңыз болады – автордың қалжыңдауға талпынысы ретінде,
ішкі тақырыптардың тағы бір деңгейі ретінде немесе мәтінде керекті жерді
“өрістерді сканерлеу” әдісімен табу үшін ыңғайлы бағыттағыш ретінде
қарасаңыз да өзіңіз білесіз. Егер кейбір жерлерде өрістер сізге тым бос
болып көрінсе – оларды өз ойларыңызбен және өз түсініктемелеріңізбен
толықтыруға ұялмаңыз.
Сөздер туралы айтып өтелік – дәлірек айтсақ, қолданылатын терминдер
туралы. маған көп рет те қазіргі кезде тек ағылшынша болып келген (барлық
аударылған терминдер жақшадағы ағылшынша түпнегіздерімен келтіріледі)
заттарға орысша атау ойлап табуға тура келді, ал кейде өз принциптерім және
түсініктерім үшін белгілеулер енгізу керек болды. Мен екі артықышылықтан да
қашуға тырыстым – қиын түсінерлік советтік стильдегі ресмиліктен (мысалы:
“программалық жабдықтау” немесе “WEB жүйесінің түйіні”) және жүйелік
сленгтен (“мейл”, “хомепага”, “чат”). Бұлар ағылшын тілін білмейтіндерді
де, жақсы білетіндерді де ашуландырады. Сонымен қатар мен “скачать”,
“промотать” немесе “залинковать” деген сөздерді орыс морфологиясының
қысқалығымен және мәнерлілігімен түсіндіретін (кейде орысша емес түбірмен
болса да) болған соң қолдандым. Жалпы алсақ, әр нәрсе туралы дұрыс және
стилистика жағынан нейтралды орыс тілінде жазуға мүмкіндік әр кезде бар,
тек оны ерінбей іздеу керек.
Бұл кітаптағы негізгі техникалық түсініктердің бірі – сайттан сайтқа
және веб-парақтарды қарауға арналған компьютерлік бағдарлама – орысша екі
түрде жазылады: браузер және броузер. Мен екінші вариантты қолдаймын, бұл
вариант ағылшынның “browser”-нің оқылуына сәйкес келмесе де, орыс тіліндегі
интернет мәтіндерінде қолдануда бірінші орын алады (статистика іздеу
жүйелері көмегімен алынған, 38 б.). Мен алдын-ала Netscape және Microsoft
фирмаларының бағдарламаларына қатысты “екі броузер де” немесе “тек бір
броузерде” деген сөздер ұнамайтындардан кешірім сұрағым келеді. Толығымен
Интернетке емес, тек қана кең қауымды визуальды веб-дизайнға арналған
кітапта мен тек осы екі кең тараған графикалық броузерлермен шектелдім.
Броузерлерді қолданатын адамдарға келсек, олар үшін мен (кейде
кездесетін “сайтқа кірушілер”, “Интернет тұрғындары” және т. б. атауларды
ескермесек) “пайдаланушы” сөзін қолдандым, өйткені ол өзінің орысша
еместігіне қарамастан, “телекөрермен” немесе “радиотыңдаушы” сөздеріне
қарағанда сәндірек.
Бұл кітап кімге қызықты? Менің ойымша үлкен тәжірибесі бар веб-
дизайнер де, өзінің алғашқы парағын жасаған жоғарғы сынып оқушысы да осы
кітаптан өзіне құнды (ең болмаса қызықты) заттарды таба алады. Менің
оқырмандарымның негізгі бөлігі осы екі шектің ортасында деп ойлаймын. Веб-
дизайн туралы кейбір кәсіби білім болуы қажет, бірақ міндетті емес;
маңыздысы шыдамдылықтың, ал ең бастысы оқылатын пәнге қызығушылық болу
керек. Кітаптың кейбір бөліктері дизайнмен айналысуға ойы жоқ, бірақ жұмысы
сайттарды жасаумен байланысты оқырмандарға – жоба менеджерлеріне,
бағдарламалаушыларға, жарнама және маркетинг мамандарына қызықты болады деп
үміттенемін. Сонымен қатар кітапты веб-дизайнда өзін көрейін деген (тіпті
компьютерді білмейтін) “қағазда ғана сурет салып келген” суретшілерге және
дизайнерлерге ұсынуға болады.
Мүмкін сізді осы кітап көмегімен кәсіпқой дизайнер болуға бола ма
деген сұрақ қызықтыратын шығар? Егер мен “иә” деп жауап берсем, бұл
өркөкіректік болмайды, өйткені кітап оқымай-ақ дизайнер болуға болады. Ол
үшін таланттан басқа, басқалардың жұмыстарын сұрыптауда және өз бетінше
жаттығуларды сұрыптауда табандылық қажет. Дизайнерді кітаптар емес, оның
өзінің таланты және еңбекқорлығы жасайды. Бірақ кей кездерде бұл кітап та
көмектесе алады, өйткені ол кітаптардан немесе сабақтардан емес,
тәжірибеден алынған дизайнерлік тәжірибенің жинағы.
Сағаттарымызды тексерейік. Сәтті веб-дизайнерлік практикаға қажетті
кейбір міндетті шарттар бар. Көптеген оқырмандардың тәжірибесі өзіне немесе
өзінің фирмасы үшін парақ жасаумен шектелетіндіктен, бәріне әйгіліден
бастайын. Жұмысты бастар алдында өзіңізге шын жауап беріңіз: сіздің шынымен
әлемге айтатын бірдеңеңіз бар ма? Сіздің парағыңызға келушілер саны
жеткілікті бола ма? Мағынасыз және мәнсіз сайттар өздерімен өзі ғана нашар
емес (сайтқа кіру немесе кірмеу әркімнің өз ісі), олар стандарттарды
төмендетеді, талантты тораптық журналистерді, жазушыларды және
дизайнерлерді “бұзады”.
Айтылғандар біріншіден Интернеттің орыс тіліндегі бөлігіне қатысты,
өйткені оның кішкентай мөлшері оны “үлкен ауылға” ұқсатады, онда бәрі әркім
туралы бәрін біледі және назар аудартатын сайттар ғана осы назарға ие
болады. Ағылшын тіліндегі кеңістікте әуесқой және кәсіби парақтар әртүрлі
координат жүйелерінде өмір сүреді және біріншісінен екіншісіне өту үшін
талант қана емес, нарықтың қажеттілігін жақсы түсіну және жақсы жарнама
керек. Дизайнерге қажетті көркемдік дағдылар туылғаннан болады деп
есептеледі - “талант не бар, не жоқ”. Менің ойымша туылғаннан болатыны бұл
салаға деген қызығушылық, оны жасанды түрде жасай алмаймыз және онсыз ұлы
суретші шығады-ау деген адам да бұл қасиетті дамыта алмайды. Екінші
жағынан, шынайы қызығушылық және осы салада өзін сынауға талпыныс,
еңбекқорлық және жаттығу сізді кәсіпқой деңгейге көтереді. “Сурет салуға”
үйрету мүмкін емес деген түсінік бастаушы дизайнерді қалай және неге үйрету
керек екендігін көп ешкім білмейтіндіктен шығады. Бұған логикалық және
тізбектік оқу курсын құруға мүмкіндік беретін дизайн теориясы көмектесер
еді. Мұндай теорияны құрушы атағына мен таласпаймын, бірақ оны құру
қажеттігін мен өз тәжірибемнен түсіндім. Сондықтан оқулық ретінде ойланған
бұл кітапта ғылыми зерттеудің стильдері кездеседі: материалды игеру үшін
маған гипотезаларды құруға және дәлелдеуге, дәлелдемелер мен анықтамаларды
іздеуге тура келді. Менің ойымша алғаш ашушы қуанышы кітаптың педагогикалық
эффектісі мазмұндаудың толық еместігінен және бірізділіктің жоқтығынан
туындаған кемшіліктерді толтырады деп ойлаймын. Веб-дизайнердің
компьютерлік сауаты орташадан жоғары болу керектігі сөзсіз, бірақ сайтты
басынан аяғына дейін құру үшін бағдарламалаушы болу міндетті емес (әрине,
егер бұл жиі бағдарламалауды талап ететін онлайндық дүкен сияқты
динамикалық сайт болмаса). Компьютерлік технологиялардың бір бірінен
айырмашылығын және оларды не үшін қолдану керектігін білсе жеткілікті.
Комьютерлік сауатты адамның басты ерекшелігі, менің ойымша – негізінен
компьютерден нені талап етуге болатындығын және болмайтындығын түсіну.
Ағылшын тілін білмей-ақ қиыншылықпен болса да бұл мамандық бойынша
жұмыс істеуге болады: ағылшынша оқымайтын бағдарламалаушы кәсіби деңгейін
жоғалтса, дизайнерге орысталмаған бағдарламалық өнімді біліп алу үшін
интуициямен қосылған “ғылыми шұқу” әдісі жеткілікті. Қазіргі заманғы
Интернеттің негізгі тілін білу көптеген артықшылықтар береді: көптеген
“қағаздағы” және желілік басылымдарға қол жеткізеді, дизайнерлердің
халықаралық кәсіби қауымына тиістілікті береді және әрине, ағылшын
тіліндегі веб-дизайнның ең жақсы мысалдарына толық сүйсінуге мүмкіндік
береді. Ресейлік дизайнер үшін туған тілін жақсы білу қажет. Өзіне қандай
сайт керектігін жақсы түсінетін тапсырыс берушімен жұмыс істегенде,
мәтіндердің идеалды дайындалуын күтпеу керек: көп жағдайларда дизайнер
материалдарды өзі редакциялауға, тақырыптарды және кіріспе абзацтарды өзі
шығаруға, навигация батырмаларындағы жазбаларды жазуға және т.б. тура
келеді. Қазіргі кезде тек аздаған Ресейлік дизайн-студиялар ғана, жалғыз-
дизайнерлерді айтпағанда бұл жұмыс үшін жеке адамды жалдай алады (ағылшынша
бұл мамандық copy writer деп аталады). Сондықтан көптеген веб-
дизайнерлердің гуманитарлық емес (өкінішке орай) жеті атасы дизайны жақса
сайттардың оңай оқылуына және сауаттылығына кері әсер етеді.
Дизайнерді қалай таңдау керек. Мүмкін бірнеше талпыныстан кейін дизайн
сізге шығармашылық қанағаттану әкелмейді деген шешімге келіп өз сайтыңызды
құруды басқа біреуге тапсыратын шығарсыз. Дизайнерді таңдағанда қалай
шатасып қалмауға болады және назарыңызды неге аудару керек?
Сайттарды жасауға үлкен сұранысты және бұл кәсіптің оңайлығын ескере
отырып, тапсырыс берушіге өзіне қызметін ұсынып отырған адам шынымен
дизайнер екеніне (бағдарламалаушы, жүйелік администратор немесе вебмастер
емес) көз жеткізу керек. Сайтты құруда бұл мамандықтардың иелерінің қатысы
әрине қажет болуы мүмкін, бірақ жақсы бағдарламалауды жақсы дизайнмен
үйлестіруге талпыныс екеуінің де тиімділігіне күмән келтіреді.
Айта келсек орта көлемді сайт жасауға жалғыз-дизайнердің күші жетеді,
ал ол командасыз жұмыс істейтіні әріптестікке кедергі болмау керек (оның
үстіне, жалғыз жұмыс істеген кезде барлық сұрақтар тезірек шешіледі).
Бірақ, сізге мәліметтер қоры немесе күрделі интерактивтік функциялар
негізінде (мысалы, онлайндық дүкен) құрылатын динамикалық сайт қажет болса,
ең болмағанда дизайнер және бағдарламалаушыдан тұратын студия іздеу керек.
HTML-ді және JavaScript-ті жақсы білу веб-дизайнердің міндетіне кіреді,
бірақ ірі компанияларда еңбек бөлісу одан әрі жүруі мүмкін: біреуі дизайнды
жасайды ал екіншісі оны HTML-де жазады. Провайдер-фирмалар ұсынатын және
сіз берген материалды HTML-ге ғана аударатын, кейде (қосымша ақы үшін де!)
оны ақысыз веб-графиканың жинақтаушысынан (153 б.) безендіретін тым арзан
“дизайнерлік” қызметке алданбаңыз.
Өзіңіздің іздеу шеңберіңізді “шынайы” веб-дизайнерлермен шектеген соң,
сіз оларды тек дизайнерлік критерийлер бойынша бағалауыңыз керек. Офистің
географиялық орны да, оның безендірілуі де, қайсыбір дизайнердің атақты аты
да сіздің таңдауыңызға әсер етпеуі керек, олардың да нәтиже деңгейіне әсер
етуі екіталай. Сізді тек қана дизайнер жұмысының сапасы және оның бағамен
қатынасы әурелендіруі керек, веб-дизайнның ерекшелігі – ол бұл таңдау
критерийін негізгі және де жалғыз жасай алады. Бұл жерде менің кітабым
көмек көрсете алады: сіз дизайнерлікті оқығыңыз келмесе де, сіз одан сапалы
дизайнды сапасыз дизайннан айыруға мүмкіндік беретін практикалық
критерийлерді таба аласыз.
Жақсы дизайнерлік портфолио аз көлемді болуы мүмкін, бірақ оны
құрайтын жұмыстар сұрыптап таңдалған, түсініктеме берілген және сапалы
безендірілген болуы керек: егер дизайнер өзінің жұмыс нәтижесін әдемілеп
ұсына алмаса, онда одан тапсырыс беруші үшін жұмыс істеуде тиянақтылықты
күтуге болмайды. Дизайнерден оның бұрынғы клиенттерінің телефондарын сұрап,
олардың арасында дизайнермен жұмыс істеудің қанағаттылығын, оның
жауапкершілігін және дәлдігін сұрастыру дұрыс болар еді.
Теңсіздіктегі екінші белгісіз – баға туралы не айтуға болады? Мен
мұнда орташа сайттың мүмкін бағасын келтіргім келмейді, өйткені нарықтың
піспегендігінен баға айырмашылығы өте кең болады, ал мен айтқан кез-келген
баға өзінің жұмысы үшін одан жоғары баға алғысы келетіндердің де, өзінің
қызметін төмен бағалайтын да дизайнерлердің ашуын туғызады. Тек бір қызықты
сәтті көрсетейін. Батыстық дизайнердің сайтында, ол өзінің қызметін
жоғарырақ бағалаған сайын және сапасы жоғарырақ болған сайын, сайттың
бағасын оқу ықтималдығы төмендейді. Ресейлік веб-дизайнерлерде қарама-
қарсы тәуелділікті байқауға болады: біздің кейбір ең атақты студиялар
сайттың алғашқы беттерінде өз бағасын іліп қоюды жақсы көреді, бұл
бағаларды көптеген клиенттер күлкімен қабылдайды.
Осы кітапты жазуға кірістірген себептердің бірі - өзіме де, басқаларға
да, компьютерге жақын тақырыпқа орыс тілінде де жақсы кітап жазуға
болатындығын дәлелдеу тілек болды. Бағдарламаның келесі нұсқасы шыққанда
ескіріп қалмайтын кітап жазу - менің тілегім. Асықпай оқуға - және жазуға!
– болатын кітап жазу. Авторы айтып жатқанынан көбірек білетін кітап,
сондықтан ол байланысты және қызықты айтады – басқа жағынан ол бәріне өзі
жеткен, сондықтан ол нақты түсінік деген не екенін біледі (кітаптың
аталуының ертерек нұсқалары – “Түсінікті HTML”, менің басқа кітабым сияқты
– “Түсінікті Интернет”) және ол бір тақырыпқа бос әңгімеден қалай
ерекшеленетінін біледі.
Компьютерлік кітаптар – жазылуы және оқылуы бойынша ерекше. “Қағаз
жоқ” заманда біртүрлі анахронизм, бұл жанр жаңадан ашылып жатыр. Бір 50
жылдан кейін, бұл асығып жазылған және тез және мәңгіге ұмытылған кітаптар
шаң басып қалғанда, олар құндылық емес, оларды ашып ақтарып шығуға ниет
тудыра ма? Маған тек жобалау ғана қалады және осы кітап уақытқа бағынышты
емес құныдылықтарды алып жүрсе болғаны.
Көптеген адамдарда тез ауысып жатқан компьютерлік технологиялар және
бағдарламалар өздерінің тынымсыздығымен барлығын жұқтырады – олар туралы
жазылған кітаптарды ғана емес, олардың көмегімен жасалған суреттерді,
музыканы немесе мәтінді. Сөзсіз, қазіргі заманғы “компьютерлік дизайнның”
әдістері он жылдан кейін тек қана күлкіні тудыратыны анық. Бірақ бұл
әрқашанда болды – заманнан қалған болып уақыт өткен сайын, өзі пайда болған
кезде өз заманғы болып жасалмаған заттар ғана қалады. Өздігінен
компьютерлік техника “толықтық емес вирусын” алып жүрмейді, барлығы
пайдаланатын адамға байланысты.
Неге бұл тақырып? Әрине, мен дизайнер болғандықтан және осы кәсіпті
басқаларынан жақсы білетіндігімнен. Компьютермен және Интернетпен таныспас
бұрын осы мамандықты таңдаймын деп ойламасам да, неге мен дизайнер болдым?
Бұл сұрақтың келесі түрі мағынаға жақын болады – неге мен өзімнің
мүмкіндіктеріме тура келетін мамандықты таңдай алдым?
“Жаңа нақтылық”, “өмір сүру ортасы”, “сана ортасы” және т. б. деген
Интернет туралы әңгімелер ортақ болса да, көбіміз үшін бұл символдардың
нақты толтырымы жоқ. Интернеттің пайдаланушылары оның мысалы, телевизордан
айырмашылығы бар екендігін мойындаса да, олар Интернет олардың өмірін
өзгертті дегенмен келіспейді. Ал мен болсам, керісінше, менің кәсіби
жақтарымның бәрі (осы кітапқа кіргеннің бәрі) Интернетке тәуелді.
Комьпьютерлік революцияның болашақ тарихшылары ғана 90-шы жылдардағы
интернет жарылысын, толыққанды бағалай алады. Оның көмегінсіз компьютер тек
қана “офистік жұмыстарды автоматтандыру құралы” ретінде қалар еді.
Интернеттен өте алыс өнімдер мен технологиялар да оның әсерінен тыс
қалмады: “желісіз” әлемде, сіз қазір қолданып отырған бағдарламалар үшін
таңдау аз, сапасы төмен, ал бағасы жоғары болар еді. Менің сенуімше, өзіне
ақысыздық пен орасан зор коммерциялық потенциалды қосатын бұл алғашқы
шынымен бүкіләлемдік ақпараттық жүйенің әсері компьютерлік индустриямен
ғана шектеліп қалмайды, аяғында ол планетаның әрбір тұрғынының өмірін
өзгертеді.
Осыдан менің жазған тақырыпқа ерекше қатынасым шығады. Мен өзімді
тұтынушы, пассивті көрермен немесе “пайдаланушы” емес, Интернеттің ертеңгі
күніне жауапты қайраткер, жасаушы деп санаймын. Менің бұл қатынасымды бөлу
үшін дизайнер немесе жазушы болу міндетті емес - әр секунд сайын таңдау
жасап, бір сілтемеге басып, екіншісін назарсыз қалдырып, киберкеңістіктегі
біздің айналамыздағы мәтіндерге, бейнелерге және жолдауларға назар
аудармай, біздің әрқайсымыз тура және нақты Желінің болашағына әсер етеміз.
Сондықтан менің кітабымды оқушы нағыз дизайнер болмаса да, ненің шынымен
әдемі екенін, ал ненің әдемі емес екенін түсінсе – менің міндетім орындалды
деп санаймын.

Өз-өзіме Гутенберг. Бұл кітап қалай жасалғандығы туралы бір-екі сөз
айта кетейік. “Жасалды” деген бос сөз емес, мен тек мәтінді ғана емес,
қалғанының барлығын жасадым: идеяны, жоспарды, мәтінді және суреттерді,
дизайнды және верстканы. Көзқарастар мен мүдделердің ауысуынан кітаптың
концепциясы бірнеше рет түбегейлі өзгергендіктен, алғашқы қолжазбалардан
бірінші басылымға дейін екі жыл өтті, бұл компьютерлік кітап үшін өте ұзақ
мерзім.
Кейбір материалдар журналдарда және Интернетте мақала түрінде шықты,
кейбіреулері хат алысуда немесе дискуссияларда туындады. Көп нәрсе
орысшадан ағылшыншаға және керісінше аударылды. Кейбіреулері көнеріп
лақтырылды немесе тәжірибемен және ойлармен алынып тасталды. Кей бөлімдер
ашытқы салғандай көтеріліп өсті, ал басқалары баяу және қиын еңбекпен
дүниеге келді. Кітап дамуы әлі аяқталған жоқ және мен келесі баспаларда
??????

Кітап дамуы әлі де болса аяқталған жоқ және мен келесі басылымдарда
өзгесін санамағанда, өз оқырмандарымның сындары мен ойларын қолдана алам.
Dmitry@kirsanov.com адресі бойынша жазыңыз.

Техминимум

Өкінішке орай, веб-дизайн, дизайнерлік ойларды іске асырудың
техникалық құралдары екінші жоспарға өтетін даму деңгейіне жеткен жоқ. Веб-
дизайнер қазіргі заманғы Интернет технологияларының бүкіл спектрінде еркін
бағытталуға ғана емес, өзінің де сайттары сәйкес стандарттар мен
спецификациялардың рухына және әрпіне сай болуын қадағалау қажет.
Интернеттік технологиялардың әртүрлі аспектілерін регламенттейтін
стандарттар өзінің ешқандай есепке келмейтін іске асыруларының санымен
(яғни веб-парақ, сайт, электронды почта хабарламалары және т.б.) және
осының нәтижесінде бұл стандарттардың формальды және идеологиялық
талаптарын орындаудың орта дәрежесінің төменділігімен ерекше. Бұл үшін
күнә көпшілігі HTML-ді дұрыс қолдану дұрыс емес қолданудан қандай
айырмашылығы бар екенін білмейтін кең қауымда ғана емес сонымен бірге
көбінесе ешқандай шекке кірмейтін бағдарламалық және өлшемелік кодты
генерациялайтын асығыс жасалған көптеген бағдарламалар. Бұл жағдайларда
веб-дизайнердің технологиялық білгірлігі ерекше мәнге ие болады.
Соңғы жылдарда жылдам дамыған технологиялар, калейдоскопты өзгеретін
бағдарламалар версиялары, компаниялардың, ойлар мен жолдардың өте
тартылған күресі - бұның барлығы оншақты бетті тарау үшін емес, қалыңдығы
жақсы кірпішпен бірдей қызықты техно-триллер үшін материал бере алатын еді.
Кеңселік спецификациялар, стандарттар және басқа оқымауға болмайтын
анықтамалық материалдарда еркін бағытталуға мүмкіндік беретін тек кішігірім
кіріспе жаздым.

Мәтінді кодтау

Мазмұндаманы толығымен қамтуға претенддейтін “теориядан практикаға”
және “қарапайымнан күрделіге” бас тартып мен қайтадан кері тартатын “бұл
туралы әлі жазуға болмайды, бұдан бұрын анау жазылмағанша, ал оның алдында
сонмен бірге сол туралы да жазу керек” кездеспелі ағымдардың билігіне
қалдым.
Осылайша, бұл тарауда бірінші орынға мәтінді мөлшерлеу технологияларын
(HTML және XML) бірінші орынға қойып маған артқа қадам жасап компьютерде
мәтінді кодтау стандарттарынан бастауға тура келді. Себеп киррилицалық
алфавитпен жұмыс істейтін колданушылар үшін бұл тақырыптың актуалдығында
емес; бұл компьютердегі мәліметті тасу және өңдеудің кейбір жалпы
принциптерін талқылауға мүмкіндік беретінінде.
Жалпы жағдайда кодтау (encoding), немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криптогафиялық кодтау мен шифрлік программаны жазудың тәсілдері
Электрондық почта туралы ақпарат
Латын әліпбиіне көшудегі техникалық мәселелер
Ақпарат, ақпарат түрі, қасиеттері
Гипермәтіндік байланыс
Криптография туралы мәліметтер
Гиперсілтемелер жасау
HTML. Фреймдер
Есептеу құрылғылары және машиналар
Flash Macromedia тілінің сипаттамасы. Графикалық файлдардың пішімі
Пәндер