Excel - де текстік мәліметпен жұмыс жасау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Excel-де текстік мәліметпен жұмыс жасау. 2

Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу. 5

Қолданылған әдебиеттер:8

Excel-де текстік мәліметпен жұмыс жасау

Мәтін - кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізудің символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады.

Назар аударыңыздар! Қателесуден қорықпаңыздар! Орындалған әрбір әрекетті болдырмай алып тастауға болады. Егер жұмыс барысында сіздің жоспарыңызда жоқ амалды байқамай орындап жіберсеңіз, оның әсерін Түзету-Болдармау (Правка-Отмена) командасын пайдаланып алып тастауға болады немесе одан да жеңіл орындалатын Стандартты аспаптар тақтасының оралмалы бағыттауыш тәрізді батырмасын басу жеткілікті. Бұл батырманы бір рет басу ең соңғы орындалған бір әрекеттің орындалу әсерін жоқ қылады, біртіндеп соңғы орындалған бірнеше амал әсерін де алып тастау мүмкіндігі бар.

Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды +, -, таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Excel санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына символдарын қояды.

Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциалды формада беріледі.

Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиыннан тұрады.

Бұл әрекеттерді тышқан арқылы немесе меню көмегімен атқаруға болады. Тышқанды пайдаланар кезде оның сілтемесін бағаналар әріптері арасындағы немесе жолдар номеріарасындағы бөлу сызығына жеткізіп, сілтеме екі тілсызығы бар бағыттауыш бейнесін айналғанда тышқанның сол жақ батырмасын басып, бағананы немесе жолды тарту (сығу керек) .

Менюді пайдаланатын болсақ, көлемі өзгертілуге тиіс бағаналарды (жолдарды) ерекшелеп алып, Формат-Жол-Мөлшер (Размер) немесе Формат-Бағана-Мөлшер (Размер) командаларын орындау керек.

Мәліметтерді түзету оларды ұяшыққа енгізіп жатқанда немесе енгізіп болған соң да жүзеге асырылады. Егер мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде қате жіберілсе, онда дұрыс енгізілмеген символдарды Back Spase пернесінің көмегімен өшіріп, керектілерін қайта тере отырып өзгерте аламыз. Exc пернесі ұяшыққа енгізілген мәліметтерден бас тартып, оны қайта теруге мүмкіндік береді.

Мәліметтерді енгізуді аяқтағаннан кейін оны түзету үшін көрсеткішті керекті ұяға ауыстырып, түзету режиміне көшу үшін F 2пернесін басу керек немесе тышқан курсорын формула жолындағы мәліметтер арасына алып барып, оны шерту қажет. Одан кейін керекті мәліметтерге түзетулер енгізіп, ең соңында Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басса болғаны.

Назар аударыңыздар! Мәліметтер енгізілісімен автоматты түрде есептеу процесі басталып, өздеріне қатысты ұяшықтардағы нәтижелік мәліметтер бірден өзгеретініне назар салыңыздар!

Бұл - электрондық кестелердің ең маңызды қасиеттерінің бірі.

Бұл операциялар алмастыру буферінің (қиып алу, көшіру, кірістіру) көмегімен, сондай-ақ тышқан тетігінің көмегімен де меню арқылы орындалады.

Мәліметтерді бір орыннан екінші орынға ауыстырғанда НЕНІ және ҚАЙДА орналастыратынымызды айқындап көрсету қажет. Орын ауыстыруды орындау үшін ұяшықты немесе блокты (НЕНІ аустыру керек) ерекшелеп аламыз да оған тышқан курсорын алып барамыз, сол сәтте курсор ақ бағыттауыш тіосызыққа айналады. Сонан соң ерекшеленген блокты не ұяшықты тышқанмен іліп алып, мәліметтерді ҚАЙДА орналастыру керек болса сол орынға алып барамыз.

Көшірме алу кезінде түп нұсқа () НЕ мәлімет өз орнында қалады, ал басқа орында (Қайда) оның көшірмесі пайда болады. Көшірме алу операциясы орын ауыстыру тәрізді бірақ Ctrl пернесі басулы кезінде тәрізді орындалады.

Плюсті толтыру әрекеті арқылы да көшірме алуға болады. Курсорды ұяшықтың оң жақ төменгі шетіне алып барсақ, ол “плюс” таңбасына айналады, оны толтыру маркері деп атайды. Толтыру әрекетін оңға қарай және төменгі бағытта жүргізеді. Толтыру орын ауыстыру счияқты орындалады, бірақ бұл сәтте курсор ұяшықтың немесе блоктың оң жақ төменгі шетінде тұруы тиіс. Толтыру кезінде бастапқы ұяшықтағы немесе блоктағы мәлімет (НЕ) тышқанның батырмасын басып тұрып бірнеше рет қайталана алады. Ол әсіресе формулалардыкөшіруге өте ыңғайлы.

Егер ұяшықтар мен блоктардағы мәліметтерді (сандар, текстер формулалар) жою керек болса, оларды ерекшелеп алып, Del пернесін басса болғаны. Бұрын енгізілген мәліметтерден блоктарды, ұяшықтарды тазалау үшін оларды ерекшелеп алып, Түзету-Тазалау (Правка-Очистить) командасын орындау керек. Сол сәтте шығатын ішкі менюде нақты нені: мәліметтерді, безендіру элементін, ескертуді немесе бәрін бірдей тазалау керектігін көрсету керек.

Жұмыс парағы мен кітаппен жұмыс істеу. Excel-де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан (16 парақ) тұрады. Экранда тек бір парақ - кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың номерлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.

Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу

Осы объектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді:

Бағананы белгілеу-бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен таңдап алып, оны бір рет шерту;

Бірнеше бағананы ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды оңға не солға жылжыту;

Жолды ерекшелеу-жол номеріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып, оны бір рет шерту;

Бірнеше жолды ерекшелеу-алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды жоғары не төмен созу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бос құжат ашу
Access ортасындағы деректер базасы
Компьютерлік вирустар, Антивирустар, Компьютер архитектурасы
Жүйелі әдіспен ауылдық әкімдерді іріктеу
ИНФОРМАЦИЯ. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Электронды құжаттарды басқару жүйелері
Информатика пәнінен зертханалық жұмыстар
MS EXCEL кестелік процессоры көмегімен есептерді шешу
Информатика пәні бойынша сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы
Жергілікті жүйелер топологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz