Жасанды интеллект ұғымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жасанды интеллект

Жасанды интеллекттің мәселесі қазіргі кезеңде ең маңызды проблемаға айналған тақырып. Онымен айналысушылар мүлде көп-ақ. Ол жөнінде ізденушілердің қатарына кибернетиктер, лингвисттер, психологтар, философтар, математиктер, инженерлер жатады. Осы жасанды интеллект мәселелерін шешу арқылы ғылыми дамудың көптеген проблемалары шешімін табады. Бұл проблемаларға есептеу техникалары мен робототехника саласындағы күрделі есептер шешіліп жатады. Дәл осы тұста пәнаралық зерттеулер туындап, олардың жаңа бағыттары айқындалып жатады.

Қазіргі ғылыми жетістіктер арқылы адам миының миллиардтаған есептеу тораптарынан, яғни нейрондардан тұратыны белгілі. Жаңа есептеу машиналары әлі де жеткілікті дамымаса да кейбір жақтарында Адам баласының есептеу қабілетінен асып кетіп отырғандығы анық. Жасанды нейронды желілер күрделі басқару жүйелерін және бақылау тапсырмаларын атқарып отыр. Тіпті автопилотты да осы жасанды интеллект арқылы жасауға қол жеткізілді емес пе?!

Мысалы жасанды интеллекттің зерттелуі арқасында компьютерлер шахматы едәуір жақсы ойнауға кірісті.

Экономикаға қатысты проблеманың бірі - қаражаттық қатарлар. Олар күрделі жүйе болып табылады да, сондықтан математикалық модель құру негізінде олардың тәртібінің динамикасын баяндау іс-жүзінде ешқандай табыс әкелген жоқ. Бұл негізінен модельдердің тым жеңілдеуімен және де финанстық деңгей тәртібіне смежный экономикалық жүйелердің әсер ету дәрежесін толық білмеуімен түсіндіріледі. Нейрондық жүйелерді пайдалану ерекшелігі олардың салыстырмалы түрдегі аз мінездемелерге сүйеніп қандай да болмасын процессте заңдылықтарды таба ала білуде.

Жасанды интеллект ұғымы сан салалы. Бірақ ең маңызды аспектілерін бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, жасанды интеллект дегеніміз өзінің алдына қойған мақсатын белгілі тәсілдер арқылы зерттей алатын жүйе. Екіншіден, интеллект өз алдынан шыққан ақпаратты өңдей алады, сол себепті жасанды интеллекттің жүйесінде білімнің көрініс табу мәселесі де қызықты болып отыр. Үшіншіден, міндеттердің шешудің интеллектуалды жүйелер арқылы шешетін көптеген тәсілдері бар деген сөз. Төртіншіден, жасанды интеллекттің адаммен бір ғана тілде байланыса алуы онымен екеуара диалог жүргізуді едәуір жеңілдетеді.

Бірақ кейбір ғалымдар жасанды интеллект жасаудың мүмкін еместігі жөнінде пікір айтқанымен жасанды интеллект жасау саласындағы Жан-жақты іздену қазіргі ғылымда кең етек жаюда.

«Жасанды интеллект» ұғымын нақтылайық

«Жасанды интеллект» ұғымына әртүрлі мағына кіреді - логикалық немесе кез келген есептеу мәселелерін шеше алатын сонау ЭЕМ-да интеллекттің бар екендігін мойындаудан интеллектуалды жүйелерге жатқызылатын тек қана адам ғана шеше алатын міндеттер кешеніне дейінгі аралықты алып жатыр. Дегенмен жасанды интеллект дегеніміз не екендігін анықтауды біздер лингвистер мен философтарға қалдыра тұрып, өз пайымдауымызша жасанды интеллект ұғымына жақын немесе соны бейнелей алатын жүйелерді сипаттап көрелік.

Алдымен нағыз инттеллектті сипаттап шығайын. Ол үшін мидың ақпаратты өңдеуін алайық.

Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметi

Сонымен, бiрiншi блок ми қабығының қуатын ғана қамтамасыз етедi. Ал, ендi әңгiме болатын, екiншi блок сезiм органдары сырттан жеткiзген сигналдардың анализi мен синтезiне байланысты iс атқарып, адамға келiп түскен ақпаратты қабылдайды, өңдейдi және сақтайды. Оның құрамындағы аппараттар бас миы қабығының артқы (еңбек, шеке, желке, қарақұс) бөлiктерiнде орналасып, бiрiншi блокта жоқ арнайы қызметтiк сипатқа ие. Осы тетiктер жүйесi арқылы ми көру, есiту және сезу сигналдарын қабылдайды, өңдеп, бекiтедi, алынған тәжiрибенiң iздерiн есте қалдырады. Бұл блок аппараттарын қабылдаушы жүйенiң орталық бөлiктерi деп қарастырса болады. Осы бөлiктердiң көрумен байланыстысы желке, қарақұста, есiту бөлiгi шекеде, сезiмдiктерi төбе, еңбек аймағында орналасқан.

Қабылдаушы аппараттардан шыққан талшықтар осы бөлiктерге жетiп, бiтедi; осы арада келiп жатқан көру, есту және сезу ақпараттары жiктеледi, "тiркеуге" алынады. Бұл зонада күрделi болған құрылымда бас қосып, бiрiгедi және кiрiгедi. Шеткi сезiм органдарынан талшықтар жетiп, тiкелей байланысатын қабық зоналары алғашқы немесе құрастырушы аймақ деп аталады да, осы құрастырушы аймақпен жанасып, қабысатын ми қабығы зоналары туынды немесе құрастыру байланыс түзушi аймақтар аталған.

Сезiмдiк қабықтың алғашқы аймақтары арнайы қызметтiк белгiлердi (көру, есiту, сезу) жiктеп, талдайды, яғни келiп түскен ақпаратты мәндi бөлiктерге бөлшектесе, қабық бөлiктерiнiң екiншi, туынды зонасы бiрiктiру қызметiн, немесе субъектке жеткен ақпараттың күрделi өңдеуiн жүргiзедi.

Талдағыш блок аппараттары алғашқы және екiншi бөлiктермен шектелмей, олардың жоғарысына қабықтың үшiншi зона тетiктерi қондырылған. Бас миы қабығының үшiншi зонасы тек адамда ғана түзiлетiн арнайы ми қабығы құрылымдарының бiрi. Қабықтың үшiншi аймағы ұзақ дамудан жетiледi де, ми қабығына әртүрлi талдағыштардан келiп түскен ақпараттарды бiрiктiру оның негiзгi қызметi. Бұл бөлiк тетiктерiнiң зақымдануы, сырқатқа шалдығуы немесе әншейiн шаршауынан адам сырттан келiп жатқан сигналдардың басын қосып, олардың күрделi бiрлiгiн жасап, қорытынды шешiм таба алмай, қызмет әрекет бабында адасады (кеңiстiкте оңды-солын ажырата алмайды, күрделi грамматикалық байланыстарды түсiнбейдi, көп қатынасты логикалық операцияларды орындай алмайды) .

Компьютерлер - жасанды интеллектке жақын жүйе

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың, экономиканың, жалпы халық шаруашылығы салаларының зор қарқынмен дамуын есептеу машиналарынсыз көзге елестету қиын. Өйткені жоспарлы шаруашылық есепсіз жүргізілмейді, есептеу жұмысымен шұғылданбайтын шаруашылықтарды табу қиын. Міне, сондықтан да есеп жүргізу біздің қоғамдық өмірімізде басты орын алады.

«Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің катализаторы, - микроэлектроника, есептеу техникасы мен прибор жасау, бүкіл информатика индустриясы екені мәлім. Олар барлық салалардағы еңбек құралдарының, технологиялық жүйелердің тиімділігіне шешуші ықпал жасайды».

Бұл мәселенің барынша нақты қойылып отыруының үлкен мәні бар. Жыл сайын елімізде ондаған миллиард есептеу жұмыстары орындалып отырады. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына байланысты атқарылатын есептеу жұмыстарының ауқымы бұдан да өсе түспек. Бұл жерде мәселе есептеу жұмысына ғана тіреліп қалмай, оны жүргізу үшін адам баласының қабылдап және тұжырымдап отыратын информациясы көлемінің қаншалықты ауқымдылығына да қатысты болып отыр.

Қажетті есептеу жұмыстарын тез әрі мінсіз орындап отыру үшін күнделікті түсіп жататын ұланғайыр информациялардың біраз бөлігін пайдалану керек. Ал жоспарлау кезінде бір ғана есептің толып жатқан түрлерін, варианттарын қарастырып, солардың ішінен ең тиімдісін таңдап алуға тура келеді, бұл оңай жұмыс емес.

Мұндай есептерді шешу үшін миллиардтаған арифметикалық амал орындауға тура келеді. Сондықтан да барлық есептеу, информацияларды өңдеу т. б. тәрізді күрделі есеп жұмыстарын машиналарға жүктеу қажеттігі айтпаса да белгілі.

Осыларды ескеріп, жастардың компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз ету және оқу процесіне электронды-есептеу техникасын кеңінен енгізу мақсатында еліміздің барлық орта оқу орындарында «Информатика мен есептеу техникасының негіздері» курсын енгізілді. Бұл - электронды-есептеу техникасы маңызының күн санап артып отырғандығының белгісі.

Компьютерлер әлеміндегі эволюция

Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар - абак, есепшот, арифмометр, арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады. Мысалы, "Манхеттен жобасын" (АҚШ-тағы атом бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп отырды.

XX ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.

Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сараптау жүйелерін тұрғызуға қатысатын мамандар
Жасанды интеллект және оны пайдалану
Интеллектті бағалау
Жасанды интеллект ұғымы сан салалы
Машиналық оқыту алгоритмін құжаттарды топтау үшін қолдану
Жасанды интеллекттің бастаулары
Білім базасының сапалы түрде құру мәселелері
Адам баласы жасанды интеллект дамуының қай кезеңінде
Ақпарат және басқару
Ақпараттарды өңдеудің техникалық құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz